Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі



Pdf көрінісі
бет101/199
Дата23.02.2022
өлшемі3.75 Mb.
#26194
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   199
И.И.Мечников  –  биолог,  антрополог,  философ  – 
қазіргі  кездегі  геронтология  мен  танатология  негізі  болған 
бірқатар бағалы идеяларды ұсынды. Мечниковтың күшімен 
кәрілік 
және 
өлімді 
зерттеу 
мәселелері 
дәстүрлі 
медициналық-генетикалық  қарастыру  шеңберінен  ауқымды 
эволюциялық-биологиялық 
және 
философиялық-
гуманисттік  антропологиялық  зерттеу  жолына  шықты. 
Мечниковтың 
еңбектерін 
философиялық 
талдау 
валеологияны  (латын  тілінен  valeo  –  күшті,  дені  сау  болу) 
дамыту үшін «ортобиоз» (латын тілінен orthos – тікелей, bios – өмір) идеясының 
әдістемелік  мағынасын  ашуға  көмектеседі.  Адам  ағзасының  жетілмегендік 
мәселесін  зерттеу  және  берілген  қайшылықты  шешу  жолдарын  іздеу  авторды 
«ортобиоз» заңын тұжырымдауға әкелді. Заңның мәні адам табиғатын зерттеуге 
және  дисгормонияны  түзету  амалын  бекітуге  негізделген  дұрыс  өмір  салтын 
ұсынатын, өмірдің өзін-өзі реттеуде қорытылады. Өзін-өзі реттеу ұзақ, әрекетті 
және  ширақ  кәрілікке  жетуге  бағытталуы  тиіс.  Ол  материализм  ұстанымында 
тұрды. Онымен жан және оның мәңгілігі мойындалмады.  
В.М.Бехтерев  невропатология,  психиатрия,  морфология 
және  жүйке  жүйелерінің  физиология  мәселелерін  зерттеуде 
елеулі  із  қалдырды.  Оның  зерттеулері  философиялық  та 
мағына  білдіреді.  Адамның  және  жоғары  ұйымдасқан 
жануарлардың  әр  түрлі  ағзаларының  жұмыс  істеуде  жүйке 
жүйесінің  әр  түрлі  бөліктерінің  ролін  анықтаған  еңбектері 
бағалы  болып  табылады.  Бехтерев  елірмені  емдеуде  дұрыс 
бағыт  берген,  ол  психикалық  бұзылу  ағзаның  бұзылуымен 


125 
 
тікелей байланыста болатынын материалистік тұрғыда негіздеді. Ғалым өзінің 
тәжірибелерімен психологиялық реакциялардың материалдық негізін дәлелдеді. 
Бехтерев  ғылыми  қызмет  үрдісінде  рефлексологиялық  дүниетанымды 
(«эволюционды»,  «энергетикалық»  монизм)  қалыптастырды.  Ғалымның 
ойынша,  әлеуметтік  өмірде біз  сол  рефлекстермен  қоғамдық  қозғалыс  түрінде 
және сол жеке тұлға әрекетінен тапқан даму мен ағыспен кездесеміз. Қоғамдық 
өмірдің негізі  – «ұжымдық рефлекстерде», яғни әр түрлі стимулдарға адамдар 
ұжымының реакциясы – ортаның ықпалы.   
И.П.Павлов  –  атақты  ғалым-физиолог,  медицина 
бойынша Нобел сыйлығының лауреаты (1904 ж.). Петербург 
университеті  (1875  ж.)  мен  Медициналық-хирургиялық 
академияны (1879 ж.) аяқтаған. Жоғарғы жүйке қызметінің, 
ас  қорыту,  қан  айналым  заңдылықтарын  зерттеген. 
Психикалық  қызметтің  рефлекторлық  сипаты  туралы  ілімді 
таратқан.  Ағзаның  құрылысын  түсіндіруде  детерминизм 
қағидатын жасап шығарған.  Физиологиялық базис ретіндегі 
абстрактылы 
ойлаудың 
екінші 
сигналды 
жүйесі 
концепциясын  негіздеді.  Павлов  пен  оның  шәкірттерінің,  ізбасарларының 
зерттеу  нәтижелері  кибернетикалық  жүйелерді  жасау  барысында  ми 
жұмысының кейбір көріністерін моделдейтін қолданысты тапты.   
И.П.Павловпен  жасалған  ми  әрекетінің  теориясы  қазіргі  кездегі 
нейрофизиология  үшін  ми  жұмысының  түпкілікті  «мәселелеріне»  объективті 
тәсілдердің  методологиялық  негіздері  мазмұнын  толық  сақтайды.  Қандайда 
болмасын  табиғи-ғылым  теориясы  сияқты  И.П.Павловтың  ілімі  абсолютті 
ақиқат  ретінде  қарастырылмайды.  Теорияны  қолдану  оның  әрі  қарай  дамуын 
болжайды.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   199




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет