Қазақстан республикасы білім жәНЕ



жүктеу 4.75 Mb.
Pdf просмотр
бет21/33
Дата24.03.2017
өлшемі4.75 Mb.
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   33

 

ӨЗБЕК ХАЛЫҚ ЕРТЕГІЛЕРІ 

 

 

 

 



245

 

 



ТАХИР мен ЗУХРА 

 

Бар  екен  де  жоқ  екен,  өткен  бір  замандарда  патша 



өмір  сүріпті.  Бірақ  оның  балалары  болмапты.  Бір  күні, 

қайғырып  отырған  патшаға  уәзірі  келіп:  -  О  құдіретті 

патша,  неге  көңіл-күйсіз  отырсыз?  Байлығыңыз  тасып 

тұр,  несіне  қайғырасыз?-  деп  сұрайды.  Патша:  -  Өзім 

патша  болсам  да,  байлығым  көп  болса  да,  перзент 

көрмей өмірден өтетін болдым, – деп жауап береді. 

Уәзірі  ауыр  күрсініп,  патшаға  өзінде  де  бала  жоқ 

екенін  айтады.  Сөйтіп  екеуі  де  қайғырып,  жылап, 

әлемді  шарлауға  аттануды  ұйғарады.  Патша  мен  уәзір 

бар мал-мүлкін тәрк етіп, қаладан шығып кетіпті. 

Екеуі азды-көпті жол жүреді. Сөйтіп жүріп күндердің 

бір  күні  қоршалған  керемет  бақтың  қасына  келіп 

жетеді.  Қабырғаның  жанымен  жүріп  кіретін  есікті 

таппады.  Ал  бақтың  ішінде  раушан  гүлдер  гүлдеп, 

бұлбұлдар  әндетіп,  түрлі  шөптер  мен  гүлдердің  иісі 

мұрын  жарып  тұр.  Ағаштардың  түбінде,  көлеңкеде 

кілемдер,  ал  шөптің  үстінде  түрлі  жастықтар  жатыр 

екен. Бұл бақта адам көзін жұмса өз қайғысын ұмытады 

екен. Әйтеуір екеуі кіретін есікті тауып, кілемнің үстіне 

отырды.  Бір  уақытта  олардың  алдында  ақ  шапандағы 

ақ  сақалды  қария  пайда  болды.  Ол  жақындап  келіп:  - 

Әй,  балаларым,  мұнда  не  істеп  жүрсіңдер?  -  деп 

сұрайды.  

Патша  пен  уәзірі  орындарынан  ұшып  тұрып, 

қарияның  алдында  бас  иеді.  Содан  соң  бір-біріне 

қарайды да, ойларын жинақтап, әлгі қарияға өздерінің 

балалары  жоқтығы  жайлы  және  бар  байлықтарынан 

бас  тартып,  жер  шарлап  жүргендері  жайлы  баяндап 

береді.  


 

 

 

 

 

246 



 

 

Қария  оларды  мұқият  тыңдап,  қалтасынан  екі 



қызыл  алма  шығарды.  Біреуін  патшаға,  ал  екіншісін 

уәзірге  беріп:  -  Алыңдар,  шырақтарым!  Екеуің  өз 

алмаларыңды 

сүйікті 


жұбайларыңмен 

жеңдер. 


Жұмыстарыңды тастамай, қайта оралыңдар және адал 

өмір  сүріп,  ақылмен  ел  басқарыңдар,  халықтарыңды 

ренжітпей,  өз  елдеріңе  қамқор  болыңдар.  Тағы  бір 

шартым  бар:  кімде  ұл  туылса,  соның  есімін  Тахир,  ал 

қыз  болса  Зухра  деп  атаңдар.  Балалалық  шағында 

оларды  ажыратпаңдар,  ал  есейгенде,  үйлендіріңдер. 

Осыны естеріңе сақтаңдар – дейді. Қария кетіп қалады, 

ал  патша  пен  уәзір  бір-біріне  таң  қала  қарап: 

«Қарияның  дегені  болсын!»  -  деген  шешімге  келеді. 

Олар  үйлеріне  қайта  оралып,  бәрін  дәл  сол  қария 

айтқандай  жасайды.  Күн  артынан  күн,  ай  артынан  ай 

өтіп,  уақыт  зымырап  жатты.  Патша  пен  уәзір 

қуаныштан  естерін  жоғалтып,  күні-түні  көз  ілмей, 

тұңғыш балаларын күтіп жүрді. Бір күні екеуі жиналып, 

аң аулауға шықты. Үш күн өткен соң уәзірдің әйелі ұл, 

ал  патшаның  әйелі  қыз  туды.  Патшаның  артынан 

қуғыншы  жіберіп,  қуанышты  жаңалықты  жеткізді.  –  О 

құдіретті  патша,  сыйлығыңызды  дайындай  беріңіз. 

Сіздің  әйеліңіз  қыз  туды,  -  деді  қуғыншы.  Содан  кейін 

уәзірге қарап: - Сіз де сыйлық беріңіз. Сіздің әйеліңіз ұл 

туды!  -  деді.  Патша  қатты  ашуланып  кетті.  Ол  үнемі 

ұлды  болуды  армандайтын.  Ашудан  есін  жоғалтып,  ол 

қуғыншыға  ақ орамалын  лақтырып:  -  Қызды  өлтір  де, 

оның  қанына  орамалды  былғап,  маған  әкел!  -  деп 

айқайлады.  Ал  уәзір  болса  қуаныштан  атқа  міне 

салысымен,  үйіне  қарай  шауып  кетті.  Дәл  үйінің 

алдына келіп жеткенде жылқы шалынып құлады, уәзір 

болса  ер-тоқымнан  ұшып  кетті  де,  басын  тасқа  соғып, 

сол сәтте-ақ өмірмен қош айтысты. Уәзірдің әйелі үшін 

ауыр күндер басталды. Жылап, қайғырып ол өзінің әке 



 

 

ӨЗБЕК ХАЛЫҚ ЕРТЕГІЛЕРІ 

 

 

 

 



247

 

 



көрмей, жетім қалған баласын тәрбиелей бастады. Күн 

артынан  күндер,  ай  артынан  айлар,  жыл  артынан 

жылдар  өте  берді.  Бала  есейіп,  далаға  жүгіріп  шыға 

беретін болды. Бір күні оны патша байқап: - Бұл кімнің 

баласы?  -  деп  сұрады  өзінің    жаңа  уәзірінен.  Уәзір 

орынан  тұрды  да  иіліп:  -  О  әмірші,  бұл  бала  сіздің 

қайтыс  болған  уәзіріңіздің  ұлы  -  Тахир.  Егер  сіздің 

қызыңыз тірі болса, ол да осы баланың жасында болар 

еді, - деп жауап берді. Осы сөздерді естіген патша қатты 

өкініп,  өз  басын  ұрып:  -  Бағым  жанбағаны-ай! 

Қызымды  өлтіруді  несіне  бұйырдым!  -  деп  жылады. 

Уәзір патшаға ештеңе айтпады, алайда дәл сол күні ол 

әйелдер  арасына  барып,  бір  күңнен:  -  Патшаның 

қызына  не  болды?  -  деп  сұрады.  –  Патшаға  айта 

көрмеңіз, қыз тірі, -деп жауап берді күң. 

Ол  ендігі  бой  жетіп,  сұлу  аруға  айналды.  Уәзір 

патшаға жүгіріп барып: - О әмірші, мені аяй көріңіз, мен 

сізге  қуанышты  жаңалық  айтамын!  -  деді.  –  Айт!  -  деп 

жауап  берді  патша.  –  Қайғырмаңыз,  әміршім,  сіздің 

қызыңыз  тірі,  -деді  ол.  Патша  қуанып  кетті  де:  -  Оны 

маған  алып  келіңдер!  –деп  бұйырды.  Қызды  әкеліп, 

патшақа  көрсетті.  Патша  өзінің  қызын  еркелетіп, 

қырық күн ойын, қырық түн тойын жасауын бұйырды.  

Сол  аралықта  Тахир  ештеңені  ойламай  есейе  берді. 

Бір күні ол есік алдында ойнап отырған еді, қолындағы 

таяғы күн шуағында отырған кемпірдің ұршығына тиіп 

кетеді. Кемпір  қатты  ашуланып:  -  Әй, Тахир  -  жетімек! 

Менімен ойнағанша, өзіңнің Зухраңмен ойнамайсың ба! 

-  деді.  Тахир  кемпірге  жүгіріп  келіп,  оның  қолдарын 

ұстап алды.  –  Әже, сіз Зухра жайлы  айттыңыз ба! Неге 

олай айттыңыз? - деп сұрады. – Қолымды жібер, жетім 

бала! Жібер деймін!  - Айтыңызшы, әжетай  - деп өтінді 

Тахир.  Кемпір:  –  Өз  анаңнан  барып  сұра,  -  деді.  Тахир 


 

 

 

 

 

248 



 

 

дәл  солай  істеді.  Анасына  келіп:  –  Менің  Зухрам  кім? 



Шындықты айт! – деді. Анасы: - Сенің білмегенің дұрыс 

еді, бірақ айтайын, - деді. Сөйтіп, анасы Тахирдың әкесі 

мен  патшаның  ұзақ  уақыт  бойы  баласыз  болғаны 

жайлы,  олардың  бір-біріне  құда  болуға  келіскендігі 

жайлы, біреуінде қыз, ал біреуінде ұл туылғаны жайлы 

және Тахирдың әкесі дәл ұлы туылған күні аттан құлап, 

қайтыс  болғандығы  жайлы  айтып  берді.  Енді  саған 

Зухраны бермейді, - деді анасы. – Ол - патшаның қызы, 

ал  сен  -  жетім-кедейсің.  –  Жарайды,  анашым,  мен 

осыны ғана білгім келді. 

Сол  күннен  бастап  Тахир  Зухрамен  ойнай  бастады. 

Күн  артынан  күндер  өтіп,  екеуі  де  есейіп,  мұғалімге 

бара  бастады.  Бірақ  Тахир  оқудың  орнына  үнемі 

Зухрамен  әңгімелесе  беретін.  Мұғалім  патшаға  барып, 

шағым  айтты.  –  О,  құдіртті  патша,  не  істейміз?  Тахир 

сіздің  қызыңызға оқуға мұрша  бермейді! Патша қатты 

ашуланып:  -  Олардың  арасына  қабырға  орнатыңыз!  - 

деп бұйырды. Мұғалім патшаның бұйрығын орындады. 

Бірақ  Тахир  сол  күні  ақ  қабырғаны  тесіп,  Зухрамен 

әңгімелесуін жалғастыра берді. Тахир мен Зухра бірде-

бір  күнін  де  бір-бірінсіз  өткізе  алмайтын.  Ал  олар 

есейгенде,  олардың  жүрегінде  махаббат  оты  жанды. 

Оны  патша  білген  соң,  ашуланды.  Өзіне  ұсталарды 

шақыртып:  -  Сандық  жасаңдар!  Тахирды  біз  сандыққа 

салып, суға лақтырып, ағызып жібереміз - деді. 

Мұны  естіген  Зухра  көп  алтынды  жинап  алып:  - 

Алтынды  алыңдар!  Жетпей  жатса  тағы  сұраңдар!  Тек 

сандықты су өтпейтіндей қатты, ауа жететінде кең етіп 

жасаңдар! Байғұс жетім кішкене болса да өмір сүрсін,  - 

деп  көз  жасымен  өтінді.  Ұсталар  Зухраны  аяп,  жұбата 

бастады. – Егер сандық сіздің айтқаныңыздан да жақсы 

болмаса, алтыныңызды өзіңізге қайтарамыз! 



 

 

ӨЗБЕК ХАЛЫҚ ЕРТЕГІЛЕРІ 

 

 

 

 



249

 

 



Сөйтіп  олар  жұмысқа  кірісті.  Кейіннен  патшаға 

сандықтың  дайын  екендігін  айтты.  Зухра  бетін 

орамалмен  жауып,  көріп  келуге  кетті.  Расымен  де 

сандық  күткеннен  де  жақсы  болып  шықты.  Ертесіне 

патша  қала  мен  қыстақ  адамдарын  шақырту  үшін 

жаршыны  жіберді.  Халық  орталыққа  жиналды. 

Сарайдан  патша  шығып:  -  Біз  Тахирды  өлім  жазасына 

кестік. Бүгін оны сандыққа салып, суға жібереді. Су оны 

қалаған жағына ағызып, әкетсін! Адамдар Тахирды аяп 

кетті,  алайда  патшаның  қаһарынан  қорқып,  ешкім 

ештеңе айтпады. 

Ерлер  мен  әйелдер,  қариялар  мен  балалар  -  бәрі 

судың  жағасына  жиналды.  Қайғыдан  қан  жұтып, 

Тахирдың  анасы  келді.  Су  жағасындағы  құмға  құлады 

да, көздерінен ащы жас ақты.  

Халық айқалап, қобалжи бастады: - Ананың көз жасы 

патшаның  басына  тисін!  -  Осы  уақытқа  дейін  ешкім 

сүйген  үшін  жазаламаған!  -  Мұндай  іс  ешқашан 

кешірілмейді! 

Осы  сәтте  жаршы  Тахирды  жендеттер  әкеле 

жатқанын  айтты.  Айқай  басылып,  халық  жас  жігіттің 

алдында  екіге  бөлінді.  Тек  байқұс  ана  ғана  басын 

көтеріп:  -  Тым  болмаса  соңғы  рет  қарауға  мұрша 

беріңіздер! - деп айқалады. 

Тахирды  анасына  қарай  әкелді.  Баласын  көз 

жасымен  құшақтап,  басымен  тізесіне  жабысып, 

айқалады да өліп қалды.  

Халық  арасында  айқай-шу  басталды.  Жендеттер 

Тахирды тез ұстап алды да, сандыққа салып жіберді. Ол 

сандықтың  ішінен  өз  ғашығы  Зухрамен  қоштасып, 

мынандай бәйітті айтыпты: 

Тахир: 


Мен кетемін көріп қал, 

 

 

 

 

 

250 



 

 

Арқаннан керіп қал. 



Сағынғанда жыларсың, 

Қарам өшпей көріп қал. 

Зухра: 

Су ағар сылдар-сылдыр, 



Сүйгенім қызыл гүл-дір. 

Сүйгеніме бермесе, 

Өлгенім осы күн-дір. 

Тахир: 


Су келер әсте-әсте, 

Сенгенім темір тақта. 

Сенен басқа жар сүйсем, 

Қан жұтайын лахта-лахта. 

Зухра: 

Су келер тас үстіне, 



Орамалым қас үстінде. 

Тахир есіме түссе, 

Жылаймын ас үстінде. 

Тахир: 


Су келер інжудейін, 

Көпіріп тасқан сайын. 

Сенен өзгені жар десем, 

Қанжарға шаншылайын. 

Осылайша  Тахир  Зухрамен  қоштасып  болған  сәтте 

жендеттер  сандықты  жауып,  суға  ағызып  жіберді.  

Тахир  ұзақ  жүзеді.  Күнді  түн,  түнді  күн  алмастырып 

отырды.  Ақыр  соңында  сандық  Рум  қаласына  жүзіп 

жетті. Ал румдық патшаның екі қызы бар еді. Сол күні 

олар өз қызметшілерімен өзенге барған еді, қараса суда 

сандық ағып бара жатыр екен.  

Сандық жақындап келіп жетті. Үлкен қызы суға түсіп 

сандықты  алмақшы  болда,  бірақ  қолынан  келмеді. 

Оның  соңынан  кіші  қызы  да  суға  түсті.  Өзінің  ұзын 

шаштарын  лақтырды  да,  сандықты  іліп  алып,  жағаға 


 

 

ӨЗБЕК ХАЛЫҚ ЕРТЕГІЛЕРІ 

 

 

 

 



251

 

 



қарай  тартып  алды.  Осы  кезде  екі  қыз  тапқан  олжаға 

таласа  бастады.  Сөйтіп  екеуі  мынадай  шешімге  келді: 

үлкен  әпкесі  сандықты  алатын  болды,  ал  кішісі 

сандықтың  ішіндегісін  алатын  болды.  Олар  сандықты 

ашты  да,  керемет  жас  жігітті  көрді.  Оның  қара 

шаштары  иығында  бұйраланып  тұрды,  қастары 

жіңішке,  ал  көздері  оттай  жанып  тұр  еді.  Мұндай  сұлу 

кез  келген  патшаның  қызына  лайық  болатын.  Оған 

қарап  екі  қыз  тағы  да  таласа  бастады:  -  Оны  мен 

аламын!  -  Жоқ,  мен!  Ал  кішісі:  -  Жоқ,  ол  сандықтың 

ішінде болғандықтан менікі. Оны ешкімге бермеймін! - 

деді. Сол сәтте патшаның қызметшілері жүгіріп келіп: - 

О әмірші, сіздің қыздарыңыз судан сандық ұстап алды. 

Ал  сандықты  ішінен  өте  сұлу  жас  жігітті  тауып  алды. 

Сіздің  кіші  қызыңыз  оған  тұрмысқа  шыққысы  келеді. 

Одан асқан күйеу баланы таппайсыз! - деп хабарлады. 

Патша  өз  қызметшілеріне  сыйлық  беріп,  өзі 

уәзірлерімен бірге судың жағасына қарай жүгіріп келді. 

Қараса,  жас  жігіт  оған  айтқаннан  да  керемет  сұлу 

болып  шықты!  Патша  Тахирды  туған  баласындай 

қабылдап,  көп  ұзамай  кіші  қызына  үйлендірді.  Той 

қырық күн мен қырық түн бойы жалғасты.  

Патшаның  қызы  Зухрадан  асқан  сұлу  еді.  Алайда 

Тахир  өзінің  Зухраға  берген  сөзін  есінде  сақтап  жүрді. 

Ол  патша  қызының  сұлулығына  қарағысы  да  келмеді. 

Оған  бір  сөз  де  айтпады.  Байқұс  қыз  түнімен  жылап, 

жаман  ойлар  ойлайтын:  «Ол  неге  мені  сүймейді? 

Неліктен  маған  бір  ауыз  сөз  айтқысы  да  келмейді?»  - 

деп, осы жайлы  Тахирдан сұрап білмекші болды, бірақ 

ол  жауап  бермеді.    Осылайша  қырық  күн  өтті.  Қырық 

бірінші  күні  Тахир  патшаның  қызына:  -  Өз  әкеңізге 

менің судың жағасына барғым келетіні айтыңыз, - деді. 

Бақыттан  басы  айналып,  ханшайым  әкесіне  жүгіріп 


 

 

 

 

 

252 



 

 

барды. - О, әмірші, менің әкем!  - деді  қыз, Тахир маған 



сөйледі. Ол судың жағасында отырып қайтқысы келеді 

екен, - деді.  

Патша  жақсы  хабарды  естіп,  қуанып  кетті.  Сөйтіп 

судың  жағасында  тойламақшы  болып  шешті.  Көбісі 

судың  жағасына  көңіл  көтеру  үшін  келді.  Биік 

жағалауда  Тахирге  жұмсақ  кілем  төсеп,  сирек 

кездесетін тағамдар әкелді.  

Көп  ұзамай  Тахирдың  өзі  де  келді.  Оның  түрі 

қайғылы  еді.  -  Менің  күйеу  баламның  күлгенін  кім 

көрсе  соған  көп  алтын  беремін!  -  деді  де  патша 

уәзірлерімен  сарайға  қайта  оралды.  Алайда  Тахир 

үндемей өзенге қарап отыра берді. 

Ол осында әзірше отыра берсін, ал сіздер енді Зухра 

жайлы тыңдаңыздар. 

Тахирмен  айырылысқан  соң  ол  ұзақ  қайғырды.  Ал 

кейіннен  зұлым  әкесі  оны  бір  патшатың  баласы  Қара-

батырға тұрмысқа берді. Сол сәттен бастап оның өмірі 

қара  түнекке  айналды.  Күн  артынан  күндер  өте  берді. 

Бір  күні  Зухра  түс  көрді.  Зухра  өзінің  бір  бақта 

Тахирмен  қыдырып  жүргенін  көрді.  Зухра  қатты 

жылап,  оянып  кетті.  «Бәлкім  менің  сүйіктім  тірі 

шығар?- деп ойлады ол.  - Тым  болмаса біреу бір хабар 

берсе ғой ол жайлы!». 

Келесі  күні  Зухра  алтынын  жинап  алып,  керуен-

сарайға  аттанды.  Бар  алтынын  керуен-басына  беріп:  - 

Сіз  түрлі  елдерге  барып,  түрлі  адамдарды  көресіз! 

Маган  Тахирды  тауып,  одан  бір  хабар  әкеліңізші.  Тым 

болмаса  ол  тірі  ме  соны  біліп  беріңізші!  -  деп  өтінді.  - 

Жақсы!  -  деп  келісті  керуен-басы.  Ол  өз  түйесіне 

отырды да, жолға аттанды. 

Ол  ұзақ  жүрді,  барлық  қалалар  мен  ауылдардан 

Тахирды  іздеді,  алайда  таба  алмады.  Бір  күні  керуен-

басы  судың  жағасына  келіп  жетті.  Қараса  -  биік 


 

 

ӨЗБЕК ХАЛЫҚ ЕРТЕГІЛЕРІ 

 

 

 

 



253

 

 



жағажайда  келбетті  жас  жігіт  отыр,  ал  айналасында 

халық көңіл көтеріп жүр.  

«Мен өлең айтайын! Бәлкім, Тахир осында шығар», - 

деп ойлады керуен-басы. Сөйтіп былай деп әндетті: 

Мен келдім керуен болып, 

Керуенге басшы болып, 

Тахиржанды жоғалтып, 

Жүрмін таң қалып? 

Бұл өлеңді есіткен Тахир өз атын естіп, күліпті. Оны 

аңдып  жүрген  адамдар  патшаға  сүйінші  сұрауға 

жүгіріпті.  Басқалар  таң  қалыпты.  Тахир  керуен-басыға 

қарап, әндетіп жауап берді: 

Ей, түйе мінген жігіт, 

Артыңа қарап кет. 

Жаңа айтқан бәйітіңді

Тағы бір рет айтып кет. 

Керуен-басы: 

Тахир деген сенбісің, 

Зухраны танимысың? 

Зухрадан келсе хабар, 

Орныңнан тұрамысың? 

Керуен-басы  әндетіп  болғаны  сол  еді,  Зухраның 

есімін  естіген  Тахир  орнынан  атып  тұрып,  түйенің 

мойнынан құшақтады  да жас толған көздерімен қарап 

тұрып:  -  Мені  Зухраға  апаршы,  бір  рет  болсын  оны 

көрейін!  -  деп  жалыныпты.  Керуен-басы  сөз  бастап:  - 

Зухраны  Қара-батырға  тұрмысқа  берді.  Енді  оны 

көргеннен  не  пайда?  Оған  қоса  сізде  осында  қаншама 

уақыт тұрып келесіз, бәлкім сіз де үйленген шығарсыз. 

Несіне  оған  барамыз?  Одан  да  осында  қалыңыз!  Мен 

жай ғана сіздің өлі, не тірі екеніңізді білуге келгенмін - 

дейді.  


 

 

 

 

 

254 



 

 

Сонда  Тахир:  -  Мені  бұл  жерде  патшаның  қызына 



үйлендірді!  Тойымнан  бері  қырық  күн  өтті,  бірақ  мен 

әйеліме  бір  сөз  айтпадым,  тіпті  оған  қарамадым  да. 

Мені Зухраға жеткізші, - деп өтінеді.  

Керуен-басы  жол  беріп:  -  Жақсы,  келістім.  Бірақ 

алдымен әйеліңізбен барып қоштасып келіңіз. Ол сізге 

сүйіп қосылды ғой, оны ренжітудің қажеті жоқ, – деді. 

Тахир  сарайға  барды  да,  бір  аяғымен  бөлмеге  кіріп, 

екіншісін табалдырықтан асырмай:  

Е, патшаның қызы!  

Менің сізге деген алғысым шексіз. 

Зухрадан хабар келді, 

Рұқсат беріңіз маған, - деді. 

Қадиша: 

Су келер сызыққана, 

Қолымда жүзік қана. 

Алыстағы Зухрахан, 

Біздерден артық па еді?! 

Тахир: 


Су келер сызықпенен, 

Қолымда жүзік қана. 

Алыстағы Зухрахан, 

Сіздерден  артық  қана,  -  деп,  Хадишамен  қоштасып 

Тахир иіліп, бөлмеден шығып кетті. Қыз жылаған күйі 

қалыпты. 

Сол сағатта керуен-басы екеуі түйеге мінді де, жолға 

шықты. Олар ұзақ жүрді. Үш жолдың қиылысына жетті 

де  тоқтап  қалды.  Бірі:  «Барса-келмес»  екен,  екіншісі  – 

«Барса-қауіпті», үшіншісі – «Барса-келер» екен. Керуен-

басы  қай  жолды  таңдарын  білмей,  ойланып  қалды.  - 

Тіке жүре берейік. Қауіпті болса да, есесіне Зухраға тез 

жетеміз,- деді Тахир. 

Сөйтіп  олар  алға  қарай  жүре  берді.  Біраз  уақыттан 

соң  олардың  алдынан  қала  шықты.  Ол  қаланың 


 

 

ӨЗБЕК ХАЛЫҚ ЕРТЕГІЛЕРІ 

 

 

 

 



255

 

 



адамдары  түрмеден  қашқан  екі  тонаушыны  іздеп  жүр 

екен.  Олар  керуен-басы  мен  Тахирды  көрді  де, 

тонаушылар  деп  ойлап,  аяқ-қолдарын  байлады  да, 

түрмеге тастады.  

Түрмеде  Тахир  күні-түні  қайғырды.  Зухраға  жетуге 

аз  қалған  еді,  бірақ  мына  мықты  қабырға  мен  темір 

есіктен  қалай  шығады?  Ұзақ  ойланып  жүріп,  Тахир 

мынадай шешімге келді: «Мені адамдар еститіндей етіп 

ән  саламын.  Бәлкім  біреу  мені  танып,  босататын 

шығар!» 


Сөйтіп ол ән салды: 

Мен өзімнің сүйгеніме бара жатыр едім, жол ұзақ! 

Күндіз күн жарқырап, ал түнде ай жарқырайтын. 

Қандай күнәм үшін мені түрмеге қамады? 

Зухра Тахирсыз жалғысырап жүр! 

Сөйтіп  ол ән  сала  берді.  Бір күні  оның  даусын,  бала 

кезінде Тахирмен бірге мектепте оқыған көпес таныды. 

-  Мынау  Тахир  ғой!  Одан  басқа  кім  осынша  уақыт 

Зухраны ұмытпай, сүйеді?! - деп қуанды ол. 

Көпес түрме күзетшілеріне барып, алтын берді де:  - 

Тахирды  босат!  Оның  ешқандай  күнәсі  жоқ.  Ол  тек  өз 

махаббаты үшін өмір сүреді, - деді. 

Түрме  күзетшілері  Тахир  мен  керуен-басына 

түйелерін  қайтарып,  босатты.  Тахир  көпеске  алғысын 

білдірді де, қоштасып, ары қарай жолға аттанды. Олар 

ұзақ  жүрді.  Бір  күндері,  азанда,  әйтеуір  өз  туған 

қаласына да жетті. Керуен-сарайдың алдында Тахир өз 

серігімен  қоштасып,  сарайға  қарай  кетті.  Тахир  сарай 

бағына ұрланып кіріп, Зухраны тауып алды. Ол бағалы 

кілем үстінде ұйықтап жатыр еді. Оны ояту үшін, Тахир 

жай дауыспен ән салды: 

Мен шақырамын: Оян! Уақыт келді! 

Мен таң атпай саған келдім. 


 

 

 

 

 

256 



 

 

Ал сен әлі ұйқтап жатырсың... Тезірек оян, 



Мені құшақта, Зухра! 

Сүйіктісінің  даусын  естіген  Зухраның,  жүрегі 

қуаныштан  соғып,  оянды.  Кілемнен  тұрып,  Тахирдың 

құшағына барып, қуаныш көз жасымен жылады. Сөйтіп 

құшақтасып,  екеуі  бақтың  түкпіріне  кетіп  қалды. 

Олардың  әңгімелері  таусылмады,  бір-біріне  қарады  - 

тоймады.  Сөйтіп  отырып  байқұстар  Қара-батырдың 

қарындасы  оларды  көріп  қойғанын  байқамады.  Ол 

ағасына жүгіріп барып: -Тахир келді, - деді. 

Ашуланып  Қара-батыр  патшаға  барып,  бәрін  айтып 

берді. Патша баққа жендеттерді жіберді. Олар Тахирды 

ұстап алды да балшыққа толы шұңқырға тастай салды. 

Келесі  күні  патша  өзінің  барлық  уәзірлерін  шақырды. 

Олар  Тахир  жайлы  ұзақ  ойланды.  Сөйтіп  оны  екіге 

шауып тастап, денесінің бөліктерін қала қақпасына іліп 

қоймақшы болды. 

Жаршылар  халықты  өлім  жазасына  шақыруға 

аттанды.  Халық  орталыққа  жиналды.  Зухра  да  келді. 

Бәрі жас жігітті аяп, патшаға ашуланды. 

- Тахир несіне қайтып оралды? - деп жатты халық. - 

Тахирды  оралтқан  өз  махаббаты,-  деп  жауап  берді 

басқалары.  -  Бірақ  осы  үшін  жазалауға  болады  ма? 

Мұндай патшаты қарғыс атсын! 

Күзетшілер  орталыққа  Тахирды  алып  келді. 

Баскесер  өзінің  қылышын  қайрады.  Халық  патшаты 

қарғап  жатты,  бірақ  ештеңе  істей  алмады.  Зухра  да 

әкесіне  қанша  жалынса  да,  тас  болып  қатқан  жүрегін 

жібіте  алмады.  Тахирды  жендет  ұстағанын  көргенде, 

Зухраның көзі қарауытып, жерге құлап түсті. 

Жендет  қылышын  алды  да,  Тахирды  екіге  бөліп 

шауып тастады. Ал жендеттерсол сәтте Тахирдың екіге 

бөлінген денесін қаланың қақпаларына іліп қойды.  


1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   33


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет