Ќазаќстан Республикасы білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет16/64
Дата21.02.2022
өлшемі1.65 Mb.
#26039
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   64
Негізгі әдебиет: [1, 2, 3, 4, 5, 6, 8, 11, 13, 14, 16, 17, 18, 19, 20, 
31] 
Қосымша  әдебиет:  [35,  38,  39,  45,  46,  47,  48  Интернет 
материалдары 49, 53, 54, 55, 58] 
 
11- 
шы тақырып. Рухани жаңғыру және қоғамдық-саяси 
дамудың келешегі 
Қазақстан  Республикасының  егемендігін  жариялануы  мен 
мемлекеттік  тәуілсіздік  алуы  бірпартиялық  саяси  жүйенің 
ыдырауы  мен  демократиялық  принциптер  негізінде  қызмет 
жасайтын  көптеген  саяси  партиялардың,  қозғалыстардың, 


67 
 
бірлестіктердің  құрылуына  және  олардың  қызметіне  жол  ашты. 
Жаңадан  құрылған  бірлестіктер  жіне 
саяси  пратиялар 
демократияландыру,  саяси  әралуандылық,  халықтық  әр  түрлі 
әлеуметтік топтарының мүдделері мен құқықтары, сонымен қатар 
экономикалық дамуға қол жеткізу мақсатында қызмет жасады. 
Көппартиялық  жүйеге  өтумен  республика  халықтарының 
мақсат-мүдделерін,  талап-тілектерін  жүзеге  асыру  жолында 
қызмет  жасаған  саяси партиялар  қалыптасты.  Жаңадан  құрылған 
қоғамдық  бірлестіктер  мен  саяси  партиялар  қоғамдық-саяси 
өмірді демократияландыру, саяси әр алуандық, халықтың әр түрлі 
әлеуметтік  топтарының  мүдделері  мен  құқықтарын  қорғау, 
тұрақты 
әлеуметтік-экономикалық 
дамуға 
қол 
жеткізу 
мақсатында  кеңінен  қызмет  жасады.  1990  ж.  1  наурызға  қарай 
республикада 100-ге жуық қоғамдық ұйым қызмет істеп тұрды. 
1991  жылы  тамыз  айында  Мәскеуде  мемлекеттік  төңкеріс 
жасау  әрекеті  болды.  Оған  КОКП  Орталық  Комитетінің  кейбір 
жетекшілері  қатысты.  Мұның  өзі  партияның,  оның  басшы 
органдарының 
беделін 
түсірді. 
Бұл 
жағдай 
Қазақстан 
Компартиясының  жұмысына  теріс  әсерін  тигізді.  Сөйтіп,  1991 
жылғы  қыркүйек  айында  өткен  республика  Компартиясының 
төтенше  съезінде  оның  қызметі тоқтатылды. Өзін Компартияның 
ісін  жалғастырушымыз  деп  санайтын  Қазақстан  социалистік 
партиясы құрылды. Оның құрамында сол кезде 50-60 мың мүшесі 
болды. 1992 жылы наурызда Қазақстан социалистік партиясының 
кезекті  съезі  өтті.  Съезд  республикадағы  саяси,  әлеуметтік- 
экономикалық  жағдай  және  партияның  таяудағы  міндеттері, 
партияның  бағдарламасы  мен  жарғысына  өзгерістер  мен 
толықтырулар енгізу сияқты мәселелерді талқылады. 
1991  жылы  қазанда  жетекшілері  О.  Сүлейменов  пен  М. 
Шаханов  болған  Қазақстан  Халық  Конгресі  партиясы  құрылды. 
Сондай-ақ, 
бірқатар 
коммунистер 
бұрынғы 
Қазақстан 
Коммунистік  партиясының  қызметін  қайтадан  қалпына  келтіруге 
әрекет жасады. 
Барлық  саяси  партиялар  мен  қоғамдық  қозғалыстардың 
алдында  тек  демократиялық  жолмен,  Конституция  талабына  сай 
қызмет  ету  мақсаты  қойылды.  Олар  парламенттік  партияларға 
айналу,  сайлаушылардың  көп  дауысына  ие  болу  үшін  күрес 


68 
 
жүргізді.  Бұл  саяси  партиялар  мен  қоғамдық  қозғалыстар  тек 
құқықтық жағдайда өзара түсінісу, келісу арқылы байланыс жасап 
отыруға тырысты. 
Қайта 
құру 
жағдайында 
Қазақстанның 
қоғамдық 
ұйымдарында  да  сапалық  жаңа  өзгерістер  іске  асты.  1991  жылы 
қазан айында Қазақстан комсомолының кезектен тыс ХҮІІІ съезі 
болып  өтті.  Съезд  делегаттары  республика  комсомолын 
Қазақстанның  жастар  одағына  ауыстыру  жөнінде  шешім 
қабылдады.  Оның  алдында  республика  жастарының  құқықтары 
мен мүдделерін қорғау міндеті қойылды. 
Осы  кезде  кәсіподақтың  жергілікті,  әсіресе,  бастауыш 
ұйымдарының рөлін көтеруге ерекше мән берілді. Олар өздерінің 
мұшелерінен  жиналған  қаржыларды  ұйым  қажетіне  жұмсауға 
толық  ерік  алды.  Қазақстан  Орталық  кәсіподақ  комитеті  және 
облыстық  кәсіподақ  комитеттері  салалы  кәсіподақ  Кеңестері 
болып  қайтадан  құрылды.  Соңғы  жылдардағы  кәсіподақ 
ұйымдарының негізгі қол жеткен табысы – ол әр түрлі саяси және 
мемлекеттік  ұйымдардан  тәуелсіздік  алды.  Бұқара  халықтың 
мүддесін  қорғауда  олар  көптеген  әлеуметтік-экономикалық 
мәселелерді  мемлекеттік  және  шаруашылық  органдарымен  тең 
дәрежеде  келісе  отырып  шеше  алатын  жағдайға  қолдарын 
жеткізді. 
Сондай-ақ  бұл  жылдары  әйелдер  кеңесіне  балама  ұйымдар 
әдеттен тыс төменнен пайда болды. Солдат аналарының комитеті, 
Қазақстан  мұсылман  әйелдерінің  лигасы,  көп  балалы  аналар, 
жанұялар  одағы,  “Айша”,  “Ақ  отау”  және  Іскер  әйелдер 
қауымдастығы  құрылды.  Сөйтіп,  республикада  1991  жылы 
барлығы  120-дан  астам  дербес  қоғамдық  негізде  бірлестіктер 
жұмыс  істеді.  Бұл  жоғарыда  аталған  фактілердің  барлығы  ХХ  ғ. 
80-ші  жылдардың  2-ші  жартысында  қоғамды  қайта  құру 
барысында 
Қазақстанның 
қоғамдық-саяси 
өмірінде 
демократиялық қатынастардың кең өріс ала бастағанын көрсетеді. 
Қоғамдық-саяси қозғалыстардың ішінен «Азат» (1990 ж. 1 шілде), 
«Поколение»  (1992  ж.  24  қараша),  «Лад»  (1993  ж.  мамыр), 
«Азамат»  азаматтық  қозғалысы  (1996  ж.  20  сәуір)  кең  көлемді 
қызметімен  ерекшеленді.  Қазақстанда  қоғамдық  бірлестіктердің 
қалыптасуының    келесі    кезеңінде    Қазақстанның    либералдық 


69 
 
қозғалысы  (1997  ж.  мамыр),  «Қазақстанның  болашағы  үшін» 
(1998 ж. ақпан) жастар қозғалысы, «Қазақстан – 2030 үшін» (1998 
ж.  6  қазан)  қоғамдық  қозғалысы,  «Өрлеу»  (1998),  «Ақ  жол» 
қоғамдық  қозғалыстары  (1998),  Қазақстанның  демократиялық 
таңдауы  қоғамдық  бірлестігі  (2002),  т.б.  құрылды.  1989-1994  ж. 
аяғында  Қазақстанда  500-ге  жуық  қоғамдық  бірлестік  ҚР  Әділет 
министрлігінде тіркелді. 1998 ж. олардың саны 1500-ден асты, ал 
2001 жылдың аяғына қарай елде 1700-ден астам ресми тіркеуден 
өткен 
қоғамдық 
бірлестік 
қызмет 
жасады. 
Қазақстан 
Республикасы  тәуелсіздік  алғаннан  кейін  елде  көппартиялық 
жүйе қалыптасты. Қазақстанның социал-демократиялық партиясы 
(1990 ж. 26 мамыр), Қазақстанның социалистік партиясы (1991 ж. 
7  қыркүйек),  Қазақстан  халық  конгресі  партиясы  (1991  ж.  5 
қазан), Қазақстанның республикалық («Азат»)  партиясы (1991 ж. 
4 қыркүйек, 1999 ж. 29 мамырда «Алаш» ұлттық партиясы болып 
өзгерді),  Қазақстан  коммунистік  партиясы  (1991  ж.  қазан), 
Қазақстан  халық  бірлігі  партиясы  (1993  ж.  6  ақпан),  Қазақстан 
халықтық-кооперативтер  партиясы  (1994  ж.  15  желтоқсан), 
Қазақстан  дәуірлеу  партиясы  (1995  ж.  27  қаңтар),  Қазақстанның 
демократиялық партиясы (1995 ж. 1 шілде), Республикалық еңбек 
саяси  партиясы  (1995  ж.  18  қыркүйек),  т.б.  құрылды. 
Көппартиялықты 
құқықтық 
жағынан 
реттеу 
Қазақстан 
Республикасы  Конституциясының  5  бабында,  сондай-ақ, 
Қазақстан  Республикасының  «Қоғамдық  бірлестіктер  туралы» 
(31.5.1996) 
және  «Саяси  партиялар 
туралы» 
(2.7.1996) 
Заңдарында қамтамасыз етілді. Қазақстанның көппартиялық жүйе 
дамуының  келесі  кезеңінде  Қазақстанның  азаматтық  партиясы 
(1998  ж.  17  қараша),  Қазақстан  республикалық  халықтық 
партиясы  (1998  ж.  17  желтоқсан),  Қазақстанның  аграрлық 
партиясы  (1999  ж.  6  қаңтар),  Республикалық  «Отан»  партиясы 
(1999  ж.  19  қаңтар),  «Азамат»  демократиялық  партиясы  (1999  ж. 
27  наурыз),  Қазақстан  әйелдерінің  демократиялық  паартиясы 
(1999  ж.  21  маусым),  Қазақстан  патриоттарының  партиясы  (2000 
ж.  1  шілде)  құрылды.  Қазақстан  Республикасының  Әділет 
министрлігінің мәлімдемесіне сәйкес, бүгінгі таңда Қазақстанда 7 
саяси  партиялар  тіркелген,  олардың  қатарында-  «Нұр  Отан», 
«Ақжол»    демократиялық    партиясы,    Қазақстан    коммунистік 


70 
 
партиясы,  «Бірлік»  саяси  партиясы,  «Ауыл»  халықтық 
демократилық  партиясы,  «Қазақстанның  социал-  демократиялық 
партиясы» және «Азат» демократиялық партиясы. 
Қазақстан  Республикасы  1991  жылы  өз  тәуелсіздігін 
алғаннан  бастап  осы  күнге  дейін  демократияландыру  үдерісін 
жүргізіп  келеді:  демократиялық  дамыған  мемлекеттерге  сай, 
Конституция  қабылданып,  биліктің  үш  тармағы  орнатылды,  сөз 
бостандығы  жарияланды,  цензураға  тиым  салынды,  жалпыға 
бірдей сайлау құқығы енгізілді. 
Сайлау  жүйесіндегі  негізгі  мәселе  заң  шығарушы  орган 
мүшелерін,  яғни  Парламент  депутаттарын  айқындау  болып 
табылады,  себебі  бұл  процес  өзге  сайлауларға  қарағанда  өте 
күрделі.  Мәселен,  Президентті  сайлау  әлемнің  көп  елдерінде 
бірдей  өтеді,  өйткені  халық  бір  ғана  адамды  анықтайды.  Ал 
Парламент  сайлауында  ондаған  немесе  жүздеген  депутат  бір 
күнде анықталады және бұл ерекше әдісті талап етеді. 
20  жылдан  астам  уақыт  ішінде  Қазақстан  Республикасында 
Парламент  депутаттарын  айқындау  әдісі  бірнеше  рет  өзгертілді. 
Ең  алғашқы  болып  мажоритарлы  жүйе  қолданса,  одан  кейін 
аралас  жүйе  енгізілді.  Қазіргі  күні  заң  шығарушы  орган  өкілдері 
пропорционалды  әдіс  арқылы  сайланады.  Пропорционалды 
сайлау  жүйесі  көптеген  дамыған  елдерде  қолданылады  және 
нәтиже  де  жаман  емес.  Қазақстан  толықтай  пропорционалды 
жүйеге  көшкенде  сол  шетелдік  озық  тәжірибесіне  қол  жеткізу 
көзделген болатын. 
20  жылдан  астам  уақыт  ішінде  Қазақстан  Республикасында 
Парламент  депутаттарын  айқындау  әдісі  бірнеше  рет  өзгертілді. 
Ең  алғашқы  болып  мажоритарлы  жүйе  қолданса,  одан  кейін 
аралас  жүйе  енгізілді.  Қазіргі  күні  заң  шығарушы  орган  өкілдері 
пропорционалды  әдіс  арқылы  сайланады.  Пропорционалды 
сайлау  жүйесі  көптеген  дамыған  елдерде  қолданылады  және 
нәтиже  де  жаман  емес.  Қазақстан  толықтай  пропорционалды 
жүйеге  көшкенде  сол  шетелдік  озық  тәжірибесіне  қол  жеткізу 
көзделген болатын. Сайлау жүйесінің түрлері. 
Сайлау  жүйесі  –  сайлауда  дауыс  беру  арқылы  билік 
органдарын жасақтау процесін реттейтін ережелер мен әдістердің 


71 
 
жиынтығы.  Сайлаудың  негізгі  екі  түрі  бар:  мажоритарлы  және 
пропорционалды. 
Мажоритарлы  жүйе  -  сайлау  кезінде  көпшілік  дауысқа  ие 
болған  үміткер  жеңіске  жетеді.  Бұл  жүйенің  өзі  екіге  бөлінеді: 
абсолюттік  және  салыстырмалы.  Абсолюттік  мажоритарлы 
жүйеде  үміткер  билік  органына  сайлану  үшін  50  пайыздан астам 
дауысқа  ие  болуы  шарт  болса,  салыстырмалы  мажоритарлы 
сайлау жүйесінде үміткерге өз қарсыластарына қарағанда көбірек 
дауыс  жинаса  жеткілікті  болады.  Сайлаудың  бұл  түрі  көп 
жағдайда  мемлекет  басшысын,  ел  президентін,  парламенттің 
жоғарғы  палатасы  депутаттарын  және  жергілікті  өзін-өзі  басқару 
органдары  қызметкерлерін  анықтаған  кезде  пайдаланылады. 
Кейбір елдерде мажоритарлы жүйе заң шығарушы органның кіші 
палатасы,  яғни  Парламент  депутаттарын  сайлау  кезінде  де 
қолданылады  (АҚШ,  Франция,  Англия).  Қазақстанда  абсолютті 
мажоритарлы жүйе қызмет етеді. 
Пропорционалды  жүйе  –  саяси  партияның  жинаған 
дауыстары 
мен 
жеңіп 
алған 
мандаттары 
арасында 
пропорционалдылық  принципіне  негізделетін  сайлау  жүйесі. 
Өкілді  органға  үміткерлерді  тек  партиялар  ғана  ұсына  алады. 
Пропорционалды  жүйе  тек  қана  заң  шығарушы  орган 
депутаттарын сайлаған кезде ғана қолданылады. 
Сайлаудың  пропорционалды  жүйесі  үміткерлердің  тізіміне 
байланысты  екіге  бөлінеді:  ашық  және  жабық.  «Ашық  тізімде» 
сайлаудың  әдісіне  байланысты  бір  немесе  бірнеше  үміткерге 
дауыс  беріледі  немесе  партиялық  тізімдегі  үміткерлердің  реттік 
орны  анықталады  (Финляндия,  Бразилия,  Нидерланды).  «Жабық 
тізім»  кезінде  сайлаушылар  тек  партиялық  тізім  бойынша  дауыс 
береді (Еуропарламент, Израиль, ОАР, 2007 жылдан кейін Ресей). 
Қазақстан  Республикасы  Конституциясының  95-бабының,  2- 
тармағына  сәйкес,  Парламент  Мәжілісі  депутаттары  партиялық 
тізім  негізінде  сайланады,  яғни  пропорционалды жүйенің  ішінде 
«жабық тізімі» қолданылады. 
Сондай-ақ  пропорционалды  және  мажоритарлы  сайлау 
жүйесінің  қосындысынан  тұратын  аралас  сайлау  жүйесі  бар. 
Аралас  сайлау  жүйесінде  бүкіл  мандаттардың  тек  бір  бөлігі 
партиялық тізіммен,  қалған  бөлігі  жекелеген үміткерлерге  дауыс 


72 
 
беру  арқылы  анықталады.  Парламент  сайлауы  кезінде 
сайлаушылар  жекелеген  тұлғаға  және  партияға  екі  бөлек  дауыс 
беріп  отырды.  Қазақстанда  аралас  сайлау  жүйесі  алғаш  рет  1999 
жылы  Парламент  Мәжілісі  сайлауында  қолданылды.  Сайлаудың 
нәтижесі  бойынша,  партия  өкілдеріне  77  орыннан  10-ы  берілді. 
Екінші рет сайлаудың бұл жүйесі 2004 жылы қолданылды. 
2007  жылы  Ата  заңымызға  өзгертулер  мен  толықтырулар 
енгізіліп, 
Парламент 
Мәжілісі 
депутаттарын 
сайлауда 
пропорционалды сайлау жүйесі қолданылатын болды. Содан бері 
2007 және 2012 жылдары пропорционалды сайлау жүйесі арқылы 
4 және 5 шақырылым депутаттары сайланды. 
Ақпараттық саясат - қоғамдағы ақпараттар желісін дамытуға 
бағытталған  мемлекеттік  органдардың  реттеушілік  қызметі.  Бұл 
тек  телекоммуникацияларды,  ақпараттық  жүйелерді  немесе 
бұқаралық  ақпарат  құралдарын  ғана  емес,  барлық  түрдегі  - 
іскерлік,  ғылыми-танымдық,  хабарламалық  және  т.б.  сипаттағы 
ақпараттарды  жасауға,  сақтауға,  өңдеуге,  көрсетуге,  таратуға 
байланысты  өндірістік  үрдістер  мен  қарым-қатынастардың  бүкіл 
жиынтығын  қамтиды.  Ақпараттық  саясатты  бұлайша  түсіндіру 
ақпарат  индустриясының  әрқилы  секторларының  арасындағы 
кедергілерді  жоя  отырып,  қарқынды  дамып  келе  жатқан 
телекоммуникацияларды, 
компьютерлік 
технологияларды 
жаңалау  үрдісіне,  ақпараттарды  цифрлау  ісіне  негізделіп  отыр. 
Мемлекет  өзінің  экономикалық,  әлеуметтік-саяси,  ұлттық 
мүдделеріне сәйкес ақпараттық саясат ұстанады. 
Қазақстан  Республикасы  тәуелсіздіке  қол  жеткізгелі  бері 
әлемде  саяси,  экономикалық,  қоғамдық  орны  бар.  Қазақстанның 
әлемдік  өркениет  алдындағы  экономикалық,  мәдени  және 
әлеуметтік  жағынан  дамуы  үшін  оларды  танытып  БАҚ  маңызы 
айрықша.  Сондықтан  еліміздің  дамуын,  қарқынды  өркендеуін 
насихаттау  үшін  БАҚ-тың  тұрақты  да  жүйелі  жұмыс  істеуі  ең 
алдыңғы қатарлы іс шаралар болып табылады. Бұқаралық ақпарат 
құралдары,  ол  күнделікті  теледидар,  радио,  мерзімді  баспсөз 
материалдары  және  интернет  сайттары,  сонымен  қатар  бұған 
жаңа  медиа  мен  жаңа  ақпараттық  технологиялардың  ақпарат 
тарабын,  ақпарат  жинақтауын  да  қосамыз.  БАҚ-  бұл 
мемлекеттіңидеология  құралы,  бұл  Қазақстан  үшін,  мемлекеттік 


73 
 
тілдегі бұқаралық ақпарат құралдары үшін ең өзекті мәселе болып 
табылады. 
Қазақстан  –  тәуелсіздіктің  салиқалы  жылдарынан  бастап 
баспасөз  саласындағы  БАҚ-тың  еркіндігін  қамтамасыз  етіп  келе 
жатқан  мемлекет.  Еліміздің  Конституциясы  және  Президент 
ақпарат құралдары бостандығының кепілі. 
Егер, 
қоғамдардың 
алмасылуы 
және 
нарықтық 
қатынастардың  орныға  бастаған  уақытынна  бергі  уақытта  БАҚ 
саласындағы  өзгерістерді  қарастырып,  ақпарат  көздерінің  даму 
сатыларын үш кезеңге бөлуге болады. 
Біріншісі  кезең.  Жалғыз  идеологияның  пәрменінде  болып 
келген  біртұтас  ақпарат  жүйесінің  ыдырауы  және  қаржылық, 
идеялық тоқырауға ұшырауы. 
Екінші  кезең.  Ақпарат  әлемінің  мемлекеттік  және 
жекеменшік 
түрінде 
қайтадан 
қалыптасуы, 
кәсіпкерлік 
баспасөздің құрылуы. 
Үшінші  кезең.  Еліміздегі  экономикалық-әлеуметтік,  мәдени 
реформалардың 
тереңдеуіне 
сәйкес 
әлемдік 
ақпараттың 
республиканың  эфирлік  кеңістігіне  енуі  және  Қазақстанның 
ғаламдық ақпарат  айдынына талпынысымен сипатталады. 
Алғашқы кезеңдердің қиындыққа толы болғаны белгілі. Сол 
күрделі  тұста  Республика  Президенті  жаңа  қоғамға  ақпараттық 
берік  демеу  керектігін  ойлап,  баспасөздің  беделін  және  ел  мен 
мемлекет  алдындағы  жауапкершіліктің  жоғары  екендігін  сезінді. 
Президент  1998  жылдың  3-шілдесінде  БАҚ-ты  өндірістік  және 
тарату  кезіндегі  қосымша  құн  салығынан  босату  туралы 
Жарлыққа  қол  қойды.  Республика  1991  жылдан  бері  қарай 
ақпарат құралдары туралы заңнаманы ұдайы жетілдірумен болды. 
Осы жылғы 28-тамызда «Баспасөз және басқа бұқаралық ақпарат 
құралдары  туралы»  заң  қабылданды.  Ол  елімізде  мемлекеттік 
емес  БАҚ-тың  пайда  болуына  және  жедел  дамуына  қолайлы 
жағдай туғызды. Ақпарат әлемінде бәсекелестік орнады. Баспасөз 
бен  эфирлерге  жаңа  мазмұн  берген  ірі  медиа  бірлестіктер  өмірге 
келе бастады. 
Халықтың ақпарат алу және талдау мүмкіндігі молайды. Енді 
осы оң үрдісті одан әрі дамытудың құқықтық негіздері қажет бола 
бастады.  Осыған  орай,  елбасы  1997  жылы  3-желтоқсанда 


74 
 
«Қазақстан  Республикасының  біртұтас  ақпарат  кеңістігін 
қалыптастыру  туралы»  Жарлыққа  қол  қойды.  Тұңғыш 
Президенттің  тапсыруымен  жылы  жаңа  заң  күшіне  енді.  Көп 
ұзамай,  2001  жылы  оған  елеулі  өзгерістер  мен  толықтырулар 
енгізілді. 
Қазақстанның  демократиялық  таңдауы  –  қоғамдық-саяси 
қозғалысы  2001  жылы  бұрынғы  министр,  бизнесмен  Мұхтар 
Әблязов  пен  Павлодар  облысы  әкімі  Ғалымжан  Жақияновпен 
құрылған.  Қозғалыс  өз  мақсаты  ретінде  «Қазақстандағы  негізгі 
демократиялық  өзгерістер  үшін,  барлық  күшті  қоғамға 
шоғырландыру» деп жариялады. 2018 жылғы 13 наурызда Астана 
қаласының Есіл аудандық сотының шешімімен ҚДТ экстремистік 
ұйым деп танылып, қозғалысқа тиым салынды. 
Бас  прокуратура  өзінің  баспасөз  хабарламасында  ҚДТ 
қызметін  экстремистік  деп  атады,  өйткені  ҚДТ  «әлеуметтік 
араздық пен араздықты туғызады». 
Осы  заңдардың  қай-қайсы  да  БАҚ-ты  демократияландыру, 
әлемдік  талаптарға  сай  жетілдіру  және  саясаттан  тыс  дамуына 
жол ашу үшін арынша тиімді болғаны ерекше атап айту керек. 
1995-  жылғы  Конституци  және  1991мен  1999-жылдары 
қабылдаған «Баспасөз және басқа ақпарат құралдары туралы» Заң 
БАҚ-тың  жұмыс  істеуінің  заңнамалық  негізі  болып  табылады. 
Олай  болса,  БАҚ  еркіндігі  адам  бостандығының  маңызы  алғы 
шарты және қоғам мен мемлекеттегі жоғарғы құндылық сонымен 
қатар,  оның  тәуелсіз  елдің  даму  үрдісінде  демократиялық 
құндылықтар үшін маңызы ерекше зор болып табылады. 
2006-  жылы  20  наурызда  Қазақстан  Республикасы  Тұңғыш 
Президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың  саяси  дамуының  аса  маңызды 
мәселелерә 
бойынша 
жалпыұлттық 
үндесуді 
тереңдету 
мақсатында,  Қазақстан  Республикасы  Тұңғыш  Президенті 
маңындағы  консультативтік  –  кеңесші  орган  ретінде  Демократия 
және  азаматтық  қоғам  мәселелері  жөніндегі  Ұлттық  комиссия 
құрылды.  Осы  мақсаты  Ұлттық  комиссия  туралы  ереже  және 
комиссияның  дербес  қрамы  бекітілді.  Ұлттық  комиссия 
қызметінің  басты  мақсаттары,  ол  саяси  жүйені  жетілдіруге 
бағытталған  шараларды  тұжырымдау  және  азаматтық  қоғамдағы 
одан әрі демократияландыру болып табылады. 


75 
 
Қазақстан  Республикасы  Президентінің  2018  жылғы  5- 
мамырдағы  қаулысымен  «Қазақстандық  бірегейлікті  нығайту 
және дамыту тұжырымдамасы» бекітілді. Тұжырымдама еліміздің 
Констититуциясына «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» 
«Білім  туралы»,  «Тіл  туралы»,  «Мәдениет  туралы»  заңдарына 
байланысты, Қазақстанның Ұлт бірлігі доктринасы бекітілді. 
Тұжырымдама келесі басты қағидаттары негізделді: 
-Негізгі бағыт Елбасы Н.Ә.Назарбаев ұсынған «Мәңгілік Ел» 
жалпыұлттық  патриоттық  идеясының  біріктіруші  құндылықтары 
– азаматтық теңдік, еңбексүйгіштік, адалдық, ғылыми мен білікте 
құрмет, зайырлы ел. 
-Қазақстандық  бірегейлік  пен  бірліктің  іргетасы-мәдени, 
этностық,  тілдік  жіне  діни  әралуандылққа  негізделген 
жалпыұлттық құндылықтар; 
Бұл  тұжырымдама  қазақстандық  бірегейлік  пен  бірлікті 
нығайту  мен  дамытуға  бағытталған  құқықтық,  әлеуметтік, 
жкономикалық, 
саяси, 
басқарушылық 
шаралар 
жүйесін 
қабылдауға  негіз  болды.  Көпэтносты  және  көпконфессиялы 
қоғамды  топтастыру  жолында  Қазақстан  халқы  Асссамблеясы 
институты  келелі  істер  атқаруда,  сонымен  қатар  қазақстандық 
бірегейлік  пен  бірлікті  нығайту  ісінде  басты  рөл  атқарды. 
Қазақстан  халқы  Ассамблеясы  мәртебесі  «Қазақстан  халқы 
Ассамблеясы  туралы»  2008  жылғы  20  қазандағы  Қазақстан 
Республикасының 
заңында 
бекітілген 
Қазақстан 
халқы 
Ассамблеясы  туралы»  2008-жылғы  20-қазандағы  Қазақстан 
Республикасы  қызметін  қамтамасыз  ету  үшін  ел  Президентінің 
жаңынан  «Қоғамдық  келісім»  республикалық  мекеме  құрылды, 
осыған  ұқсас  құрылымдар  Астана,  Алматы  қалалары  мен 
облыстар  әкімдерінің  аппараттары  жанынан  да  құрылды. 
Қазақстандық  бірегейлік  пен  бірлікті  қалыптастыру  әлем 
өркениетінде ерекше орын алуда. 
Еліміздің  даму  процесінде  үлкне  орын  алған  Елбасы 
Н.Ә.Назарбаевтың 
2005-жылғы 
18-ақпандағы 
«Қазақстан 
экономикалық,  әлеуметтік  және  саяси  жедел  жаңару  жолында» 
атты  Қазақстан  халқына  дәстүрлі  Жодауы  болды.  Елбасының 
Жолдауын  іске  асыру  жөніндегі  іс-шаралардың  жалпыұлттық 
жоспарына сәйкес, Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік, 


76 
 
саяси,  тұтрастай  алғанда  қоғамның  даму  үрдісінде  жаңа  кезең 
бастау алды. 
Жастар  мемлекеттің  қоғамдық-саяси  өміріне  белсенді 
қатысушылардың  бірі  және  қоғамның  құрамдас  бөлігі  болып 
табылады, сонымен қатар егемен еліміздің прспективалық дамуы 
үшін  стратегиялық  ресурсы  болып  табылады.  Қазақстан 
републикасындағы  мемлекеттік  жастар  саясаты  нормативтың- 
құқықтық 
базамен 
қамтамасыз 
етілген 
елімізде 
оның 
тұжырымдамасы  бекітілсе,  2004  жылы  7  шілдеде  «мемлекеттік 
жастар  саясаты  туралы»  арнайы  Заң  қабылданды.  Білім  беруді 
дамытудың  2020  жылға  дейінгі  бағдарламасында,  Қазақстан 
Республикасын  дамытудың  2020-  жылғы  дейінгі  даму 
стратегиясында арнайы бөлімдер арналды. 
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатының 
басты  және  негізгі  мақсаты  ол  жастардың  азаматтық,  әлеуметтік 
дербес  тұлғалық  қалыптасуын  жүзеге  асыру  үшін  қажет 
құқықтық,  экономикалық,  ұйымдастырушылық  жағдайларды 
жасау  мен  нығайту  болып  табылады.  Қазақстанда  жастар  жалпы 
халықтық  30  пайызын  құрайды,  жастар  саясаты  туралы  Заң 
бойынша олар 14 пен 29 жас аралығын қамтиды. 
2008-жылы  «Нұр  Отан»  партиясының  «Жас  Отан»  жастар 
қанаты 
І-съезінінің 
қорытындысы 
бойынша 
Қазақстан 
Республикасы  Президентінің  жанына  Жастар  саясаты  жөніндегі 
Кеңес  құрылды.  Ал,  «Нұр  Отан»  партиясы  жанындағы  «Жас 
Отан» жастар қанаты 2008-жылы 12 мамырда қоғамдық бірлестік 
ретінде  құрылған.  Бүгінде  жастар  қоғамның  қозғаушы  күші 
ретінде озық идеялармен қарулаа отырып, еліміздің дамып, оның 
өркендеуіне  еліміздің  әлем  өркениетінде  бәсекеге  қабілетті, 
экономикасы  дамыған,  өркениет  көшінен  лайықты  орын  алатын, 
еліміздің  қарқынды  дамуына  өзіндік  ерекше  үлес  қосатын 
қоғамның  негізгі  белсенді  күші  жастар  болып  табылады.  Жастар 
саясатының қарқынжды дамуына ерекше серпіліс берген 
«Қазақстан-2050:  болашаққа  айқын  жол»  атты  қазақстан 
Республикасы мемлкеттік жастар саясатының 2020-жылғы дейінгі 
тұжырымдамасы. 
Қазақстанның діни конфессияларының бір-біріне деген өзара 
сыйластығы  олардың  маңызы  ерекшелігі  болып  табылады. 


77 
 
Көпұлтты  және  көпконфессиялы  Қазақстан  халқына  қашанда 
айрықа  толеранттық,  өзара  сыйластық  пен  өзара  жәрдемдесудің 
айрықша рухы тән екені барша әлемге белгілі. 
Бүгінгі  таңда  Қазақстанда  130-дан  астам  ұлт  пен  этнос 
өкілдері  ынтымақ  –бірлікте  тату-тәтті  өмір  сүруде.  Санғасырлық 
тарихи кезеңдерде қалыптасқан діни және мәдени көптүрлілігімен 
ерекшеленетін  Қазақстанның  тәуелсіздік  жылдарында  барша 
әлемге  түрлі  конфессиялар  мен  этностардың  бірлік  пен 
ынтамақтастыққа ғұмыр кеше білетіндігін үлгі етіп көрсетіп бере 
алды. 
Елімізде дін тұту бостандығы және конфессияаралық келісім 
қазақстан  Республикасының  2011  жылғы  11  қазандағы  «Діни 
қызмет және дәни бірлестіктер туралы» Заңмен қарастырылыған. 
Бұл  заң  Қазақстан  Республикасының  өзін  демократиялық, 
зайырлы  мемлекет  ретінде  растайтын,  әркімнің  діни  нанымына 
қарамастан  тең  құқылы  болуына  кепілдік  беретін,  ханафи 
бағытындағы  исламның  және  проваславилік  христиандық 
халықтық  мәдениетінің  дамуы  мен  рухани  өміріндегі  тарихи 
рөлін  танитынын,  Қазақстан  халқының  рухани  мұрасымен 
үйлесетін  басқа  да  діндердің  құрметтеудің  маңыздылығына 
негізделген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   64




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет