Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі



Pdf көрінісі
бет8/199
Дата23.02.2022
өлшемі3,75 Mb.
#26194
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   199
Дүниетанымның тарихи түрлері 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
2 – сызбанұсқа. Дүниетанымның тарихи түрлері  
 
Дүниетаным түрлері   
Философия  
Дін  
Мифология   

 
Дүниені сезімдік қабылдау 

 
Дәстүрді ұстаушылық  

 
Бейнешілік және аллегориялық 

 
Рационалды ұғымдардың жоқтығы  

 
Дүниені сезімдік қабылдаудың басымдығы 

 
«Сенімнің» қағидатқа көтерілуі 

 
Догматтар жүйесі  

 
Зерде бағынушы жағдайда орын алуы  

 
Дүниені зерделі қабылдау  

 
Зерде сенімнен жоғары тұруы  

 
Абстрактылы ұғымдар қалыптасуы  

 
Бақылаудың, салыстырудың, талдаудың
қорытындының, дәлелдеудің қолданылуы  



 
Сонымен,  дүниетанымның  праксиологиялық  жағы  іс-әрекеттің,  жүріс-
тұрыстың,  қарым-қатынастың  және  нанымдардың  реттеуші  принципін  өзіне 
енгізеді.  Нанымдарда  дүниетанымдық  сипаттағы  білімдер  мен  көзқарастар, 
олардың ақиқаттығына сенім, әлеуметтік құндылықтар мен идеалдар, адамның 
іс-әрекетке  дайындығы  жинақталады.  Осылайша,  адамның  дүниетанымдық 
қалыптасуы  білімді,  құндылықтарды,  нанымдар  мен  әрекетке  деген  ерікті 
құрайды.  
Дүниетаным адамның қоршаған шындыққа мағына беру формасы ретінде 
адамзаттың  тіршілік  етуімен  сәйкес  келеді.  Бірақта  оның  мазмұндық 
толықтырылуы әр тарихи кезеңдерде, жеке адамдарда және әлеуметтік топтарда 
өзгешеленеді. Дүниетанымның негізгі тарихи түрлерін шартты түрде көрсетуге 
болады.  
Дүниетанымның  тарихи  бірінші  түрі  мифке  негізделген  болып  табылады. 
Миф  -  алғашқы  қауым  адамына  тән  ойлаудың  бірінші,  бөлінбеген  формасы. 
Г.Гегель миф дегеніміз – адам ақылының әлем алдындағы әлсіздігінің көрінісі 
деп  жазған.Азамзаттың  мифтері  әлемнің  қалыптасуы  мен  дамуы  табиғи 
құбылыстардың  мәні,  адамның  тағдыры,  өмірі,  өлімі,  іс  -  әрекеті,  табыстары, 
адамгершілік,  этикалық  ұғымдар  тәрізді  аса  маңызды  сұрақтарды  қамтыды. 
Адамның болмысты сезінуі, әсерлі қабылдауы және оған қол жетімді табиғатты 
түсінуі  ауыспалы,  көркем-бейне  формасында  жүзеге  асатын  құдайлардың 
құдіреттілігі туралы, ерлердің батырлықтары ежелгі аңыздарда көрінді. Ежелгі 
мифтердің көп түрлі бола тұрса да (алғашқы қауымдық қоғам, көне үнді, көне 
қытай, көне грек және т.б.) оларда адамның әлем, оның құрылымы және адам 
туралы  ұқсас  түсініктері  көрініс  тапты.  Бұл  жерде  әлем  хаос  түрінде,  әзәзіл 
күштің  әрекеттері  мен  кездейсоқтықтың  қақтығысы  ретінде.  Мифологиялық 
сана  табиғи  және  ғажайып  арасындағы,  шынайылық  және  қиял  арасындағы 
айырмашылықтарды  белгілеген  жоқ.  Алғашқы  қауымдық  қоғамның 
адамдарының  санасы  аңыздардағы  қайшылықтарға  толықтай  немқұрайлылық 
танытты.  Мифтерде  ойлау  мен  әрекет,  ғұрып  пен  поэзия,  білім  мен  сенім 
біріккен.  Осындай  мифтік  сананың  бүтіндігі,  тұтастығы  (бөлінбейтіндігі)  
шындықты  рухани  меңгеруге  тарихи  қажетті  тәсіл  болды.  Қорыта  келгенде, 
мифтік дүниетаным қиял мен жоғарғы күшке деген сенімге негізделген дүние 
туралы  ұғымдардың  жиынтығы  деп  қорытынды  жасауға  болады.  Осындай 
табиғи  дүние  мен  адам  әлемін  салыстыру  «антропоморфизм»  деген  атқа  ие 
болды.    
Қоғамның  алға  дамуына  байланысты  мифтік  дүниеге  көзқарас  бұрынғы 
рөлін  жоғалта  бастайды,  бірақта  оның  кейбір  элементтері  қазіргі  кезде  де 
көпшілік  санада  жаңғыруы  мүмкін.  Өркениет  өмірге  дүниетанымның  жаңа 
түрлерін  –  дін  мен  философияны  тудырды.  Діни  дүниетанымның  негізгі 
белгілері – ғажайып күштерге сенім және екі дүниенің тіршілік етуі (жоғарғы – 
жетілген,  төменгі  –  жетілмеген).  Мифтік  дүниетанымға  қарағанда  діни 
дүниетаным  антроморфты  түсініктерге  бірендеп  сүйенеді.  Дiн  –  рухани 
мәдениеттiң  бөлiгi,  ең  тұжырымды  түрде  Құдай  мен  адамның  арақатынасы, 
адам  танымның  тыс  күштердi  мойындау  және  соған  илану  деп  анықтауға 


10 
 
болады.  Дiн  құлшылық  жолындағылар  мен  Құдiрет  арасындағы  бiр 
байланыстың  барлығына  деген  сенiмге  негiзделедi  және  ол  сенiм  белгiлi  бiр 
дiни iлiм түрiнде тұжырымдалып, тұрмыста дiни салттар мен ғұрыптар түрiнде 
көрiнiс  тауып,  арнаулы  дiни  институттармен  атқарылады  (шiркеу,  мешiт,  әр 
түрлi секталар т.б.).    
Жоғарыда  айтылған  барлық  деңгейлерде  әр  түрлі  деңгейде  күнделікті 
дүниетаным  болады,  ол  өзінің  әр  түрлі  өмірлік  іс-әрекет  салаларындағы 
көптеген  ұрпақтардың  күнделікті  тәжірибесіне  негізделген  табиғи  және 
әлеуметтік  шындықтарға  көзқарастың,  адамның  жүріс-тұрысының  ережелері 
мен  өлшемдері  жиынтығы.  Күнделікті  дүниетаным  мағынасы жеке  әлеуметтік 
топтың  тәжірибесін  және  қызығушылықтарын,  өмір  сүру  ерекшелігін  қамти 
отырып кең ауқымда түрленіп отырады.  
Күнделікті  дүниетаныммен  қатар  ғылыми  дүниетаным  қалыптасады,  ол 
дүние  туралы,  оның  құрылымдық  ұйымдасуын,  ондағы  адамның  орны  мен 
рөлін  көрсететін  жүйе  болып  табылады;  ол  жүйе  ғылыми  деректер  негізінде 
қалыптасады  және  ғылым  дамуымен  бірге  дамиды.  Ғылыми  дүниетаным 
адамның дүниеде дұрыс бағыт табуы, оның танымы мен өзгеруінің бағыттары 
мен құралдарын таңдау үшін сенімді жалпы негізді тудырады.   
Барлық  дүниетаным  түрлерінің  пайдалы  және  пайдасыз  жақтары  бар. 
Мифтік  және  діни  дүниетанымдар  ұрпақтар  арасындағы  байланысты  жүзеге 
асырады,  әлеуметтік  құндылықтар,  мұраттар  мен  жүріс-тұрыс  ережелер 
жүйесін  бекітеді  және  жеткізеді.  Сонымен  бірге,  шындық  оларда  бұлдыр, 
бұрмаланған  түрде,  ғылыми  деректерге  қайшы  қабылданады.  Ғылыми 
дүниетаным  дүниені  рационалды  түсінуге  негізделеді  және  де  ол  адамның 
дүниені  түсінуімен  байланысты  барлық  мәселелерді  қарастыруға  және  бар 
шындықты толық өлшемде бейнелеп, суреттеп бере алмайды.  
Мифтік  және  діни  дүниетанымдар  негізінде,  сонымен  бірге  ғылыми 
білімдер  негізінде  философиялық  ойлау  генезисінің  мәдени-тарихи  алғы 
шарттары қалыптасады. Философиялық дүниетаным дүниені рационалды және 
иррационалды  түсіндіру  талабынан  пайда  болды.  Ол  теориялық  ойлаудың 
бірінші тарихи түрі болып табылады. Алдыңғы дүниетаным түрлерінің барлық 
жетпейтін  жағдайларын  біріктіреді  және  толықтырады.  Философиялық 
дүниетаным жалпы болып табылады: ол адамның дүниеге қатынасын қозғайды, 
ал  барлық  құбылыстарды  адам  үшін  құндылықтық  ұстанымдар  жағынан 
қарастырады.  Осы  дүниетаным  түріне  жалпы  теориялық  ұғымдар 
(категориялар) мен қағидалар жасауға деген ұмтылыс және солардың негізінде 
шындыққа  мағыналы  талдау  жасау,  адамзат  мәдениетінің  тіршілік  етуі  мен 
дамуының заңдылықтарының жалпы, соңғы негіздерін айқындау тән.  
Философия  жалпы  және  абстрактілі  білім.  Ол  шындық  қалай  зерттеліп 
жатқандығына  ерекше  мән  береді,  оны  барлық  ғылымдардың  негізі  немесе 
ғылымның өзіндік санасы деуге болады. Көптеген өмірлік мәні бар сұрақтарға 
философия жауап береді. 
 
 
 


11 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет