Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі


АҚПАРАТТЫҚ МƏДЕНИЕТТІ ОҚЫТУ ПРОЦЕСІН ОҚУШЫ БОЙЫНА



жүктеу 1.31 Mb.
Pdf просмотр
бет5/14
Дата24.12.2016
өлшемі1.31 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

 
АҚПАРАТТЫҚ МƏДЕНИЕТТІ ОҚЫТУ ПРОЦЕСІН ОҚУШЫ БОЙЫНА 
ҚАЛЫПТАСТЫРУ  
 
 
Еліміздің əлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық бағыттарына 
сəйкес  білім  беру  жүйесін  дамыта  отырып,  əлемдік  білім  кеңістігіне 
ықпалдастыруға  негізгі  бағдар  –  адамды  қоғамның  ең  маңызды  құндылығы 
ретінде  танып,  оның  рухани  жан-дүниесінің  дамуына,  көзқарастары  мен 
шығармашылық 
ахуалының, 
танымдық 
біліктілігі 
мен 
мəдени 
құндылықтарының жоғары деңгейде дамуына, жеке тұлғасының қалыптасуына 
жағдай жасау.  
 
Дамыған  елдердегі  білім  беру  жүйесінде  ерекше  маңызды  болып 
табылатын  мəселелердің  бірі  –  оқытуды  ақпараттандыру,  яғни  оқу  үрдісінде 
ақпараттық технологияларды пайдалану болып табылады. 
 
Қазіргі  таңда  елімізде  білім  беру  жүйесінде  жаңашылдық  қатарына 
ақпараттық  кеңістікті    құруға  еніп,  көкейкесті  мəселе  ретінде  күн  тəртібінен 
түспей  отырғандығы  мəлім.  Ақпарат  мемлекеттің  даму  деңгейін  анықтайтын 
стратегиялық  қорға  айналып,  ақпараттық  мəдениетті  қалыптастыру,  яғни 
мəлімет  өңдеу  мен  оны  тасымалдау  ісін  атқару  өркениетті  дамудың  қажетті 
шарты болып табылады. 
 
Қазіргі кездегі қоғам индустриялдық кезеңнен кейінгі дамудың ақпараттық 
кезеңіне  аяқ  басты.  Ақпараттандыру  жағдайында  оқушылар  меңгеруге  тиісті 
білім, білік, дағдының көлемі күннен-күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Оның 
басты  сипаттарына  –  ақпараттық  технологияларды  кеңінен  пайдалану 
адамдардың 
көптеген 
қызмет 
түрлерін 
компьютерлендіру, 
коммуникациялардың  бірыңғай  халықаралық  жүйелерін  жасау  істері  жатады. 
Соңғы кезде біздің қоғамда болып жатқан ауқымды өзгерістер білім саласында 
да біраз өзгерістердің туындауына себепші болып отыр. Қазақстанда жаңа білім 
беру жүйесі қалыптасуда.  
 
Білім  жүйесіндегі  инновациялық  өзгерістерге  де  президентіміз  Н.Ə. 
Назарбаев назар аударып, ол республикалық мұғалімдер съзінде:»ХХ ғасырдың 
екінші жартысында белгілі болған нəрсе – ХХІ ғасырда алдыңғы саптағы елдер 
қатарына  өз  жастарының  интеллектуалды  жəне  рухани  ахуалын  барынша 
дамыта  алатын  мектептер  мен  жоғары  оқу  орындарының  ең  тиімді  жүйесін 
жасаған ел ғана көтеріле алады», - деген болатын. /1/. 
 
Қазіргі  кезеңде  білім  жүйесінің  барлық  салаларын  нақты  түрде 
ақпараттандырудың кешенді жоспары жасалуда. Информатикадан мемлекеттік 
білім  стандартында  көрсетілгендей  бүгінгі  таңда  оқу  мақсатын  тек 
компьютерлік  сауаттылық  шеңберінде  ғана  анықтау  жеткіліксіз.  Қазір 
«Интернет»  желісіне  ену  қажеттілігі  туындап  отыр.  Біздің  елімізде  барлық 
мектептер компьютерлендіріп жатыр.  

 
39 
 
Бағдарламалар  оқыту  бағдарламалары  деп  аталады,  себебі  олардың 
ерекшеліктері  оқыту  мінездемесінде  (түсініктемесімен,  ережелерімен, 
тапсырманы орындау үлгілерімен жəне т.б.) құрастырылған. 
 
Адам  мəдениетінің  компоненті  қазіргі  дүние  танудың  ең  бастысы  екені 
түсінікті. Əрбір мəдениетті жəне тəрбиелі адамның өмір сүріп отырған қоғамда 
өзін қоршаған ортаның қалай құрылғаны туралы ең болмаса жалпылама түсінігі 
болуы керек. Табиғатты сүю үшін ондағы болып жатқан құбылыстарды, қандай 
заңдылықтарға байланысты өзгерістер болып отырғанын білу қажет.  
 
Адамның жас шағында жетілдірмеген ойлау қабілеті сол қалпында қалып 
қоятыны  белгілі,  сондықтан  қазіргі  ақпараттық  қоғамдағы  өмірге  балаларды 
дайындау  үшін  олардың  тек  ойлау  қабілетін,  анализ  бен  синтез  жасау 
мүмкіндіктерін  ғана  дамытып  қоймай,  оқыту  процесінің  ең  маңызды  бөлігі  – 
ақпараттық  мəдениет  элементтерін  бойларына  сіңіріп,  ұғындыру  керек. 
Ақпараттық  заманда  өмір сүретін адам  бастауыш  мектептің  өзінде-ақ,  өзін-өзі 
шектей білетін негізгі нормалар мен ережелерді игеруі тиіс.  
 
Осыған  орай  бастауыш  сыныпта  «Ақпараттық  мəдениет  негіздері»  пəнін 
енгізу мынадай мақсаттарды көздейді: 
- сезімді ынталандыру; 
- білім, білік дағдыларын дамытуға қызығушылығын арттыру; 
- жауапкершілігі мен міндеттері қалыптастыру; 
- есеп пен талдау жасау дағдыларын үйрету; 
- логикалық жəне ақпараттық ойлау қабілеттерін дамыту. 
 
Сезімді
  ынталандыру  –  деген  білім  беруге  жағдай  жасау,  сабақ  кезінде 
мадақтау  жəне  көтермелеп  отыру,  оқытуда  ойын  түрлерін  тиімді  пайдалану, 
алға қойған мақсатын жүйелеу болып табылады.  
 
А паратты
  технология  –  қазіргі  компьютерлік  техника  негізінде 
ақпаратты  жинау,  сақтау,  өңдеу  жəне  тасымалдау  істерін  қамтамасыз  ететін 
математикалық жəне кибернетикалық тəсілдер мен қазіргі техникалық құралдар 
жиыны.  
 
Коммуникация
  –  ақпаратты  тасымалдап  жеткізу  құралдарын  қамтитын 
жалпы ұғым.  
 
Жаңа коммуникациялық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты – 
оқушылардың оқу материалдарын толық меңгеруі үшін оқу материалдарының 
практикалық  жағынан  тиімді  ұсынылуына  мүмкіндік  беру.  Бұл  мақсаттарға 
жетужолында  электрондық  оқулықтар,  тексеру  программалары,  оқыту 
программалары сияқты программалық өнімдер қызмет етеді. 
 
Білім  саласында  компьютер  оқушы  үшін  оқу  құралы,  ал  мұғалім  үшін 
жұмысшы  болып  табылады.  Оның  қолданылуы  нəтижелі  болуы  үшін 
бағдарламалық  құралдар  толық  түрде  мұғалімнің  жəне  оқушының  алдында 
қойған мақсатына жетуін жəне шығару жолдарын қамтамасыз ету керек.  
 
Бүгінде біз орта білім беруді одан əрі ақпараттандырудың екінші кезеңіне 
көштік, ол мазмұндық тұрғыда болады жəне компьютерлік сауаттылықтан жеке 
тұлғаның  ақпараттық  мəдениетінің  іргелі  операциялық  негіздеріне  ауысуды  
білдіреді,  мұнда  əрбір  оқушы  ақпаратқа,  қазіргі  ақпараттық  технологияларға 

 
40 
назар салып қана қоймай, оны тиімді қолдана білуі, Интернет ғаламдық ақпарат 
желісін пайдалана алуы тиіс. 
 
Алайда, білім беру жүйесінде білімдік жəне ақпараттық технологияларды 
іс жүзінде үйлестіре қолдануда кемшіліктер кездеседі. Оның үстіне ақпараттық 
технологияның  тез  жаңаруы  мəселені  қиындата  түседі.  Жағдайды  жақсарту 
үшін  білім  беру  технологиялары  мен  ақпараттық  қарым-қатынастық 
технологияларды  кіріктіру  қажет,  сонда  педагог  өзі  білетін,  жақсы  меңгерген, 
бейімделген техникалық құралдарды сабақта тиімді қолданады. 
 
Қазіргі 
технологияларды 
білім 
жүйесіне 
енгізгенде, 
оқыту 
материалдарының педагогикалық мазмұндылығы мен əркімнің өзінің үйренуіне 
жағдай  жасаудың  маңызы  зор.  Оқыту  ісінің  тиімділігі  мен  сапасы  көбінесе 
өздігінен  оқып  үйрену  процесін  ұйымдастыру  мен  пайдаланатын 
материалдардың сапасына тəуелді болады.  
 
Компьютер  жəне  ақпараттық  технологиялар  арқылы  жасалып  жатқан 
оқыту  процесі  оқушының  жаңаша  ойлау  қабілетін  қалыптастырып,  оларды 
жүйелік  байланыстар  мен  заңдылықтарды  табуға  игеріп,  нəтижесінде  - 
өздерінің кəсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашуы керек.  
Электронды  оқулықтар  -  автоматтандырылған  оқыту  жүйесін,  өзіне 
дидактикалық,  əдіснамалық  жəне  ақпараттық  –  анықтамаларды,  оқу 
тəртьібіндегі  мəліметтерді  алуға  жəне  білімді  бақылады  қамтамасыз  етуге 
мүмкіндік берді.  
Қолданыстағы мультимедиа көпбейнелі əртүрлі ақпараттарды, сөзді жəн əуенді 
өнімдерді  қолданады.  Мультимедио  оқып  үйренушінің  назарын  тоқтатпай, 
өзіне аударып оқу сапасын арттырады. 
Қазіргі  техникалық  құралдар  мен  компьютердің  көмегімен  көрініс  тапқан  оқу 
ұралын жасауда, компбютерде əртүрлі ойындар көрсетуге рұқсат етілген. 
 
Білімді
 ба ылау. Тексеруде жəне оқытуда кіріктірілген оқытудың бақылау 
элементтері,  ойынды  бақылаушы,  үлгіледі  бақылау  элементтерімен  жəне  т.б. 
бағдарламаларда: 
- оқу курстары мазмұнының мəзірін келісіммен қолма-қол өзгертуге болады; 
- қиын тапсырманың өзгерту мүмкіндіктері қамтамасыз етіледі;  
- оқушыға жеке қарқынмен жұмыс жасауға рұқсат етіледі; 
 
Қазіргі  компьютерлік  жүйені  ұйымдастыруда  білімді  бақылаудың  ең  көп 
таралғаны тестілеу жүйесі. 
 
Ғаламды
 компьютерлік ж*йесі – Интернет. 
 
Базадағы тізбек технологиясында оқу ақпараттарының мүлде жаңа түрі:                              
-  оқулығы  пайда  болды.  Internet  -  оқулықтың  қолдану  аймағы  үлкен:  өзіндік 
жұмыс  жүйесі  дистанциялық  білім  беру  бірдей  интерфейспен  қамтамасыз 
етуде,  ол  тек  бір  курсқа  ғана  оқу  құралы  емес,  əр  уақытта  дамытушы,  оқып 
жетілдіруші жəне анықтама ортасы болып табылады.  
Internet  -  оқулығы  сол  сапамен,  компьютерлік  оқулық,  қосымша  мүмкіндігі 
практикалық таралымы тасымалсыз – оқу материалының қолданылу аясының, 
бір нұсқасы Internet жүйесі жəне оқушы – пайдаланушы, алғашқы рет өзі үшін, 
өз қабілетімен браузер арқылы кіруге болады. 

 
41 
 
Бұл  интернетті  электронды  оқулықпен  салыстырғанда  оның  маңызды 
артықшылығы мен нақтылығы: 
- оқулықтың оқушыға жету жолы қысқартылады; 
- оқулықтың  мазмұнын оперативті түрде жаңалау мүмкіндігін алады; 
- оқулықты даярлауда шығындар қысқартылуда. 
 
Интернет  жүйесіндегі  оқулықтан  керекті  қосымша  материалдардың  кез-
келгенін алу мүмкіндігінің пайда болуы.  
 
Дистанциялы
 о ыту.  
 
2006  жылдан  бері  Қазақстанда  дистанциялы   о ыту  ж'йесі  өңделуде. 
Дистанциялық  оқыту  жүйесі  күндізгі  жəне  сырттай  оқыту  түрлерін 
ауыстырмай, керісінше толықтырады. 
 
ДОЖ  –  бұл  модульдік  оқыту  технологиясының  ең  ыңғайлы  түрі,  ол 
тұтынушыға  жəне  қазіргі  ақпараттық  жəне  байланыс  желісі  технологиясының 
экономикалық тиімділігін жəне бағытын көрсетеді.  
 
Дистанциялық  оқытуда  –  оқыту  технологиясы  оқытушы  мен  оқушының 
аралық  қашықтары  жанында  емес  əртүрлі  орында  болуында.  Дистанциялық 
оқытудың  түсінігі  оқыту  түрінде  қолданатын,  мұғалім  жəне  оқушының  бір-
бірімен аралық қашықтарына жəне оқыту процессінің ерекше түрдегі тəсілдерін 
жəне əрекеттік нысанын енгізу. 
 
Қазіргі  сапада  оқыту  тəсілінің  дистанциялық  оқытуда  қолданатыны:  кейс 
технологиясы, тд – теледидар жəне жүйелеп оқыту технологиялары. 
 
Кейс
  технологиясы  –  негізгі  тестілеу  оқу-əдіснамалық  материалдардың 
жинақтама  жиынтығын  жəне  оқушының  өзіндік  оқып  біліп,  жұмыс  жасауға 
жіберу (оқытушы маманның кеңесімен - өңірлік орталығы консультантпен). 
  
Тд
  технологиясы  -  эфирлік,  кабельдік  жəне  теледидарлық    жүйелеу 
негіздері арқылы технологияны пайдалануда. 
 
Технология
 ж*йесі – Интернеттік жүйелеу негіздері арқылы оқушыға оқу-
əдіснамалық  материалдармен  жəне  өзара  оқытушы  жəне  оқушының  қарым-
қатынасында инртерактивті технологияны пайдалануда. 
 
Дистанциялық  оқытуда  -  типологияның  əртүрлі  белгілерімен  өткізуге 
болады:  оқыту  мақсатымен;  оқыту  –  тəртібімен;  пəндік  ерекшеліктерімен; 
оқушының  дайындық  деңгейімен;  оқушының  жасымен  хабардар  болу; 
пайдаланатын технологияның базасымен жəне т.б.  
 
Бірден - бір ілгерілеудің ең жаңа пайдалы жағы - интернативтілігі. 
Жаңа нысанның, жаңа дүниемен қалайда өзара əрекеттесудегі жан-жақты даму 
түрі.  Интерактивті  технологиялар.  Кешенді  шешім:  мұғалімдерді  оқытып 
үйрету,  интерактивті  тақталарды,  проекторларды,  тестілеу  жүйелерін, 
бағдарламаны қамтамасыз ету. 
Жаңа  ғасырда  –  ақпараттық  іс-əрекет  барысын  тек  қана  тышқан  ғана  емес, 
клавиатура  жəне  монитор  басқарады.  Сіздің  алдыңызда  интерактивті 
тақталарды  жəне  тестілеу  жүйелерін  ашатын,  жаңа  құрылысты  толық 
технологиялар жасалған. 
 
Интерактивті тақта проектормен қатар демонстрациялауда, компьютердің 
тышқанның  орнын  алмастырады  жəне  слайдтар  мен  компьютерлік  анимация 

 
42 
жасауда,  жұмыс  тақтасында  жəне  жай  кəдімгідей  табиғи  бормен  қолданып 
жұмыс жасайды.  
 
Интерактивтік  interaction  –  терминін  ағылшын  тілінен  аударғанда  «өзара 
əрекеттестік»  деген  ұғымды  білдіреді.    Интерактивті  түсінігі  информатика, 
коммуникация  жəне  өнеркəсіпті  əрлендіру  аймағында  қолданады.  Объекті 
аралық өзара əрекеттесудегі нысанның ерекшелігін суреттейді. 
Бұл  интерактивті  тақтаның  (ИТ)  –  құрылысында  дəріс  беруші  немесе 
баяндамашы  екі  түрлі  құрал-сайманды  біріктіріп:  кəдімгі  маркерлі  тақта  мен 
экранда ақпараттың кескінін бейнелейді. 
 
Интерактивті  тақтаны  меңгеруде  арнайы  машықты  немесе  білімді  қажет 
етпейді. Интерактивті тақта жұмыс бастамай тұрғанда, кез-келген дерек көзіне 
компьютерге жəне проекторға қосқанда, экранда проекциялық кескіндер пайда 
болады, сонда сіз тікелей тақтаның жоғары жағынан жұмыс жасай аласыз. 
 
Баяндамашы  компьютердің  тышқанымен  жоғарыдан  төмен  қарай 
қозғалысының  əсерінен,  толық  игеруіне  болады.  Ол  не  жасай  алады?  Тақтада 
слайдты, көріністі, сурет салуды, əртүрлі сызбалар сызуға, таңба салуға, кəдімгі 
тақтадағы  сияқты  нақты  сызықтарды  жасауға,  компьютерлік  файл  түрінде 
сақтап,  кейінге  редакциялауға,  принтордан  басып  шығаруға,  факспен  жан-
жаққа, электрондық почтамен жіберуге болады. 
 
Интерактивті  тақтада  жазу  арнайы  электрлі қалам ұшпен жəне саусақпен 
жүргізеді.  Баяндамашы  қолына  арнайы  маркерді  алып,  экранда:  керекті 
орыдарды айналдырып сызуға, сурет салуға, жазылған мəтіндерді толықтыруға 
немесе дəлдеп түзетуде, кескіндермен жұмыс жасайды. 
 
Сенсорлық  ұйымдастыруда  ұсталуға  қатысты  жəне  тарататын  үйлесімді 
электрондық дыбыстық белгіні, қолдың жазатын имылы тойтарыс береді. Тақта 
лотпен маркердің үш түрлі түстерімен жəне өшіргішпен жабдықталған. Бүгінгі 
таңдағы  ақпараттық  қоғам  аймағындағы  оқушылардың  ойлау  қабілетін 
қалыптастыратын  жəне  компьютерлік  оқыту  ісін  дамытатын  жалпы 
заңдылықтардан  тарайтын  педагогикалық  технологиялардың  тиімділігін 
жоғары деп есептеуге боалады. 
 
 
Əдебиеттер: 
1.  ҚР  президенті  Н.Ə.  Назарбаевтың  «Республикалық  мұғалімдер  съезінде» 
жасаған баяндамасы. 
2. Молоков Ю.Г., Молокова А.В. Актуальные вопросы информатизации 
3.  Образования  //Образовательные  технологии:  Сб.  науч.  ст.  Вып.1./Под  ред. 
И.М. Бобко. Новосибирск: СИОТ РАО, 1997, с.77-81. 
4.  Новые  педагогические  и  информационные  технологии  в  системе 
образования// Под ред. Е.С. Полат.-М., 2000. 
5.  Е.Қ.  Балапанов,  Б.Б.  Бөрібаев,  А.Б.  Дəулетқұлов.  «Жаңа  информациялық 
технологиялар. Информатикадан 30 сабақ» 242-380 бет, 2003 жыл. 
6. Г.К. Абдрашева «Информатика: Оқу құралы»-Астана, 2007 жыл. 298-302 бет. 
7.  Д.Ш.  Матрос,  Д.М.  Полев,  Н.Н.  Мельникова.  Управление  качеством 
образования на основе новых информационных технологий; М:; 2001; 30-33 бб. 

 
43 
8. Дистанционное обучение: Учебное пособие для вузов /Под ред. Е.С. Полат. – 
М., 1998 
9.  Васильева  И.А.,  Осипова  Е.М.,  Петрова  Н.Н.  Психологические  аспекты 
применения информационных технологий // Вопросы психологии. 2002, №3 
 
 
 
 
 
Ж
.Ш. Балкенов 
Е.А. Б кетов атындағы $арағанды мемлекеттік университеті 
педагогика ғылымдарыны* кандидаты, профессор 
Ж
. . Кожиков 
Е.А. Б кетов атындағы $арағанды мемлекеттік университеті 
 аға о ытушысы   
 
 
СТУДЕНТТЕРДІ ҰЛТТЫҚ МƏДЕНИ МҰРАДАҒЫ ӨРНЕК ӨНЕРІНІҢ 
КӨРКЕМДІК ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫНА БАУЛУДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
 
 
Қазіргі  кезеңде  студенттерге  өрнек  өнерінде  шығармашылық  іс-əрекетке 
оқытуды  қалыптасқан  оқу  процесіне  ауналдыруды  мазмұнды  педагогикалық 
жүйесі  мен  моделдік  құрылымын  қажет  етеді  [1].  Сондықтан  да  соңғы 
кезеңдердегі  ғылыми-педагогикалық  концепция  ұлттық  өрнек  өнеріндегі 
көркем  шығармашылықты  оқытуда  теориялық  білім  берудің  түрлі 
принциптерінде қарастырады.  
1.  Ұлттық  өрнек  өнеріндегі  көркем  шығармашылықта  ұсынылған 
теориялық  деңгейлерді  əрбір  пəнде  қарастыруды  көздейді.  Сол  себепті  əрбір 
пəннің ерекшелігі мен аралық байланыстың мазмұндық ерекшеліктері ескеріліп 
отырады [2].  
Бірінші деңгейде өрнек өнері арқылы көркем шығармашылыққа оқытудың 
үлгілі жоспары бойынша теориялық моделдік негізі анықталады. Студенттерге 
өрнек  өнеріндегі  шығармашылық  іс-əрекетті  меңгерудің  моделін  жоспарлы 
түрде ұсына отырып қарастыру. Бұл деңгейде өнер түрлері сарапталып оларды 
өткізудің мазмұны мен мүмкіншіліктері жүйеленеді [3]. 
Нəтижесінде  студенттерді  өрнек  өнеріндегі  шығармашылық  іс-əрекетке 
оқытудың жоспарлары жасалады.  
Студенттерді  өрнек  өнеріндегі  шығармашылық  іс-əрекетке  оқыту  əрекеті 
моделінің бірінші деңгейі өрнек өнеріндегі көркем шығармашылық құрылымды 
анықтау,  яғни  көркем  шығармашылықтағы  ерекше  мазмұнды  жүйені 
қалыптастыру.  
2.  Студенттерді  өрнек  өнеріндегі  шығармашылық  іс-əрекетке  оқытудың 
екінші  деңгейі  ұсынылған  əрбір  өрнек  тақырыбындағы  негізгі  көркемдік 
мазмұнды  ашу  болып  табылады.  Бұл  деңгейдегі  негізгі  мақсат  өрнектерді 

 
44 
көркем  образдың  өрнек  элементтерімен  сəйкес  келуі,  яғни  шығармашылықты 
оқытудағы бағдарламаның жасалуы.  
3.  Студенттерді  өрнек  өнеріндегі  шығармашылық  іс-əрекетке  оқытуда 
үшінші  деңгей  көркемдік  материалдың  ерекшеліктерін  қарастырады.  Яғни, 
үшінші деңгейдің моделдік əрекеті өрнек өнеріндегі көркемдікті қабылдаудың 
түрлі  əдіс-тəсілдерін  меңгеру,  көркемдік  əрекеттердің  жаңа  аспектілерін 
жетілдіріп дамыту [4]. 
Жоғарыда  аталған  үш  деңгейде  студенттерді  өрнек  өнеріндегі 
шығармашылық  іс-əрекетке  оқытудың  теориялық  моделі  жасалынып,  көркем 
шығармашылықтың  ұғымы  ғылыми-педагогикалық  жүйеде  қалыптасады. 
Жалпы, көркем шығармашылықтың негізінің танымал 3 белгісі бар: көркемдік 
ой,  ойды  көркем  өңдеу,  көркем  ойды  іске  асыру.  Ал  жоғарыда  аталған  əрбір 
деңгейлердегі көркем шығармашылық əрекеттеріндегі ерекшеліктер белгілі бір 
кезеңдерде əсерлі мазмұндық қажеттіліктер пайда болады.  
Өрнек  өнеріндегі  көркем  шығармашылықтың  даму  кезеңдерінің  бірінші 
көрінісі – көркемдік ой. Көркемдік ойдың ролі студенттердің өрнек өнеріндегі 
шығармашылық  іс-əрекет  нəтижелерінің  көрінісі.  Өрнек  өнерінде  кез-келген 
көркемдік ойлау, өрнектегі образды қабылдаудан басталады да шығармашылық 
əрекетпен  аяқталады.  Ал  өрнек  өнеріндегі  шығармашылық  əрекеттің  негізгі 
бөлімі – көркемдік шешім қабылдау. Өрнек өнерінде көркем шығамашылыққа 
оқытудың  теориясы  мен  практикасында  көркемдік  таным  белсенділігінің  үш 
деңгейі бар: репродутивтік демеу, көркемдік ізденушілік жəне шығармашылық. 
[4,5]. 
Репродуктивтік  деңгейде  өрнек  өнерінің  көркемдік  танымы  дайын  үлгі 
арқылы  жүзеге  асырылады.  Түсіндірмелі-көрнекілік  көркем  шығармашылыққа 
оқыту  əдістемесінде  осы  тұрғыдағы  ғылыми-педагогикалық  ақпараттарды 
қабылдау  жағдайында  өтеді  [6].  Яғни,  студенттер  бірінші  деңгейде  аталған 
өрнек  өнерінің  теориясы  мен  əдіснамалық  іс-тəжірибені  жетілдіре  отырып 
көркем шығармашылықтың негізін дамытады [7].  
Көркем  шығармашылық  əдіс  –  студенттерді  өрнек  өнерінде  дайын  үлгі 
бойынша  емес,  жаңадан  қалыптасқан  көркемдік  əдіс-тəсілдердің  негізінен 
шығармашылық іздену жұмысын жүргізу. Осы кезеңде өрнек өнерінде көркем 
шығармашылық ойлау қалыптасады.  
Студенттерді  өрнек  өнеріндегі  шығармашылық  іс-əрекетке  оқытуды 
көркем-графика  факультеттеріндегі  оқу  жоспарларында  өнерге  үйретудің 
мазмұны моделдік негізде ұсынылады [8]. 
Жалпы  алғанда,  өрнек  өнері  арқылы  көркем  шығармашылыққа  даярлау 
жүйесін моделдеуге белгілі бір мақсатты шарттар келесі талаптарға жауап беру 
қажет:  
1.  Өрнек  өнерінің  көркем  шығармашылық  мақсаты,  өрнектің  көркемдік 
сипатын  анықтайтын  теориялық  білімдер  көлемімен  қоса  шеберлікті  жете 
меңгеруді  қарастырады.  Сондықтан  студенттердің  өрнек  өнеріндегі 
шығармашылық  əрекеттердің  барлық  түрлерінде  арнайы  білім  мен  іскерлікті 
дамытатын тапсырмалар алуы керек. 

 
45 
2.  Өрнек  өнеріндегі  көркем  шығармашылық  тапсырмалардың  мазмұны 
студенттерге  түсінікті  болып,  оларға  шығармашылық  қызығу  туғызатын 
көркемдік жағдайлар жасауы қажет. Көркемдік жағдайдың негізі студенттердің 
өздерінде  бар  білімдер  мен  көркемдікті  шешу  тəсілі  арасындағы  қайшылықта 
болуы керек.  
Өрнек  өнеріндегі  көркем  шығармашылық  тапсырмаларды  моделдеудің 
бұдан басқа да маңызды шарты - өрнек өнерін көркемдікпен стилизациялаудың 
көп варианттылығы болып табылады. 
3.  Өрнек  өнеріндегі  көркем  шығармашылық  тапсырма  студенттерге 
тəжірибе  жинақтау,  оны  қайталап  ой  елегінен  өткізу  стилизацияланатын 
өрнектердің  аналогтары  мен  ұқсас  түрлерін  талдау  жəне  көркемдік  шешімнің 
ұтымды варианттарын таңдау мүмкіншіліктерімен байланысты шығармашылық 
əрекеттерді өрнек құрылымына енгізуі керек. 
4.  Студенттерді  өрнек  өнеріндегі  көркем  шығармашылық  іс-əрекетке 
оқытуда  өрнек  тақырыптарын  таңдауға  жəне  графикалық,  көркемдік 
материалдарға  ерекше  талаптар  қойылады.  Бұл  талаптарға  өрнектің  көркемдік 
қызметі 
мен 
өрнек 
формаларының 
шығармашылық 
мүмкіндіктерін 
көркемдікпен  стилизациялау  түрлерін  меңгеру,  үлгілерді  ұсыну  мен  арнайы 
тапсырмалар беру кіреді.  
5.  Өрнек  өнеріндегі  көркем  шығармашылық  тапсырмалар  студенттердің 
теориялық  білімдерінің  жоғары  сатысына  сай  келеді,  сондықтан   да  білім  мен 
іскерлікті  өрнек  өнерінде  көркемдікті  табуға  пайдалана  білуі  керек.  Бірақ  та 
студенттердің  өрнек  өнеріндегі  көркем  шығармашылық  əрекеттері  жекелеген 
элементтерді стилизациялау ертерек кезеңдерінде де кездесуі мүмкін.  
Өрнек  өнеріндегі  осындай  тапсырмалар  түрлерін  олардың  көркемдік 
бағытына  қарай  жекелеп  қарастырайық.  Бірінші  деңгейге  кіретін  барлық 
тапсырмалар  көркемдік  образы  толық  емес  өрнек  түрлерін  берілген  тақырып 
бойынша  графикалық  моделдеу,  яғни  коп  вариантты  көркемдік  əрекет 
(комбинаторлық)  таңдауға  мүмкіндік  береді.  Екіншіден,  өрнек  өнерінде 
ұсынылған көркемдік тапсырмаларды əр түрлі өрнек элементтерінің жекелеген 
бөлімі  үшін  графикалық  іскерлікті  қалыптастыру,  бекіту  жəне  алған  білімді 
жаңа  жағдайда  қолдау  мақсатында  пайдалануға  жағдай  жасады.  Студенттерді 
өрнек  өнеріндегі  шығармашылық  іс-əрекетке  оқыту  барысында  қалыптасатын 
көркемдік  ойлау  сапасы,  одан  күрделі  деңгейлердегі  көркем  шығармашылық 
тапсырмаларды  шешу  барысында  қолданылады.  Сонымен  қоса,  өрнек 
өнеріндегі көркем шығармашылықты меңгеру техникалық іскерлік пен арнайы 
мақсат қойылатын іс-əрекеттердің элементтері бар тапсырмалар жатады.  
Біздің  пікірімізше,  ұлттық  өрнек  өнеріндегі  көркем  шығармашылықпен 
оқытып-үйрету,  əдіс-тəсілдерін  қалыптастыруды  шартты  түрде  мынадай  төрт 
топқа бөлуге болады:  
-
 
нақтылы шығармашылық іс-əрекеттің құрылымын сипаттайтын; 
-
 
нақтылы шығармашылық іс-əрекеттің əдістемесін ашып көрсететін;  
-
 
оқытудың  көркем  шығармашылық  пайымдауын  жəне  оған  деген 
қабілетті дамытуға байланыстар;  

 
46 
-
 
студенттер  өрнек  түрлерінің  жекелеген  элементтерін  таба  білу 
əдістемесіне өрнек мазмұнына арналғандар; 
1.  Студенттердің  өрнектерді  стилизациялау  процесінде  үш  негізгі  кезеңді 
бөліп көрсетуіміз керек: 
а)  идеяны  сезіну  жəне  негіздеу  студенттерге  өрнек  өнеріндегі  бұрыннан 
белгілі көркемдік əдіс-тəсілдерді қайталап келіп, жаңа ерекшеліктерді меңгеру 
қабілетін дамытумен ерекшеленеді;  
ə)  өрнекті  стилизациялауды  образды  қабылдау  мұнда  өрнектерді 
стилизациялау  түрлі  көркемдік  əдіс-тəсілдер  арқылы  іс  жүзінде  асырылдаы. 
Студенттер  өрнектердің 
тақырыптарына 
қатысты  түрлі 
образдарды 
күрделендіре  түсіп,  оның  мақсатын,  шартын,  көркемдік  ерекшелігін  анықтау 
əрекеті қалыптасады;  
б)  өрнектерді  (белгілі  тақырып  бойынша),  стилизациялауға  практикалық 
жұмыс  істеу  студенттердің  ізденімпаздығы,  нақтылы  шығармашылыққа 
ұлысып,  жаңа  өрнек  күрделі  көркемдік  пен  стилизация  пайда  болады.  Яғни, 
өрнек өнерінде шығармашылық қалыптасалды.  
2. Өрнектерді стилизациялауда образдың (көркем ойлаудың) айқын көрініс 
тапқан  нəтижесі  болады,  бірінші  кезеңде  ол,  ойға  қонымды,  ұғымды  жəне 
қабылданған  идея  тапсырма  болып  табылады;  екіншісінде  –  идеяны  іс-
тəжірибе  жүзінде  іске  асыру  мүмкіндігіне  дейін  жеткізу;  үшіншісінде  – 
образды ойды шығармашылықпен шешімді талдау жəне дамыта түсу.  
3.  Өрнектерді  көркем  шығармашылықпен  стилизациялаудың  əрбір 
кезеңіндегі  процестердің,  оның  нəтижесінің  ықпалы  тиген  ерекшеліктері 
болады. 
4.  Студенттердің  түрлі  өрнектерді  стилизациялауда  щығармашылық  іс-
əрекеттерге  кірістіріп  қосуды,  олардың  шығармашылыққа  даярлығы  мен 
интеллектік  белсенділік  деңгейін  ескере  отырып,  көркем  шығармашылық 
процестің əрбір дара кезеңінде жүзеге асыруға болады. 
Алайда  осы  аталған  дəлелдеулер,  көркем  шығармашылық  процесс  деп 
шығармашылықтың  толық  циклін,  яғни  қажеттіліктің  көрініс  табу  сəтінен 
бастап  (өрнек  элементтерінің  образды  стилизациялауын  сезіну  жəне  идеяны 
қабылдау),  оны  шығармашылық  іс-əрекетке  асырғанға  дейінгі  жоғарыда 
аталған  барлық  негізгі  төрт  кезеңі  қабылданған  жағдайда  ғана  іске  асыруға 
болады.  Бұл  студенттердің  алған  теориялық  білімі  мен  шығармашылық 
қабілетін педагогикалық пратикада іске асыруға өте қажет.  
Ұлттық  өнердегі  өрнек  өнерінің  шығармашылық  дамуын  студенттердің 
шығармашылық іс-əрекетке процеске деген елеулі түрдегі ынта-ықылас, қазіргі 
кездегі  ұлттық  өрнек  өнерінің  танымдық  қызметін  қалыптастыру  жəне  осы 
мақсатта  көркем  шығармашылықты  меңгерудің  проблемалық  əдістемелерін 
кеңінен  қолдану  арқылы  көрініс  беруде    [9,  10,  11].  Ұлттық  өрнек  өнерінің 
бейнелеу  өнеріндегі  басқа  жанрлардан  басты  айырмашылығы  оның  өзіндік 
бейнелеу əдісі (метод) атқаратын қызметі, көркемдеу тəсілдері мен құралдары 
бар.  Мəселен,  өрнек  өнерінің  негізгі  көркем  шығармашылық  əдісі 
романтикалық  дəріптеу  (идеялизация)  мен  күрделі  көркем  жинақтау 
(типизация)  болып  табылады.  Рас  жинақтау  əдісін  біз  стилизация  деп 

 
47 
дəлелдейміз.  Себебі  стилизация  -  əрбір  өрнектің  даралығы  деген  сөз.  Олай 
болса  өрнек  өнерінде  əрбір  өрнек  элементінің  көркем  стилизациялануы  – 
қайталанбас тұлға, образ.  
Мəдени-этникалық  білім  студенттерге,  бəрінен  бұрын  мынадай 
қасиеттерді:  жеке  маман  иесінің  серіктігін,  шығармашылық  ойдың 
байсалдылығын,  қарым-қатынастардың  байланысын,  сезімдердің  тез  өзгеруін 
қалыптастырады.  
Өрнек  өнерінде  көркем  шығармашылыққа  студенттерді  оқытудың  моделі 
өрнек  өнерінде  көркем  шығармашылыққа  қойылатын  талаптарды  орындау 
тəсілдерін  білу  ғана  емес,  оған  қоса  көркемдік  ойлау  қабілетінің 
ерекшеліктерімен,  образды  өрнек  элементтерін  ойша  моделдей  білуді 
анықтайды.  Бəрінен  бұрын  бұған  себеп  интеллектуальді  ойлау  жағына 
талаптың туу жəне шығармашылық қабілеттің өсуі, яғни образды өрнек өнерін 
ойша  моделдеуге  дағдылануы,  өрнек  формаларын  өзгертуге  жəне  осы 
образдарды игеру барысында көркемдікпен елестетуге қалыптасуы.  
Соңғы  кезеңдерде  ғылыми-педагогика  саласының  екпінді  дамуы  ұлттық 
өнер  дəстүрінде,  білім  беру  саласының  күрделенуі,  оқыту  материалдарының 
əдіс-тəсілдерінің 
жаңаруы, 
оқытудың 
ғылыми 
əдістемелік, 
жаңа 
шығармашылықтардың  пайда  болуы,  əртүрлі  мамандық  саласындағы  аса  мол 
қуаттардың  шоғырлануы,  мұның  барлығы  студенттерге  өрнек  өнеріндегі 
шығармашылық  іс-əрекетті,  ғылыми  əдістемелік,  шығармашылық  деңгейінде 
оқыту талап ететін даусыз.  
Болашақ мамандар бұл талаптарға сай келуі үшін жоғары оқу орындарында 
кəсіби  білімді,  көркем  шығармашылық  іс-əрекеттің  танымдық  жəне  іс-
тəжірибелік мəселелерін моделдейтін жоғары кəсіптік білім беру стандарттары 
арқылы  көлемді  теориялық  жəне  іс-тəжірибелік  жаңа  оқыту  əдістемелерін 
іздестіруді қажет етеді.  
Соңғы жылдары студенттерді өрнек өнеріндегі шығармашылық іс-əрекетке 
оқытудың теориясы мен практикасын зерттейтін педагогикалық еңбектер шыға 
бастады.  
Педагогикалық  зерттеулер  нəтижесінде  теориялық  əдіснамалық  негіз 
қаланды  (В.В.Краевский,  В.Оконь,  М.Н.Скаткин,  Н.Д.Хмель),  студенттердің 
кəсіби  бағытталуын  қалыптастырудың  педагогикалық  негіздері  қалыптасты 
(Л.А.Ивахнова).  
Бүгінгі  кезеңде  ұлттық  бейнелеу  өнерін  оқытып,  үйрету  анықтап  айтсақ, 
шығармашылық 
іс-əрекеттердің 
түрленуі, 
жанрлық 
пайымдаулық 
құрылымының  соны  мүмкіндіктерін  іздеп  табуға  деген  танымсыз  əрекет, 
толассыз қарбалас еңбек қажет.  
Халық  мұрасындағы  ұлттық  бейнелеу  өнерін  тану  ғылымының  осал 
буыны,  жете  зерттелмеген  объектісі  ұлттық  ою-өрнектердің  стилизациялануы 
мен түрлі реңктердің шығармашылық танымының қалыптасуы.  
Студенттерге  қазіргі  ұлттық  бейнелеу  өнерін  оқытып,  үйрету  бағдарына 
назар  аударғанда,  көркемдік  формалардың  баюын,  шеберлік  əрекеттердің 
(бейнелеу,  ажарлау,  əсерлеу,  құбылту,  даралау,  айшықтау,  жинақтау  т.б.) 
көркемделуін  атау  қажет.  Сондықтан  да  өрнектердің  стилизациялануы  мен 

 
48 
түрлі  реңктердің  танымдық  үлгілері,  шығармашылық  əдістемелік  тұрғыда 
талдана отырып дамуы керек.  
Каталог: repository -> repository2014
repository2014 -> Қазақ топонимдерінің этнолингвистикалық ЖҼ не танымдық ТҦ РҒыдан к
repository2014 -> Г.Ә. Мұратова Астана қ., Қазақстан Ғалым а. Сейдімбек зерттеулері – этнолингвистиканың
repository2014 -> Сборник материалов VIІІ международной научной конференции студентов и молодых ученых «Наука и образование 2013»
repository2014 -> ҚАйымның МҰрасы қалай жинақталды?
repository2014 -> Абай және көркем аударма мәселесі Г. Ж.Қасымова
repository2014 -> Заңғар Абайдың зиялы зерттеушісі А. Ж. Шәріп
repository2014 -> Ежелгі түркі – моңҒол мифтеріндегі рәміздік бейнелер шамахай С. Астана қ., Қазақстан
repository2014 -> «ҚОҒам қайраткері марат оспановтың саяси келбетін зерттеудегі кейбір аспектілер»
repository2014 -> Қазіргі отбасының психологиялық МӘселелері жорабекова Д. А. ғылыми жетекшісі пс.ғ. к. Айтышева А. М


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет