Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі



Pdf көрінісі
бет106/199
Дата23.02.2022
өлшемі3.75 Mb.
#26194
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   199
Тілеуұлы  Мөңке  би —  белгілі  би,  Әбілқайыр  хан 
кеңесшілерінің бірі, жырау. 
Шамамен  1675  жылы  дүниеге  келген.  Ата  тегі  шежіре 
бойынша  өз  әкесі  Тілеу  әрі  қарай  Айт,  Бөлек,  Қалу,  Сирақ, 
Мұса хан, Уақас би, Нұраддин болып жалғаса береді. 
Мөңке  би  өз  заманында  «ердің  құнын  екі  ауыз  сөзбен 
шешкен  сұңғыла  би»,  келер  күнді  айнытпай  болжайтын 
сәуегей  және  дала  даналығының  көрінісі  іспетті  ой-
тұжырымын  тағылымды  поэтикалық  жырға  айналдырған 
жырау ретінде танылды. Мөңке бидің философиялық толғаулары, риторикалық 
сұрақ-жауап,  болжау,  билік,  кесім,  шешім  түріндегі  мұралары  өзіндік 
ерекшелігімен  көзге  түседі.  Көшпелі  тірліктің  тіні  бұзылмаған  қоғамда  заман 
аңысын  аңдап,  оның  келешек  кескін-кейпін  дәл  болжай  білу  Мөңке  би 
шығармашылығының басты белгісі. Оның “Түрлі-түрлі халық болады‚ Күндіз-
түні  жарық  болады…  Дүниенің  жүзіне‚  Өре  мен  темірден  жол  тартылады… 
Адам  ақысыз  жұмыс  істемейді‚  Дүниені  түрлеп  кестелейді”  деген  толғау 
жолдарынан келер күнді болжаған сәуегейлік көрінеді. Сондай-ақ, 
«Құрамалы-қорғанды үйің болады‚ 


132 
 
Айнымалы‚ төкпелі биің болады. 
Халыққа бір тиын пайдасы жоқ 
Ай сайын басқан жиын болады. 
Домалақ-домалақ түймедей дәрің болады‚ 
Жастарға билігі жүрмейтін кәрің болады, 
Алашұбар тілің болады‚ 
Дүдәмалдау дінің болады. 
Әйелің базаршы болады‚ 
Еркегің  қазаншы  болады»-    деп  келетін  жолдардан  болашақтың  бет  алысын‚ 
бағыт-бағдарын тап басып танығандығы аңғарылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   199




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет