Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі



Pdf көрінісі
бет112/199
Дата23.02.2022
өлшемі3.75 Mb.
#26194
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   199
Торайғыров  Сұлтанмахмұт  (1893-1920  )  көрнекті 
қазақ  ақыны  және  ойшылы.  Философиялық  көзқарасының 


138 
 
бастауы- құдай, табиғат және адам арақатынастары туралы мәселе. Осы өзекті 
үш  жақты  мәселеге  жауап  іздеу  барысында  оның  бүтіндей  дүниетанымы, 
философиялық  көзқарасы  қалыптасты.  Торайғыровтың  философиялық 
көзқарасының  мәні  дүние  мен  адам  арақатынасының  өмірдегі  гормониясын 
іздеу болып табылады. 
Білеміз ынтымақсыз іс оңбайды, 
Тартынып шу-шулеткен кісі оңбайды.  
Қараңғы қазақ көгіне 
Өрмелеп шығып күн болам, 
Қараңғылықтың көгіне 
Күн болмағанда кім болам? 
Мұздаған елдің жүрегін, 
Жылытуға мен кірермін...   
Торайғыров  шығармалары  –  20  ғасырдың  басындағы  қазақ  қоғамы 
шындығын, ондағы жаңашыл ой-пікірдің дамуын танытатын үлкен белес. Оның 
ізденістері  «шындықтың  ауылын  іздеумен»  байланысты,  оның  реализмі 
бұлтақсыз,  жалтақсыз  айтылған  шындыққа,  әлеуметтік  тіршіліктің  шынайы 
суреттеріне  негізделген,  оның  теңденциясы  да  сыншыл.  «Шәкірт  ойы» 
өлеңінде: 
Қараңғы қазақ көгіне, 
Өрмелеп шығып күн болам. 
Қараңғылықтың кегіне, 
Күн болмағанда кім болам. 
деп  жырлаған  ақынның  шын  мәнінде  де,  бүгінде  қазақ  аспанындағы  рухани 
сәуле  шашып  тұратын  ең  жарық  күндердің  бірі  болып  мәңгілікке  қалғанына 
ешкімнің де таласы жоқ екені анық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   199




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет