Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі


Анаксимен бойынша табиғатты сақтау циклы



Pdf көрінісі
бет34/199
Дата23.02.2022
өлшемі3.75 Mb.
#26194
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   199
Анаксимен бойынша табиғатты сақтау циклы  
 
Қоюлану  
 
 
 
                                              Ауа               Заттар  
 
 
 
Сұйылу  
 


48 
 
Милет  мектебінің  натурфилософиясы  тек  философиялық  ойдың  дамуына 
маңызды  роль  атқармаған,  сонымен  бірге  қазіргі  кездегі  грек  медицинасының 
дамуына ат салысқан.   
Көне грек дәрігері Алкемон Кротонский (б.д.д. VI 
–  V  ғғ.)  Анаксименнің  алғашқы  бастама  және  барлық 
заттардың  бастамасы  ретіндегі  ауа  туралы  ілімін 
қолданып,  «медицинаның  пневматикалық  жүйесін» 
тудырды. Сонымен, Алкемон алғашқы болып медицина 
тарихында  ағзаны  қарама-қарсылықтардың  бірлігі 
ретінде  (ылғал  мен  құрғақтың,  суық  пен  жылылықтың 
тепе-теңдігі)  қарастырды.  Барлық  келесі  медициналық 
мектептердің  (гомеопаттан  басқа)  негізі  болып  табылатын  медицинадағы 
«қарама-қарсы  ол  қарама-қарсының  емі»  қағидасын  Алкемон  атымен 
байланыстырған жөн.  
Книд  медицина  мектебінің  өкілі  Эврифон  Алкемонның  адамның 
денсаулығы негізі ретінде қарама-қарсылықтардың изономиясын қолдады.  
Сонымен  қатар,  онымен  патогенездің  гуморальды  теориясының  негізі 
салынды  (ағзадағы  барлық  сұйықтық  ішіндегі  маңыздысы  болып  «шырыш» 
және «өт» табылатындығы туралы).  
Материализм мен диалектика идеаларын әрі қарай 
дамытқан  Гераклит  (шамамен  б.д.д  544-483  жж.)  - 
ежелгі  грек  философ-материалисті,  диалектик.  Кіші 
Азиядағы  Эфесте  туған.  Гераклиттің  бізге  тек 
үзінділері  ғана  жеткен  «Табиғат  туралы»  шығармасы 
сол  заманның  өзінде  атақты  еңбектердің  бірі  болған, 
бірақ  бұл  еңбектің  кейбір  бөліктері  ғана  жеткен. 
Гераклитті  «Қараңғы»  деп  атаған,  бұлай  деп  аталуы 
оның  идеяларының  күрделілігінен  болса  керек. 
Гераклиттің  ойлары  өте  қысқа  және  жинақты  келеді.  Ол  түсініксіз  сөздер 
арқылы  терең  ой  жүйесін  ширатып,  әрбір  құбылыс  пен  заттың  мәнін  ашуға 
тырысады.  
 Гераклиттің пайымдауынша дүниенің негізі  - от, ол әрдайым өзгеруде әрі 
қозғалыста. Барлық әлем, жекелеген заттар, тіпті адам жаны да оттан жаралған. 
«Космос  баршаға  ортақ,  оны  ешқандай  Құдайда,  адамда,  жасамаған,  ол 
қашаннан болған, қазірде бар, бұдан былайда мәңгі жанып тұратын от, тұтанып 
және  өлеусіреп  сөніп  бара  жатқан  оттың  өлшемі».  Зат  атаулының  бәрі 
қажеттілікке  орай  оттан  пайда  болады,  оны  Гераклит  «логос»  деп  атайды. 
Әлемдік  процесс  ұдайы  қайталанып  отырады;  «ұлы  маусым»  біткен  соң 
заттардың  бәрі  қайтадан  отқа  айналады.  Оның  ілімінің  орталық  принципі 
«пантарей» («барлығы ағады»). Тіршілік ететінің бәрі бір күйден екінші күйге 
ауысады,  бұл  қарама-қайшылықтардың  сәйкес  келуінен  болады.  Бәрі  өзгере 
отырып  жаңарады.  Гераклит  қарама-қайшылықтардың  күресінің  жалпылығы 
туралы,  олардың  бірінсіз-бірі  өмір  сүрмейтіндігін  дәлелдеп  шықты.  Ол 
дүниенің  тұрақсыздығын,  оның  үнемі  қозғалыс  пен  өзгерісте,  жалпы  дамуда 


49 
 
болатынын  айқындап  берді.  Соған  орай  Гераклиттің  атақты  тұжырымдамасы 
қалыптасады:  «Бір  өзенге  екі  қайтара  түсе  алмайсың».  Гераклит  қарама-
қарсылықтардың  бір-бірінен  ажыраспайтындығын,  бір-біріне  өтетінін, 
алмасатынын,  бірін-бірі  толықтыратынын,  бірі  жойылса  екіншісі  де 
жоғалатынын  көрсетті.  Гераклит  дүниені  танып-білуге  болатындығына  кәміл 
сенеді, сондықтан адам баласының ақыл-ой қабілетіне бөгет жоқ деп есептеді.  
Гераклит 
атымен 
диалектикалық 
көзқарастардың 
дамуын 
байланыстырады.  «Соғыс  –  барлығының  әкесі,  патшасы:  ол  біреулерді  құдай, 
біреулерді  адам,  біреулерді  құл,  ал  кейбіреулерді  ерікті  етті».  Соғыс,  күрес 
арқасында  қарама-қайшылықтар  бірігеді,  олардың  арасында  гармония 
орнығады.  Осылайша,  пайда  болу  мен  жойылу,  өмір  мен  өлім,  болмыс  пен 
бейболмыс - өзара байланыста болып, шартты түрде бір-біріне өтеді. 
Гераклит  адам  жаны  туралы  былай  тұжырымдады:  ылғал  мен  от  сияқты 
қайшылықтардың  бірлігінен  тұрады.  Жанның  көп  мөлшерін  от  алып  жатса, 
ондай  жан  ғажап  және  ақылды.  Ал  жанды  су  баса, онда жанның өлетіндігінің 
белгісі.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   199




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет