Қазақстан республикасы ғылым және білім министрлігі павлодар мемлекеттік педагогикалық институты


ІІІ ТАРАУ  СӨЗДІҢ ДЫБЫСТЫҚ ЖАҒЫН МЕҢГЕРТУ



жүктеу 1.48 Mb.
Pdf просмотр
бет5/15
Дата30.12.2016
өлшемі1.48 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

ІІІ ТАРАУ 
СӨЗДІҢ ДЫБЫСТЫҚ ЖАҒЫН МЕҢГЕРТУ 
 
Қандай  да  көркем  мәтін  мазмұны  дыбыстау  нормаларын  сақтамай 
оқылғанда  толық,  түсінікті  қабылданбайды.  Балаларды  тәрбиелеушілер  мен 
мұғалімдер  тарапынан,  тіпті  баланы  еркелету  мақсатында  дыбыстарды  бұзып 
айтатын  үлкендер  тарапынан  сақталмауы  дыбыстық    тәрбиеге  кері  ықпалын 
тигізіп,  бала  тілінің  сөз  ішінде,  сөз  тіркесі  арасында  және  тіркесаралық 
дыбыстарды  айтуда  қателер  жіберуге  әкеледі.  Мектеп  жасына  дейінгілердің 
дауыс аппараттарын жолға қою отбасында, балабақшада алдымен көзделуі тиіс. 
Бұл  мақсатқа  жету  үшін  дыбыстарды  анық  айтқызуға  бағытталған  қарапайым 
артикуляциялық 
жаттығулар 
қолданылады. 
Сөз 
дыбыстарын 
дұрыс 
артикуляциялауға  үйрету,  яғни  дикцияны  қалыптастыру  жұмысы  сөздің 
дыбысталуындағы  қиындықтарға  орай  «ерте  онтогенез»,  «орташа  онтогенез», 
«кейінгі  онтогенез»  делініп  келетін  [45]  дыбыс  түрлерімен  тіл  жаттықтыру  
жаттығуларынан  тұрады.  Ерте  онтогенез  дыбыстарына  а,  ә,  о,  ө,  ы,  і  дауысты 
дыбыстары,  м,  б,  п,  б,  д,  и,  г,  ғ,  к,  қ,  х,  ц,  с,  з  дауыссыз  дыбыстары;  орташа 
онтогенз дыбыстарына ұ, ү,  у; меңгерілген дауыссыздарды қатаң-ұяңға жіктеу, 
дауыстыларды үндендіру жатады; кейінгі онтогенез дыбыстарға тілдің алдының 
көтерілуін қажет ететін р, с, ш, н, ң, ж, щ дыбыстары есепке алынады. 
Алғашқы  қатардағы  дыбыстарды  еліктеу  әдісі  арқылы  2-3  жастағы 
балалармен  жүргізу  керек.  Қазақ  тілін  үйретуде  3  жастағы  балаларға    ерте 
онтогенез    дыбыстардан  тұратын  сөздер  беріледі.  Атап  айтқанда,  апа,  бала, 
ойыншық,  тәте,  машина,  доп,  текше,  әже,  ата,қыз,  ат,  қой,  ешкі,  қоян,  т.б. 
сөздері  беріледі.  Бұл  дыбыстар  ашық,  анық  айтылу  үшін  фонетикалық 
жаттықтырулар  мен  жаңылтпаштар,  кіші-гірім  ойын  өлеңдерді  қайталатып 
айтқызумен басталып, екінші кезекте кейінгі жылдарға дейін, қалған онтогенез 
деңгейлері  бойы  осы  әдістер  жалғастырыла  береді.  Осы  әр  түрлі  онтогенездік 
деңгейлері  қазақ  тілін  енді  үйрене  бастаған    балаларда  аралас  келеді. 
Бағдарламалық  жүйе  бойынша  сөздер  мен  тіркестерде  айтылуы  қиындық 
тудыратын  дыбыстардың  аралас  берілуі,  қазақ  тілінің  жоғары  топтарда  ғана  
үйретіле  бастауы  балалармен  барлық  дыбыстарды  нормаға  сай  айтуға  арнайы 
фонологиялық жаттықтыруды көздейді. 
Мысалы,  орташа  онтогенез  дыбыстардан  тұратын  мұғалім,  қыз  бала,  ұл 
бала,  үлкен  ата,  үлкен  шар,  құлақ,  ,  аяқ,  қол,  қыз,  күн,  бұзау,  түйе,  күз,  т.б, 
кейінгі онтогенез дыбыстарға тәрбиеші, аспаз, меңгеруші, маңдай, мұрын , қас, 
кірпік,  бет-аузың,  маңдайың  делініп  сөйлеуде,  өлең-тақпақтарда  берілетін 
айтылуы  қиындық  туғызатын  дыбыстар  тіркесі  түрліше  фонетикалық  ойындар 
арқылы бекітіледі. 
 
1. Қазақ тіліне тән  дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету 
Тіл  дыбыстарына  жаттықтыру  жұмысы  қазақ  тілі  сабағының  бір  бөлігі 
ретінде  жиі  ұйымдастырылып  тұрады.  Ол  сабақ  мазмұнына  және  сол  сабақта 
үйретілетін  жаңа  сөздің  дыбыстық  ерекшелігіне  қарай  жоспарланады.  Қазақ 

 
42 
тіліне  тән  дыбыстарды  дұрыс  айтуға  үйретуде  балаларды  тілдің  дыбыстық 
мәдениетіне тәрбиелеуді көздейтін басты үш міндет жүзеге асырылады.  
Бірінші  міндет  –  баланың  дыбыстарды  дұрыс  естуін  қалыптастыру. 
Мысалы,  алғашқы  сабақта  үйретілетін  амандасу  сөзін  4  жастағы  басқа  ұлт 
баласына:  «Сабаққа Кәмшат деген қыз келді. Қане, қызбен амандасайық!» деп, 
«Сәлем, Кәмшат!» деген амандасудың жеңіл түрін беру керек. – Мынау кім? 
 –  Мынау  бала.  –  Бала  қайда?  –  Бала  балабақшада.  Беріліп  отырған 
сөйлемдердегі  ы,  і,  қ  дыбыстарының  естілуіне  назар  аудару  үшін  балаларға 
сұрақ  пен  жауапты  өз  интонациясында  қайталатып,  айтылуы  қиындау    жаңа 
дыбыстарды өздеріне тапқызу керек. 
Екінші міндет – әрбір жаңа дыбыстың жасалу орнын байқатып, 
түсіндіру. Тіл үйретуші еріннің, тістің, көмейдің, тілдің қатысуымен жасалатын 
дыбыстарды өзінің артикуляциялық аппаратымен таныстыру арқылы немесе 
кестеден көрсетеді, бірнеше рет балалардың өздеріне айтқызып жаттықтырады. 
Үшінші 
міндет 
– 
дыбыстық 
мәдениетке 
жаттықтырудың 
практикалық  тәсілдерін  қолдану.  Әр  дыбысқа  лайықталған  арнайы 
фонетикалық жаттығуларды, ойындарды буында, сөз ішінде, сөз тіркесінде алып 
ұйымдастыру. 
Балабақша  тәрбиешілері  мен  сәбилермен  сабақ  жүргізетін  қазақ  тілі 
мұғалімдері  баланы  қазақ  тіл  мәдениетіне  бейімдеуі  үшін  орыс  және  қазақ 
тілдеріндегі  артикуляциялық  ұқсастықтар  мен  айырмашылықтарды  жақсы 
білулері керек. Қазақ алфавитіне орыс тілінде бар 33 әріп және қазақ тіліне тән 9 
әріп  енгізілген.  Олар ә, ө, і, қ, ғ, қ, һ, ұ, ү әріптері. Дыбысталуы жағынан бұл 
әріптерге ұқсас сыңарлары орыс тілінде де бар, екі тілдегі ы дыбысының айтылу 
ерекшелігінде  айырмашылық  бар.  Тіл  үйретушінің  бұл  орайда  ескеретіні 
мыналар болуы керек: 
1. Дауысты дыбыстардың жасалуы кезінде ерін екі тілде өзгешелеу қызмет 
атқарады:  қазақ  тіліне  қарағанда  ерін  орыс  тіліндегі  дауыстыларды  жасауда  аз 
қатысады. 
2.  Орыс  тілінде  дауыссыз  дыбыстар  біркелкі  еріннің  (м,б,п)  немесе  ерін 
мен тістің (в,ф) қатысуымен жасалса, қазақ іліндегі төл сөздерде ерін мен тістің 
қатысуымен жасалатын дауыссыздар жоқ. 
3. Орыс тіліндегі дауыссыз дыбыстардың жасалуы кезінде көбінесе тілдің 
алдыңғы бөлігі қатысса, ал қазақ тілінің дауыссыз дыбыстарының (қ,ғ) жасалуы 
кезінде тілдің артқы бөлігі де қатысады. 
4.  Қазақ  тілінде  тілшік  (бөбешік)  тілдің  артқы  жағымен  қосылып,  мұрын 
жолды  дауыссыз  дыбыстарды  (м,  н,  ң)  жасайды.  Кішкене  тілшіктің  таңдайға 
қарай  жиырылуы  арқылы  ң  дыбысы  жасалады.  Негізінен  тіл  арты  мен  көмей 
дыбыстары  қазақ  тіліне  тән,  олар  осы  тілдің  дыбыстық,  фонетикалық 
ерекшелігін көрсетіп тұрады. 
5.  Орыс  тілінде  сөйлегенде  дауыс  шымылдығы  қазақ  тіліне  қарағанда  аз 
тербеліс  жасайды,  осыған  байланысты  барлық  ызың  дауыссыздар  қатаңға 
айналып кетіп жатады. Ал қазақ сөзіндегі з, ж дыбыстары өз қалпын сақтайды. 
6.  Қазақ  тілінде  сөз  құраушы  дыбыстар  болып  дауысты  дыбыстар 
есептеледі. Өйткені олар басқа дауыссыз дыбыстардың сипатына, сапасына әсер 

 
43 
ете  алады.  Мысалы  жуан  дауыстыларға  қ,  ғ  дыбыстары,  ал  жіңішке 
дауыстыларға к, г дыбыстары тіркеседі. 
7.  Түбір  сөздің  дауыссыз  дыбыстар  арасында  болатын  фонетикалық 
заңдылықтары  ілгерінді  және  кейінді  ықпалдар  қазақ  тіліне  тән  болса,  орыс 
тілінде тек қана кейінді ықпал жиі ұшырасады. 
8.  Орыс  тілінде  дауысты  дыбыстар  көп  жағдайда  екпін  түсіріле  айтылса, 
қазақ тілінде дауысты дыбыстар екпін арқылы онша бөлінбейді. 
Дыбыстау  мүшелерінің  қызметін  тіл  үйретуші  жақсы  біліп,  әсіресе  қазақ 
тіліне  тән  дыбыстары  бар  сөздерді  дұрыс  айтуға  үйрету  кезінде  оны  жақсы 
түсіндіріп  бергенде  ғана,  балалар  өзге  тілдің  дыбыстарын,  сөздерін  қатесіз, 
дұрыс  айтатын  болады.  Дыбыстау  мүшелері  –  сөйлеу  аппаратының  ең  негізгі 
компоненттері.  Оларға  өкпе,  тамақ,  көмей,  дауыс  шымылдығы,  тамақ  қуысы, 
ауыз қуысы, мұрын қуысы, тіл, тілшік, тіс, ерін жатады. 
Қазақ тілінің ерекше дыбыстарын жасауда ауыз қуысы мен мұрын қуысы 
ерекше рөл атқарады. Ана тіліміздегі дауысты дыбыстардың алуан түрлі болып 
естілуі  ауыздың  толық,  орташа  не  сәл-пәл  ашылуына  байланысты.  Үнді 
дауыссыз дыбыстар (м,н,ң) мұрын қуысы арқылы жасалады.  
Балалардың  айтып  үйренуіне  қиын  тиетін  дыбыстар  тіл  қызметінің 
күрделілігіне байланысты. Тіл - өте жылжымалы мүше. Тілдің бірде ілгері, бірде 
кейін  жылжуынан,  бірде  жоғары  көтеріліп,  бірде  төмен  түсуінен,  артқы  бөлігі, 
орта шені, ұшының қимылынан әр түрлі дыбыстар жасалады. Тілдің ұшы үстіңгі 
тіске  тиюінен  тіс  дыбыстары  т,  д,  ал  тілдің  артқы  бөлігінің  таңдайға 
жуықтауынан тіл арты дыбыстары қ, ғ, тілдің артқы таңдайға қарай жиырылып, 
бүктеліңкіреп айтылуынан жіңішке дауыстылар (ә, е, і, ү) жасалады. 
Қазақ  тіліне  тән  дыбыстардың  жасалуында  ерін  мен  иектің  де  қызметі 
ерекше. Ерін де - жылжымалы мүше. Мысалы, оның әр түрлі қалыпта қозғалуы, 
яғни  бірде  дөңгеленіп  алға  қозғалуы,  сол  сияқты  алға  созылуы,  бірде  астыңғы 
ернінің артқа қарай тартылуы ұ-о, ү-ө дыбыстары жасалады. Иектің қозғалысы 
ауыздың  кең  және  қысаң  ашылып  тұруына  жағдай  жасап,  жуан  және  жіңішке 
дауыстыларды  түзеді.  Жоғарыда  айтылған  түсініктемелер  тіл  үйретушіге  қазақ 
тілінің  ерекше  дыбыстарының  жасалу  орындарын  көрсете  отырып  түсіндіру 
үшін қажет.  
Жинақтап  айтқанда,  қазақ  тілінің  ерекше  айтылатын  дыбыстарын  дұрыс 
артикуляциялануы  үшін  тәрбиеші  не  оқытушы  төмендегідей  қосымша 
міндеттерді де жүзеге асырады: 
1.  Айтылуы  қиын    дыбыстарды  жекеше  және  сөз  ішінде  анық  айтуға 
үйрету; 
2.  Ол  дыбыстардың  дұрыс  және  тез  қабылдануы  үшін  орыс  тіліндегі 
айтылуы  мен  жасалу  орындары  ортақ  және  біршама  ұқсас  нұсқаларымен 
салыстыра түсіндіру; 
3.  Дыбыстау  мүшелерінің  қызметін  жеткілікті  дәрежеде  білу  және 
әқайсысының  дыбыс  түріне  қарай  күй-қалпын  балаларға  қарапайым  тілмен 
түсіндіре білу.  
 
 

 
44 
2. Дыбыстарды  дұрыс айтуға  үйретудің әдіс-тәсілдері 
Тіл дыбыстарын тіл мәдениеті талабына сай етіп айтуға үйрету жұмысы – 
қазақ  тілі  сабақтарының  арнайы  түрде  ұйымдастырылатын  бір  бөлігі.  Сабақ 
мақсатына қарай балаға қабылдатылатын тілдік материалдар мен ондағы дұрыс 
артикуляциялауға бағдарланған тіл дыбыстарына қарата қолданылатын әдістер 
әр түрлі  болады. Олар, атап айтқанда, мыналар:  
1.
 
Дыбыстарды өзара салыстыра талдау әдісі; 
2.
 
Артикуляциялық әдіс; 
3.
 
Еліктеу  әдісі; 
4.
 
Сөздік әдіс. 
Салыстыра  талдау  әдісіне  дыбыстардың  өзара  немесе  орыс  тіліндегі 
ұқсас  дыбыстарға  салыстыра  түсіндіруді  айтамыз.  Оның  үлгісі  төмендегідей: 
Мұғалім алдымен айтылуы бұрыннан бар дыбыстың естілу барысын түсіндіріп, 
ол  дыбысқа  ұқсас  дыбыспен  салыстыра  отырып,  қиын  дыбыстың  айтылуын  – 
естілу  барысын  жекелей  және  буын,  сөз  арасына  салып  анық  еститіндей 
тыңдатады,  олардың  естілудегі  ұқсастық  жақтарын,  жасалу  орындарындағы 
(сөз  басында,  ортасында,  соңындағы)  айтылу  ерекшеліктерін  салыстырады. 
Мысалы,  А  дыбысын  біз  әрдайым  естіп  жүрміз.  Асан,  Алик,  Ажар  –  бұл 
есімдерде А дыбысы анық естіліп тұр. Ал, қанеки, мына есімдерде қандай жаңа 
дыбыс  естіледі.  Тыңдап  көріңдер.  Әсет,  Кәмшат,  Әсем,  Жәмила.  «Әсет»  сөзін 
айтқанда  Ә  дыбысы  созылыңқы  естілетіні,  «Кәмшат»  сөзін  айтқанда  Ә  қысқа  
айтылатыны,  «Жәмила»  сөзінде  екі  Ә  дыбысы  бар  екендігі,  бірақ  бірінші  
Ә дыбысы созылыңқы, екіншісі болар-болмас естілетіні, яғни  дыбысталудағы 
барлық өзгешеліктер салыстырыла түсіндіріледі. Осылайша О дыбысына  
Ұ,  У  дыбыстарын,  Ө  дыбысына  Ү,  У  дыбыстарын,  Қ,  Ғ  дыбыстарына  
К, Г дыбыстарын, ал Н дыбысына ң және тағы да Ғ, һ дыбыстарын салыстыру 
тиімді екендігін тәжірибе көрсетіп келеді. 
Артикуляциялық  әдіс  деп  жекелеген  дыбыстың  жасалу  орнын  көрсету 
мен    түсіндіруді  айтамыз.  Орыс  тілінде  айтылуындағыдай  қазақ  тілінің  әрбір 
дауысты дыбысы дыбыстау мүшелерінің дұрыс қызметіне байланысты екендігі 
балаларға  алдымен  өз  тілдерінде  түсіндіріледі.  Барлық  дыбыстардың  жасалу 
орындарын көрсету мүмкін  емес, қазақ тіліндегі көмей дыбыстарының жасалу 
орындары тілік картиналардан көрсетуге де болады. Төменде тәрбиешілер орыс 
тіліне  аударып  қолдануа  болатын  дыбыстың  жасалу  орнына  берілетін 
түсініктеме беріліп отыр:  «А дыбысы – ашық, тілдің алдының кең ашылуымен 
жасалады.  Тіл  ауыз  қуысында  еркін  орналасқан,  ал  ұшы  тістің  қызыл  етіне 
тиер-тимес қалыпта. Бұл дыбысты біз күнделікті айтып жүрміз. Ал Ә дыбысы  
А  дыбысына  қарағанда  ауызды  азырақ  ашу  арқылы  жасалады,  бұл  дыбыс 
айтылған  кезде  тіл  бұрынғы  орнынан  алға  қарай  жылыстайды.  Қараңдар, 
тіліміздің  ұшы  алдыңғы  тістердің  төменгі  жағына  жақындай  түсіп,  ал  тілдің 
артқы  шені  сәл  жоғары  көтеріледі,  ал  еріннің  шеткі  жақтары  артқа  қарай 
жиырыла түседі». Осылайша түсіндіру балаларға әр дыбыстың айтылуы жасалу 
орнына  байланысты  екені  туралы  түсінік  береді,  үйреніп  отырған  жаңа 
дыбыстың дұрыс айтылуына назарларын аудартады. Сол сияқты Ө дыбысының 
О  дыбысына  ұқсастығын  түсіндіруде  екеуінің  де  алдыңғы  еріндік    дыбыстар  

 
45 
екендігі, тек қана Ө дыбысын айтқанда, ерін О дыбысына   қарағанда  сәл алға 
созылатындығы  ескертіледі.  Ұ,  Ү  дыбыстары  жасалу  орындары  жағынан  У 
дыбысымен  салыстыруда  еріннің  алға  дөңгелене  жиырылуын  көрсетіп,  әр  
дыбысты  айтқанда  дөңгеленген  еріннің  ұшындағы  саңылау  тесіктің  қандай 
аумақта  болатындығына  назар  аударту,  баланың  тілін  оларды  салыстыра 
отырып  жаттықтыру  бұл  дыбыстардың  анық  және  тез  артикуляциялануына 
әкеледі.  Орыс  тілінде  мұндай  түсініктемені  былай  беруге  болады:  «Когда  мы 
произносим  звук  Ұ  –  язык  принимает  положение  при  произношении  буквы  
Ы. Спинку языка оттягиваем назад, рот приоткроем. Но когда произносим звук  
Ү губы надо округлять и вытягивать вперед. Попробуем все вместе правильно 
произнести  схожие  по  звучанию  звуки:  Ұ-Ы;  Ү-У  (3  рет  қайталау),  а  так  же 
одинаковые по месту образования, разные друг с другом по произношению:  
Ұ-Ү; Ү-У (3 рет қайталау). 
Еліктеу  әдісі  дегеніміз  –  үйретілетін  жаңа  дыбыстың  айтылуын  еріксіз 
туғызатын  жағдаят  (ситуация)  туғызып,  балалардың  айтылуы  қиын  дыбысты 
еріксіз айтуына ықпал жасау. Мысалы, Ү дыбысын айтқызу  үшін «үф, үф!» деп 
шайды суыту, шарға жел үрлеу; Ұ дыбысына қасқырдың ұлығанын салу,  
Ә дыбысын айтқызу үшін әже болып құндақтағы баланы әлдилету, Қ дыбысына  
жерден  жем  іздеген  тауықтың,  айқайлаған  әтештің  дауыстарын  келтірту 
балалардың ойнап отырып, дұрыс дыбыстауына жол ашады.  
Сол  сияқты  Ң  дыбысын  түйенің  керуенде  келе  жатқандағы  дыбысына 
еліктету,  Ғ  дыбысын  баланың  тамағына  су  толтырып,  шайғызуға  еліктету 
арқылы бекітуге болады. 
Еліктеу  әдісінің  сөздік  әдіспен  ұштастырыла  қолданылуы  жағдаятты 
әңгіме  түрінде  анық  көрінеді.  «Балалар,–  деп  бастайды  әңгімесін  қазақ  тілі 
мұғалімі,  –  сендер  білесіңдер,  маймақ  аю  балды  өте  жақсы  көреді.  Бірде  ол 
балды  сылқита  жепті.  Жегені  сонша,  тіпті  тістері  ауырып  қалыпты.  Ауруы 
жанына    батқан  аю  «-Ы,  Ы,  Ы»  деп  ыңқылдапты.  Қане,  қалай  ыңқылдапты? 
(Балалар  Ы  дыбысын  қысқа  айтып  үйренеді).  Аюдың  үңгірінің  жанынан  өтіп 
бара жатқан қоян оны мазақтамақ болады. Ол өзінің тісін ұстай алып  «-І, І, І» 
деп ыңқылдай жөнеледі (Балалар қоянның нәзік даусымен І дыбысын жұмсақ, 
нәзік етіп айтады). 
Сөздік  әдісінің  негізі  барлық  әдістерде  бар.  Оның  барлық  жерде 
кездесуіне орай сөздік тәсілдер туындайды. Олардың түрлері мынандай: 
1. Бекітілетін дыбыстары бар сөздерді айтқызу: Ескертілетін жағдай: бұл 
сөздер  балалардың  бұрын  танысқан  сөздері  немесе  қазақ  балаларының  аты-
жөні болуы мүмкін. Мысалы: Гүлсім, Гүлжан, Гүлнәр, Ұлтай, Ұлан, Ұлықбек... 
2.  Орысша-қазақша  ұқсас  сөз  сыңарларын  және  қазақша  ұқсас  сөздерді 
айтқызу. Мысалы: утюг-үтік, урюк-өрік, стол-үстел. Қол-көл, сан-сән, т.б. 
3. Қазақ тілінің ерекше дыбыстарына арналған жаңылтпаштар айтқызу. 
«Тау  дәу,  дәу  тау»деп,  –  Ә  дыбысына;  «Піскен  пісте,  піс  те,  жерге 
түспе»,–  деп  І  дыбысына;  «Алашаға  отырды  бала-шаға»,  –  деп,  Ғ  дыбысына; 
«Ұш, ұш, ұш... Ұшсаң құсша ұш.», – деп Ұ дыбысына; 
4.  Көркем  шығарма  оқу.  Бұл  екі  тәсіл  –  қазақ  тіліне  үйрене  бастаған 
балаларға  қолдануда  қиындық  тигізетін  тәсілдер.  Әдістемелік  еңбектерде 

 
46 
балаларға  мағынасы  таныс  емес  сөздерді  қамтитын  көркем  шығарма  үлгілері 
тіл  жаттықтыру  үшін  берілмейді.  Оларды  қазақ  балаларына  айтқызып 
жаттатқызу  кезінде  мәнерлі  сөйлеуге  үйрету  үшін  қолдану  тиімді  екенін 
ескерген  жөн.  Сонымен  қатар  кейбір  тақырыптарға  сәйкес  өлең-тақпақтарды 
хормен  айтуға  лайықтап  алу  керек.  Ондай  шығармаларда  қайталанып  келетін 
қайырма  жолдар  тілді  жаңа  да  меңгеріп  келе  жатқан  балаларға  тез 
қабылданады. 
Жинақтап айтқанда, тілдің дыбыстық мәдениетін қалыптастыратын әдіс-
тәсілдер  көп,  дегенмен  солардың  ішінде  балаларды  еліктете  отырып  тіл 
жаттықтыратын  әдіс  ең  тиімді  және  басқа  әдіс-тәсілдердің  жиынтығы  болып 
табылады.  Енді  тәжірибеде  тиімділігі  әбден  орнығып  келе  жатқан– 
фонетикалық ойын – жаттығу тәсіліне тоқталайық. 
3.  Баланы  дыбыстық  мәдениетке  тәрбиелеу  мен  фонетикалық  ойын 
ұйымдастыру жолдары 
Балалар сөзіндегі дыбыстарды дұрыс айта білу мәдениетін қалыптастыру 
жұмысы  негізінен  балалар  бақшасында  балалардың  тәрбиешімен  және  үйде 
басқа  да  ересектермен  еркін  сөйлесуі  үдерісінде  ұйымдастырылады:  ересек 
адам  балалардың  дыбыстарды  артикуляциялау  немесе  дауысты  интонациялау 
кезіндегі модульдеудегі қателерді түзетеді. 
Бала сөзіндегі қателерді түзету оны жәбірлемейтін, әдепті болуы тиіс: бұл 
жағдайда қалай сөйлеу керектігінің үлгісін тәрбиешінің өзі көрсетеді және бала 
өзіне еліктеуге тырысқан жағдайда оны мадақтайды. 
Балалардың  дұрыс  айту  дағдысын  қалыптастыру  арнаулы  сабақтарда 
жүргізіледі.  Фонетика  бойынша  арнаулы  сабақтардың  әрқашан  да  нақты 
міндеттері болады:  
1) дұрыс тыныс алуды қалыптастыру;  
2) сөз ритмін үйрену (буынға бөлу);  
3) сөздің жекелеген дыбыстарының айтылуын үйрену;  
4) жекелеген просодемаларды модульдеу дағыларына ие болу;  
5)  сөйлемнің  аяқталған  интонациясын  немесе  сөйлемнің  мағыналық 
бөлімінің интонациялық фигураларын айту дағдыларына ие болу. 
Егер  бала  өз  жасындағы  балалар  әлдеқашан  үйренген  кейбір 
дыбыстардың  артикуляциясын  немесе  интонация  (просодема)  элементтерінің 
модульдеуін  үйренбеген  болса,  онда  баламен  жұмысты  оның  жасына 
байланысты емес, оның қабілетіне сай жүргізу керек. 
Фонетика  бойынша  сабақтар  бір  сабаққа  бөлінген  барлық  оқу  уақытын 
тұтасымен  алатындықтан,  сирек  жағдайларда  ғана  осылайша  ұзақ  жүргізіледі. 
Көбінесе  балалардың  қазақ  тіліне  тән  сөз  дыбыстарын  дұрыс  айту  мәдениетін 
жетілдіру  жаттығулары  жүйелі  (байланыстырыла)  сөйлеуді  дамыту  сабағына 
құрамдас  бөлік  ретінде  енеді  де,  осы  сабаққа  арналған  жүйелі  мәтінге  енетін 
сондай  фонологиялық  құбылыстарды:  сондай  сөз  дыбыстары  мен  сондай 
просодемаларды  қайталайды.  Тіл  дамуы  кенже  қалған  басқа  ұлт  балаларымен 
күн  сайын  «фонетикалық  минуттар»  (0,5-1  минутқа  созылатын  жаттығулар) 
жүргізу ұсынылады. Жаттығулар, әрине, орыс тілді  ортада меңгере алмаған тіл 
материалы негізінде құрылады. 

 
47 
Қазақ  тіліне  тән  дыбыстардың  айтылуын  фонетикалық  ойын  үстінде  
бекітудің бірнеше кезеңі бар. 
1.  Айтылуы  қиын  дыбыстарды  мұғалім  алдымен  анық,  айқын  айтып 
көрсетеді.  Бірден  дұрыс  айтып  кетпейтін  балаға  беріліп  отырған  дыбысты 
дұрыс  айтуға  итермелейтін  жағдай  тудыратын  тәсілдер  қолданылады.  Яғни, 
жаңа  дыбысты  балалар  алғаш  рет  ойын  үстінде  естиді.  «Балалар,  бір  күні 
кішкентай қоян қытырлатып сәбіз жеп отыр еді, астыңғы бір тісі дыз ете түсті. 
Қоянның жанына батқаны сонша, саусағын тісінің үстіне былай қойып   -І,-І,-І 
деп  ауырсынып  кетті.  Тісі  ауырғанда  қоян  қалай  жылады?  Кәне,  айтып 
көріңдерші» дейді тіл үйретуші.  
2. Берілген дыбыстың жасалу орнын көрсету: І–тіл алды, жіңішке дыбыс. 
Тістің қызыл иегіне тілдің ұшы тиіп тұр, ерін сәл-пәл ашық. 
3. Дыбысты буында, сөз ішінде, сөз тіркесінде бекіту: Мым-мім. Бым-бім. 
Пым-пім; Ыдырыс- Ісләм; Шынар-Інжу. «Әсем әсем бе, Әсел әсем бе? 
4. Дыбыстарды мәтін  ішінде, өлең-тақпақта тапқызып, айтылуын бекіту: 
«Оң  қол,  Сол  қол!  Оң  қолымда  бес  саусақ,  Сол  қолымда  бес  саусак,  Барлығы 
болады он саусақ», т.б. 
Халық ауыз әдебиетіндегі көлемі шағын әдеби үлгілерді тіл дыбыстарын 
дұрыс  айтқызуда  қолдану  -  өте  тиімді.  Олардың  ішінен  санамақтардың,  өтірік 
өлеңдердің, жаңылтпаштар мен қысқаша мазмұны бар өлеңдердің тиімді құрал 
екендігі тәжірибеде көрініп отыр. Атап айтқанда, қазақ тіліне тән Ә, Ө, Ұ, Ү, Қ, 
Ғ, Ң, Һ дыбыстарының түрлеріне орай кейбір шығармаларды  рөлдік ойындарға  
енгізіп ойнатуға болады. Мысалы, балалардың алдына бір қара және бір ақ ала 
лақтарды қойып жаңылтпаш жарысын жасауға болады. «Ақ лақ ақ па, ала лақ 
ақ па? (бірінші бала жарысты осылай  бастаса, екінші болып жалғастырушы тез 
және таза дикциямен сөйлеп шығуы керек.) Жауап мәтіні: «Ала лақ аппақ емес, 
ақ  лақ  аппақ!».  Осыған  ұқсас  Қ,  Ғ  дыбыстарын  бекітуге  «Шорағай  шоршып 
кетті, Шорабай шошып кетті.» деп  бірінші  бала бастаса, екінші бала іліп алып; 
«Шорағай  қорқақ  па,  Шорабай  шорқақ  па?»  деп  әрі  қарай  жалғастырады,  топ 
ішінен  үлгірген  біреуі  «Шорағай  қорқақ  емес,  Шорабай  –қорқақ»  деп    жауап  
беруі керек. 
Тығылмақ  ойынының  алдында  кімнің  басқаратынын  анықтау  үшін 
балалар  қаламақтар  айтады.  Төменде  осы  ойын  барысында  түрлі  дыбыстарды 
дұрыс  айтуға  машықтандыратын  қаламақ  мәтіндері  беріліп  отыр.  Олар 
мыналар: 
Шалшық–                               Сең сел емес. 
Балшық.                                  Мен сен емес, 
Балшық–                                 Сен мен емес. 
Шалшық                          Қырқ-қырқ 
Балшықтан                      Күркілдеуік 
Ал, шық!                          Күрке тауық. 
                                                  Сары  шымшық, 
                                                  Сен қал,  
                                                  Сен шық! 

 
48 
Бесік  жырын  айтпайтын  халық  жоқ.  Қазақ  тілі  әліпбиінің  бастапқы 
әрпінің  сыңары  «Ә»  дыбысын  артикуляциялауды  қазақ  тіліндегі  бөбекті  уату 
өлеңіне ситуациялық ойын ұйымдастырылса, орыс тілінде сөйлейтін сәби бала 
еш қиындықсыз  осы дыбысты жеделдете айтып кетеді.  Орыс тілінде  «А, а, а» 
деп  әлдилеп үйренген балаға: «Осы дыбысты жіңішкелеу, жұмсақтау дауыспен 
«Ә, ә, ә..» деп айту арқылы қазақ бесігін тербетейік» дегеннен-ақ, бала қазақша 
дыбыстап кете алады. Алдыңғы тарауда келтірілген Е. Өтетілеуовтің «Әріптер 
сыры» әліпбиге арналған өлеңінде әлдилеу сөзін (« әлди-әлди ») жекелей айтып 
қайырып  отыру,  тіркес  сөздерді  («Әлди-әлди,  Әлия-ай»)  әрі  қарай  осы  
дыбыстың  анық  интонациямен  қайталануы,  кейін  әлди  өлеңіне  қажетті 
мазмұнды  сахналау  әдісімен  арнайы  тудырылған  жағдаятта  бекітілуі 
фонетикалық  ойында  жүзеге  асырылады.  Әрине,  ауыз  әдебиеті  үлгілерін 
жүйемен үйрету мақсатын көздемегендіктен, қазақ тіліне үйрету үдерісінде бұл 
шығармаларды  таңдап  қолданамыз.  Бөпені  уатумен  қатар,  оның  аяқ-қолын 
бесікке бөлер алдында созып, бойын сылап алуды қазақ халқы жиі ұстанғанын 
балаларға  білу  артық  емес.  Бұл    орайда,  «Өс,  өс,  өс»  деп  аталатын  халық 
жырының  мәні  зор.  «Ә»,  «Ө»  дыбыстарының  айтылудағы  айырмашылықтар 
осы екі жыр үлгісі арқылы айқын аңғарылады. Мәтіні: 
Өс, өс, бөпем,  
Өс, бөпем. 
Балуан бол айбатты, 
Ба-атыр бол қайратты! 
Әрі қарай, баланың өсе келе тұсауы кесілетінін әңгімелеп беріп, тәрбиеші 
балалармен  «Тәй-тәй»  деп  бөпені  жүргізетінін  қуыршақты  жетелетіп  үйрету 
жағдаятында  бекітсе,  бала  «Ә»  дыбысын  сөз  ішінде  айтып  жаттығады.  Ал 
мазмұнды  өлең  ішінде  (Авторы  Е.  Өтетілеуов)  бұл  дыбысты  жеделдете  айтып 
үйренуді  тағы  да  төмендегідей  рөлді  ойында  бекіткен  тиімді.  Ортаға  топтан 
бөпе  болып  ойнайтын  бала  тұрғызылады.  Қалған  балалар  оны  айнала  қол 
ұстасып тұрады да, орыстың хоровод әуенімен ортадағы балаға қадамдай басып, 
оны еркелете әндетеді: 
Бөпем, бүгін қаз басты, ( Бәрі бірлесе, ортаға жылжи ) 
Тәй-тәй. 
Көп емес. 
Аз басты, ( Артқа қарай шегіне ) 
Тәй, тәй. 
Өзі мәз боп  күледі, ( Қол ұстасқан күйі теңселе, қосылып) 
Тәй-тәй. 
Әлі-ақ  тез-тез жүреді. ( Айнала, топтаса жүгіреді ) 
Соңғы өлең айтыларда ортадағы бала, сүрініп қалғанын, не біреуін ұстап 
алып,  енді  оны  ортаға  сәби  етіп  қояды.  Ойынды  осылай  жалғастыра  беруге 
болады.  Осы  сияқты  Ө,  Ү,  Ұ  дыбыстарын  бекітуге  осы  тәсілмен  төмендегі 
өлеңдерді, жаңылтпаштарды пайдаланған жөн: 
Ақ көбелек,                            Ақ шар бар, 
Сұр көбелек                          Көк шар бар, 
Қызыл, жасыл,                      Көп шар бар. 

 
49 
Көк көбелек. 
Көп көбелек,                         Ұш, ұш, ұш! 
Неге сендер жүресіңдер       Ұшсаң былай 
Көз алдымда                          Құсша  ұш! 
көлбелеңдеп?                                
                                                  (авторлық өлеңдерден алынған үзінділер) 
Дауысты  дыбыстарды  дауыссыз  дыбыстармен  қатар  беруге  болатын 
деңгейге  жеткен  уақытта  халық  жырынан  алынған  «Өс,  бөпем»  үзіндісін 
балаларға  толығымен  жағдаятқа  енгізе  қолдандыру  тиімді.  Әже  рөліне  енген 
бала  ананың,  не  әженің  мейірімді  даусымен  халық  жырының  толық  үлгісін 
әуенімен орындағаны тартымды болмақ. Мәтіні: 
Өс-өс, балам, өсе бер, 
Батыр бол-балуан білекті, (екі білегін екі жаққа қозғайды). 
Батыл бол таймас жүректі, (қолдарын айқастырады). 
Аяғыңды созайық, (аяқтарын төмен қарай созады) 
Саусағыңды жазайық, (саусақтарын жазады) 
Өс-өс, балам, өс балам. 
Көрініп тұрғандай, сенсорлы тәрбие жолымен (көріп әрі сипап, әрі сөйлеп) 
тіл үйренуші балалар айтылуы қиындық туғызатын дыбыстарға осылай жаттыға 
алады. Жақан Смақовтың «Қаз, қаз бас...» атты өлеңі де тіл сындыруға сұранып 
тұр.  Тіпті  бұл  өлең-жырды  алдыңғы  «Тәй-тәй»  жырының  негізіндегі  ойынға 
жалғастыра енгізу ойынды тіпті мазмұнды ете түспек. Құлап қалған бала болса, 
тәрбиеші оны орнынан тұрғызып: 
Қаз-қаз-қаз 
Қаздаң бас. 
Бір, екі, үш, 
Аздан бас, 
Қаз-қаз бас, 
Құлама, 
Құласаң,  жылама!»  –  деген  осы  автордың  өлең  шумағын  ескерту  дауыс 
мәнерімен  айтып  шықса,  қазақ  тіліне  жаңадан  баулына  бастаған  баланың  тіл 
табиғатына  мойын  ұсынуына  жол  ашылады.  Өлеңді  жаттап  алған  бала  кейін 
топта  өз  қатарластарымен  қатынаста  сөздік  қорына  осы  шығарманы  еркін 
қосып, пайдалана бастайды.  
Байқалып  тұрғандай,  бұл  жырда  қайталанып  келетін  «Қ»,  «Ү»,  «Ұ» 
дыбыстары,  олармен  келетін  сөз  тіркестері  балалардың  қазақ  тіліне  тән 
дыбыстарды  дұрыс  айтып  жаттығуларымен  қатар,  сөйлеу  тілінде  жиі 
қолданылатын қарапайым сөйлемдерді де тұтастай үйреніп шығуларына жағдай  
жасайды, тілді бөлшектемей, тұтастай меңгеруге жол ашады. 
 

 
50 

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет