Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі



Pdf көрінісі
бет37/199
Дата23.02.2022
өлшемі3.75 Mb.
#26194
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   199
Парменид  -  «болмыс»  ұғымын  алғаш  рет  философияға 
енгізген  ежелгі  грек  философы,  Элей  мектебінің  өкілі. 
Парменид  дүниені  қозғалмайтын,  тұтас,  толтырылған  шар 
түрінде  елестетті.  Екі  бастаманы  көрсетеді  –  от,  жарық  және 
қараңғылық.  Сезімнің  көрсетуіне  сенбеу,  пайымдық  білімді 
жоғары  бағалау  Парменид  іліміндегі  рационализмнің  басым 
екендіген  аңғартады.  Ақыл-ойға  ғана  сену  керек,  сезімдер 


51 
 
алдамшы, олар бұлдыр көріністерді тудырады.  
«Болмыс  –  бар  нәрсе,  олай  болса  ол  туралы  ойлауға,  оймен  бейнелеуге, 
зерттеуге,  сипаттауға  болады»,  -  дейді.  Оған  қарама-қарсы  –  бейболмыс,  яғни 
жоқ  нәрсенің  бәрі.  Егерде  бейболмыста  ештеңе  жоқ  болса,  онда  бейболмыста 
жоқ, яғни тек болмыс бар. Сонымен бірге, болмыс тұрақты, яғни онда қозғалыс, 
өзгеріс  жоқ.      Біздің  айналамызда  көретін  және  түйсінетін  өзгерістің  барлығы 
болмыста емес, біздің  елестерімізде, пікірлерімізде болып  жатады.  Сондықтан 
да,  пікір  көрінетін  туралы  ғана  пікір  айту,  бірақ  шындығында  жоқ.  Парменид 
оны «бейболмыс» деп атады (тіршілік етпейтін). Сонымен, бейболмыс шындық 
ретінде  жоқ,  бірақ  біздің  түйсіктеріміздің  әлемі  ретінде,  көрерлік  және 
мүмкіндік ретінде тіршілік етеді.  
Зенон  (б.д.д.  490-430  жж.)  -  Элей  мектебінің  өкілі, 
философияға 
тұңғыш 
рет 
диалог 
формасының 
қолданылуын  енгізді.  Ол  қозғалыстың  диалектикалық 
табиғаты  туралы  мәселелерді  теріс  формада  қолданды. 
Зенон  үшін  болмыста  қайшылық  жоқ,  сондықтан 
қайшылықты болмыс - жалған (елес) болмыс. «Ахилл және 
тасбақа»,  «Жебе»  т.б.  апорияларымен  белгілі.  Апория  (гр. 
aporia-шарасыздық) - ежелгі грек философиясында шешілуі 
қиын  мәселені  білдіретін  ұғым.  Апория  заттың  өзінде 
немесе  ол  туралы  ұғымдағы  қарама-қайшылықтың  негізінде  пайда  болады. 
Зенонның  қозғалыстың  мүмкін  еместігі  туралы  пайымдауларын  апория  деп 
атайды.  Зенон  апорияларының  мәні  мынадай:  белгілі  қашықтықтан  өту  үшін 
оның  жартысын  жүріп  өту  керек;  жартысын  жүріп  өту  үшін  осы  жартының 
жартысын  жүріп  өту  керек,  сөйтіп  осылай  кете  береді.  Бұдан  шығатын 
қорытынды: қозғалыстың басталуы мүмкін емес. 
Атомистерге  ежелгі  грек  ойшылдары  Левкипп,  Демокрит,  Эпикур  және 
ежелгі  рим  өкілі  Лукреций  Карр,  т.б.  жатады.  Бұл  ойшылдардың 
шығармаларында кейін матералистік бағыт деп аталып кеткен дүниетанымдық 
көзқарас  толығымен  қалыптасып,  өзіндік  ерекшеліктері  бар  философиялық 
ілімге  айналды.  Атомистік  бағыттың  қалыптасуына  үлкен  үлес  қосқан  ойшыл 
Левкипп болды. Ол әлем бөлінбейтін ұсақ бөлшектерден, «атомдардан» тұрады 
және  олар  бос  кеңістікте  алақұйын  қозғалыста  болады  да,  бір-бірімен 
байланысқа  түсіп,  денелерді  құрайды.  Космостың  өзі  шексіз  көп  әлемдерден 
тұрады,  олар  бір-біріне  ауыспайды,  бірақ  әр  қайсысы  жеке  алғанда  пайда 
болып, даму шыңына жетіп , жоғалып жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   199




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет