Қазақстан республикасы ғылым және білім министрлігі павлодар мемлекеттік педагогикалық институты


 Қазақ тілін оқытуды тіл дамытумен байланыстыру



жүктеу 1.48 Mb.
Pdf просмотр
бет2/15
Дата30.12.2016
өлшемі1.48 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

2. Қазақ тілін оқытуды тіл дамытумен байланыстыру 
Бұл теориялық анықтамалар қазақ тіліне оқытып-үйретуде қатаң ескерілуі 
тиіс.  Республика  тұрғындарының  мемлекеттік  тілі  ретінде  қазақ  тілі 
балабақшада  тәрбиелеу  мен  оқыту  бағдарламасына  енгізіліп  отырғандығы 
заман талабы болғанмен, оның әр түрлі тілдік ортаның жағдайында оқытылуы 
және  әр  түрлі  тілдік  аймақтардың  қалыптасып  отыруы  оқыту  мазмұны  мен 
құрылысына  сол  аймақтың  ерекшелігіне  сай  болуын  көздейді.  Республиканың 
солтүстік  және  орталық  аймақтарында  орыс  тілі  басым  қолданылғандықтан, 

 
13 
қазақ  тілі  3-4  жасар  балаларға  әр  түрлі  практикалық  әдіс-тәсілдермен  ойын 
жағдайында үйретілсе, 5 жастан бастап арнайы сабақ үлгілерімен әрі ойын, әрі 
логикалық жаттығулары бар оқыту жүйесінде үйретіледі. Осы пайымдауларды 
қорыта келе, балабақшада қазақ тілін оқытып, қазақша тіл дамыту жұмыстарын 
ұйымдастаруда  тәрбиеші-мұғалім  төмендегідей  қағидаларды  есте  ұстағаны 
жөн: 
1.    Балабақшадан  бастап  қазақ  тілін  оқытудың  басты  міндеті  – 
балалардың 
жастайынан өздері күнделікті жүрген ортасында мемлекеттік тіл болып бекіген 
жергілікті  тұрғындардың  тілін  түсінетін,  тіпті  сол  тілді  қарапайым  формада 
қолдана білуге үйрету деп түсіну; 
2.  Екінші  тілге  үйретуде  психологиялық  тиімді  жағдай  тудырудың  бір 
жолы–  балалардың  бойында  басқа  тілді  үйренудің  ешқандай  қиындығы  жоқ 
деген түсінік қалыптастыру екендігін ескеру; 
3.  Қазақша  түсініп  сөйлесе  бастайтын  балалар  тобында  қысқаша 
синтагмалар  үш-төрт  жастан  ұсынылады.  Қазақ  тілін  алғаш  рет  үйрету 
жүйесінде,  яғни  таза  орыс  тілді  топтарда,  қарым-қатынасқа  түсіретін  қысқа 
синтагмалар үшінші, төртінші сабақтарда амандасу, танысуға үйрету,  «Не бар, 
не жоқ?» ойынын ойнату кезеңдерінде қысқа сөйлем үлгілері түрінде беріледі. 
Дегенмен,  мұндай  синтагмалар  басқа  сөйлем  байланыстарымен  ілесіп  сөйлеу 
тілінің  негізін  құрай  алмайды.  Лингвистикалық  материалдар  жүйелі  түрде 
балалардың  өзара  және    айналасындағылармен  қазақ  тілінде  тілдік  қатынасқа 
түсу бағытында берілуін қамтамасыз ету; 
4. Бала тілді бөлшектеп үйренбеуі керек, тіл әр уақытта үйретілсе де, бір 
тұтастықта, баю, жетілу тұрғысында қабылдануы тиіс. Мұндай тұтас қабылдау 
«тілді  сезіну»  деп  аталады.  Балалар  қазақ  тілін  меңгеріп  келе  жатқандығын 
өздері  сезіп  отырулары  керек.  Олардың  өзге  тілді  өте  жоғары  дәрежеде 
қабылдануына  педагогпен  немесе  өзара  тілдік  қарым-қатынасқа  түсіретін 
жағдаяттар  (ситуациялар),  сол  сияқты  ерекше  ұйымдастырылған  тілдік 
әрекеттер қатты әсерін тигізетінін әрдайым естен шығармау; 
5.  Балабақшада  қазақ  тілі  сабақтары  аптасына  екі  реттен,  20-25  минут 
ұзақтықта  болуын,  балаға  меңгертілетін  білім-дағдылар  бала  психологиясына 
салмақ  түсірмейтіндей,  ойын-тапсырмалар  баланың  жас  ерекшелігіне  сай 
болуын  ескеру.  Мысалы,  шығармадағы  сөздердің,  тіркестердің  мәнін 
бейнелейтін  тірек  суреттер  мен  тірек-сызбаларды  сөз  тіркесін,  сөйлемшелер 
құрастыру үшін қолданып отыру қажет (1,2,3-қосымшалар). 
6.  Балаларға  сабақ  барысында  берілетін  білімді  сабақтан  тыс  уақытта 
балабақша  қызметкерлерінің  көмегімен  (мекемеде  қазақша  сөйлесуді  дәстүрге 
айналдыру,  «Мемлекеттік  тілде  сөйлейік»  атты  күндер  мен  апталықтар 
ұйымдастыру),  көркем-әдеби  және  көрнекті  жайма  кітаптар  (панорама)  [17], 
арнайы әзірленген құралдар арқылы [18] бекітіп отыруды ескеру. 
Осы 
келтірілген 
педагогикалық, 
психологиялық, 
дидактикалық, 
лингвистикалық заңдылықтар мен талаптар қазақ тілін екінші мемлекеттік тілде 
сөйлеуге  үйрету  үдерісінде,  әр  баланың  ана  тілінде  байланыстырып  сөйлеу 
тілін дамыту кезеңдерінде ескерілгені жөн. 

 
14 
3. Мектепке дейінгі балалар тілін дамыту әдістемесі туралы түсінік 
Балабақша балаларының айналасындағылармен түсінісуіне, білім алуына 
жағдай  жасау  арнайы  түрде  оқыту  үдерісі  арқылы  жүзеге  асырылады.  Қазақ 
тілін  оқыту  мазмұнын  балаларға  екі  жыл  мерзім  ішінде  берілетін  тілдік 
материалдар  құрайды.  Оқу-тәрбие  жұмыстарын  орыс  тілінде  жүргізетін 
балабақшада баланы қазақша сөйлеуге үйрету 5 жастан бастап аптасына екі рет 
ұйымдастырылатын  оқыту  бағдарламасымен  жүргізіледі.  Осы  мақсатта  алғаш 
рет 1987-89 жылдары арнайы бағдарламалар жасалып, бастапқыда әрбір оқыту 
жылына 32 сағаттан, кейін 64  сағаттан жетілдіріліп бекітілді. Жылма-жыл сол 
бағдарламаларға негізделіп, әдістемелік құралдар, нұсқаулар жазылды. 
Қазақ  тіліне  оқыту  оқу-тәрбие  жұмысын  орыс  тілінде  жүргізетін 
балабақша  топтарында  және  қазақ,  орыс  топтары  аралас  тәрбиеленетін  қазақ 
балабақшаларында  жүзеге  асырылуы  мүмкін.  Осы  жағдайда  қазақ  тілін  тіл 
дамыту  сабақтарымен  тығыз  байланыста  оқыту  тиімді  де  қолайлы  болмақ. 
Орыс  топтарында  ана  тілінде  сөздік  қорды  дамыту  кезінде  «Мұның  қазақша 
аталуы  қалай?»,  «Қазақ  сөзіне  ұқсастығы  бар  ма?»  деп,  қазақ  топтарында  ана 
тілін тиісті деңгейде білмейтін балаларға «Бұл сөздің орысша баламасы былай» 
деп  жаңа  сөзді  жедел  қарқынмен,  салыстыру  жолымен  меңгертуге  назар 
аударған жөн. Әсіресе, қазақ сөздерін, татар, башқұрт, әзірбайжан тілдеріндегі 
баламаларымен салғастыра беру бүлдіршіндердің полиглоттыққа, көптілділікке 
қызығушылықтарын арттырады. 
Мектеп  жасына  дейінгі  балалар  тілін  дамыту  әдістемесі–әрі  педагогика
 
[19],  әрі  психолингвистика  негіздеріне  [20]  сүйене  оқытылатын  пән. 
Методологиясы  –  мектеп  жасына  дейінгі  балаларды  оқыту  мен  тәрбиелеу 
туралы мектепке дейінгі педагогика және психология ілімдері [21]
 
және мектеп 
жасына  дейінгі  балалардың  тілін  дамыту  [22]
 
ғылымының  заңдылықтары  мен 
қағидалары  болып  табылады.  Тіл  дамыту  әдістемесі  ғылымының  тілдік 
міндеттеріне  баланың  сөздік  қорын  дамыту,  дыбыстық  мәдениетін  тәрбиелеу, 
грамматикалық  формада  дұрыс  сөйлеуін  қалыптастыру  және  сауатын  ашу, 
көркем  әдеби  шығармалармен  таныстыру  жатады.  Тіл  дамыту  әдістемесі 
мәнерлеп  оқу  әдістемесімен  өзара  байланыста,  тәжірибелік  сабақтарда  және 
сабақтан  тыс  жағдайларда  әдеби  мәтіндермен  ұштастырыла  жүргізіледі.  Жас 
ерекшеліктеріне  орай  топ  балалары  алдында  айтылатын  сөздің  әсерлі  шығуы 
мектеп  жасына  дейінгілерді  оқытып,  тәрбиелейтін  қазақ  тілі  мұғалімінің  сөз, 
сөйлеу өнерін меңгеруіне тікелей қатысы бар.  
Қазақ тілін оқыту әдістемесі  [23] ұсынатын мәнерлеп  оқу  және сөйлеуге 
үйрену  жолдарын  меңгеру  арқылы  әрбір  мектепке  дейінгі  мекеме  қызметкері 
мемлекеттік  тілде  мәнерлі  сөйлеу  техникасына  жаттығып,  әдеби  мәтіндерді 
жанрлық  түрлеріне  қарай  бүлдіршін  балаларға  ауызша  шебер  жеткізе  білу 
дағдыларына төселеді.  
 

 
15 
4. Тіл дамытудың негізгі міндеттері 
Баланың жан-жақты дамуы ең алдымен оның үлкендермен қатынас тіліне 
дұрыс  түсуіне  байланысты.  Үлкендер–адамзат  баласының  бар  тәжірибесін, 
білімін,  мәдениетін  өз  қолының  ғана  көмегімен  бере  алатын  тұлғалар.  Олай 
болса,  теория  бойынша  «тіл  –  адам  қатынасының  негізгі  құралы»  дегенді 
ұмытпай,  қатынас  құралы  болумен  қатар  тілдің  адам  білімін  жетілдіретін 
хабарлау  қызметі,  бала  жанын  баурап  алатын  сезімдік  қасиеті  үлкендер 
тарапынан  әрдайым  қажет.  Баланы  алдымен  өз  ана  тілінде  тілі  шығуы,  дамуы, 
не  болмаса  екінші  тіл  ретінде  қазақ  тілін  үйренуі  ата-ана  мен 
айналасындағылардың,  қазақ  тілі  мұғалімінің,  тәрбешісінің  маңызды 
міндеттерінің  бірі  болып  саналады.  Тіл  дамыту  жұмыстарындағы,  қазақ  тілін 
үйретудегі  басты  мақсаттар  ортақ.  Екеуінде  де  баланың  қазақ  тілінде 
байланыстырып сөйлей білуін қалыптастыру көзделеді

 
Сонымен,  балалардың    қазақ  тілінде  сөйлеу  тілінің  дамуы  төмендегідей 
нақты міндеттерді орындағанда жүзеге асырылады: 
1. Баланың сөздік қорын қалыптастыру, оны белсенді түрде байыту; 
2. Бала тілінің дыбыстық жағын жетілдіру, мәнерлі де мәдениетті сөйлеуін 
тәрбиелеу; 
3. Тілдің грамматикалық жағын қалыптастыру, грамматикалық 
формалардан ауытқымай сөйлеуге машықтандыру; 
4. Ауызекі сөйлеу тілінің қалыптасып, дамытылуын іске асыру; 
5. Өз ойын монологты түрде байланыстыра жеткізе білуге үйрету; 
6. Көркем сөзге баулу; 
7. Сауаттылыққа үйрету. 
Балалар  бақшасында  қазақ  тілін  ана  тілі  және  екінші  мемлекеттік  тіл 
ретінде  игеріп,  тілдік  қатынасқа  түсудің  маңызды  түрі  –  ауызша  сөйлеу  тіліне 
үйрету. Ал толық түрде жазбаша тілдік қатынасқа түсу, яғни айтылған ойды тез 
түсіну,  тез  жауап  қату  біртіндеп  мектепте  бастауыштық  және  орта  білімдік 
сатыларда, тіпті баланың бүкіл өмірінде дамытылады

Ана  тілінің  табиғи  даму  жүйесін  білу  мұғалімге  әр  баланың  тіл  деңгейін 
білу үшін қажет. Топта түркі негіздес ұлттар тілінің болуы балалардың  «тілдік 
сезімінің»  біркелкілігін  байқатады.  «Тілдік  сезім»    дегеніміз  не  екендігін  білу 
үшін әрбір бала тілінің шығу, даму жүйесін білу керек.  
Баланың  үлкендермен  тілдік  қатынасқа  түсуі  олардың  сезімдік 
қатынасынан  басталады.  Бұл  баланың  үлкендермен  қатынасқа  түсуінің  басы 
болып  табылады.  Бала  тіл  дамытудың  алғашқы  кезеңінде-ақ  үлкендер 
мейіріміне  мейіріммен  жауап  беруге,  алғашқы  дыбыстар  шығаруға  үйренеді. 
Тәрбиеші  немесе  айналасындағы  үлкендердің  алғашқы  эмоциялық  қатынасы, 
баланың  болашақта  осы  тілде  сөйлеу  мәнерінің  қалыптасуына  негіз  болып 
табылады. Бір жастағы баламен қатынаста бұл кезеңде тіл немесе сөз заттардың 
нақты  атауларын  және  бала  мінезінің  қалыптасуына  басшылық  жасайтын 
үлкендердің  әрекеті  кезіндегі  сөздерін  бейнелейді.  Мысалы:  отыр,  тұр  сияқты 
бұйрық сөздермен әрекетке, доп, орындық, стол деген нақты атауларға, допты 
ал,  орындыққа  отыр  дегендей  бұйрық  мәнді  етістік  тіркестермен  тілдік 
қатынастарға бала бірден тартыла бастайды. 

 
16 
Тілдің табиғи түрде  дамуын тәрбиеші мен тіл маманы жақсы білуі тиіс. 
Өмірінің  алғашқы  жылында  эмоция  арқылы  қатынасқа  түсу  баланың  үлкен 
адамға  немесе  бір-біріне  көңілі  толу,  толмау  сияқты  өзара  әрекетте  көрінеді. 
Қазіргі  аралас  отбасыларында  ата-ананың  балаға  ана  тілінде  мейірлене  тіл 
қатуы  баланың    қай  тілде  олармен  тілдік    қатынасқа    түсуінің  алғы  шарты 
болмақ.  Бала  өмірінің  2-ші  жылында  оның  тілі  таным  қабілетінің  артуына,  іс-
әрекетінің  дамуына  байланысты  қалыптасады.  Бір  жасқа  дейін  бала  үлкенге 
ғана  көңіл  аударып  келсе,  енді  жан-жағындағы  заттарға,  қимыл-қозғалысқа, 
өзімен  қарым-қатынасқа  түскен  адамдаға  да  көңіл  аудара  бастайды.  Осы 
кезеңнен  балада  түсінік,  яғни  бір  сөзді  түсіну  пайда  болады.  Үлкеннің  сөзіне 
бала  ым-ишаратпен,  қозғалыс-әрекетпен  жауап  береді.  Өтініш,  бұйрық, 
ескертулерді  дұрыс  түсіне  бастайды.  Осымен  бірге  бала  бұл  кезде  үлкендерді 
өзіне  немесе  бір  затқа  қаратып,  ым-ишаратпен  кейбір  дыбыстармен  сол  затқа 
қатысты  өз  өтінішін  де  қоя  алатын  болады.  Алғашқы  әбден  түсінген  сөздерін 
бала  бірінші  жылының  соңғы  кезеңінде  айта  алмайды.  Апа,  ата,  ав  –  ав,  т.  б. 
осы  сияқты  10  шақты  сөз  білетін  болады.  Екі  жастың  орта  шенінде  бала 
жетілісінде  біршама  «не  көрсе,  соған  талпынып,  жалтыр-жылтыр  еткен  болса, 
соған  қызығып,  аузына  салып,  дәмін  татып  қарап,  тамағына,  бетіне  басып 
қарап,  сырнай  -керней  болса  даусына  ұмтылып,  онан  ержетіңкірегенде  мал 
шуласа  да,  біреу  күлсе  де,  біреу  жыласа  да  тұра  жүгіріп,  «ол  немене?»,  «бұл 
немене?»  деп,  «ол  неге  үйтеді?»,  “ол  неге  бүйтеді?»–  деп,  көзі  көрген,  құлағы 
естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі – жан құмары, білсем 
екен,  көрсем  екен,  үйренсем  екен»  деп  қарасөзінде  Абай  Құнанбаев  дәл 
сипаттағандай  [24],  ана  тіліне  баулып  өсіруде  бастапқы  кезеңнің  маңызы  өте 
зор. 
Бүгінгі  балабақшада  тілді  үйрететін  орта  –  баланың  айналасындағы 
адамдардың  сөйлеу  тілі.  Қазақ  тілін  мемлекеттік  тіл  ретінде  білсін  деген 
баланың  айналасында  мемлекеттік  тілдегі  тілдесім  басым  түсіп  жатуы  керек. 
Бала негізінен тілді ананың құрсағында жатып-ақ естуінің мәні зор. Бұл орайда, 
республикалық 
телехабарлардың, 
радиохабарлардың 
бағдарламалық  
материалдардың  мемлекеттік  тілде  күнделікті  берілуі  қамтамасыз  етілуі  тиіс. 
Әрине,  мұндай  қажеттілік  мақсатты  ұйымдастырылған  жағдайға  біздің 
қоғамдық  салтымызда  бірден  тез  жету  мүмкін  емес.  Сондықтан  да  қазақ  тілін  
орыс  тілді  балабақшалардың  екінші  кішкентайлар  тобынан  бастап  арнайы  
оқытудың  типтік  бағдарламалары  мен  авторлық  нұсқалары  әр  деңгейде  
ұйымдастырылуда.  Орыс  балабақшаларына  баратын    балаларға  жоғары 
топтарда  қазақ  тілін  көркем  шығармалардың  ең  кіші  жанры  өлең-
тақпақшалармен тығыз байланыста нығыздай отырып бекіткен жөн. Бұл орайда 
К.Чуковскийдің  айтқанындай,  бала  тілінің  поэзия    тіліне  еліктей 
дамытылатыны  ескерілді.  Ана  тілінің  негізін  қабылдату,  не  басқа  ұлт 
балаларына мемлекеттік тілдің бастапқы тұлғаларын меңгерту ісінде қазақ тілі 
оқытушысы мен балабақша тәрбиешісіне баланың байланыстарып сөйлеу тілін 
қалыптастыру  әдістемесін  жақсы  білу  қажет.  Әр  жас  кезеңдеріне  қарата 
берілетін сөздік қордың, сөз ішіндегі, тіркес аралығындағы дыбыстардың дұрыс 
айтылуын  біліп  қана  қоймай,  оларды  өзара  байланыста  алып,  грамматикалық 

 
17 
құрылысын тиімді әдіс-тәсілдермен қабылдатуда білікті болу үйретушіге тілдік 
мақсатты толық жүзеге асыруға мүмкіндік береді. 
Қазақ  тіліне  оқыту  жұмысын  ойдағыдай  жүргізу  үшін  балалардың  жас 
ерекшіліктері  мен  жеке  ерекшеліктерін,  әрқайсысының  зейін,  қабылдау,  еске 
сақтау,  ойлау,  қиялдау  ерекшеліктерін,  сезім,  ерік,  пен  жеке  дарындылық 
қасиеттерін жақсы біліп алу керек. Қай жастағы бала болмасын зейіні тұрақсыз, 
олардың кейбірінің сабақ үстінде әсерленуі күшті, ой бөлісу қабілеті тіпті жоқ 
десе  де  болады,  сондықтан  қазақ  тілінің  жекелеген  сөздеріне  қатысты  тірек-
сызбаларды  дұрыс  іріктеу,  олардың  әрбірін  мәніне  қарата  балаларға  ажырата 
қолдануды  әдетке  айналдыру  тиісті  нәтижеге  қол  жеткізеді.  Әңгіме  оқығанда, 
тақпақ  жаттағанда  әрдайым  қолданылып  келген  сызбаларды  баланың  өздері 
танып,  зейінін  тұрақтандыруы,  олардың  тіл  үйренуге  деген  құлшыныстарын 
арттыра түседі.  
Естиярлар  мен  ересек  балалар  топтарында  тірек-сызбалармен  қатар 
үйретіліп  отырған  шығарма  сөздеріне,  персонаждарына  қатысты  бояуы  қанық 
тартымды  салынған  суреттер  беріледі.  Ал  мектепке  даярлық  тобында  тақпақ 
мәтіні  жартылай  сурет  арқылы,  жартылай  сөз  арқылы,  күрделендіре  отырып, 
сөз  сызбаларын  ұсынуға  болады  [4-қосымша].  Әрине,  қазақ  баласына,  өз  ана 
тілінде  тәрбиеленетін  балаға  бұл  әдіс  қиын  емес,  оларға  грамматикалық 
жағынан  күрделі  формалы  сөздердің  негізіне  және  оған  жалғанатын 
қосымшасына  назар  аударту  үшін  ғана  осы  әдісті  қолдану  тиімді.  Жалпы  қай 
ұлт  баласына  болмасын  сөздің,  не  тіркестің  мән-мағынасын  қабылдатуда, 
балаларды  қазақша  білім  алуға  дағдыландыруда  оқыту  тәсілдерін  түрлендіре 
пайдаланған жөн. Мұндай кезде мектепке дейінгі шақтағы балалар бойындағы 
бейнелілік,  нақтылық,  аса  сезімталдық  сияқты  ерекшеліктердің  қабылдау  мен 
ойлау ерекшеліктеріне сәйкес келу жағы қадағаланғаны дұрыс. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
18 
ІІ ТАРАУ 
СӨЗДІК ҚОРДЫ ДАМЫТУ 
 
«1-1,5  жас  аралығында  баланың  сөздік  қоры  30-40  шамасында  болады. 
Екі  жасқа  аяқ  басқанда,  Абай  атамыз  айтқандай,  жылтыраған,  шықылдаған 
ойыншықтарға,  заттарға  көңіл  аударып,  зат,  ойыншық  аттарын  өздігінен  атай 
бастайды. Екі-үш сөзден сөйлемшелер құрап, есімдіктермен  мынау, анау, мен, 
сен, қалай, кім, не, т.б., сын есімдермен үлкен, кішкентай, т.б., домалақ, ұзын, 
әдемі,  жаман,  т.б.  жаңа  да  талпынып  айта  бастаған  сөздерінде  дыбыстық, 
грамматикалық  қателер  жібереді.  Бұл  кезеңдегі  қателерге  назар  аударылмай, 
баланың сөздік қорын сан жағынан молайтуға назар салынуы керек. Қойылған 
сұраққа  сәбидің  бірден  жауап  беруге    талаптануы  осы  кезде  баламен  сөздік 
жұмысын  суреттер  арқылы  да  дамытуын  қажет  етеді,  бала  сөздігі  300-400-ге 
жетеді. Ал үш жасында бала өз атынан сөйлеуге (Мынау менің... Маған қарашы 
көзім  қандай,  қолым  қандай?),  өзінің  жақсы  көретін  ойыншықтары,  үй 
жануарлары, олардың төлдері жайлы жақсы көру сөздерін сезім білдіре айтуды 
(«Бөпені  уату»,  «Қуырмаш»  ермек  тақпақтар)  ұнатады.  Ана  тілін  сезіммен 
қабылдау,  өзге  тілдің  құрылымдық  ерекшеліктерін,  айтылу  әуезін  сезіну,  оны 
қабылдау  дағдыларының  қалыптасуы  2,5-3  жас  аралығында  айқын  көрініс 
береді.  4-5  сөзден  тұратын  сәби  сұрақтарын  бұл  кезде  жауапсыз  қалдырмау 
керек.  Сәбилермен  сөйлесе  бастау  кезеңі  3  жаста  оның  диалогты  сөйлеу  тілі 
негіздерін құрайды» [26]. 
2-3 жастағы сәбилерге тән психологиялық табиғи ерекшеліктерді ескеріп, 
ата-аналар,  педагогтер  қауымы  сөздік—альбомды,  «Тілашарды»  [27]  дұрыс 
пайдаланса,  сәби  тілінің  белсенді  сөз  қоры  арта  түспек.  «Суреттi  сөздiкте» 
берілген суреттер баланың жақыннан танитын ойыншықтары, заттары; көшеде, 
аулада көргенде қызықтыратын құбылыстарды, жанды-жансыз қарекет иелерін 
аңғарта  таныстыратын,  өз  елінің  ерекше  тұрмыстық  ерекшеліктерін  білдіретін 
тақырыптарды қамтыды.  
Екі  жастағы  бала  тәрбиешіні  тыңдайды  да,  жаңа  сөздерін  іштей,  не 
бірлесе  қайталай  қабылдап,  ойыншықпен  ойнайды.  Кейін  өзі  ойыншыққа 
жақындап  бұл  сөздерді  өзі  қайталауға  талпынады.  Ойнау  кезінде  бала  ол 
сөздердің  жалпы мағынасын  (мысалы, жүн, жұмсақ) ұғады, бұл сөздер,  иттың 
ғана  емес,  әтештің,  аттың  тағы  басқа  жануар,  хайуанат,  құстардағы  терінің 
түгінде  кездесетінін  түсінетін  болады.  Еліктеу  әдісі  бұдан  гөрі  ересек 
балаларды  тілге  үйрету  кезінде  кез  келген  ойын  үстінде  пайдаланылады. 
Заттармен  ойын  ойнау  кезінде  балалар  оларды  бір  орыннан  екінші  орынға 
ауыстырады, лақтырады, көрсетеді, итереді, шұқылап егеді, бұрайды, заттарды 
бақылайды  және  олардын  сапасын,  қимылын  атайды.  Мұнда  да  тәрбиешінің 
баламен  дұрыс  сөйлесуі,  интонациямен  бала  игеретін  жаңа  сөздерді  бөліп 
айтуы үлкен рөл атқарады. 
Балалар  кейбір  түсінбей  қалған  сөздерін,  ауыр  тиетін  грамматикалық 
формаларды  меңгеруі,  толық  мағлұмат  алуы  арнайы  сөздік  қорды    дамыту 
сабақтарында жүзеге асырылады. 

 
19 
4  жасқа  қараған    бала  әрекетінде  тілді,  сөйлеуді  меңгеруде  мазмұндық 
және құрылымдық-формалық бағыт айқын байқалады. Балалардың  осы кезеңде 
өздігінен  сөз  шығарғыштық  белсенділігі  басым  болуына  байланысты  оларға 
сөздің  мағыналық  және  формалық  құрылысы  туралы  нақты  білім  берілу 
көзделеді. Заттарды жеке-жеке аталымдарымен қоса, жалпы аталымы болатыны 
кей сөздердің дерексіз, белгісіз нысандарды да белгілі бір сөздермен берілетіні 
балаға  біртіндеп  түсіндіріледі.  Осындай  жас  ерекшеліктеріне  қарай  тіл 
жетілісін ескеріп, балалармен сөздік жұмысын жүргізу әдістерін білу керек. 
 
1. Сөздік қор туралы түсінік.  
Кез келген тілдегі сөздік қор өзінің ішкі құрылымы және қарым-қатынасы 
жағынан  белгілі  бір  жүйе  құрайды.  Сөздердің  жүйесін  үшке  бөліп 
қарастырамыз: біріншісі – сөздердің шығу тегіне қарай – түбір сөздер, туынды, 
біріккен,  тіркескен,  т.б.  әр  түрлі  сөздер  болып  келуі,  екіншісі  -  сөздердің 
қолданылу  орындарына  қарай,  яғни  байырғы  сөздер,  кірме  сөздер, 
неологизмдер,  историзмдер,  қарапайым  тұрмыстық  сөздер,  терминдер,  әдеби 
қолданыстар, т.б.; үшіншісі – сөздердің стильдік мәніне қарай топталуы ауызекі 
сөйлеуі тілі, кітаби -жазба тілі қолданыстары [28]. 
Сөздердің  басым  бөлігі  көп  мағыналы  болады.  Жүйелілік  қатынастары 
жағынан  топтастырғанда  олардың  көп  мағыналы  түрлерімен  қатар,  сөз  тудыру 
формаларына  негіз  болатын  ұя  сөздер,  тақырыптық  сөздер,  синонимиялық  
қатарлар, антонимдес, т.б. сөздер деп бөле беруге болады. 
Негізгі  сөздік  қорға  жалпы  сөз  жиынтығынан  кез  келген  уақытта  ең  жиі 
қолданылатын  сөздер  жатқызылады.  Қарапайым  сөйлеу  тілі  негізгі  қордағы 
сөздерсіз  қалыптаспайды.  Негізгі  сөздік  қорға  жататын  сөздер  жалпыға  бірдей 
түсінікті,  қолданымдық  жиілілігі  басым,  оларды  қолданушыларға  қажеттілігі 
басым сөздер. Оқыту мақсатына қарай әр сабақта айналаға кеңінен таныс сөздер 
алдымен алынады. 
Балабақшаның  ересек  және  мектепке  даярлық  топ  балаларына  (5-7жас) 
ыңғайластырылып  құрылған  сөздік  минимум  тілдік  бірліктер  ретінде  тілдік 
әрекеттерге  бастайтындай  етіп  берілген.  Балалардың  тілдік  әрекетінің  көрінісі 
олардың  өздігінен  сөзге  араласуынан,  яғни  қазақ  тілінде  сөйлеуінен  көрінеді. 
1987-2000  жылдары  бойы  жасалып  келе  жатқан  мектепке  дейінгі  балалардың 
типтік  бағдарламаларын  [29]  өзара  салыстырып  қарағанымызда,  олардың 
тақырыптар  жүйесі,  мазмұны  жағынан  өзгергендігін  байқаймыз.  Балабақшада 
арнайы түрдегі  екі жылдық қазақ тілін оқыту сабақтарында бала тілінде сөздік 
қорды қалыптастыруда мынадай міндеттер қойылады:  
а)  Балалардың  айналасындағылармен  қазақ  тілінде  қарапайым  тілдік 
қатынасқа түсе алатындай сөздік қорларын дамытуға қажетті жағдайлар туғызу;  
ә)  Айналадағы  таныс  заттардың жекелей  қазақша  аталымдарын,  сындық-
сапалық  белгілерін,  қимыл-қозғалыстарының  аталымдарын  дұрыс,  дәл  атай 
білуге үйрету және үйренген сөздерін еркін қолдана білуіне басшылық жасау;  
б) Сөздік жұмысын жүргізудің әдіс-тәсілдерін сабақта және сабақтан тыс 
уақытта  тиімді  қолдана  алу.  Балалардың  баратын  топтарына  орай  сөздік  
жұмысын жүргізуде бір-бірімен өзара байланысты сөздер үйретіледі және бұған 

 
20 
алдымен  сөздердің  тақырып  бойынша  топтастырылуы  жатады.  Мысалы, 
балабақшаның  ересек  балалар  топтарында  (5-6  жастағы  балаларға)  сөздік  – 
минимум мынандай тақырыптарды қамтып, шамамен төмендегідей сөздік қорды 
жинақтайды. 
 
 
№ 
Тақырып аты 
Үйретілетін  
сөздердің  
жалпы саны 
Белсенді  
сөздік қорға 
жататындары 
Мағыналары  
ауыр, белсенді 
қолданылмайтын  
сөздер мен тіркестер 
1. 
Отбасы 
25 
10 
15 
2. 
 
Біздің балабақша 
 
25 
14 
11 
3. 
Ойыншықтарымыз 
25 
14 
11 
4. 
Ыдыс-аяқ, тағамдар 
25 
20 

5. 
Жыл мезгілдері 
20 

15 
6. 
Бау-бақша, 
жемістер 
20 

16 
7. 
Дене мүшелері 
22 
18 

8. 
Киім, аяқ киім 
28 

20 
9. 
Біздің ауыл 
20 

14 
10. 
Жабайы аңдар мен құстар 
23 
          8 
15 
11. 
Астана - бас қала 
22 
12 
10 
12 
Біздің қаламыз 
23 
10 
13 
13 
Қазақстан-отаным 
Сұхбат 
25 
13 
12 
14 
Ертегілер елінде 
Сөйлесейік 
25 
10 
15 
 
         Барлығы: 
328 
152 
176 
 
Ғалымдар  сөздерді  тақырып  жағынан  дұрыс  ұйымдастырып  беру  балаға 
сөздерді  топ  бойынша  тез  еске  сақтауға  үйрететінін,  олардың    бірі-бірімен 
ұқсастығын  байқататынын  және  ситуацияға  қарай  іштей  оларды  жақсы  сезіп, 
еске түсіріп сөйлеу дағдыларына қоса бастайтындығын айтқан [30]. Екіншіден, 
сөздерді грамматикалық белгілеріне қарай топтату өте тиімді. 1-сыныпқа барар  
алдында балаларға «Кім?» деген сұраққа жауап беретін сөздерді атаңдар, «Не?» 
деген сұраққа қандай сөздермен жауап бересіңдер? «Кімдер?», «Нелер?» деген 
сұрақтарды  қандай  жағдайда  қоямыз?  Осылайша  сын  есімді,  сан  есімді, 
етістікті  біртіндеп  меңгерту  жүргізіледі.  Үшіншіден,  сөздерді  туысқандық 
қатысына  қарай  топтауға  үйрету  балабақша  мен  бастауыш  сыныпта  өте  жиі 
қолданылады. Мысалы, жалпы атауы мен  жекелей  аталымдарды жіктеп атату. 
«Отбасы»-жалпы аталым, ал ата, әже, әке, бала, қарындас, іні, сіңлі. Жеті атаны 
атау,  үш  жұртты  атау,  т.б.  Төртіншіден,  төрт-түлік  малдың,  жан-жануардың 
төлдерінің  атаулары,  қызмет  аталымдары,  т.б.  Сонымен  қатар,  сөздерді  шығу 
тегіне  қарата  топтауға    үйретуге  назар    аударылады.  Мысалы,  дәрі,  дәрігер, 

 
21 
дәріхана;  ас,  аспаз,  асхана,  т.б.  Жоғарыда  берілген  сызба  балаларға  бірінші 
оқыту жылында қазақша сөйлеуге үйрету сабақтарына жоспарланған сөз қорын 
көрсетеді.  Мұғалімнің  міндеті  –  мағыналары  ауыр,  белсенді  қолданылмайтын 
сөздер  мен  тіркестерді  белсенді  сөздік  қорға  айналдыруға  күш  жұмсау.  Ал 
отбасында  қазақша  сөйлейтін  ортада  баланың  сөздік  қоры  айналадағы 
адамдардың  өзіне  қарата  айтқан  сөздерін  түсініп  қабылдай  бастаған  кезеңнен 
қалыптаса  бастайды,  оның  сан  жағынан,  сапа  жағынан  дамуы  баланың 
айналасындағылармен өздігінен тілдік қатынасқа түсіп, сол тілде мәжбүрлеусіз, 
еркін түрде сөйлесе алатын тілдік ортаға байланысты. 
 

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет