Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі



Pdf көрінісі
бет12/199
Дата23.02.2022
өлшемі3.75 Mb.
#26194
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   199
1.5.  ФИЛОСОФИЯДАҒЫ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАР 
 
Философияның негізгі сұрағы ойлаудың болмысқа қатынасын іздестіреді. 
Материя  мен  сана  болмыстың  бір  –  бірімен  байланысқан,  бір  –  біріне 
қарама  –  қарсы  екі  жағы.  Сондықтан  да  философияның  негізгі  сұрағының  екі 
жағы бар. Оның онтологиялық қыры материя бірінші ме, жоқ әлде сана бірінші 
ме? деген сұраққа жауап іздейді. 
Философияның негізгі сұрағының танымдық қыры дүниені тануға бола ма, 
болмай ма деген сұрақты қарастырады.  
Осы  сұрақтарға  жауап  беру  қисынына  байланысты  негізгі  бағыттар  – 
материализм және идеализм, рационализм және эмпиризм қалыптасады. 
Философияның  негізгі  сұрағының  онтологиялық  қырына  жауап  беруіне 
байланысты объективті идеализм, субъективті идеализм, материализм, тұрпайы 
материализм,  дуализм,  деизм,  ал  гносеологиялық  қырына  жауап  беруіне 
байланысты  гностицизм,  агностицизм,  эмпиризм,  рационализм  бағыттары 
қалыптасады.  
Материализм  –  материя  бірінші,  ал  сана  екінші  деп  есептейтін 
философиялық бағыт. Оның негізгі ұстанымдары мынадай: 
- материя нақты өмір сүреді; 
- материя адамның санасынан тыс өмір сүреді; 
- материя  өзінен  басқа  ешнәрсеге  бағынбайтын,  дербес  өмір  сүретін 
реалдылықты бейнелейтін философиялық ұғым; 
- материя өз еркімен дамиды және өзіндік заңдарына бағынады
- сана жоғары ұйымдастырылған материяның қасиеті; 
- сана материямен қатар қоюға болатын дербес субстанция емес
- сана материя, яғни болмыспен анықталады. 
Материалистік 
бағыттың 
көрнекті 
өкілдері 
Демокрит, 
Фалес, 
Анаксимандр,  Анаксимен,  Эпикур,  Бэкон,  Локк,  Спиноза,  Дидро,  Француз 


18 
 
материалистері,  Герцен,  Чернышевский,  Маркс,  Энгельс,  Ленин  болып 
табылады. 
Материализмнің  күшті  жағы  –  ғылымға,  әсіресе,  физика,  математика, 
химия  сияқты  іргелі  білім  салаларына  сүйенуі,  көптеген  ұстанымдарының 
толық дәлелденуі. 
Материализмнің әлсіз жағы – сананың мәнін жеткілікті түсіндіре алмауы, 
сонымен  қатар,  объективті  әлемнің  әлі  де  сипатталмаған,  анықталмаған 
қасиеттерінің болуы. 
Фохт,  Молешотт  негіздеген  тұрпайы  материализм  материяның  маңызын 
біржақты  абсолютке  айналдырады,  сананы,  оның  ерекшеліктерін  түсіндіруге 
тырыспайды. 
Идеализм –  сананы,  идеяны,  рухты  алғашқы,  ал  материя оның  туындысы 
деп есептейтін философиялық бағыт. Оның өзі екі түрге бөлінеді. 
- объективті идеализм (Платон, Лейбниц, Гегель); 
- субъективті идеализм (Беркли, Юм). 
Объективті идеализмнің негізін Платон қалаған. Оның іргелі ұстанымдары  
- шын мәнінде идея өмір сүреді; 
- идея алғашқы; 
- барлық шындық идеялар әлеміне және заттар әлеміне бөлінеді
- идеялар әлемі о бастан – ақ әлемдік ақылда, яғни Құдайдың жобасында өмір 
сүреді; 
- заттар  әлемі  жеке,  дербес  өмір  сүре  алмайды,  ол  идеялар  әлемінің  түлеуі, 
іске асуы; 
- әрбір жеке зат жалпы идеяның іске асуы, мысалы, үй – үй идеясының, кеме 
– кеме идеясының жүзеге асуы; 
- таза  идеяның  нақты  бір  затқа  айналуында  Жаратушы  –  Құдай  үлкен  роль 
атқарады; 
- жеке идеялар біздің санамыздан тыс объективті өмір сүреді. 
Субъективті идеалистер (Беркли, Юм) ұстанымдары мынадай: 
- барлық нәрсе тек дүниені танитын субъектің, яғни адамның санасында өмір 
сүреді; 
- идеялар адамның ақылында
- материалды заттардың бейнелері де адамның ақылында
- жеке адамның санасынсыз материя да, рух та, идея да болуы мүмкін емес. 
Идеализмнің  әлсіз  жағы  –  таза  идеялар  әлемінің  болмысы  мен  олардың 
нақты  заттарға  құбылыстарға  айналу  процесінің  қисынды  дәлелдерінің 
болмауы.  Идеализм  философиялық  бағыт  ретінде  көне  Грецияда,  орта 
ғасырларда, батыс Европаның басқа да елдерінде кеңінен тараған. 
XIX  –  XX  ғасырда  қалыптасып,  кеңінен  тараған  ықпалды  философиялық 
ілімдер 
экзистенциализм, 
неопозитивизм, 
неотомизм, 
прагматизм, 
феноменология,  постмодернизм,  герменевтика  идеалистік  бағытқа  жатады. 
Мұның  өзі  идеалистік  бағыттың  зерттеу  нысандары  мен  ізденіс  аясының 
кеңдігін дәлелдейді. 


19 
 
Дуализм  философиялық  бағыт  ретінде  Декарт  шығармашылығында 
негізделді. 
Оның мәні мынада: 
- бір  –біріне  бағынбайтын  дербес  екі  субстанция  бар;  бірі  –  материалдық 
бастау, екіншісі – рухани бастау; 
- әлемдегі  материалдық  заттар  материалдық  бастаудан,  ал  рухани 
құбылыстар рухани бастаудан туындайды; 
- адамда материалдық және рухани бастау біріккен
- материя  мен  сана  біртұтас  болмыстың  бір  –  біріне  қарама  –  қарсы,  бірақ 
өзара тығыз байланысқан қырлары
- материя  мен  сана  бірін  –  бірі  өзара  толықтыратын  болғандықтан 
философияның негізгі сұрағы жоқ. 
Деизм – Құдай дүниені қозғалысқа келтірген, жаратқан бастау, сонан кейін 
оның  дамуына  тікелей  араласпайды  деп  есептейтін  философиялық  бағыт.  Ол 
біртұтас  емес,  оған  материалисті  де,  идеалисті  де  жатқызуға  болады.  Деизмді 
Англияда Ньютон, Локк, Толанд, АҚШ-та Франклин, Джефферсон, Францияда 
–  Руссо  мен  Вольтер,  Ресейде  Ломоносов,  Радищев,  Қазақстанда  Абай  мен 
Ы.Алтынсарин жақтады. 
Философияның  негізгі  сұрағының  екінші  жағын  шешу  барысында 
эмпиризм  мен  рационализм  пісіп  –  жетілді.  Эмпиризмнің  негізін  Ф.Бэкон 
қалады.  Оның  пікірінше,  танымның  негізінде  тәжірибе  мен  сезімдік  түйсіктер 
жатыр.  Рационализмді  дамытқан  Р.Декарт.  Оның  негізгі  идеясы  –  шынайы 
дәлелденген  білім  ақылдың  көмегімен  ғана  қалыптаса  алады,  ол  сезімдік 
тәжірибеге бағынышты емес. 
Біріншіден,  шын  мәнінде  бәріне    күмәндану  ғана  бар,  ал  күмән  –  ой, 
ақылдың іс  - әрекеті. Екіншіден,  ақылға түсінікті ақиқаттар ғана бар. Мысалы 
«Бүгін оның бөлшегінен әруақытта үлкен». 
Ерекше  бағыт  ретінде  иррационализмді  бөліп  көрсетуге  болады.  Оның 
өкілдері  (Ницше,  Шопенгауэр)  әлем  шым  –  шытырық,  оның  біртұтас  қисыны 
жоқ, оны ақылмен ешқашан тануға болмайды деп есептейді. 
Гностицизмнің өкілдері әлемді тануға болады, таным мүмкіндіктері шексіз 
деген  ойды  жақтайды.  Бұған  қарама  –  қарсы  пікірді  агностиктер  білдіреді. 
Олардың  ойынша,  әлемді  толық  тануға  болмайды,  танымның  мүмкіндіктері 
шектеулі. Агностицизмнің көрнекті өкілі - Иммануил Кант. 
Қазіргі  уақытта,  философтардың  мыңдаған  жылдарды  қамтитын 
тәжірибесіне  қарамастан,  философияның  негізгі  сұрағы  әлі  де  өзінің  шешімін 
тапқан жоқ. Тіпті соңғы кезде өзінің маңыздылығын жоғалта бастады десек те 
болады. 
Ясперс,  Хайдеггер,  Камю,  тағы  да  басқа  философтар  болашақта 
философияның  негізгі  сұрағы  ретінде  экзистенциалдық  мәселелерді 
қарастыруға болады деген болжам ұсынды. Экзистенциализм – адам, оның өмір 
сүруінің  қиыншылықтары  мен  мәселелерін  негізгі  зерттеу  нысаны  етіп  алған 
философиялық бағыт. 


20 
 
Жаһандану  дәуірінің  адамы  үшін  әлемді  игеру,  өмір  сүрудің  мәні  мен 
мағынасы,  рухани  әлемді  игеру,  таңдау  еркіндігі,  қоғам  мен  тұлға  қарым  – 
қатынасы мәселері маңызды екені даусыз нәрсе. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   199




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет