8-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
54. Пәндік нәтижелер бойынша 8-сыныптың соңында оқушылар:
білім мазмұны бойынша ұсынылған шығармалардың негізгі мазмұнын, авторлары туралы мағлұматты білуі;
оқылған шығарманың тақырыптық, идеялық негізін, мәтіндік, жанрлық сипатын білуі;
мәтінге жай және күрделі мазмұндық жоспар құруы;
мәтінді образға кіріп, жатқа оқи алуы;
шығармаға, шығарма кейіпкерлеріне мінездеме беріп, өз бағасын жүйелі, сауатты айта алуы;
әдеби туындыдағы көркем сөз қолданыстарын есте сақтап, сөздік қорына қосып, сөйлеу барысында қолдана білуі;
тақырыптас, идеялас туындылардың ортақ ерекшеліктерін анықтай, талдай білуі;
өтілген тақырыпты театр қойылымдарымен, кинофильм, деректі, тағы басқа теледидар туындыларымен салыстырып, өз көзқарасымен, алған әсері негізінде әңгімелеп бере алуы;
мәтінге немесе өтілген тақырыптың білімдік негізіне сауатты сұрақтар мен тапсырмалар дайындай алуы;
оқылған туынды және оның кейіпкері туралы проблемалық сұрақтарға ауызша, жазбаша ойтолғау түрінде жауап бере алуы;
жай жоспармен ұсынылған тақырыпқа шығарма жаза алуы;
белгілі бір тақырыпқа реферат, хронологиялық кесте, конспект жаза алуы;
бағдарламаға сәйкес 10-нан артық өлең мен (бұған поэмалардан үзінділер де кіреді), 8-ден кем емес прозалық туындылардан үзінділерді жатқа айта білуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |