Қазақстан республикасы ғылым және білім министрлігі павлодар мемлекеттік педагогикалық институты


  Сөздің  дыбыстық  жағын  қазақ  тілі  грамматикасымен  қатар



Pdf көрінісі
бет6/15
Дата30.12.2016
өлшемі1,48 Mb.
#806
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

4.  Сөздің  дыбыстық  жағын  қазақ  тілі  грамматикасымен  қатар 
үйрету 
Бала тілінің дыбыстық жағын жетілдіру ісі  олардың тілінде айтуға ауыр 
тиетін  грамматикалық  құрылымдарды  нормаға  сай  қолдануларына  себін 
тигізеді.  Қазақ  тіліне  алғаш  үйретіле  бастағаннан-ақ  балаларды  тілдік 
қатысымға  енгізетін  кіші-гірім  грамматикалық  құрылымдағы  сөйлемшелер 
алынады.  Балалардың  сол  тілде  коммуникативтік  тілдік  қатынасқа  түсу 
мүмкіншіліктеріне  қарата  күнделікті  режимдік  сәттерде  және  арнайы 
сабақтарда төмендегідей грамматикалық құрылымдар беріледі: 
а) Морфологиялық сөз тұлғалары: 
1. Жіктеу есімдіктері: мен, сен, ол; 
2. Сұрау есімдіктері: кім. не, қайда, шеше, нешеу; 
3. Сан есімдер: реттік-1-10-ға дейін, топтау-1-7 ге дейін;  
4. Сын есімдер: кішкентай, үлкен, жақсы, әдемі, дәмді, ащы, т.б. қатыстық 
және түр-түсті білдіретін сапалық сын есімдер; 
Үстеу сөздер: биік, аласа, жоғары, төмен. 
ә) Қазақ тілі жалғаулары: 
1.  Көптік  жалғаулар.  Зат  есім  мен  есімдіктерге  көптік  жалғауларды 
жалғап үйрету: қуыршақ-қуыршақтар; сен- сендер, ол-олар; 
2. Жіктік жалғаулары. Зат есім мен етістіктердің жіктелуін үйрету. (Мен-
Анармын. Сен-Олясың. Қоян келді. Ол сәбіз жеді.  
3.  Тәуелдік  жалғаулар.  Заттың  өзіне  нее  басқаға  меншіктілігін 
білдіретінін  меңгерту.  (Менің  досым.  Сенің  үйің.  Қуыршақтың  қолы,  басы, 
шашы, т.б.) 
4.  Септік  жалғаулар.  Зат  есім  мен  жіктеу  есімдіктерін  жіктеп  сөйлету. 
Доптың түсі қандай? Сенің көйлегің әдемі. 
б) Қазақ тіліндегі сөз тіркестерінің қарапайым түрлері: 
1.  Сын  есім  мен  зат  есімнен  жасалатын  сөз  тіркестері:  (Әдемі  қуыршақ. 
Қызыл алма). 
2. Сан есім мен зат есімнен жасалатын сөз тіркестері (екі алма, екі қалақ). 
3. Үстеу мен түбір етістіктен жасалатын сөз тіркестері: Тез жүгір. 
Жай сөйле. Ақырын жүр. 
4.  Үстеу  мен  септелген  зат  есімнен,  жіктелген  етістіктерден  жасалатын 
сөз тіркестері. Қазір келдім. Оңға бұрыл. Машинаға мін. 
5. Септік жалғауындағы сөздер мен етістіктен жасалатын сөз тіркестер. 
Үйдің терезесі. Ваняның шешесі. Автобуспен келдім. 
в) Сөйлемнің қарапайым типтік құрылымдары: 
1. Бұйрық райдағы етістік тұлғалы сөйлемдер: Нан же. Шай іш. 
2.  Баяндауышы  кім?  не?  сұрақтарына  жауап  беретін  атау  тұлғалы  жай 
сөйлемдер: Мынау кім? Мынау қыз.  
3.  Баяндауышы  қандай?  сұрағына  жауап  беретін  тәуелдік  жалғаулы 
сөздермен тіркескен жайылма сөйлемдер: Сенің бөлмең қандай? Менің бөлмем 
кең және таза. 
4.  Баяндауышы  қайда?  сұрағына  жауап  беретін  жатыс  септігіндегі  зат 
есімнен жасалған жалаң сөйлемдер: Бала қайда? Бала балабақшада. 

 
51 
5.  Баяндауышы  сан  есімнен  жасалған  сөйлем  құрылымдары:  Қол  екеу. 
Сәбіз бесеу. 
6. Баяндауышы не істеді? қайтті? Деген сұраққа жауап беретін етістіктен 
жасалған сөйлем құрылымдары. Асан су ішті. Оля ойнады. 
7.  Бар,  жоқ,  аз,  көп  сөздерінің  қатысымен    жасалатын  сөйлем 
құрылымдары. Доп бар, қуыршақ жоқ. 
8.  Үш-төрт,  одан  да  көп  сөздерден  тұратын  жайылма  сөйлем 
құрылымдары. Вова гүлге су құйды. Сәния кітапты сөреге қойды. 
г) Қарапайым құрмалас сөйлем құрылымдары: 
1. Компоненттері қарсы мәндес құрмалас сөйлемдер: Менің добым үлкен, 
Оляның добы кішкентай. 
2.  Мезгілдес  салалас  сөйлемдер.  Миша  сурет  салды,  Марат  машинамен 
ойнады. Саша, машинаға отыр. 
3.  Бастауышы,  не  баяндауышы  бірыңғай  мүшелі  сөйлем  құрылымдары. 
Алма, өрік, жүзім-жемістер, ал құлпынай, қарақат-жидектер. 
4.  Кім,  не  сұрау  есімдіктерінің  «керек»,  «керек  емес»  сияқты  модаль 
етістіктермен  байланысындағы  сөйлемдер:  Оляға  не  керек,  саған  не  керек?  
- Оляға дәптер керек, маған өшіргіш керек.  
Балабақшада өткізілетін қазақ тілі сабақтарында грамматикалық тұлғалар 
ереже  түсіндіру  жолымен  жүргізілмейді.  Балалардың  қазақша  сөйлей  бастауы 
негізінен  еліктеу  әдісімен  жүзеге  асады  «Қуыршақты  тамақтандырайық», 
«Қуыршақты жуындырайық» , «Қуыршақты  ұйықтатайық» атты дидактикалық 
ойындарға  қатыстыра  отырып:  «Шай  (шырын,  компот)  іш.  Нан  (тәтті  нан, 
бауырсақ) же. Қолы кәне? Қолын жу. Беті кәне? Бетін жу; Мынау қуыршақтың 
көрпесі.  Мынау  кереуеті.»  тағы  осы  сияқты  жоғарыда  келтірілген 
грамматикалық  тұлғаларға  негізделген  сөйлемдер  арқылы  балалар  қуыршақ 
кейіпкерлердің сөздеріне еліктете отырылып, сөйлеуге қатыстырылады. 
Грамматикалық  формаларды  балалар  ойын  түрінде  сабақ  жүйесінде 
бірізді  қайталап  отырса,  ол  формалар  автоматты  түрде  санада  жаттала  береді. 
Ал  сөйлесуге  қажетті  формалардың  өлеңді  мәтіндерде  қайталанып  берілуі  – 
коммуникативті  қатысымға  да  балалардың  автоматты  түрде  жетуіне  негіз 
болады. Балаларға жыр арнаған  белгілі автор Қ. Ыдырысовтың  «Жақсы көру» 
деп аталатын өлеңі тәуелдік жалғауын бекітуде тиімді өлең. Баласын айналып –
толғанған    әжесінің  сөздерін  кейіпкерлендіру  тәсілімен  балаға  айтқызу  кейін 
оның  кез  келген  жақсы  көру  сөздерін  еркін  меңгеріп  әкетуіне  жол  ашады. 
Шығарма мәтіні:  
– Жүрегім менің? (кім?) 
– Мен. 
– Тірегім менің? 
– Мен. 
– Жаным менің? 
– Мен. 
– Сәнім менің? 
– Мен 
– Ботақаным, бағыланым, қозым, 

 
52 
Не деген тәттісің өзің? 
Осы іспеттес М. Әлімбайдың «Тісім» атты өлеңі арқылы  1-жақтағы  
тәуелдік  жалғауын: 
Тісім қышып болды, 
Кетіктерім толды. 
Аузымды  кең  ашып, 
Күле  аламын  енді. 
Тісім түгел  шықты, 
Әрі  тастай мықты. 
Ж.Смақовтың «Бөпем» атты өлеңі арқылы тәуелдік жалғауының  
үшінші, бірінші жақ формарын: 
Көзі,                        Үлкен іші. 
Өзі,                           Өзіме ұқсайды 
Басы,                        Түсі. 
Қасы,                        Аяғы, 
Қолы,                       Бірақ жоқ, 
 
Басынан,                  Аузында  тісі. 
Қасынан,                 Бұл кім? 
Көзінен,                   Бұл менің 
Өзінен,                     Бөпем.   
Мүбәрак Жаманбалиновтың  «Түймедей-ақ көзіммен» атты өлеңі арқылы 
І жақтан айтылатын тәуелдік, жіктік жалғауларын: 
Түймедей-ақ көзіммен 
Анамды да көремін. 
Түймедей-ақ көзіммен  
Атамды да көремін. 
Түймедей-ақ көзіммен  
Ауылымды да көремін. 
Түймедей-ақ көзіммен 
Ай-күнді де көремін 
Ермек  Өтетілеуовтің  «Санамақ»  өлеңі  арқылы  топтау  есімдіктері  мен 
қатар  1-жақтағы  жеке,  көпше  тәуелдік  тұлғасын,  «мен»,  «сен»,  «біз»  жіктеу 
есімдіктерін:  
– Бір үйде біз нешеуміз? 
– Кел, санайық екеуіміз,-дейді 
(Саусақтарын санап) 
– Бас бармағым - әкем, 
–.Балан үйрек – ағам, 
– Ортан терек-шешем, 
– Шүлдір шүмек-сен, 
– Кішкентай бөбек-мен. 
Жақан Смақовтың «Жалауша» өлеңінің тілі арқылы 1,2 - жақтың көпше 
түріндегі жалғаулы тәуелдік, жіктік тұлғаларын бекіте аламыз: 
«Бала, бала, балақан, 

 
53 
Қане, қайсы алақан? 
Саусақтарың әйбат, 
Былай, былай, ойнат. 
Күндей жайнап алаулар, 
Қолымызда  жалау бар. 
Жалаушамыз  жайнап, 
Би билейміз ойнап. 
Топ-топ, топ-топ басайық. 
Жалаудан күн жасайық. 
Жаса, жаса, жарқын күн, 
Жаса, жаса, алтын күн!» 
Қазақ тілін модульдік оқыту жүйесімен оқытуда балалардың жинақтаған 
білімін қорытындылау, бекіту тәсілдері қажет. Тіл дыбыстарын үйретілген сөз 
қорын  бекітумен  жалпы  сандық,  сапалық  мониторинг  жүргізу  кезінде 
байланыстыра  бекітуді  ойластырсақ,  тақырыптық  өлең-әңгімелерді  оқып, 
мазмұнын  аудартуға  болады.  Атап  айтқанда,  бұл  орайда  ойыншықтар  туралы 
әңгімелесе отырып, Серікбай Оспановтың «Балалар бақшасы», Е. Өтетілеуовтің 
«Санамақ»,  М.  Жаманбалиновтың  «Көрші  ата»,  «Құлыншақ»,  т.б. 
шығармалардың тиімді екендігіне тәжірибеде көз жеткізіліп отыр. 
Өлеңдерді  дидактикалық  материалдар  ретінде  қазақ  тілін  басқа  ұлт 
балаларына  қабылдатқанда,  кейбір  шумақтарының  орындарын,  не  аударуға 
қиын сөздер мен тіркестерді жеңілдеуімен ауыстыру керек. 
«Қ»,  «Ғ»,  «Ұ»,  «Ү»,  «Ң»  дыбыстарының  айтылуын  сөздердің  бірыңғай, 
жуан  немесе  жуан  айтылуын  жаттықтыруға,  авторлардың  өлеңдегі  бас 
кейіпкермен сөйлесе  отырып  жазған туындыларын қолданған абзал. Осы өлең 
жолдары  арқылы  бала  жеке  өз  атынан  кейіпкермен  тілдеседі.  Мысалы, 
М.Жаманбалиновтың  «Құлыншақ»  және  Ж.Смақовтың  «Құлын»  өлеңдерін 
салыстырып түсіндіру және жаттату тиімді: 
Құлын, құлын,                                Құлын, құлын, 
Құлыншақ.                                      Құлыншақ. 
Желбірейді тұлымшақ,                  Желкілдейді тұлымшақ. 
Маңдайында-жұлдызы.                 Ұмытпа, ұлым, 
Құйрығында-құндызы.                  Жылқы баласы- құлын. 
Өлең  шығармаларды,  ертегілерден  алынған  үзінділерді  балалардың 
хормен  қайталап  бірнеше  рет  орындауына  ыңғайлап,  тудырылған  жағдаяттар 
мен арнайы ойын-жарыстар барысында қайталатуға болады. 
Қадыр  Мырза  Әлінің  «Балақай»  деп    аталатын  өлеңі  бала  жасында  жиі 
ойналатын 
қимыл 
ойындарға 
лайық. 
Мәтініне 
қарай 
балалардың  
қимылдарының жасалуы өлеңнің ырғақ жағынан дұрыс шығуына ықпал етеді. 
 – Орманға барамыз! 
– Алақай! 
– Бүлдірген тереміз! 
– Алақай! 
– Айға ұшып барамыз, балақай. 
– Кел, ағаш жарамыз, балақай, 

 
54 
– Әй, ата-ай! 
Көрініп  тұрғандай,  бір  топ  баламен  өлеңді  сахналап  көрсетуге  болады. 
Өлең  мазмұны  әрі  қарай  сан  алуан  сұрақтарға  сұранып  тұр.  Орманда  нелер 
өседі? Ат не жейді? Орманда қандай ағаштар, жемістер өседі? Ата қандай адам, 
балалар  қандай?,  тағы  осы  сияқты  қосымша  сұрақтарымен,  балаларды 
сөйлетуге  өте  лайықты  осындай  шығармаларды  поэзия,  проза  жанрында  да 
іздестіре  білу  ләзім.  Тек  қана  олардың  мазмұны  жас  бүлдіршіндер  үшін 
тартымды болуы керек.  
Жинақтап айтқанда, сөздік қорды қалыптастыру, дыбыстарды анық, таза  
айтуға  үйрету,  көптеген  жеңіл  грамматикалық  формалар  да  өлең  жолдарынан  
табылады.  Ал  байланысты,  жүйелі  сөйлеу  бұларсыз  жүзеге  аспайды.  Тіл 
міндеттерінің ішінде негізгі міндет қай ұлт баласының болмасын өз ойын қара 
сөзбен байланыстыра жеткізе алуы, ойын жүйелеуден, қазақ тілінің табиғатына 
терең  барудың,  зерделеудің  негізінде  нақты  жүзеге  асады.  Байланыстырып  
сөйлеуге  үйрету  практикалық  түрде  көп  жаттығудан,  мұғалімнің  тіл  үйренуші 
баланы  көп  жаттықтыруынан  басталады.  Бұл  үшін  диалог  пен  монологтың 
құрылымы, құрылуы жайында теория деректерін ескерген жөн.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
55 
IV ТАРАУ 
БАЛАЛАРДЫҢ БАЙЛАНЫСТЫРЫП СӨЙЛЕУ ТІЛІН 
ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
 
1.
 
Байланыстырып сөйлеуге үйрету туралы түсінік  
Бала  табиғатының,  жаратылысының  жалпы  табиғи  мүмкіндігінің  бір 
белгісі – кіші жас кезеңіндегі сөзге құлақ қойғыштық қабілет нышандары. Тәні 
таза,  жаны  сау  бала  қалай  жетілсе,  тілі  де  солай  жетіледі.  Бастауыш  сыныпта 
қазақ тілін оқыту әдістемесін жасаған әдіскер ғалымымыз С. Рахметова:  «Бала 
тілді  ешбір  ереже  білмей-ақ,  оқымай-ақ  сөздерді  қиыстырады,  сөйлемдер 
құрастырады, ойын жеткізе алады. Мұның барлығы ауызша сөйлеу шеңберінде 
ғана.  Бірақ,  өкінішке  орай,  біздің  мектептерімізге  келетін  балалар  отбасының 
сөйлеу  дәрежесінде  екенін  естен  шығармауымыз  керек.  Қазіргі  мәселе–
балалардың ана тілін еркін меңгеруіне, сөзді таза қолданып, дұрыс құрастырып, 
сөз  тіркестері  мен  сөйлемдерді  өзара  жүйесімен  құрастырып  жеткізе 
бермейтігінде.  Көбінесе  олардың  сөздері  жаттанды,  не  орысшадан  тікелей 
аударған күйде келеді», - деп жазды [45]. Бұл үшін әдістемеде не істеліп келген 
және  не  істеліп  жатыр?  Бұл  сұраққа  жауап  бере  қою  да  оңай  емес.  Өйткені 
қазақ тілін орыс аудиториясында оқыту бойынша алғаш ғылыми еңбек жазған 
әдіскер  ғалымымыз  Ш.  Сарыбаев  сабақ  практикалық  сабақ  болмайынша,  яғни 
сабақ  сөйлеу  сабағы  болмайынша,  сол  тілде  үйренушінің  байланыстырып 
сөйлеуі жүзеге аспайтынын кезінде ескерткен болатын. 
Байланыстырып  сөйлеудің  екі  формасы  бар:  өзара  ауызекі  сөйлесу  және 
ойды  өз  атынан,  өзге  адамның,  не  кітап  мазмұны  бойынша  ауызша  әңгімелеп 
айтуы. Бұл мәселе орыс тілді аудиторияда да, қазіргі қазақ тілді аудиториядағы 
орысша сөйлейтін балаларда бірдей дамытуды қажет етеді. 
Сөз  –  ойдың  сыртқы  формасы.  Ойың  орысша  болса,  қазақша  ой  жеткізе 
қою  қиын.  Байланысты  тіл  деп,  кем  дегенде,  үш,  әйтпесе  одан  да  көп 
сөйлемдерден  тұратын  ойды  жүйелі  құрастырылған  мәтінмен  жеткізуді 
айтамыз. 
Байланыстырып сөйлеу тілін жетілдіруде нәтиже шығару үшін, сол тілде 
баланың сөздік қорының мол болуына қол жеткізілуі керек.  
Тіл  негізінен  табиғи  түрде,  табиғи  қалыптасқан  ортада  дамытылатын 
құбылыс  екендігі  белгілі.  Дей  тұрғанмен,  екі-үш  тіл  қатарынан  қолданылатын  
ортада  бір  тілдің  екіншісіне  кедергі  келтіретіні,  бір  тілдің  екіншісін  басып 
тұратыны байқалады. Сондықтан да тілді жасанды түрде де меңгерту мәселесі 
туындап  отыр. Ол үшін қандай  жолдар керек? Үй-ішінде тілі  орысша шыққан 
баламен  ата-анасы  ана  тіліне  аударма  түрде  сөйлесуі  керек  пе?  Жоқ,  басқа  
жолдарын қарастырамыз ба? Сұрақтар, кедергілер көп. Балалардың байланысты 
сөйлеуі  қазақ  тілі,  тіл  дамыту,  қоршаған  ортамен  таныстыру  сабақтарында 
біртіндеп  үйретіледі.  Балаға  әр  сабақта  берілетін  сөздерді  өзге  сөздермен 
мағыналық  байланысқа  түсетіндей  етіп  беру,  баланың  келесі  сабақта  сол 
сөздерден  тіркестіріп  бір  ой  шығаруға  болатынын  түсінуін  қамтамасыз  ету  – 
олардың  байланыстырып  сөйлеуін  қалыптастырудың  басты  жолы.  Жеке 
сөздерді,  бір  ғана  ұғым  не  бірнеше  мағына  беретін  сөз  бен  сөз  тіркестерін 

 
56 
сызбадан, таңбадан көзбен көріп, көңілмен мейірлене қабылдағанда ғана балада 
байланыстыра  сөйлеу  пайда  болады.  Кеңес  заманы  тұсында  одаққа  кіретін  он 
алты  республиканың  балабақшаларына,  мектептің  бастауыш  сынып 
оқушыларына  қанық  бояулы  қабырғаға  ілетін  суреттер  топтамалары  [46] 
шығарылып  тұратын.  Балалар  тақырыптық  суреттерді  пайдаланып,  көрмеген 
самолеттерінің,  метролардың,  т.б.  аттарын  біліп  алатын,  көрмегендерін  
көңілдерімен армандап, сөйлемдер құрастыратын. Бүгінде компьютерді, суретті 
кітапшаларды  қолданып,  балалармен  үлкендер  мемлекеттік  тілде  сөйлесіп, 
үйреніп    келе  жатқанын  мадақтап,  бағалап  отыру  республикада  тіл  саясатын 
тұрақтандырудың  бірден-бір  амалы.  Қазақ  тілін  ана  тіліндей  құрметтеп, 
мемлекеттік тілде балабақшадан бастап ауызша сөйлету негізі бағдарламаға сай 
етіліп, дұрыс салынса, байланыстыра сөйлеу мақсаты сонда нақты орындалады. 
Баланың  байланыстырып  сөйлеуіне  қажетті  құралдардың  түр-түрлерін 
компьютермен  жасап  алудың  жолдары  көп.  Әрбір  тақырыптық  лексикалық 
тілдік материалдар өтілгеннен соң, балалардан ауызша сөйлеу тестілері алынуы 
керек.  Топ  балаларының  айналасындағы  қарым-қатынас  нысандарына  сәйкес 
мазмұнды тақырыптық суреттер, жергілікті және балалар әдебиетіндегі классик 
жазушылардың  шығармашылығынан  лайықты  мәтіндер  топтамасы  әзірленуі 
балаларды байланыстырып, өз ойларын қазақ тілінде жеткізуге ыңғайлайды.  
Сонымен, тіл дамытудың үш бағыты әр деңгейде, әрбір оқыту сатысында  
баланы сөйлеуге жетелейтіндей деңгейде ұсталуы керек. Олар: 
1. Балалардың лексикалық минимумының сөйлеуге бағыттайтындай етіліп 
беріліп, олардың жетілдіріліп отырылуы;  
2.  Балалардың  қарапайым  грамматикалық  білім  деңгейлерінің  әр  сабақта 
бекітіліп,  жетілдіріліп  отырылуы,  яғни  әр  мәтіндегі  әр  тіркестің,  сөйлемнің 
байланысына  назар  аудартып  отыру.  Осы  екі  деңгейдің  грамматикалық,  
орфоэпиялық,  мәнерлілік  просодияларын  ұстанған  бала  ғана  байланыстырып 
сөйлеу деңгейіне  жете алады. Осылардың сан алуан әдістерін сабақ мақсатына 
қарай таңдай білу– қазақ тілі мұғалімінің кәсіби міндеті. 
Сөйлетуге  үйретудің  арнайы  шарттары  бар.  Барлық  оқыту  сатыларында 
оқытуда ол әрдайым екеу: біріншісі–адамға өз ойын басқаға сол тілде білдірудің 
қажеттігі  болуы;  екіншісі–сөйлеушінің  басқа  адамға  жеткізетін  мағлұматы 
болуы.  Бұл  орайда,  топ  ішінде  өткізілетін  сөз  жарыстары,  балабақшада  «Біз  
мемлекеттік  тілде  сөйлесеміз»  атты  арнайы  күндер  мен  апталықтардың 
ұйымдастырылуы,  жол  көліктерінде,  телефон  байланыстарында,  тұрмысқа 
қажетті  қоғамдық  орындарда  тілдік  қатысымның  мемлекеттік  тілде  орныға 
бастауы негізгі шарттар болмақ. 
 
2. Диалогты және монологты сөйлеуді үйрету әдістері 
Сөйлеу өзінің ішкі түрі мен мазмұнына қарай диалогты және монологты 
сөйлеу  болып  екіге  бөлінеді.  Диалог  гректің  dia  –  бірнеше  және  logos  –  сөз, 
сөйлеу  дегендерінен  шыққан,  яғни  бірнеше  кісінің  сөйлеуі  дегенді  аңғартады. 
Шынында,  диалогтық  сөйлеу  кемінде  екі  адам  арасындағы  сөзге  байланысты 
құрылады. Сөйлеу түрі түрліше болып келеді. Сөйлеушінің хабарына қарай олар 
біріне-бірі  қақпайлап,  реплика  тастап,  сұрақ  қойып,  оған  тиісті  жауап  алып 

 
57 
отырады.  Бірінің  сөзін  бірі  қайталап,  оны  қуаттай  сөйлеп,  сөздер  мен 
сөйлемдерді тұжырымдай түседі.  
Диалогты сөйлеу тіліне практикалық тұрғыдан үйренуге тиісті орындарды 
пайдаланып  отырған  жөн.  Ал  арнайы  ұйымдастырылатын  қазақ  тілі 
материалдарын  оқыту  үдерісінде  балалардың  қазақ  тілінде  сөйлеу,  жазу 
дағдыларын  арттыру  мақсаты  іске  асырылады.  Бұл  мақсатта  балаларға 
мазмұнды суреттер тарату, белгілі тақырыпқа ауызша әңгіме жоспарын құрату, 
тірек  сөздер  жиынтығын  бекіткен  соң  өзара  тілдік  қатысымға  түсіру,  тілге 
үйреніп жатқан топ атынан хат мәтінін құрастыру, телефон, телеграф, теледидар  
ойындарын  ойнату,  әр  түрлі  тақырыптық  әңгіме-сұқбат,  саяхат,  мұражай  
қызметкерлері  туралы  сахналық    қойылымдар  сияқты  әңгіме  әдістері  арқылы 
балалардың  сол  нысандарға  деген  қызығушылығы,  белсенділігі  артады. 
Олардың тілден алған теориялық білімі іс жүзінде пысықталып отырады. Әңгіме 
-  диалог  сөйлеудің  бір  түрі  есебінде  әрі  теориялық,  әрі  практикалық  жұмыс 
жүйесі үшін пайдаланылады. 
3-4  жастағы  балалардың тілдік  ерекшеліктерінің  бірі–тілдік  міндеттердің 
бұл жаста күрделене берілуі. Өйткені «Баланың өзі лингвистік қабілетке бейім 
келетін тұсы» деп зерттеуші К. Чуковский бағалаған кезең–осы кезең. 4 жастың 
аяғына қарай балалардың жеке қабілеттері айқындала бастайды, сөйлеу тілі бір 
деңгейде  дамып  келе  жатқан  балалардың  өзінде  бір-бірінен  айырмашылықтар 
байқалады.  Себебі  балаларға  берілетін  дидактикалық  материал  балалардың 
психикасының  осы  құпия  кезеңінде  өте  әсерлі  болуы  керек.  Оның  бейнелеп, 
әсемдеп  сөйлеуіне  алғы  шарт  болатын  үлкеннен  естіген  әсерлі  әңгімесі, 
айналадан  көрген  әсем  табиғат  сұлулығы,  суреттің  таңғажайып  колориті, 
персонаждардың айқын көңіл-күй, қимыл-әрекеттері –бәрі-бәрі ықпалды болса, 
бір  баланың  тілін  екіншісінен  артық  етеді.  Бала  өмір  сүретін  әлеуметтік  орта 
әсері  оның  қандай  мозаика  сала  алатынын,  қандай  суретті  қабылдап  ой  түйе 
алатынын  үйрететін  болады.  Зерттеушілердің  айтуынша,  үлкендер  балаларға 
осы  жаста  мазмұнды,  әсерлі  ынтымақтастық  құра  алса,  баланың  әңгімелеп 
сөйлеу тілі бірден қалыптасады. Бұл жетістік баланың 5 жасындағы монологты 
сөйлеуін,  6  жаста  кез  келген  тақырыпқа  әңгіме  құрастыра  алуын  еркін 
қамтамасыз  етеді.  Әрине,  бұл  кезеңдер  [47]  -  тілі  ана  тілінде  шыға  бастаған 
балалардың тілдік дамуының деңгейлік кезеңдері. 
Мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  тілін  қазақша  дамыту  алдымен 
тәрбиеші-педгогтің өз сөзінің мәнеріне, тілінің тазалығына, мәдениетті сөйлеу 
қабілетіне  байланысты.  Бала  тілінің  дамуына  тікелей  басшылық  жасау 
үйретушінің өз кәсібіне деген қызығушылығы мол болуы үшін оның теориялық 
білімі тереңдетіліп отыруы керек. Өкінішке орай, ана тіліміздің даму барысын 
ғылыми  негізде  сипаттап  жазған  еңбектер  [48]  бүгінде  шамалы,  ал  суреттер 
топтамасы енді ғана шығарыла бастады.  
4-ке  қараған  балаға  берілетін  тапсырманың  күрделігі  тәрбиешінің  оған 
көмекке  келуімен  жеңілдетілгенмен,  әр  баланың  жеке  мүмкіндіктері  әр  түрлі 
болатындықтан,  көптеген  мәселелерді  ескеруге  тура  келеді.  Алғашқы 
сабақтардың  өзінде  тәрбиеші  балаларды  еркін  түрде  жауап  қатуға  тартады. 
Оларға өз тұрмысы, жақын адамдарының еңбегі, оларға көмегі жайында айтып 

 
58 
берулерін  сұрайды.  Жекелеген  заттарды,  жеке  заттар  салынған  суреттерді 
сипаттауға  баулиды,  «сөз»  туралы,  «дыбыс»  туралы  түсініктер  береді.  Сөз 
ішінен  белгілі  бір  дыбысты  дәл  табуға  үйренеді.  Өлеңдерді  мәнерлеп  жатқа 
айтуы  кезінде  балаларға  түрлі  ойыншықтар  беріліп,  үстелдің  жанына  келіп 
оларды  сипалап,  қозғалтып  сөйлеулеріне  еркіндік  беріледі.  Балалар  топтағы 
картиналар топтамалары бойынша әңгіме құрастырады. 
Міндетті түрде картина қарастыру кезінде балаға айтылуы қиын дыбысты 
бірнеше  рет  айтқызып  жаттықтыру  тапсырмасы  ескеріліп  отырылады.  Әрбір 
айдың  1-2  күнін  сурет  қарастырып  әңгіме  құрауға  жоспарлау  балалардың 
сүйікті әдетіне айналғанда, баланың ауызша сөйлеу тілі тиісті нәтиже бермек.  
Кішкентайлар  тобында  қарастырып,  тапқан  картиналар  топтамасы,  атап 
айтқанда,  «Тіл  дамытуға  арналған  дидактикалық  үлестірмелі  материалдар» 
(1987),  «Суретті сөздік»  (1989),  С. Веретенникованың  «Домашние  животные», 
В. Ватуринаның «Мы играем», О. Соловьеваның «Картины для детских садов» 
деген    кеңестік  кезеңдегі  сурет  сериялары  мен  картиналар  алуан  түрлі  болып 
келді.  Қазір  ол  суреттер  жаңа  техникалық  құралдардың  түрлерімен 
толықтырылғаны  болмаса  [49],  өмірдегі  бұрыннан  бар  құбылыстардан  алысқа 
кете  қойған  жоқ.  Қазақ  халқының  ұлттық  салт-дәстүрлері  мен  Қазақстан 
Республикасының  жаңа    рәміздерімен  толықтырылды.  «Біз  текшелермен 
ойнаймыз»  (Е.И.  Радина),  «Біз  шана  тебеміз»  (Е.Г.  Батурина),  «Тройлейбус 
және  ойыншықтар»  (Э.П.  Короткова),  «Мысық  мәулендерімен»,  «Тауықтар» 
(С.А.Веретенникова)  сияқты  суреттерге  [50]  бүгіндері  жаңа  мазмұнды 
картиналы  авторлық  ертегілер  «Таба  нан»  (Р.  Айсаров),  «Мақта  қыз  бен 
мысық»  (Әуелбаева  С.),  т.б.  қосылды.  Сол  сияқты  топта  ойнатылатын 
«Телехабар  даярлайық»,  «Қыдыр  атаның  сыйлықтары»,  «Открыткалар 
дүңгіршегі», т.б. драматизациялық ойындарға әзірленген  үлестірмелі суреттер 
бойынша сипаттама әңгімелер құрату да тәжірибеге енгізіліп келеді.  
Ақыл-ой  тәрбиесінің  негізгі  болып  табылатын  тіл–өмір  шындығын 
таныту  құралы.  Сөз  өнеріне,  тіл  байлығына  тәрбиелеу  ісі  баланың  ең  жас 
кезінен  басталуы  заңды  болмақ.  Бұл  жағдайлар  көрнекті  психолог-педагог 
ғалымдардың  сәби  тіліндегі  ерекшеліктері  мен  заңдылықтарды  зерттеу 
мәселесіне арналған еңбектерінде [51] баланың сөз қорын, сөйлеу тілін дамыту 
оның  психологиялық  процестерін  (ойлау,  қабылдау,  елестету,  түйсіну,  т.б.) 
жетілдіруге тікелей әсер  ететіндері жан-жақты дәлелденген. Бұрынғы одақтың 
және  кейінгі  жылдары  республика  ғылыми-зерттеу  лабораторияларында 
жүргізілген  эксперимент  нәтижелері  [52]  мектеп  жасына  дейінгі  балалардың 
сөздік  қорларының  даму  мөлшерін,  кейбір  балалардың  сөйлеу  тіліндегі 
ерекшеліктерді,  сөз  түсіну  және  грамматикалық  тұлғаларды  немесе  жүйелі 
байланысты сөйлеу дағдыларын меңгерту, тағы да басқа тіл меңгеру үстіндегі 
психикалық процестерді анықтағанын көреміз. 
Балаларды  диалог  немесе  сөйлеу  тіліне  үйрету  —  әңгімелесу  (сөйлесу) 
түрінде де, балалардың үлкендермен немесе өзара сөз қатынасына түсу түрінде 
өтеді. 
Мектеп  педагогикасында  әңгімелесу  деген  сөздің  терминологиялық, 
мағынасы  кез  келген  бір  пән  —  табиғаттану,  тарих,  көркем  жазу  және  т.  б. 

 
59 
бойынша  теориялық  білім  берудің  әдістерінің  бірі  екені  мәлім.  Әңгімелесу 
процесінде  әңгімелесу  шеберлігі  артатыны,  диалог  жүрізу  қабілеті  дамитыны, 
демек,  тілдің  тиісті  синтаксистік  формалармен,  сондай-ақ  болмыстың  белгілі 
бір  саласын  бейнелейтін  лексикамен  байитыны  назарға  алынбайды.  Басқаша 
айтқанда,  тілдік  акт  ретінде  мектептегі  әңгімелесу  нақты  мақсат  емес,  білім 
беру құралы; ал балалардың тілін әңгімелесу процесінде байыту жай қосымша 
пайдалы құбылыс ретінде қабылданады. 
Мектеп  жасына  дейінгі  мекемелерде  әңгімелесу  баланың  байланыстыра 
сөйлеу  қабілетін  дамыту  үшін  жүргізіледі.  Бірақ  тіл  міндетті  түрде  шындық 
құбылыстарды  бейнелейтін,  белгілейтін  болғандықтан,  мектепке  дейінгі 
мекемелерде  өткізілетін  әңгімелесулер  мектептердегідей  білім  береді. 
Тәрбиешінің  айтқан  мазмұны    «Балалар  бақшасындағы  тәрбие  бағдарламасы» 
[53]  бойынша  анықталады.  Әңгімелесулер  әр  жағдаятта,  әр  келкі  тақырыпта 
өткізіледі. Мысалы .: 
1) баланың өзі туралы (Айканың мұрны кәне? Мұрнынды керсетші»); 
2) отбасы  туралы («Сен кімді жақсы көрересің? — «Әкеңді ме?»; «Әкеңді 
қалай  жақсы  керетініңді  көрсетші»;  ал  кейінірек  :  «Сенің  әке-шешең  кімдер, 
қайда  істейді?»  —  «Менің  әкем  жүргізуші    болып  жұмыс  істейді.  Мен  де 
әкемдей  боламын»;  бұдан  кейін:  «Сен  өскенде  кім  боласың?»—  «Мен  әкем 
сияқты инженер боламын. Менің әкем жұмысты жақсы істейді»;  
3)  осылайша  балалар  бақшасындағы  ересек  адамдардың  еңбегі  туралы 
(аспаздар, аула тазалаушылар, күтушілер, т. б.); 
4)  тұрмыстық  және  еңбекке  керекті  заттар  туралы  (үй  жиһаздары,  ыдыс-
аяқ,  киім,
 
еңбек  құралдары  және  т.  б.  Не  үшін  керек,  неден  жасалған,  түсі 
қандай, т.б.; 
5)  жылдың  әр  маусымындағы  табиғат  көріністері  туралы    (жанды  және 
жансыз өсімдіктер, жабайы аңдар, үй жануарлары);  
6)  қоғамдық  өмір  туралы:  атақты  адамдар  туралы,  еңбек  ардагерлері, 
Отанды  қорғау  жолында  ерлік  көрсеткен  батырлар  туралы,  елбасы  Нұрсұлтан 
Назарбаев туралы әңгімелесуге болады. 
Тәрбиеші балалармен күнделікті  қарым-қатынас жасау барысында ерекше  
етіп өткізген әңгімелеріне балаларды алдын  ала әзірлеп, арнайы сабақ ретінде  
де жүргізеді. Әзірленген әңгімелесу деп аталатын осы форманы ажырату үшін 
тәрбиешінің айтқанын қайталауға құрылған  «Әзірленбеген әңгімелесулер» деп 
те атаймыз. 
Әзірленбеген әңгімелесулер, мысалы, балаларды жуындыру кезінде, тамақ 
ішкенде,  серуенге  шығуға  жиналып  жатқанда,  серуендеп  жүргенде,  ойын 
үстінде,  еңбекпен  шұғылданғанда,  т.б.  уақыттарда  өтеді.  Әзірленбеген 
әңгімелесулер  деген  сөз  балалар  тұрғысынан  алып  айтқанда,  өз  мәніне  ие 
(себебі  олар  тәрбиешінің  өздерімен  не  туралы  сөйлесетінін,  көңілдерін  не 
нәрсеге  аударатынын  білмейді),  ал  тәрбиеші  болса,  міндетті  түрде  осы  жағ-
дайлардың  бәріне  алдын  ала  дайындалған  болуы  тиіс,  өйткені  ол  —  арнайы 
мамандық алған балалармен сөйлесе алу шеберлігін меңгерген адам. Кез келген 
жағдайлары  әр  сөзімен  ол  балаларды  өз  ана  тілін  дұрыс  сөйлеуге  баулиды. 
Тәрбиеші өз ана тілінің синтаксистік құрылысын, дауыс ырғақтарының айтылу 

 
60 
мәнерін жақсы білуге тиіс: егер олай ете алмаса, онда ол бұл салаға жарамсыз 
болып есептеледі. Сөйтіп, тәрбиеші күнделікті қызмет бабымен қарым-қатынас 
жасау қажеттілгінен туындайтын балалармен арадағы әңгімеге грамматикалық 
формалар  іздеп,  өз  сөзінің  әуенділігін  (фонологияны)  қарастырып  арнайы 
дайындалмайды, өзінің тіл құбылыстарын айыра білетін қабілетіне сенеді, бірақ 
та ол әр әңгіменің тақырыбын күні бұрын әзірлеуге тиіс. 
Әңгіменің тақырыбын тәрбиеші өзінің күнделігіне бірді-екілі сөзбен күндік 
жұмыс  жоспарына  жазып  қояды.  Мысалы,  «Балалар  бақшасындағы  тәрбие 
бағдарламасында» сәбилер тобында:: 
1.
 
Балабақша бөлмелері туралы; 
2.
 
Балабақша қызметкерлері туралы; 
3.
 
Бөлмелердегі жұмыс түрлері туралы; 
4.
 
Балабақшадағы өздерінің күн тәртібі туралы; 
5.
 
Мезгілге қатысты киімдер туралы; 
6.
 
Табиғат бұрышындағы кезекшілік туралы; 
7.
 
Ойындардың шарттары туралы; 
8.
 
Жылдың төрт мезгіліндегі өзгерістер туралы; 
9.
 
Отбасы туралы; 
10.
 
Жақын достары туралы; 
11.
 
Мерекелер  жайында  әзірлендеген  әңгіме-сұхбаттардың  тақырыптары 
берілген. 
Тәрбиеші  міндеті  -  осы  бағыттағы  тақырыпқа  тақырыпшаны  жоспарға  
енгізуі.  Балаларға  «Киім»  деген  жалпы  тақырыпта  әңгіме  өткізу  керек  болса, 
тәрбиеші  күнделігіне ол  «Пальто» немесе «Бас киім» деп көрсетілсе болғаны; 
«Программада...»  бес  жастағы  балалармен  «Аспаздардың  жұмысы»  туралы 
әңгіме өткізуі керек делінсе, ол тәрбиеші күнделігінде «Көже» немесе «Сорпа» 
деп  жазылуы  мүмкін;  «Бағдарламада...»  7  жастағы  балалармен  «Табиғат 
аясында еңбек ету» тақырыбы ұсынылса, ол күнделікте «Жапырақ жинаймыз», 
«Құстарды  жемдейміз»,  «Қызанақ  отырғызамыз»  болып  жазылады.  Демек, 
әзірлендеген  әңгіме-сұхбаттардың  тақырыптары:  «Малақай», 
«Көже», 
«Қызанақ  отырғызу»  деп  лексикалык  тиянақты  бір  сөзбен  жоспарға  алуына  
болады.  Бірақ,  тәрбиеші  осы  тақырыптар  төңірегінде  балалармен  қай  кезде 
қалай  сөйлесу  керек  екенін  күні  бұрын  білсе,  қалған  айтылар  сөздер  әңгіме 
үстінде  өзінен-өзі  өрбіп  жатады.  Үш  жастағы  балалармен:  Серуенге  жиналу 
үстіндегі  әзірленбеген әңгіме былай өтуі мүмкін [54]. 
Тәрбиеші: Қазір күз кезі. Бас киімдеріңді жақсылап киіңдер. Алмас, сенің 
бас киіміңнің әшекейі қандай әдемі! Мұндай тамаша бас киімді саған кім тоқып 
берді? 
 –Әжем. ол ... жіпті.. . былай ... 
Тәрбиеші. Қарашы! Ең жуан жіптен тоқыған екен,
 
жарасымды болып 
тоқылыпты. Солай ма, Алмас? 
Алмас (дұрыс айтуға тырысқанмен, кейбір сөзді тұтас айта алмай). Тамаша 
бас киім. Әжем жүн жіптен тоқыды. 
Тәрбиеші. Балнұр, ал саған  мына ашық, көк түсті бас киімді кім  тоқыды? 
Бауы қандай әдемі. 

 
61 
Балнұр. Мамам ... дүкеннен ... сатып әкелді. 
Тәрбиеші  сұрақтар  қою  арқылы  балалардың  барлығымен  сөйлеседі, 
кейбіреулерінің  киінуіне  көмектеседі.  Әрқайсысының  киімдерін  түсін  атап 
айтып немесе басқа бір белгілерін (бауы, өрнегі, лента, т. б.) мақтап балаларды 
әңгімеге  тартады.  Балалар  жауап  қайтарады,  өз  ойларынан  бір  сөздерді  тауып 
қосып айтады. 
Тәрбиеші.  Алмас,  бас  киіміңді  құлағыңа  түсіріп  ки!  Ол  құлақты  желден 
сақтауы керек. Түсірдің бе? Енді жылы болған шығар, саған? Алмас -Түсірдім. 
Жылы.  Осындай  сұрақтарды  тәрбиеші  әрқайсысына  әр  түрлі  формада  барлық 
балаға қояды. Серуендеп жүргенде тәрбиеші оңтайлы сәтті тауып,  балалардың  
көңілін  тағы  да  бас  киімдеріне  аударады.  Онда  мынадай  сұрақтар  қойылуы 
мүмкін:— Сезесіңдер ме, сыртта қандай салқын? 
– Қазір жылдың, қай маусымы? Күз? 
– Жазда жылырақ еді.
 
Естеріңде ме, жазда біз өзен жағасына барғанда күн 
қатты ысып кетіп еді, ә? 
– Балалар жазда қалпақ киеміз, иә? 
– Қазір қалпақпен жүруге болмайды! Салқын! Қазір тоқыма бас киім кию 
керек,  әйтпесе  құлақтарыңа  салқын  тигізіп  аласыңдар.  Ауырып  қалуларың  да 
мүмкін. 
Бес жастағы балалармен: Балалар бақшасының үстел басында әзірленбеген 
әңгіме. 
Тәрбиеші. Балалар! Көкөніс туралы кім қандай жұмбақ біледі? 
Жазира: Қалдырып сыртқа бұрымды, қызыл қыз жерге бұғынды. 
Тәрбиеші. – Сенің жұмбағың жақсы екен, Жазира. 
Мақсат, осы жұмбақтың шешуін білесің бе? 
Мақсат: Білмеймін.  
Асқар: Ол — сәбіз, сәбіз.  
Тәрбиеші.  Жақсы!  Асқар!  Жара-айсың  .  Ал  сен,  Мақсат,  ас  үйге  барып, 
аспаз Рәзия апайдан біліп келші, бүгінгі түскі тамаққа сәбізден қосылған тамақ 
дайындады  ма  екен?  (Тәрбиеші  жүгіруге  ұмтылған  Мақсатты  бөгеп.)  Балалар, 
Мақсат Рәзия апайдан қалай сұрауы керек? 
Алмас:  Бүгін  бізге  түскі  тамаққа  сәбіз  қосылып  дайындалған  тағам  бере  
ме? 
Дәулет: Рәзия апай, сіз бүгін сәбізден бір нәрсе әзірлейсіз бе? 
Сарагүл: Рәзия апай, тілеуіңіз болсын, айтыңызшы, сіз сәбіз әзірлейсіз бе? 
Олжас: Рәзия апай, мархабат! Сіз сәбіз әзірлейсіз бе? 
Дәния: сіз сәбіз әзірлейсіз бе? Немене деуші еді...тілегіңіз орындалсын! 
Тәрбиеші:  Алдымен  мазалағанымыз  үшін  Рәзия  апайдан  кешірім 
сұрауымыз  керек,  содан  кейін  сұрақ  беруте  болады.  Енді  сен  айтшы,  Майя, 
(Тілі жетіктеу бір баланы тұрғызады.) 
Майя:  Рәзия  апай,  кешіріңіз,  тілеуіңіз  болсын,  сіз  бүгін  түскі  тамаққа 
сәбізден тағам әзірлейсіз бе? 
Тәрбиеші.  Жарайды,  жақсы,  Айқын,  (сұрақты  басқа  балалардан  гөрі  тілі 
нашарлау  балаға  қояды.)  қайталашы.  Ал  Мақсат,  сен  енді  Рәзия  апайға  бара 
бер. 

 
62 
Жоғарыда әңгіме басталардан бұрын тәрбиеші аспазбен келісіп алуы керек: 
барған бала «Мен бүгін сендерге екінші дәмге сәбіз котлетін дайындадым» — 
деген жауап алып қайтатындай болуы керек. 
Әр  жастағы  балалармен  еркін  қатынас  жасаудан  тұрған  жоғарыда 
келтірілген  үш  әңгімедегі  тәрбиеші  сөзін  талдай  келе  айтарымыз:  ол  ең 
алдымен  балалардың  сөздік  қорының  молаюы  үшін  белсене  қызмет  етеді; 
олардың өздеріне таныс сөздердің мағынасын түсінуіне көмектеседі; балаларды 
тәрбиеші  қолданған  сөйлемнің  синтаксистік  құрылымын  қайталап  айтуға 
жетелейді,  сөйтіп,  олардың  тілінде  жоқ  грамматикалық  дағдыларды 
қалыптастырады. Балаларды ұялтып, не әңгімеге араласудан алшақтатып алмау 
үшін,  әңгіме  үстінде  тәрбиеші  балалардың  фонетикалық  қателерін  көп 
түзетпейді . 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет