Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі



Pdf көрінісі
бет94/199
Дата23.02.2022
өлшемі3,75 Mb.
#26194
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   199
Г.  Дрогобыч  медицина  мен  философияда  сол  кездегі  үстем  болған 
идеалистік көзқарастарды ұстанды. Г. Дрогобычтың бізге жеткен еңбектерінен 
оның  астрология,  оба  және  өлім  мәселелерімен  айналысқанын  көруге  болады. 
Г. Скорина табиғатты терең зерттеуді ұсынды, адамзат ойының мүмкіндіктері 
мен  кеңдігіне  сенді,  халықты  ағартушылыққа  шақырды,  прогрессивті 
идеяларды  айтты.  Постников  Ресейдегі  медицина  мен  философияның бірінші 
докторы  болып  табылады.  Оның  ғылыми  қызығушылығының  саласы 
экспериментальды  физиология  болды.  Постников  метафизикаға  негізделіп 
қалыптасқан Аристотельдің идеалистік тұжырымдамасын сыни бағалады.  
Орыс  мәдениетінің  тарихи  қалыптасуының  екінші  ірі  кезеңі  болып  XVII 
ғасыр  соңынан  XVІІ  ғасырдың  бірінші  ширегі  болып  табылады.  Ол  Петр  І 
Ресейді  еуропаландыруға  бағытталған  реформалық  қызметтерінен  басталады. 
XVII  ғасырдың  орыс  философиясының  ренессансы  түрі  ретінде  қарастыруға 
болады. Орыс халқы 988 жылы христиан дінін қабылдағаны белгілі. Ол шіркеу 
әкейлерінің  шығармаларын  шіркеу  славян  тіліне  аударыла  бастағаннан  бастап 
философия туралы бірінші түсініктерді алды. Осындай шығармалар көмегімен 
орыс  діни  адамдарының  кейбір  өкілдері  византиялықтардың  философиялық 
және  діни  еңбектерін  жалғастыруға  әрекет  жасады.  Оларға  XVII  ғасырдағы 
метрополит  Петр  Могиланы  және  XVIIІ  ғасыр  басындағы  епископ  Феофан 
Прокоповичті жатқызуға болады.  
Мәскеу 
университетінің  негізделуімен  (1755 
ж.) 
философияны 
секуляризациялау  үрдісі  басталады,  оның  орта  ғасыр  византиялық,  сонымен 
қатар батыс еуропалық схоластикалық үлгілерден бірте-бірте алыстады.  


117 
 
Философиялық  факультеттің  бірінші  профессоры  Н.Н.Поповский  латын 
тіліндегі  бұрынғы  философиялық  курстардың  дәстүрінен  бас  тартыуды  және 
философияға «орыс тілінде» ауысуға шақырды.  
Орыс  философиялық  ойларынының  өзіндік  ізденістері  М.В.Ломоносов, 
Г.С.Сковорода,  М.М.Щербатов,  А.Н.Радищев  аттарымен  байланысты. 
Бұлардың  барлығы  антика  және  христиан  мәдениетінің 
жинақталуын көрсетеді. 
Петербург  ғылымдар  академиясының  бірінші  ұлты 
орыс  мүшесі  болған  Михайло  Васильевич  Ломоносов  – 
данышпан  отандық  ғалым,  энциклопедияшы  және 
ағартушы.  Оның  қызметі  тәжірибелік  әдісті  бекітуге 
бағытталған және көптеген жаратылыстану ғылымдарының 
дамуына  себепкер  болды:  физика,  химия,  геология, 
география,  астрономия,  шыны  технологиясы,  металлургия, 
орыс тарихы мен грамматикасы. Оның еңбектеріндегі маңызды орын Ресейдің 
медициналық  ісін  ұйымдастыру  мәселелеріне  көңіл  бөлінген.  М.В.Ломоносов 
орыс  халқының  денсаулығын  сақтауға  көп  көңіл  бөлген,  оны  жетілдіруді  «ең 
басты іс» ретінде санаған, онда «барлық мемлекеттің кұштілігі, байлығы және 
ұлылығы жатыр» деп есептеген. 1761 жылы М.В.Ломоносов «Ресей халқының 
көбеюі мен сақталуы туралы» хатты жазып, Ресейдің ірі мемлекеттік қайраткері 
граф  И.И.Шуваловқа  жіберді.  Хатта  өзінің  терең  зерттеу  нәтижесінде  жаңа 
туылған  нәрестелерді  тіркеу  қажеттігін  көрсетеді.  Ол 
емшілер  мен  дәріханалардың  аздығына  көңіл  аударды, 
босану  кезіндегі  көмектің  нашарлығын,  балаларды  суық 
суда  шоқындыруды  кіналады,  діни  мейрамдар  кезіндегі 
жалмауыздық  пен  маскүнемдіктің  зияны  туралы  айтты. 
М.В.Ломоносов  Ресейдегі  медицина  ісінің  дамуына 
бағытталған  шараларды  ұсынды:  ол  емшілердің  жеткілікті 
санын  дайындау;  дұрыс  өнер  туралы  кітапты  жасау; 
«обамен»  күресуді  ұйымдастыру;  қайырымдылық  үйі  мен 
балалар үшін  баспана ғимараттарын жасауды; зиянды әдеттерді жою; «жұмыс 
адамдарының»  (кеншілердің)  еңбегін  жақсарту.  М.В.Ломоносовтың  озық 
идеялары Ресейдің медициналық қызметінің ары қарай дамуын анықтады.  
Орыс  философияның  басында  тұрғандардың  бірі  болып  А.Н.Радищев 
саналады,  ол  Руссо,  Локк,  Монтескье,  Гельвеций,  Лейбниц  пен  Гердердің 
еңбектерімен  таныс  болған.  Радищев  Гельвецийдің  барлық  танымды  сезімдік 
тәжірибеге  апарғанын  дұрыс  деп  санамады.  Ол  объектіге  қатысты  сезімдік 
тәжірибе мен сезімсіз ойлаудың арасындағы айырмашылықты нақты көрді.  
Жанның  қарапайым  және  бөлінбейтінін  қорыта  келіп,  Радищев  оның 
мәңгілігі  туралы  қорытынды  шығарады.  Ол  келесі  тұрғыда  пайымдайды: 
өмірдің мақсаты кемелдік пен рақаттыққа ұмтылуда болып табылады. Радищев 
бірінші  болып  адам  мәселесін  жүйелі  түрде  жасады,  ол  мистицизмге  қарсы 
шықты.  


118 
 
XVIIІ  ғасырда  Ресейдегі  дәрігер-философтар  арасында  К.Ф.Вольф  (1734-
1794  жж.),  С.Г.Зыбелин  (1735-1802  жж.),  А.С.Кайсаров  (1782-1813  жж.), 
К.Ф.К.Уден  (1753-1823  жж.),  П.А.Загорский  (1764-1846  жж.)  белгілі  болды. 
К.Ф.Вольф  дүниеге  келу  теориясымен  айналысты,  эпигенез  туралы  ілімнің 
негізін салды. С.Г.Зыбелин – М.В.Ломоносовтың шәкірті – медицина бойынша 
университеттің  бірінші  орыс  профессоры  болды,  ол  сол  уақыттың 
теоретикалық  медицинасын  оқытты:  анатомия,  физиология,  патология,  химия, 
фармация,  фармакогнозия,  семиотика,  хирургия.  Зыбелиннің  философиялық 
көзқарастары 
ағзаның 
құрылымын 
материалистік 
түсіндіруде, қоршаған ортаның денсаулыққа ықпалын ашуда 
болды.  Ол  адамның  психикалық  және  физикалық 
денсаулығының өзара байланыстылығын зерттеді және оның 
тіршілік 
етуінің 
объективті 
заңдылықтарын 
ашты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет