Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі


БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІН ОҚЫТУДАҒЫ ЕСКЕРЕТІН КЕЙБІР МƏСЕЛЕЛЕР



жүктеу 1.31 Mb.
Pdf просмотр
бет14/14
Дата24.12.2016
өлшемі1.31 Mb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІН ОҚЫТУДАҒЫ ЕСКЕРЕТІН КЕЙБІР МƏСЕЛЕЛЕР 
 
Бейнелеу  өнері  –  бұл  адамның  əлемді,  өмірді  қабылдау  əрекеті  мен  оны 
өзінше   мазмұндауы, түсіндіруі, көркемдеуі. 
Адамның өмірге деген көзқарасы, түсінігі жəне қоршаған ортаны қабылдау 
қабілеті əр түрлі болғасын бейнелеу өнерінің туындылары да, оның мəні де əр 
түрлі болады.  
Бейнелеу өнерінің туындысы бұл – жеке даралық көзқарас, ол суретшінің 
ішкі  дүниесімен  қабілеттілігі  бойынша  айқындалады.  Менің  ойымша,  əрбір 
қарапайым  адам  бейнелеу  өнерін  өзіндік  жеке  даралық  қабілет  ретінде 
қабылдай алады. Себебі əрбір адам өзіне ғана тəн қабылдау ерекшелігіне ие. 
Қазіргі  адам  құндылығына  оның  жан-жақтылық  қасиеті  тəн.  Жан-
жақтылық бұл - адамның белгілі бір бағытта, заманның талабын ескере отырып 
жұмыс  жасау  əрекетіне,  сапалы,  табысты  жəне  өз  ісін  басқа  істермен 
байланыстыруға көмектесетін əрекетшілдік.  
Бейнелеу  өнерін  айқын  жақсы  түсіну,  яғни,  оның    рухани  қажеттілігін 
сезіну, көркемділігін көру, əрбір адамда бірден қалыптаспаған. Бірақ бейнелеу 
өнері  саласына  қызықпай  қарауға  да  болмайды.  Оған  деген  көзқарастың  өзі  - 
əдемілікке,  сұлулыққа  деген  құштарлықты  білдіреді.  Ал,  ғылыми  деректерге 
сүйенсек əрбір адам сұлулыққа жетуге ұмтылады.  
Бейнелеу  өнері  таланттылықты,  шығармашылықты,  сезімталдылықты, 
нəзіктілікті,  жаңашылдылықты  аса  қажет  ететін  сала  болып  саналады. 
Сондықтан да бейнелеу өнерімен айналысу үшін, адам жан-жақты болуы керек. 
Бейнелеу  өнері  мысалы:  сəулет,  пластикалық  анатомия  жəне  тағы  да  өнерге  
қажетті    пəндермен  байланыста  болады.  Бұл  жағдайда  студенттің  жан-
жақтылық қасиеті аса маңызды рөл атқарады. Қандай салада еңбек етсек те, өз 
ісімізді  сапалы,  ұтымды,  əдемі  ұйымдастыра  алуымыз  қажет  жəне  əрбіреуіміз 
соған  бар  жағдай  жасауға  талпынуымыз  керек.    Сонда  ғана  біз  өз 
мамандығымызды жоғары деңгейде меңгерген, қазіргі  талап бойынша бəсекеге 
қабілетті маман ретінде саналамыз.  
Қазіргі  бейнелеу  өнері  жəне  сызу  мамандығын  қалап,  шығармашылық 
жолға  түскен    студенттердің  көбіне  өз  шеберлігін  дамытуға,  қалыптастыруға 
кедергі болатын бірнеше жағдайлар бар, олар: 
-
 
қосымша (сурет мектебіне, өнер мектебіне қатыспауы) дайындықтың 
болмауы; 
-
 
өз ісіне, кəсібіне деген сенімділіктің төмендігі; 
-
 
шығармашылық білімнің аздығы; 
-
 
суретке деген қызыуғышылықтың төмендігі; 
-
 
ізденіс, талпыныс, белсенділіктің төмендігі; 
-
 
идея бостандығының тарлығы; 
-
 
шығармашылық тəуелсіздікке ұмтылыстың төмендігі. 

 
125 
Біздің ойымызша,  шығармашылық жолға түскен студент өз ісіне, біліміне 
сенімділікпен  қарай  ала  білу  керек.  Сапалы,  ұтымды  əрі  пайдалы  іс-
əрекетшілділікке  ұмтыла  білуі  керек.  Адамзатқа  рухани  азық  беретін,  қоғамға 
қажетті  бейнелеу  өнері  мамандығының  маңыздылығын  түсініп,  тəуелсіз 
еліміздің көркеюіне өз үлесін қосуға еңбек ету əрбір қазақ азаматының борышы 
екенін есімізден шығармағанымыз абзал. Ол үшін болашақ талапкерлер өздері 
өз  қабілеттерін,  білімін,  бағытын  өзі  таңдай  алғаны  дұрыс.  Болашақта  12 
жылдық  білім  беру  жүйесі  осы  біз  көтеріп  отырған  мəселені  толық  шешетін 
болады.  Бейімдеу  11-12  сыныптарда  оқушылармен  пікір  алмасып,  сурет 
салудағы  деңгейлерін  анықтап,  арнайы  дəріс,  бағдар  беру  сабақтарын  көбірек 
енгізу  керек.  Ол  сабақтар  пікір  алмасу,  дəріс,  практика  түрінде  өтуі  мүмкін. 
Олардың  мазмұны  –  бейнелеу  өнерінің  шеберлігіне,  оған  тиісті 
технологияларға, 
қазіргі 
жаңа 
оқытудың 
əдістемелеріне, 
олардың 
жетістіктеріне,  техникасына  талдау  жасау  арқылы  яғни    кəсібіңді  меңгеруге 
қосымша  стимул  алу.  Мұндай  эксперименталдық  сабақтар  болашақ  өнер 
мамандығына  түсетін  талапкерлердің  қызығушылығын,  құштарлығын 
арттырып,  идея  бағыттарына  бағдар  бере  алады.  Бұл  жоғары  оқу  оырдарына 
оқуға  түсетін  студенттердің  сапалы  білім  алып  шығуына,  бəсекеге  қабілетті 
жоғары деңгейдегі маман болатынына бірден бір ықпал жасайтын əдіс. 
 
Əдебиеттер: 
1.
Крутецкий В.А. Основы педагогической психологии. – М; «Просвещение», 1972. – 253 с 
2. Кузин В.С. Психология.»Агар», 1997, - 304 с. 
 
 
 
 
С*йіндікова
 П.А. 
Бейнелеу  нері магистрі 
$азіргі заман  нер м ражайы 
Ғылыми  ызметкер 
 
БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ САБАҒЫНДА 1-2 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ 
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ЗЕРТТЕУ ЖОЛДАРЫ 
        
Жалпы  білім  беру  мектебінде  бастауыш  сыныптан  бастау  алатын 
оқушылардың  бейнелеу  өнері  сабағында  игеретін  білімдерін,  шығармашылық 
қабілеттерін    жан-жақты  зерттеу      қажет.  Себебі  бейнелеу  өнері  сабағында 
оқушылардың тек шығармашылық қабілеттері ғана емес; сонымен қатар ойлау; 
елестету;  есте  сақтау;  сезіну;  қиялдау;  көре  білу  деңгейлері  қоса  дамиды. 
Сондықтан  да  оқушыларды  жоғары  дəрежеде  дамыту  үшін  –  ұстаз;  уақытты 
үнемді  пайдалана  білу  керек.  Ол  үшін  алдын  -  ала  əр  сабаққа  жоспар  дұрыс 
құрылуы қажет.  
Оқушылардың  шығармашылық  қабілетін  зерттегенде,  оған    тікелей 
қоршаған  орта  жəне  əлеуметтік  жағдай  əсер  етеді.  Кез-келген  пəн  мұғалімі 

 
126 
сабақ түсіндіргенде;  тақырып бойынша барлық оқушыға бірдей ақпарат береді, 
бірақ əр оқушы өзінше қабылдайды. Сыныпта отырған əр баланың психикалық  
көңіл-күйі  бір  қалыпта  болуы  мүмкін  емес.  Сондықтан  да  мұғалімге  түсетін 
салмақ,  сабақта  қанша  оқушы  бола  тұра,    олардың  қызығушылығын,    бар 
ынталарын  бір  арнаға  шоғырландырып,  мидағы  басқа  ойларды  ыдыратып 
жіберуде.  Əрине  бұл  айтуға  ғана  оңай,  дегенмен  өз  маман  иесі  жұмысына 
мығым болса, оқушылар соғұрлым білімге, өнерге жақын болады.  
Бейнелеу  өнері  сабағында  қатып  қалған  қағида  жоқ,  оқушы  өзін  еркін 
сезіне алады деп айтамыз. Бірақ  осы  жерде қате түсінік қалыптасқан, бейнелеу 
өнері  сабағында    еркін  тақырыпта  ойына  келгенін  салуға  болады  деген.  Бұл 
пікірді жою үшін ұстаз - теорияға сүйеніп, бейнелеу өнері тарихынан қысқаша 
құнды  мағлұматтарды  жеткізу  қажет.  Бұл  орайда  теория  мен  практиканы 
сабақтастырған дұрыс.  
Басқа  пəндерге  қарағанда  бейнелеу  өнері  пəні  оқушыны  жан-жақты 
зерттеуге  мүмкіндігі  мол.  Мысалы,  əр  пəн  өзіндік  бағытын  -  математикада 
ойлау  қабілетін,  қазақ  тілінде  оқу  жəне  жазу  мəнерін,  денешынықтыруда 
жылдамдығын  қадағаласа,  оқушылардың  тек  салған  сурет  дəптерлеріне  қарап 
оқушылардың 
ойлау 
дəрежесін, 
байқампаздығын, 
шыдамдылығын, 
ұқыптылығын, шапшаңдылығын, сезімталдығын шығармашылық қабілеттеріне 
қарай зерттеу жолдары арқылы анықтауға болады. 
Шығармашылық қабілеттерді зерттеу жолдарында, əр оқушының  
жұмысын  деңгейлер  арқылы  анықтауға  болады.  Төменде  көрсетілген  кестеде 
Астана  қаласы  №  45мектеп,  2-сынып  оқушыларымен  жүргізілген  «Мақта  қыз 
бен  мысық»  ертегісіне  салған  иллюстрация  шығармашылықтарындағы 
композициялық шешім ерекшеліктерін тексеруге арналған арнайы деңгей 
 
 
 
 
 
р/
с 
 
№ 45мектеп, 2-
сынып 
«Мақта қыз бен 
мысық » 
Ертегісіне 
иллюстрация 
Деңгей 
ОҚУШЫЛАРДЫҢ АТЫ - ЖӨНІ 
Ж
ан
са
я 
  
Б
ер
ік
  
С
ұл
та
н 
 
Ж
əн
іб
ек
  
За
ри
на
  
Г
ау
өа
р 
 
А
на
рг
үл
 
Н
ұр
ж
ан
  
А
қн
ұр
  
Н
ұр
бо
л 
  
Е
лд
ос
  
А
яг
өз
  
 
О
ра
лх
ан
  
Т
ал
ш
ы
н 
 
А
қе
рк
е 
Г
үл
ім
  
 
КОМПОЗИЦИЯЛ
ЫҚ ШЕШІМ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

1-фризді 
+
  +  +  +  +  +  +  +  +  +  +  +  +  +  +   


2-фризді 
_  _  _  +   

+  _  _  _  +  +  +  +  +  +  + 

Жоғарыдан  
қарау нүктесі 
+  _  _  _  _  +  _  _  +  _  _  _  _  _  _  _ 

Перспектива 
эл. 
қолдану 
+  _  _  _  _  _  _  _  +  +  _  _  +  _  +  + 

 
127 

1денің  2-ші  денені 
көлегейлеу 
_  +  _  _  +  _  _  _  _  _  +  _  _  _  _  _ 

Симметрия 
+  +  _  +  +  +  _  _  _  +  +  +  +  _  _  + 

Ассиметрия 
+  +  +  +  +  +  +  +  _  +  +  +  +  +  +  + 

Комп. 
шығар. 
түпкі ойды шешу 
+  +  +  +  +  +  +  +  +  +  +  +  +  +  +  + 

Қозғалыс көрсету  +  +  _

_  +  +  +  +  +  +  _  +  +  +  +  + 
10  Композициялық 
ерекше шешім 
_  _  _  _  +  _  _  _  _  +  _  _  +  _  +  _ 
11  Стереотиптік 
шешім 
_  _  _  +  _  +  _  +  _  +  +  +  _  _  _  _ 
12  Мағына 
байланысы 
+  +  +  +  +  +  +  +  +  +  +  +  +  +  _  + 
13  Кейіпкер 
дəл 
бейнелеуі 
+  +  +  +  +  +  +  +  +  +  +  +  +  +  +  + 
14  Көп эпизод шешім  _  +  _  _  _  +  _  _  _  +  _  _  +  +  +  _ 
15  Ұлттық 
ерекше 
шешім 
_  +  _  _  +  _

+  _  +  _   
_  +  +  _  _ 
16  Тақырыпқа 
қатысы 
жоқ 
шешім 
_  _  _  _  _  _  _  _  _  _  _  _  _  _  _  _ 
17  Комп.орталық 
өлшем көр 
+  _  _  _  +  _  _  _  _  +  _  _  _  +  _  + 
 
ТҮСТЕР 
ЕРЕКШЕЛІГІ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
18  Тон арқылы 
_  _  _  _  +  _  +  _  _  +  _  _  _  +  +  _ 
19  Түс арқылы 
+  +  _  _  +  _  _  _  _  +  _  _  _  _  +  _ 
20  Қанық түстер 
+  +  _  _  _  _  +  _  _  +  _  +  +  +  _  + 
21  Таза бояу қолдану  +  +  +  +  +  +  +  +  +  +  +  _  +  _  +  + 
22  Ашық түстер 
_  _  +  +  +  +  _  +  +  +  +  _  +  _  +  + 
23  Күрделі 
бояу 
қолдану 
_  _  _  _  _  _  _  _  _  _  _  +  _  +  _  + 
24  Колорит сезіну 
+  _  +  _  +  +  +  +  +  +  _  _  +  +  +  + 
25   Жылы түс 
+  +  +  +  +  +  +  +  +  +  +  +  +  +  +  + 
26  Салқын түс  
+  _  _  +  _  _  +  _  _  +  _  +  +  +  _  + 
  
ҚОЛДАНҒАН 
ТЕХНИКА 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
27  Штрих 
сызық 
қолдану 
_  _  +  +  +  +  +  _  +  _  +  +  _  _  +  + 
28  Дымқыл  тех  ника 
қолдану 
+  +  _  _  _  _  +  +  +  _  _  _  +  +  _  + 
29  Құрғақ тех жазу 
_  _  +  +  +  +  +  +  _  +  +  _  _  _  +  _ 

 
128 
30  Бояу 
қолдануда 
детальдың 
аз 
болуы 
_  _  _  _  _  _  +  _  _  _  _  _  _  _  _  + 
31  Бояу  қолданғанда 
жоғалуы 
_   
_  _  _  _  +  _  _  _  _  _  _  +  _  + 
32  Бояу  кез-е  жаңа 
образ пайда болуы 
_  _  _  _  _  _  _  _  _  _  _  _  _  +  _  _ 
33  Сым  сияқты  иілу 
сызығын қолдану 
+  +  _  +  +  _  _  _  _  _  _  _  +  _  _  + 
     
Мысалы,  №  45  мектепте  2-сынып  оқушыларының  ертегіге  иллюстрация 
салған  жұмыстарын  зерттеу  жолдарында  айқын  байқалады.  «Мақта  қыз  бен 
мысық»  ертегісіне  иллюстрация  салған  жұмыстарының  композициялық 
шешімдерінде екі фризді, жұмысқа қарағанда бір фризді шешім басымырақ. Бір 
фриз дегеніміз - бір сызықтың бойында бейнелеуді білдіреді. 
Жұмыстардың  жалпы  барлығы  дерлік  мағыналы  байланыста  жақсы 
келтірілген. Бірақ оқушылардың ішінен перспектива элементін қолданғандары 
шамалы.  Ертегідегі  басты  кейіпкерге  көбінесе  мысық  бейнесін  алған.  Біраз 
шығармашылық жұмыстың композициялық шешімдерінде,  мысық шағын ғана 
жəне құйрығы шолақ қылып салынған. Бұл 6 -7 жас шамасындағы балалардың 
суреттерінде  кішкентай  бөлшектерді  көп  салатындығын  дəлелдейді.  Сонымен 
қатар  оқушылардың  ертегіні  қызығып,  мұқият  тыңдағандары  байқалады. 
Жұмыстардың ішіндегі ерекше шешімдер: 
Мысалы,  Оралханны*  композиция  шешіміндегі    ерекшелік,  артқы  фонда 
үйдің  ішкі  көрінісін  бейнелегенде,  сол  жақта  ұлттық  сандықтың  үстінде,  əр 
түрлі  түстегі  төр  көрпелер  жинақталып  салынған.  Алдыңғы  жоспарда  -  оң 
жақта  қатықты  төккен  шолақ    құйрықты  ызаланған  мысық  көрінісі 
бейнеленген.  Ал,  оң  жақтағы  мақта  қыз  екі  бүйірін  таянған  қалпында, 
мысықтың  кесіп  алған  құйрығын  ұстағаны  бейнеленген.  Жерде  сыпырғыш 
жатыр, жалпы сурет дəптерінде ашық жер қалдырылмай, күлгін түске боялған. 
Осы композициялық шешімде,  мақта қыз өзінің шартын айтып жатқаны анық 
байқалады.  
 
Г'лімні*  суретінде,  мұңайған  мысық  бейнесі  айқын  көрініп  тұр.  Бұл 
жұмыста    бір  сызық  бойында  екі  көрініс  суреттелген.  Талдың  шартын  естіген 
мысық  жəне  он  жақ  шетке  қарай  шелек  ұстаған  екі  қыз  бейнеленген.  Төменгі 
жақ жасыл түспен біркелкі боялған, оның үстіне қанық түспен боялған гүлдерді 
салған. 
 
Н рболды*  жұмысында,  оң  жақта  қоңыр  ұзын,    қара  мұртты  ашуланған 
мысық  қатықты  төгіп  жатыр,  ал  оң  жақ  шетте  тұрған  суырмаға  мақта  қыз 
қайшы  алуға  бара  жатыр,  бұл  əрекетте  қолды  алдыға  созған  қимылы  жəне 
суырма  жаққа  адымдаған  аяқ  алысы  көрініп  тұр.  Жұмыстың  орта  тұсында 
диван,  екі  жақ  шетінде  орналасқан  терезелерде  сары  перделер  ілінген,  айнала 
ақшыл көк түске боялған.  
 
А еркені*  композиция  шешімінде,  сурет  дəптерін  ерекше  көлденең  алған. 
Оң  жақ бөлігінде  көк  түспен боялған, үйдің  төменгі  жағында ойылған  тесікке 

 
129 
тышқан  қорқып,  кіріп  бара  жатқаны  бейнеленген.  Сол  жақтағы  мысықтың 
кейпі: «тез дəн алып шық» дегендей суреттелген.  
Қорыта  айтқанда,  əлемдік  білім  беру  жүйесі  ХХІ  ғасырда  жаңарып,  жаңа 
бағытта  дами  бастағаны  бəрімізге  белгілі.  Мұндай  зерттеу  барысында 
дайындалған  теориялық  қағидалар  мен  зерттеу  жұмысы  нəтижесінде  алынған 
мəліметтер келесідей қорытынды мен ұсыныстар жасауға мүмкіндік береді.           
Қазақстанда білім берудің өзіндік үлгісі қалыптасуда. Қазіргі жалпы білім 
беретін  мектептердегі  бастауыш  сыныптарда  тəрбие  мен  оқу  үрдісін 
жетілдіруде,  оқушылардың  бейнелеу  өнеріндегі  композиция  шешімдерінің 
ғылыми  –  психологиялық  жəне  педагогикалық  ерекшелігін  зерттеуге  назар 
аудару  орынды  да,  қажет.  Қазақ  халқын,  оның  мəдениетін  дүние  жүзі 
мойындауы  үшін  ұлтымыздың  тілін,  дінін,  салт-дəстүрін,  ұлттық  өнерін 
бағалай  білуіміз  керек.  Денсаулығы  мықты,  білім  деңгейі  жоғары  оқушыдан 
ғана болашақта білікті маман иесі шығады. 
 
Əдебиеттер 
1.Н.Н.Ростовцев. Методика преподавания изобразительного искусства в школе,   
М.:-Агар, -1997, 
2. С.А.Аманжолов. Бейнелеу өнерін оқыту технологиясы, Астана, ЕҰУ, 2006 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
130 
МАЗМҰНЫ 
 
 
Д. Қамзабекұлы            Мəдени мұра құндылығы; Міржақып Дулатұлы жəне ұлт 
                                          руханияты................................................................................................3-6 
 
А.Т.Бимендина              Астана қаласындағы тұңғыш эстетикалық 
                                          бағыттағы білім ошағының ерекшелігі..............................................7-10 
 
Қ.К. Болатбаев              Мəдени мұраның мамандық даярлаудағы маңызы........................10-14 
 
 
С.Ə. Аманжолов           Білім беру сапасын көтеруде арнайы ғылыми, оқу əдістемелік 
                                          зертхананың атқаратын рөлі .............................................................14-22 
 
З.Ш.Айдарова                Мектеп оқушыларына тəрбие  
    беруде мəдени құндылықтардың алатын орны................................22-29 
 
Ұ.Н.Арқабаева              12 жылдық мектептегі «Өнер» 
                                          білім беру саласында жобалау мəселесі..........................................30-34 
 
 
Нурабатыров Б.Б.       Организационно-педагогические условия развития профессиональной  
                                          компетентности будущих учителей изобразительного искусства  
                                          в процессе изучения специальных дисциплин...............................34-37 
 
Ə.С. Алдыбаева             Ақпараттық мəдениетті оқыту процесін оқушы  бойына  
                                          қалыптастыру ....................................................................................37-42 
 
Ж.Ш. Балкенов 
Ж.Ə. Кожиков               Студенттерді ұлттық мəдени мұрадағы өрнек өнерінің көркемдік 
                                          құндылықтарына баулуды қалыптастыру......................................43-49 
 
Аркабаева У.Н.             Проблемы проектирования образовательной 
                                          области «Искусство» в  12-летней школе.......................................50-53 
 
И.Ш. Ачилов                  Инновационные методы  преподавания  академического   
                                          рисунка  и рисунка  в  вузе,  колледже  и  в   
                                          художественной школе ……………………………………............53-58 
 
Мадиева А.Т.                 Бастауыш сынып мұғалімдерінің кəсіби 
                                          біліктілігінің оқушыларға сапалы білім берудегі рөлі .................58-62 
 
 
Горбунова Г.А.               Художественно-творческие способности 
                                          школьников в процессе обучения 
                                          средствами изобразительного искусства........................................62-66 
 
Т.К.Самуратова             Халық дəстүрлі өнері – ұлттық мəдени 
мұра....................................................................................................66-71                         
 
Байдельдинов А.Х.       Оқушыларды көркем еңбекке аулу..................................................71-75 

 
131 
                                                   
Абжапаров Қ.                Ұлттық қолөнерді бейнелеу 
                                          өнері сабағында оқытудың рекшеліктері........................................75-78 
 
Жүнісбек С.                   Тарихи ескерткіштердің  
                                         патриоттық тəрбие берудегі  маңызы...............................................78-80 
 
Жантілесова А.             5-6 сыныптарда батикті оқытудың əдістемесі................................80-89 
 
Якубова М.                    ЖОО-да өткізілетін пленэр 
                                         практикасының маңыздылығы ........................................................89-91 
 
Сымағұл Г.                     Қытай Халық Республикасында 
 
 
бейнелеу өнерін сабағын оқыту ерекшелігі ...................................91-93 
 
Адай А.                            Бейнелеу өнеріндегі суреттің маңызды рөлі..................................94-96 
 
Мухажанов Б.               Тарихи ескерткіштерді бейнелеу өнері сабағында  
                                         оқыту арқылы жастарға тəрбие беру................................................96-99 
 
Габбасова С.                   Творчество  И.Е. Репина................................................................99-101 
 
Кумарова А.Т.                Композиционная особенность 
     грамотного изображения 
     предметов с натуры по рисунку..................................................101-106 
 
Буянжарғал Е.               Ұлттық бейнелеу өнерінің ерекшелігі.........................................106-108 
 
Ахметжанов М.М.         Қазақ ою-өрнегі – халықтық мұра...............................................108-111 
 
Малғаздарова Л.И.        Қазақ халқының ою-өрнектерінің қолданылуы........................111-119 
 
Рамазанова Д.                 Бейнелеу өнерін оқытудағы ескеретін кейбір 
мəселелер.....................................................................................109-120 
 
Сүйіндікова П.А.            Бейнелеу өнері сабағында 1-2 сынып оқушыларының 
шығармашылық қабілетін зерттеу 
жолдары........................................................................................120-124 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
132 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ  ҒЫЛЫМ 
МИНИСТРЛІГІ 
Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 
АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ 
АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ КАДРЛАРДЫҢ 
БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ЖƏНЕ ҚАЙТА ДАЯРЛАУ ИНСТИТУТЫ 
 
 
 
МƏДЕНИ МҰРА ҰЛТТЫҚ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ – 
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КӨРКЕМ БІЛІМ БЕРУДІ ЖЕТІЛДІРУДІҢ НЕГІЗІ 
 
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ƏДІСТЕМЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ 
М А Т Е Р И А Л Д А Р Ы 
 
 
 
 
 
Басуға 26.08.2010 жылы қол қойылды. Пішімі 60х84/1 
Кітап–журнал қағазы. Көлемі 8,2 б.т. 
Таралымы 100 дана. Тапсырыс № 142 
 
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ РББ 
Астана қаласы, Мұңайтпасов көшесі, 13 
 
 
 
 
 

Каталог: repository -> repository2014
repository2014 -> Қазақ топонимдерінің этнолингвистикалық ЖҼ не танымдық ТҦ РҒыдан к
repository2014 -> Г.Ә. Мұратова Астана қ., Қазақстан Ғалым а. Сейдімбек зерттеулері – этнолингвистиканың
repository2014 -> Сборник материалов VIІІ международной научной конференции студентов и молодых ученых «Наука и образование 2013»
repository2014 -> ҚАйымның МҰрасы қалай жинақталды?
repository2014 -> Абай және көркем аударма мәселесі Г. Ж.Қасымова
repository2014 -> Заңғар Абайдың зиялы зерттеушісі А. Ж. Шәріп
repository2014 -> Ежелгі түркі – моңҒол мифтеріндегі рәміздік бейнелер шамахай С. Астана қ., Қазақстан
repository2014 -> «ҚОҒам қайраткері марат оспановтың саяси келбетін зерттеудегі кейбір аспектілер»
repository2014 -> Қазіргі отбасының психологиялық МӘселелері жорабекова Д. А. ғылыми жетекшісі пс.ғ. к. Айтышева А. М


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет