Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы» рмм



Pdf көрінісі
бет1/12
Дата02.03.2017
өлшемі0,99 Mb.
#5103
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

 
 
Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі  
«Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау 
орталығы» РММ  
 
  
  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ХІХ ҒАС. СОҢЫ - ХХ ҒАС. БАСЫНДАҒЫ 
ҚАЗАҚ ОЙШЫЛДАРЫНЫҢ ДІНИ ТАНЫМДАРЫ ЖӘНЕ 
 ОЛАРДЫҢ ҚАЗІРГІ  ҚОҒАМДЫҚ ӨМІРДЕ АЛАТЫН ОРНЫ   
 
(Тандамалық шолу) 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Астана 2012 


 
       
 
УДК_  
        ББК_  
        К_  
 
 
       Басылымға  Қазақстан  Республикасы  Дін  істері  агентігінің  Дін 
мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу  және  талдау орталығының Ғылыми-
сараптамалық кеңесімен ұсынылды.  
 
      Редакция алқасы: 
Бас редактор – Шлымова Г. Е., жауапты редактор – Козырев Т.А., Омаров А.Қ. 
Әбділдина Ғ.С., Есқалиев А. Е., Көкенай С. 
 
       Пікірсарапшы: 
       Әубәкір Д. – филос.ғыл.д., профессор 
 
       Техникалық редактор:  Жаппасов Б.Т. 
 
  
  
        
К_
 
ХІХ ҒАС. СОҢЫ - ХХ ҒАС. БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ 
ОЙШЫЛДАРЫНЫҢ ДІНИ ТАНЫМДАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚАЗІРГІ  
ҚОҒАМДЫҚ ӨМІРДЕ АЛАТЫН ОРНЫ  – Астана: 2012.  
         Ғылыми  жобада  Абай,  Шәкәрім,  Мәшһүр  Жүсіп,  Ғұмар  Қараш  сынды 
асыл  мұрасы  ХІХ  ғасырдың  соңы  –  ХХ  ғасырдың  басына  келетін  қазақ 
ойшылдарының өмірі мен шығармашылығы жан-жақты зерттеліп, сарапталған. 
Ойшылдардың  руханият  пен  дін  саласына  қатысты  тәуелсіздік  заманға  дейін 
жабулы қалған ой-пікірлері мен көзқарастары дәйектеледі және оларды бүгінгі 
күнгі өмірге пайдалану мүмкіндіктері сөз етіледі.   
  
 
 
         ISBN_ 
 
 
        © Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің Дін мәселелері 
жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы, 2012 
 
 
         ISBN_ 
 
 
 


 
МАЗМҰНЫ: 
           
          
КІРІСПЕ………………………..………………………………..........................4  
 
           І ТАРАУ.  АБАЙДЫҢ ӨМІРІ, ДІНИ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ 
          1.1. Абайдың кемелдікке жетуінің саты-сатылары...........…............6 
          1.1.1   Оқымысты философ (1855-1890)  .......…………….……….........6 
          1.1.2  Ұстаз-хакім (1891-1897)  .........................................…….…….......9 
          1.1.3   Әулие-хакім  (1898-1902)  ...…....…………………………….....16  
          1.2.  Абайдың мағрифатулласы (теологиясы) .………….……........23 
          1.2.1  Мағрифатулланың мақсаты   ..........................…….…………......25 
          1.2.2  Алла болмысының Абайға дейінгі зерттелу деңгейі ..................30 
          1.2.3 Алланы танушы болудың айырықша шарты ................................34 
          1.2.4 Мағрифатулла ілімінің гносеологиялық мәселелері ....................37 
          1.2.5 «Әсмай уә сифат» тахқиқаты бойынша Абай жаңалықтары ......43 
 
           ІІ ТАРАУ. ШӘКӘРІМНІҢ ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ  
          2.1.  Шәкәрімнің қысқаша өмірбаяны  .........….......................................50 
          2.2. Шәкәрімнің діни философиясы .............…………….…………......55 
          2.3. Шәкәрім және зікіршілер ............................................…….….........61 
          2.4. Лев Толстой және Шәкәрім ...............................................................64 
 
           ІІІ ТАРАУ. ҮШ ТҰЛҒА: ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ          
           3.1. Ғұмар Қараштың қайта оралуы .....................………….……..........69 
           3.1.1. Ғ.Қараштың өмірі .............. ..........................…….………….........70 
           3.1.2. Ғұмардың діни шығармашылығы .................................................73 
           3.2. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының өмірі ................................................77 
           3.2.1. Мәшһүрдің дін туралы жазғандарынан ........................................78  
           3.3. Майлықожа Сұлтанқожаұлының өмір жолы ..................................83 
           3.3.1. Майлықожаның шығармашылық мұрасы ....................................85 
 
           ІV 
ТАРАУ. 
ХІХ-ХХ 
ҒАС. 
ТОҒЫСЫНДАҒЫ 
ҚАЗАҚ 
ОЙШЫЛДАРЫ   МҰРАСЫНЫҢ  МАҢЫЗЫ 
           4.1. Қазақ ойшылдары мұрасының ХХ ғасырдағы орны ......................89 
           4.2. Қазақ ойшылдары ілімінің бүгінгі қоғамдағы маңызы ..................94 
           4.3. Ойшылдық мұраларды заманауи тәжірибеде пайдалану ..............98 
 
                              
ҚОРЫТЫНДЫ ..................................................................................................102  
 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ...........................................................104  
        


 
КІРІСПЕ 
 
      Ұлы Абай ұрпақтар сабақтастығы жайында былайша толғайды: «Алдыңғы 
толқын  –  ағалар,  Артқы  толқын  –  інілер,  Кезекпенен  өлінер,  Баяғыдай 
көрінер»  [1,  468].  Алдыңғы  буынның  озық  өкілдері  кейінгі  ұрпаққа  өздері 
білген, сезген даналықтарын мұра  етіп, өздеріне  өлмес ескерткіш  қалдырады. 
Бірақ  кейде  замана  дауылы  оған  мүмкіндік  бермей,  ол  мұралардың  уақытша 
құм  астына  көмілетін  кезі  болады.  Елбасы  Н.Ә.Назарбаев  өзінің  «Тарих 
толқынында» атты еңбегінде ХХ ғасыр зиялылары тағдыры турасында: «Ғасыр 
басында мемлекет мүддесін ойлаған ұлы қазақтардың жеке басының тағдыры 
да  қасіретті  болды.  Алайда  ұлттық  жігер  мен  толысқан  зерде  сабағы  ұмыт 
болған жоқ» – деп жазған болатын [2, 296]. 
        ХІХ  ғасырдың  соңы  мен  ХХ  ғасырдың  басы  қым-қуат  оқиғаларға  толы 
болды. Мәселе төркінін тереңірек қарастыру үшін сөзді Еуропа елдерінің ХІХ 
ғасырдың  басынан  ғылыми-техникалық  прогресстің  көшбасшысы  болғанын 
баян  етуден  бастауымыз  керек.  Бірақ  заттық  дамудың  қатты  қарқын  алуы 
дәстүрлі қоғамның және діннің негізі шайқалуына әкеп соқты. ХІХ ғасырдың 
екінші жарымында Еуропа  халықтарының ой-санасында  түрлі философиялық 
ағымдар  мен  дарвинизм  ілімінің  беделі  арта  түскені  осының  айғағы.  Еуропа 
елдері  әділет,  мейірімді  мылтықтың  күшімен  орнатпақ  болды.    жер-жаһанды 
жаулап, отарлауға, өзара  бөліске  салуға  кірісті.  сияқты имандылық  шарттары 
аяқасты  етілді.  Бүгінгі  таңдағы  Еуроодақтың  «өмір  сүруінің»  тығырыққа 
тірелуі желісін сол заманнан тартады.  
       Сөйтіп,  ХІХ  ғасырдың  екінші  жарымында  барша  азиялықтарды  сияқты 
қазақ халқын да отарлау саясаты мен қараңғылық қос өкпеден қыспаққа алған 
болатын. Мінеки,  Абай, Шәкәрім, Мәшһүр Жүсіп, Майлықожа, Ғұмар Қараш 
сынды қазақ ойшылдарын тудырған тарихи хәл осы болды. 
        Кешегі кеңестік дәуірде Абай Құнанбаевтың (1845-1904) асыл мұрасы тек 
ақындық  һәм  ағартушылық  қырынан  ғана  дәріптелді.  Ал,  ойшылдық 
эволюциясы және философиялық мұрасы зерттеушілер назарынан мүлде сырт 
қалды.    Дәлелге  Абайдың  діни-философиялық  әлемі  бойынша  бірде  бір 
кандидаттық я докторлық диссертацияның әзірленбегенін айтсақ та жеткілікті.   
        Сондықтан  бүгінгі  абайтанудың  қордаланған  мәселелері  аз  емес. 
Нақтысында,  алдымызда ойшыл  Абайды таныту, оның мұрасын жаңа  сапада, 
жаңаша  көзқараспен  зерделеу  міндеті  тұр.  Өйткені,  дүниеге,  дінге  рухани 
ұстазымыздың  көзімен  қарауды  үйрену  осы  заманның  әрі  тәуелсіздіктің 
талабы.   
         Кеңестік  моноидеология  жағдайында  Абайдың  мұрасы  жартыкеш  хәлде 
болса  да  халыққа  жеткізілді,    бірақ  өзге  тұлғаларға  «панисламист», 
«пантюркизм»  деген  қара  күйелер  жағылып,  ел  жадынан  мүлде  сызылып 
тасталды. Абайдың шәкірті Шәкәрім Құдайбердіұлының (1858-1931) қайғылы 
тағдыры  осының  айқын  мысалы.  Оған  «халық  жауы»  деген  жазықсыз  жала 
жабылып, 30 жыл бойы «тәні – құдықта, сөзі – тұтқында» қалғаны баршаға аян. 


 
Тек  1988  жылы  ғана  Шәкәрім  шығармаларының  толық  жинағы  алғаш  рет 
Алматы  қаласында  жарық  көрді.  Ал  2008  жылы  өткен  ғұламаның  150  тойы 
қарсаңында  көптеген  тың  зерттеулер  жарияланды.  Ғұламаның  сопылықтың 
болмысы,  шатақ  діндер  және  Тәңіріні  тану  туралы  терең  ой-танымдарын 
танып-білу бүгінгі зәру мәселеміздің бірі. 
  ХХ  ғ.бас  кезіндегі  қазақ  әдебиетінің  ең  көрнекті  қайраткерлерінің  бірі, 
ағартушы,  педагог  әрі  ойшыл  діндар  Ғұмар  (Омар)  Қараш  болды.    Тарихи 
ақиқаттың  орнауы  нәтижесінде  Ғ.Қараштың  құнды  мұралары  ортамызға 
қайтып  оралды.  Ғ.Қараш  туралы  деректер  Қазан  төңкерісіне  дейінгі  мерзімді 
баспасөз  беттерінде,  мұрағат  қазыналарында  баршылық.  Оның  есімі  ХХ 
ғасырдың  бас  кезеңінде  татар,  башқұрт,  қазақ  және  орыс  тілдерінде  жарық 
көрген  газет,  журналдар  мен  кітаптардың  беттерінде  жиі  кездеседі.  Ғұмар 
Алланы ғылым арқылы тануға ұмтылған ойшыл, яғни исламда ғылыми ғақлия 
бағытын ұстанды.   
Мәшһүр-Жүсіп  Көпейұлы  (1858-1931)  көрнекті  этнограф  ғалым, 
дінтанушы және ірі суреткер ақын болды. Оның қазақ фольклорын жинаудағы, 
тарих,  педагогика  дін  т.с.с.  ғылым  салалары  бойынша  жазғандары  біршама 
зерттелді деуге болады. Мәшһүр-Жүсіптің дін тарихы, оның ішінде ислам діні 
тарихы, мәні, ерекшеліктері туралы еңбектері өз құндылығын әлі күнге жойған 
жоқ.   
Майлықожа  Сұлтанқожаұлы  (1835-1898)  көрнекті  халық  ақыны.  Ол 
XIX ғасырда өмір сүрген ақын-жыраулардың ішінде өзіндік орны ерекше, ар-
тына  мол  мұра  қалдырып,  халықтың  ықыласына  бөленген  ойшыл  ақын. 
Атақты  Жамбыл  оның  ақындығына,  ғибраты  мол  өлең-термелеріне  сүйсініп: 
«Майлықожа,  Сүйінбай,  сөз  айтпаймын  сиынбай»  деп  өз  бағасын  бергені 
мәлім. 
        Алдарыңыздағы  ғылыми  жобада  жоғарыда  аталған  бес  ойшыл  тұлғаның 
өмірі  мен  шығармашылық  мұрасы  қарастырылады.    Ондағы  мақсат  –  олар 
қалдырған  мұралардың  бүгінгі  қоғамдағы  маңызын  анықтау  және  ол 
мұралардың  діни-философиялық  аспектілеріне  назар  аударып,  зерттеп-
зерделеу болып табылады. 
        Ғылыми  жобаның  «Абай  мұрасы»  деп  аталған  бірінші  тарауында    
Абайдың  ойшыл  ретінде  қалыптасу  эволюциясын  шартты  үш  сатыға 
(оқымысты  философ,  ұстаз-хакім  және  әулие-хакім)  бөле  отырып 
қарастырмақпыз.  Екінші тарау Шәкәрімнің, ал үшінші тарау Мәшһүр Жүсіп, 
Ғұмар Қараш және Майлықожаның өмірі мен еңбектеріне арналып отыр.     
        Қорыта  айтқанда,    ХІХ  ғасырдың  екінші  жарымында,    қазақ  халқын  
отарлау саясаты мен қараңғылық қос өкпеден қысқан тар заманда өмір сүріп, 
артына  өшпес  мұраларын  қалдырған  Абай,  Шәкәрім,  Мәшһүр  Жүсіп, 
Майлықожа,  Ғұмар  Қараш  сынды  қазақ  ойшылдарының  еңбектерін  зерттеп, 
зерделеу  және  осы  заманның  сұранысына  сәйкес  Қазақстан  халқы  игілігіне 
пайдалану өзекті мәселелер екені шүбәсіз.        
  


 
І ТАРАУ.  АБАЙДЫҢ ӨМІРІ, ДІНИ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ 
 
1.1.
 
Абайдың кемелдікке жетуінің саты-сатылары 
       Мұхтар  Омарханұлы  Әуезов  өзінің  «Абайдың  туысы  және  өмірі»  атты   
ғұмырнамалық ғылыми еңбегін жазған 1930-40 жылдар арасы кеңестік таптық 
саясат  пен  идеология  өршіп  тұрған  шағы  болатын.    Сондықтан  ғұлама  көп 
жағдайларды    бүркемелеп  жазуға  немесе  аттап  өтуге  мәжбүр  болды.  Соның 
бірі  –  Абайдың  ойшылдық  эволюциясы  деген  мәселе.    Кемеңгер  Абайдың 
кемеңгерлігі  неде  және  ол  әлемдік  ой  шыңына  қалай  жетті?  Бұл  жағын 
тәптештей айтып-жазуға Мұхаңа қатал заман ешқандай мұрсат бермегені аян.         
        Төмендегі  ізденісіміз  осыған  арналып  отыр.  Яғни  ғұламаның  ойшыл 
ретінде толысу, кемелдену кезеңдерін барлап көрмекпіз. Түрлі дерек көздерін 
пайдалана  отырып,  Абайдың  ойшылдық  эволюциясының  үш  сатысы  сөз 
етіледі.  Біріншісі  -  Абайдың  алдымен  оқымысты  философ  басқышына 
жеткенін  дәлелдеуге  арналып  отыр.  Екіншісі  -    «Ұстаз-хакім  Абай»  деген 
тақырып  аясында  қараңғылыққа  қамалған  туған  ұлтын  ұлы  ақынның 
қолтығынан  сүйеп,  тарихи  жолға  алып  шыққандығы  сөйленеді.  Ұлы  ұстаз 
хакім деген тіркестің мәнісі осы арада.  
          Абайдың  ойшылдық  эволюциясының  ең  жоғарғы  сатысы  -  әулие 
хакімдік.  Бұл  әлемдік  ой  өрісі.  Әлем  ой  алыбы  деңгейі.  Сондықтан  үшінші 
тақырып Абайдың осы шыңға шыққанын дәлелдеуге бағытталды. Ол үшін ұлы 
өмірдің соңғы бөлігін ойшылдың «Ғақлиат-тасдиқат» атты трактатына сүйене 
отырып, екшеп, сараладық. 
 
1.1.1.   Оқымысты философ (1855-1890) 
        Абай - ерекше жаратылыс иесі. Абай - қазақтың екінші аты. Сондықтан 
оның өсу, толысу жолы  мен даналығының шынайы масштабына әрбір жаңа 
заман жағдайында қайта оралып,  байыптап отыру өзекті мәселе. Бұл 
мәселенің шешімі кемеңгердің кемелденуін саты-сатылап анықтауға тіреледі. 
Олай болса, төменде Абайдың іздену жолының бастапқысы әрі ең ұзағы -  
1855 жыл мен 1892 жыл аралығындағы отыз жеті жылдай кезеңді саралауға 
кіріселік. Ондағы басты мақсат - әрі ойшыл, әрі оқымысты философ деңгейіне 
Абай осы кезеңде-ақ жеткен деген пайымды дәлелдеу болып табылады. 
         Қырдағы  өз  ауылында,  «Ескі  там»  медресесінде,  тіл  сындырған  он 
жастағы Абайдың Семей қаласындағы Ахмет Риза медресесінің табалдырығын 
аттауын  қазақ  мәдениеті  тарихының  жаңа  парағы  дейміз  бе,  әлде  ғасырлар 
бойы  өзгермеген  сахара  өміріне  саумал  самал  есіп,  тың  дәстүрдің  жеткені 
дейміз  бе,  әйтеуір,  бір  ерекше  символ  елес  береді.  Келешек  сәттіліктерге 
терезе ашқан бұл үш жылда жас дарынның ғылым-білім қайнарынан бас алмай 
сусындаған хәліне ұзақ тоқталудың қажеті шамалы. Дәлелге  шәкірт Абайдың 
ескіше оқудың әптиек, мұхтасар, нәху салаларын оңай меңгерумен қоса қабат 
Шығыс  шайырларынан өзінің ақындық өнеріне  «медет»  сұрап, алғашқы  өлең 


 
шумақтарын қағаз бетіне түсіргені және жаңаша да сауатын ашып, орыс тілін 
шет жағалап үйренгені сияқты мәнді фактілерді атасақ та жеткілікті. 
         Жасы  он  үшке  толғанда  қала  оқуының  ескішесін  де,  жаңашасын  да 
еріксіз  тастап,  қыр  өміріне  араласқан  жас  Абай  жайлы  «Құнанбайға  көмекші 
Абай  болмай,  өзі  үшін  көп  нәр  алып  өсіп  келе  жатқан  жас  болады»,  -  деп 
көрсетеді  Мұхтар  Омарханұлы  Әуезов  өзінің  «Абай  Құнанбайұлы»  атты 
монографиялық  еңбегінде.  Өйткені:  «Абайға  ендігі  зор  тәрбиеші,  ұстаз 
қазақтың қалың бұқара халқы бола бастайды» [3, 36].   
         Шамасы  1885  жылы  жазылған  «Жасымда  ғылым  бар  деп  ескермедім» 
деген  өлеңінде  қырық  жастағы  ақын  жастық  дәуренінде  қапы  қалып,  қала 
оқуынан ерте қол үзгеніне опына өкінішін айта келе, сонымен қатар: 
                                  Өзім де басқа шауып, төске өрледім, 
                                  Қазақта қара сөзге дес бермедім, - 
дейді.  Бұл  жолдар  бізге  Абайдың  жігіт  шағы  да  зая  кетпегенін,  білім  жию 
жалғаса  бергенін  жеткізсе  керек.  Бұл  кездің  ерекшелігі:  ұстазы  -  «қазақтың 
қалың  бұқара  халқы»,  ал  үйренгені  –  шешендік  өнер  болды.      Сол  заманның 
салбурын  салу,  құс  салу,  салдық  құру,  ат  жарату,  ит  жүгірту  сияқты 
машықтарын  Абай  бір  кісідей  қызықтаған  деседі.  Сондай-ақ,  қолы  босағанда 
Абайдың алданышы «тоғызқұмалақ, дойбы ойнау»  (Әрхам) болса керек. 
       Жас өмірдің сарасы, шамасы жиырма жылдай уақыт, осымен өте шығады. 
«Қазақтың  ескі  сөзі,  ескі  жол-жобасы,  мәтел,  тақпақ,  ескі  биліктеріне  елдің 
маңдай  кісілерімен  қатар  түскендей  білім  жиып»  (Әуезов)  болған  отыз  үш 
жастағы  Абай  кезекті  жолайырыққа  жеткенде,  алдынан  тағы  бір  нұр  шуағы 
ашылып, жаңа бір сәттілік құшағын жайғандай болған.  
       1877-78  жылдың  қысында,  Мұхаңның  білуінше,  Абай  12  үлкен  іспен 
тергеліп, Семей қаласынан 3-4 айға шейін шыға алмай жатады (шындығында, 
Абайды  сайлауға  түсу  құқынан  айырып,  болыстық  қызметке  жолды  біржола 
жапқан  осы  тергеу  де  сәттіліктің  қиығы.  Өйткені,  бұған  дейін  12  жыл  болыс 
болып үлгерген Абай,  осы жылдардан соң болыс болған емес. Сөйтіп,  «істі» 
болудың септігі енді жыл санап білім-ілімге бет беруге көп тиеді). 
        Осы  кездерде  Абай  «орыс  халқының  ХІХ  ғасырдағы  классик  әдебиетінің 
мектебінен  өтіп,  содан  үлкен  үлгі,  ұстаздық  көреді»  деп  көрсетеді  М.Әуезов. 
Және  бұл мектептен  Абайдың  «нық ұстап шығатын үлгі,  түсінігі  -    ақындық, 
халыққа қызмет етудің үлкен жолы деген ұғым болады». 1882 жылы жазылған 
«Қансонарда  бүркітші  шығады  аңға»  деген  Абай  өлеңін  Мұхаң  да,  басқа 
зерттеушілер  де  сөз  болып  отырған  «үлкен  жол»,  жаңа  бағыттың  белгісіне 
балайды. Ақындық жолды Абай осы 37 жасында таңдаса керек.  
         Қалай  болғанда  да,  Абай  жаңа  бағытқа  бет  бұрған  35  пен  40  жастың 
аралығын зер сала қарастырғанымыз мақұл.  
         1878  жылдан  орыс  зиялысы  Михаэлис  Евгений  Петрович  (1841-1913) 
Семей  облыстық  Статистика  комитетінің  хатшысы  сайланады  да,  белсенді, 
көпшіл  ғалым  қалада  өлкелік  музей  мен  кітапхана  аштыруға  үлкен  үлес 
қосады.  


 
        Семей  қаласындағы  кітапхананы  абайтанушы  ғалым  Қ.Мұхаметханов 
былайша  сипаттайды:  «Ол  замандағы  Сібір  қалаларындағы  кітапханалардың 
ішіндегі  ең  байы  деп  танылған.  ...Тарих,  философия,  табиғаттану,  тағы  басқа 
ғылым  салаларына  арналып  жазылған  кітаптарды  және    сол  кезде  Ресейде 
шығып  тұратын  «Вестник  Европы»,  «Наблюдатель»,  «Русский  вестник», 
«Русская мысль», «Исторический вестник»,  «Новое время», т.б. журналдарды 
жаздырып  алып  тұрды»  [Ұлы  Абайдың  қайраткерлік  қызметі  //  «Абай» 
журналы, 1992, №1].  
         Абайдың ғылыми ортасы деген мәселе қозғалғанда, әсіресе, екі ұстаздың 
–  Михаэлис  пен  Гросстың  есімдері  құрметпен  аталады.  Осы  екеуімен  жиі 
араласып,  солар  атаған  кітаптарды  көп  оқып,  тіпті  зерттей  де  бастаған  соң, 
«Абайдың  алдында  жаңа  жарық  дүниенің  шеті  ашылғандай    болады»  дейді 
ғұлама  М.Әуезов.  Мұны  Абайдың  Абайлығын алғаш  таныған адамның  бірі  – 
Ахмет Байтұрсынов та құптайды. Ол өзінің Абайға «қазақтың бас ақыны» деп 
баға беруіне себепші бір жайды былайша ашады: «Хақиқатты тануға, тереңнен 
сөйлеуге,  бойына  біткен  зеректіктің  үстіне,  Абай  әртүрлі  Европа  білім 
иесілерінің кітаптарын оқыған».   
         «Сонымен    1884-85  жылдарда,  -  деп  пікір  түйеді  тағы  Мұхаң,  -  өз  жасы 
қырыққа таман ілінгенде, Абай дүниеден көп мағлұматы бар, әр нәрсеге білім 
алған  кісідей  арнаулы  көзқарасы,  сыны  бар,  әншейін  ел  кісілерінен 
сонағұрлым білімді, қырағы, озған кісі болып жекеленіп шыға бастайды».    
        33  жасынан  қарқынды  рухани  өрлеу  сорабына  түскен  Абайдың  ішкі 
дүниесі  қырықтан  асқанда  қалай  түрленген?  Бұл  жөнінде  Абай  айналасында 
болған ішкі-сыртқы құбылыстарға қатысты ойларын сабақтай келе: «40 жастан 
асқан  соңғы  Абай,  бізге  бір  Абай  емес,  екі  Абай  болып  кетеді,  -  деп  жазады 
М.Әуезов. – Біреуі: өмірге үйлескісі келмей, заманнан, ортасынан озып шығып, 
сыншы,  ұстаз  ақылшы,  ақын-данышпан  болуға  айналған  Абай  да,  екіншісі: 
күндегі өмірдің бетімен елдің сөзін ұстап, бұрынғыша партия тартыстың, билік 
әкімшіліктің жолындағы ру басшы, ел меңгеруші Абай». 
         Ой  қорыталық.  Көріп  отырмыз,  абайтану  ғылымының  іргетасын  қалаған 
ұлы  Мұхаң  өзінің  зерттеу  еңбегінде  40  жастан  асқан  ақынды  «оқымысты 
Абай»  деген,  онан  соң  соңғы  тіркестерде  келтірілгендей    «жаңа  жарық 
дүниенің шеті ашылды», «жекеленіп шыға бастады», «ақын-данышпан болуға 
айналды»  деп  тағы  айтады.  Осыдан  келіп,  ғұлама  жазушының  Абайды 
оқымысты  ғұлама,  ғалым  философ  деп  білгеніне  еш  күмәніңіз  қалмайды. 
Өйткені, жаңағыдай пайымдар Мұхаңның монографиясын көктей өтеді.   
          Соңғы  айтар  бір  жай,  Абай  болмысында  шығыс  ойшылы.  Осы  себепті 
Еуропа  білімділеріне  қатты  қызыққан  жылдары  да  Шығыстың  жағалауынан 
қол  үзбеген.  Мәселен,  әйгілі  «Сегіз  аяқ»  (1889)  өлеңінде  «Ғылымды  іздеп, 
Дүниені  көздеп,  Екі  жаққа  үңілдім»  деп  батыс  пен  шығыстың  даналығына 
қатар  үңілгенін  мәлімдейді.  Расында  да,  «Интернатта  оқып  жүр»  өлеңінде 
Салтыков  пен  Толстойды  атап  өтсе,  ал  «Ғылым  таппай  мақтанба»      өлеңінде 
«ғұламаһи  Дауани  солай  депті  ол  шыншыл»  дегені  белгілі.  Абайдың  дін 


 
мәселелерін, Шығыс шайырлары мен мұсылман әлемі ойшыл ғұламаларының 
еңбектерін  үнемі  қадағалау,  назарда  ұстауы  толассыз  жалғасқанын  Мұхаң 
былайша айтады: «Араб, иран мәдениетінің тарихын тереңдеп зерттеген Абай 
-  ...Мантық  (логика)  ,  жалпы  философия,  ахлақ    (мораль)    философиясын  да 
білген».  
         Енді  мақала  өзегі  -  кемеңгердің  кемелдену  эволяциясы  деген  мәселе 
бойынша  да  түйін  түйелік.  Сөз  етілген  отыз  жеті  жылдай  уақыт  Абай 
ойшылдығының  бастапқы  бөлігі  ғана.  Онда  «ғылым»  деген  сөздің  ең  жиі 
кездесетіндігі  тегін  емес,  біз  қарастырған  1890  жылға  дейінгі  кезең 
данышпанның өз бойына білім-ғылым жинау уағы болды.  
         1891 жылы жазылған «Менсінбеуші ем наданды» деген өлеңінде: 
                                     Түзетпек едім заманды, 
                                      Өзімді тым-ақ зор тұтып, - 
дей  келе,  философ  ақын  «ағарту»  арнадан  әбден  қажып,  шаршаған  хәлімен 
қабат,  бізге  тым  ұзаққа  созылған  интеллектуалдық  толысу  мен  білім  жинау 
белінен асқанын сездіртеді.  
         Сөйтіп,  қай  тараптан  қарап,  қандай  дәлелдерге  табан  тіресек  те 
алдымыздан өз заманынан озған үлкен ойшыл, ірі  философ Абайдың бейнесі 
тұлғаланады.    Алда ойшыл  Абайды жаратылыс  пен жан сырларына үңілудің, 
таным мен ойлаудың тың үлгісін, жүйесін жасаудың асу-асулары тосып тұрды. 
Келесі ізденістеріміз осылар жайлы болмақ. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет