Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі



Pdf көрінісі
бет31/199
Дата23.02.2022
өлшемі3.75 Mb.
#26194
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   199
2.3.  АНТИКА ФИЛОСОФИЯСЫ 
 
«Антика  философиясы»  деген  мың  жылдан  аса  тарихы  бар  грек-рим 
философиясын  білдіреді.  «Антик»  сөзінің  латын  тілінен  аударғанда  «көне» 
деген мағынаны білдіретінін ескерсек, бұл жалпы философиялық ой дамуының 
бастапқы  кезеңін  аңғартар  еді.  Алайда,  қалыптасқан  дәстүр  бойынша  антика 
дәуірі  тек  батыстық  көне  заманын  білдіріп,  осы  грек-рим  әлеміне  қатысты 
айтылады. Ал, хронологиялық щеңберіне келетін болсақ, антик философиясын 
өзнің бастауын б.з.д. VІІ – VІ ғасырдан алып, ал оның аяқталуы б.з. 529 жылы 
император  Юстинианның  барлық  христиандық  емес  философиялық 
мектептерді  ресми  түрде  жаптырған  датасымен  байланыстырылады  (5  кестені 
қараңыз).  
Ежелгі  Грекия  дүниетанымының  жаңа  формасы  –  философияны 
қалыптастырған  негізгі  үш  мәдени  орталықтың  бірі  болып  табылады.  Оның 
қалыптасуы  да  Ерте  Үнді  және  Ежелгі  Қытай  жерлерінде  байқалған 
заңдылықтарға сай жүзеге асты. Бірақ эллиндік ақыл-ойдың дүниеге келтірген 
жемісінің 
шығыстық 
фиософиямен 
салыстырғанда 
өзіндік 
түбірлі 
ерекшеліктері бар. Философияның қалыптасуына алғы шарт болған грек өмірі 
формалары  қатарына,  тағы  да  басқа  халықтардағы  сияқты  мифология,  дін, 
ғылыми білімнің бастапқы түрлері, философияның қалыптасуына әкеліп соқты. 
Ертедегі  Грецияның  алғашқы  философтары  стихиялы  материалистік 
бағытты  ұстануымен  ерекшеленеді.  Олар  бүкіл  дүниені  тұтастай  алып  қарап, 
әлемнің,  дүниенің  түп  негізін,  алғашқы  бастамасын  табуға  тырысты. 
Антикалық философтарды «физиктер» деп атаған. Себебі, олар философиялық 
ойларын  табиғат  құбылыстарымен  байланыстыра  отырып  тұжырымдаған. 
Мұндай философиялық пікірді философияда «натурфилософия» деп атайды. 
Дүние  қалай  пайда  болды,  қалай  жаратылды,  ең  бірінші  не  пайда  болды 
деген  сұраққа  ерте  грек  ойшылдары  жауап  бере  отырып,  өз  пікірлерін  алға 
тартты. 
Антика философиясы өзінің даму тарихында үш кезеңнен өтті: 
1.  Сократқа  дейінгі  кезеңдік  философия  (б.д.д.  7-6  ғғ.).  Бұл  кезеңде 
натурфилософиялық  көзқарас  басым  болды.  Милет,  Элей,  Пифагоршылдар, 
Софистер  мектебінің  қалыптасуымен  қатар  атомдық  көзқарастың  негізі 
қаланады. 
2.  Классикалық  кезең  (б.д.д.  4ғ.).  Платон  мен  Аристотель  философиялық 
еңбектерімен ерекшеленеді. 
3.  Римдік-эллиндік  кезең  (б.д.д  3ғ.  соңы  мен  б.д.  3ғ.  басы).  Стоиктер, 
скептиктер және эпикуршілдік мектептер басымдылық танытқан кезең. 


46 
 
Милет мектебі - грециядағы ең көне материалистік философиялық мектеп. 
Милет  қаласы  сауданың,  теңізде жүзудің,  мәдениеттің  ірі  орталығы болды,  ал 
бұл  жағдайлар  Фалес,  Анаксимандр  және  Анаксимен  секілді  көрнекті 
милеттіктердің  ой-өрісі  мен  ғылыми  ынта-талабының  жан-жақты  өрістеуіне 
жағдай жасады. олар математика, география, астрономия салаларында ғылыми 
жаңалықтар ашты. 
Милет  мектебінің  ойшылдары  үшін  келесі  ерекшеліктер  тән:  барлық 
заттардың  негізінде  «бірінші  материя»  жатыр,  ол  ешкіммен  жасалмаған  және 
мәңгі  өмір  сүреді;  «бірінші  материяның»  негізгі  қасиеті  болып  қозғалыс 
табылады; дүние материя қозғалысының нәтижесінде пайда болды; материя тек 
қозғалыста  өмір  сүреді,  сәйкесінше  бәрі  өзгереді;  барлық  зат  «қарама-
қарсылықтардың бірлігі».  
Фалес  (б.д.д.  624-547жж.)  –  Милет  қаласынан 
шыққан  грек  философы  және  саяси  қайраткері.  Аңыз 
бойынша  ерте  грек  жеріндегі  жеті  данышпанның  бірі. 
Мысыр  және  Вавилонда  математика  және  астрономия 
ғылымдарымен  танысады.  Б.д.д.  585-584  жж.  күннің 
тұтылуын  алдын  -  ала  дәл  болжаған  деген  мәлімет  бар. 
Сондай-ақ пирамиданың көлеңкесінің ұзындығы бойынша 
пирамиданың биіктігін анықтайды. 
Ол  заттардың  алуандылығынан  бірегей  бастапқы 
негіз  іздеп,  оны  материалды,  нақты  зат  деп  есептеді. 
Дүниенің,  барлық  нәрсенің  түп  негізі,  алғашқы  бастамысы  –  су  деген  пікірді 
ұстанады. Өйткені бәрі судан пайда болады, бәрі қайтадан суға айналады дейді. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   199




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет