Қазақстан республикасы экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі «Қазақстан республикасының демографиялық болжамы: неггізгі трендтер, сын-қатерлер, практикалық Ұсыныстар»


Бала туудың өзгерістер үрдісін негіздеген кейбір факторлар



жүктеу 2.08 Mb.
Pdf просмотр
бет2/8
Дата26.12.2016
өлшемі2.08 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

Бала туудың өзгерістер үрдісін негіздеген кейбір факторлар   

 

 



 

                   

 

 

 



                                                                     

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



1-сызба. Бала туудың өзгерістер үрдісін негіздеген кейбір факторлар   

Экономиканың дамуы, ғылыми-техникалық  прогресс, 

халықтың әлеуметтік құрылымының өзгеруі 

Бала туу өзгерісінің үрдісі 

Білім деңгейінің жоғарылауы 

Денсаулық сақтауды жақсарту 

Қалалану 

Өмірдің материалдық деңгейінің 

өсуі 

Діни догмалар мен дәстүрлерден 



азат болу 

Экономикадағы әйелдердің 

жұмыспен қамтылуының  өсуі   

Жалпы және нәресте өлім-

жітімінің төмендеуі 

Балалар отбасының экономикалық  

қажеттіліктерін  қанағаттандырмайды   

Баланың білімі мен тәрбиесіне 

жұмсалатын уақыттың өсуі 

 

     



Балалардың тәрбиесіне арналған  

мамандандырылған институттарды құрылуы   

Отбасыларда балаларға деген әлеуметтік-

психологиялық қажеттілктің азаюы  

 


ТМД елдеріндегі туу деңгейі  

2009-2011  жылдары  ТМД  көптеген  елдерінде  туудың  жалпы 

коэффицентінің  артуы  байқалды.  Достастықтың  көптеген  елдерінде  әртүрлі 

деңгейде және әртүрлі дәрежеде туудың артуы үрдісі тән. 

 Дүниежүзілік  банктің  бағалауына  сәйкес,  ТМД  елдеріндегі  туу 

коэффицентінің мәні 2009-2011 жылдары Украинада 11-ден Тәжікістанда 33-

ке  дейін  түрленді.  Туудың  аса  жоғары  коэффиценттері  Орта  Азияда 

орналасқан  елдерде  байқалады.  2009-2011  жылдары  Дүниежүзілік  банктің 

бағалауы  бойынша  Қазақстанда,  Түрікменстанда,  Тәжікстанда  және 

Өзбекістанда туу коэффиценті  27 құрады, Қырғызстанда -33, Тәжікстан мен 

Қазақстанда  23-ке  жуықты  құраған.  Туудың  аса  төмен  коэффиценттері 

Белоруссия, Ресей мен Украинада байқалады (8-сурет). 

 

Ақпарат көзі: The World Bank 

 

8-сурет. 1991-2011 жылдардағы ТМД елдеріндегі туу коэффициенттері                    

(1000 адамға). 

Өлім-жітім 

Өлім-жітім  және  өмір  сүрдің  орташа  ұзақтығы  бағалау  өлшемі 

ретінде.  Өлім-жітім  деңгейін  өлшеу  үшін,  туудағыдай  көрсеткіштер  жүйесі 

қолданылады, оның ішіндегі ең қарапайымы – өлімнің жалпы коэффициенті 

—    күнтізбелік  жылда  өлгендердің  саны  халықтың  орта  жылдық  санының 

1000 адамына шаққанда есептеледі. 

 


14 

 

  



Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі  

Ескерту: Коэффиценттер жылдық-есептік болып ағымдағы жылдың 1 қазанына немесе 

өткен жылғы 1000 туылғандарға келтіріледі. 

 

9-сурет. Өлім-жітім коэффициенті  (1000 адамға), 1991-2011жж. 

 

1991-1996 жылдары өлім-жітім деңгейі елде едеуір жоғары болды: 1991 



жылы  1000  халыққа  8,2  болды,  5  жыл  бойы  өзінің  жоғары  деңгейіне 

халықтың 1000 10,7 болып 1995-1996 жылдары жетті. 

2012  жылы  өлім-жітім  коэффиценті  2005  жылменен  салыстырғанда 

18,3% төмендеді.  Сонымен бірге 2013 жылы қаңтар-қыркүйек айында өлім-

жітім  коэффиценті  8,12  құрап,  2012  жылдың  сол  кезеңімен  салыстырғанда 

0,42-ге төмендеді. 

 Тәуелсіздіктің 

алғашқы 


жылдары 

республикада 

медицинамен 

қамтамасыз ету және жалпы медициналық қызмет көрсетудің өзі нашарлады. 

Осындай  көрініс  ТМД  елдерінің  барлық  мемлекеттерінде  дерлік  байқалды. 

Алайда 2012 жылы 2009 жылменен салыстырғанда Қазақстанда нәресте өлімі 

26,1% және аналар өлімі  63% жоғары көрсеткіштерге төмендеді (10 сурет). 

 2013  жылғы  қаңтар-қыркүйекте  нәрестелер  өлімі  коэфиценті  11,34 

құрап, 2012 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 2,5 есеге төмендегенін атап 

өту керек. 

  


15 

 

  



Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі  

Ескерту: Коэффиценттер жылдық-есептік болып ағымдағы жылдың 1 қазанына немесе 

өткен жылғы 1000 туылғандарға шаққанда келтіріледі. 

 

10 - сурет. Нәрестелер өлімі коэффициентінің динамикасы   

 

Балалар  (нәрестелер)  өлімінің  төмендеуіне  жоғары  мамандаған 

медициналық көмектің дамуы үлкен үлес қосты. 

 

 



Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі 

 

11 - сурет. Аналар өлімі коэффициентінің динамикасы   

 

Аналар  өлімінің  төмендеуіне  жоғары  мамандаған  медициналық 



көмектің дамуы үлкен үлес қосты. 

 

 



 

 

 

16 

 

ТМД елдеріндегі өлім-жітім деңгейі 

 

Ақпарат көзі: The World Bank

 

 

12-сурет. ТМД елдеріндегі өлім-жітім деңгейі (1000 адамға),                               

1991-2011 жылдар 

 

Өлім-жітім  деңгейі  мен  өлім-жітім  көрсеткіштерінің  өзгеру  қарқыны 

ТМД  елдері  бойынша  едеуір  ерекшеленеді.  2005-2011  жылдары  Достастық 

елдерінде өлім-жітімнің төмендеу үрдісі басым болды. 

 Өлім-жітімнің 

жалпы  коэффиценті  соңғы  жылдары  орташа 

тұрақтылық  пен  төмендеу  үрдісімен  ерекшеленеді,  дегенмен  біршама 

елдерде  (Украинада,  Қазақстанда,  Ресейде)  едеуір  төмендеу  атап  өтіледі. 

Дүниежүзілік банктің бағалауына сәйкес, 2005 жылы оның мәні Өзбекістанда 

5.4%    Украинада  16,6%  дейін,  ал  2011  жылы  осы  елдерде  4,9%-дан  14,5% 

дейін түрленді (11-сурет). 

ТМД  елдері  бойынша  орта  есеппен өлім-жітімнің жалпы коэффиценті  

2011 жылы 9,7% -дан 2005 жылы 10,2% қарсы бағаланды. 

Туылу  кезеңінен  күтілетін  өмір  ұзақтығының  едеуір  жоғары  болуы 

бүгінгі күні өлім-жітімнің ерекше өзгешелігі болып табылады. 

Халықтың өмір сүру ұзақтығы   

Күтілетін (туғандағы) өмір сүру ұзақтығы Денсаулық сақтаудың дүние 

жүзілік  ұйымының  (ДДҰ)  бағалау  көрсеткіштерінде  денсаулық  сақтау 

жүйесінің негізгі сапа индикаторларының бірі болып табылады.   Денсаулық 

сақтаудың жалпы шығындар көрсеткішімен тікелей корреляциясы бар.   

2012  жылы  Қазақстандағы  туғанда  күтілетін өмір  сүру  ұзақтығы  2008 

жылмен  салыстырғанда  2,5  есеге  артты.  Қазақстан  Республикасының 

Статистика  агенттігі  бойынша  2012  жылы  Қазақстандағы  орташа  өмір  сүру 

ұзақтығы    еркектерде  64,8  жасты  және  әйелдерде  74,3  жасты  құрады  (13-

сурет). 


 

17 

 

 



          Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі 

 

13-сурет. Туылған кезде күтілетін өмір сүру ұзақтығы, 1991-2012 жылдар үшін 

 

Қазақстандықтардың  денсаулығын  жақсартуға,  елдің  әлеуметтік-



демографиялық  дамуын  қамтамасыз  етуге,  медициналық  қызмет  көрсету 

деңгейін жоғарылатуға және негізгі әлеуметтік-маңызды ауруларды емдеуге 

бағытталған  «Саламатты  Қазақстан»  Мемлекеттік  бағдарламасын  жүзеге 

асыру белгілі үлес қосты. 

Қандай-да  бір  елдің  орташа  өмір  сүру  ұзақтығына  қарамастан  барлық 

елдердегі  еркектердің  орташа  өмір  сүру  ұзақтығы  әйелдердікіне  қарағанда 

төмен.  Дегенмен  Қазақстанда  еркектер  мен  әйелдердің  өмір  сүру  ұзақтығы 

арасында үлкен айырмашылық бар. Бүгінгі күні жыныстар арасындағы өмір 

сүру  ұзақтығындағы  айырмашылық  еркектердің  пайдасына  жатпайтын  9,5 

жасты  құрайды.  Мұндай  айырмашылықтарды  ғалымдар  өмір  салтындағы 

және жұмыс түріндегі айырмашылықпен байланыстырады (14-сурет). 

 

 



Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі 

 

14-сурет. Туылған кезде күтілетін өмір сүру ұзақтығы, 1991-2012 жылдар үшін 

18 

 

Келесі  суреттен  көргеніміздей  елдің  экономикалық  даму  деңгейі 



еркектер мен әйелдер арасындағы өмір сүру ұзақтығының айырмашылығына 

әсер  етеді.  Қарастырылатын  елдердің  арасында  осы  көрсеткіштер  бойынша 

Қазақстан мен Ресей барынша ерекшеленіп тұр (15-сурет). 

  

 



15-сурет. Әлемдегі елдердегі әйелдер мен еркектердің өмір сүру ұзақтығы                       

( 2013 жылға бағалау). 

 

1.3. Халықтың көші-қон ағыстарын талдау 

 

Халықтың  көші-қон  ағыстары  еңбек  ресурстары  санын  және  елдің 



тұрақты халқының санын есептеу кезінде маңызды роль атқарады. 

 

Ішкі көші-қон 

Демографиялық  процестердің  өзгерісі  елдегі  көші-қон  саясатын 

анықтайтын  маңызды  факторлардың  бірі  болып  табылады.  Қазақстанның 

өңірлеріндегі  демографиялық  ахуал  біркелкі  емес  және  бұдан  былай 

халықтың  табиғи  өсіп-өнуі  мен  халықтың  көші-қонының  қалыптасқан 

үрдістерінің әсерімен дамитын болады. 

Қалыптасқан  демографиялық  трендтер  ішкі  және  сыртқы  көші-оны 

процестерінің бағыттары мен ағыстарына маңызды әсер етеді және жоспарлы 

дамуына сәйкес  басқарылатын түзетуді қажет етеді. 

 2000  жылдан  бастап  Қазақстанда  елдің  ішіндегі  халықтың  көші-қон 

қозғалысы едеуір артады, халықтың өңіраралық және өңірлік көші-қонының 

көлемі өседі. 

  


19 

 

 



Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі 

 

16-сурет. Өңіралық және өңірлік көші-қон үлесінің  

динамикасы, 2000-2012 жылдар.   

 

Қазақстан Республикасында орта есеппен, 2000-2010 жылы өңіраралық 

мигранттар саны 138 747 адамды құрады. 2010 жылдан 2012 жыл бойы бұл 

көрсеткіштің  мәні  18,8%-ға  өсті.  Өңірлік  көші-қонның  жылдық  өсімі  3,2% 

құрады. Заманауи Қазақстандағы ішкі-көші қонның келесі сипатты белгілері 

бар: 


1.  Көші-қонның  негізгі  ағысы  Астана,  Алматы,  Шымкент  қалаларына 

және батыс өңіріне бағытталған

2. Қолайлы өңірлерге мигранттардың тұрақты ағысы байқалады; 

3. Көші-қон ағысында жас тұрғындар негізгі үлесті алады; 

4.    Білім  мен  жоғары  табыс  табу  көші-қон  ағыстарының  маңызды 

факторы болып табылады.   

Қазақстандағы  ішкі  көші-қон  ауылды  жерлер  мен  экологиялық 

жағынан  қоласыз  өңірлерден  экологиялық  тұрғыдан  белсенді  халықтың 

экологиялық жағынан қолайлырақ өңірлерге қарқынды көшіп, қабылдайтын 

өңірлерде жұмысқа қабілетті халықтың үлесін арттырумен сипатталады. 

 

Сыртқы көші-қон 

Соңғы жылдары сыртқы көші-қон ағыстарының қарқындылығы едеуір 

төмендеді. Халықтың иммиграция және эмиграция процестерінің тежелуде. 

 Ауыспалы нарық реформалары кезңінде 1990 жылдан 1999 жыл бойы 

елден халықтың 11% кетті. Сыртқы миграцияның теріс балансы Қазақстанда 

2003  жылға  дейін  сақталды.  2004  жылдан  ахуал  өзгерді  және  сыртқы  көші-

қон айырмасы оң салаға ауысты.  

  


20 

 

 



Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі 

  

17-сурет. Сыртқы көші-қон динамикасы  (1000 адамға), 1999-2011 жылдар. 

 

Эмиграцияның орташа мәні 2007 жылдан 2011 жыл бойы 1000 адамға 

шаққанда  2,3  құрады,  иммиграция  коэффициентінің  бұл  көрсеткіші  1000 

адамға шаққанда 2,8-ге тең болады, нәтижесінде таза көші-қон коэффициенті 

1000 адамға шаққанда 0,5 адамды құрады. 

Халықтың 

таза 

көші-қон 



коэффициентінің 

өсуі 


Қазақстан 

Республикасындағы жалпыэкономикалық тенденциялармен байланысты. 

 Иммигранттардың  негізгі  бөлігі  –  Қазақстан  Республикасының 

аумағына Өзбекістан, Монғолия, Қытай, Түрікменстаннан келген этникалық 

қазақтар. 

 Сонымен  қатар  Қазақстаннан  тұрақты  мекен-жайға  кеткендердің 

құрамының  43,8%  15-тен  34  жасқа  дейінгі  жастар  құрайтын  факті  назар 

аудартады. 

 

Этникалық көші-қон    

Этникалық  көші-қон  мемлекеттің    сипатына  маңызды  әсер  етеді. 

Халықтың  этникалық  құрылымындағы  маңызды  өзгерістер  Қазақстан 

Республикасы  тәуелсіздік  алғаннан  соң,  мемлекет  этникалық  қазақтарды 

тарихи отанына қайтару саясатын мәлімдегеннен кейін басталды. 

 1997  жылғы  желтоқсанда  «Халықтың  көші-қоны  туралы»  заң 

қабылдауының  нәтижесінде    иммиграциялық  саясат  бірінші  кезекте  қазақ 

этносының мүдделерін қозғады. 



1991 жылдан 2013 жылғы 1 маусымға дейін тарихи отанына 924 363 

этникалық қазақтар немесе 246 603 отбасы оралды және  оралман мәртебесін 

алды. 

 Оралмандардың  жалпы  санынан  көпшілігі  –  61,0%  Өзбекістаннан 



келді,  14,0%    Қытайдан,  9,5%  -    Монғолиядан,  7,0%  -  Түрікменстан,  4,8% - 

Ресейден және 3,7% - басқа елдерден көшіп келді. 



21 

 

 Оралмандардың  келген  елдері  олардың  орналасу  өңірлерін  анықтады. 



Оралмандардың  басым  көпшілігі  Алматы  –  16,1%  (148  980  адам),  Оңтүстік 

Қазақстан  –  21,3%  (197168  адам),  Маңғыстау  12,6%  (116  437  адам)  және 

Жамбыл облыстарына және 40,6% басқа облыстарға қоныстанды. 

 Келгендердің  жалпы  санынан  еңбекке  жарамды  жастағы  тұлғалар  - 

55,2 % , 18 жасқа дейінгі балалар 40,3 %  және 4,5%  зейнеткерлер құрайды. 

 Көп жағдайда келген оралмандардың білім мен біліктіліктің жеткілікті 

деңгейі  жоқ,  бұл  олардың  елдің  мәдени  және  әлеуметтік-экономикалық 

өміріне бейімделуіне және интеграциясы дәрежесіне ықпал етеді. 

1991 жылдан 2013 жылғы 1 маусымға дейін келген жұмысқа қабілетті 

жастағы білім деңгейі бойынша оралмандардың 8,6% жоғары білімі, 20,6% - 

арнаулы орта білімі, 70,8% - жалпы орта білім болды немесе тіпті білімі жоқ 

болды. 


2013  жылғы  1  жартыжылдықта  тарихи  отанына  келіп  оралман 

мәртебесін  13 780 этникалық қазақ немесе 6 466 отбасы алды. 

Оралмандардың  келген  елдері  олардың  орналасу  өңірлерін  анықтады. 

Оралмандардың  басым  көпшлігі  Алматы  –  33,0%  (4  553  адам),  Оңтүстік 

Қазақстан – 24,3% (3 346 адам), Маңғыстау 14,8% (2 043 адам) және Жамбыл 

– 7,4% (1 014 адам) облыстарына және 20,5 басқа облыстарға қоныстанды. 

 Келгендердің  жалпы  санынан  жұмысқа  қабілетті  жастағы  тұлғалар  - 

66,2 % , 18 жасқа дейінгі балалар 26,4 %  және 6,4 %  зейнеткерлер құрайды. 

Жұмысқа  қабілетті  жастағы  білім  деңгейі  бойынша  оралмандардың 

4,8% жоғары білімі, 16,6% - арнаулы орта білімі, 41,1% - жалпы орта білімі, 

37,5%   білімі жоқ болды. 

 Нәтижесінде  Қазақстан  Республикасының  еңбек  ресурстарының 

толтырылуы  және  өсуі  біліктілік  деңгейі  төмен  немесе  жоқ  халықтың 

есебінен қамтамасыз етіліп отыр. 

 Оралмандардың  қоныстануы  біркелкісіз,  өңірлердің  әлеуметтік-

экономикалық  көрсеткіштерін  есепке  алмай,  шығу  елдерімен  анықталып 

жүргізілді.  Оралмандардың  басым  көпшілігі  Алматы  16,1%  (148  980  адам), 

Оңтүстік Қазақстан – 21,3%  (197 168 адам),  Маңғыстау  – 12,6%  (116 437 

адам) және Жамбыл   областарына – 9,4% (87 302 адам) қоныстанды. 

 Халықтың  басқа  этникалық  топтары  бойынша  сыртқы  көші-қонды 

талдау қалыптасқан трендтердің өзгерістерін анықтады. 1999-2006 жылдары 

Қазақстан  Республикасынан  орыс  этносының  эмиграциясы  75%  төмендеді 

(1999  жылы  91 489  адамнан  2006  жылы  22 708  адамға  және  2012  жылы 

22 046  адамға).  Алайда,  2007  жылы    орыс  этникалық  тобының    кетуі    өсу 

жолына  оралды.  Орыстардың  эмиграциясының    2009  жылы  қарқындылығы 

1000  адамға  шаққанда  6,2  құрады,    2011  жылы  бұл  көрсеткіш  26,9%  өсіп, 

1000  адамға  шаққанда  6,3  құрады.  2012  жылы  немістердің  арасындағы 

эмигранттардың саны   сәйкесінше 17,3% и 2,7% төмендеді. Осы этникалық 

топтардағы кетудің маңызды қарқындылығы сақталуда. 

Соңғы жылдары Қазақстан Республикасының  аумағында өзбектер мен 

ұйғырлар  этникалық  халықтарының  саны  өскен.  Өзбектердің  таза  көші-қон 


22 

 

коэффициенті 



2010  жылы 

51,3% 


өсті.  2012 

жылы 


Қазақстан 

Республикасының    аумағына  көшіп  келген  өзбектердің  саны  2011  жылғы 

көрсеткіштерге  қатысты  3,5%  өскен.  Ұйғырлардың  таза  көші-қон 

коэффициенті 2011 жылы 29% өсті. 

  

4-кесте. Қазақстан Республикасы халқының этникалық құрылымы   

Этникалық топ 

2009 жыл 

  2012 жылғы 01.01.  

бойынша  

қазақтар 

63,1% 

64,6% 


орыстар 

23,7% 


22,4% 

өзбектер 

2,8% 

3% 


украиндықтар 

2,1% 


1,9% 

ұйғырлар 

1,4% 

1,4% 


татарлар 

1,3% 


1,2% 

немістер 

1,1% 

1,1% 


басқа этностар 

4,5% 


4,5% 

 

Қазақстан  аумағындағы  ағымдағы  демографиялық  және  көші-қон 



үрдісінде  қазақтар,  өзбектер,  ұйғырлардың  этникалық  топтары  өсуде,  бұл 

ретте  орыстар,  украиндықтар,  татарлар  мен  немістердің  саны  қысқаруда  (4-

кесте). 

  

Халықтың, соның ішінде білікті мамандардың эмиграциясы процесі     

1990  жылдардағы  қарқынды  эмиграция  адами  ресурстарды  едеуір 

жоғалтуға  алып  келді:  1992-2011  жж.  Республикадан  3,3  млн.  адам  шығып 

кетті,  2,0  млн.  адам-қайтпады.  2009  жылдан  2011  жылға  дейін  кеткен 

халықтың ішінде 16-62(57) жастағы еңбекке қабілетті топтар 70,9% құрады. 

 Сыртқы  көші-қон  қарқындылығының  жалпы  баялауына  қарамастан, 

2009 жылы жоғары және орта арнаулы білімі бар эмигранттар саны жоғары 

және орта арнаулы білімі бар иммигранттар санынан 58%, 2010 жылы - 20%, 

2011 жылы–  68% артты.   

 Көші-қон  процестерінің  нәтижесінде  Қазақстан  үшін  «ғұламалардың 

жылыстауы»  және  жоғары  білікті  еңбек  ресурстарын  төменгі  біліктілермен 

алмасу мәселесі көкейкесті болды. 

 Оған  үш  мемлекеттің  аумағында  (Беларусь  Республикасы,  Қазақстан 

Республикасы және  Ресей  Федерациясы)  Біріңғай  Экономикалық  Кеңістікке 

(бұдан  былай  БЭК)  қатысушы–елдердің  азаматтары–жұмыскерлерінің  еркін 

қозғалысы үшін жасалған жағдайлар да ішінара ықпал етеді. 

БЭК 


шеңберінде 

еңбекшілер-мигранттардың 

және 

олардың 


23 

 

отбасыларының  құқықтық  мәртебесі  туралы  Келісім  күшіне  енген  күннен 



бастап,  БЭК  қатысушы-мемлекеттер  арасында  еңбек  көші-қон  ағысының 

ұлғаюы байқалады. 

 БЭК елдерінен Қазақстан аумағына еңбек қызметін жүзеге асыру үшін 

2012  жылы  7 249  адам  кірсе,  Қазақстаннан  БЭК  елдеріне  еңбек  қызметін 

жүзеге  асыру  үшін  52 438  адам  шығып  кетті,  бұл      БЭК  елдерінен  келген 

еңбек мигранттарының көрсеткішінен 7,2 есеге артып тұр. 

 Жоғары  білікті  мамандардың  эмиграциясы  нәтижесінде  Қазақстан 

еңбек  ресурстарының  тапшылығын  сезіне  бастады.  2013  жылғы  1  қаңтарда 

жоғары білікті жұмысшыларда ас үлкен мұқтаждықты өндіріс ұйымдары мен 

кәсіпорындары (4,3 мың адам) және құрылыс (2,7 мың адам) сезінді. Жоғары 

деңгейлі мамандарға денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет саласында (1,6 

мың  адам),  өндірісте  (0,9  мың  адам)  және  білім  саласы  (0,9  мың  адам) 

ұйымдарында аса мұқтаж. 

 Қазақстанда  адами  капиталды  арттыру  мақсатында,  сондай-ақ  2050 

жылға  дейін  елдің  экономикалық  өсуін  жеделдету  бойынша  алға  қойылған 

мақсаттарға  сәйкес  кадрлардағы  қажеттіліктің  күтілетін  өсуіне  сәйкес, 

болашақтағы  көші-қон  ағыстарын  реттеу  және  олардың  сапалық  құрылымы 

бойынша іс-шаралардың адекваттық кешенін түзу қажет болады. 

  

Шетелдік жұмыс күшін тарту (соның ішінде жақсы жоғары білікті 

мамандарды)   

Соңғы үш жылда шетелден тартылатын шетелдік жұмыс күші санының 

азаю  үрдісі  байқалады.  Мысалы,  2009  жылы  -30,9  мың  адам,  2010  жылы  – 

29,2  мың  адам,  ал  2011  жылы  –  27,1  мың  адам  және  2012  жылы –  21,7  мың 

адам тартылды. 

 2013  жылғы 1 қазандағы ахуал бойынша  Қазақстан  Республикасының 

аумағында  жергілікті  орындаушы  органдардың  рұқсаты  бойынша  елдің 

экономикалық  тұрғыдан  белсенді  халықтың  0,28%    құрайтын  25,6  мың 

шетелдік азаматтар еңбек қызметін жүзеге асырып жатты. 

 Еңбек  мигранттары  келетін  негізгі  елдер  Қытай  -  6  215  адам  (ШЖК 

жалпы санынан 24 %), Түркия  - 3753 адам (15%) , Үндістан – 1869 адам (7%) 

болып табылады. 

Ұлыбритания,  Италия,  Корей  Республикасы,  АҚШ,  Германия, 

Нидерланды, Канада, Франция және Жапониядан барлығы 4 347 адам (ШЖК 

жалпы санынан 17 %) тартылды. 

 Шетелдік жұмыс күшінің негізгі үлесі құрылыс -12,2 мың адам (47%), 

тау-кен - 3,9 мың адам (16%) және өнеркәсіпті өңдеу салаларына - 1, 6 мың 

адам (6,4%) тартылған. 

 Тартылатын  шетелдік  жұмыскерлердің  негізгі  жиынтығы  басшылар 

мен мамандар болып табылады (ШЖК жалпы санынан 70%). 

 Ішкі  еңбек  нарығын  қорғау  мақсатында  Қазақстан  Республикасының 

Үкіметі жыл сайын республикаға тартылатын шетелдік мамандарға үлестеме 

бекітеді. 


24 

 

2013 жылы үлестеме республикадағы экономикалық тұрғыдан белсенді 



халықтың  1,2  пайызы  көлемінде  бекітілді,  бұл  108,1  мың  бірлікті  құрайды 

(2012 жылы 1,0 % немесе  90,0 мың болды). 

Үлестемеден  бөлек,  кадрлардағы  жергілікті  құрам  бойынша  талаптар 

шетелдік  жұмыс  күшінің  құрамын  реттейтін  және  шектейтін  қосымша 

механизмдер  болып табылады. 

Қолданыстағы құқықтық механизмнің күрделігі және шетелдік жұмыс 

күшін  тартуға  рұқсаттарды  рәсімдеу  тәртібінің  ұзақтығы  бөлінген 

үлестеменің  толықтай  пайдаланылмауына  алып  келеді.  Қолданыстағы 

заңнаманы аттап өтіп мигранттардың бейресми еңбек қызметі дамып жатыр. 

  

Бейресми  еңбек  қызметі  (көлеңкелі  экономиканың  өсуі,  ресми  және 



бейресми еңбек миграннттарын әлеуметтік қорғау мәселелері) 

Әлемдік  тәжірибеде  бейресми  еңбек  көші-қон  терминін  тіркелмеген 

еңбек  көші-қонымен  теңдестіреді,  себебі  көпшілік  жағдайда  еңбек 

мигранттары  елдің  аумағына  ресми  кіріп,  ары  қарай  өздерінің  еңбек 

қызметтерін тіркемейді және рәсімдемейді. 

Жарияланбаған  (жасырын)  жұмыспен  қамту  Қазақстанда  осы 

онжылдықтың  бірінші  жартысында  20-30  %  құрады.  Бейресми  еңбек 

мигранттары мұнда жеке топ болып табылды. 

 Қазақстанда  жетекші  сарапшы  топтары  сарапшыларының  бағалауы 

бойынша  «маусымдық  мигранттар»  деп  аталатын,  бірінші  кезекте 

Өзбекістан, Қырғызстан және Тәжікстаннан бейресми еңбек көші-қонының 

өсу үрдісі байқалады, 

 Бейресми  еңбек  көші-қоны  еңбекақы  деңгейі  жоғары  емес  төменгі 

білікті  жұмыс  күшін  қажет  ететін  секторларда  –  құрылыста,  қосалқы 

жұмысшылар  ретінде  базарда,  ауылшаруашылық  жұмыстарының  кейбір 

түрлерінде  қазақстандықтарды  алмастырады.  Соңғы  жылдары  жеке 

тұлғаларменен  шетелдік  жұмыс  күшін  тартудың  өсуі  байқалуда.  Шетелдік 

жұмыс күшін заңсыз пайдаланғаны үшін 9,2 мың заңсыз еңбек мигранттары 

және  олар  жұмыс  істеген  3,3  мың  жеке  тұлға  әкімшілік  жауапкершілікке 

тартылды.  Нәтижесінде,  тіркелмеген  еңбек  көші-қонына  қарсы  әрекет  үшін 

төменгі  білікті  мигранттар  кіру  үшін  бағдарламаларды  құру  көкейкесті 

болып табылады. 

 «Еңбек  көші-қоны  мәселелері  бойынша  Қазақстан  Республикасының 

кейбір  заңнамалық  актілеріне  өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу  туралы» 

заңды  жүзеге  асыру  еңбек  иммигранттарын  заңдастыруға,  жеке  тұлғаларда 

еңбек  қызметін  жүзеге  асыру  үшін  еңбек  иммигрантына  рұқсат  беруді 

анықтау  бөлігі  бойынша  көші-қон  процестерін  мемлекеттік  реттеуді 

жетілдіруге бағытталған. 

Бейресми  еңбек    көші-қонының  өсуі  және  оны  реттеудің  тиімді 

жолдарын  іздестіру  Қазақстанның  көші-қон  саясатының  аса  маңызды 

мәселелерінің бірі болып табылады, себебі қандай да бір салаға бақыланбаған 


25 

 

жұмыс күшінің құйылуы әдетте экономикалық және әлеуметтік мәселелерді 



тудырады. 

  

Қазақстан  Республикасындағы  еңбек  көші-қонының  экономикалық 



салдары   

 БҰҰ  ЭСКАТО    деректері  бойынша  қазақстандық  экономика  жылына 

ЖІӨ 0,57%, немесе $1,1 млрд. еңбек мигранттары есебінен алады.  

Елдің  сыртына  еңбек  мигранттарының  еңбекпен  табылған  ақшалай 

қаржыларының  елдің  сыртына  алып  кетуі  қабылдаушы  елдерге 

иммигранттар ағысының жағымсыз салдары болып табылады. Бұл процестің 

қарқындылығының  күшеюуін  «Еңбекті  төлеу»  және  «Жеке  трансферттер» 

(үй  шаруашылығы  резиденттері  мен  үй  шаруашылығы-бейрезиденттері 

арасындағы  ағымдық  трансферттар)  бабы  бойынша  ағымдағы  операциялар 

шотын талдау арқылы бақылауға болады. 

 Қазақстан Республикасында 2005 жылдан 2012 жыл бойы еңбек ақыны 

төлеу  балансы  бойынша  теріс  нетто  2,6  есеге  артты  және  1  млрд.  928  млн. 

АҚШ  долларына  жетті,  ал  2013  жылғы  1  жартыжылдықта  856  млн.АҚШ 

долларына жетті. 

  

 



 




Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет