Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі



Pdf көрінісі
бет10/199
Дата23.02.2022
өлшемі3.75 Mb.
#26194
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   199
1.3.  ФИЛОСОФИЯНЫҢ ПӘНДІК АУМАҒЫ 
 
Философияның  пайда  болуының  негізгі  себебі  –  танымның  жеке 
түрлерінің  (математика,  астрономия  тағы  басқалары)  адам  мен  әлем  туралы 
біртұтас  –  білім  жүйесін  жасай  алмауы.  Оның  шығуына  ертедегі  қоғамда  дін 
мен  мифологияға  қарама  –  қарсы  рационалдық  таным  жүйесінің  қажеттігін 
түсіну де әсер етті. 
Философияның  іргелі  мәселелері  оның  пайда  болуымен  басталады. 
Философиялыққа жататын мәселелер шеңбері адамзат мәдениеті, танымы және 
тәжірибесі  дамуының  шамасы  бойынша  өзгеріп  отырды,  бірақ  әрқашан 
жауапты  дәстүр  бойынша  тек  философиядан  күтетін  сұрақтар  болған.  XVIII 
ғасырдың  неміс  ойшылы  И.Кант  төрт  негізгі  философиялық  сұрақтарды 
көрсетуге  болады  деп  есептеген:  «мен  не  біле  аламын?»,  «мен  не  істеуім 
керек?», «мен неге үміттене аламын?», «адам деген не?».     
Философияның  зерттейтін  пәні  —  жалпылама  әлем  және  оған  адамның 
қатынасы. Таратып айтқанда, оларға барлық мәнділіктердің - қандай да болсын, 
болмыстың (өмір сүріп жатқан бардың), танымның және әрекеттің жалпылама 
және  қажетті  заңдылықтары  мен  формалары,  түпкілікті  жағдайлары  және 
себептері  жатады.  Философия  ғылымының  зерттейтін  пәнінен  туындайтын 
айырмашылығы  —  жалпылама  сипатта  болуы.  Оның  негізгі  заңдары  мен 
ұғымдары  табиғатқа,  қоғамға,  адамға  және  ойлауға  қатысты  жүреді. 
Философияның  ерекше  белгісі  —  дүниенің  тұтастығын,  қоршаған  дүниенің 
бірлігін  пайымдау.  Бұлар  кез  келген  саланың  маманы  үшін  өте  маңызды. 
Өйткені  жеке  әрқашанда  жалпымен  және  тұтаспен  байланыста  ғана  дұрыс 
түсіндіріледі.  Өйтпегенде,  халық  айтқандай,  адам  ағаштың  қалқасында  тұрып, 
орманды  көрмей  қалуы  мүмкін.  Барлық  философиялық  мәселелердің 
орталығында дүниетаным, адамның қоршаған ортаға қатынасы, дүниені дұрыс 
түсінуі,  мақсатты  және  қонымды  әрекет  ету  мәселесі  тұрады.  Философияның 


13 
 
үш басты тақырыбы бар: дүние, адам және дүниеге қатынас. Олар бір-бірімен 
өзара байланысты. 
–  Біріншіден,  қоршаған  орта  мәселесі,  барлық  заттардың  бірінші 
бастамасын іздеу. Бұл тақырып келесі құрақтарда нақтылана түседі: «дүниенің 
өзгермейтін  бастамасы  бар  ма  немесе  ол  мәңгі  қалыптасуда  болады  ма?», 
«дүние  шекті  ме  әлде  шексіз  бе,  жалғыз  ба  немесе  көп  пе?»,  «сезіммен 
қабылданған  болмыстың  және  ойша  түсінілген  шындықтың  айырмашылығы 
неде?»  және  т.б.  әр  түрлі  тарихи  кезеңдерде  осы  сұрақтарға  жауаптар  түрлі 
«конфигурацияға»  ие  болды.  Түрлі  ғылымдарға  сүйене  отырып,  түрлі 
салалардың  білімдерін  талдай  отырып  философия  дүниенің  мәнін,  оның 
құрылымының  қағидаттарын,  барлық  заттардың  алғашқы  бастамасын  ашуға 
тереңдей түсті. Дүниенің әр түрлі философиялық «үлгілері»  оның құпияларын 
тануға  ұмтылушылығындағы  бірінші  мағынасын  барлық  уақытта  сақтай 
отырып қалыптасты.   
– Екіншіден, адамды және оның тіршілік етуінің мағынасын тану мәселесі. 
Философиялық антропология көптеген көне грек философиялық мектептерінің 
назарында болды. Софистік философия, шын мәнісінде, антропологиялық ілім 
болып  қалыптасқан.  Оның  негізін  қалаушы  аға  буынның  өкілі  —  Протагор 
болатын.  Протагордың  айтуынша  антика  философиясы  «адам  барлық 
заттардың  өлшемі»  деген  атақты  фразаны  жариялады.  Көне  грек  философы 
Сократтың  көзқарасы  бойынша  ғарыш  ақылға  сыймайды,  және  даналықты 
сүйетінге адам үшін қажетті болып өзін-өзі тану табылатындығын түсіну керек. 
Қайта  өрлеу  философиясының  дүниетанымдық  бағытында  басты  ерекшелік 
адамға  деген  бетбұрыс.  Қайта  өрлеу  дәуірінде  дүниедегі  адам  қызметі,  адам 
бақыты  мәселелері  көтеріледі.  Философия  ғылым  ретінде  түсіндіріледі  және 
оның мақсаты адамның өмірде орнын табу. Осы дәуірдің философиялық ойлау 
бағыты  антропоцинтристік  болды.  Құдай  барлық  заттардың  бастауы,  ал  адам 
дүниенің  ортасы,  негізі.  Қайта  өрлеу  дәуірінің  ортасы,  негізгі  дүниетанымы 
гуманистік  бағытта  -  адам  ерікті  өзінің  болашағын  жасаушы  тұлға  ретінде 
қарастырылды.
  Осы  антропофилософиялық  бағытты  көп  ғасырлар  өте  И.Кант 
жалғастырды, ол адамға осы дүниеде тиісті орнын алуға көмектесу үшін, «адам 
болу үшін қандай болу керектігін» үйрету философияның жоғарғы бағытталуы 
деп санаған.   
–  Үшіншіден,  адам  мен  дүние,  субъект  пен  объект,  субъективтік  пен 
объективтік, идеалдық пен материалдық қатынасындағы мәселе. «Адам – әлем» 
арақатынасы философиялық танымда әр түрлі қарастырылды. Антика кезеңінде 
ол  әлемдік  Ғарыш  бүтіндігіндегі  адамның  орны  туралы  түсініктер  ретінде 
түсіндірілді.  Орта  ғасырларда  адамның  Құдайға  деген  абсолюттік  шындық 
және  барлық  заттардың  алғашқы  бастамасы  ретіндегі  арақатынасы  мәселесі 
ерекше  философиялық  қызығушылықты  тудырды.  Жаңа  дәуір  ойшылдары 
«адам  және  әлем»  жүйесінде  шындықтың  ғылым  білімдерінің  барабарлығына 
екпін  жасады.  XVIII–XIX  ғасырлардағы  неміс  философтары  Кант,  Фихте, 
Шеллинг,  Гегель  үшін  «субъект  –  объект»  қатынасының  түсінігі  маңызды 
болып  саналды.  Бірақ  осы  жүйенің  түсіндірудегі  барлық  нұсқаларында  ақыр 


14 
 
аяғында  философтар  сана  мен  материя  арақатынасы  туралы  өз  ұстанымдарын 
түсіндіру  қажеттігі  алдында  тұрды.  Табиғат,  дүниенің  және  адамның  мәні 
туралы  сұрақтарды  шешудегі  екі  қарама-қарсы  тәсіл  философияның  негізгі 
рухтың табиғатқа, сананың материяға, ойлаудың болмысқа қатынастары туралы 
сұрағының  мәнін  білдірді.  Дүние  мен  адамның  шекті  негіздері  ретінде 
материалдық  пен  идеалдықты  мойындау  не  бірінші  –  материя  немесе  сана  ма 
деген  сұрақты  шешуге  әкелді.  Осы  сұрақтың  қойылуы  мен  шешілуі 
философияның  негізгі  сұрағының  бірінші  жағын  құрады.  Осы  сұраққа 
философтар  қалай  жауап  беруге  қатысты  не  бірінші,  не  екінші  екенін  іздеу 
барысында  олар  материалистер  мен  идеалистерге  бөлінді.  Осылайша 
философияның  негізгі  екі  бағыты  ретінде  материализм  мен  идеализм  пайда 
болды.    
Материализм дүние өз табиғаты бойынша материалды, мәңгі, жаралмаған, 
материя – бірінші; сана жоғарғы ұйымдастырылған материяның құрамы, өнімі 
ретінде  табылады,  сол  себепті  ол  екінші.  Материализмге  байланысты 
материалдық  дүние  адамнан,  оның  санасынан,  басқа  қандайда  күштерден 
тәуелсіз  өмір  сүреді.  Философиялық  ойлау  тарихында  материализм  адамды 
қоғамдық-тарихи  мәнді  көрмей,  тек  табиғи  мән  ретінде  қарастырды.  Табиғат 
(дүние, ғарыш, Әлем) адаммен соншалықты мадақталды, көбінесе табынды, ал 
адамның санасы оның тегіс қамти алатын құрамы ретінде тіркелді. Нәтижесінде 
сана әлеуметтік деңгейде емес табиғи, биологиялықта түсіндірілді.  
Идеализм  рух,  сана,  ойлаудың  алғашқылығымен  және  табиғат,  материя, 
болмыстың  екіншілігімен  тұжырымдалады.  Обьективті  идеализм  өкілдерінің 
(Платон, Гегель  және  т.б.)  тұжырымдауы  бойынша  тек  қана реалды идея  ғана 
бар,  идея-алғашқы,  барлық  қоршаған  орта,  шындық  -  «идеялар  әлемі»  және 
«заттар  әлемі»  болып  бөлінеді.  «Идеялар  әлемі»  (эйдос)  әлемдік  зердеде  өмір 
сүреді, заттар әлемі - өзіндік тіршілігі жоқ, жекелеген заттар Жаратушыға ғана 
тән  құбылыс,  «идеялар  әлемі»  санадан  тәуелсіз  өмір  сүреді,  себебі,  адамның 
ойы,  идея  тіпті  табиғаттың  өзі  абсолюттік  идеяның,  дүниежүзілік,  әлемдік 
рухтың  бір  бөлшегі  ғана,  яғни  дүниенің  негізі  -  о  дүниелік  сана,  «абсолютті 
рух». Субьективті идеализм - бүкіл дүние - біздің санамызда, субьектінің сана-
сезімінің  жасаған  немесе  біздің  түйсіктеріміздің,  алған  әсеріміздің  жиынтығы 
(Дж.Беркли, Д.Юм және т.б.).  
– Және де, төртінші философиялық мәселе адамды «адамдар дүниесінде» 
қарастыратын, субъективті – субъективті қатынасты шешумен байланысты. Бұл 
жерде  философия  қоғамның  мінсіз  үлгісін  іздеумен  байланысты  күрделі 
сұрақтарды  шешуге  ұмтылады  (Платон  мен  Конфуцийдің  идеалды 
мемлекетінен,  Мордың  «Утопиясынан»,  Кампанелланың  «Күн  қаласынан» 
бастап  және  үйлесімді  коммунистік  қоғам  деп  аталатын  марксистік  үлгімен 
аяқталады).  Келісм,  өзара  түсінікті  іздеу,  толеранттық,  икемділік  идеалдар, 
барлық  пайда  болған  қақтығыстарды  коммуникативті  шешу  қазіргі  кездегі 
философияның негізгі философиялық тақырыптары болып табылады.  
Аталған  философиялық  тақырыптарды  бір  бірінен  толықтай  ажыратуға 
болмайды.  Олар  бір  бірін  толықтырып  отырады,  сонымен  қатар  кейбір 


15 
 
философиялық білімдерде  басымдылық  – не дүниенің идеалды үлгісін құруға, 
не  адам  мәселесіне,  не  адам  мен  дүниенің  қарым-қатынасына,  не 
гносеологиялық  сұрақтардың  біреуіне  беріледі.  Сонымен  қатар  адам  және 
қоғам  қатынасы,  қоғамға  енген  және  адамдар  дүниесіндегі  адам  мәселесі 
туралы  ұмытпау  қажет.  Тарихи  қозғалыста  осы  философиялық  мәселелерді 
шешуде  акцент  өзгеріліп  отырды,  дегенмен  философиялық  дүниетанымның 
барлық  көне  түрлерін  анықтаған  көне  философиялық  білімдерден  көрсетілген 
әр  философиялық  тақырыптардың  қойылуымен  және  өзіндік  шешімдерін 
байқауға болады.    
Философия  пәнінің  ерекшелігінен  философиялық  білімдердің  негізгі 
белгілері туындайды: 
- ол жалпы, теориялық сипаттағы білім
- басқа  ғылымға  негіз  бола  алатын  іргелі  ұғымдар  мен  идеяларды, 
ұстанымдарды біріктіретін білім; 
- жеке  философтардың  тұлғалық  қасиеттерінің  ықпалын  бейнелейтін 
субъективті білім; 
- белгілі  тарихи  уақыттың  объективті  білімдері  мен  ұстанымдарының 
жиынтығы; 
- танымның нысанын ғана емес, тану тетігін де қарастырады
- ой  тек  нысанға  ғана  емес,  өзіне  де  бағыттала  алатындықтан,  рефлексивті 
сипаты бар; 
- бұрынғы философтардың ұстанымына сүйенеді. 
Осылайша, философия пәнінің әр түрлі түсіндірмесінің мүмкіндігі зерттеу 
пәнінің  күрделілігі,  көп  қырлылығында  бекітіледі.  Л.Фейербахтың  айтуынша 
барлық  уақыттың  және  ұлттың  шебер  және  құнды  ойлары  философиялық 
идеяларда шоғырланады.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   199




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет