Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі



жүктеу 1.31 Mb.
Pdf просмотр
бет1/14
Дата24.12.2016
өлшемі1.31 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ  ҒЫЛЫМ 
МИНИСТРЛІГІ 
Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ  
АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ 
АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ КАДРЛАРДЫҢ 
БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ЖƏНЕ ҚАЙТА ДАЯРЛАУ ИНСТИТУТЫ 
 
  
  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
  
  
 
МƏДЕНИ МҰРА ҰЛТТЫҚ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ – 
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КӨРКЕМ БІЛІМ БЕРУДІ ЖЕТІЛДІРУДІҢ НЕГІЗІ 
 
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ƏДІСТЕМЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ 
М А Т Е Р И А Л Д А Р Ы 
21 СƏУІР  2010 ЖЫЛ 
 
 
  
 
 
АСТАНА 
 

 

Жалпы редакциясын басқарған 
Д. Қамзабекұлы 
 
Редакция  алқасы:  А.Т.Бимендина,  С.Ə.Аманжолов,(жауапты  шығарушы) 
Ұ.Н.Арқабаева, М.Ж.Құрманбаева, З.Ш.Айдарова, Ж.Ш.Балкенов, Ж.Кожиков, 
Т.К.Самұратова, И.Ш.Ачилов,  Б.С.Дүйсенбинова, Н.Р.Асаинова  
 
 
МƏДЕНИ МҰРА ҰЛТТЫҚ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ – 
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КӨРКЕМ БІЛІМ БЕРУДІ ЖЕТІЛДІРУДІҢ НЕГІЗІ 
Республикалық ғылыми-əдістемелік конференция. 2010 жыл, 
21 сəуір  – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2010. 
 
 
ISBN 9965-412-32-4 
 
       Бұл жинаққа 2010 жылы 21 сəуірде Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық 
университеті жəне Астана қаласының білім басқармасының ұйымдастыруымен 
өткен «Мəдени мұра» бағдарламасы негізінде Қазақстанда көркем білім беруді 
жетілдірудің жолдарын саралауға арналған Республикалық ғылыми-əдістемелік 
конференцияда  тыңдалған  баяндамалар  мен  бейнелеу  өнерін  оқыту 
мəселелеріне  байланысты  ғалымдардың  тың  материалдары  еніп  отыр. 
Конференцияны  аталған  оқу  орнының  «Жас  суретші»  зертханасы,    Астана 
қаласының  білім  басқармасы  жəне  Астана  қалалық  білім  беру  жүйесіндегі 
кадрлардың  біліктілігін  арттыру  жəне  қайта  даярлау  институты  бірігіп  №  61 
орта  мектепте  өткізді.  Ғылыми  конференция    Мемлекеттік  «Мəдени  мұра» 
бағдарламасының 
жастарға 
ұлттық 
тəрбие 
беру, 
оқытудың 
жаңа 
технологияларын  қолдану,  бейнелеу  өнерін  оқытудың  қазіргі  өмір  талабына 
байланысты өзекті мəселелерін зерделеуге бағытталды.  
     Конференция  материалдары  ғылыми  ізденушілерге,  оқытушыларға  жəне 
жалпы оқырманға арналған 
 
 
 
 
ББК 65.272 
 
 
 
 
ISBN 9965-412-32-4 
 
 
                  © Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, 2010 
 
 
 
 

 

Д
.  амзабек лы 
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия   лтты   университеті 
О у-əдістемелік жəне стратегиялы  даму ж мыстары 
ж ніндегі проректоры,ф.ғ.д.,  профессор 
 
 
МƏДЕНИ МҰРА ҚҰНДЫЛЫҒЫ: МІРЖАҚЫП ДУЛАТҰЛЫ ЖƏНЕ 
ҰЛТ РУХАНИЯТЫ 
 
Бүгін  тəуелсіз  Қазақстан  Мемлекеттік  «Мəдени  мұра»  бағдарламасын  іс 
жүзіне  асыру  арқылы  ұлт  тарихын  түгендеп  жатқаны  белгілі.  Осы  ретте  біз 
тарихи  тұлғаларымыз  бен  олардың  атқарған  істерін  бүгінгі  елдік  мұраттар 
қажетіне жарата алсақ, маңызды болмақ. 
Алаш  тұсындағы  қоғамдық-саяси  iсте  Əлихан  мен  Ахмет  сапынан 
табылған,  осы  екi  тұлғаның  əлеуметтiк-рухани  қызметiне  тыныс  болған 
азаматтың  бiрi  –  Мiржақып  Дулатұлы.  Ұлттық  манифеске  баланған  “Оян, 
қазақ!”  пен  тұңғыш  қазақ  романының  авторы  жаңа  руханият  ғимаратын 
тұрғызу  шарасының  жуан  ортасында  жүрдi.  Əдеби  бiлiмдi  өз  бетiнше  алған 
Мiржақып: “Адам ғылым мен өнер үшiн жаратылған емес, ғылым мен өнер 
–  адам  үшiн  шыққан,  адамның  өзi  тiршiлiгiне  керек  болған  кезде  ойлап 
тапқан  нəрселер.  …Тiршiлiк  –  бəсеке,  жарыс.  Дүние  –  бəйге  үлестiрушi. 
Озғанға  қарай  бəйге  бередi.  …Дүниенiң  iсi  осылай  болған  соң,  адамнан 
адам, жұрттан жұрт, ұлттан ұлт озсам дейдi”,-деген көзқарасты ұстанып, елге 
қызмет  жасауға  жұмылған  жаңа  руханияттың  деңгейiн  көтеруге  атсалысты. 
Қаламгердiң  əдеби-эстетикалық  ой-тұжырымы  ХХ  ғасыр    басында  жетекшi 
күшке  айналған  –  ұлтты  ұйыстыру  жəне  өркендету  идеясын  тиянақ  етушi 
ағымды байытты.  
Мiржақыптың  көркемдiк  туралы  пайымдарын  сөз  еткенде,  мына  жайды 
ескеру  керек  тəрiздi:  бiрiншiден,  ол  –  поэзия  мен  проза  тiлiнде  үйлесiмдiктi 
сомдауға талап қылған туындыгер; екiншiден, ол əсемдiк пен əдебиет миссиясы 
туралы  пiкiр  бiлдiрушi  қаламгер.  Бұл  мəселеде  оның  позициясы  Ахметтiкiне 
ұқсайды.  Екеуi  де  “шабыты  тасығаннан”  қолына  қалам  алмағанын  жазады. 
Мысалы, Мiржақып “Оян, қазақта!”: 
 
Б л с здi жазғаным жо  а ын болып, 
Халы  тентек, жалғыз  зiм ма
л болып. 
$айғы мен хал м'шкiлiн бiлдiргенiм – 
)й ыда ж рт жат ан со* ғафыл болып,- 
дейдi.  Яғни,  М.Дулатұлын  Алаштың  ауыр  жағдайы  ақын  еткен.  Осы 
жағдай жəне өмiрдi шынайы көрсететiн қазақтың “ұлы əңгiмесi” жоқтығы оны 
романшы жасаған. Алайда Мiржақып азамат (жауапкершiлiктi сезiнетiн) ақын-
жазушы  болуға  тырысқан.  Бұл  оның  -  үлкен  қайраткерлiгi  едi.  Сондықтан 
М.Дулатұлы – саясатта да, əдебиетте де қайраткер.  
“Оян,  қазақтың”  “сөз  ақырында”  (қорытынды)  қаламгер  Абай,  Ахмет, 
Əбубəкiр,  Ақмола,  Қыпшақбай,  Нұржан,  Шөже,  Орынбай,  Мəшһүр 
Жүсiптердiң  ел  алдыңдағы  еңбегiн  Пушкин,  Гоголь,  Лермонтов,  Крылов, 

 

Тургенев,  Толстойлардың  орыс  халқының  алдындағы  еңбегiмен  пара-пар  дей 
келе, ақын-жазушының қоғамдағы орнын былайша парықтайды: 
 
Б ларды* əрбiр с зi пайдаға ас ан, 
+нерiн хат а жазып, халы
а шаш ан. 
Ма тап  ле* айтпаған нəрсе алуға, 
Ғажайып хикметтi* кiлтiн аш ан
 
 Осы өлең жолдарын жазып отырған Мiржақып əсемдiктi қаперiне алмады 
деу қате. Азамат-ақын үшiн елдiң мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған шын өлең - 
əсем  өлең.  Жанмен  жазылған  өлең  -  көркем  өлең.  Сондықтан  да  ол  “Шағым” 
атты өлеңiнде:  
 
…$алғанша жарты жа* ам мен сенiкi –  
Пайдалан шаруа*а жараса, Алаш! 
…$аламнан жылап а
ан  ара бояу, 
Жазылып  ағазға сен, ж рт а  ыл паш,- 
 
дейдi.  Расында  бұл  –  күрес  жылдарының  көркем  өлеңi.  Бұдан  күрделi 
уақыттың ойы мен бейнесi анық аңғарылады.  
ХХ  ғасыр  басындағы  iлгерiшiл  руханият  үшiн  Абай  –  сапалық  деңгейге 
көтерiлудiң рəмiзi болғандықтан, Мiржақып та бұл құбылысқа өзiнше қарады. 
1908  жылы  татардың  “Уақыт”  газетiне жазған  “Ибраһим  ибн  Құнанбаев”  атты 
мақаласында  ол  Ресей  құрамындағы  түрiк  халықтарын  ұлы  ақын  мұрасымен, 
ғұмырбаянымен  таныстырады.  Қаламгер  мұнда  Абайды  елшiл  ақын  ретiнде 
көрсете  алған.  “Тiлi  (бiздiңше,  татаршадан  аударушы  “сөзi”  дегендi  осылай 
алған – Д.Қ.), оқушыларын оятатын өлеңдерi оны бүкiл атырапқа машїүр еттi. 
…Адамшылық  ой-қиялы өте  таза, ұлтжанды  (“миллəтшiл” болар –  Д.Қ.), елiн-
жерiн  сүйген  кiсi  едi”,-дей  отырып,  Мiржақып  ақынның  осы  қасиетiн 
көрсететiн  өлеңiнен  мысал  келтiредi  (“…Тəуекел  мен  батыр  ой,  Өткiр  тiлдi 
найза етiп, …Ынталы жүрек сезген сөз, Бар тамырды қуалар…”). 
М.Дулатұлының  Абай  туралы  екiншi  мақаласы  Абай  қазасының  он 
жылдығын  еске  алу  орайында  1914  жылы  “Қазақ”  газетiнде  жарық  көрдi. 
Мұнда қаламгер Абайдың шағын ғұмырбаянын, ол туралы еңбек жазғандар мен 
мұрасын  құнттағандарды  сипаттап  өтiп,  əдебиет  пен  ұлт,  əдебиет  пен  тұлға 
арақатынасы проблемасына нақты тоқталады.  
Мiржақыптың  бiрiншi  мəселе  бойынша  пайымы:  “Тарихы,  əдебиетi  жоқ 
халықтың  дүниеде  өмiр  сүруi,  ұлттығын  сақтап  iлгерi  басуы  қиын. 
Əдебиетi, тарихы жоқ халықтар басқаларға сiңiсiп, жұтылып жоқ болады. 
Қай жұрттың болса да жаны - əдебиет. Жансыз тəн жасамақ емес”.  
Екiншi  мəселе  бойынша  пiкiрi:  “Əдебиетiмiздiң  негiзiне  қаланған 
бiрiншi кiрпiш – Абай сөзi, Абай аты боларға керек. …Ең жоғары, ардақты 
орын – Абайдiкi. …Зəредей шүбə етпеймiз, Абайдың өлген күнiнен қанша 
алыстасақ, рухына сонша жақындармыз”. 

 

Бұдан шығатын қорытынды: ағартушы М.Дулатұлы əдебиетке жəне оның 
биiк тұлғасы Абайға ұлт тағдыры, ұлт мүддесi тұрғысынан қараған. Мiржақып 
үшiн жан таза болса - əдебиет те таза, тұлға арлы болса – сонынан ергендер де 
арлы.  
Мiржақып  жалпы  тұлға  мəселесiне  жиi  оралып  отырған.  1914  жылы  ол 
Шоқан  Уəлиханов  туралы  көлемдi  мақала  жазады.  Дара  тұлғаның  “ата  тегiн”, 
“шеше  тегiн”,  “оқуын”  зерделеген  М.Дулатұлы  “Қазақ”  бетiнде  қаймана 
халыққа қаратып: “Қылышынан қан тамған батыр болмаса, Қарымбайдай ертегi 
болып  қалған  бай  болмаса,  оқушысы  жоқ  бiздiң  қазақ  ғылым  жолында  еңбек 
сiңiрушiлердi  тез  ұмытқыш  келедi.  Бiрақ  заман  өткен  сайын  халықтың  көзi 
ашылып,  əдебиетi  гүлденiп,  матбұғаты  жайыла  бастаған  кезде  естен  шыққан 
Шоқандардың артында қалдырған сөзiн қайта тiрiлтiп, кiм екендiгiн бiлдiрмей 
қоймайды”,-дейдi.  
Осы  тұжырымнан  ағарған  ел  өз  мүддесiне  сəйкес  тұлғаны  “тауып” 
алатыны,  яғни  ұлтты  ұлт  ету  жолында  еңбек  сiңiрген  азамат  жоқтаусыз 
қалмайтыны аңғарылады. Бұл əдебиеттен сырт түсiнiк емес.  
М.Дулатұлы  жаңа  əдебиеттiң  зəулiм  шаңырағын  көтеруге  жан-тəнiмен 
кiрiстi: Абай бастаған игiлiктi iстi салаландыруға, дараландыруға жəрдемдестi. 
Мұны  ол  оқыған  азамат  ретiнде  жəне  қолына  қалам  ұстаған  жазушы  ретiнде 
өзiнiң  парызы  санады.  Қаламгер  аталған  проблеманы  былайша  көрсеттi: 
“Əдебиетiмiздiң  жаңа  дəуiрi  ендi  басталды:  əлi  жас,  түсi  солғын,  еркiн  төселiп 
кеткен  жоқ.  Тұрмысымызды,  салтымызды  айнадай  ашып  түгел  көрсетерлiк 
суреттi  əдебиет  əлi  туған  жоқ.  Проза  (қара  сөз)  əлi  дəуiрлей  алмай  тұр. 
Əдебиетiмiздiң  байырақ  жағы  -  өлең.  Бiрақ  …  соңғы  жылдары  шыққан 
ақындардың көбi бiрiне-бiрi елiктеп, бiрiнiң iзiн бiрi басып, өз бетiнен жол сала 
алмай, кестесiз, сұрықсыз “ұйқасты сөз” шығаруды таңсық қылып кеттi”. Ендi 
оны  қалай  жолға  қоюға  болады?  Сапалы  əдебиет  қайткенде  өмiр  жүзiне 
орнығады?  Осы  сұрақтарға  Мiржақып  өз  тарапынан  жауап  берiптi.  Жауабы 
мынау: “Күйсiз көңiл жүгiрмейдi” деген бар. Дүлдүлге де күй керек, бұлбұлға 
да  жайлы  орын,  көңiлдi  бақша  керек.  Адам  баласы  бəрiнен  де  артық  күй 
таңдайды (Мiржақыптың өзi мұны күрес заманында айтып отырғанын ескерiңiз 
–  Д.Қ.).  Туысында  қанша  зеректiк  болса  да,  ғылымсыз,  тəрбиесiз  кемелiне 
жетпейдi. Кiмде-кiм өзiнiң табиғатында не нəрсеге шеберлiк барлығын сезiп, өз 
жолына  түссе  ғана,  көзге  көрiнедi.  …Табиғатындағы  зеректiгiне  жол  ашатын 
ғылымды  оқыса,  сонда  ғана  əр  бiлiмдi  адамдар  шықпақшы.  …  Жазушы  да  – 
суретшi.  Жақсы  суретшi  адамның  сыртқы  түрiн  айтпай  сала  бiлсе,  жақсы 
жазушы да адамның iшкi сырын, мiнезiн, əдетiн бұлжытпай көрсете бiледi”.  
Ағартушының  бұл  пайымы  -  əдебиеттiң  сыры  мен  сынын  қаншалықты 
түсiнетiнiне  айғақ.  Отаршылдық  режим  мен  ұлт  зиялыларының  текетiресi 
жағдайында  əдебиеттiң  биiк  қызметi,  эстетикалық  қуаты  жөнiнде  осындай 
тұжырымдама  жасай  алу  –  шаң  баспас  рухани  мұраға  адалдық,  өскелең 
əдебиетке тiлектестiк, азаматтық жəне зеректiк.  
Мiржақып  -  қазақ  əдебиетiнде  ХХ  ғасыр  басында  ғана  қаз-қаз  басқан 
драматургияға  да  ниеттес  болған  қаламгер.  К.Төгiсұлының  “Надандық 
құрбаны”  пьесасын  сынайтын  еңбегiнде  ол:  “Театр  кiтабы  -  əдебиеттiң  бiр 

 

мүшесi  екенiн,  оның  өз  алдына  мағынасы,  пайдасы  зор  екенiн  бiлушi  кем. 
…Қазақ  театры,  қазақ  əртестерi  болуға  əлi  ерте  екендiгi  əркiмге  белгiлi  болса 
да,  театр  кiтабының  керектiгiн  де  ерте  деуге  болмайды.  Əдебиет  кештерiн 
түрлендiру, толықтыру һəм қызықтырақ қылу үшiн бiрер театр кiтабы керек”,-
деп  жазады.  Сынның  1916  жылы  жарыққа  шыққанын  ескерсек,  пьесаны  қал-
қадерiнше жазған К.Төгiсұлын да, сапаны талап еткен М.Дулатұлын да түсiнуге 
болады… 
Дəл  осы  тұста  бiзге  Мiржақыптың  сыны  қадiрлi.  Ол  жоғарыдағы  жалпы 
əдебиет  туралы  ойын  осы  еңбегiнде  айтқан-ды.  Қаламгер  “пьеса  да  -  өмiрдiң 
көркем  айнасы”  дегендi  байыптаған.  Сөйтiп,  Көлбай  туындысын    -  сəтсiз 
тəжiрибе деп тапқан.  
Халқының  бар  керегiне  жарай  бiлген  М.Дулатұлының  ұлт  руханиятына 
қатысты тұжырымы, жалпы алғанда, төмендегiге саяды: 
-  əдебиет  пен  мəдениет  –  елдiң  жаны,  ендеше  жаны  əзiз,  рухы  мықты 
жұрттың руханияты да əзiз һəм мықты; 
-  көркем сөздi өрiстету мен тағлымды етуде тұлғаның орны айрықша;  
-  биiк  дəрежелi  руханияттың  тууына  еркiндiк  (күй),  бiлiммен  суарылған 
зеректiк керек.  
Міржақып серпінді ағартушылық реңкi анық ХХ ғасырдың басындағы ой-
сана ағымын осы бiлiгiмен толықтырды. Оның қайраткерлік жəне қаламгерлік 
мұрасы - ұлтқа қызмет етудің жарқын үлгісі деуге толық негіз бар. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

А
.Т.Бимендина 
Астана  аласыны* Білім бас армасыны* бастығы 
 
АСТАНА ҚАЛАСЫНДАҒЫ ТҰҢҒЫШ ЭСТЕТИКАЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫ 
БІЛІМ ОШАҒЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ 
     
Астана қаласындағы жаңа үлгіде салынған білім ордаларының бірі - №61 
орта  мектеп.  Мектебімізді   2008  жылдың  қыркүйек  айында  Білім жəне  ғылым 
министрі  Ж.Қ.  Түймебаев  жəне  Астана  қаласының  əкімі  И.Н.Тасмағамбетов 
салтанатты түрде ашқан болатын. Мектебіміз бүгінгі заман талабына сай, соңғы 
озық  жаңа  компьютерлермен жəне өнердің барлық түріне қажетті  заттармен 
толық  жабдықталған.  Оқу    мекемесінде  750  орындықты  мəжіліс  залы,  270  
орындық  асхана,  2  спортзалы,  кітапхана  оқу      залымен,  психология  кабинеті 
жəне  2  медициналық    кабинеттер  жəне  4  арнайы  оқу  шеберханалары  бар. 
Мектеп  ауласында  волейбол,  баскетбол  алаңы,  географиялық  алаң  мен  , 
алғашқы əскери дайындық жүргізілетін алаңдар орналасқан.   Мектептегі оқыту 
мен тəрбие үдерісі қазақ тілінде жүргізіледі.  
Мектепті елімізге танымал суретші-ұстаз Қазақстан  суретшілер одағының 
мүшесі, Қазақстан Республикасының «Мəдениет қайраткері» атағының иегері - 
Арқабаева  Ұмсын  Нұржігітқызы  басқарып  келеді.  Мектепте  еңбек  ететін 
ұстаздардың  саны  113,  барлығының  білім  деңгейлері  жоғары.    Бұл  мектептің 
оқыту мен тəрбие үдерісі оқушылардың жан-жақты терең білім алуымен бірге, 
қазіргі жастарға қажетті эстетикалық жəне көркем тəрбие беруге бағытталған.  
 Білім  сапасын  жақсарту,  əлемдік  инновациялық  технологияларды  елімізде 
кеңінен  қолдану  үшін,  мектеп  ұжымы  тұңғыш  болып  Қазақстанда  “Жаңа 
инновациялық  арақашықтықтан  басқару  арқылы  оқыту  жүйесін”  кеңінен 
қолданысқа енгізіп, жақсы нəтижелерге қол жеткізіп келеді. 
Бұл  жаңа  жүйенің  ерекшелігі,    бейнеконференциялар,  селекторлық  жиындар, 
ақпараттарды  жинақтау,  оларды  мұрағатта  сақтау,  жинақталған  мəліметтерді 
телефон  жəне  əлемтор  арқылы  оқушыларға  жеткізуге  толық  мүмкіндік  бере 
алады.  Инновациялық арақашықтықтан басқару жүйесі мектепішілік басқаруға 
өте тиімді екені дəлелденді. 
Мектептің  негізгі  шығармашылық  тақырыбы;  «Эстетикалы   бағыттағы 
білім беретін о у орындарыны*  оғамға  ажеттілігі» 
Осыған  орай  мектебімізде:    "Шығармашылы   ызмет  пен  нерді  абылдау 
процесіндегі т лғаны* эстетикалы  дамуы" та ырыбында тəжірибе енгізілді.  
Бүгінгі  күні  мектептің  алдына  қойған  өзекті  мəселелері:  "Оқушылардың 
жеке тұлға ретіндегі эстетикалық мəдениетінің психологиялық - педагогикалық 
жағдайын  қалыптастыру,  қоғам  талабы  мен  əлеуметтік  сұраныстарға  сəйкес 
тəрбие  жəне  білім  беру,  басқару  деңгейін  жаңа  сатыға  көтеру,  мектепте 
педагогикалық  менеджмент  теориясын  жүзеге  асыру,  эстетикалық  бағыттағы 
жан-жақты  жоспарланған  жұмыстарды  жүргізу,  бейнелеу  өнерін  оқыту 
əдістемесін  жетілдірудің  ғылыми,  əдістемелік  жолдарын  табу,  мектеп 
ұстаздарын  ғылыми-ізденіс  жұмысқа  бейімдеу,  оқушылардың  шығармашылық 
туындыларын жариялауға қолдау жасаудың бағыттарын жетілдіру.   

 

Қазіргі  кезде  Қазақстан  Республикасында  өсіп  келе  жатқан  жеткіншек 
ұрпақтың  мəдени  өрісін  көтеру,  сұлулықты  қабылдау  қабілетін  қалыптастыру 
арқылы төл мəдениеттің белсенді жасаушысы, иесі, жалғастырушысы болуына 
да  зор  мəн  беріліп  жатыр.  Əсіресе  оқушылардың  өз  елінің,  халқының  соның 
ішінде  өзі  мекен  ететін  аймақтың  мəдениетіне,  салт  дəстүрлеріне  деген 
сезімдік-эстетикалық  қарым-қатынасын  бейнелеу  өнерін  оқыту  арқылы 
қалыптастыру  жылдағы  Елбасымыздың  халыққа  арнаған  Жолдауларында 
ерекше  мəн  беріліп  келеді.  Демек,  бұл  білім  беру  саласына  қойып  отырған 
тапсырма деп түсінуіміз қажет.
                                                             
 
Өнерді терең оқыту  қандай қажеттіліктен туындап отыр? деген сұрақ 
тууы мүмкін. Соңғы кезде ақпараттық кеңістік кеңейіп, жас жеткіншектер, 
тіпті жас суретшілерде батыстың мəдениетіне, өнеріне көп еліктей бастады, 
патриоттық  сезімнен  арыла  бастады.  Көпшілігі  өз  елінің,  өз  жерінің 
əсемдігіне  мəн  бермей,  ұлттық  мəдениетін  бағалай  білмеуде,  ұлттық 
құндылықтардан алшақтай бастауда.   
Сондықтан  да  ұлттық  мектептерде  эстетикалық  пəндерді  оқыту 
мазмұнына ұлттық нақыш беруді батыл енгізетін кез келді деп ойлаймын. 
О
О
н
н
д
д
а
а
ғ
ғ
ы
ы
 
 
н
н
е
е
г
г
і
і
з
з
г
г
і
і
 
 
м
м
а
а
қ
қ
с
с
а
а
т
т
:
:
 
 
-Оқушылардың бойында Отанына деген сүйіспеншілік сезім туғызу; 
- Оқушылардың эстетикалық талғамын арттыру; 
-Өз елінің қылқалам шеберлерімен таныстыру; 
-Өз  өлкесінің  əсем  табиғатына,  өнер  туындыларына  деген  оңды  көзқарас 
қалыптастыру; 
 -Оқушыларды сұлулыққа, əсемдікке үйрете отырып, ұлттық өнеріне деген 
сүйіспеншілігін қалыптастыру; 
       Осыған сəйкес алдымызға мынадай міндеттер  ойып отырмыз: 
-
 
Оқушының  қабілет-қарымы,  бейімділігі  мен  дарынына  сəйкес  оның 
бойындағы білім - іскерлік дағдыларын қалыптастыру; 
-
 
Эстетикалық, этикалық, танымдық қатынастарды, қоршаған орта мен 
өмір  құбылыстарын  шығармашылық  ой  арқылы  жеткізе  алатын  жеке  тұлға 
тəрбиелеу; 
Осы  міндеттерді  жүзеге  асыру  үшін  мектебімізде  педагогикалық- 
психологиялық жағынан шығармашылықпен терең ойластырылған эстетикалық 
дамыту бағыты қолға алынып отыр. Қазіргі таңда мектебімізде  1488 оқушы, 62 
сынып  комплектін  құрап,  біраусымда  білім  алады.  Біраусымды  жұмыс  кезеңі 
оқушыларға  сабақтан  кейінгі  уақытта  қосымша  білім  алуға,  үйірме, 
секцияларына  қатысып,  бос  уақытын  тиімді  пайдалана  отырып,  жан-жақты  - 
дамып жетілуіне толық мүмкіндік береді. Оқу жоспарына  композиция, мүсін, 
кескіндеме, сурет, ырғақ, хореография, этика  пəндері енгізілген. 
Сыныптан  əртүрлі  бағыттарда  үйірмелер  жұмыс  істейді:  "Назерке"  би 
үйірмесі,  "Мұрагер"  домбыра  үйірмесі,  хор,  "Жас  əнші"  вокал,  "Бейнелеу 
өнері", "Сөз зергері" мəнерлеп оқу. Үйірмелердің мақсаты—оқушылардың жан-
дүниесін  баурап,  олардың  нəзік  түрлі  өнердің  сырларына  деген 
қызығушылығын ояту, жан-жақты мəдениетке, құдіретті сөз өнеріне баулу. 

 

Сондай-ақ  мектепте  əлемге  танымал  суретші,  əнші  жəне  бишілермен 
кездесулер  ұйымдастырылып, шеберлік кластары өткізіліп тұрады.  
Кездесудің негізгі мақсаты, оқушыларды  суретшілердің шығармаларымен 
жақын  таныстыру  арқылы  бейнелеу  өнеріне  деген  қызығушылықтарын 
арттыру,  өз  еліне,  жеріне  деген  мақтаныш  сезімін  ояту.  Мектептің  оқу 
бағдарламасына сəйкес өнер мамандығы бойынша алдыңғы қатардағы жоғарғы 
білім беретін оқу орындарымен тығыз байланыс жасалған. 2009 жылы қараша 
айынан  Л.Н.Гумилев  атындағы  Еуразия  ұлттық  университеті  Бейнелеу  өнері 
кафедрасының  меңгерушісі,  педагогика  ғылымдарының  докторы,  профессор, 
ҚР  Білім  беру  ісінің  үздігі,  Халықаралық  педагогикалық  білім  ғылым 
академиясының  академигі,  Сейтқали  Аманжоловтың  «Жас  Суретші»  ғылыми, 
оқу-əдістемелік  зертханасы  ашылып,  жұмыс  істеуде.  Астана  қаласының  Білім 
басқармасымен  келісілген  3  жылдық  жұмыс  жоспары  бекітілді.  Зертхананың 
жұмысына бейнелеу  өнерін  оқыту  əдістемесі бойынша  Қазақстандық  танымал 
ғалымдар,  мектеп  ұстаздары,  Л.Н.Гумилев  атындағы  Еуразия  ұлттық 
университетінің 
магистранттары 
мен 
студенттері 
жұмылдырылған. 
Зертхананың  міндеті,  мектепте  сабақ  беретін  ұстаздардың  тек  бейнелеу  өнері 
сабағын  оқыту  əдістемесін  жетілдіруі  емес,  сонымен  қатар  ғылыми-ізденіс 
жұмыстармен  айналысуына  жетекшілік  жасап,  ғылыми  баяндама  дайындауға 
көмек  көрсету.  Осы  шығарылып  отырған  ғылыми  жинақ,  зертхананың 
ұйымдастыруымен өткізілген Республикалық ғылыми-əдістемелік конференция 
жəне  алғашқы  қорытынды  жұмысы  деп  санауға  болады.  Бейнелеу  өнері  жəне 
сызу мамандығының студенттері педагогикалық практикаларын, магистранттар 
ғылыми тəжірибелерін осы мектепте жүргізіп келеді. Сəндік қол өнері бойынша 
студенттерінің  қатысуымен  ұлттық  киім  үлгілері,  қазақтың  ұлттық  салт-
дəстүрлері  таныстырылып,  қазақтың  ұлттық  нақышында    киім  үлгілері 
дайындалады.  Осындай  шаралар  оқушылардың  эстетикалық  талғамының 
қалыптасуына, сурет өнері жайлы білімінің жетілуіне зор ықпал етеді.  
Сонымен  қатар,  оқушылардың  сурет  өнері  əлемін  түсінуіне  жəне 
қызығушылығын  арттыруға  сабақ  өтетін  оқу  кабинетінің  талапқа  сай 
жабдықталуы да маңызды рөл атқарады.  
Кабинет  –  жұмыс орны.  Сондықтан    мектепте  бейнелеу  өнерінің   барлық 
салалары бойынша арнайы шеберханаларға бөлме бөлінген.   
Көркем  сурет,  мүсін  студиялары  мен  керамикалық  цех,  ұстаздарға 
арналған  7  шеберхана,  хореография  станоктарымен  жабдықталған  залдар,   
эстетикалық талғаммен көркемделген орта қалыптастырылған. 
Мектебіміздің 2008-2010 жылдарға арналған стратегиялық бағдарламасы 3 
кезеңнен тұрса, соның аумақты кезеңін эстетикалық бағытқа арнап отырмыз. 
Қазіргі жұмыс істеп жатырған эстетикалық бағыттағы сыныптар: 
а) Композиция (1в өнер, 3ə,б,в,д, 4ə,б,в,д) 
ə) Мүсін (1а,ə,г,д, 1в өнер, 2ə,в,г,д, 3ə,б,в,д, 4ə,б,в,д) 
б) кескіндеме (1в) 
в)  сурет (1в) 
 г) ырғақ (1б) 
д) хореография –пəндері оқу жоспарына енгізіліп отыр. 

 
10 
Бейнелеу  өнерін  мектеп  компонентіне  енгізуде  кездесетін  қиындықтар  да 
жоқ емес.  
Біріншіден,  қазіргі  таңда  қазақ  тіліндегі  теориялық  материалдар,  оқушы 
шығармашылығын  дамытатын  қосымша  оқулықтар  мен  оқу  құралдары 
жеткіліксіз.   
Екіншіден, мектеп пен жоғары оқу орындарының арасындағы байланыс өз 
дəрежесінде  емес,  студенттердің  мектепте  өткізетін  практикалық  сабақтарына 
сағат  аз  беріледі,  мектептің  сабақ  беру  əдістемесі  мен  ЖОО  студенттерге 
беретін    бейнелеу  өнері  сабағының  бағдарламалары  сəйкес  емес,  технология 
пəнін  оқытатын  мамандарды  дайындауға  жаңа  көзқарас  қажет,  себебі  сурет 
салуды игере алмаған жас мамандар келеді.  
5шіншіден, мектепке тəжірибелі жаңа формациядағы мамандар жетіспейді. 
Т ртіншіден
статистикалық  мəлімет  бойынша  көркем  -  сурет 
факультеттері түлектерінің 3 пайызы ғана мектепке орналасады екен. 
Бұл  қиыншылықтар  уақытша  қиындықтар  деп  санаймын.  Болашақта  бұл 
мəселелер  өз  шешімін  табатынына  сенемім  мол.  Бұл  мектеп  жаңа  
Астанамыздағы  эстетикалық бағыттағы  мектептерге  үлгі болатындай  алғашқы 
өнер мектебі болмақ. Олай қорытынды жасауға жоғарыда атқарылып жатырған 
ғылыми, оқу-əдістемелік жұмыстар дəлел.   
 
Эстетикалы   бағыттағы  пəндерді    енгізу  ар ылы  ұлттық  мəдениет  пен 
өнерді,  сұлулықты,  тазалықты  жəне  талғам  құндылықтарын  бағалай  білетін, 
ұлттық  сана  -  сезімі  оянған,  рухани  ойлау  дəрежесі  биік  жеке  тұлғаны 
тəрбиелеу басты міндетіміз деп санаймын. 
 
 
 
.К. Болатбаев 
Т. Ж'ргенов атындағы $аза   лтты   нер академиясыны* 
проректоры, п.ғ.к., профессор 

Каталог: repository -> repository2014
repository2014 -> Қазақ топонимдерінің этнолингвистикалық ЖҼ не танымдық ТҦ РҒыдан к
repository2014 -> Г.Ә. Мұратова Астана қ., Қазақстан Ғалым а. Сейдімбек зерттеулері – этнолингвистиканың
repository2014 -> Сборник материалов VIІІ международной научной конференции студентов и молодых ученых «Наука и образование 2013»
repository2014 -> ҚАйымның МҰрасы қалай жинақталды?
repository2014 -> Абай және көркем аударма мәселесі Г. Ж.Қасымова
repository2014 -> Заңғар Абайдың зиялы зерттеушісі А. Ж. Шәріп
repository2014 -> Ежелгі түркі – моңҒол мифтеріндегі рәміздік бейнелер шамахай С. Астана қ., Қазақстан
repository2014 -> «ҚОҒам қайраткері марат оспановтың саяси келбетін зерттеудегі кейбір аспектілер»
repository2014 -> Қазіргі отбасының психологиялық МӘселелері жорабекова Д. А. ғылыми жетекшісі пс.ғ. к. Айтышева А. М


Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет