Қазақстан республикасы ғылым және білім министрлігі павлодар мемлекеттік педагогикалық институты



жүктеу 1.48 Mb.
Pdf просмотр
бет10/15
Дата30.12.2016
өлшемі1.48 Mb.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

ОРЫС ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕЙТІН БАЛАЛАРДЫ 
ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ ҮЙРЕТУ САБАҚТАРЫНЫҢ ҮЛГІЛЕРІ 
 
І. Балабақшаның ересек топ балалары  үшін 
 
1-сабақ. Тақырыбы: Өткенді қайталау.  
Мақсаты:- «Балабақша» тақырыбымен  байланысты сөздерді қазақ тілінде 
еске  түсіріп  айту,  суреттерін  көрсету.  Әртүрлі  заттардың  қасиеттерін  атап 
көрсету  (түсін,  көлемін)  және  осы  белгілері  арқылы  топтастыру,  біріктіру, 
өткен  тақырыптар  бойынша  білімдерін  бекіту.  Оқу  міндетін  түсіндіру  және 
жекелей  берілетін  тапсырмалардың  мазмұнын  түсініп,  баланың  өздігінен 
орындауын  қадағалау.  Өздерін  бақылай  білу  және  бағалау  дағдыларын 
қалыптастыру. 
Көрнекілік: Балабақша туралы сызба, суреттер, тапсырма үлгілері. 
Сабақтың барысы: Ермек Өтетілеуовтің өлеңін оқу:  
Бала-бала баламыз, 
Бақшамызға барамыз. 
Күні бойы қызыққа 
Батамыз да, қаламыз. 
1.  Сұрақтар:  -Какие  знакомые  слова  из  этого  стихотворения    вы 
услышали? (бала, балабақша, баламыз, барамыз, т.д .) 
2.  Ойын  жаттығулар  (1-бет,  1-сурет.)  «Покажи  и  нарисуй».  Тапсырма: 
Покажи и назови! «үй, еден, үстел,...». Нарисуй и назови! - «терезе, сағат, есік». 
3.  «Что  большое,  что  маленькое  и  какого  цвета?»  (1-бет,  2-сурет). 
Тапсырма: Покажи и назови: «Кішкентай орындық», «Үлкен терезе», т.б. 
4.  Ойын  жаттығу:    «Закрась  правильно»  (1-  бет,  3  -  сурет.)  Тапсырма:  
Балаларға үстелді бояуға ұсыну. Түр-түс атауларын бекіту (сары, ақ, қоңыр...). 
Закрасьте,  «сары үстел, ақ есік, қоңыр орындық». 
5. «Қ» дыбысымен танысу (1-бет, 4-сурет.)  «Қ» дыбысының қалай дұрыс 
дыбысталатынын    түсіндіру  және  қай  сөзде  кездесетінін  айту.  Тапсырма:-
Отметь на картине слова, где есть звук «Қ», лишние слова зачеркни.  
6.  Сергіту  сәті:  «Балабақшада»  Балалар  шеңбер  жасап  тұрып,  қол  соғып 
тұрып, төмендегі шумақты айтады:-  
«Алақай, қайда-қайда, балақай? 
- Кім балақай?  - Оля балақай 
- Оля қайда?.....- Оля балабақшада. 
7. 
Сөйлем  құрастыру.  Тапсырма:-Пользуясь  схемой,  составьте 
предложение: 1. Балабақшада үлкен есік бар. 2. Балабақшада терезе бар. 
8.  Өзін  бақылау  және  өзін  бағалау.  Үлгі  бойынша:  Алдын  ала 
дайындалған  жұмысты  көрсету  және  өз  жұмыстарын  үлгімен  салыстыруға 
ұсыну:  -Если  все  правильно,  то  внизу  в  правом  нижнем  уголке  –  зеленый 
кружок, -Если есть 1-2 ошибки – желтый; -Много ошибок - красный. 
 

 
93 
2-сабақ. Тақырыбы: «Балабақшада кім бар?»  
Сабақтың  мақсат-міндеттері:  Өткен  тақырыпты  қайталау.  Балабақша 
қызметкерлері  туралы  түсінік  беру  және  олардың  мамандық  атауларын  қазақ 
тілінде  бекіту.  Сөздерді  буынға  бөлуді  үйрету.  Қазақ  тіліне  тән  дыбыстарды 
дұрыс дыбыстауға үйрету (ү,і,ә). 
Сөздік  жұмыс:  «Жақсы,  әдемі,  мейірімді»  сөздеріне  түсінік  беру.  Ол 
сөздерді сөйлем құрастыруда қолдандыру. 
Көрнекі  құрал:  Балабақша  қызметкерлерінің  суреттері.  Шартты  белгілер: 
1.А.Мұсахановтың «Дәрігер» өлеңін оқу. 
Тіс ауырса, іш ауырса, 
Мамам дәрі береді. 
Барлық ана 
Оны жақсы көреді. 
Сабақ  барысы:  Мазмұны  бойынша  әңгімелесу.  Өлеңнің  әр  жолын 
қимылмен  көрсете  отырып,  өлеңді  қайталап  оқу.  Тапсырма:  -  Хлопайте  в 
ладоши, если услышите знакомые слова (тіс, ана, бала, жақсы). 
2.  Фонетикалық  ойын  жаттығу:  «І  дыбысына  моншақ  тізейік!»,  «Қыз 
аттарын атаймыз –Іңкәр, Інжу, Мінәш, Мінәжат»,  «Ұл аттарын атаймыз:  Ісләм, 
Ілияс, Еркін, Ерсін, Біржан, Бірімбет» 
3. Тіл сындыру, жаңа сөздерді бекіту жаттығулары: (-Произносим, хлопая 
в ладоши) 
-гер-гер  - дәрігер 
-ші-ші - тәрбиеші 
-ші-ші - күтуші 
-паз-паз - аспаз 
-ім-ім -мұғалім.  
1-тапсырма: - Найди на рисунке (тәрбиеші, дәрігер, күтуші,мұғалім,аспаз). 
2-ші тапсырма: - Кому что нужно? Расставь правильно. 
4. Ойын: «Секретные знаки». Шартты белгілермен танысу (    -отыр,  
-үлкен, -кішкентай.  
Тапсырма: -Используя условные знаки составь предложение: «Мынау көк 
есік_____, Мынау қызыл доп ______ , Мынау жасыл алма _______»- тіркестерін 
қайталату, бекіту. 
5. Мақалмен таныстыру. Мазмұны бойынша әңгімелесу.  
Еңбектің  наны  тәтті,  жалқаудың  жаны  тәтті.  (Труд  кормит,  лентяй  себя 
бережет) 
6. Сергіту сәті: Мәтініне қарай балалар қимыл жасайды. (2-3рет) 
1, 2 3 –балалар алды күш.  
1, 2, 3 –екі аяқта күш 
7.  Ойын:    «Найди  нужный  звук  и  правильно  соедини»  Сұрақтар  мен 
тапсырмалар:-Назови  предметы,  где  есть  звуки  «қ,  ә,  ү»  -Соедини  правильно 
буквы «қ, ә, ү» с картинкой где есть данные звуки. 
8 .- Раздели на слоги «Дә-рі-гер, ас-паз, қыз» 
9. Орындалған тапсырмаларын үлгі бойынша тексеру және бағалау. 
 

 
94 
3-сабақ. Тақырыбы:  «Балабақша өмірінен». 
Сабақтың  мақсат-міндеттері:  Балабақша  өмірі  туралы  түсінік  беру 
(сабақтар,ойындар,  ұйқы).  Балаларға  шартты  белгілерді  қолданып  жай  сөйлем 
құрастыруға  үйрету  (Бала  отыр.  Мұғалім  тұр.)  Етістік  сөздерді  белсенді 
қолдануға  үйрету  (отыр,  ойнайды,  тұр).  Мақал,  жұмбақ,  тақпақтармен 
таныстыру  (секіреді,  тұр).  Оқу  міндетін  түсінуін  және  тапсырманы  өздігінен 
орындау  дағдыларын    қалыптастыру.  Әр  баланың  өзін-өзі  бақылау  дағдысын 
қалыптастыру. 
Көрнекі  құралдар:  Балабақша  өмірі  туралы  сюжетті  суреттер;  шартты 
белгілер: (    ,    ). 
1. М. Әлімбаевтің өлеңінен үзінді жаттау. 
 
Бала,бала баламыз, 
 
Бақшамызға барамыз (іс-қимыл жасау). 
 
Күні бойы қызыққа 
 
Батамыз да қаламыз. 
2. Ойын. «Знакомство». Сызбаларды қолданып, өзі туралы әңгімелеу. 
Менің  атым  -  Коля.  Мен  алты  жастамын.  Мен  Камзин  көшесінде 
тұрамын. 
3. Еңбек туралы мақал. «Нан-тамақтың атасы.» (Хлеб-всемуголова)  
- Вспомните пословицу: «Еңбектің наны тәтті. Жалқаудың жаны тәтті.» 
- К какой профессии больше относятся эти пословицы? 
4.  Ойын  тапсырма:  «Кто  что  делает?»  (етістіктің  шартты  белгілерін 
қолдану).Тапсырма:  Соедини  картинку  с  условным  обозначением,  чтобы 
получилось предложение (Қыз секіреді. Қоян секіреді. Доп домалайды.) 
5. Сергіту сәті: Қайталау «Балабақшада». 
6. Ойын жаттығу: «Кто внимательный?» - Дорисуй условный знак. 
Аспазшы отыр, қыз секіреді. Ит үлкен, мысық кішкентай». 
7.Ойын «Мы считаем.» Қанша затты санағандарын тексеру. 
Тапсырма:-  Проверь,  правильно  ли  расставлены  цифры?  Дорисуй  не 
достающиеся  предметы  или  зачеркни  где  не  правильно.  Прочти 
словосочетание. 
8. Орындаған жұмыстарын өздеріне бақылату және бағалату. 
 
4- сабақ. Тақырыбы: «Ойыншықтар». 
Сабақтың  мақсат-міндеттері:  Балалардың  сөздігін  жаңа  сөздермен 
толықтыру.  Қарапайым  сұрақтарға  жауап  бере  білуге  үйрету  (диалог).  Жаңа 
шартты  белгі  бойынша  сөйлем  құруға  дағдыландыру  (  -менде...)  Зат  аттарын, 
қасиеттерін,  қимылын  білдіретін  шартты  белгілерді  бекіту.  Сан  мен  заттың 
сандық  сәйкестігін  белгілеуге  үйрету.  Қазақ  тіліне  тән  дыбыстарды  дұрыс 
дыбыстауын  қалыптастыру.  Оқу  міндетін  дұрыс  түсініп,  өздігінен  орындауға 
үйрету. Өзін-өзі бақылау мен бағалау дағдысын қалыптастыру. 
Көрнекі құралдар: Ойыншықтар, шартты белгілер ( Менде не бар?) 
1. Н. Әлімқұловтың «Ойыншықтар» әнін орындау. 
Біздерде бар қуыршақ, 
Қонжық, қозы, құлыншақ. 

 
95 
Ойыншықтар тыңдайды,  
Емес олар ұрыншақ. 
Қуыршақтар ұйықтайды, 
Айтқаныңнан шықпайды, 
Қонжық, қозы, құлыншақ 
Ұйықта десең ұйықтайды. 
2. Ойын: «Покажи и назови» (1-сурет). Сұрақтар мен тапсырмалар: Какую 
игрушку  ты  уже  знаешь?  Отметь  его  крестиком  (Доп,  қуыршақ).  Покажи  и 
расставь игрушки в шкафчик (қонжық, аю, қасқыр, қозы), а қуыршақ посади на 
стульчик.  Назови  на  картинке  все  игрушки,  что  не  относится  к  игрушкам 
зачеркни. 
3.  Ойын  жаттығу:  «Где  спрятался  звук  «___»?.  Сұрақтар  мен 
тапсырмалар: 1) Перечисли игрушки и предметы на казахском языке. 2) Найди 
звук «Қ» в словах. Игрушку с данным звуком положи в сумку со звуком «Қ». 
4. Ойын:  «Ғажайып қапшық»  («Что у меня есть?»-«Менде не бар?»)  
1)  «Менде»-  деген  сөзді  шартты  белгімен  белгілеуге  болатынын 
түсіндіру;  2)  Перечисли  игрушки,  которые  есть  у  тебя.  Составь  предложение.  
3) «Чего нет у меня?». (Менде не жоқ? - Менде қасқыр жоқ.) 
5. Ойын- жаттығу: («Суретін сал, қазақша сөйле!»- «Дорисуй и назови на 
казахском языке.») Что не дорисовано? Как будет называть на казахском языке? 
Тапсырма: Дорисовать предметы. 
6.  Сергіту  сәті:  «Қонжық».  Қоян,  қоян,  тұршы,  балаларды  қушы.  (Бір 
баланы қоян етіп сайлап отырғызу. Басқа балалар сөздерін айтады. Ал қонжық 
өзіне дос таңдап алу үшін, балаларды қуады.  
7.  Ойын-жаттығу:  «Посчитай  и  напиши»  Балаларға  «сколько»  сөзі  - 
«неше» екенін айту. Сұрақтар: - Неше қоян?–Неше қасқыр?–Неше қуыршақ?  –
Неше қонжық? Обозначь их цифрами. 
8. 
Ойын:  «Накорми  своих  друзей».  (Үлестірмелі  суреттерді 
сәйкестендіріп  жинатқызу.  Таңдап  алған  суреттер  бойынша  диалог  мәтін 
құрғызу).  Сұрақтар  мен  тапсырмалар:    «Же»  сөзін  енгізу;  1)  Кто  твои  друзья, 
назови  их.  (Менің  досым-  қоян,  қонжық,  қуыршақ  т.б.);  2)  Накорми  их 
(алма,сәбіз,нан). Произнеси: - Нан же. –Алма же. 
9. Өзін-өзі бақылау және бағалау. 
 
5-сабақ. Тақырыбы: «Біздің ойыншықтарымыз». 
Сабақтың  мақсат-міндеттері:  -  Балалардың  сөздік  қорларын  жаңа 
сөздермен  кеңейту,  көпше  түрде  қолдандыру.  (Жалау  (лар),  шар  (лар), 
машина(лар),  текше(лер).  Негізгі  түстермен  таныстыру  (қызыл,  көк,  жасыл). 
Түстерді қолданып, сөз тіркестерін құрастыру. Шартты белгілермен таныстыру. 
(-үлкен,  -кішкентай  ).  Қазақ  тіліне  тән  дыбыстарды  дұрыс  айтқызу.  Оқу 
міндетін  дұрыс  түсініп,  өздігінен  орындау  дағдысын  қалыптастыру.  Өзін-өзі 
бақылау және бағалау, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. 
Көрнекіліктер:  Түрлі-түсті  жұмсақ  ойыншықтар,  ойын-тапсырмалар, 
үлкен, кіші доптар. 

 
96 
Сабақ барысы: 
1. Жұмбақ жасыру. Кішкентай ғана бойы бар, айналдырып киген тоны бар.   
(қой).  «Қой»  сөзін  есте  сақтау.  Қай  дыбыстан  басталатынын  сұрау.  Мәтін 
бойынша әңгімелесу. Какие знакомые слова услышали (кішкентай, тон). 
2. Ойын: «Кім зерек?» -«Кто внимательный?» (1-сурет). Тапсырмалар мен 
сұрақтар.  Жаңа  ойыншықтармен  таныстыру  (Жалау,  шар,  машина,  кубик). 
Закрыть фишкой, сказать чего нет, «текше жоқ», «машина жоқ». 
3.  Ойын  жаттығу  «Какой  это  цвет?»  (2-сурет)  Түстермен  таныстыру  
(қызыл,  көк,  жасыл).  Тапсырма:-Закрась  так,  чтобы  стало  «көк  доп»,  «сары 
сағат», «қызыл машина». –Заштрихуй «екінші» и «бесінші» шар.  
4. Ойын-жаттығулар (3-сурет): «Правильно расставь». «Кішкентай-үлкен» 
сөздерін бекіту. Дорисуй сам какой-то предмет(большой и маленький)  и ответь 
по казахски. «Мынау не?» -«Мынау қызыл доп» 
5.
 
Сергіту сәті: «Ақ қоян» мәтіні бойынша, қимылдар жасату. 
Ақ қоян – ау, ақ қоян! 
Айнаға қарашы,  
Шашыңды тарашы, 
Беті-қолыңды жушы, 
Біздерді қушы. 
6. Жаңылтпаштар жаттау. (4-сурет) 
Доп, доп, 
Топ-топ. 
Доп жоғалды, 
Доп жоқ. 
Қап, қап! 
Тап,тап ! (Түрлі -түсті және әр түрлі көлемді доптарды 
бояуға ұсыну.) 
7. Ойын: Назови игрушки которые знаешь и нарисуй их. (5-сурет). Обведи 
в кружок те игрушки, в названии которых есть звуки «Ә»и «Қ».  
8.  Орындаған  жұмысын  өзіне  бақылату  және  бағалату.  («Накорми  своих 
друзей».Үлестірмелі суреттерді сәйкестендіріп жинатқызу.) 
 
6-сабақ. Тақырыбы: «Ойыншықтар дүкені». 
Мақсат-міндеттері:  Балалардың  сөздік  қорына  жаңа  сөздер  қосу  (Ұшақ, 
әтеш,  бақа);  Жаңа  шартты  белгімен  таныстыру(  );  Ұ  дыбысымен  таныстыру; 
«Дүкен» ойыны арқылы алдыңғы сөздерді түгелдей қайталату; Диалогты сөйлеу 
тілдерін дамыту; Сөздерді буынға бөлу (ә-теш, мы-сық, т.б.) және қағаз бетінде 
белгілеуді,  5-ке  дейін  реттік  сандарды  үйрету;  «Неше?»-деген  сұраққа  дұрыс 
жауап  беруге  үйрету;  Оқу  міндетін  дұрыс  түсініп,  өздігінен  орындау;  өзін-өзі 
бақылау және бағалау дағдысын қалыптастыру. 
Көрнекілік: Ойынға қажетті барлық ойыншықтар (бақа, ұшақ т.б.), шартты 
белгілер. 
Сабақтың барысы:  
1. М. Жаманбалиновтың «Бақа» атты өлеңін оқу. 
Күні бойы «бақ-бақ». 

 
97 
Таңдайлары «тақ-тақ».     
Бәрі бірдей тақпақ       
Жатқандай-ақ жаттап. 
«Бақамен» танысу. Сұрақ: -Какие звуки издает лягушка? («бақ-бақ»  – Поэтому 
его  прозвали  на  казахском  «бақа»).  Какого  цвета  «бақа»?  (Бірінші  екі  жолды 
жаттату).  
2.  Ойын  жаттығу:  «Знакомство  со  звуком  «Ұ»  (ұшақ,  ұйықтайды,  ұран, 
әнұран).  Тапсырма:  -Закрась.  «Ұшақ»  (красный),  «Бақа»  (жасыл),  а  «Әтеш» 
любым цветом. -Произнеси про себя «қызыл ұшақ» , «жасыл бақа»;  
Ойын жаттығу: «Что делают?» Жаңа шартты белгілермен таныстыру  
( жатыр, отыр, ұйықтап жатыр); 
3. Тапсырма: 1.Назови игрушки которые ты знаешь. Используя секретные 
знаки,  составь  предложение.  Закрась  так,  чтобы  получилось  «Қоңыр  аю», 
«жасыл доп», «қызыл шар». Сөйлем: Мынау қоңыр  аю.   
Сергіту сәті: «Ақ қоян». Мәтініне қарай – қимылдар жасау.      
4. Ойын: «Магазин игрушек». 
Сұрақтар  мен  тапсырмалар:  -  В  каком  магазине  покупаем  игрушки?                          
«Дүкен»,  «ойыншықтар»  сөздерімен  танысу.  «Ү»  мен  «Ұ»-нің  арасындағы 
айырмашылықты түсіндіру. 
5.  «Надуваем  шарики»  ойынын  ойнату.  «Ұ»,  «Үф»  деп  кезек-кезек 
айтқызып, дыбыстардың жасалу орындарын көрсету. 
Сұрақтар  мен  тапсырмалар:  Балаларға  дүкенде  жүргендерін  елестетуге 
ұсыну. Диалог құру үлгісі: 
                - Саша, саған не керек? 
                -  Маған ұшақ керек. 
                -  Ұшақ қанша тұрады? 
                -  Ұшақ  3 теңге тұрады  
                -  Рахмет. Сау болыңыз. 
                - Сау болыңыз. 
6. Ойын: «Кто быстрей, кто ловчей?», «Кім тез айтады?» 
Сұрақ: Я начну слово, а вы заканчивайте. Те...(резе), қо...(раз)... 
7. Ойын: «Пойыз» 
Тапсырма: Пойызбен ойыншықтарды апаруға ұсыну. Бірақ, 
                       В первом вагоне поедут игрушки с одним слогом. 
                       Во втором- с двумя слогами. 
                       В третьем- с тремя слогами. 
8. Орындаған жұмыстырын бағалау. 
 
7-сабақ. Тақырыбы: «Көкөністер» 
Мақсат-міндеттері:-Көкөністерді  атауға  үйрету  (картоп,  кәді,  пияз);  «Ө» 
дыбысын бекіту; Дыбыстарды дұрыс атау;  «К» мен  «Қ»-ны салыстыру;  Жеміс, 
көкөніс  туралы  мақал-мәтелдермен  таныстыру;  «Дәмді»  сөзін  қолданып,  сөз 
тіркесін құрастыру. «менде» шартты белгісін қолданып, сөйлем құрастыру 5-ке 
дейін есептік сандарды үйрету. 
Көрнекілік: көкөністер (муляждар) себет, шартты белгілер. 

 
98 
1. Жұмбақ жасыру: Жер бетінде шашы бар,   
                                  Жер астында басы бар. 
                                   Бұл не?  (сәбіз). 
Сұрақ: Вспомнить, как будет «шашы», «басы», «бар». 
2. Ойын-жаттығу: «Что есть в корзине?» 
Тапсырма: Зайка собрал овощи на грядке, помогите собрать в корзину. 
- Обведите в кружок овощи, где есть звук «Қ». 
3. Ойын: «Вкусные овощи». 
Сұрақ:-тапсырмалар: У повара (аспазда) много вкусных овощей. - Назови 
вкусные  овощи-    «дәмді»,  а  горький  -  «ащы».  -Положи  «дәмді  көкөністер»  в 
одну тарелку, а «ащы» –в другую.  
Тілді жаттықтыруға арналған ойын-өлең: 
 - топ,топ дәмді картоп. 
 - ді, ді - дәмді кәді. 
 - яр, яр дәмді қияр. 
 
4. Ойын-жаттығу (3-сурет): « Что есть у меня ?», («Менде не бар?»)  
Тапсырма:  -Вспомнить,  что  слово  «У  меня»  можно  отметить  условным 
кодом  «Менде».  -Представь,  что  ты  сходил  в  магазин  и  купил  много  овощей.- 
Что  у  тебя  есть?  Нарисуй  какую-нибудь  овощь  и  прочти  предложение  (Менде 
қияр бар.) 
5.Сергіту сәті: «Ақ қоян-ау, ақ қоян».(Қимылдар жасау). 
6.Ойын: «Считай, рисуй, записывай» .(4-сурет). 
Тапсырмалар: -Дорисуй, чтобы в тарелке стало «3 сәбіз», «4 картоп»,  
«5  қияр».-Напиши  в  пустом  квадрате  цифру,  соответствующую  количеству   
нарисованных овощей. 
7.Ойын: «Кто больше назовет слов, где есть звук «Қ». 
 
8 сабақ.Тақырыбы: «Жемістер» 
Мақсаты мен міндеттері: Сөздік қорларын жаңа сөздермен (алма, алмұрт, 
жүзім,  шие,  қарбыз,  өрік)  толықтыру.  Жаңа  шартты  белгілермен  таныстыру 
және  сөздігіне  енгізе  қолдандыру.  Сөздерді  буынға  бөлуге  үйрету.(«Пойыз» 
ойыны) 
Көрнекілік: Көкөністер-жемістер, шартты белгілер   ( -тәтті) 
Сабақтың барысы:  
1. Ойын - жаттығу «Назови и раскрась». 
Тапсырма:  Назови  фрукты  на  казахском  языке.  Положи  в  вазу  «қызыл 
алма», «сары алмұрт», «жасыл жүзім» и раскрась их. 
2. Ойын: «Что сладко, что горько?»-«Не ащы, не тәтті?» 
Тапсырма:  -  Запомни  слово  «тәтті».  С  этим  условным  знаком  составьте 
предложение.  
3. Ойын: «Помоги Незнайке». 
Тапсырма: - Незнайка не знает как делить слова на слоги. Помоги ему. 
4. Санамақты жаттау (шеңберге тұрып) 
Алма кетті домалап  
Көше бойын жағалап  

 
99 
Кім алманы табады  
Сол  ойыннан  шығады.  (Өлең  тез  жатталу  үшін  білетін 
көкөніс, жеміс муляждарын көрсету арқылы «алма» сөзінің орнына әрқайсысын 
қойып, өлеңді бірнеше рет айтқызып, жаттықтыру. 
5.  Сөз  тіркесін,  не  сөйлем  құрату:  Составь  словосочетание:  Мынау 
(муляжды көрсету) жасыл қияр.  
6. Сергіту сәті: «Ақ қоян» 
7. Ойын «Что лишний?» 
Сұрақ – тапсырмалар: Назови все, что нарисовано. Что лишний, зачеркни. 
Раскрась, «қызанақ», «сары шар», «жасыл қияр». 
8.Тіл сындыруға арналған жаттығулар: 
Топ-топ –сары картоп. 
ма-ма –қызыл алма. 
рік-рік –қара өрік. 
 
9- сабақ. Тақырыбы: «Жемістер мен көкөністер». 
Мақсат-міндеттері:  Өтілген  сөздерді  қайталау.  Заттарды  қасиеттеріне 
қарай (тәтті, сары..., ащы, сары, т.б.) дәптер бетінде біріктіру. Суреттен  оқыту. 
Қазақ тіліне тән дыбыстарды (Ә, Қ, Ы) дұрыс айтуға үйрету. Сөздік қорларына 
етістіктерді ( өседі - растет) енгізу.  
Көрнекілік: Жемістер мен көкөністер, жұмыс дәптері, ребустар, суреттер 
(қызылша, картоп, алмұрт, алма, шие,т.б.). 
1.  Ойын:  -  Что  относится  к  овощам  и  к  фруктам.  Девочка  купила  в 
магазине фрукты. 
Сұрақтар мен тапсырмалар: Назови овощи и фрукты на казахском языке. 
Положи  в  вазу  фрукты,  в  тарелку  –  овощи.  Раскрась  «жасыл  қарбыз»,  «сары 
картоп». 
2. Ойын: «Отгадай и нарисуй». 
Тапсырма: - Подумай, что может быть (тәтті, сары...; ащы, сары...; дәмді, 
қызыл 
3. - Составьте предложение с использованием слова «бар». 
4. «Что растет на даче?». 
-  Сұрақ-тапсырмалар:  -  Подумай,  что  растет  на  даче?  Знакомство  со 
словом «өседі» - растет. - Составьте предложения. 
Жұмбақ жасыру: 
Бір бұтақта байланған 
Бір емес жүз-жүзден. 
Табады лезде ойлаған 
5. Сергіту сәті: «Ақ қоян» (қайталау) 
6. Ойын: «Что есть в сундуке?», «Сандықшада не  бар?» 
Тапсырма:  Вспомнить  на  казахском  языке  все  слова.  -  Положи  слова  в 
сундук с соответствующим звуком. 
7. Ойын: «Сколько у зайца овощей и фруктов?». 
Тапсырма:  -  Догадайся,  сколько  овощей  и  фруктов  у  зайки.  Соотнеси 
цифры с количеством овощей и фруктов. 

 
100 
10 сабақ. Тақырыбы: «Үй құстары» 
Мақсаты  мен  міндеттері:  Балалардың  сөздік  қорларын  жаңа  сөздермен 
толықтыру (үй  құстары, қаз, тауық, үйрек, балапан). Диалогты сөйлеу тілдерін 
дамыту.  (Әр  түрлі  жағдайларын  қолдану).  Шартты  белгілермен  таныстыру  (- 
ұшты),  сөз  тіркестерін  құрастыру,  сөйлем  құрастыру.  Сөзді  буынға  бөлуге 
үйрету. (1-2-3 буынды сөздер). 10-ға дейін санау дағдысын бекіту. Оқу міндетін 
түсініп,  өздігінен  орындау.  Өзін  -өзі  бақылау  және  бағалау  дағдысын 
қалыптастыру. 
1. Көрнекілік: құстардың суреттері, шартты белгі (ұшты). 
Сабақ барысы: 
1. Үй құстары мен үй жануарлары туралы өлең оқу. 
2. Ойын жаттығу: «Покажи птиц». 
Тапсырма: - Назови птиц на казахском языке. Показать птиц, где есть звук 
«Қ».   
-  Раскрась  так,  чтобы  получилось  «Сары  тауық»,  «қоңыр  үйрек»,  «қызыл 
әтеш». 
3. Ойын: «Кто есть у меня?» (Ойыншық құсты қолға алып).  
4. Диалог: 
 - Сенде не бар?    - Менде балапан бар. 
 - Сенде балапан бар ма?  
 - Менде балапан жоқ.( Екі бала бір-бірімен сөйлеседі). 
5. «Ұшты» шартты белгісімен танысу. Ойын:  «Кто летит? » 
Тапсырма: Познакомить с условным обозначением. Составить предложение: 
(Ұшақ ұшты. Тауық ұшты. Орындық...) –Заштрихуй то, что не летает. А что 
летает, внизу в прямоугольнике поставить знак - «ұшты»  
6. Сергіту сәті: 1, 2, 3,- балалар алды күш. 
                          1, 2, 3,- екі аяқта күш. (2-3 рет қайталау)  
7.  Ойын:  «Правильно  размести  игрушки».  Птицы  хотят  отправится  в 
путешествие. 
Тапсырма: - Проверь, правильно ли заняли вагоны птицы? 
              В 1-ом вагоне  – слова с 1 слогом (қаз) 
              Во 2-ом вагоне – с 2-мя слогами (ә-теш) 
              В 3-ем вагоне –с 3-мя слогами (ба-ла-пан) 
              Стрелкой правильно рассади птиц. 
8. Ойын: «На ферме». 
Тапсырма: На ферме много птиц. - Посчитай сколько «тауық», - Сколько 
«үйрек», «қаз».  -Обозначь их цифрами, в пустых квадратиках. 
9. Ойын: «Кто быстрей?».  
Тапсырмалар: - Назови слова, где есть звук «Ә». Победителем становится 
тот, кто назовет больше слов. 
 
11 сабақ. Тақырыбы: «Дала құстары». 
Мақсаты  мен  міндеттері:  Балаларды  жаңа  сөздермен  таныстырып,  сөздік 
қорларын  кеңейту  (көкек,  тырна,  сауысқан).  Етістік  сөздігін  дамыту.  Жаңа 
шартты  белгімен  (жатыр)  таныстыру.  Сөз  тіркестері  мен  сөйлемдерді 

 
101 
құрастыру. Сөздерді (1, 2, 3 буынды) буынға бөлуге үйрету. Ең негізгі түстерді 
бекіту.  Оқу  міндетін  түсініп,  өздігінен  орындау  қабілетін  қалыптастыру.  Өзін-
өзі бақылау және бағалау қабілетін қалыптастыру. 
Көрнекілік: Дала құстары суреттері. Шартты белгілер (жатыр, ұшты).) 
1. Өлең оқу.  
Торғай, торғай, торғайсың, 
Жақын неге қонбайсың? 
Жем шашайын тойып ал, 
Сонда аязға тонбайсың. 
Сұрақ:  -  О  какой  птице  было  сказано?  (торғай)  -  Каких  еще  птиц  вы 
знаете? 
2.  Дидактикалық  ойын:  «Кто  в  лесу  живет?»  Сұрақ-тапсырма:  -Какие 
птицы  сидят  на  первом  дереве,  на  втором,  на  третьем?  -Какая  птица  лишняя? 
Почему? Зачеркни ее. 
3.  «Секретные  знаки»  ойыны.  Балаларға  сиқырлы  белгілер  туралы 
естеріне түсіру. (    -отыр,     -ұшты,      -секіреді,     -жатыр). - Какой секретный 
знак поставим? Составьте предложение. 
4. «Кормим птиц» ойыны. Жүргізуші: Оля хочет покормить птиц. - Какие 
овощи и фрукты есть в корзине? (Жемістер). Каких птиц покормила Оля? 
-Дятлу что дала? (алмұрт). 
-Гусю что дала? (пияз)., 
-Цыпленку что дала? (сәбіз). 
Ойынды қазақша  жалғастыру: 
-Оля тоқылдаққа не берді. 
-Оля тоқылдаққа алмұрт берді.  
5. Сергіту сәті: Ұш, ұш, құсша ұш. (2-3 рет қайталап қимылмен көрсету) 
6.  Ойын-жаттығу:  «Сосчитай  и  закрась».-Сколько  «түлкі»,  «қаз», 
«тауық»? 
Тапсырмалар: - Сосчитай и напиши цифру: Неше түлкі? Неше қаз? Неше 
тауық?  -Закрась:  «қызыл  түлкі»,  «ақ  қаз»,  «ала  тауық»-  (пестрая  курица)  «Не 
бар? Не жоқ?»-ойыны. 
Қорытынды:  Балалар  өз  жұмыстарын  бағалайды  (жасыл  дөнгелек  –  өте 
жақсы, көк – қате болды ). 
 

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет