Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі



Pdf көрінісі
бет21/199
Дата23.02.2022
өлшемі3.75 Mb.
#26194
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   199
2.2.  КӨНЕ ҚЫТАЙ ФИЛОСОФИЯСЫ 
 
Қытай 
мемлекеті 
қазіргі 
уақытта 
әлемдік 
деңгейде 
танымал 
мемлекеттердің  бірі  болып  отырғаны  күмәнсіз.  Өзінің  экономикалық  қуатын, 
мәдениетін, саяси ықпалын күннен күнге күшейтіп отырған көршіміздің ұлттық 
болмысын,  философиялық  дүниетанымын,  адамгершіліктік  ұстанымдарын 
танып-білу біз үшін аса маңызды және пайдалы. Әр халықтың ішкі, нағыз мәні 
оның  философиясы  арқылы  ашылатыны  белгілі,  сондықтан  да  көне  Қытай 
философиясымен  танысу,  оның  бастауларына  үңілу  қазіргі  Қытай  қоғамын 
тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. 
Қытай  философиясы  өз  бастауын  біздің  дәуірімізге  дейінгі  VIII  –  VI 
ғасырлардан алып, тарихи даму барысында көптеген философиялық мектептер 
мен бағыттарды, ғұлама философтарды дүниеге әкелді. 
Ежелгі Қытай философиясының келесі ерекшеліктерін атап өтуге болады:  
Ең басты ерекшелігі – саяси-практикалық сипатының басымдылығы, яғни 
философиялық  ой  мемлекет  мүддесіне  қызмет  етті.  Бұл  ерекшелік  сол  Қытай 
қоғамының  әлеуметтік  құрылымынан,  мемлекеттік  саясаттан  тікелей 
туындайды.  Көне  Қытай  мемлекеті  иерархиялық  деспотия  үстемдік  құрған 
мемлекет  болды.  Мемлекет  басшысы  ван,  барлық  билік  соның  қолында,  ол 
әлеуметтік  конустың  шыңында  орналасқан.  Одан  кейінгі  қабаттарда  әр  түрлі 
деңгейдегі ақсүйектер: мемлекеттік шенеуніктер – чжухоу, беделді отбасылар – 
дафу  және  ши,  ең  төменде  -  ештеңеге  құқы  жоқ  шужэнь  орналасқан.  Қатаң 
тәртіпке, ванға бағыныштылыққа негізделген осындай қоғамның философиясы, 
әрине,  «жоғары»  мен  «төменнің»  арасындағы  қатынастарды  қалыптастыруға, 
реттеуге, қатаң ұстауға бағытталды. 
Осы  бірінші  ерекшеліктен  Қытай  философиясының  келесі  ерекшелігі 
туындайды:  философиялық  мектептердің  барлығының  дерлік  қарастырған 
басты мәселесі – адам, оның бойындағы ізгілік және зұлымдық мәселесі болды. 
Қытай  философиясы  адамды  Көк  пен  Жердің  арасындағы  он  мың  заттың  ең 
құндысы  деп  танығанымен,  бұл  дүние  адам  үшін  жаратылмаған,  адам  – 
қарапайым «микрокосм» табиғаттың бір бөлшегі ғана, ол космоспен мыңдаған 
көрінбейтін тізбекпен байланысты деп түсіндірді. Яғни, адамның міндеті – осы 
тізбекті  үзбей,  жеке  белсенділік  көрсетпей,  өзінен  жоғарыға,  езінен  үлкенге 
қызмет  етіп,  табиғат  пен  өмір  ағынына  еріп,  тыныш  өмір  сүру,  өзінің 
адамгершілігін жетілдіру жолында тынымсыз еңбектену. Себебі, бұл өмірде ең 
маңызды  нәрсе  –  жеке  адам  емес,  ол  өмір  сүріп  отырған  қоғам,  мемлекет,  ал 
жетілген  қоғам  жетілген  адамгершілікке  ие  адамдардан  құрылмақ  деп 
түсіндірілді. 
Үшіншіден,  Қытай  философиясының  да  бастауы  мифология  болды  деуге 
болады.  Ежелгі  мифтердің  мазмұнындағы  адамның  адамгершілік  келбетін 
жетілдіру, адам және қоғамның арасындағы қатынастарды реттеу мөселелеріне 
басты  назар  аударылды.  Көптеген  мифтік  ұғымдар  Қытай  философиясының 
негізгі  философиялық  категорияларының  қалыптасуына  айқындаушы  ықпал 
етті. 


35 
 
Төртіншісі,  натурфилософиялық  мәселелер  мардымсыздау  талқыланды, 
бұл  мәселелерді  «инь-ян»  мектебі  немесе  натурфилософтар,  моистер  және 
даосизм мектебінің өкілдері ғана қарастырды. 
Бірақ  табиғи  құбылыстарды  да  Қытай  ойшылдары  әлеуметтік  және 
адамгершілік  құбылыстармен  байланысты  қарастырды.  Дүниенің  бес  бастауы: 
су,  от,  ағаш,  металл,  жер  және  табиғаттың  бес  құбылысы:  жаңбыр,  күншуақ, 
ыстық,  суық  және  жел  бар  деп  түсінген  және  олар  халықтың  тұрмысына  әсер 
етеді деп пайымдаған философтар олардың себептерін анықтауға тырысты. Бұл 
түсініктер  өздерінің  бастауын  мифологиялық  және  көзқарастардан  алатынын 
айта кету қажет. 
Көне Қытайдың негізгі философиялық ескерткіштері «И цзин» -Өзгерістер 
кітабы», «Ши цзин»  – «Өлендер кітабы», «Шу цзин»  – «Тарих кітабы» болып 
табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   199




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет