Ќазаќстан Республикасы білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет14/64
Дата21.02.2022
өлшемі1.65 Mb.
#26039
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   64
Негізгі әдебиет: [1, 2, 3, 4, 5, 6, 8, 11, 13, 14, 16, 17, 18, 19, 20, 
21] 
Қосымша  әдебиет:  [35,  38,  39,  45,  46,  47,  48  Интернет 
материалдары 49, 53, 54, 55, 58] 


54 
 
 
9- 
шы  тақырып.  Әлеуметтік  жаңғыру  –  қоғамның  әл- 
ауқат тірегі 
 
Халықты  әлеуметтік  қорғау  мемлекеттің  экономикалық 
саясатының  өзекті  мәселесі  болып  табылады.  Оның  үстіне,  бұл 
өзін  әлеуметтік  мемлекет  деп  айқындаған  Қазақстан  үшін 
маңызды.  Әлеуметтік  бағдарланған  нарықтық  экономика 
мемлекеттің әлеуметтік мәселелерді шешу ісінде белсенді қызмет 
атқаруын  қажет  етеді.  Қазіргі  дүниежүзілік  экономикалық 
дағдарыс жағдайында бұл - өмірлік маңызы бар мәселе. 
2008  жылғы  6  ақпандағы  Қазақстан  Республикасы  Тұңғыш 
Президентінің  Қазақстан  халқына  Жолдауы: 
«Қазақстан 
халқының  әл-ауқатын  арттыру  –  мемлекеттік  саясаттың  басты 
мақсаты».  Адам  капиталын,  елдің  еңбек  қуатын  дамытудың 
стратегиясы.  Жұмыспен  қамтуды  қамтамасыз  етудің  жаңа 
стратегиясы, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықты жаңарту. 
Соңғы  уақыттарда  3,5  миллионнан  астам  адам  бюджеттен 
әлеуметтік 
төлемдер 
алады. 
Мемлекеттік 
әлеуметтік 
жәрдемақылар  төлеуге  арналған  жалпы  шығыстар  6,9  есе  (1999 
жылғы 25,8 млрд. теңгеден 2015 жылы 177,5 млрд  теңгеге дейін) 
өсті.  Жалпы,  тәуелсіздік  жылдары  ішінде  әлеуметтік-еңбек 
саласында  елеулі  табыстарға  қол  жетіп,  бұл  халықтың  өмір  сүру 
деңгейін  айтарлықтай  көтеруге  септігін  тигізді.  Кедейлік  деңгейі 
1996 жылғы 34,6%-тен 2015 жылы 2,7%-ке дейін төмендеді. 
Зейнетақы 
жүйесінің 
реформасы. 
Зейнетақы қорлары және олардың қызметі 
Елде  табыстары  төмен  жұртшылықтың  үлкен  бөлігін 
зейнеткерлер мен мүгедектер құрайтын. 
Қазіргі  уақытта  республика  бюджетінен  зейнетақы  1,9  млн. 
зейнеткерге  төленеді,  ал  оны  төлеуге  қажетті  шығыстар  2015 
жылы  918,4  млрд.  теңге  құрап,  1999  жылмен  салыстырғанда  9,3 
есе  өсті.  Оның  үстіне,  зейнетақылардың  орташа  мөлшері  9,4  есе 
(4179 теңгеден 39279 теңгеге дейін), ең төменгі зейнетақы 7,8 есе 
дерлік  (3000-нан  23692  теңгеге  дейін),  ең  жоғарғы  зейнетақы 
мөлшері  8,4  есе  (7256-дан  60947  теңгеге  дёйін)  көбейді.  Ал 
барлық зейнеткерлерге олардың еңбек өтілін есепке алмай 


55 
 
теленетін  базалық  зейнетақы  2016  жылы  11965  теңгеге  жетті. 
2016  жылғы  қаңтардың  1-іне  жеке  зейнетақы  шоттарының  саны 
9,5  миллион  немесе  1998  жылмен  салыстырғанда  (ол  кезде  -  үш 
миллион  шот)  3,2  есе  көп  болды,  зейнетақы  жинақтарының 
сомасы 5,8 трлн. құрады. 
1997 
жылы 
маусымның 
20-сында 
Қазақстан 
Республикасында  зейнетақымен  қамсыздандыру  туралы»  Заң 
қабылданды.  Зейнеткерлік  жасы  қайтадан  қаралып,  ер  адамдар 
үшін  -  63,  ал  әйелдер  үшін  58  деп  белгіленді.  Қазақстан 
Республикасының зейнеткерлік заңнамасына 2016 жылы сәуірдің 
06-сында  енгізілген  өзгертулер  мен  толықтыруларга  сәйкес,  2018 
жылдан  бастап  зейнеткерлік  жасы  әйелдер  үшін  жыл  сайын 
жарты жылдан  қосыла  отырып,  2027 жылға  дейін  63  жас  шегіне 
жеткенше  ұзартылатын  болады.  Мысалы,  1964  жылы  дүниеге 
келген  әйелдер  зейнеткерлікке  63  жаста,  ер  адамдармен  қатар 
шығады. 
Республиканың денсаулық сақтау жүйесінің дамуы 
«Қазақстан 2030» Стратегиясында азаматтардың денсаулығы 
Қазақстан  дамуының  басымдық  берілегін  негізгі  ұзақмерзімдік 
міндеттерінің  бірі  ретінде  айқындалды.  Халық  денсаулығының 
жай-  күйі  қоғамның  әлеуметтік  бағдарлануының 
және 
мемлекеттің  өз  аза-  маттары  алдындағы  жауапкершілігі  деңгейін 
сипаттайтын  әлеуметтік  кепілдіктерінің  негізгі  көрсеткіші  болып 
табылады. 
2009 жылдың қыркүйек айында Қазақстан Республикасының 
«Ұлт денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексі 
қабылданды. 
Қазіргі 
кезеңде 
ұлттық 
денсаулық 
сақтау 
саласы 
азаматтардың  денсаулығын,  өмір  сүру  ұзақтығы  мен  сапасын 
жоғары  деңгейде  ұстауды  қамтамасыз  етуге  бағытталған.  Осы 
мақсатта  және  ҚР  Тұңғыш  Президентінің  2010  жылғы  ақпанның 
1-індегі  «Қазақстан  Республикасы  дамуының  2020  жылға  дейінгі 
стратегиялық  жоспары  туралы»  Жарлығына;  ҚР  Тұңғыш 
Президентінің  2012  жылғы  желтоқсанның  14-індегі  «Қазақстан- 
2050 Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»; 
2014 жылғы қарашаның 11-індегі «Нұрлы жол - болашаққа бастар 
жол»  атты  Жолдауларына;  ҚР Тұңғыш  Президентінің  бес 


56 
 
институционалдық  реформаны  жүзеге  асыру  бойынша  «100 
нақты  қадам»  ұлттық  жоспарына  сәйкес,  денсаулық  сақтауды 
дамытудың  2016-  2020  жылдарға  арналған  «Денсаулық» 
мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. 
Республиканың білім беру жүйесін реформалау 
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесінің құқықтық 
негіздерін қалыптастыру үшін, 1992 жылы - «Білім туралы», 1993 
жылы «Жоғары білім туралы» заңдар қабылданды. Содан кейінгі 
жылдарда  білім  берудің  әр  саласы  үшін  он  сегіз  тұжырымдама 
жасалды.  Мемлекеттік  емес  білім  беру  мекемелері  ашылды. 
Басқару  жүйесін  оңтайландыру  мақсатында  білім  беру 
саласындағы мемлекеттік саясатты реттейтін Білім беру комитеті 
құрылды. Жаңа оқулықтар мен әдістемелік әдебиеттер әзірлейтін 
Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім беру академиясы есік ашты. 
Білім берудің ұлттық жүйесінің жаңа құрылымы Қазақстан 
Респуб- ликасы Конституциясының 30-бабына, сондай-ақ ағарту, 
ұлт және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы 
(ЮНЕСКО) ұсынатын Білім берудің халықаралық стандарттық 
жіктеліміне сәйкес құрылган. Білім берудің үздіксіздік  пен  өзара 
байланысқа негізделген жаңа: мектепке дейінгі тәрбие және 
оқыту, орта, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру 
деңгейлері  құрылды.  Қазақстандағы  міндетті  орта  білім  беру  11 
жыл құрайды. Бұрын оқушылар мектепке 6-7 жастан қабылданып, 
бастауыш білім төрт сыныптан тұратын. Шәкірттер орта білімді 
17-18  жасында  алып  шығатын.  Енді  1990  жылдардың  ортасында 
жоғары оқу орындарына емтихан тапсырудың тестілеу әдісіне 
көшу орын алды. 
Сөйтіп,  1990  жылдардың  реформалары  мен  өзгерістерінің 
нәтижесінде  Қазақстанда  мемлекеттік  және  мемлекеттік  емес 
секторлардан  тұратын  жалпы  (орта)  және  жоғары  білім  беру 
жүйесі  қалыптасты.  Бұл  жүйенің  басты  міндеттері  жалпы  да, 
арнаулы  да  сапалы  білім  беруді  ары  қарай  дамыту  мақсатынан 
туған, ал  бұл  еліміздің  XXI  ғасырда  тұрақты  өркендеуі  үшін  өте 
қажет. 
2000  жылдары  орта  білім  беру  жүйесінде  елеулі  өзгерістер 
орын алды. 2003 жылдан бастап оқушылар бір мезгілде мектепті 


57 
 
бітіру  емтихандары  және  жоғары  оқу  орнына  түсу  емтихандары 
болған ұлттық бірыңғай тестілеуден (ҰБТ) өтетін болды. 
2000  жылдары  білім  сапасын  бағалаудың  ұлттық  жүйесі 
қалыптасып,  оқу  үдерісіне  жаңа  ақпараттық  және  кредиттік 
технологиялар енгізілді, қоғамда он екі жылдық орта білім беруге 
көшу  туралы  пікірсайыстар  жүріп  жатты.  Қазақстанда  он  екі 
жылдық  орта  білім  жүйесін  енгізу  2019  жылға  жоспарланды.  Ол 
кезде барлық мектептерде нөлінші сыныптар құрылатын болады. 
Барлық сыныптардың білім берудің жаңартылған мазмұнына 
өтуін  2020 жылы аяқтау жоспарланған.  Бұл  жайында  2016  жылы 
қарашаның  2-сінде  өткен  ОКҚ  (Орталық  Коммуникациялар 
қызметі)  брифингі  барысында  ҚР  БҒМ  Мектепке  дейінгі  және 
орта  білім  департаменті  директорының  орынбасары  Зейнеп 
Мақсұтова  мәлімдеді.  Оның  сөзі  бойынша,  2015  жылдың 
қантарында-ақ  республикамыздағы  барлық  бірінші  сыныптар 
жаңартылған  оқу  жүйесіне  көшкен.  Жаңа  жүйе  кезең-кезеңмен: 
екінші,  бесінші,  жетінші  сыныптарда  -  2017-2018  оқу  жылында, 
үшінші,  алтыншы,  сегізінші,  оныншы  сыныптарда  -  2018-  2019 
оқу жылында, төртінші, тоғызыншы және он бірінші сыныптарда 
2019 жылы  енгізілмек.  Сөйтіп,  барлық  мектептер  кезең-кезеңмен 
білім берудің жаңартылған мазмұнына көшетін болады. 
Қазіргі  уақытта  республикамызда  7307  күндізгі  мемлекеттік 
жалпы білім беру мектептері жұмыс істейді. Оларда 2,5 миллион 
оқушы,  яғни  елдің  әрбір  жетінші  тұрғыны  білім  алып  жатыр.  Ел 
мектептерінде  300  мыңға  жуық  мұғалім  еңбек  етеді. 
Мұғалімдердің  үштен  бір  бөлігінің  20  жылдан  артық  еңбек  өтілі 
бар.  Мектеп  мұғалімдерінің  80%-тен  астамы  -  әйелдер. 
Мектептердегі  барлық  мұғалімдердің  23,9%-  ке  жуығы  тілдерді 
(қазақ,  орыс,  ағылшын)  оқытумен  айналысады.  Барлық 
мектептердің үштен біріне жуығы  - бір, 68%-і - екі, ал 1,5%-і үш 
ауысымда жұмыс істейді. Үш мыңнан асатын (45%) мектеп қазақ 
тілінде,  екі  мыңға  жуық  мектеп  аралас  -  қазақ  және  орыс 
тілдерінде  оқытады.  Қазақстанда  ұлттық  мектептердің  тағы  үш 
түрі:  өзбек,  ұйғыр  және  тәжік  мектептері  бар.  Олардың 
түлектеріне  ҰБТ  тапсыру  тілін:  не  қазақ,  не  орыс  тілін  таңдау 
құқы берілген. 


58 
 
2000 
жылдары 
жалпы 
білім 
беретін 
мектептерді 
компьютермен және техникалық құралдармен жабдықтауға үлкен 
көңіл  бөлінді.  Экономикалық  қиындықтарға  қарамастан,  барлық 
дерлік  орта  білім  беру  мектептері  компьютерлермен  қамтамасыз 
етілген.  Президент  бастамасының  арқасында  елімізде  зияткерлік 
мектептерінің  тармақталған  желісі  жүйелі  түрде  жүзеге  асып 
келеді. Орта білім беру саласында қол жеткен жетістіктердің бірі 
2009 жылдың ақпанында Астанада Тұңғыш Президенттің физика- 
математика  және 
химия-биология 
бағытында 
оқытатын 
Зияткерлік мектебінің ашылуы болды. Ол мектептердің түлектері 
кейін  жоғары  білікті  инженерлер  мен  ғылыми  қызметкерлердің 
жетіспеушілігін  толтыратын  болады.  Білім  берудің  жаңартылған 
мазмұнында  құрылған  Назарбаев  Зияткерлік  мектептерінің  саны 
жиырмаға жетті. Олардың іс-тәжірибесі күллі білім беру жүйесіне 
таралатын болады. 
«Қазақстан-2050» 
Стратегиясында 
Н.Ә.Назарбаев 
аса 
маңызды  мақсат-  әлемнің  жоғары  дамыған  30  елінің  қатарына 
кіру  міндетін  қойды.  Стратегияда  елдің  өркендеуі  үшін  өзекті 
болып  саналатын,  барлық  салаларды,  оның  ішінде  әлеуметтік 
саланы  қамтитын  міндеттер  айқындалды.  Білім  мен  ғылымның 
дамуы  деңгейі  елдің  бәсекеге  қабілеттілігінің  негізгі  белгілеріне 
жатады. Соған байланысты республикамызда жалпы білім беретін 
мектептер  мен  училищелердің,  колледждердің  деңгейі  мен 
сапасын көтеруге ерекше көңіл бөлінеді. 
Жоғары  оқу  орындары.  Жоғарғы  мектеп  тәуелсіздік 
жылдары  ішінде  үлкен  және  қарама-қайшылыққа  толы  жолдан 
өтті. Бұл жолда саны көп өзгерістер орын алды, білім министрлігі 
басшылығы  бірнеше  рет  ауысты,  оң  да,  теріс  те  құбылыстар 
байқалды. 
Қазақстанның  жоғары  білім  беру  құрылымы  айтарлықтай 
өзгерді.  Егер  1990  жылға  дейін  Қазақстанда  небары  екі 
университет  (ҚазМҰ  және  ҚарМУ)  бар  болса,  ал  кейіннен  жеке 
жоғары 
оқу 
орындарын  ашуға 
рұқсат 
берілген 
соң, 
университеттер, академиялар мен институттар саны көбейді. 1990 
жылдарда  көптеген  педагогикалық,  техникалық  және  басқадай 
институттар 
атауларын 
өзгертіп, 
университеттерге, 
академияларға  айналды.  Нәтижесінде,  1997  жылы  Қазақстанның 


59 
 
жоғары  білім  беру  жүйесінде  83  мемлекеттік  емес  және  57 
мемлекеттік  жоғары  оқу  орны,  оның  ішінде:  27  университет,  9 
академия,  екі  дербес  университет  -  Әл-Фараби  атындагы  Қазақ 
Мемлекеттік  Ұлттық  университеті,  Қожа  Ахмет  Иассауи 
атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті жұмыс істеді. 
Сөйтіп, 1980 жыллардың соңы - 1990 жылдардың басындағы 
түбегейлі  өзгерістер  жогаргы  мектепке  экономика  жагынан  гана 
эсер  етіп  қоймады:  маңызды  зияткерлік,  идеялық,  рухани 
жагдайлар  орын  алып,  жогары  білім  беру  жүйесінің,  бірінші 
кезекте,  гуманитарлық  саланың  бірте-бірте  дамуы  үдерісіне 
орасан зор ықпалын тигізді. 
Білім  беру  саласын  қаржыландыру  ісінде  реформалар  аз 
болған жоқ. Қазақстан Республикасы Үкіметі 1999 жылы жоғары 
оқу орындарында мамандар даярлау үшін кредиттер беру тәртібін 
бекітті.  Жастарға  жоғары  оқу  орнында  оқу  үшін  15  жылға 
есептелген мақсатты мемлекеттік кредит алу мүмкіндігі туды. 
Жоғары  білім  беру  жүйесінің  мақсаты  —  қогамның, 
мемлекеттің  және  әрбір  адамның  жоғары  білім  алуға  деген 
сұранысын  қанағаттандыру,  адамға  білім  алып,  оқудың  мазмұны 
мен  мерзімдерін  таңдау  мүмкіндігін  беру.  Сондықтан  жоғары 
және  жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  кәсіптік  білім  беру  құрылымы 
Қазақстанда  үш  деңгейлі:  бакалавриат,  магистратура  және 
докторантура  болып  саналады.  Осындай  құрылым  1999  жылы 
Қазақстанның  Болонья  үдерісіне,  білім  берудің  бірыңғай 
халықаралық  стандартына  қосылуы  нәтижесінде  мүмкін  болды. 
Бакалавр  даярлаудың  нормативтік  оқу  мерзімі  төрт  жылға 
есептелген.  Бакалавриат  түлектерінің  білім  алуды  магистрату- 
рада (оқу мерзімі - 1-2 жыл) жалғастыратын мүмкіндігі бар. 
2000  жылдарда  жоғары  оқу  орындарының  саны  өскені 
байқалды,  бірақ  олардың  барлығы  бірдей  тең  дәрежеде  сапалы 
білім  бере  алмайтыны  тексерулер  мен  аттестациялар  барысында 
белгілі  болды.  2008  жылы  тексеру  нәтижелері  бойынша  24 
жоғары  оқу  орны  кәсіби  талаптарға  сай  болмауы  себепті  112 
мамандық 
бойынша 
лицензияларынан 
айырылды. 
Университеттер  мен  институттардың  саны  2008  жылы  144-ке 
дейін  қысқарды,  оның  ішінде:  85  университет,  32  институт,  26 


60 
 
академия,  1  консерватория  бар.  Олардың  тоғызының  ұлттық 
университет және академия мәртебесі бар еді. 
Аспирантура  мен  докторантурада  1990-2000  жылдары 
жоғары  білікті  ғылыми  және  ғылыми-педагогикалық  мамандар 
даярлау  жақсы  жолға  қойылды.  Жоғары  оқу  орнынан  кейінгі 
ұлттық  білім  беру  жүйесі  жұмысының  нәтижелі  болуы  үшін  ол 
(жүйе)  Болон  келісіміне  сай  бағдарламаға  өзгерді:  онда  үшінші 
деңгейде  философия  докторлары  -  РҺD  (Dосtог  оf  Рһіlоsoрһу) 
даярланады. 
Ғылыми-педагогикалық  мамандар  —  доктор-магистрлер 
даярлау  жүйесіне  өту  Қазақстанның  әлемдік  ғылыми  білім  беру 
кеңістігіне  ықпалдасуы  қажеттігіне  байланысты  болды.  Алайда 
қазақстандық  ғылыми  білім  беру  қоғамдастығында  бұл  мәселе 
өткір  пікірталастар  туғызды.  Классикалық  неміс  үлгісіне 
негізделген  бұрынғы  білім  беру  жүйесін  жақтайтындар  аз 
болмады. 
«Болашақ»  мемлекеттік  бағдарламасы.  Мамандар  даярлау 
және  білім  беру  саласында  жетекші  шетелдік  университеттермен 
байланыстарды  дамыту  ісінде  1993  жылы  қарашаның  11-інде  ҚР 
Президентінің  бастамасы  бойынша  құрылған  «Болашақ» 
бағдарламасының  орасан  үлкен  маңызы  болды.  Алғашқы 
қазақстандық  студенттер  1994  жылы  АҚШ,  Ұлыбритания, 
Германия, Франция елдеріндегі жоғары оқу орындарына білім алу 
үшін  аттанды.  Кеңес  заманынан  кейінгі  кеңістік  елдерінің 
тарихында  алғаш  рет  талантты  жастарды  мемлекет  есебінен 
шетелде  оқыту  мүмкіндігі  пайда  болды.  Егер  2004  жылы  785 
студент әлемнің 13 елінде білім алса, ал 2005 жылдан бастап 
«Болашақ» бағдарламасы бойынша стипендия алатын студенттер 
саны  3000-ға  дейін  жетіп,  олар  дүние  жүзінің  32  елінде  алдыңғы 
қатарлы 630 университетте оқу мүмкіндігін алды. 
«Болашақ» 
стипендиясының 
тағайындалуына 
орай, 
республикамызда  Батыстың  қазіргі  заман  талаптарына  сай 
білімдерін 
алған 
мамандардың 
саны 
өсті. 
Президент 
стипендиясын иеленушілерді біріктіру, кейіннен оларды жүмысқа 
орналастыру,  тұрғын  үймен  қамтамасыз  ету,  олардың  мүдделері 
мен  құқықтарын  қорғау  мәселелерін  шешу  үшін,  2001  жылы 
«Болашақ»  қауымдастығы  құрылды.  «Болашақ»  бағдарламасы 


61 
 
аясында  білім  алған  түлектер  мемлекеттік  қызметте,  білім  беру 
және  денсаулық  салаларында,  ұлттық  компанияларда  жұмыс 
істейді,  сонымен  қатар  Батыс  елдерінің  менеджменті  мен 
стандарттарын осы салаларға енгізіп жатыр. 
2009 жылдың маусымында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 
бастамасымен  «Астананың  Жаңа  университеті»  АҚ-ы  құрылды. 
Аталған  университет  2010  жылы  маусымның  7-сінде,  Қазақстан 
Үкіметінің  Қаулысына  сәйкес,  атауын  «Назарбаев  Университеті» 
деп  өзгертті.  Оған  алғашқы  студенттер  қабылдау  2010  жылы 
қыркүйекте  басталды.  Университет  білім  берудің  ұлттық 
жүйесінің артықшылықтары мен ең жақсы әлемдік ғылыми білім 
беру тәжірибесін сәтті ұштастыра отырып, Қазақстанның жоғары 
білімінің үлгісіне айналды. ҚР Президенті 2011 жылы қаңтардың 
19-ында «Назарбаев Университеті» мәртебесі туралы, «Назарбаев 
Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» туралы Заңға қол 
қойды. 
Университет  2011  жылы  маусымның  15-інде  заңды 
мәртебесін  ауыстырып,  «Назарбаев  Университеті» автономиялық 
білім  беру  ұйымы»  деп  аталатын  болды.  Университет  өзінің 
меншікті  білім  беру  стандарттары  бойынша  жұмыс  істейді  және 
ҚР  Білім  және  ғылым  министрлігінің  басқаруына  жатпайды. 
«Назарбаев  Университеті»  2013  жылы  алғаш  рет  Жоғары  бизнес 
мектебінің  және  Жоғары  білім  беру  мектебінің  магистрлік  және 
докторлық     бағдарламаларына     қабылдау     үшін     есік     ашты. 
«Назарбаев  Университетінде»  2014  жылы  тамыздың  20-сында 
оқуды  аяқтаған  магистранттарға  дипломдар  тапсырылып,  46 
студент магистрлік бағдарламаның алғашқы түлегі атанды. 
Сонымен,  реформалар  мен  өзгерістердің  нәтижесінде, 
Қазақстанда  жалпы  (орта),  арнаулы  орта  және  жоғары  білім 
берудің  мемлекеттік  те,  мемлекеттік  емес  те  секторлардан 
тұратын,  негізінде,  халықаралық  стандарттарға  сай,  қазіргі 
заманғы жүйесі пайда болды. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   64




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет