Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі


Көне Қытайдың философиялық мектептері



Pdf көрінісі
бет28/199
Дата23.02.2022
өлшемі3,75 Mb.
#26194
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   199
Көне Қытайдың философиялық мектептері 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
6 - сызбанұсқа. Көне Қытайдың философиялық мектептері  
 
Мектептер 
Негізгі 
Аз маңыздысы 
Инь-ян цзя                    Цзоу Янь 
Натурфилософиялық  
мектеп    
Цза цзя  
Эклектиктер мектебі    
Кун Фу цзя                    Кун Фу-цзы 
Конфуцишілдік            (Конфуций) 
Цзун хэн цзя 
Дипломаттар мектебі   
Мо цзя                            Мо-цзы    
Моизм  
Сяо шо цзя  
Әдебиетшілер мектебі    
Мин цзя                        Хуэй Ши 
Логиктер мектебі        Гунсунь Лун 
Дао дэ цзя                      Лао-цзы 
Даосизм    
Кун цзя  
Аграршылар мектебі  
 
Фац зя                            Шан Ян 
Легизм немесе              Ли Сы            
заң мектебі                    Хан Фэй-цзы    


43 
 
Көне Қытай философиясына толығымен «біреу барлығында және барлығы 
біреуде»  қағидасы  тән.  Бұл  қағида  объектілер  мен  құбылыстарды  бөлуден 
сақтандырады, оларды талдауға тиым салады – алғашқы себепті іздеудің қажеті 
жоқ,  өйткені  «дао  өз  жолымен  жүреді».  Қытайлардың  дүниетанымы  ғасырлар 
бойы  дүниенің  бүтіндігі,  осы  дүниенің  бастапқы  үйлесімділігі,  жалған  және 
барабар  емес  ойлардың  салдары  ретінде  дүниенің  үйлесімсіздігін  қарастыру 
идеяларына негізделеді.   
Көне  Қытай  медицинасындағы  адам  табиғаты  туралы  мәселенің  шешімі 
«Ней-цзин»  кітабында  жазылған  («Ішкі  адам  туралы  кітаб»).  Онда  адамның 
табиғаты туралы сұрақ қойылады және адам табиғаты бойынша бес ғарыштық 
элементтен  тұрады  деп  жазылған:  жер,  су,  от  (жылылық  нышаны),  ағаш 
(өсімдік  бастамасы)  және  ауа.  «Ней-цзинде»  ағзаның  негізі  ретінде  ғарыштық 
элементтер туралы ілім екі бастама туралы, ағзаның денсаулығы мен сырқатын 
анықтайтын іліммен толықтырылады. Оның бірі – «Ян», екіншісі – «Инь». Осы 
екі  бастаманың  дұрыс  қатынасы  –  денсаулықты  себептейді,  дұрыс  емесі  – 
сырқатқа әкеледі. Бұл бастамалардың мистикалық ештемесі жоқ: «ян» - әдеттегі 
ауа, «инь» - қан, бірақ қан ауа мен тыныспен қозғалысқа келетін, дымқыл және 
инерциялы  зат  ретінде.  «И-цзин»  («Өзгерістер  кітабы»)  философиялық 
трактатында  адам  өмірінде  бәрі  тұрақсыз,  ештеңеде  тұрақтылық  жоқ,  тек 
тұрақсыздық  туралы  дерек  қана  тұрақты.  Тұрақсыздықтың  себебі  екі 
бастаманың күресінде  жатыр: үстем ететін – «Ян» және бұғауланған – «Инь». 
Трактаттың  авторының  қорытындысы  мынадай:  «Инь»  және  «Ян»  келісімде 
өмір  сүру  керек,  сол  кезде  тұрақсыздық  тоқтайды  және  бәрі  бақытты  болады. 
Бұл ұғым қытай медицинасына айрықша ерекшелік берген жаңа үш терапевтік 
қабылдауларға әкелді. Ол – мокса, сылау және акупунктура.  
Мокса  ауырған  жерді  немесе  одан  алыстау  жердің  нүктелерін  жанып 
тұрған  шөп  түйінімен  күйдіру.  Бұл  шараның  мақсаты  –  «Инь»  бастамасының 
қозғалысын күшейту. Бұл тәсілге қытайлықтар фантастикалық түсініктен келді, 
бірақ  бұл  тәсілде  рационалды  түйірде  болып  шықты:  ауру  ағзаға  жергілікті 
ықпал ету тәсілі тек жоғарғы сезімділік аймақта ғана емес, сонымен бірге бұл 
жерден  алысырақ  аймақтар  нүктелеріне  ықпал  ету  қазіргі  кезде  де  әр  түрлі 
формада, дегенмен мүлде басқа теориялық негізде қолданылады (жарық, электр 
ұшқыны, диатермия).   
Екінші  тәсіл  –  сылау.  Көне  Қытай  дәрігерлері  «Инь»  бастамасының 
қозғалысын  күшейту  мақсатында  қолданды.  Уақыт  өте  келе  сылау  да  бұл 
терапевтік тәсілде рационалды болып табылды.  
Үшінші  тәсіл  –  акупунктура.  Ол  ауырған  ағзаға  немесе  бұл  жерден 
алысырақ аймақтарға инені енгізу.  
Инені тез арада суырып алатын болған, сонымен бірге бір күнге не одан да 
көпке  қалдырған.  Аурудың  негізі  болып  «Инь»  мен  «Ян»  бастамаларының 
арасындағы үйлесімділіктің бұзылуы болғандықтан, инелердің іші қуыс болып 
жасалған,  егерде  осы  бастамалардың  біреуі  артық  болса  осы  ине  қуысымен 
сыртқа шығатын болған. Керісінше, «Ян» бастамасы жеткіліксіз деп есептеген 
жағдайда ағзаға осы түтік арқылы жылытылған ауа түрінде енгізуге болатын.   


44 
 
Акупунктура үшін иненің 40 түрі 1 см-ден 28 см ұзындықта болған. Және 
де,  әр  бір  жағдайда  егу  жасалынатын  нүктелерді  жақсы  білу  керек.    Қытай 
дәрігерлері  бұл  үшін  388  нүктені  анықтаған.  Акупунктураға  жіберу  үшін 
емтихан  жүргізілген:  қуыршақта  жасалған  тесіктерді  қағазбен  жасырған,  ал 
оның ішіне бояу құйылған. Емтихан тапсырушы қағазды тесіп, аталған нүктеге 
инені енгізген; сәттіліктің дәлелі болып иненің түтігінен аққан бояу болған.  
Акупунктура арқасында қытай дәрігерлері өкпенің іріңдеуін, экссудативті 
плеврит және асцитті ашқан. Қытай медицинасы «Ян» және «Инь» бастамалары 
туралы түсініктер негізінде осындай тәжірибелік нәтижелерге жеткен.  
Сонымен қатар, «Ян» және «Инь» бастамалары туралы түсініктер негізінде 
қытай  дәрігерлері  медицинаға  тағы  бір  маңызды  элемент  енгізді:  олар  өз 
науқастарының  тамыр  соғуын  зерттеді  және  тамыр  соғуы  туралы  ілімді 
тудырды.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет