Қазақстан республикасы ғылым және білім министрлігі павлодар мемлекеттік педагогикалық институты


 Балалардың белсенді сөздік қорын дамыту жолдары



Pdf көрінісі
бет3/15
Дата30.12.2016
өлшемі1,48 Mb.
#806
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

2. Балалардың белсенді сөздік қорын дамыту жолдары 
Мектеп  жасына  дейінгі  бала  бастапқы  дамуында  сөздерді  үлкендерден 
практикалық  еліктеу  жолымен  үйренеді.  Үлкендердің  басшылығымен 
айналадағы  заттарды  танып  біледі,  яғни  алғашқы  сөздік  қоры  олардың  сөзін 
қайталаумен,  заттардың  алдымен  аты,  кейін  дәмі,  иісі,  түрі,  формасы,  басты 
қасиеттерін  ажыратуға  үйренумен  болады.  Үлкеннің  сөзіне  қарап  олар  өз 
сөздерін  дұрыстайды.  Естігендерін  жадында  ұстау  арқылы  кейінірек  өздерінің  
жаңа грамматикалық құрылымдарын шығаратын жайлары да болады. Мысалы, 
«қайталау»  деудің  орнына  «қайталақтау»,  «жұмсақ»  деудің  «жұқа»  орнына, 
«жұдырық»  деудің  орнына  «жұмылдырық»  деген  сияқты  сөздер  шығарып 
алатын  да  болады.  Осындай  кереғар  жағдайда  бала  тіліне  мұқият  болып 
сөздерді  бұзбай  сөйлеуге,  әсіресе  әр  сөзді    мағынасына  сай  дәл  жұмсауға 
үйрететін, арнайы сөздік қорды дамыту сабақтары ұйымдастырылады. Балалар 
бақшасында  тіл  үйретудің  әдістері  мен  тәсілдері,  ана  тілін  үйренудің 
заңдылықтары  негізінде  бала  бойындағы  бірқатар  қабілеттердің  дамуы 
үдерісінде [31], ішкі сезім арқылы (саналы түрде емес) жүзеге асырылады:  
1)  өзі  үшін,  сөйлеу  органы  бұлшық  еттерін  адамның  жұмыс  істете  білу 
қабілеті — сөздердің дыбыстарын дұрыс артикульдеу, интонация элементтерін, 
просодемаларды модульдеу және оларды есту; 
2)  дыбыс  түрлері  мен  интонацияны  тілден  тыс  элементтермен,  өз  ана 
тілімен салыстыра алу қабілетінің болуы, оларды қазақша сөйлеу элементтеріне 
тән мағына ретінде түсіне алуы;  
3) сөздің мағыналық элементін өз сезімімен салыстыра білу қабілеті, яғни
 
оларды бағалауы;  
4)  араласу,  тану,  сөзді  және  адамның  мінез-кұлқын  тәртіптеу  үдерісінде 
сөздің  мағыналық  үйлесімділік  дәстүрін  және  бағалау  элементін  есте  сақтау 
қабілеті ерекше рөл атқарады. 
Егер  тәрбиеші  баланың  табиғи  сөйлеуі  неғұрлым  қарқынды  болатын 
жағдай  жасаса,  онда  баланьң  тілі  солғұрлым  тезірек  байиды  және  оның 
психикасы  жан-жақты  дамиды.  Ал  тілді  екінші  тіл  ретінде  үйретуде 
лингвистикалык-дидактикалық ұстанымдарға құрылған әдістерді қолдану керек 
болса,  үйретуші  олардың  төмендегідей  жіктелісін  еске  ұстағаны  ләзім: 
Алдымен  тілге  арнайы  оқыту  әдісі  қолданылады.  Оқыту  әдісі  деп  білімді  бір 
адамнан  басқа  адамға  беруді,  үйренуші  мен  үйретушінің  арасында  жүйелі 
түрде,  біртіндеп  орындалатын  іс-әрекетті  айтады.  Оқыту  бірыңғай  теориядан 

 
22 
тұруы, тілді үйретушінің әрекеті тұрғысында болуы – балабақша үдерісіне жат 
нәрсе.  Сондықтан  да  мектепке  дейінгі  кезеңдегі  тілдің  дамуына  мынадай 
практикалық  әдістер  [32]  тән:  еліктеу  әдісі,  сөйлесу  (әңгімелесу)  әдісі, 
қайталап айту әдісі, әңгімелеп беру (құрастыру) әдісі. 
Еліктеу  әдісінде  үйретуші  мен  үйренуші  екеуі  де  бір  сөзді,  ырғақ 
жағынан  әр  түрлі  етіп  айтады:  үйретуші  ересек  адамдармен  сөйлескендегідей 
біршама  қарқындырақ,  сөздің  дыбысын  артикульдеп  және  сөздің  дауыс 
ырғағын  мәнерлеп  сөйлейді,  ал  үйренуші  тыңдайды  да,  соңынан  қайталайды, 
оның сөзіне еліктейді, сөйлеу қимылын үйренуге (дауыстьң артикуляциясы мен 
модуляциясы) және мағынасын түсінуге тырысады (затты, қимылды және т. б. 
көрсететін дыбыс комплекстерін, мәліметін салыстырады). Мұндайда тәрбиеші 
үшін  орфоэпиялык  норма  деңгейінен  төмен  түспеу  және  баланьң  сөзіне 
еліктемеу (сақауланбау, шолжаңдамау) аса маңызды. Бұл әдісті қолдануды сәби 
шағынан  бастап,  кейінгі  шақтарға  (тек  балалар  бақшасында  ғана  емес, 
мектепте,  тіпті  есейгенде  де)  жалғастырып  отырады.  Еліктеу  әдісіне  үйрену 
тұрмыстық  іс-әрекеттерді  атқару  кезінде,  айталық,  баланы  шомылдыру 
кезіндегі баламен қатынас үдерісінде еріксіз түрде болуы мүмкін. 
«Мына құлыншақтың айдары, құйрығы  қайсы?» деп тәрбиеші ойыншық 
құлыншақтың алдымен айдарын, кейіннен құйрығын сипап, «айдар»,  «құйрық» 
деген сөздерді ерекше бөліп, дауыстап  «Міне, айдары, міне, құйрығы!  Қандай 
әдемі  десейші!  Қазір  біз  оның  айдары  мен  құйрығын  жұмсақ  тарақпен 
тараймыз. Міне, айдары да, құйрығы да жап-жақсы, жұп-жұмсақ болды» –деп, 
баланы өз сөзіне еліктете алуы керек. 
Балабақшада  сөздік    жұмысын  жүзеге  асыратын  сабақтардың  бірнеше  
түрі бар. Олар:  
1) Балалардың сөздік қорын байыту сабақтары;  
2) Сөз мағыналарын меңгерту сабақтары;  
3)  Сөздерді  бейнелі  қолдануға  үйрету  сабақтары.  Бұл  сабақтардың  қай-
қайсысында да төмендегідей әдістер қолданылады: 
1. Бақылау әдісі; 
2. Сурет қарастыру әдісі; 
3. Техникалық құралдарды қолдану әдісі; 
4. Көркем шығарманы, оқу, жаттау, талдау әдістері. 
Бақылау  әдісі  –  арнайы  сабақта  да,  сабақтан  тыс  режимдік  сәттердің  әр 
кезеңінде  қолданылатын  әдіс.  Бақылауға  дайындық  кезеңінде  тәрбиеші 
бағдарлама  бойынша  балаларға  танып  білуге  тиісті  құбылыстырды  таңдап 
алады.  
Сәбилер  тобында  бақылау  «Балабақша»  тақырыбынан  басталады. 
Балабақша  туралы  бұрыннан  білетіндерін  қайталай  отырып,  балалар  ондағы 
қызметкерлердің  кімдер  екенін,  олар  қандай  жұмыстар  атқаратынын  тәрбиеші 
әңгімесінен  естіп  білмес  бұрын  сол  орындардың  әрқайсысына  барып 
бақылайтын болады, сосын бөлмеде «Балабақша» ойынын ойнайды.  
Ойынның қызықты өтуі үшін әр бөлмедегі жұмыс түрлерін, оған қажетті 
құралдарды балалардың жақсы білуі міндет. Тәрбиеші бақылау кезінде олардың 
әрбір  сұрағына  жауап  беріп,  әр  құралдың  атын  дәл  айтуы,  ол  құралдың  неден 

 
23 
жасалғандығын  сұрауы,  балалар  жауап  бере  алмағанда  атап,  түсіндіруі  қажет. 
Әр затты, әр бөлмені өзара салыстыра айтып түсіндіру, тақырыпқа байланысты 
екі  затты  үшінші  шартты  өлшеуіштің  көмегімен  өлшеу  арқылы  көлемін 
ажырата білуге үйрету сөздердің  мағыналарын тез есте  сақтауға көмектеседі. 
Заттардың  ұзындығы,  ені,  биіктігі,  жуан-жіңішкелігіне  қарай    әр  түрлі 
екендіктері нақтылана түссе, пішіні әр түрлі затттарды сөзбен дұрыс атай білуге 
тез жаттығады. 
Бақылау  кезінде  негізгі  мақсат  –  айналаны  жоспарлы  түрде,  біртіндеп 
бақылату.  Тәрбиеші  айналаны  танытуда  әр  түрлі  тәсілдерді  алмастыра 
қолданады.  Атап  айтқанда, затты  тікелей  қарастырып  (мысалы,  қолмен  сипап, 
қозғалмалы  зат  болса,  қозғалтып,  жүргізіп  көрсету;  ұқсас  заттармен 
салыстырып  зерттей  қарастыру,  түсінбей  қалғанын  сұрап  алуға  үйрету),  т.б. 
Кеңістіктегі уақытты бағдарлай білу дағдылары балабақшадағы іс-әрекет, ойын, 
серуен  кездерінде  нақты  мысалдармен  тереңдетіле  түседі.  Бақшадағы  қол 
еңбегі,  бейнелеу  өнері,  көркемөнерге  қатысты  аталымдар  баланың  тікелей 
бақылауы  арқылы  жүзеге асып жатады.  
Сабаққа дайындық барысы: 
1.
 
Тәрбиешінің  бақылауға алынатын нысандарды белгілеуі; 
2.
 
Саяхат өткізетін жерге бару жолын ойластыруы; 
3.
 
Әңгімелесу арқылы бұрыннан білетін  жайларын балалардың  естеріне 
салу, яғни тақырыпаралық байланысты жүзеге асыру; 
4.
 
Сабақтың қызықты, ерекше эмоциямен басталуын көздеу, тақырыпқа 
қатысты тақпақ, жұмбақ дайындау; 
5.
 
Сабақ барысында балаларға берілетін нұсқауларды әзірлеу. 
Бағдарлама  бойынша  қоршаған  ортадағы  заттар  мен  құбылыстарды 
бақылау  және  саяхаттар  мен  мақсатты  серуендер  «Күзгі  табиғат  аясына», 
«Құстар  қайтқанда»,  т.б.  тақырыптарда  ұйымдастыру  көзделген.  Тілді  табиғи 
түрде    дамыту  мақсатымен  сонымен  қатар  күзгі  еңбекпен  таныстыру, 
малшылардың  жайлаудан  (қырдан)  қайтатыны,  малдың  қыстауына  келетіні, 
малға  жемшөп  әзірлеумен  малшылыр  қалай  айналысатыны  туралы  арнайы 
әңгімелесу  сабақтары  өткізіледі.  Балалар  мұндай  әңгімелесу  барысында  егінді 
ору,  оны  бастыру,  тазарту,  қоймаға  құю  сияқты  сөз  тіркестеріне  үйренеді. 
Астық дақылдары: арпа, сұлы, бидай, тарыны муляждан көріп, ойында бекітеді. 
Олардың  пішіндерінің  әр  түрлілігі  және  олардан  жасалған  нандардың  дәмі 
ерекше екендігі дәлелді түрде түсіндіріледі. Жалпы ұғым беретін (астық, жеміс, 
дақыл, көкөніс) сөздері меңгертіледі. 
Сабақ бөлмеде, топта өткізілетін болса, даладағы көріністерді бейнелеген 
фотосуреттер,  арнайы  картина  сериялары  және  қажетіне  қарай  нотюрморт 
суреттер  қолданылады.  Тәрбиешінің  тақырыпты  жан-жақты  ашып,  жанды 
суреттерді  баланың  көз  алдына  елестетіндей  етіп  беруі  дайындығына 
байланысты. Балалардың белсенді сөздігін сан жағынан көбейтуде, мағыналық  
жақтарынан терең бағдарлауға үйретуде сурет көрсету әрі әдіс, әрі тәсіл ретінде 
қолданылады. 
Сурет  қарастыру  әдісі  –  балаға  эстетикалық  және  адамгершілік  тәрбие 
беру  жағынан  тиімді  әдіс.  Балаларға    суретті  бірден  көрсетпей,  тәрбиеші 

 
24 
сабақтың  қай  тұсында  көрсету  тиімді  екенін  алдын  ала  ойластырады.  Қазіргі  
тіл  дамыту    жағдайы  суретке  дейін  олардың  сұлбасын  көрсете  отырып,  басқа 
ұлт  баласының  белсенді  сөз  қорын  дамыту  жолын  тауып  отыр.  Мысалы,  бала 
тілін ширату үшін қазақ тіліндегі тақпақтарды жеңіл жолмен тез жаттатуда сол 
шығармадағы  сөздердің,  тіркестердің  мәнін  бейнелейтін  тірек  суреттер  мен 
тірек-сызбаларды  пайдалану  жақсы  нәтиже  беріп  келеді.  3-4  жастағы  балаға 
екінші  тіл  алғаш  рет  үйретілу  кезеңінде  орыс  тілінде  берілетін  мәтін  ішінде 
бірнеше  сөздердің  ғана  жаттатылу  мақсаты  қойылса,  естияр  топта  тек  қана 
атауыш  сөздерден  тұратын  мәтіндер  бойынша  бірнеше  сөздер  мен  тіркестерді 
жаттату ұсынылады. Бастапқыда тақпақтарды балалар сызбалар, тірек суреттер 
арқылы  еріксіз  жаттаса,  кейін  қазақ  тілінде  еріксіз  үйреніп  жаттап  алған 
сөздерінің  мағыналарын  өздігінен  түсінуіне  мазмұнды  мәтіндер  негізінде  жол 
ашылады. Солтүстік аймақтық орталықтарда қазақ отбасындағы ата-аналардың 
өз  ана  тілдерінде  сөйлемеуі  балалардың  ана  тілін  табиғи  түрде    үйренуіне 
қиындықтар  туындатуда.  Қазіргі  осы  жағдайдан  шығу  жолы  баланы  қазақша 
сөйлетуде түрлі ұғымдарды, қимыл-қозғалыстарды: «жоқ», «бар», «биік»– ұшы 
жоғары  қараған  жебе,  «қысқа»  –  ұшы  төмен  қараған  жебе,  «кішкентай»  – 
жолақты  кішкентай  дөңгелек,  «үлкен»  –  жолақты  үлкен  дөңгелек,  «жұмсақ»-
мақта, «қатты» – боялған төртбұрыш, әдемі – көбелек «секіреді»– екі ұшты тік 
жебе,  «менде»  –  адам  силуеті,  «тәтті»  –  кәмпит,  «ұшты»  –  құс  қанаты  суреті, 
«отыр»  –  орындық  белгісі,  «жатыр»  –  ұзын  сызық,  «таза»  –  түйір  қан  белгісі, 
«жейді»  –  жабық  ерін,  «жылы»  –  ашық  күн  белгісі,  «суық»  –  қар  ұшқыны, 
«сурет  салады»  –  қыл  қалам,  «сатып  алды»  –  ақша  белгісі,  «ұйықтайды»  – 
жабылған  кірпік,  «жақсы»  –  қайырымды,  үлгілі  іс  (мысалы,  балық  өсіру), 
«жаман»–  қайырымсыз,  жаман  қылық  (мысалы,  рогаткамен  құс  ату),  «жақсы 
көремін»  –  жүректің  суреті,  «сатып  алды»  –  қатталған  ақша  белгісін  беретін 
балаға суретін салуға да, ұғынуға да оңтайлы болып отыр.  
Ал қазақ тілі ерікті, табиғи жолмен сөйлеу тілі деңгейіне  жеткізіліп келе 
жатқан тілдік ортада мынандай сабақ барысын  қарастырайық. 
Сабақтың тақырыбы: « Ақша қар». 
Мақсаты: қыс суретіне балаларды таңдандыру, төрт жол өлеңнің әуеніне 
еліктіру,  суреттің  көмегімен  жаттатқызу,  қар  домалағын  қалай  жасағандарын 
еске  түсіріп,  қарға  тән    қасиеттерді  «ериді»,  «мамықтай»,  «сай-сайға  қашады» 
деген сөздер мен тіркестерді еске сақтату арқылы бекіту. 
Алдын ала жүргізілетін жұмыстар: Серуен кезінде тәрбиеші балаларға 
қыс  қызықтарын  тамашалатады,  қар  ұлпаларын  жинатып,  домалақ  ақша  қар 
жасатады.  Сабақ  басында  дайындалған    сұр  маталарға  үйлер  мен  ағаштар  
жапсырады, олардың үстіне  ақ қағаздарды қиғызып ұлпа қарлар жапсырады. 
Сабақ барысы: Тәрбиеші: Ал, балалар, мен жұмбақ жасырамын, сендер 
шешіңдер» деп  мына мәтінді ұсынады. 
 «Өзі  ұлпа,  өзі  жұмсақ,  қыста  жер  бетін  басады,  ал  жазда  сай-сайға 
қашады. Бұл не?» 
-  Қар,  қар,-деп  жауап  қатады  балалар.  Бұдан  соң  музыка  мұғалімі 
балалармен қосыла әндетеді. 
                                    Аппақ, аппақ, қар аппақ, 

 
25 
                                    Қар жамылған дала аппақ. 
                                    Аппақ біздің қаламыз, 
                                    Аппақ біздің  даламыз. 
                                    Ақ шанаға мініп ап, 
                                    Төмен қарай ағамыз. 
Осы сәтте тәрбиеші қала  мен биік сырғанақ салынған панорама   суретті 
тақтаға  іледі.  Балалардың  әрқайсысына  ақ  қағаздан  қиылған  шаналар 
таратылып беріледі. Балалардың қолына таратылып берілген жабыспалы ақ қар 
орнындағы ақ қағаздарды балалар панораманың кез келген жеріне жапсырады. 
Осы  әрекет  ән  әуенінде  жүріп  жатады.  Міне,  балалардың  ерекше  эстетикалық 
әсер  алатын  тұсы  –  осы  тұс.  Олар  қар  жамылған  үлкен  қала  тұрғызғандарына 
өздері мәз болады. Сәл кейін балалар жоғарыдан төмен шаналарды зымыратып 
ойнайды. Адам силуеттерін таратып беру арқылы  «Шанада кім отыр?»,  «Олар 
қалай  киінген?»,  «Неге  олай  киінген?»  деген  сұрақтар  арқылы  тәрбиеші 
балаларды  «Қазір  қыс  мезгілі»  деген  түсінікке  әкеледі.  «Қар  көп  жауса,  қыс 
жылы  болады»,  «Күн  жылынса,  қар  ериді»,  «Жоғарыдан  төмен  қарай  сай-сай 
болып ағады» деген түсініктерді панорамадан көрсете отырып түсіндіреді.  
Әдістеме  талаптары  бойынша  сурет  әдісі  сабақты  қызықты  ете  түседі. 
Тәрбиеші  балалардың  бейнелеу,  сурет  салу  қабілеттерін  ұштаумен  қатар, 
мұндай  сабақта  көркем  дүниені  сезінумен  қатар  олардың  сөздік  қорлары 
дамиды.  «Ұлпа»  сөзімен  бірге  «қанттай  ақ»,  «мамықтай  жұмсақ»  деген  теңеу 
сөздерді  тез  жаттап  алады.  Балалар  өздігінен  «ақ  қағаздай  ұшады»,  «төмен 
қарай ағады» деген сөз тіркестерін меңгереді.  
Жоғарыдағыдай  балалармен  тәрбиешінің  бірге  ойнауы,  әр  баланың 
сабаққа  деген  қызығушылығын  арттыра  түседі.  Бала  зейінін  бірлесе  ойналған  
ойындар  тұрақтандырады.  Эмоциямен  ойынға  кіріскен  бала  «Ақ  шанамен 
зымырап  барам»,  «Міне,  аударылып  түстім»,  «Ақ  қарға  аунадым»,  «Ақ  қарға  
көміліп қалдым» сияқты сөйлемшелермен ойынды қиындата түседі.  
Сабақтың  соңында  тәрбиеші  балаларға  «Осындай  қызық  ойын  немен 
аяқталуы    мүмкін?»  деген  сұрақ  қойып,  сурет  панорама  әсерімен  мазмұнын 
ойдан  шығартқызып,  әңгімені  әрі  жалғастыртуға  болады.  Оқытудың  сәтті 
болуы әр түрлі тәсілдерді ыңғайлап қолдану болып табылады.  
Әр жыл мезгіліне байланысты суреттер қарастыру – балабақшада жиі 
қолданылатын үрдіс. Екінші сәбилер тобында К. Шаяхметовтың «Алтын күз», 
Ш.  Сариевтің  «Пейзаж»  суреттерін  көрсете  отырып,  балалармен  әңгіме  құру 
ерекше  дарынды  балалардың  шығармашылық  қабілеттерін  ұштай  түседі.  «Бұл 
қай  кезде  болады?»  деп  сұрақ  қойып  отырып,  әңгіме  құратуға  баулу  бейнелі 
сөйлеу қабілеттеріне үйретеді. «Кімде не бар?, «Күзде не киеміз?, т.б. ойындар 
күз  маусымында  киетін  киім  атауларына,  киім  сапасына  (қалың,  жұқа,  жылы, 
жеңіл),  құрамына  (мақтадан,  теріден,  жібектен,  жүннен),  киімнің  бөліктеріне  
(жеңі,  қалтасы,  жағасы,  желке  бауы),  т.б  сөздерді  көре  отырып  қабылдауына 
жағдай тудырады.  
Баланың  сөздік  қоры  көркем  әдеби  туындыларды  мультфильм, 
компьютер, диафильм арқылы таныстыру барысында еркін дамиды.  

 
26 
Қ. Ыдырысовтың «Аспаз», Ә. Мұсахановтың «Менің анам дәрігер»,  
Ғ.  Өкеевтің  «Біздің  балабақшамыз»,  Ә.  Меңжанованың  «Тазалықтың 
досы»  сияқты  әндер  мен  өлеңдердегі  [33]  кәсіби  мамандық  иелеріне  тән 
сипаттар  суреттелгендігі  балаларды  олардың  еңбегіне,  құрал-жабдықтарына 
жақындата  түседі.  Олар  өздеріне  жақын  мамандардың  әрқайсысына  қатысты 
аталымдарды  сондықтан  да  тез    меңгереді.  Зейнелғабиден  Иманбаевтың 
«Ұйықтар  алдында»,  Әдібай  Табылдиевтің  «Ата,  бізге  келіңіз»,  Мәдіхат 
Төрежановтың «Әжесін қайсысы жақсы көреді?» атты шығармаларындағы [34]. 
баланың сезіміне әсер ететін жолдар балалардың есінде тез сақталады.  
Әрбір топ бағдарламасында балаға мағыналары түсінікті, достарымен, үй-
іші,  тәрбиешісімен,  мұғаліммен  сөйлесуде  еркін  қолданылатын  сөздік    қорды 
тез  меңгерту  көзделеді.  Ондай  белсенді  қолданылатын  сөздік  қорды  топтау 
оңай  емес.  Оны  таңдаудың  негізгі  ұстанымдары  –  тіл  дамуының  әр  сатысына 
сай  ауызша  тілдік  қатынасқа  ол  сөздердің  практикалық  қажеттігі  болуы
яғни  жас  ерекшелігіне  қарай  сол  кезеңде  ол  сөздердің  қолданыста  жоқтығына 
көз  жеткізу,  тіпті  бұл  туралы  балаларда  түсініктің  де  болмауы,  екіншіден,  ол 
сөздердің  көркем  сөзде,  ауызекі  сөйлеуде  жиі  қолдану  ұстанымы, 
үшіншіден, дыбыстық құрылымы жағынан тілдік элементтердің балаларға 
қабылданарлықтай болу ұстанымдары
Ескеретін  жайт:  балаға  сөздер  алдымен  тура  мағынасында,  кейін 
ауыспалы мағынада беріледі. Әр топта берілген міндетті сөздік минимум актив-
белсенді үйретілетін сөздік қорға жатады. Ол сөздерді бала  естігенде түсінеді, 
ауызша сөйлеу тілінде дұрыс формада қосып сөйлейді. Ал, мәтіннен оқылғанда, 
мұғаліммен,  үлкендермен  сөйлескенде,  телехабар,  радиохабарлардан  естігенде 
мағыналары түсініксіз, бала өз сөзінде қолдана алмайтын сөздері пассив сөздер 
болып есептеледі. 
Оқытуда негізгі мақсат пассив сөздерді активтендіріп отыру. Сондықтан, 
балалардың  белсенді  сөз  қатарларын  арттырумен  қатар,  аз  қолданылатын, 
мағыналарын түсінбейтін сөздерін де түсіндіріп  отыру керек. Мұнсыз балалар 
кейін  әдеби  шығармаларды  тез  қабылдап  кете  алмайды.  Әсіресе,  балабақшаға 
әр түрлі білім деңгейіндегі балалардың баруына орай, сөздік жұмысын жүргізу 
талаптары  да  әр  деңгейде  болуы  көзделуде.  Мультфильм  кейіпкерлерін  көп 
біліп,  компьютерді  меңгеріп  келген  балалармен  актив  сөздерді  тексеру  тіпті 
үлкен  жұмысты  қажет  етеді.  Десек  тағы,  қазақ  тілі  мұғалімі  бағдарлама 
талабымен мынандай жұмыс түрлерін толықтай жүргізуі тиіс:  
Жаңа  сөздерді  балаларға  артикуляциялық  жақтан  дұрыс  айтқызып 
жаттықтыру;  
1.
 
Ол сөздер мен тіркестерді диалогта қолдандыру; 
2.
 
Тыңдаған, оқыған шығармалардан естіген таныс сөздер мен тіркестерді 
қайталатып айтқызу; 
3.
 
 Ауызша  және  жазба  жұмыстарда  орындатып,  айтқызып,  сызба, 
таблицаларға толтыртқызып, штрих-белгілерімен жазғызып жаттықтыру. 
Сөздің жанды сөз ретінде бекуі сөйлемге, баланың ауызша сөйлеу тіліне 
енгізілуден  басталады.  Сондықтан  тақырыпқа  қажетті  сөздердің  (аты,  белгісі, 

 
27 
сапасы,  түрі,  түсі)  түрлерімен  қоса  шылау,  модаль  сөздер  сияқты  сөйлем 
құрауға қажетті көмекші сөздер де үйретілуі керек. 
 
3. Қазақ тілі сабағында қолданылатын әдіс-тәсілдер жиыны  
Орыс  тілінде  оқытып-тәрбиелейтін  балабақша  топтарында  және  қазақ 
балабақшаларының  орыс  тілді  балаларымен  жүргізілетін  қазақ  тілі 
сабақтарында үш әдіс бір-бірімен байланыста қолданылады: 
1.  Сөздік  әдістер:  Әңгімелесу,  мазмұндау,  түсіндіру,  көркем  мәтінді  оқу, 
жаттау, әңгімелеу, әңгімелету; 
2.  Көрнекілік  әдістер:  саяхат,  заттар  мен  суреттерді,  айналаны  бақылау, 
теледидар, компьютер материалдары; 
3. Дидактикалық ойындар әдісі; 
4. Тірек-сызбалар әдісі.  
Сөз  қорын  дамыту  жұмысы  балалардың  белсенді  түрде  қолдана  бастаған 
сөздерінің  санының  артуын  көздей  жүргізіледі.  Әр  сабақтың  тақырыбы  мен 
мақсатына  орай  тілді  оқытушы  не    тәрбиеші  ыңғайлы  әдісті  тәсілдерімен 
байланыста  таңдап  алады.  Оқыту  әдісі  дегеніміз  –  сабақ  үдерісінде 
қолданылатын тәсілдер жүйесі [36]. Мысалы, «Отбасы» тақырыбына әңгімелесу 
әдісімен  жүргізілген  сабақта  суреттер  қарастыру,  «Отбасы»  рөлдік    ойынын  
ойнату, телефонмен сөйлету, т.б. сабақ тәсілдері болып табылады.  
Қазақ  тілін  оқытуда  әңгімелесу  әдісі  мен  көрнекілік  әдісі  бір-бірімен 
тығыз  байланыста  қолданылады.  Тәрбиеші-мұғалім  көзге  көрінетін  барлық 
қажетті  заттарды,  құбылыстарды  балалармен  бірге  бақылай  отырып,  «Мынау 
не?»,  «Мынау  кім?»  деген  сұрақтар  қойып  бекітіп    отырады,  «Мынау»  сілтеу 
есімдігін  көрсетіліп  тұрған  нысанмен  тіркестіріп  айтқызу  (Мынау-орындық), 
кейінірек  балаға  қазақша  таныс  нысан  аттарын  сапалық,  сандық  белгілерін 
сөзбен  бейнелеп,  санатып  айтқызу  (қызыл  көйлек,  бес  орындық)  бала  тілінде 
есімді  зат  есімдерді  көбейте  түседі.  «Көрнекілік»  әңгімелесу  сабағында  тәсіл 
ретінде,  ал  жеке  әдіс  ретінде  жаңа  сөздерді  қайталау,  бекіту  сабақтарында 
қолданылады. Әңгімелесу жеке әдіс ретінде түрлі тақырыптар төңірегінде алдын 
ала әзірленген 3-4 сұраққа жауап түрінде қолданылады. Мысалы,  
«Дүкенде» тақырыбына: 
                – Саша, саған не керек? 
                 – Маған ұшақ керек. 
                – Ұшақ қанша тұрады? 
                – Ұшақ  3 теңге тұрады  
                – Рахмет. Сау болыңыз. 
                – Сау болыңыз. 
«Мектеп» тақырыбына: 
                 – Саша, өшіргіш берші. (Саша қалам береді). 
                 – Жоқ, қалам емес, өшіргіш берші. 
                  – Мә, ал, өшіргіш.-Рахмет.  
«Қонақ келді» ойынына: 
                   – Отырыңыз. –Дәм татыңыз. 
                   – Шай ішіңіз. –Бауырсақ жеңіз. 

 
28 
                   – Рахмет, бауырсақ дәмді. 
                   – Өлең айтыңыз. «Сақина» ойынын ойнаймыз. 
Сөйлесу,  әңгімелесу  арқылы  ұйымдастырылатын  ойындар  барысында 
тәрбиеші  сұрақтарды балалар түсінетіндей  етіп қояды. Жоғарыда берілген үлгі 
мәтіндердің  бірнеше  рет  қайталануы  балалардың  өзара  сөйлесе  отырып  
ойнауларына  түрткі  болады.  Қуыршақтармен  ойнауға  құрылған  «Қуыршақтың  
бөлмесін  жабдықтайық»,  «Қуыршақты  киіндірейік»  сияқты  «Отбасы» 
тақырыбына  қатысты  ойындарды  қазақ  қуыршақтарымен  жабдықталған 
бұрыштарда  қазақ  үй  ішінде  ұйымдастыру  балалардың  ұлттық  салт-дәстүр,  
тұрмыстық  ерекшеліктер  туралы  патриоттық  білім  алуларына  ықпал  етпек. 
Өзара  сөйлесуде  үлкендерге  «апай,  ағай,  тәтей»  кішілерге  «бөпетайым», 
«ботақан», «балақан», ағаға «көке», әкеге «әке» деп тіл қатуларын ойын үстінде 
қалыптастыру сөздік әдістері арқылы жүзеге асырылады. 
Тілді жаңа да үйреніп жүрген балалардан бастап, мектепалды тобында екі 
жыл  арнайы  оқытылып  келген  балаларға  да  бірдей  тиімді  және  әрдайым 
олардың  қызыға  қатысатын  сабақтары  –  дидактикалық  ойындарға    құрылған 
сабақтар.  «Дидактикалық  ойындарды  сөздің  лексикалық  мағынасын  жалпылау 
дәрежесіне  қарай  жіктеп,  оларды  әр  түрлі  тіл  деңгейіндегі  балалардың 
меңгеруіне  қарай  ұсынғанда,  бұл  әдіс  арқылы  тілдің  жоғарғы  дәрежесіне  қол 
жеткізілетіні  байқалды.  Ғалымдардың  [37],  сөздің  мағыналарына  қарай 
балаларға  біркелкі  қабылданбайтынын,  «баланың  тілді  игеру  қарқыны  сөзді 
жалпы  қабылдаудың  бес  түрлі  деңгейлі  дәрежесінде  болады»  деген  теориялық 
сараптаманың  нәтижесін  дидактикалық    жаттығулар  мен    ойындар  барысында  
байқауға  болады.  Сөздің  лексикалық  мағынасын  жалпылау  дәрежесі  дегеніміз 
не? Енді осы сараптамаға біртіндеп жүгіне отырып, практикалық әдіс-тәсілдерді 
жүйелеп шығалық. 
«Сөз  —  тілдің  негізгі  өлшемі.  Ол  былайша  айтқанда  бір  мезгілде  тілдің 
барлық компоненттерінің — фонетиканың (сөз дыбыстарынан тұратындықтан), 
лексиканың  (болмыстың  белгілі  бір  құбылыстарын  білдіріп,  кодамен 
шифрлайтындықтан,  яғни  мағыналық  рөл  атқаратындықтан),  грамматиканың 
(бұл жағдайда белгілі бір тұлға қолданылатындықтан), «өкілі» болып табылады. 
Тілде сөз белгілі бір мағынаға және тиісті грамматикалық тәртіпке ие болады, 
сөздерді  «жай»,  фонетикалық  құрылыссыз  және  грамматикалық  формасыз, 
үйрену  мүмкін  емес.»  «Сөздің  тілден  тысқары  шындықты:  заттар  мен 
құбылыстарды  (үй,  күн,  адам,  күннің  батуы),  дерексіз  ұғымдарды  (ой, 
шындық),  іс-әрекетті  (құрылыс  салу,  жарық  жағу,  сүю,  ойлау),  заттардың 
сынын (ақ, мәңгі, жылы шырайлы, әділ), іс-әрекеттің белгілерін (жоғары қарай, 
ашық,  шың,  адал),  санды  (бір,  он,  екі,  жүз),  заттарды,  сынды,  санды,  есім 
сөздерді  көрсетуін  (мен,  кім,  қандай,  қанша)  білдіру  (кодамен  шифрлау) 
қабілетін сөздің лексикалық мағынасы деп атайды» [38]. 
Балалар  бақшасында  қазақ  тілінің  лексикасын  оқып  үйрену  қатаң  түрде 
семасиологиялық аспектіде емес (яғни «Бұл сөз нені білдіреді?» деген сұраумен 
басталмайды),  «Бұл  зат  қалай  аталады?»  деген  сұрауға  жауап  бере  отырып, 
ономасиологиялық  аспектіде  жүргізіледі»  делінген  тіл  дамыту    әдістемесі 
туралы  оқулықта.  [39]  «Сөздерден  моншақ  тізейік»,  «Қ»  (ғ)  дыбысынан  

 
29 
басталатын  сөздерді  атап  шығамыз»,  «Сөздерді  кішірейтіп  айтамыз»,  «Мен 
бірінші  бөлігін,  сендер  келесі  бөлігін  айтыңдар»,  «Екі  сөзден  бір  сөз  шығар», 
т.б. сөздік ойын жаттығулар, «Не бар, не жоқ?», «Бұл не, көрсет те, атын айт», 
«Дене мүшелеріңді атаймын, тез көрсетіңдер», «Суреттен кім тез байқайды?», 
«Мынау  ненің  баласы?»,  «Мынау  ненің  құйрығы»,  «Не  істейді?»,  «Не 
жейді?»,  «Не  ішеді?»,  «Кімге    не  керек?  сияқты  лексикалық  жаттығу 
тапсырмаларды  сабақта  да,  сабақтан  тыс  уақыттарда,  балалардың  ойын 
алаңдарында тіл үйретем деген әрбір ересек адам орындата алады. 
Бала  тілінің  табиғи  түрде  шығып  дамуына  үлкеннің  басшылығы  қанша  
қажет  болса,  қазақ  тілін  балаға  балабақша  жасынан  игертуде  де  қазақстандық 
әрбір азаматтың қазіргі қоғам алдындағы парызын орындау сонша қажет болып 
отыр. 
Дидактикалық ойындар мектеп жасына дейінгі басқа ұлт балаларына да, 
жергілікті  халықтың  өз  балаларының  тілін  дамытуда  да  өте  маңызды  рөл 
атқарады.  Бір  ғана  «Ғажайып    қапшық»  ойынын  бірнеше  мазмұнды  мақсатқа 
құруға  болады:  а)  қапшыққа  салынған  ойыншықтарды,  муляждарды  біртіндеп 
алып  отырып  аттарын  жекелей  айтқызып  шығу;  ә)  жалпылама  мәнді  сөздер 
бойынша  айтқызу:  «Ойыншықтарды  алып  шығыңдар»,  «Жемістерді  
жинаңдар», «Ыдыс-аяқтарды алыңдар» деп тапсырма беру, т.б. 
Баланың алғаш жаттап алатын сөздерді «Балабақшаға арналған қазақ тілі 
бағдарламалары» қамтитын мынандай такырыптық сөз топтары құрайды:  
1)  балаға  жақын  адамдардың  атаулары,  олардың  туыстық  қатынастары 
және қоғамдағы қызметіне сай  мамандық атаулар; 2) баланың өзі туралы айта 
білуі,  дене  мүшелерін  атауы;  3)  өз  бөлмесіндегі,  топтағы  тұрмыстық  заттар, 
ойыншықтар; 4) бала тұратын және «оқып үйренетін» үй ішіндегі, оның аулада, 
бақта,  бақшада,  дүкенде,  т.б.  тікелей  көретін,  оған  жақын  және  едәуір  қашық 
көшеден ұшырасатын заттар; 5) тірі табиғат нысандары: жануарларды, олардың 
дене  мүшелерін;  өсімдіктерді,  жемістерді;  6)  жылдың  барлық  мезгілдерін, 
даталық,  мерекелік  кезеңдер;  7)  адамдардың  алуан  түрлі  еңбегі;  8)  қазақ 
халқының, Қазақстан халықтарының өмір кұбылыстарын, Қазақстан мемлекеті 
рәміздері,  елбасы  мен  белгілі  ұшқыштар,  таңдаулы  қайраткерлер  өмірі  мен 
қызметі. 
Заттармен  (зат  есіммен)  бірге  балалар  олардың  белгілерімен  (сын 
есіммен),  іс-әрекеттерімен  (етістікпен),  іс-әрекет  белгілерімен  (үстеумен), 
санымен  (сан  есіммен),  оларға    қатысына  қарай  барлық  есімдіктерді  меңгеріп 
шығады. 
Баланың  лексиканы  меңгеруі  зат  есімді  меңгеруден  басталады.  Ол 
қуыршақ,  қоян,  кереует,  жастық  секілді  өзін  қоршап  тұрған  заттың  бәрін, 
сондай-ақ қол, саусақ, бас, мұрын секілді өзінің дене мүшелерін атайды. 
Алғашқы үйрену кезінде сөз бала үшін тек сол, жеке заттың (жалқы есім) 
атын  ғана  білдіреді,  бала  оның  жалпы  мағынасын  түсінуі  және  оны  ұғым 
ретінде қабылдауы үшін осы сөзбен ұзақ жаттығулар жүргізу керек. 
Мектеп  жасына  дейінгі  барлық  топ  балалары  тәрбиешілерінің 
қамқорлығы  әр  баланың  лексикалық  сөз  қорын  кеңейтуге  ғана  емес  (бұл  да 
қажет  болғанымен),  сондай-ақ  әр  баланың  қабылдаған  сөзі  оның  өзіне  тән 

 
30 
жалпылау  дәрежесінде  үйренілуіне  бағытталуы  тиіс.  Өйтпейінше  сөздің 
дыбыстық құрылымын ғана есте сақтауды емес, сөздің лексикалық мағынасын 
толық түсінуді талап ететін тіл үйрену заңдылығы бұзылады [40]. 
Жинақтап  айтқанда,  сезімдік  қабылдауларына  сүйене  келе,  тәрбиешілер 
қазақ  тілін  екінші  тіл  ретінде  үйреніп  отырған  балалардың  сөздің  жалпы 
мағынасын  түсінуіне  (жалпылаудың  бірінші  дәрежесі-зат  атауларын)  қол 
жеткізеді,  затты  қарастыру  кезінде  дидактикалық  ойындар  арқылы  оны 
қолымен  ұстап  немесе  қозғалтып  байқап,  тыңдап,  иіскеп,  дәмін  сезіп  көру 
арқылы  түрлі  сөз  тұлғаларын  қабылдайтын  болады.  Тіл  үйретуші  үлкеннің 
сөздік  әдісінде  әңгімелесуді,  мазмұндауды  бастапқыда  және  ара-тұра  орыс 
тілінде  жеткізуі,  біртіндеп  әңгімені  қазақ  тілінде  естіп,  айтылғанды  балалар 
сезіммен  қабылдай  бастағанда  қазақ  тілінде  қолдануы  тиімді  болмақ.  Әр 
тақырыпқа  сәйкес  өлеңді,  ұйқасты  мәтіндерді  (қосымшада)  бой  сергіту, 
фонетикалық  тіл  жаттықтыру  мақсатында  қолданып  отыру  қазақ  тілінің 
балаларға 
лирикалық 
әуезді 
үлгілерін 
қабылдата 
түседі. 
Көркем 
шығармалардың кейбір түрлерін  3 жастан бастап дыбыстарды анық айтқызуға 
қолдансақ,  5  жастан  сөздер  мен  сөз  тіркестерін  бекітуге  және  өздеріне  таныс 
сөйленімдік элементтері көп көркем мәтіндерді  түсініп қабылдатуға болады. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет