Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі


стратегиялық  жобасы-Қазақстандағы  көркем  білім  беруді  жетілдірудің



жүктеу 1.31 Mb.
Pdf просмотр
бет3/14
Дата24.12.2016
өлшемі1.31 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

стратегиялық  жобасы-Қазақстандағы  көркем  білім  беруді  жетілдірудің 
негізі»  атты  тақырыпта  Республикалық  ғылыми-əдістемелік  конференция 
өткіздік. 
Конференцияны  Л.Н.Гумилев  атындағы  Еуразия  ұлттық  университеті 
Бейнелеу  өнері  кафедрасының  меңгерушісі,  педагогика  ғылымдарының 
докторы,  профессор,  «Жас  суретші»  ғылыми,  оқу-əдістемелік  зертхананың 
меңгерушісі  С.Ə.Аманжолов  жəне  №61  орта  мектептің  директоры,  суретші-
ұстаз Ұ.Н.Арқабаева ұйымдастырды. 
Конференцияға  Астана  қаласының  Білім  басқармасының  бейнелеу    өнерін 
оқыту  əдістемесінің  əдіскері  Асаинова  Н,  Астана  қалалық  Білім  беру 
жүйесіндегі кадрлардың біліктілігін арттыру жəне қайта даярлау институтының 
жетекші  маманы  Дүйсенбинова  Б.С.,  Ы.Алтынсарин  атындағы  Қазақ  білім 
академиясының  жетекші  ғылыми  қызметкері,  педагогика  ғылымдарының 
кандидаты,  З.Ш.Айдарова,    Қазіргі  заман  мұражайының  қызметкері,  Бейнелеу 

 
21 
өнері жəне сызу магистрі П.Сүйіндікова, Технология жəне бизнес колледжінің 
оқытушысы  А.  Жантілесова,  Бейнелеу  өнері  кафедрасының    профессоры,  ҚР 
еңбегі  сіңген  білім  қызметкері,  ҚСРО  жəне  ҚР  Суретшілер  одағының  мүшесі 
И.Ш.Ачилов,  доцент,  п.ғ.к.  Т.К.Самұратова,  аға  оқытушылар  Г.А.Байтышев, 
Ш.І.Пірімбаев,  Астана  қаласының  №63  орта  мектебінің  бейнелеу  өнері,  сызу 
жəне технология сабақтарының мұғалімі А.Х.Байделдинов,  Астана қаласының 
№37  орта  мектебінің  бейнелеу  өнері,  сызу  жəне  технология  сабақтарының 
мұғалімі  Қ.Əбжаппаров,  №  61  орта  мектептің  мұғалімдері:  Е.К.Түсіпханов, 
М.М.Ахметжанов,  Л.И.Малгаджарова,  Л.Н.Гумилев  атындағы  Еуразия  ұлттық 
университеті  Бейнелеу  өнері  жəне  сызу  мамандығының  2  курс  магистранты 
Ұ.Мамбетова, 1 курс магистранттары  Амандық Т., Якубова М. жəне Бейнелеу 
өнері жəне сызу мамандығының 1 курс студенттері Габбасова С., Жумагереев 
А.,  О.Есентай,  2  курс  студенттері  К.Буянжорғал,  Д.Рамазанова,  Е.Жолдас, 
Самосеевич  М.,  А.Адай,  3  курс  студенттері:  С.,Əбілқайыр,  Мухажанов  Б., 
Г.Сымағұл, 4 курс студенттері: Жалын Буырхан, Ахметжанова А., Касимова К., 
жəне  6,8,10  сынып  оқушылары  қатысты.  Конференцияның  ерекшелігі  сол, 
бұнда  алғаш  рет  ғалымдар,  мектеп  ұстаздары,  магистранттар,  студенттер  мен 
мектеп оқушылары бір деңгейде қатысып, өз ойларын еркін жеткізе білді жəне 
Кеңес  одағынан  келе  жатырған  қалыптасып  қалған  əдет,  мінбеге  шығып 
ешкімге  қажетсіз  тақырыпта  баяндама  жасап,  жұрттың  ұйқысын  келтіретін 
дəстүр  өзгертілді.  Конференцияда  орта  мектептердің  ұстаздары  қолданып 
жүрген    авторлық  оқытудың  жаңа    технологиялары,  білім  сапасын  көтеруге 
байланысты  ғалымдардың пікірлері кеңінен  тыңдалды. Ғалымдар  қазіргі білім 
беру саласына қойылып отырған талаптарға байланысты мəселелердің ғылыми 
негіздеріне  тоқталса,  мектеп  ұстаздары  оқу  процесін  ұйымдастырудағы  жаңа 
бағыттары  мен  бейнелеу  өнері,  сызу,  технология  жəне  дизайн  мұғалімдерін 
дайындау қажеттігі туралы ойларын ортаға салды. Магистранттардың көтерген 
ойлары  негізінен  бейнелеу  өнерін  оқытудың  жаңа  педагогикалық 
технологияларына,  қазіргі  технология,  дизайн  сабақтарын  өткізуде  бейнелеу 
өнері  сабағының  мұғалімдеріне  қойылатын  талаптарға  байланысты  болды. 
Студенттер қазіргі мектепте өтілетін үздіксіз практикаларды ұйымдастырудың 
тиімді  жолдары  жайлы  сөз  көтерді.  Мектеп  оқушылары  болса,  жоғары 
сыныптарда  бейнелеу  өнерін  оқытуды  жалғастыру  қажет  екендігі  жайлы 
ойларымен бөлісті.    
Конференция 
соңында 
студенттер 
мен 
мектеп 
оқушыларының 
шығармашылық  көрмесі  ашылды,  «Жас  суретші»  ғылыми,  оқу-əдістемелік 
зертхананың жоспары жəне орындайтын жұмысымен жəне сол мектепте жұмыс 
істеп  жатырған кəсіби  суретші  Г.Телғозиеваның  жеке  шеберханасымен,  сурет, 
кескіндеме,  мүсін  үйірмелеріне  арналған  шеберханалармен    танысты. 
Конференцияда  көтерілген  мəселелер  бойынша  қаулы  қабылданды.  Қатысқан 
ғалымдар  мен  оқытушылар  бейнелеу  өнеріне  байланысты  осындай 
конференцияны дəстүрлі түрде өткізіп тұруға осы білім ордасын  ұсынды.   
      Орта  мектептегi  бейнелеу  өнерi  пəнiнiң  мұғалiмi,  əсіресе  ұлттық  мектептің 
мұғалімі өте жауапты жəне маңызды міндеттерді атқарушы. Пəн мұғалiмi сурет 
салуды  үйретумен  қатар,  халқымыздың ұлттық    шығармашылық  туындыларын 

 
22 
талдай  бiлудi,  сол  арқылы  балалардың  көркемдiк  талғамын,  ұлтжандылық 
сезімін  қалыптастырады.  Күндегi  өмiрде  ұлттық  өнеріміздің  қол  өнер 
туындыларын  қанша  тұрып  байқап  қарағанмен,  кейде  ересек  адамның  өзi,  сол 
тамашалап  тұрған  өнер  туындысының  мағанасын  өз  деңгейiнде  толық  түсiне 
алмайды.  Өнер  туындысын  түсінудің  маңыздылығы  неде  деген  сұрақ  тууы 
мүмкін.  Қазiргi  уақытта  батыс  өнеріне  деген  жастардың  қызығушылығы, 
бейнелеу  өнерiнiң неше  түрлi  бағыттарына  еліктеу  етек  алып отыр,  сондықтан 
өнер туындыларын дұрыс талдай бiле отырып оған баға беру, ол өмiр талабы.   
Дамыған 50 елдiң қатарындағы елдермен бiрге iргелi ел болуға, ұлт болып 
қалуымызға,  мемлекеттiк  тiлдi,  халқымыздың  тарихын,  мəдениетiн,  өнерiн 
бiлетiн, қазақтың жанын ұға алатын, елiнiң саясатынан хабардар өз саласының 
бəсекеге  төтеп  бере  алатын  нағыз  маманын  дайындау  қазiргi  елбасымыздың  
өнер,  білім  салаларына    қойып  отырған  негізгі  талабы.  Ендеше  осы  қойылып 
отырған міндеттерді шешуде балаларды өнермен сусындататын бейнелеу өнерi 
пəнi мұғалiмдерiнiң ғылыми, оқу-əдістемелік бiлiмі мен кəсiптiк деңгейлерi өте 
жоғары    болуы  басты  шарт.  Міне  осы  талаптарды  атқаруда  «Жас  суретші» 
зертханасы  айтарлықтай  өз  үлесін  қосады  деп  ойлаймын,  əрине  оған 
барлығымыз жұмылып қызмет істеуіміз қажет. 
 
Қолданылған əдебиеттер 
1.
 
С.Ə.Аманжолов. Бейнелеу өнерін оқыту əдістемесі. ЕҰУ, -2010. 320б. 
2.
 
Игнатьев Е.И. Психологияи зобразительной деятельности детей. М.-1961 
 
 
З
.Ш. Айдарова 
Ы. Алтынсарин атындағы )БА 
жетекші ғылыми  ызметкері, педагогика ғылымдарыны* кандидаты 
 
МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА  ТƏРБИЕ БЕРУДЕ МƏДЕНИ 
 ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ 
 
Қазақстан  Республикасының  жалпы  бiлiм  беретiн  мектептерi  тұжырым-
дамасында:  «Жалпы  бiлiм  беретiн  мектептiң  мақсаты  –  жас  ұрпақты  ұлттық 
игiлiктер  мен  адамзат  мəдени  мұрасының  сабақтастығын  сақтай  отырып, 
тəрбиелеу  жəне  əрбiр  шəкiрттi  тұлға  деп  санау,  оның  жан-жақты  дамуына 
мүмкiншiлiк жасау» – деп көрсеткен.  
Қазақстандық  бiлiм  берудiң  ұлттық  моделi  əлемдiк  бiлiм  беру  кеңiстiгiне 
ықпалдастырылған  жəне  жеке  тұлға  мен  қоғамның  қажеттiлiктерiн 
қанағаттандыруға  бағытталған,  көп  деңгейлi  əрi  үздiксiз  бiлiм  беру 
сипаттарымен  ерекшеленбек.  Қазақ  халқының  мəдениетi  мен  өнерi,  қазақ 
жерiнде  тұратын  өзге  халықтар  өнерi  мен  мəдениетiнiң  бiрлiгi  ұлттық  өзiндiк 
сананың  дұрыс  қалыптасуының  маңызды  факторы  болып  табылады.  Сонымен 
қатар,  ол  өзiне  ең  жақсысын,  əлемдiк  көркем  мəдениеттiң  озығын,  өскелең 
ұрпақтың  оқуы  мен  тəрбиесiндегi  əлемдiк  тəжiрибесiндегi  оң  жетiстiктерiн 
өзiне алуы тиiс. 

 
23 
Білім  жəне    мəдениет  мəселелері  бойынша  Біріккен  Ұлттар  Ұйымы 
(БМБҰҰ)  шешiмi  бойынша  «Бiлiм  беру,  ең  алдымен  сананы  дамытудың 
факторы  болуы  қажет  деп  көрсетiлген.  Адам  өмiрiне  қажеттi  мақсатты 
құрастыратын  моральдық,  рухани,  эстетикалық  байлықтар  ең  алдымен 
ескерілуі  тиiс.  Осы  байлықтардың  iшiнде  адамның  абыройы,  жақынына 
сүйiспеншiлiгi,  табиғатпен  үйлесiмдiлiгi  əрбiр  жаңа  дəуiрде  дамып,  жаңаруы 
жəне iске асырылуы қажет»,– деп көрсетiлген. Сондықтан көзделген мақсатты 
iске  асыруда  гуманитарлық  бiлiм  маңызды  роль  атқарады.  Мектептегi  бiлiм 
беру  үрдiсiн  гуманизациялауға  байланысты  ғалым  М.Ж. Жадрина  былай  деп 
жазады: «Қазiргi заманның басты мəселесi адамдық тұлғаны сақтап қалу болып 
табылады.  Қоғамдағы  өнегелiлiк  тəрбиенiң  былыққа  батуы,  тұлғаның 
мəдениеттен, 
бiлiмнен 
жат 
болып 
кетуi 
ақыл-парасаттың 
жəне 
жалпыадамзаттық  қызығушылығынан  пайда  табу  жолының  биiк  тұруы,  адам 
үстiнен  жəне  оның  рухани  құндылықтарынан  техниканың  үстемдiк  етуi,  бiлiм 
беру  аймағының  адамға  оның  тұлға  ретiнде  туылуына  əсер  етуiн  төмендеттi. 
Бұл  тығырықтан  шығудың  жолы,  бiлiм  берудiң  ғылыми,  технократтық 
моделiнен,  мəдени модельге  бағытталып, бiлiм  беру  үрдiсiн гуманизациялауға 
яғни iзгiлендiруге ерекше көңiл бөлу қажет».  
Ұлттық  мəдениетiмiздi  танып  бiлуге,  оны  бағалауға  Ш. Уəлиханов, 
Ы. Алтынсарин,  А. Құнанбаев,  А. Байтұрсынов,  Ж. Аймауытов,  М. Жұмабаев 
пiкiрлерi  тұжырымдамалық  негiз  болып  табылады.  Ал  М.О. Əуезов, 
Е.Б. Бекмаханов, М. Ғабдуллин, С.А. Қасқабасов, Ə. Марғұлан, Б.Р. Қазыханова, 
Б. Байжiгiтов,  Н. Сəрсенбаев  жəне  т.б.  зерттеушi  ғалымдар  еңбектерiнде  бұл 
мəселелер одан əрi дамытылды. 
Ерте  кезде  қол  өнер  кəсiпшiлiгiнде  шеберлiк  өнерi  шеберден  оқушыға, 
көбiнесе  күнделiктi  тiршiлiктегi  iс-əрекеттер  арқылы  əкеден  балаға  тiкелей 
ауысып  отырған.  Ендiгi  жерде  керiсiнше  –  адамға  жаңа  өндiрiс  сипатына  тез 
бағытталып,  жаңа  бiлiктiлiктер  мен  дағдыларды  жылдам  үйренiп,  əрдайым 
жаңа  технологияны  меңгерiп,  жаңа  ақпараттық  заман  көшiне  iлесу  қажет. 
Сондықтан  адамның  «көзi,  миы,  қолы»  бiргелiкте,  мiндеттi  түрде  қозғалыста 
жəне үйлесiмдi түрде дамуы қажет. Оқушының қандай кəсiптi меңгеруi алдын-
ала  мəлiм  емес,  бiрақ  оны  ерте  кезден  яғни  мектепке  дейiнгi  жастан  бастап 
шығармашылық  əрекеттерге  дайындау  қажет,  өйтпеген  жағдайда  көру  мен 
саусақтар  қимылының  даму  қабiлетi  төмендейдi,  ол  қанша  жерден  зерделi  де 
ынталы  болғанымен  бəрi  бiр  кез-келген  iсте  өз  мүмкiндiгiн  толық  игере 
алмайды.  
Ежелден  бастап-ақ,  адамдар  жасалған  бұйымдарды  өздерiнiң  күнделiктi 
қажеттiлiктерiн  қанағаттандыру  үшiн  ғана  емес,  сұлулық  заңына  сай 
шығармашылықпен  айналысуды  мақсат  етiп  қойған.  Сəндiк  қолданбалы 
өнердiң  тағы  бiр  саласы  адамның  өзiн  тiкелей  безендiрумен,  яғни  киiм-кешек 
үлгiлерiн  көркемдiкпен  орындау  жəне  зергерлiк  бұйымдар  жасаумен 
байланысты.  Сəндiк  бейненi  бiлдiрудiң  мəнi  бiр  ғана  нəрсенi  көрсету  емес, 
халық  өнерiндегiдей  –  батырлар,  аруларға  тəн  жəне  жалпы  түр-тұқым 
белгiлерiн,  туыстық,  рулық  таңбалардың  мағынасын  ажыратып,  ашады. 
Көркемдiк  талғамның  жетiлуiне,  əсемдiктi  түсiнiп,  қабылдауға  жəне  оны  өз 

 
24 
қолымен жасай бiлуге үреткен тəлiмдiк тағылымдар адамзат тарихының барлық 
кезеңiнде маңызды мəнге ие болып келген. 
Кешегi  кеңес  заманындағы бейнелеу  өнерiнiң даму  бағыты  мен  мазмұны, 
сыртқы  формасы,  жеткен  деңгейi  коммунистiк  идеология  тұрғысынан 
анықталып  келдi.  Адамды  идеологияның  құлы  еткен  социалистiк  қоғамда 
саясат  үшiн  жасалынған  əртүрлi  үлкен  көлемдегi  көрiктемелер  (картиналар) 
мен  мүсiндер  мұражайлардан  көрме  залдарынан  ғана  орын  алып,  халықтың 
тұрмыстағы қолдануынан шығып кеттi. Бұл адамдардың бейнелеу өнерiн түсiну 
қабiлетiнiң  өсуiн  тоқтатып,  көркемдiк  талғамы  мен  эстетикалық  лəззат  алу 
мүмкiндiгiн  төмендеттi.  Ендiгi  жерде  Елiмiздiң  тəуелсiз  жағдайында 
мəдениеттану саласы жаңа бағыт алуда. 
Республика  көлемiнде  мəдениет,  этномəдениет  жəне  ұлттық  мəдениет 
тұрғысында  зерттелiп  отырған  проблема  əлi  де  болса  педагогика  ғылымында 
қажеттi  деңгейде  көрiнiс  тапқан  жоқ.  Бұл  мəселе  төңiрегiнде  ғалым 
зерттеушілердің  А. Сейдiмбек,  С.Қ. Қалиев,  Қ. Жарықбаев,  М.Х. Балтабаев, 
С.А. Ұзақбаева, С. Қазыбаевалардың ғылыми еңбектерiнде айтылған.  
Көшпелілер  мəдениетiнiң  ерекшелiктерi  жайында  А.Х. Марғұлан  былай 
деп жазады: «Мəдени дамудың хронологиялық бiрiздiлiгi ғимараттық құрылыс 
типтерi мен мəдениетiндегi бiр-бiрiнен айырмашылығы бар əртүрлi уақыттағы 
ескерткiштерде дəлелдендi. Мəдени дамудың бiрiздiлiгi андронов мəдениетiнiң 
ескерткiштерiнде,  мысалы,  Орталық  жəне  Солтүстiк-Шығыс  Қазақстанның 
барлық  территорияларында  кездесетiн  ертедегi  жəне  кейiнгi  андрондарда  өте 
айқын  көрiнедi».  Сондай-ақ  А.Х. Марғұланның  «Қазақтың  сəндiк  қолданбалы 
өнерi»  атты  құнды  еңбектері  жəне    М.С. Мұхановтың  «Казахские  домашние 
художественные  ремесла»  атты  зерттеу  еңбектерi  арқылы  қазақ  халқының 
мəдени мұрасының қазынасын толықтырып қана қоймай, ұлттық өнер тарихын 
зерттеуге мол үлесін қосты. 
Ғасырлар бойы бірнеше зұлматты  басынан кешірген  қазақ халқы  бүгінгі 
күнге  дейін    ұлттық    киімдерін  сақтап  қала  алды.  Қазақ  халқының  сəндік 
қолданбалы  өнеріндегі  ұлттық  киім  кешектердің  сəнділігімен  бірге  табиғи-
материалдық  құндылығы  да  ерекше.  Қазақтардың  киімдері  үшін  негізгі 
материал  мақта-мата  мен  жүн  маталар,  былғары,  тері,  елтірі  пайдаланылды.  
Ұлттық  киімдерде  көшпелі  тұрмыстық,  атақ-шен  жəне  жастық    жағынан 
иерархиялық  сатылар,  эстетикалық  талғам  ерекшеліктері  көрініс  тапты.  Бірақ, 
еуропалық  киім  үлгілеріне  еліктеу  басымдылығы  табиғи  шикізаттан 
дайындалған  сəнді  де  құнды  ұлттық  киімге  деген  көзқарасты  өзгертуге  алып 
келді.  Осы  орайда  жазушы  Антуан  де  Сент-Экзюпери  ұлттық  киiм 
ерекшелiктеріне байланысты «Кiшкентай ханзада» атты кiтабында ханзаданың 
Б-612  деп  аталатын  басқа  планетадан  келгенiн,  ол  планетаны  алғаш  рет  түрiк 
астраномы  ашқанын  былай  деп  суреттейдi.  «Астроном  өзiнiң  ашқан  ғажайып 
жаңалығы  жайлы  Халықаралық  астрономиялық  конгрессте  баяндады.  Бiрақ 
оған ешкiм сенбедi, оның бар себебi, ол түрiктiң ұлттық киiмiн киiп, баяндама 
жасаған болатын. 1920 жылы сол астроном европалық ең соңғы модаға сай киiм 
киiп  баяндама  жасағанда  бəрi  онымен  келiстi.  Үлкендер  осындай  халық!» 
[18,378]. 

 
25 
Қазiргi  Қазақстан  мен  Орта  Азия  территориясындағы  ертедегi  тайпалар 
өмiрiн  бейнелейтiн,  тасқа  қашап  жазған  құнды,  деректi  суреттер  мен  жазулар 
жиi кездеседi. Бұл сияқты тастарға қашалған жабайы аңдар, хайуанаттар, адам 
бейнелерi,  аңшылық,  садақ  тарту,  желектi  найза  ұстау,  жыртқыштан  қорғану, 
ертедегi  адамдардың  киелi  түсiнiктерi,  əдет-ғұрыптары  мен  дəстүр  көрiнiстерi 
аң аулап, мал баққан ертедегi тайпалардың тұңғыш жазуы болып табылады. Бұл 
ертедегi сурет жазуы немесе пиктографиялық жазу. 
«Байырғы  көшпеліліердің  өмір  салты  дүниеге  əкелген    мал  құлағына  ен 
салу, малдың санына күйдіріп таңба басу, əр рудың өзіндік таңбасының болуы, 
тіптен  денелеріне  қара  күйе  сіңіру  арқылы  таңба  салу  сияқты  қасиеттер  ең 
алдымен белгі берушілік, хабар білдірушілік, ажыратушылық міндет атқарған» 
[13,324].  Мұндай  тiршiлiк  етудiң  көпғасырлық  ерекше  ритмi  жайлы  халықтың 
тiлi мен көркем шығармаларында əлi күнге дейiн жаңғыруда. Қазақтардың эпос, 
фольклор, əн, əуен, би, сəндiк өнерi мен бейнелеу өнерi, сəулет өнерi – бəрi де 
өзiнде  үзiлiссiз  қозғалыс  пен  орын  ауыстыруды  жəне  олардың  кеңiстiк  пен 
уақытқа деген өзiне тəн ерекше қатынасын таңба етiп қалдырды.  
Мəдени  мұраларға    қатысты  өткенімізге  ой  салсақ,  Майқы  биден  тараған 
Көркембек  деген  елге  аты  шыққан  тас  қашау  өнерiнiң  шеберi  болған.  Бұл 
жайлы  ХVIII  ғасырда  өмiр  сүрген,  бiлiм  мен  өнер  iздеп  Бағдат,  Мысыр,  Рум, 
Шам т.б шаһарларды кезiп оқыған Қазыбек бек Тауасарұлы өз еңбегiнде құнды-
құнды  мəлiметтер  жазып  қалдырған.  Əулиеата  маңында  бүтiн  тастардан 
бедерлеп,  үш  тас  сарай  қашап  салған.  Қолымен  тасқа  нақыш  ойып,  бүгiнгi 
күнге  жеткiзген  Көркембек,  Қожахмет  сағанасын  тұрғызған  шеберлердей  өз 
есiмiн  ойып  жазбаса  да  Қазақ  тарихының  куəсiндей  бiзге  де  жеттi.  Сурет, 
кескiндеме,  графика  өнерiнен  эстетикалық  лəззат  алған  Қазыбек  бек  өзi  сурет 
сала  алмаса  да  көргенiне  риза  болып  былай  деп  жазады:  «Екi  жылдың  iшiнде 
сəулет өнерiнен де, əуез өнерiнен де ұстаз жалдап оқыдым... Мен тек Рафайiл, 
Тидзиан,  Леонардо  да  Винчи,  Микеланджело  Симони  сияқты  кереметтердiң 
өнерiне  сүйсiнумен  ғана  шектелдiм».  Дүниеге  келген  əрбiр  жаңалық  сол 
күйiнде  қатып  қалмайтынын  ойға  алсақ,  ертедегi  сурет  жазуы  да  сол  пайда 
болған  күйiнде  қалып  қойған  жоқ,  ол  өмiрге  икемделiп  өзгерiп,  өрiстей  түстi. 
Осы  жазудың  негiзiнде  ұғымды  бiлдiретiн  жазу,  символикалық  немесе 
идеографиялық  жазу  пайда  болды.  Ертедегi  сурет  жазуларымен  қабаттаса 
келетiн  ай  мен  күн,  алуан  таңба  нұсқалары,  рулық  таңба  белгiлерi  жəне 
бұлардың  соңын  ала  бiраз  кейiнiрек  замандағы  өрнектi  пiшiнмен  оюлап 
салынған бейнелi суреттердi де идеографиялық жазуға қосамыз. 
«Аң»  стилiндегi  мотивтер  қазақ  өнерiнiң  дамуындағы  барлық  кезеңдерге 
сiңген  дəстүр  болып  саналады.  Жұмбақ  сиқырлы  сыр  немесе  дiни  дəстүрлер 
емес,  сезiмдiк-практикалық  əрекет,  бiлiм  мен  ұғымдар  тəжiрибесi 
көшпелiлердiң  жартасқа  салған  суреттердегi  анималистiк  өнерiнде  тiрiледi. 
Белгiлi  оғыз  эпосы  «Қорқыт  кiтабында»  Салор-Қазан  жылқы  мен  түйе  баққан 
малшыларды,  иттердi  қорқытқан  қасқырға:  «қараңғы  түнек  басқан  сəтте  сен 
үшiн  күн  шығады;  қар  мен  жаңбыр  жауса  да  сен  батыр  сияқты  қасқайып 
тұрарсың».  Адам  –  құшақ  жетпес  əлемнiң  орта  шенi,  ол  жоғалып  кететiн 
кiшкентай  ғана  нүкте  емес,  бiрден  құшағың  жетпейтiн  кеңiстiгi,  ұшы-қиыры 

 
26 
жоқ шексiз даласы мəңгi көк аспан сияқты сондай құшақ жетпес, күштi. «Мен – 
күштiмiн,  мен  ғана  тағдырды  өзгерте  аламын,  далада  туғандардың  –  күшi  де 
мықты»  –  дейдi  тау  мен  дала  баласы  көшпелi  Энкиду.  Адамзат  мəдениетi 
тарихының  жарқын  беттерiнен  яғни  ерекше  скифтiк  стильден  палеолит, 
мезолит  жəне  неолит  дəуiрлерiндегi  алғашқы  қауым  өнерiндегi  аң  стилдерiн 
көремiз.  Əлемді  шығармашылықпен  қайта  өзгерту  адамзат  əрекетінің  басты 
мақсаты. Көркемдік танымның өзі – көзге көрінетін жəне сезілетін əлемге алып 
келетін ашық жүйе болып табылады. 
Профессор  М.Х. Балтабаевтiң  еңбегiнде  Қазақ  мəдениетiнiң  даму 
процесiндегi  дəстүрлер  мен  сабақтастық  проблемасы  жете  зерттелген.  Ғалым 
ұсынған  жүйелi  принцип  ұлттық  мəдениеттi  көп  өлшемдi  жəне  көп  деңгейлi 
сипаттағы  бiрлiк  ретiнде  жəне  концептуалды  объект  ретiнде  қарастырады. 
Қазақ  мəдениетiнiң  оның  iшiнде  көркем  мəдениетiнiң  дамуына  талдау  жасай 
отырып  ғалым  этномəдениет  пен  жалпыадамзаттық  құндылықтардың  кiрiгу 
процесi  мен  деңгейiн  мəдени  мұра  ретiнде  анықтайды.  Олардың  жетiстiк 
жақтары  мен  терiс  жақтарын  аша  отырып  мəдени  интеграциялаудың  керi 
факторларына  талдау  жасайды:  «Қазақ  халқының  ұлттық  мəдениетiнiң 
ассимиляциялануы  яғни  бiр  халықтың  екiншi  халыққа  сiңiсiп  кетуi;  оның 
қалаулы  iрiктелген  топқа  жəне  жалпы  қалың  халықтыққа  бөлiнуi; 
евроцентристiк құндылықтарды пайдаланудың үстемдiгi болып отыр». 
А. Сейдiмбек  өзiнiң  зерттеу  еңбектерiнде  кеңес  одағы  аясындағы 
мəдениеттануда  60-70  жылдардан  бастап  аксиологиялық  жəне  дезаксиология-
лық көзқарастардың бел алуын яғни, жеке адамнан бастап тұтас қоғамға дейiн 
«мəдениеттi» немесе «мəдениетсiз» деп қарабайыр бөлiкке бөле салу үрдiсi сол 
кездегi  үстемдiк  құрған  империялық-социалистiк  идеологияның  пиғыл 
болмысы  екендiгiн  ашық  айтады.  «Жұмыр  жердiң  бетiндегi  жалпыадамзаттық 
мəнi  бар  этикалық  қалыптарды  (норма),  моральдық  қасиеттердi,  рухани 
мұраларды  бағалау  тұрсын,  тұтас  бiр  елдiң  талғам  түсiнiгi  еш  уақытта  бедел 
бола  алмайды.  Нағыз  ұлт  болып  қалыптасқан  елдiң  өмiр  салтынан  бастап, 
рухани  болмысына  дейiн  төлтума  қасиетiмен  дараланады.  Яғни,  нағыз 
мəдениет  ешкiмдi  қайталамайды,  ешкiмге  елiктемейдi.  Елiктеудiң  шын  аты 
қайталау. Рухани сұғанақ (плагиат) болған ел, бiрiншiден, өзiнiң болашағынан 
айрылса, екiншiден, өзгенiң асылын малшылайды» – деп жазады өз еңбегінде. 
С.А. Ұзақбаева  «Мəдениет»,  «этномəдениет»  жəне  «ұлттық  мəдениет» 
ұғымдарының ара қатынасын айқындауда этникалық мəдениет – бұл халықтың 
тыныс-тiршiлiгi  үрдiсiндегi  ерекшелiктердi  сақтаушы  ең  бiрiншi  негiз,  төл, 
бастау,  мұны  жоғалтқан,  ұмытқан  халық  «өз  келбетiн»  өзге  этностан 
ерекшелiгiн  жоғалтады»,–  деп  тұжырым  жасайды.    Өнертану  мəселелерi 
бойынша Ə. Марғұлан, Н. Нұрмұхамбетов, К. Мұратаев, Қ. Телжанов, жəне т.б. 
ғалымдардың ғылыми зерттеу еңбектерінде кеңiнен қарастырылады. 
 
Мектепте  бiлiм  берудi  жетiлдiрудiң  негiзгi  бағыттары  мəселесiн 
қарастыруда ғалым А. Қ. Құсайынов былай деп жазады: «ХХ ғасырда қоғамдық 
өмiрдiң барлық саласының негiзiнде «Ғылым – өндiрiс – бiлiм» макромоделiнiң 
болғаны  белгiлi.  Мəдени  саладағыдай,  бiлiм  беруге  деген  жаңа  қатынас  жəне 

 
27 
онымен байланыста туындаған бiлiм берудiң жаңа парадигмалары «мəдениет – 
бiлiм  –  тарих»  бiрлiгiне  негiзделген  жаңа  мəдени  макромодельдi  енгiзуге  жол 
ашты».  Мұның  бəрi  бiлiм  жүйесiнде  оның  жаңа  гуманитарлық  парадигмасын 
қалыптастыруға  алып  келедi.  Жалпы  бiлiм  беретiн  мектепте  бүгiн  бiз 
графикалық  сауаттылықты  ғана  дайындау  емес,  мəдениетті  тұлға  дайындауға 
мiндеттiмiз.  Бүгiнгi  бiздiң  жаңа  қоғамның  даму  деңгейiнде  қарапайым 
сауаттылықпен  шектеле  алмаймыз.  Өйтпегенде,  өнер  құндылығын  жат 
қылықтарға  алмастырып  алу,  оның  əлеуметтiк-эмоционалды  тəжiрибесiн 
сабақтан тыс шеттетiп, мектептегi оқыс жағдайларға алып келедi. 
 Қазiргi замандағы индивидттiң өзбеттiлiгi, субъективтiлiгiнiң басымдылы-
ғы  бiлiмнiң  жалпымəдени  фундаментiн,  негiзiн  бекiтуiн,  əртүрлi  əлеуметтiк, 
экологиялық  жəне  т.б.  мiндеттер  мен  шындықты  саналы  жағымды-мақсатқа 
айналдыруды  шешу  үшiн  өзiнiң  дербес  күшiн  iске  қосу  бiлiктiлiгiн  дамытуын 
талап  етедi.  Жаңа  заман  талабына  сай,  нұсқауды  күтпейтiн,  бiрден  жобалық-
конструктивтiк  жəне  рухани-дербес  тəжiрибемен  өмiрге  араласып,  кiрiсiп 
кететiн  шығармашылық  тұрғыдан  қалыптасқан  маман  қажет  болады,  қазiргi 
таңдағы  теориялық  бiлiм  беру  бұл  қызметке  «бейiмделмеген».  Бұған  мысал, 
бiрiншi  кезекте  жаңа  ұрпақты  əлеуметтiк  мəдени  өркендеудегi  сабақтастықты 
қамтамасыз  ететiн  тəжiрибенiң  негiзгi  түрлерiнiң  жиынтығы  идеясының 
көрiнiсi iске асырылатын бiлiм мазмұнының культурологиялық моделi. Бiлiмдiк 
теориялық бiлiм беру парадигмасы шегiнен шығуға ұмтылыс, бiлiм мазмұнын 
сандық  емес  сапалық қатынаста  кеңейту  бұрыннан  қолға алынып  келе  жатқан 
мəселелердiң бiрi.  
Бейнелеу  өнерінде  мектеп  оқушылары  қажетті  білім,  білік,  дағдыларды 
меңгерумен қатар, кейбір ерекше қасиеттерді қалыптастыруды тиіс, Оларға ең 
алдымен  нақты  өмір  құбылыстарын  бақылауда  көре  білу,  «қырағы  көзге»  ие 
болу,  оларға  белсене  жəне  қызыға  жауап  қату  жатады.  Бейнелеу  өнері 
шығармалары  тек  бейнелеп  қана  қоймайды,  сонымен  бірге  олар  белгілі  бір 
мазмұндық ойды, түрлі сезімді, дүниетанымды білдіреді. Бейнелеу өнерінде не 
бейнеленгені  ғана  маңызды  болып  қоймайды,  мұның  қалай,  қандай  көркемдік 
құралдармен  бейнеленгені  де  маңызды  мəнге  ие.  Бұл  композиция,  сурет, 
пластикалық  форма,  калорит,  жарық  пен  көлеңке,  салу  мəнері  жəне  т.б. 
мəнерлеу құралдарын қамтиды. 
Бейнелеу  өнерінің  заңдылықтарына  (композиция,  сурет,  пластикалық 
форма, калорит, жарық пен көлеңке, салу мəнері жəне т.б. мəнерлеу құралдары) 
педагогикалық  ұстанымдардың  қатарына  мəдениет  диалогы  ұстанымы  да 
жатады.  Мəдениет  диалогы  ұстанымын  оқыту  мазмұнына  ендіру  дегеніміз  – 
бағдарлама  мазмұнын  өз  елiнiң  мəдениетi  мен  өнерiнен  бастау  алатын 
жалпыадамзаттық көркем мəдениетке қарай жетелеу. 
   Мектеп  оқушыларына  жалпыадамзаттық  құндылықтарға  сүйене  отырып 
гуманистiк тəрбие беру бүгiнгi күннiң басты мiндетi болып отыр. Адамзаттық 
құндылық мəселелерiн алдыңғы қатарға шығарудың жаңа дүниетанымы рухани 
мəдениет  пен  өнегелiлiктi  қайта  құрумен  сипатталады.  Құндылық  дегенiмiз 
«қоршаған  орта  объектiлерiн  олардың  адам  жəне  қоғам  үшiн  жағымды  жəне 
керi  мағынасын  (қоғам  өмiрiндегi  жəне  табиғат  құбылыстарында  бекiтiлген 

 
28 
игiлiк,  қайырымдылық  пен  зұлымдық,  əсемдiк  пен  ұсқынсыздықты) 
айқындайтын  арнайы  əлеуметтiк  анықтама.  Субъектiге  қатысты  құндылық, 
оның қызығушылығының объектiсi ретiнде қызмет етедi, ал оның санасы үшiн 
қоршаған  ортадағы  бұйымдар  мен  құбылыстарға  практикалық  қатынасын 
бiлдiру, заттық жəне əлеуметтiк болмыстағы күнделiктi бағдар ролiн атқарады. 
Эстетикалық құндылық тек құбылыстарды ғана сипаттаумен шектелмейтiн 
сондай-ақ  оларға  баға  берiп,  оларды  қоштайтын  немесе  сынайтын,  олардың 
жүзеге асуын немесе жойылуын талап ететiн жəне осыған орай өзiнiң сипатына 
сай  нормативтi  бола  алатын  қоғамдық  сана  формасы  ретiнде  де  (əдiлдiк  пен 
əдiлетсiздiкте)  көрiне  алады.  «Құндылық»  ұғымы  философияда,  социологияда 
жəне  педагогикада  ең  негiзгi  ұғымдардың  бiрi  болып  табылады.  Жалпы 
адамзаттық құндылықтар iшiнен озық ойшылдар, философтар жəне педагогтар 
адам құқығын, еркiндiгi мен оларға сай келетiн оның тəрбиесi мен бiлiмiн əркез 
бiрiншi  орынға  қойған.  Халықтың  өмiрiнде  жалпыадамзаттық  құндылықтарды 
бекiтуде  қоғамның  тарихи  дамуында  заңды  нəтижелер  бар.  Адам  құқығының 
өнегелi  күшi  басқа  жалпыадамзаттық  құндылықтар  сияқты  мыңжылдықтар 
бойына жинақталып, адам мiнез-құлқының негiзгi мотивациясы мен реттеушiсi 
қызметiн атқарды. Сонымен қатар əрбiр халықта бұл үрдiс мəдени қатынаста өз 
көрiнiсiн  тауып,  тұлғаны  əлеуметтендiру  жолына  қатысы  бар  өзiнiң  ұлттық 
ерекшелiктерiне, дəстүрiне ие болды.  
«Жалпыадамзаттық  құндылықтар  –  бұл  əртүрлi  халықтардың,  əртүрлi 
дiндердiң, əртүрлi кезеңдердiң рухани мақсатын жақындастырып, туыстырады. 
Олар сол себептi де жалпыадамзаттық деп аталып ХХ ғасырдың аяғында адам 
құқығы жайлы Бiрiккен ұлттар ұйымының ООН құжатында өз көрiнiсiн тапты. 
Жалпыадамзаттық  –  бұл  əрбiр  адам,  оның  еркiндiгi  мен  адамдық  деген 
ажырамас  та  пəк  кiршiксiз  құқығы.  Тұлға  құндылығы  –  жалпыадамзаттың 
рухани негiзi». 
Бейнелеу  өнерi  сабақтарында  оқушылар  жан-жақты  бiлiм,  бiлiктiлiктi 
меңгередi, көне мəдени тарих, сəулет өнерi, табиғат əсемдiгi мен құбылыстары 
мен  əртүрлi  халықтардың  сəндiк  қолданбалы  өнерiнiң  ұлттық  ерекшелiктерге 
толы  өнерi  жайлы  мағлұматтар  алады.  Осылайша  оқушылар  өздерiнiң  ата-
аналарымен бiрге бейнелеу өнерiнiң қызықты бiлiм мазмұнын бiрнеше жылдар 
бойы  жинақтайды,  нəтижесiнде  отбасы  өмiрiнде  де  рухани  мəдени  атмосфера 
орнайды. 
Адамзаттың  бүкiл  тарихи  дамуын,  мəдениетiнiң  өсу  деңгейiн  көрсететiн 
бейнелеу  өнерi  пəнi  қосымша  пəн  ретiнде  емес  басқа  пəндер  қатарында,  өз 
деңгейiнде  жүргiзiлуi  қажет.  Мектеп  оқушыларының  жалпы  дамуына, 
шығармашылық қабiлетiнiң артуына, Көркемдiк-эстетикалық дамуының толық 
қалыптасуына бейнелеу өнерiнiң қосар үлесi зор. 
Қоғамдық  сананың  көне  формасының  бiр  түрi  -  өнер.  Өнер  объективтiк 
шындықты  көркемдiк  бейнелер  арқылы  бейнелеп  көрсетедi.  Көркемдiк  бейне 
құбылыстарды  нақтылы  сезiмталдықпен,  барынша  ерекше,  типтiк  тұрғыдан 
ашып көрсетедi. Былайша айтқанда, ол жалпылық пен жекенiң, объективтiк пен 
субъективтiктiң  материалдық  жəне  идеялықтың  диалектикалық  ерекшелiгiнiң 
бiрлiгi  болып  табылады.  Көркем  қыяпат  немесе  бейне  негiзiнде  нақтыланған 

 
29 
көрініс,  сондай-ақ  дара,  дербес,  нақты  адам  кейiптерi  арқылы  көпшiлiкке 
белгiлi,  түсiнiктi  типтердi,  құбылыстарды  сомдап,  бейнелейдi,  жаманнан 
жирендiрiп, жақсыға елiктетедi. Қазiргi таңда өнегелi-патриоттық тəлiм-тəрбие 
беру  саласына  ерекше  назар  аударыла  бастады.  бiздiң  қоғамның, 
мəдениетiмiздiң  өнегелi  тəрбие  беру  жағының  нашарлап,  дағдарысқа 
ұшырауының  қазiргi  жағдайы  жасырын  емес.  Өнер,  танымдық  жəне  өзiн-өзi 
танудың тəсiлi ретiнде, əлем жайлы, ондағы адамның орны жайлы тұтас ұғым 
қалыптастырушы тəсiл ретiнде қызмет ететiнi баршаға мəлiм.  
Мектептегi  өнер  –  бұл  бiз  соңына  дейiн  түсiнiп  болмаған  жəне  өте  аз 
қолданатын  тəлiм-тəрбие  қаруы,  рухани  күш.  Рухани  жiгерсiздiк  –  бұл 
адамдағы  қызығушылықтық  тапшылығы,  бұл  адамдар  бойында  жағымды 
қасиеттердiң  дамымауын  көрсетеді.  Жағымды  қылықтар  критерийлерінiң 
«ғылыми  техникалық  ғасырдың»  ғылыми  интеллект жетiстiктерiмен  араласып, 
оған  сай  көзқараста  болуына  мəдениет,  өнермен  сусындау  едəуiр  ықпал  етедi.  
Осы  мəселе  төңiрегiнде  халықаралық  «Бөбек»  қорының  төрайымы 
С.А. Назарбаева өзiнiң болашақ ұрпақ тағдырына деген  ой-толғанысын былай 
деп  жеткiзедi:  «Бүгiнде  «тiршiлiк  көзiн»  рухани  негiздерден  iздегенiмiз  абзал. 
Бұл түсiнiктiң астарында не жатыр? Менiңше, адамның Жаратушыға, адамның 
табиғатқа  жəне  адамның  адамға  деген  қарым-қатынасы  терең  мағыналы 
екендiгiн  түсiну  басты  мəселе…  Үстiрт  берiлген рухани  тəрбие  адам  бойында 
құлықсыздықты,  жауапсыздықты  қалыптастырады.  «Байлық»  пен  «кедейлiк» 
туралы  əртүрлi  көзқарастың  мəнiн  тəрбие  мен  рухани  бағыттардан  iздеу 
қажет».  
Сонымен  қатар,  рухани  мəдениеттiң  ең  маңызды  элементi  тiл.  Тiл  –  бұл 
адам  тəжiрибесiн  жинақтап,  бiр-бiрiне  жалғастырып  берiп  отыратын 
мəдениеттiң  объективтiк  түрi.  Екiншi  маңызды  элементi  –  оның  танымдық-
құндылық  жүйесi.  Құндылық  –  бұл  адамның  тiлегiн,  қажетiн  жəне  мүддесiн 
қанағаттандыратын зат пен құбылыс сипаты. Құндылық субъектiнiң (адамның) 
өз  қажетiн  қоршаған  дүние  заттарын  өзiне  сəйкес  ұғыну  салдарынан 
қалыптасады» – деп жазады өз еңбегінде Ш. Ибрахим. 
Қазiргi  жағдайда  құлықтылықтың,  өнегелi  тəрбиенiң  құлдырауы,  жас-
өспiрiмдер арасындағы қылмыстық iстердiң өсу тенденциясы байқалған кезде, 
мектеп  оқушыларына  тəлiм-тəрбие  беруде  мəдени  құндылықтар  негізінде 
қалыптасқан көркемдiк-эстетикалық пəндердiң мəнi арта түсуде. Өнер пəндерi 
рухани  мəдени тұлға қалыптастырып, шығармашылық белсендiлiгiн арттыруға, 
ең бастысы осы пəндер арқылы Отанға деген азаматтық сүйiспеншiлiк сезiмiн, 
ары  мен  өнегелi  абыройын  тəрбиелеуге  бағытталған.  Жаңа  бiлiм 
бағдарламасында,  оқушы  ең  алдымен  отандық  мəдениеттi  зерделеуге,  содан 
кейiн барып əлемдiк, шетел өнерi мен мəдениетiн зерделеуге бағытталуы əркез 
ескерілуі қажет.  
 
 
 
 
 
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет