Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі



жүктеу 1.31 Mb.
Pdf просмотр
бет13/14
Дата24.12.2016
өлшемі1.31 Mb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

 
Литературы
1.Леонардо да Винчи  Ковальчук Н.А. Композиция. Художественные средства.- 
М. 1990; 
2.Ростовцев Н.Н. Академический рисунок.- М. 1989. 
 
 
 
 
 
 

 
111 
Буянжарғал
 Еркежігіт  
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия  лтты  университеті  
Бей-21студенті
 
Ғылыми жетекшісі: п.ғ.д., С.H. Аманжолов 
 
ҰЛТТЫҚ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІГІ 
 
Біз  тасқа  қащап  салынған  суреттерге  қарап  бейнелеу  өнерінің  бастауы 
сонау  адам  баласы  пайда  болған  кезбен  бірге  жасасып  келе  жатқанын 
байқаймыз.  Адам  баласының  рухани  эстетикалық  байлығы  болып  саналатын 
бейнелеу  өнері  бірнеше  өнер  саласының  өмірге  келуіне  себеп  болғаны  да 
даусыз  шындық.Бұл  адамның  айналасындағы  ортаны  тануына,  сана-сезімінің 
жетілуіне,  эстетикалық  тəрбие  алуына  ұрпақтан-ұрпаққа  асыл  мұралар 
қалдыруына  мүмкіндік  берген.  Ұлттық  бейнелеу  өнерінің  арғы-бергі  даму 
тарихына көз жіберсек, графика, мүсін өнері жарты ғасырдан аса уақыт ішінде 
ерекше  өркендеп,  өскенін  көресің.  Өнер  иелері  өмір  тынысын  қылқаламмен, 
ұшқыр  ой  желісімен  қағаз  бетіне  түсіру  үшін  көп  ізденістер  жасаған.  Сөйтіп, 
Қазақстанның  бейнелеу    өнері  көп  жанрлы  өнерге  айналған.  Құбылыстардың 
жинақтап,  оны  қорытып,  ирек-ирек  иірімдерден  көркем  образдарға 
айналдырып,  одан  соң  көрерменге  ұсынады.  Егер  суретші  салған  сол  туынды 
шынайы көркем шығарма болса, қараған адамның жан дүниесі мен көңіл-күйіне 
əсер етіп, əсемдікті бағалап эстетикалық лəззат алуына мүмкіндік береді десек, 
қылқалам  шеберлерінің  алуан  түрлі  бояулармен  салған  суреттері,  əсіресе, 
тəуелсіздіктен  кейін  қайта  табысқан  ұлы  тұлғалардың  бейнелері  қазір  көптің 
көз алдында. Тіпті осыдан мыңдаған жыл бұрынғы Күлтегін тасында аталатын 
батыр,  бағландар  бейнесі  де  қайта  жаңғырды.  Бірақ  сол  дүниелер  барлық 
жұртұа  жете  бермейтіні  бар.  Мемлекет  тарапынан,  бұқаралық  ақпарат 
құралдары  тарапынан  қолдау  тауып,əр  қырынан  келіп  жазып  жатса,  бұл 
бейнелеу өнеріне ден қойған жастарымыз үшін пайдалы болар еді. Өнер жайлы 
сөз  қозғалғанда  бағзы  заманғы  ата-бабаларымыздың  тамаша  туындыларын  да 
қалыс  қалдыруға  əсте  болмайды.  Бейнелеу  өнері  арқылы  сол  кезеңдерден  көп 
белгі  сақталған.  Ерліктері  бейнеленіп,  жаумен  шайқасқан,  дұшпанымен 
айқасқан сəттері, қару жарақтары, найза, қылыштары көрініс тапқан. Бұған қоса 
мыңдаған жылдар бұрын да қазақ жерінде гүлденген қалалар, əсем құрылыстар 
ансамбльдері  болған.  Есік  обасында  қолданбалы  өнердің  түрлері  табылған. 
Олар  құмыралар,  тұрмыстық  заттар,  ат-əбзелдері  жəне  т.б.  Сонау  сақ 
заманының өзінде нүктелі техникалы өнер де болған. Оған дəлел, жартастарда 
ел үшін шайқасқан батырлар бейнесі осы техникамен салынған. Есік қаласынан 
табылған  Алтан  адам  сол  сақ  заманынан  сақталған  археологиялық  олжа  ғана 
емес,  ата-бабаларымыздың  жан-жақты  халық  болғанын  білдіріп,  тарихы 
мəдениеті  біздің  бүгінгі  өркениетті  өсуіміздің  бастауы  деуге  негіз  қалайды. 
Өзге  құндылықтарымыз  да  жетіп  артылады.  Қазақ  халқы  өте  сезімтал  халық, 
сұлулыққа  жаны  құмар  халық.  Бұлай  сенімді  айтатын  себебіміз,  ғасырлар 
бойына  көрініс  беріп  кележатқан  тұрмыстық  заттарда,  киімде,  тіптен  ат-
əбзелдердің  өзінде  сəндік  ою-өрнектер  бейнеленгенінен  көреміз.Қазақтың      

 
112 
ою-өрнектерінің  мəдениетімізде,  бейнелеу  өнерінде  алатын  орны  ерекше.      
Ою-өрнектерді  ата-бабаларымыз  өз  орнымен  қолдана  білген.  Киім-кешекке,    
ат-əбзелдеріне,  басқа  да  тұрмыстық  заттарға  өздеріне  тəн  жеке  жеке 
бейнелеген. Қазақ халқының қол өнері шығармашылық мəнімен бірге тəрбиелік 
мəні  де  зор.  Қандай  бұйымды  алып  қарасақ  та  ата-бабаларымыздың  өсиетін 
береді.  Қазақ  бұйымдарындағы  ою-өрнектердің  бір  мəні  келешек  ұрпақты 
əсемдікке,  сұлулыққа  тəрбиелеумен  қатар  мəдениетіміздің  жоғары  екендігінің 
бір көрінісі. Қазақ қолданбалы өнері өзгеше өрнектермен ерекшеленетін рухани 
əлем. Қол өнер шығармаларының өзіндік нақышы бар. Қазақ қолданбалы өнері 
жайлы грек рим саяхатшыларының еңбектерінде, парсы, араб жылнамаларында 
жазылған.  Ерте  кездің  зерттеушілері  Страбон,  Геродот  айтуынша,  Қазақстан 
топырағын  мекен  еткен  сақтар  мен  массагеттердің  барлық  заттары 
əшекейленген киімдерінің өзіне тəн үлгілері болған. Мысалы, киізден жасалған 
төбесі  шошақ  бас  киімді  əшекейлі  өрнектермен  көмкерген.  Ғалым  Герадот 
былай деп жазған: «Олардың  заты  алтын  мен  мыстан жасалған, бас  киімі мен 
белдік  əшекейлері  түгелдей  алтыннан  жасалған,  сондай-ақ  ат  омырауындағы 
өмілдіріктер  де  мыстан  жасалып  жүген  сулығы,  ауыздығы  алтынмен 
əшекейлендіріп  бейнеленген»  деп  жазады.  Қазақ  халқы  Ресейге  қосылуынан 
қазақ  өнерінде  жаңа  элементтер  көрініс  тапты.  Өсімдіктер  бейнесі  əдептелген 
түрде  жəне  геометриялық  өрнектер  енгізіле  бастады.  Ғалым  Ливинский: 
«Қазақтың  қай  кəсіпте  болмасын  табиғатынан  қабілеттілігіне  тек  сүйсінесің, 
қарапайым  құралдар  мен  тамаша  ер  қапталдарын  жасап,  алтын  күмістен  əсем 
бұйымдар шығаратынына таңдаңбасқа болмайды. Қазақтар тіккен аяқ киім өте 
берік»  деп  жазады.  Əлемде  тіршілік  етіп  жатқан  əр  халықтың  өз  мəдениеті, 
өнері,  ғылымы  ғасырлар  бойы  бірде  өрлеп  бірде  тоқырау  дəуірлерін  бастан 
кешірген.  Мұндай  дəуірлерді  қазақ  халқы  да  аз  көрмеген.  Өрлеу  дəуірінен 
жеткен өлмес мұралар бізге жетіп отыр.Ондай құндылықтар Тараз бен Сайрам, 
Отырар  қалаларынан  көптеп  табылған.Тараздан  табылған  арыстанның, 
Сайрамнан  табылған  тотықұстың  суреті  адам  таңқаларлықтай  əдемі.  Жалпы 
қазақтың бейнелеу өнерінің тарихы сонау неолит дəуірінен бастау алады. Оған 
Ұлытау  жартастарына  ойып  салынған  өщпес  бейнелер  айғақ.  Небір  өнер 
шеберлерінің аттары сақталмаса да қолдарынан щыққан құнды дүниелері бізге 
жеткен 
Өнері  ғасырда  ұлтымыздың бейнелеу  өнері  жақсы  дамып,  кең  өріс  алды. 
Қылқаламның құдыретін танытқан айтулы тұлғалар төрткүл дүниеге танылды. 
Олардың  қатарында  Ə.Қастеев,  Қ.  Телжанов,  А.Ысмайылов,  Қ.  Наурызбаев, 
М.Кенбаев,  Қ.Қожықов,  А.Ғалымбаева,  Е.  Сидоркин,  А.  Молдабеков,  С. 
Мəмбеев, Ж. Шарденов, Ү. Əжиев, т.б. бар.  
Осындай тұлғалардың жолын жалғастыру үшін жастар біз де өз үлесімізді 
қосқымыз  келеді.  Ұлттық  өнеріміздің  дамуына  өз  үлесімізді  қосу  жолында 
аянбай еңбек етсем деймін! 
 
 
 
 

 
113 
Ахметжанов
  М.М 
 
61 орта  мектебіні*  бейнелеу 
нері  пəніні*  м ғалімі 
          
ҚАЗАҚ ОЮ-ӨРНЕГІ – ХАЛЫҚТЫҚ МҰРА 
 
Ертеңгі  келер  күннің  бүгінгіден  нұрлырақ  болуына  ықпал  етіп, адамзат  
қоғамын    алға    апаратын    құдіретті    күш  тек    білімге    ғана    тəн.  Қай    елдің  
болсын  өсіп  өркендеуі, өркениетті  дүниеде  өзіндік  орын  алуы оның  ұлттың  
білім  жүйесінің  деңгейіне, даму  бағытына, тікелей  байланысты. Жалпы  əр  
халықтың  ұлттық білім  беруі  сол  елдің  экономикалық  дамуына, халқының  
тарихи    тағлымына,  мəдениетінің    деңгейіне    сай    болуы    керек.  Ұлттың  
табиғатына  терең  бойламаған  бəйтерек,тамыры  жер  бетіне  ғана  жайылған  
дарақ   сияқты, жел   соқса,  шайқалып  жылдам   қопарылып    түседі.  Мемлекет  
болашағы  бүгінгі  жеті  жасар  ұрпақтын  білімі  мен  тəрбиесіне, іскерлігі  мен  
парасаттығына  тікелей  байланысты.  
 
 
  
Осы    бағытта    жас    ұрпақты,  қазақ    халқының    көне    дəуірден    өшпес  
мұрасы    болып,  ұрпақтан-ұрпаққа,  əкеден    балаға    сабақтасып,өзіндік  
тарихымен,  əдет-ғұрыпымен,  сəндік,  көркемдік    жолымен,  көшпенді    елімізді  
бүкіл  əлемге  өзінің  ерекшелігімен  таныта  білген -қолөнер.   
Қолөнердің    халықтық    əлеуметтік,  салт    тұрмысында    алатын    орнының  
қаншалықты    биік,  жоғары    екеніне,  нақышына    келтіріліп    əдемілік,  əсемдік  
дүниенің  ауқымын  кеңейткен ол ою-өрнек. Өткен  өмірімізден  өшпес  мұра  
болып,  материалдық    мəдениетімізбен    қатарласып,  сабақтасып    келе    жатқан  
ою-өрнек. 
Ою-өрнектің    таралуы    қолөнер,  тұрмыс    заттарының    өркендеуімен 
байланысты.  Олардың  даму  процестеріне  халықтық  əлеуметтік  сана-сезімінің,  
болмыс    тіршілігінің    жанданып,  мəдениетінің    өсіп,  тұрмыс    жағдайларының  
жақсаруына  да  əсері    болды.  Сонымен    қатар    ою-өрнектің  өркендеуіне    ата-
бабаларымыздың сезімдік талғампаздық дүниесі, қоршаған табиғат аясы, туған 
жердің  қасиетті  топырағы  мен  тоғай-  тауларының  құлпырған  реңк-түрлері, 
шикізат байлықтары да қатты ықпал етті. Ұлтқа тəн өзіндік ою-өрнек негіздері 
қалыптасып  дəстүр  алды.  Пішу,  үлгі  алу,  жəне  басқа    материалға    көшіріп  
əсемдеу  жолдары  дамыды. Кілемге, киімге, сырмаққа, ыдысқа, қару  жараққа, 
үй    жиһаздарына    арналған  ою    түрлері    қалыптасқан.  Олай  болса,  ою-өрнек  
бүгінгі тіршілік  өмірімізге  бірден  дайын  күйінде  келмеген. Ою-өрнек  адам  
баласының  ақыл-ойларының  толып-толқуымен  жүрегінің  лүпілінен,  өзін  
айнала  қоршаған  ортадан  туған  образдар.  Гүлдің,  жапырақтың,  жан-
жануарлардың бейнелері сол қалпында берілмей, көшірілмей, образдар  арқылы  
ою-өрнекке айналып, қолдану аясына ерекше  мəнерімен, үндестікпен, əуенмен 
жеткен. Бұл  халықтың  білімінің, шеберлігінің  өсіп, ою-өрнек өнеріне қосқан  
үлесі, тапқырлығы, данышпандығы.   
 
 
 
 
 
 
 
 
Ою-өрнекті  зертеп  не  екенін басқа  елдерге  жеткізген, көптеген  шет  
елдердің  саяхатшылары,  тарихшылары,  этнографтары,  археолог-ғалымдары, 
айта  кетсек, Г.Н.Потанин, В.В.Стасов, П.С.Паласс т.б айтуға  болады.  

 
114 
 
Қазақ    елінің    топырағынан    жаратылып,  жоғары    дəрежелі    білім    алып, 
қазақ  қолөнерін  жоғары  бағалап, талдау  жасап, ою-өрнекті  топтастырып  бір  
жүйеге  келтірген  этнограф  тарихшы, əдебиетші, өнер  танушы  аталарымыз  
Ш.Уалиханов, 
Ə.Марғұлан, 
Ө.Жəнібеков, 
Х.Арғынбаев, 
Т.К.Бəсенов 
т.б.жұмыстарын  айта  кетуімізге  болады. Қазіргі  таңда, жас  елде  көне  өнер  
түріне    сүйіспеншілік,  оны    үйрету    процестері    көптеген    елді  мекендерде, 
ауыл-қалаларда  тез  дами  бастады. Мектертерде  үйірмелер, арнаулы  сабақтар  
жүргізіліп  көрмелер  ашылды. Көптеген  шағын 
 кəсіпорындар,  кооператив-
тер  киім,  кілем,  ыдыс,  ағаш    бұйымдарды    жасауда    ою-өрнектерді    көптеп  
қолдана   бастады. Оюдың   өзіне   тоқталатын   болсақ     заттың, бұйымдардың, 
жиһаздардың,  ғимараттардың    сыртқы  пішініне,  түріне,    шығармашылық  
əуеніне  ерекше  мəнер,  қосымша  əсер  беріп,  қарпайым  симетриялы  
элементтерден  құрылып, ырғақ, теңеу, рең  арқылы  түзу  жазықтықта  немесе  
шаршы,  ромб,  шеңберлерде    тұйықталып    орналасқан    əшекейлі    өрнекті  
айтады.  Заттың    бұйымның  сыртқы  пішініне,  алатын  орнына,  атқаратын  
қызметіне,  пайдалану  мақсатына  жəне  шикізат  түрлеріне  қарай  ою-өрнекті 
ойып,  бояп,  қашап,  құйып,  бедерлеп,  өріп,  заттардың  түр-пішініне  үйлестіре 
іске пайдаланған. 
Оюлар  əр  шикізаттың  физикалық  қасиетіне,  пайдаланатын  өнер 
бұйымының қолдану аясына байлынысты рельефті, барельефті болып шешіліп, 
жазықтықта қалай қолданылса, кеңістікте де солай орын ала білген.  
Ою-өрнектің классификациялық негізгі мəнері төрт топқа бөлінеді. Олар: 
1.  Геометриялық  ою-өрнектер;  2.  Жан-жануар,  хайуанаттар  ою-өрнектері;  3. 
Өсімдік тектес ою-өрнектер; 4. Космогониялық (аспан, көк əлемнің жер дүние 
сырын бейнелейтін) ою-өрнектер жатады. 
Сондықтан  ою-өрнектерге  талдау  жасап,  əр  классикалық  топқа  бөлмес 
бұрын  ою-өрнектің  негізгі  құрылымы  қалай,  оюдың  негізгі  ерекшелігі  неде, 
композициялық  орналастыру  ережесіне,  ою-өрнектің  пішінін,  құрылысын, 
образдық  белгісін  өзгертуге  симметрияның  əсері?-  деген  сұрақтарға  жауап 
беруіміз  керек.  Ою-өрнекті  сəулет,  кескіндеме  қолданбалы  өнерде,  қолдан 
шыққан барлық өнер заттарын көркемдеуге, əсемдеуге пайдаланған.  
Осы орайда ою-өрнектің өзін екі топқа бөлуге болады. Біріншісі, ешқандай 
заттарды  көркемдемей–ақ  өз  алдына  жеке  əшекей  ретінде  қолданылып, 
көрермендерге  эстетикалық  сүйсініс,  əсер  береді.  Бұндай  жағдайда  оның 
көркемдік,  əсемдік  жақтары  пайдаланады.  Екінші  түрінде  шебердің  қолынан 
шыққан  заттарды,  көркемдеп,  толықтырып,  айрықша  көрініс,  сəн  мəн-мағына 
береді.  Яғни,  ою-өрнек  жасалған  заттан  ерекше  бөлінбей  оның  формасын, 
пішін-  түрлерін  шешеді.  Осындай  бұйымдар  күнделікті  тұрмыста 
пайдалануымен қатар, көрермендерге эстетикалық  лəззат жəне рухани байлық 
болып ерекше сезімге тəрбиелейді.  
Қазақ  ою-өрнектерінің  өздеріне  тəн  сыңыр  ою,  тең,  жүздеме  ою  секілді 
композиция  құрылымы  қалыптасқан.  Аталған  оюларда  да  комлозицяның 
классикалық-орталық бөлік, шет, жиек, фон негіздерімен бірге, симметриялық 
тепе-теңдік, тұйықтық, орнықтылық категориялары сақталған. 

 
115 
Жан-жануарлар  қазақтың  ою-өрнегінің  ішіндегі  ең  көп  тараған,  ең  көп 
қолданылатын түрі. Жабайы аңдар мен ұшатын құстар, малдар адам баласына 
ішетін  сусын,  жейтін  тамақ,  киетін  киім  болып  ғасырлар  бойы  асырап  келе 
жатқанын  айтудың  қажеті  жоқ.  Ата-бабамыз  малдың  ерекше  қасиеттерін 
бағалап,  əн-жырға,  күйге  қосты.  Образдары  шығармаларға,  бейнелері 
қолөнерде  ою-өрнекке  айналды.  Сондықтан  хайуанаттар  оюларының  тамыры 
тереңде жатыр. Бұл оюдың негізін «қошқар мүйіз» өрнегі қалайды. Осы мүйіз 
түріндегі оюмен  əшекейленіп, безендірілмеген ұлттық дəстүрлі бұйым, дүние-
мүліктер,  заттар    жоқ  десек  қателеспейміз.  Бұл  өрнек  қолөнер  түрлерінің 
барлық  салаларында  кездеседі  жəне  кеңінен  қолданылады.  Ою-өрнекпен 
зергерлер,  шеберлер  алқа,  сырға,  білезік,  сырмақ,  текемет,  кілем,  түскиіз, 
сандық-кебеже,  киім  кешектерді  тағы  да  басқа  тұрмыста  қолданып  жүрген 
заттарды өз ырғақ мəнерімен безендіріп отырған. 
Ою-өрнектің  мектепке  қолданудың  өзі  оқушылардың  қол  шеберліктерін 
дамытып, ой-өрісін кеңітіп, эстетикалық талғамдарын байытады. Жəне де түзу 
сызық,    қисық  сызық,  шеңбер  сызғанда  тигізер  пайдасы  мол.  Сол  сияқты 
симметрия  туралы  толық  түсінулерге,  көру,  байқау  қабілеттерін  дамытуға, 
шексіздік 
туралы, 
композициялық 
құрылымның 
дұрыс 
орналасуын 
бақылауларына көп көмегі бар.  
Оқушылар  өз  жасаған  заттарын,  айта  кетсек,  қыз  балалар  технология 
сабағында  жасаған  көрпешелерін,  жастықшаларын,  ал  ұлдар  жасаған 
домбыраларын,  сандықшаларын,  қобдишаларын  ою-түрлерімен  əшекейлеп, 
көркемдеп, əсемдеп, өмірде өз қажеттеріне пайдалана алады.  
 
Əдебиеттер 
1.Ж.Балкенов. Ұлттық ою өрнек. Қарағанды, 1998ж. 
2. Қ.Болатбаев. Бейнелеу өнері. Атамұра, 1993 ж. 
 
 
 
Малгаздарова
 Любовь Искаковна 
Астана  аласы   № 61 орта  мектеп 
Е*бек пəніні* м ғалімі 
 
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ОЮ-ӨРНЕКТЕРІНІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ 
 
     Қазақтың ұлттық киімі ғасырлар бойы қалыптасқан жəне айналадағы ортаға 
желді,  аязды  болып  келетін  аңызақ  даладағы  тіршілікке  бейімделген  халық 
мұрасының  құрамдас  бөлігі  болып  табылады.  Оның  қарапайымдылығы, 
үйлесімділігі,  жүріп-тұруға  қолайлылығы  –  басқа  жұрттардың  киім-кешегі  
сияқты  əуел  баста  адамның  тəнін  жауып,  мағынасыз  жəне  ойдан  шығарылған 
ғаламаттардан,  ал  кейіннен  денені  ыстық-суықтан,  қуаң  желден,  əсіресе  мал 
айналасында  болатын  маса  –  шыбыннан  қорғауға  қажет  болғандығын 
аңғартады.  Киімді  əшекейлеу,  жағасына,  өңіріне,  етек-жеңіне  кесте  тігіп,  оқа 
бастыру, зерлі жиектер жүгірту, киімді безендіруге қымбат металдар мен асыл 

 
116 
тастардан  түзілген  əткеншектерді  пайдалану  көбіне  əсемдікке  құштарлықтан 
емес,  дала  қауымында  жеке  меншіктің  пайда  болуымен  байланысты  үстемдік 
етушілердің  байлығын,  əлеуметтік  өміріндегі  алатын  орнын  баса  көрсету 
қажеттігінен  туған  болуы  ықтимал.  Өйткені  даланы  мекендеп  үнемі  малмен 
бірге  көшіп-қонып  жүрген  елдің  де,  кедейшіліктің  тауқыметін  көп  тартқан 
егіншілердің  де  сəндік  құруға  уақыты  да,  қаржысы  да  жете  бермесе  керек. 
Халық  арасында  кең  тараған  «сұлуынан  жылуы»  деген  сөз  де,  сол  көне 
заманнан  қалған  болуы  мүмкін.  Əйтседе,  киім-кешекті  əшекейлеу  бірте-бірте 
ғасырлар  өткен  сайын  қалыптасқан  дəстүрге  айналады  да,  əрбір  ұрпақтың 
талғамына  лайық  өмір  талқысынан  өтіп,  ұлттық  киімнің  бөліп  қарауға 
болмайтын  жəне  оның  өзіндік  ерекшеліктерін  баса  көрсететін  ыңғайластығы 
болып  қала  берген.  Соңғы  15-20  жылда  жүргізілген  этнографиялық 
зерттеулерге қарағанда, қазіргі ғылыми-техникалық прогрестің, жаңа моданың 
əсерімен,  сол  сияқты  қазақша  киімнен  ешбір  хабары  жоқ,  ұлттық  дəстүрлерге 
жатпайтын  жалған  элементтермен  көбірек  айналысатын,  бірақ  өздерінің 
туындыларын кино, телевизия, театр қауымы мен концерттік ұйымдар арқылы 
тықпалауға  мүмкіндігі  бар  кейбір  суретші  –  модельерлердің  орынсыз, 
араласуынан  ұлттық  киімнің  пішішінде  немесе  тігісінде  ғана  емес,  тіптен  үкі 
қадауға  да  əр  қилы  өзгерістер  пайда  бола  бастағандығын  аңғаруға  болады. 
Оның  барлығын  былай  қойғанда  біздер  ғылыми  мақсатқа  орай  немесе  музей 
қорын толықтыру үшін ел арасынан сатып алып жүрген ең дəстүрлі киідердің 
өзінен де аздап та болса байқалатын түр өзгерістер көрініп жүр. Ұлттық киім – 
көненің  көзі,  бізге  жеткен  материалдық  мəдениеттің  жетістігі.  Оны  ескерткіш 
ретінде  болашақ  ұрпаққа  сақтау  қажеттігін  ескерсек,  мұндай  жағдайларға 
үзілді-кесілді  тыйым  салған  жөн.  Біздің  мəселенің  бұл  жағына  баса  назар 
аударып отырғанымыздың тағы бір себебі – уақыт өткен сайын ұлттық киімді 
сақтап,  зерттеп  –  білудің  қиынға  түсе  беретіндігінде  болып  отыр.  Дегенмен, 
қазақтың ұлттық киімі дəуір талғамынан өтсе де ғылыми тұрғыдан əлі де болса 
толық екшеле қоймаған құбылыс есебінде онан əрі зерттей түсуді қажет етеді. 
Ұлттық  киімді  зерттеп  білудің  бірден-бір  тиімді  жолы  жазба  деректер 
болғанымен оларда қазақша киімнің дəл өзі жайлы мағлұматтар жоқтың қасы. 
Сондықтан да қазақша киімді егжей-тегжейіне дейін жете білетін ұрпақ – оны  
киген жəне түсіне білетін соңғы адамдар ауыспай тұрғанда жоспарлы түрде кең 
көлемді далалық экспедициялар ұйымдастырып, əлі де болса кездесетін ұлттық 
киім нұсқауларын жинай беруді ел аузындағы мəліметтерді жазып алумен қатар 
жүргізе берген жөн. 
        Қазақ  ұлттық  ою-өрнегінің  бірнеше  ондаған  ғасырлық  тарихы  бар.  
Атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа мұра болып, үнемі қолданыста болып, дамып 
келе  жатқан  өнер  түрі.  Қазақ  халқының  тұрмысында  ағаштан  жасалған  заттар 
өте  көлемді.  Жазы-қысы  пайдалануға  келетін  «ағаш  уықты,  киіз  туырлықты» 
киіз үй киіз бен ағаштың өте күрделі үйлесінен тұрады. Тігуге де, жинауға да, 
алып  жүруге  де  өте  қолайлы  осы  мүлікте  ою-өрнек  қолданылмайтын  бөлшек 
жоқтың  қасы.  Ою-өрнекті  жақсы  саналы  жасау  үшін  алдымен  пайдаланатын 
материалды  дұрыс  таңдай  білу  қажет,  оның  ою-ырғағы  мен  мөлшерін,  яғни 
оюдың  заттың  бетіне  түсуі  мен  орналасуын  нақты  жобалау  қажет.  Оюдың 

 
117 
жақсы  шығуы  оюшының  ой  ұшқырлығында,  шеберлігі  мен  оюдың  ретін 
келтіріп  үйлестіре  білуінде.  Ою-өрнектің  қандай  түрі  болса  да,  ол  –  адам 
ойының  жемісі.  Ою-өрнек  бір-бірімен  қабысып,  жымдасып,  ескен  арқандай 
бірігіп  тұруы  керек.  Ара  жігі  бадырайып,  үйлеспей,  олпы-солпы  болса,  ою 
өзінің сəнін, сұлулығын, үйлесімін тіпті мазмұнын жоғалтуы мүмкін. Қазақ ою-
өрнегі  қошқар  мүйіз  түрінен  бастау  алатындықтан  қандай  ою  түрін  жасағанда 
да осы ою түрі басты көрініс табуы қажет. Басы қошқар мүйіз оюынан бастау 
алған өрнек дами келе неше алуан түрге еніп, ара жігі əр түрлі ою-өрнектермен 
толыға  келе,  үлкен  күрделі  ою  түрі  шығады.  Ою  тасы  қошқар  мүйіз  бастаған 
өрнек түрлері бір-біріне үйлесе сəн бере келе бірігіп, жымдасып, байланыс пен 
сəндік  тауып  жасалатын  ою  түрін  əрлендіре  түседі.  Табиғаттағы  əсем  гүл 
шоғырындай  ою-өрнекте  өз  шеберін  тапса,  жарасып,  құлпырып,  көз  тартып, 
көзге қуаныш, көңілге жылылық, ортаға əсемдік, сұлулық шашып тұрары анық. 
Біздің  ата-бабаларымыз  осындай  өнер  түрін  өзінің  шырқау  шыңына  жеткізе 
білген.  
Менің түсінігімде ою-өрнек дегеніміз – дəлдік, есеп, теңдік, теңеу, үйлесім, 
жарасым,  сəндік,  көркемдік,  сəйкестік,  тазалық,  нəзіктік,  сүйкімділік, 
парасаттылық,  жылылық,  сұлулық,  ойлылық,  ақылдылық,  зеректік,  көңіл-
күйдің  жақсылылығы,  шабыт  береді,  ептілікке,  іскерлікке,  шеберлікке, 
икемділікке, дəлдікке баулиды, тəрбиелейді. Өнерге деген махаббат, сұлулыққа 
деген  ғашықтық,  құштарлық  жинағы.  Ою  ойған  адамның  жүрегі  жылы,нəзік 
болады.  Қошқар  мүйіз  –  ою-өрнегі  –  байлық  пен  молшылықтың  нышаны. 
Қошқар мүйіз бен арқармүйіз оюларының қазақ қолөнерінде қолданылмайтын 
жері  жоқ.  Қошқар  мүйіз  оюымен  қатар  əр  заттың  көлемі,  сəнділік,  пайдалану 
деңгейіне қарай əр алуан жапырақ тектес, бітпес оюлар салынады. Бұл өрнектер 
«иірім», «шиыршық», «иық», «үшкіл», «түйе табан», «қос ирек», «жұлдыз гүл» 
т.б.  аттарымен  аталады.  Қолөнер  шеберлері  ою-өрнекті  əр  заттың  өзіне 
лайықтап,  жарасымын,  үйлесімін,  сəнін  тауып  жасаған.  Жасаған  затпен  ою-
өрнек  бір-бірімен  өте  сəнді  қабысып,  шынайы  көркемдік  беріп  отырған.  Ою-
өрнек  түрлері өте нəзік  түрде  түскен. Жалпы ою-өрнек  жасаушы  шебер оюды 
олпы-солпы  болудан  сақтауы,  əсемдігіне  жеткізе  білуі  керек.  Өнер 
зерттеушілерінің пайымдауынша қазақ ою-өрнегі үш түрлі ұғым негізінде туған 
деген қорытынды бар:  
1.
 
Қазақ халқының өзіне тəн ертеден келе жатқан ұлттық оюлары.  
2.
 
Басқа халықтардың мəдениетінен ауысқан. 
3.
 
Уақытқа қарай бейімделу. Ертеден қазақ ою-өрнегі мазмұны жағынан үш 
түрліұғымдыбейнелейді:  
1.    Малөсіруменаңшылық.  
2.    Жер-су,көшу-қону.  
3.    Заттардыңсыртқыбейнесі.  
Осылардың  қайсысында  да  қошқар  мүйіз  оюы  қолданылып  араласып  
отырады.  Ою,  сызу,  бедерлеу  ру,  тайпалардың  таңбаларында,  малдың              
ең-таңбасында,  ай,  жұлдыз,  аспан  əлемін  тұспалдауда  орын  алады.  Шеберлер 
сүйекті  ойған,  ағашты  иген,  тасты  қашаған,  мүйізді  балқытқан,  металды 
өңдеген.  Əсемділікті  таңдай  да,  жасай  да  білген.  Осындай  əсемдікті  таңдай 

 
118 
білген хас шебер оюшы зергеріміз осы ою-өрнекке бояу түрлерін пайдалануды 
да  жете  меңгерген.  Халқымыздың  ою-өрнектерінде  басым  түс  ақ  пен  қара 
болып  келеді.  Бұл  ою-өрнектің  ең  шешімін  тапқан  жарасымды  түрі  болып 
есептеледі.  Ою-өрнектің  тұрмыста  пайдалану  ауқымы  өте  кең.  Оюдың 
жекелеген  тармақтарынан  бастап  үш  түр,  төрт  түр,  бес  түр,  алты  түр,  т.б. 
тармақтарынан əрі қарай өрбіп, кеңейе беретін күрделі оюлар да біздің ұлттық 
дəстүрімізде  тұрмыста  үнемі  қолданыс  тауып  келген.  Халқымызда  жазу 
болмағанда  ою-өрнек  болды.  Сол  ою-өрнек  арқылы  халқымыз  өз  тыныс-
тіршілігін,  мəдениетін,  өнерін,  мəдени  құндылықтарын  жоғары  деңгейде 
дамыған  тұрмыстық  қажеттіліктерін  ұрпақтан  ұрпаққа  жеткізіп,  дамытып 
отырды.  Келешек  ұрпақ  мақсаты  осы  киелі  өнерді  əрі  қарай  дамыта  отырып 
көздің  қарашығындай  сақтау.  Осы  салада  отыз  жылдан  аса  уақыттан  бері 
ұлттық ою-өрнекті дамытумен айналысып келе жатқан менің басты мақсатым – 
мүмкіндігінше ұлттық нақыштағы ою-өрнекті зерттей отырып, нəзік те күрделі 
өнердің  сырын  ашу,  жасалу  жолдары  мен  оны  тұрмыста  пайдалану  реттерін 
өнерпаз  жастарға  ұсыну.  Қажетіне  жаратамын  деген  талапкерге  көмектесу, 
ұлттық мемлекеттік деңгейдегі мəдениетімізді дамытуға үлес қосу, сол арқылы 
ұлтымыздың  мəдени  өнерін  басқа  елдерге  насихаттау,  тұрмыстық  заттар 
шығаруды  өндіріске  еңгізу,  оқулықтар  шығару,  зергерлік  қолөнерді  дамыту 
жолдарын  оқырманға  қарапайым  тілмен  түсіндіру,  құзырлы  орындарға  ою-
өрнекті дамыту туралы өз ұсыныс, пікірімді жеткізу. Ою-өрнекпен айналысқан 
отыз жылдан аса уақыт ішінде ешқандай ою түріне қарамай ұлттық бағыттағы 
басты  ою  түрі  «қошқар  мүйіз»  айшығын  сақтай  отырып,  бір  жарым  мыңдай 
үлкенді-кішілі,  ірілі-уақты  əр  түрден  ою  түрлерін  жасадым.  Басты  мақсат  – 
қошқар  мүйіз  оюын  дамыту,  сұлу,  сəнді,  икемді  оюлар  шығару.  Бұлардың 
ішінде алуан түрлі күрделі оюлар да, шағын оюлар топтамалары да, зергерлік 
бұйымдарға  арналған  түрлері  де  бар.  Мақсат  жасалған  оюлардың  жасалу 
ерекшелігін  толық  түсіндіре  отырып,  пайдалану  жолдарын  ұсыну,  оюдың 
өндіріске  енуіне  ықпал  жасау.  Қазақ  халқының  ғасырлар  бойы  қалыптасқан 
дəстүрлі  киім  түрлері  өзгеріске  ұшырады.  Ұлттық  киімнің  бояуын,  түсін 
өзгерткенмен  түрін,  пішінін  өзгерту  дұрыс  емес.  Бұл  біздің  қазақ  ұлтына  тəн 
ерекшеліктегі  ою-өрнек,  кие  қасиет.  Осы  киіммен  халқымыз  тарихи  дəуір 
өткізген,  досы,  қасы  да  таныған.  Ғасырдан  ғасырға  дамыған  ою-өрнек  тілінен 
шеберлер  ойын  да,  көңіл  күйін  де,  уақыт  жағдайларын  да  жеткізе  білген.  Əр 
шебер өзі жасаған ою-өрнегінің қандай ою түріне ұқсайтынын, қандай ат лайық 
екендігін  жəне  ою-өрнекті  қай  затқа  қалай  пайдалану  керектігін  дəл  де  нақты 
білген. Əрбір күрделі оюдың өсімдік тамыры іспеттес түбі, түбірі, діңі, тамыры 
болады. Бұл менің өз ұғымым. Түбірінен бастап өрбіп жайылып, ерекшеленеді, 
бір-бірімен  астасады,  сəнді  шеңбер  жасай  отырып  «табақ»  тектес  күрделі  ою 
құрайды.  «Табақ»  ою  түрі  –  жиегіне  су  жүргізіп  ішіне  алуан  түрлі  ою  салу. 
Қазақ халқының тұрмысындағы көп қолданылатын оюдың атасы қошқар мүйіз 
өрнектері сан алуан. Өте ұсақ түрлері зергерлік, кестелік, сүйек, мүйіз сияқты 
нəзік  істерде  қолданылса,  ірі  түрлері  сырмақ,  кілем,  текемет,  түскиіз,  алаша, 
сəулет  өнеріне,  тұрмыстық  заттарға  кең  қолданылады.  Ою-өрнек  тұрмыстық 
заттармен  қатар  құлпытастарға  да  салымды.  Ер  адамға  құлпытас  тұрғызылса, 

 
119 
найза,  айбалта,  ұсталықпен  айналысса,  құрал-сайман  суреттері  қашалған.  Ал 
əйелдерге  құлпытас  тұрғызылса,  алқа,  сырға  сияқты  күміс  əшекейлер,  үкілі 
сəукеле тағы да басқа заттар бейнеленген. 
Ғалымдардың зерттеуі бойынша ою-өрнек үш топқа бөлінеді: 
1.Өсімдік тектес (жапырақ, үш жапырақ, ағаш).  
2.Зооморфтық(жан-жануарлар). 
3.Космогониялық өрнек (дөңгелек, ирек, шимай, тор көз). 
Осы  ою-өрнек  түрлерін  қажетті  орнын  тауып  пайдаланған  зергер,  оюшы  
шеберге  үлкен  көмек  болары  анық.  Мемлекеттік  деңгейде  мəдени  мұра 
бағдарламасы  бойынша  қамқорлық  жасаланып,  оқушыларға,  студент  жастарға 
қолөнер  сабағына  пайдалануға  шағын журналдар  шығарылса,  қолөнер  түрлері 
мектепте пəн ретінде өтсе, жастардың келешекте іскерлігіне, ұлттық мəдениетті 
сүюіне  ықпал  жасары  анық.  Оқушыларға  ұлттық  нақыштағы  киім  үлгілері 
ұсынылса, оқу  құралдарының безендірілуіне ою-өрнек  кең  көлемде ұсынылса, 
шеберлер даярлайтын арнаулы оқу орындары ашылса, ұлттық қолөнер дамыған 
болар еді. 
Өресі  биік,  өрісі  кең  өнер  атауының  қай  саласынан  болсын,  жер  
жүзіндегі  басқа  да  халықтар  сияқты  қазақ  халқы  да  өзінің  көне  замандардан 
бері  келе  жатқан  тамаша  тарихымен  жəне  өзіне  ғана  тəн  қайталанбастай 
ерекшелігімен  көзге  түседі.  Ал  қандай  да  болсын  өнер  жəне  талант  иелерін 
өмірге  келтіретін  де  сол  халық.  Сондықтан  да  біз  оларды  халықтық  дейміз. 
Міне,  сол  халық  таланттарының  қолынан  шыққан  зергерлік  бұйымдар,  киім 
үлгілері, тұрмыс жиһаздары, əсем де зəулім ғимараттар қай заманда болмасын 
өз  маңызын  жоғалтпайтыны  мəлім.  Сол  сияқты,  қазіргі  бізге  келіп  жеткен 
«Құстұмсық  жүзік»,  «Құдағи  жүзік»,  алтынмен  апталып,  күміспен  күптелген 
алқалар  мен  өңіржиек,  өңірше,  үзбелі  сырға,  тоқым  əбзелдері  мен  үй 
мүліктерінің  сирек  кездесетін  үлгілері  кейінгі  ұрпақтар  үшін  аса  бағалы  мұра 
болып  табылады.  бірақ  мұндағы  өкінішті  жай,  сол  халық  шеберлерінің 
көпшілігінің есімдері тарихта қалмағандығы. Бұл əрине, ертеде өз жазу-сызуы 
болмаған қай халықтың болса да басынан өткен жайлар. Дегенмен, сол халық 
ортасынан  шыққан  шеберлердің  көркемдеп,  сəндеп  жасаған  бұйымдарының 
əсемдігіне,  шебер  жасалғандығына,  қазір  де  қарап  көз  тоймайды.  
Ал  сол  халық  өнері  шығармаларын  жинап,  зерттеуде,  оларды  насихаттауда 
Қазақстан музей қызметкерлерінің, ғалымдарының, археологтарының да еңбегі 
зор.  Солардың  тырнақтап  жинаған  асыл  бұйымдары  қазір  республикамыздың 
тарихи-өлкетану  жəне  өнер  зерттеу  музейлерінде  жинақталған.  Осы 
музейлердің  бəрінде  де  қазақ  халқының  тарихы,  этнографиясы,  ою-өрнектері 
жөнінде  бағалы  дүниелері  бар.  Қазақтың  қолөнерін  зерттеу  мəселесі  ерте 
кезден  көптеген  саяхатшылар  мен  коллекционерлердің  ғана  емес,  ғалым-
этнографтар, археологтар мен суретшілердің де көңілін аударып келген. Қазақ 
қолөнерінің өткендегісі мен бүгінгі жағдайын, оның өзіне тəн методологиясын 
зерттеу,  қазірдің  өзінде  де  күн  тəртібінен  түспей  жүрген  мəселенің  бірі.           
ХХ ғасырдың алғашқы жартысынан-ақ басталған бірқатар жұмыстар негізінде 
методологиялық жағынан зерттеудегі жіберілген кемшіліктер қазақ қолөнерінің 
творчестволық  даму  мүмкіншілігін  дұрыс  бағаламады.  Мəселен,  қазақ            

 
120 
ою-өрнектерінің  құрылысын,  заңдылықтарын  алаш  рет  байқауға  ат  салысқан 
С.М.Дудин,  күнделікті  сауда  орындарына,  фабрикаларда  жасалып  түсуіне 
байланысты  қазақ  өнері  жақын  уақыттың  ішінде  мүлде  жойылады-мыс, 
қажетсіз болады-мыс деді.  
Кейбір  зерттеушілер  мен  творчество  қызметкерлері  қазақтың  қолөнерінің 
идеялық  маңызын  көтеріп,  қолөнердің  ою-өрнек  сияқты  негізгі  ұлттық  қорын 
жоққа  шығарды.  Мəселен,  С.МДудин,  Е.Р.Шнейдер:  «Қазақ  ою-өрнегі  иран 
мəдениетінің  тек  бір  бөлігін  ғана  көрсетеді.  Қазақ  халқының  ұлттық  өнеріне 
жатпайды», - деп топшылады. 
Бірақ халықтың қолөнері өзінің тарихы, теориясы мен кейбір ұйымдастыру 
мəселелерінің  жеткілікті  элементтеріне  қарамастан,  күнделікті  тұрмысқа 
қажетті  қоршаған  затты,  көпшілік  тұтынатын  бұйымды  əсемдеуге  бейім  өнер 
ретінде,  социалистік  қоғам  кезінде  де  жалпы  мəдени  дəрежені  де  жоғары 
көрсетуге тəн дамып келе жатыр. 
Біз жоғарыда көрсеткендей көне заманнан келе жатқан қолөнері өзінің өсу 
жолында  өз  халқының  дəстүрлі  көркемдік  мұрасын  сақтап  қалды.  Қоғамдық 
дамудың  қай  сатысында  болсын  қоғаммен  бірге  дамыған  қолөнері  əр  дəуірде 
өшпес  ізін  қалдырып,  əлеуметтік-көркемдік  жағынан  дəуір  тынысын  қалт 
жібермей əсерін тигізіп отырды. Қолөнерінің қазіргі дəуірдегі дамуы күрделі де 
аса бай. Онымен бірге ол күнделікті тұрмысымызды, гүлденген өмірімізді жан-
жақты  бейнелеуде,  халықты  эстетикалық  жағынан  тəрбилеуге  қызмет  етеді.  
Ерте  кездегі  авторлардың  айтуы  бойынша  Қазақстан  топырағын  мекендеп, 
тіршілік  еткен  сақтар  мен  массағаттардың  барлық  заттары  əшекейленген, 
киімдерінің өзіне тəн үлгілері болған. Мысалы, киізден жасалған төбесі шошақ 
бас  киімі,  ұзын  шапаны  мен  көннен  жасалған  жұмсақ  аяқ  киімдері 
əшекейленген.  
Геродот:  «Олардың  барлық  заты  алтын  мен  мыстан  жасалған.  Жайдың 
металдан істелген бөлшектері, оғы, айбалталары мыстан жасалған. Бас киім мен 
белдік  əшекейлері  түгелдей  алтыннан  істелген.  Сондай-ақ  ат  омырауындағы 
өмілдіктер  де  мыстан  соғылып,  жүген-сулығы,  ауыздығы,  т.б.  бөліктері 
түгелдей алтынмен əшекейлендіріліп,безендірілген»,-деп жазады. Сол дəуірдегі 
халық  шеберлерінің  қалыптасқан  ою-өрнек  үлгілері  скифтердің  мал 
шаруашылық  мəдениеті  жайында  болғандықтан  Алтайдағы  Келес  даласынан 
қазылып алынған заттар. 
Ою-өрнектермен күнделікті тұрмыста пайдаланылатын заттар жəне төсек-
орын, киім-кешек, ыдыстар, ер-тұрман тағы басқалар əшекейленген. Кесте тігу, 
тоқымашылық,  өру,  құрақ  құрау  өнері,  ағаш  бетіне  күйдіріп  ою  салу  немесе 
зергерлік, керамикалық, т.б. кең түрде қолданылды. Мұндай алтыннан айрақша 
күрделі өрнектер салынып жасалған заттар үстем таптың пайда бола бастауын, 
таптық  қауымның  өзгере  бастауын  көрсетеді.  Алтыннан  нəзік  өрнектермен 
істелген диадема, аңшылықты бейнелейтін көріністер, адам бейнесі, жыртқыш 
аңдар  мен  мифтік  жанды  заттардың  өрімделген,  ою-өрнектелген  күрделі 
композициясының  барлығы,  сол  кездің  өзінде-ақ  өнердегі  шындық  негізді 
салыстырып  қарағанда,  техникалық  жəне  көркемдік  жағынан  жоғары 
қолөнершілікке қолы əлдеқайда ерте жеткендігі байқалады. 

 
121 
Демек,  ою-өрнектермен  əшекейлеп  бейнелеушілік  қандай  уақытта 
болмасын халықтың дəстүр негізінде сақталды.  
Егер  бұрыңғы  замандарда  жүген,  белдік,  пышақ  сабы  жəне  осы  сияқты 
заттардың  кейбір  бөлшектері  хайуанаттардың  дене  бітімдерімен  бейнеленетін 
болса, ІХ-ХІІ ғасырлардан, ислам дінінің үстемдік құрған кезеңінен бастап, тірі 
жəндікті бейнелеу тəсілі қолөнер кəсібі саласынан мүлде алысталып тасталды. 
Бəлкім заттарды əшекейлеуде бірден бір белгілі тəсілмен салынған ою-өрнектер 
ғана қалуы мүмкін.  
Халық  шеберлері  ою-өрнек салу  тəсілін  белгілі бір  ізбен қалыптастыруда 
өз өнерін үздіксіз жетілдіру жолымен кейбір ою-өрнектердің композициясына, 
əшекейлейтін заттардың түріне қарай табиғи байланысты бейімдеп түрлендіріп 
отырды.  Қазақстанда  моңғол  шапқыншылығы  (ХІІІ  ғ.)  салдарынан  елдің 
мəдениеті мен өндіргіш күштің дамуы тежеліп, тұтас бір ғасыр артқа шегеріліп 
тасталды. Қолөнері тек дін басылары мен дəулетті адамдарға ғана қызмет етіп, 
жекелеген дəулеттілердің байлығын көрсетуге, семья мүшелерінің киім-кешегін 
əшекейлеуге  бағытталды.  Жоқшылықта  өмір  сүрген  көпшілік  халық  өзінің 
күнделікті 
үй 
тұрмымысындағы 
заттарын 
əшекейлей 
де 
алмады.  
Тек  қана  ХІХ  ғасыр  ортасында  қазақ  халқының  Россияға  қосылуымен  қазақ 
мəдениетінің  орыс  мəдениетіне  қоян-қолтық  араласуы,  қазақ  қолөнерін  қайта 
өрлетіп,  жаңа  элементтермен  байытты.  Түрі  жағынан  қолөнерінің  бейнелеу 
амалы  байыды.  Кестелеуге  алтын,  күміс  түсті  жіптер  мен  өрнектеу  тəсілі 
еңгізілді.  Күнделікті  тұрмыста  өндірістік  бұйымдар  пайда  болды.  Халық 
творчествосын шабыттандырып, кестелеудің əр түрлі əшекейлі əдістеріне көңіл 
аударыла бастады. Жасампаз халқымыздың архитектуралық сəндік, күнделікті 
тұтынатын  жасау  жиһаздары  мен  алуан  түрлі  əшекейлі  бұйым  нақыштарына 
қарай  отырып,  халық  шеберлерінің  ою,  өрнек  өнерін  өмір  мүддесіне,  тұрмыс 
қажетіне,  асқан  зейінділік,  сезімтал  творчестволық  тəсілмен  тамаша 
пайдаланғанына көзіміз жетеді. Қазақ халқының талай ғасырлық ұзақ, тарихына 
бойласақ,  ел  іші  он  саусағынан  өнері  тамған  өнерпаз  саңлақтарға  кенде 
болағанын  көреміз.  Олар  жасаған  өнер  туындылары  айналадағы  табиғат 
құбылысы, күнделікті кəсібіне, қоғамдық құрылысына қарай не замандар бойы 
ұрпақтан-ұрпаққа  
Қазақта «ағаш көркі – жапырақ, адам көркі – шүберек» деп киімді айтатын 
болса,  киімнің  жарасты  да,  келуіне  киім  əшекейлерінің  атқарар  ролі  жоғары 
болған.  Ер  адам  киімінің  негізгі  əшекейі  –  белдік  болып  табылады.  Киімді 
буынуға  арнауының  сыртында  белдіктің  ырымдық,  салттық  қырларына 
байланысты,  киім  əшекейінің  бұл  түрі  де  сақ,  ғұн,  түрік  замандарындағыдай 
күмістеліп,  тас  орнатылып  сəнделеді.  Белдіктің  қазақ  арасында  «кісе», 
«деумент»,  «күміс  белдік»,  «келер  белдік»  деген  т.б.  түрлері  кең  тараған. 
Белдбеу  (бел+бау+бағ  –  көне  түрікше  байлау  деген  сөзден  туындаған)  деп 
негізінен  ұзын  матадан  жасалған  белді  таңып  байлайтын  киімнің  құрамдас 
бөлігін  атайды.  Кісе  белдікке  дəндəку,  пышақ  қылымен  жəне  керек-жарақтар 
іліп  тағып  жүретін  болған.  Хан-сұлтандар  жалпақ  келген  тас  мүсіндердей 
бейнеленген  кескіндерінен  қалған  тас  мүсіндерде  бейнеленген  кескіндерден 
көре аламыз. Көне түркілерде əйелдер белдік тақпаса, қыпшақ дəуірінен бастап 

 
122 
əйелдер де белдік тағатын болған. Осы тұрғыда ер адамда белдікті күш-қуаты 
меңзейтін  символикалық  мəнінің  астарын  байқауға  болады.  Ілкіде  қару  – 
жарақтың  адам  мəртебесін  айқындайтынына  байланысты  қарусыз  адам  топ-
жиынға  қатыстырылмайтын  болған  болса,  осы  ретте  қамшы  да  ер  адамның 
жанынан  тастамайтын  негізгі  құралының  бірі  болған.  Қамшы  да  ерекше 
сəнделетін-ді,  өйткені  ол  иесін  пəле-жаладан  сақтап,  қорғайды.  Ал  қазақтың 
ұлттық  киімінде  киім  өңірін  ұстап  тұратын  тікелей  өз  қызметінен  гөрі 
күмістеліп,  тас  қондырылып  жасалған  сəндік  мақсаты  көбірек,  үлкенді-кішілі 
түйме  де  негізгі  атрибут  болып  келеді.  Белдік  -  əйелдердің  барқыттан 
əшекейленген  Қашар  белбеуі.  Қазақ  əйелдерінің  өңір  əшекейлері  алуан  түрлі. 
Батыс  Қазақстанның  ұзатылатын  қыздарына  арналған  əшекей  бұйымдарының 
жиынтығы 
өзінің 
ерекше 
салтанаттылығы 
жəне 
салиқалылығымен 
ерекшеленеді. Кеудеге тағатын əшекейлердің басты құрамдас бөлігі - өңіржиек. 
Өзара бір-біріне шашбау етіп үзбелеп бекітілген əлденеше үленді-кішілі өрнекті 
шытыралармен  безендірілетін  бұл  бұйым  кейде  салсыз  салпыншақтарымен 
күрделене  түседі.  Күміс  шытыралар  оюлармен,  бүршіктермен  зерленіп,  асыл 
тастар  қондырылады.  Аса  көп  еңбек  пен  шеберлікті  талап  ететін  бүршікті 
зерлеу  тəсілі  ХІХ-ғасырдың  соңында  кең  тараған  қалыптау  əдісімен  жиі 
ауыстырылады.  Басқа  өңір  əшекейлері  алқа,  түйреуіштер,  салпыншақтар, 
бойтұмарлары Батыс Қазақстанның əшекейлерінің кешеніндей басқа бұйымдар 
сияқты,  осы  тəсілдермен  жасалады,  оларда  даралық  мəнер  сирек  кездеседі. 
Қазақ  əйелдерінің  киім  үлгілерінде  киімді  сан  алуан  өрнекті  шытыралармен 
бедерлеу  арқылы  көрінетін  көптеген  мəдениеттерге  тəн  ежелгі  дəстүр 
басқалардан гөрі мол сақталған. Яғни, шытыралармен əшекейленіп камзолдар, 
бешпеттер  жəне  шапандар  сияқты  киімдердің  екі  өңіріне  қапсырма  – 
бастырмалар  немесе  ілгектер  тағылған.  Аса  салтанатты  жағдайда  тағылатын 
əйел белдіктері ерлердікі сияқты көлемді емес. Көп жағдайда олар бстырманы 
шытырамен  бекітілетін  кездеме  мата  түрінде  қолданады.  Бұл  салтанат 
білезіктермен, сақиналалармен жəне сырғалармен олықтаралады. Ол бұйымдар 
б.з.б.  ІІІ  ғасырда  Қазақстан  аумағында  белгілі  болған  полихрамдық  дəстүрді 
жалғастырған  біртектес  мəнерде  жасалған.  Бірақ  ХҮІІІ  ғасыр  шеберлерінің 
қолданатын  басты  шикізаты  күміс  болды.  Қазақтар  күмстің  қарығыңқы  реңін 
алтын  реңмен  тең  көрген.  Көпшілік  əшекейлердің  ақшыл  сұрғылт  өңі 
қазақтардың ұлттық киімдерінің түсіне үйлесіп келіп отырады. Салмақты жəне 
көлемді бұйымдарды Батыс Қазақстандық шеберлер құйып жасамаған, оларды 
қапталған  күмістен  соққан.  Оның  бетіне  қалыпты  өрнектер  мен  бедерлерді 
зерлеу  жеңіл  болған.  Əшекейлердің  тегістеу  бетіне  бедерлер  шекіліп,  ол 
бұйымның  жоғары  бөлігіне  алдын  ала  шекіліп  дайындалған  пластинкалар 
бекітілген.  Зерлеу  мен  бүршіктеу  сияқты  əшекейлеудің  күрделі  техникасы 
қалтқысыз меңгерген Батыс Қазақстандық зергер-шеберлер сірə, Қазақстандағы 
жеке дара құбылыс болса керек. Бұл əдістермен, əдетте, көркемдік тұрғыдан аса 
бағалы  жəне  қымбат  əшекейлер  дайындалған.  Ақық  (сердолик)  –  қазақ 
зергерлерінің  сүйікті  тасы.  Ақық  сөзінің  өзі  қазақтарда  əрдайым  сақтаушы 
түсінігін  берген.  Лағылдан  кейінгі  кең  қолданылатын  тастар  –  маржан  мен 
көгілдір  ақық.  Егер  жалтыратылған  ақақ  тасы  құнды  əшекейлердің  дəл 

 
123 
ортасына  орнатылса,  ол  ұсақ  моншақтар  көгілдір  ақықтан  жəне  маржаннан 
əшекейленген  көп  жағдайда  сəндік  əшекейлер  киімнің  негізгі  композициялық 
түйіндерін  ашып,  қосалқы  өң  береді.  Адамды  залалды  əсерлерден  қорғайтын 
сиқырлы күші бар материалдар ғана ардақталып қойған жоқ. Пішіні мен өрнек 
əшекейлері жануарлар текті болып келетін кейбір бұйымдар да киелі саналған. 
Көне  наным-сенімнің  сарқыншағы  болып  табылатын  бойтұмарлар  мен  басқа 
бұйымдар  -  салтанат  киімдерінің  біртұтас  кешенінің  эстетикалық,  тұрмыстық 
жəне  қорғаушылық  қызметіне  ие  құрамдас  бөлігі.  Қазақ  шеберлері  зергерлік 
бұйымдарды  жасаудың  сан  алуан  техникалық  тəсілдерін  жетік  меңгерген. 
Қазақстанның  оңтүстігі  мен  солтүстік-шығысындағы  киім  үлгілері  мен 
əшекейлерінде кейбір өзіндік ерекшеліктер кездеседі. Қыздардың бас киімдері 
тақия мен бөрік - əр түрлі сəнді жапсырма маталармен інжу, маржанмен, күміс 
шытыралармен, тана мен төбесін шоқ үкі қауырсынымен əшекейлейтін болған. 
Оларды  бұйымға  қосып  өрілетін  маржан  мен  шытыра  шашбаулар  тағылған 
күміс шытыра шолпылар ажарландыра түседі. Оңтүстікте көршілерінің, əсеріне 
байланысты бұйымның ұшына таралған қара жібектен металл араласқан шашақ 
тағу  дəстүрі  болған.  Оңтүстік  Қазақстан  сəукелесі,  негізінен,  Батыс  жəне 
Солтүстік-Шығыс Қазақстан сəукелелеріне ұқсас. Тек қана кейде оның етегіне 
маржан  моншақтардан  торша  тігіледі.  Жетісу  сəукелесінің  екі  жағына 
қатарластыра  маржан  тігілген  желек  бар.  Бұл  сəн-салтанатты  бас  киімнің  екі 
жағын  жаңбарға  ұқсас  күміс  бұршақтай  бетмоншақ  толықтырып  жүр.  Көз 
тартатын  бұл  дара  нұсқа  коллекцияның  көркі  десе  болғандай.  Оңтүстік 
Қазақстанның  дəстүрлі  өңір  əшекейлерінде  кестелі  əшекейлер  өте  мол. 
Қыздардың  мойын  əшекейі  тамақша  –  мата  өрнекті  кестелермен, 
шытыралармен сəнделген матадан тігіледі. Камзолдың жəне көйлектердің белі 
мен  жағасы  маржан  теңгелер  қадалған  тізбемен  жəне  күміс  шытыралармен 
безендіріледі. 
 
 
Əдебиеттер 
1.
 
А.Маргулан.  Декоративно-прикладное  искусство  Казахстана.  Том.  1-2, 
Алматы, 1986 
2.
 
Сейт Кенжеахметұлы. Қазақтың мəдени салт дəстүрі, Алматы, 2006 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
124 
Рамазанова
 Динара 
Бей-21, ЕҰУ 
Ғылыми жетекші: п.ғ.д., С.H.Аманжолов 
 
Каталог: repository -> repository2014
repository2014 -> Қазақ топонимдерінің этнолингвистикалық ЖҼ не танымдық ТҦ РҒыдан к
repository2014 -> Г.Ә. Мұратова Астана қ., Қазақстан Ғалым а. Сейдімбек зерттеулері – этнолингвистиканың
repository2014 -> Сборник материалов VIІІ международной научной конференции студентов и молодых ученых «Наука и образование 2013»
repository2014 -> ҚАйымның МҰрасы қалай жинақталды?
repository2014 -> Абай және көркем аударма мәселесі Г. Ж.Қасымова
repository2014 -> Заңғар Абайдың зиялы зерттеушісі А. Ж. Шәріп
repository2014 -> Ежелгі түркі – моңҒол мифтеріндегі рәміздік бейнелер шамахай С. Астана қ., Қазақстан
repository2014 -> «ҚОҒам қайраткері марат оспановтың саяси келбетін зерттеудегі кейбір аспектілер»
repository2014 -> Қазіргі отбасының психологиялық МӘселелері жорабекова Д. А. ғылыми жетекшісі пс.ғ. к. Айтышева А. М


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет