Қазақстан республикасы ғылым және білім министрлігі павлодар мемлекеттік педагогикалық институты



жүктеу 1.48 Mb.
Pdf просмотр
бет9/15
Дата30.12.2016
өлшемі1.48 Mb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15

 
 
 

 
77 
V ТАРАУ 
БАЛАЛАРДЫ ҚАЗАҚША СӨЙЛЕУГЕ САБАҚТАН  
ТЫС УАҚЫТТА БАУЛУ ЖОЛДАРЫ 
 
1. Балабақшада кітап бұрышын ұйымдастыру 
Кітап  бұрышы  бөлменің  ішінде,  табиғи  және  жасанды  жарығы  мол 
қолайлы жерде ұйымдастырылады. Естияр және ересектер тобында үстел және 
оның  жанына  қойылған  кітаптар  орналастырылатын  текше-көрме,  ал 
балабақшының  мектепке  даярлық  тобы  мен  мектепалды  оқыту  топтарында 
(мектеп  негііндегі)  арнайы  түрде  кітап  шкафтары  қойылады.  Бұрыштың 
жоғарырақ  тұсына  балабақшаның  типтік  бағдарламаларында  ұсынылған 
тақырыптар  негізінде  кітап  бұрышының  аты  жазылады.  Текше  көрмелерге 
өздеріне  жақында  танысқан  кітаптар  қойылып  отырады,  айлар  өткен  сайын 
кітаптар санын көбейюі (әр топ қажетіне қарай) «Балалардың досы-кітап» деген 
ойды айғақтап түседі. Үстелге қолдан жасалған буклет-кітаптар мен жиналмалы 
кітапшаларды  әдемілеп  орналастыру,  балалардың  ата-аналарын  қатыстыру 
арқылы  жорналдарда  басылатын  қиынды  кітапшалар  жинату,  оларды 
қалташықтарға  салып  қою  да  кітап  бұрыштарында  жасалады.  Кітап  бұрышына 
балалардың ең қызыға тыңдайтын шығармаларының суреттері қойылған текше-
көрме  де  орналастырылады.  Шамамен  алғанда,  олар  ақымақ  қасқырдың,  аңқау 
түйенің,  қорқақ  қоянның,  қу  түлкінің,  мақтаншақ  мысықтың,  тұрмыс-салт 
ертегілеріндегі  Қаңбақ  шалдың,  Құлақтың,  Мақта  қыздың,  Алдар  қосе  мен 
Қожанәсірдің  суреттері  болуы  керек.  Ал  қолдан  жасалған  суреттердің  орнына 
топқа  қолданылып  келе  жатқан  суретті,  мазмұнды  кітапшалардың  бірнешеуі 
сақталса,  немесе  мектеп  жасына  дейінгілерге  арнайы  шығарылған  «Біздің 
кітап»,  «Үйіміз–ортақ,  жырымыз–ортақ»,  «Тіл  ашар»  сияқты  жинақтар  мен 
«Жалын», «Аруна» баспаларынан түрлі-түсті етіліп шығарылған белгілі классик 
жазушыларымыздың суретті кітаптарының біразы болса, тіпті жақсы. 
Ересектер тобы мен мектепалды топтарында басқа да халықтардың ұлттық 
кітаптарын  көптеп  жинап,  оларды  тақырыптар  бойынша  орналастыру  керек. 
Отан,  ел  туралы;  табиғат  туралы;  хайуанаттар  дүниесі,  таңғажайып  оқиғалар 
жайлы,  жекелеген  отандас  жазушылардың  кітаптарына  дейін  бөлініп 
көрсетіледі.  Қазақ  балалар  әдебиеті  кейіпкерлері  Бала  би,  Алдар  көсе, 
Қожанәсір,  орыс  балалар  әдебиеті  кейіпкерлері  Өлмес  Кощей,  Мухомор, 
Карабас-Барабас  т.б.  балаларға  жақын  жерде  суреттерімен  қойылады.  Кітап 
бұрышында  кітаптардан  басқа  иллюстрациялық  материалдар  (картинкалар, 
фотосуреттер,  портреттер,  буклеттер)  тақырыпқа  сай  орналастырылып  тұрады. 
Орта  топтан  бастап  балалар  кітап  аттарын,  олардың  мұқабасын, 
иллюстрациясына қарап-ақ біле алатын болады. 
Кітаптарды  жай  қарастырып,  таныстырып  шығу-ең  оңай  жол.  Ең  басты 
меже  балалардың  жан  дүниесіне  ерекше  әсер  ету  болуы  керек.  Бұл  үшін 
бағдарлама  жүйесінде  таныстырылған  шығармаларды  кітап  бұрышында 
жүргізілетін 
қосымша 
жұмыс 
түрлерімен 
пысықтау 
мектепалды 
тәрбиеленушілерінің  эстетикалық  талғамдарын  қалыптастырып,  адамгершілік, 
ізгілік, имандылық рухтарын тәрбиелей түскен. 

 
78 
Кітап  бұрышын  дұрыс  ұйымдастыру  арқылы  балалардың  бірнеше 
қабілеттері  дамытылады.  Біріншіден,  балалардың  көз  алдына  елестету 
қабілеттері  дамытылады.  Мысалы:  «Ертегілер  елінен»  тақырыбына  тыңдаған 
ертегілерінен соң өздері салған суреттерді, қолдан жасаған образды куыршақтар 
мен  муляждарын  көрмеге  қатарластырып  қою  балалардың  елестету,  оқып-
тыңдағанын  еске  түсіру  қабілеттерінің  әсерімен  орындалады.  Екіншіден, 
балалардың  көркем  шығарма  арқылы  алған  білімдері  бекітіліп,  көркем  өнерге 
қатысты  бастапқы  ғылыми  ұғымдары  (шығарма  жанрлары,  тіл  шұрайлылығы, 
құрылысы  туралы)  пайда  бола  бастайды.  Үшіншіден,  олар  еркін  ойлауға, 
қиялдауға үйренеді «Менің Қожанәсірім келді  де..», «Мен алдар Көсе болсам» 
деген  тақырыптарға  тапсырмалар  берілсе,  өздері  ойша  құрастырған  мазмұнға 
өздеріне  суреттер  салғызып,  кітап  бұрышын  безендірту  керек.  Төртіншіден, 
көркем  шығарма  арқылы  алған  білімдерін  өмірде  қолдануға  (байланыстырып 
сөйлеуге,  кітап  суреттеріндегі  оқиғаларды  сипаттай  білуге  т.б.)  үйренеді. 
Бесіншіден,  кітап  бұрышында  орналастырылған  кейіпкердің  атынан  сөйлеу 
немесе келген қонақтарға кітап бұрышындағы жұмыстарды таныстыру арқылы 
балалар өз зейіндерін өздері тексеруге үйренеді. 
 
2. Бала тілін көркем шығарма мәтіндері арқылы тіл дамыту  
Кітап  бұрышындағы  не  арнайы  безендендірілген  кітап  сөрелеріндегі 
шығарма  персонаждары  бойынша  қойылған  қозғалмалы  ойыншықтармен 
образды  кейіпкерлердің  тиімді  қолданылуы  балаларды  көркем  сөзге  баулиды, 
салыстыру  әдісімен  тәрбиеші  балаларды  мазмұны  ұқсас,  кейіпкерлері  ортақ 
ертегі,  әңгіме  персонаждарын  бейнелеуге  шақырады.  Мысалы,  орыс  балалар 
әдебиетінің  негізін қалаушы  К.Д. Ушинскийдің  «Таңғы сәулелер» әңгімесі  мен 
қазақ  жазушысы  С.  Жүнісовтің  «Тиіндер  мен  кірпілер»  атты  әңгімесінің 
суреттерін орналастырып қойып, кітап бұрышы алдында әңгіме өткізу балаларға 
осы  екі  әңгіме  мазмұнының  ұқсастығын  байқатады.  Ал  қаладағы  тірі 
жәңдіктердің  барлығы  қам-керемет  үстінде  болатындығын  күннің  шығуы 
құмырсқа,  көбелек,  балара  еңбекке  жұмылдырса  (К.Д.  Ушинский  әңгімесінде), 
мысықтың  ғана  ұйқысын  ұзарта  түскендігін,  ал  екінші  әңгімеде  кірпілерде, 
тиіндерде  еңбеққор,  ақылды  жәндіктер  деген  ойда  қалады  балалар  
(С. Жүнісовтың әңгімесі әсерімен). 
– Балалар, мына суреттегі құмырсқа, бал арасы, көбелектер қандай? Автор 
оларды қалай сипаттаған? 
– Екінші суреттегі тиіндер немен айналасып жүр, кірпілер не істеп жатыр? 
Автор  неге  оларды  таңғала  әңгімелейді?  Осылайша  қойылатын  сұрақтар 
балаларды әңгімеге қызықтыра түседі, әрбір жәндік  пен  ертегідегі хайуанаттар 
жайлы  ұйымдастырылған  тартымды  талдау  жұмысы  балалардың  табиғатқа 
назар  аударуына  ықпал  етеді.  Олардың  рухани  жетілісіне,  яғни  қоршаған 
ортадан жан-жақты білім алып өсуіне, сезімтал, адал болып өсулеріне әсер етеді. 
Балалардың  жасына  қарай  көркем  сөзге  деген  қызығушылықтарын 
ыждаһаттылықпен  безендірілген  кітап  бұрышы  және  онда  ұйымдастырылатын 
тартымды әңгімелер жақсы арттырады.  

 
79 
Төменде  ересектер  тобында  кітап  бұрышында  өткізуге  болатын  әңгіме 
үлгісі беріліп отыр. 
Тақырыбы: Хайуанаттар жайлы ертегі –аңыздар 
Кітап  бұрышындағы  дидактикалық  құралдар:  Үй  жануарлары, 
хайуанаттар  туралы  жиналмалы  кітапшалар,  текше  –  көрмеге  қойылған  
«Қайырымды  қоян»  ертегісі  кейіпкерлерінің  бейнелері,  бала  суреті,  орман 
тұрғындарының қорек түрлері. 
Әңгіме барысы: 
А) Кіріспе әңгіме–  Балалар, қане, ертегілер әлеміне барайық. Хайуанаттар 
жайлы біздер қандай ертегілер білуші едік, есімізге түсіріп көрейікші. 
–  Дұрыс, «Шалқан», «Қораз мен түлкі», «Мақта қыз бен мысық», «Лақтар 
мен қасқыр», «Бауырсақ». 
–  Бұл ертегілерді кімдер шығарған? 
–  Дұрыс  айтасыңдар,  халық  ойлап  құрастырып  шығарған.  Сондықтан 
осылардың кейіпкерлеріне қарап, орыс халық ертегілері, қазақ халық ертегілері 
деп бөлеміз. 
– Енді, мында қараңыздар, мына қатарда авторлық ертегілер орналасқан. 
«Үш аю» ертегісін кім жазған, балалар? 
–  Иә,  Лев  Толстой,  білмесендер,  біліп  алыңдар.  Ол  орыс  халқының 
жазушысы.  
– Қызыл телпек ертегісін Шарль Перро деген француз жазушысы жазған. 
«Кір қоймас» ертегісін орыс балаларының сүйікті жазушысы Корней Чуковский 
жазған. 
–  Ал,  бүгін  кейіпкерлермен  бізге  ежелден  таныс  «Қайырымды  қоян»  
ертегісін кім жазғанын білетін боламыз. 
Негізгі  бөлім: 
– 
Балалар,  қоянмен  дос  болған  баланы  білесіндер  ме?  Ол 
қай ертегіден, қане, кім айтады? 
–«Қайырымды қоян» еретегісінен. 
– Ертегі неге былай аталған деп ойлайсыңдар?  
– Ол неге қорқақ қоян емес, жүйрік қоян емес, неліктен қайырымды қоян 
деп аталады? 
–Өзіңе  жасаған  жақсылық  қайтадан  басқа  адамға  жасалса,  бұл 
қайырымдылық болады. 
– Еске түсірейік, баланың басынан қандай жағдай өтіп еді? 
– Шешей оны не алып келуге  жұмсады? 
– Ол орманда кімге кездесіп еді? 
– Қоян балаға қандай қайырымдылық жасады? 
– Баланың қателігін әке-шешесі кешіреді ме? 
– Қалай ойлайсыңдар, оқиға немен аяқталды? 
– Бұл үйде қонақтар қалай күтілді? 
– Балаға әке-шешесі риза болды ма? 
Осындай  жетелеуші,  еске  түсіруші  сұрақтар  қойып  отырып,  тәрбиеші 
балалардың  естеріне  «Қайырымды  қоян»  ертегісін  түсіреді  де,  бұл  ертегіні 
жазған Кетеван Чилошвили деген грузин жазушысы екенін айтады. 

 
80 
–  Енді  мен,  –  дейді  тәрбиеші  Спандияр  Көбей  деген  жазушымыздың 
сендерге арнап жазған «Құйрықсыз түлкі» деген ертегісін оқып берейін: 
«Бір  түлкінің  келе  жатқанда,  аңдаусызда  құйрығы  қақпанға  түсіп  қалды, 
құйрығын үзіп, өзі әрең құтылды. Бөтен түлкілердің қасында жалғыз өзі шолақ 
болып  жүруге,  ұялды  да,  ол  барлық  жолдастарын  шақырып  жинап  алып: 
«Құйрықты  сүйретіп  жүру  неге  керек?  Сұлу  да  емес,  әлі  қашан  да  болса, 
ыңғайсыз  ауыр,  бәріңіз  де  құйрықтарыңызды  кесіп  тастаңыздар,  -деп  оларға 
насихат айтады. Сонда жолдастарының жанынан бір түлкі: Егер құйрығың бүтін 
болса,  сен  бұлай  айтпас  едің-ау,  -депті.  Мұны  сезген  бөтен  түлкілер  күле 
бастайды. Құйрықсыз түлкі ұялып, оларға көрінбейтін болыпты.» 
Тәрбиешінің қорытынды сөзі: – Балалар, сонымен біз кітап бұрышындағы 
ертегілер  әлемінен  халық  ертегілері  мен  балаларға  әдейі  арнап  жазған 
жазушылардың  ертегілерімен  таныстық.  Барлық  ертегілерде  хайуанаттар 
өміріне  арналыпты.  Енді  әрқайсысын  әрбір  ертегідегі  өздеріңе  ұнаған 
кейіпкерлерге сипаттама беріңіздер. Жоспар мынандай:  
1) Бұл қандай аң? 2) Ол қай ертегіден? 3). Оның түрі, түсі қандай? 4) Өзіне 
тән мінез-құлқы қандай? 5) Ол саған несімен ұнады? 
Еркін түрде жүргізілген әңгіме үстінде балаларға бұрыннан таныс сүйікті 
ертегілерінің  мазмұны  еске  түсіріледі  және  өздері  ұнатып  қалған  кейіпкерлері 
жайында еркін әңгіме құру қабілеттері дамытылады. Жаңа ертегімен салыстыру 
арқылы халық шығарған, ауызша жеткен  етегілерден басқа авторлық ертегілер 
де  болатыны,  олардың  өлеңмен  жазылатын  түрлерімен  келесі  әңгімеде 
авторлардың жеке кітап бұрыштарында танысатындықтары ескертіледі. 
 
3. Ересек топта оқылған кітаптар туралы әңгіме өткізу 
Білім  мен  тәрбие  жүйесінде  қазіргі  бастауыш  мектеп  сатысынан  бастап 
ізгілендіру  принципін  ұстану  балабақшада  ұйымдастырылатын  тілдік  тәрбиеге 
байланысты. Балаға сенім артып, оның жеке басының қасиеттерін ескере отыра, 
қысымшылық  жасамай  еркін  сөйлесу  кітаппен  жүргізілетін  жұмыстардан 
көрінеді. Оқылған жаңа әңгімеден кейін оның мазмұнын қайталап айтқызу, яғни 
әңгімелесу ұдайы жүргізілсе, балаларды жалықтыратын болады, мұны тәжірибе 
де  көрсетуде.  Дегенмен,  баланың  монологты  сөйлеу  тілін  дамытуды  топқа 
ертегі,  не  әңгіменің  ең  қызықты  жерлерін  қайталап  айтқызу:  шығарма 
мазмұнын,  есте  сақтауларын  бекіту  үшін  «Кім  есіне  сақтады?  Қанеки,  кім 
айтады?  Түлкі  «Қасқыр  мен  түлкі»  ертегісінде  түлкі  не  істеуші  еді?  «Ауырған 
арыстан», «Залым түлкі», «Түлкі мен қораз» ертегілерінде ше? деп, балалардан 
өзара сөз жарыстырып сұрау; «Мына бір ертегіде кейіпкер не деп еді? Басқаша 
айтса,  қалай  болар  еді?»  деп  кейіпкер  сөзін  қайталап  айтқызу  тәсілдері 
қолданылады  да,  жоғары  топтарда  ертегі  мазмұны  бойынша  баланың  белсенді 
сөйлеуі жетілдіріле түседі? 
Ересектер  тобында  балалармен  оқылған  кітаптар  туралы  арнайы  әңгіме 
өткізу  деген  жаңа  сабақ  түрі  енгізіледі.  Мұндай  сабақтың  ұйымдастырылуы 
мектепке  даярлық  тобы  мен  мектепалды  оқытуда  оқытылатын  жекелеген 
кітаптар санының болуына тікелей байланысты. Тәжірибелі тәрбиешілер ересек, 
мектепке даярлық топтарында балаларды кітапқа ерекше қамқорлықпен қарауға 

 
81 
жеткізеді.  Балабақшаға  келгеннен  бері  қандай  суретті  кітаптар  қарастырғанын, 
топтағы  шығармалар  жинағынан  қандай  ертегі,  қандай  әңгімелерді  ерекше 
ұнататынын  айта  білетін  балаларды  тәрбиелейтін  орта  бақшада  қалыптасуы 
керек. Оның бірден-бір жолы балалар мен кітаптар туралы әңгіме ертегілер оқу 
және балалардың бірнеше сүйікті шығармаларын бір сабаққа жинақтап, талдату. 
Ересектер  тобында  «Кітап  –  біздің  досымыз»  тақырыбына  әңгімелесу 
сабағын  өткізуге  балалар  бақшасында  жылдар  бойы  пайдаланып  келген 
шығарма  жинақтарын  алуға  болады.  Олар  «Біздің  кітап»,  «Үйіміз  –  ортақ, 
жырымыз–ортақ»,  «Тілашар»,  «Асыл  сөз»,  т.б.  жинақтар  шығарылған.  Қолда 
бар  кітапты  тәрбиешісінің  қалай  қадірлейтінін  көріп  өскен  балалар  «Кітаптар 
туралы  сабақ  өтеміз»  деген  тәрбиеші  талабына  бірден  талаптанады.  Сабақ 
алдында  топ  балаларымен  кітаптарды  түптеу,  жинастыру  жұмыстары 
ұйымдастырылады. 
Кітаптармен  арнайы  өткізілетін  әңгіме  мақсаты  –  балалардың  көркем 
шығармаларға  деген  қызығушылықтарын  арттыру,  белгілі  бір  тақырып 
төңірегінде  бірнеше  ғасырда  түрлі  кітаптар  шығарылатын,  кітапта  жағымды 
қылықтар мадақталып, жағымсыз нашар қылықтар әшекерелейтінін сездіру.  
 
4. Кітап бұрышында ұйымдастырылатын шаралар 
Жас  ерекшеліктеріне  байланысты  топтарда  бала  өздігінен  талпынып 
қолға алған кітапшадағы суреттерді бірге қарастыру; кітапшаның мұқабасының 
көркемделуін, қағазының жалпы түсі мен түрін, жұқа-қалыңдығын, неше беттен 
тұратынын,  қалай  сақталғандығын,  әлі  де  қалай  сақтауға  болатындығын  жәй 
әңгіме  түрінде  түсіндіру;  егер  топта  бірнеше  суретті,  мазмұнды  кітапшалар 
жинақталса,  әрқайсысының  аттарымен  балалардың  таныс  болуы  жоспарлы 
түрде күн тәртібіне енгізілгені дұрыс. 
Осындай жұмыстармен қоса әрбір топқа арнайы түрде тақырыптық кітап 
бұрыштары  безеңдіріледі.  Олардың  тақырыптары  топтардың  бағдарламалық 
оқу-тәрбие  міндеттеріне  орай  шамамен  былай  алынғаны  тиімдірек  болмақ: 
Сәбилер  тобында–«Ойыншықтар  туралы  кітапшалар»,  «Жан-жануарлар  не 
дейді?», «Ертегіден келген кейіпкерлер»: а) «Мен болып сөйле»; ә) «Мен болып 
ән сал», б) «Мен болып биле», т.б. 
Естиярлар тобында–«Біз қай ертегіденбіз деп біз?»,  «Хайуанаттар туралы 
ертегі-аңыздар», 
«Күлкілі 
кейіпкерлер», 
«Аңыз-әңгіме 
батырлары», 
«Жаттамақтар жаттайық», «Мақал-мәтел, жұмбақтар әлемі» т.б. 
Ересектер  тобында  –  «Таңғажайып  ертегілер  әлемінде»,  «Ерден  ата 
ертегілері»,  «Біздің  сүйікті  аңызымыз»,  «Жанымыздағы,  жадымыздағы 
жазушылар»,  «Ел  туралы  не  білеміз?»,  «Мультик  кейіпкерлері»,  «Жыл 
мезгілдерін сипаттайық», т.б. 
Алты жасқа қараған балалар тәрбиешілері ұсынған әр түрлі тапсырмадан 
өздігінен орындау дағдыларына ие бола бастайды. Бала жетілісімен келетін осы 
қабілет қітаптарды балалардың жан досына айналдыру мүмкіндіктерін туғызуда 
қолданылғаны  жөн.  Кіші,  топтан  бастап  кітап  туралы  түсінікке  тәрбиеленген 
балалар жоғары топта, мектепке барар алдында кітап бұрышында кезекші болып 
тұру, экскурсия жүргізуші, кітапханашы рөлдеріне еніп, кітаптар жайлы түсінік 

 
82 
беру,  топқа  келген  қонақтарға  өздері  танысқан  көркем  дүниелер-диафильм, 
қызықты  ертегі,  бейнетаспадағы  тартымды  шығармалар  туралы  деректермен 
таныстыру міндеттерін атқара алады. 
Сабақтан  тыс  уақытта  кітаппен  жұмыс  жүргізудің  бірнеше  түрлері  бар. 
Олар:  Таныс  шығарма  мазмұнына  құрылған  кітап  бұрыштарын,  безендіру, 
тақырыптық  концерт,  топтық  драмтеатр,  әдеби  кездесу,  айтыс,  қуыршақ, 
көлеңке  және  саусақ  театрларын  тамашалаған  концерт,  театр,  фильм  мазмұны 
жайында  әңгіме  өткізу,  т.б.  Кітаппен  жұмыс  жүргізудің  маңызын  тәрбиеші 
топқа бөлінген кітаптарды ұқыпты сақтаумен қатар, оларды дұрыс пайдалануды 
да  сабақтан  тыс  уақыттарда  ойластырады,  балалармен  кітаптарды  жаңалайды: 
жиырылған беттерін жазып, түптерін бекітеді, ксерокске түсіріп, түпнұсқаларын 
сақтап  қояды.  Балабақшада  орысша  тәрбиеленіп,  үйде  қазақи  ортада  өсіп  келе 
жатқан  бүлдіршіндердің  көпшілігінің  зейіні  тұрақсыз,  жалтақ,  мінезі  бұйығы 
ұяң келетіні белгілі жайт. Бұл қиындықты жеңілдету үшін балалармен кітаптың 
пайдасы  туралы  төмендегідей  әңгіме-сабақ  өткізуге  болады.  Тақырыбы  – 
«Кітап-біздің досымыз.» 
Тәрбиешінің сөзі: Балалар! Біздің ең жиі оқитын, сүйіп оқитын кітабымыз 
қалай  аталады?  Дұрыс.  «Тіл  ашар»  деп  аталады.  «Кітап  –  білім  бұлағы.  Білім 
өмір  шырағы»  -деп  бірнеше  рет  айтайықшы!  (Балалар  мақалды  үш  рет 
қайталайды.) 
Тәрбиешінің сөзі: Шынында да, балалар, біз осы «Тіл ашар» кітабын топта 
оқығалы  бері  біраз  білім  жинап  қалдық.  Қаншама  тақпақтар  жатқа  білеміз, 
ертегі-мазмұндарын  әңгімелей  аламыз.  Қазір  мына  қапшықшаның  ішіндегі 
кейіпкерлердің  қай  шығармадан  екенін  табасыңдар.  (2-3  бала  ауызша  сол 
кейіпкердің  атынан  сөйлейді,  немесе  оған  арналған  өлеңді  айтады)  Балалар 
гуілдеп, жауап бере алмай қалған жағдайда тәрбиеші: 
Құлақ деген – шұнақ, 
Көзің – жанған шырақ. 
Түгің –бейне құрақ. 
Тұрсың маған ұнап. 
–  Бұл  не,  балалар?  Иә,  бұл  сүйкімді  лақ  туралы  өлең.  Лақтың  құлағы 
шұнақ  болатынын,  түгі  (жүні)  жол  құрақ  шөп  сияқты  жұмсақ  екендігін  ақын 
ағамыз  әдемі  сипаттап  жазған  екен.  Мен  осы  өлеңді  өте  ұнатып  қалдым  да, 
біздің  топ  балалары  төрт  түлік  малдың  төлдері  туралы  қандай  әдемі  жырлар 
біледі  екен  деп  ойладым.  –Қане,  төлдер  жайлы  тағы  кімдер,  қандай  өлеңдер 
біледі?-делініп сабақ жалғастырыла түседі. 
Тәрбиешінің  қорытынды  сөзі:  Балалар,  өлең-тақпақтарың  мейіріммен 
жақсы оқылды. Бұл шығармаларды ақын ағалар қалай жазса, ойыншықтарыңды 
сендер  де  еркелете  білдіңдер.  Рахмет.  (Алғашқы  сабақта    ойыншықтармен 
байланыста  өлеңдердің  мазмұны  қабылдатылса,  келесі  сабақта  осы  тақырып 
жалғастырылып,  қабылдануы  қиын  сөздер,  сөз  тіркестері,  мақал-мәтелдері 
талданады) 
Тәрбиешінің  сөзі:  Бұл  сабағымызда,  балалар,  «Тілашар»  кітабынан  сөз 
мағыналарына,  түсінбейтін  жолдарға  назар  аударайық.  Балалар,  «Қаз  шөпті 
бырт-бырт  үзіп  жейді»  деп  жазған  жазушы  аға,  әрі  қарай  бұл  әңгімеде 

 
83 
«Тоқтықтан  ыңыранған,  «ақырын  –ақырын  күйіс  қайырған»  қой  туралы  сөз 
қозғайды. (Бұл  тіркестер түсінікті болу үшін қимыл-әркеттерді көзге көрсетіп, 
тіркестердің мағыналарын сипаттап беру керек.) 
Тәрбиешінің келесі сөзі: Әңгіменің екінші бөлімін «Аяжанның қошақанға 
қызығуы»  деп  атайық.  Мен  осы  бөлімді  қайталап  оқимын,  мәтінді  ұқыпты 
тыңдаңдар,  қандай  түсініксіз  сөздер  кездестіресіндер,  қадағалап  отырыңдар! 
Мұндай  ескерту  сөз  балалардың  кітаптағы  әңгімеден  алатын  жаңа  білімді 
өздеріне  байқатуға  жағдай  жасайды.  Нәтижесінде,  мәтіндегі  түсініксіз  деп 
табылған сөздер жеңілдеу нұсқаларымен салыстырылады. 
Шытынаған мінез - ашулы мінез. 
Мекіреніп иіскейді – мейірленіп иіскейді. 
Омырау түйме – кеудесіндегі түйме. 
Жүрексініп тұрып – қорқып тұрып. 
Тулауын қойды – қатты қозғалуын қойды. 
Түкті еріндерімен- жүні бар еріндерімен. 
Осындай  тілдік  құралдардың  түсініксіз  түрлерін  балалармен  әңгімелесе 
отырып,  талдау  мәтін  мазмұнының  жеңіл  де  тез  қабылдануына  мүмкіндік 
береді. 
Тәрбиешінің  сөзі:  «Тілашар»  кітабының  бір  ғана  әңгімесінен  біз  қанша 
жаңа  сөз,  қанша  тіркестер  үйрендік.  Аяжандай  ақылды,  еңбеққор  қызбен 
жақынырақ  таныстық.  Әңгіме  бізге  өте  ұнады  деп  ойлаймың.  Кітаптың  бізге 
берері мол екен. Сонымен, біздің  ең қымбатты  досымыз кітап екенін осыдан-
ақ  біліп  отырған  боларсыңдар!»  деп,  сабақ  соңында  балалардың  қолдарына 
«Тілашар»  кітабын  беруге  болады.  Бұл  әдіс  оқушылардың  кітап  әңгімесінен 
алған сезімдік толғанысын ұзағынан сақтауға көмектеседі. 
Жинақтай  айтқанда,  ересек,  мектепке  даярлық  топтарында  пайдаланып 
жүрген кітаптардың балалар өміріне тигізер  пайдасын сол кітаптардың жалпы 
мазмұны  туралы  әңгіме  өткізудің  мәні  өте  зор.  Бұл,  біріншіден,  балалардың 
кітаптан  алып  жүрген  білімдерін  жинақтай  түсіп,  тиянақты  етуге  көмектеседі. 
Екіншіден,  әңгімеге  араласқан  балалар  өздерінің  сөйлеу,  талдай  сөйлеу 
қабілеттеріне  назар  аудара  алады.  Мәтінді  оқушының  ойландыратын, 
проблемалық  сұрақтары  негізінде  балалар  өзіндік  ойталқы  жасауға  үйренеді. 
Үшіншіден,  оқылған  кітап  бойынша  қайтадан  әңгімелеу  бала  сөздігіне  жаңа 
сөздер  мен  тіркестердің  тұрақтауына  ықпал  етеді.  Төртіншіден,  кітап  авторын 
және  бір  кітап  ішіндегі  әр  түрлі  жанрлы  шығармалар  мен  олардың  жекелеген 
авторларын  ажыратуға  бағыт  береді.  Бесіншіден,  тәрбиешінің  басқаруымен 
балалар кітап иллюстрациялары туралы еркін әңгімелесе алады. Алтыншыдан, 
кітап жайлы қызықты әңгіме өткізе білген мұғалім, не тәрбиешінің өзі  таңдап, 
қолдана  білген  сөздері  мен  мәнерлі,  әсерлі  даусы  арқылы  көркем  туындыны 
қабылдау ләззатына бағыт алады. Олай болса, кітапты өмірлік досқа айналдыра 
білу тәрбиешінің бала жанына жайлы сөз таба білуі, тартымды әңгіме құра білуі 
деген сөз. 
 
 
 

 
84 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ 
 
 
БАЛАБАҚШАДА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАТЫН ТІЛ 
ДАМЫТУ ШАРАЛАРЫ МЕН САБАҚТАРЫНЫҢ 
ҮЛГІЛЕРІ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
85 
ҚОРШАҒАН ОРТАМЕН ТАНЫСТЫРУ ЖӘНЕ ТІЛ ДАМЫТУ, 
ОЙ ДАМЫТУ ОЙЫНДАРЫ  
 
І. Дидактикалық ойындар: 
 
1. «Бұл қай кезде болады?» ойыны.  
Мақсаты:  балалардың  жыл  мезгілдеріне  байланысты  білімдерін  анықтау 
және әрі қарай дамыту. 
 
Ойынның  шарты:  жауап  берген  балаға  сақина  беріледі.  Жүргізушінің 
сұрағына қарай жыл мезгілдерінің ерекшеліктері ататқызылады. 
 
Ойынның  барысы:  Жүргізушінің  қойған  сұрақтарына  балалар  ойланып, 
дұрыс жауап береді. 
1.
 
Балалар, қай кезде қызыл, сары жапырақтар көп болады? /балалардың 
жауабы/. 
2.
 
Қай кезде жеміс-жидектер жиналады? /балалардың жауабы/. 
Балалардың  жауаптарына  қарап,  табиғат  құбылыстары  мен  еңбек 
түрлерінің  қай  жыл  мезгіліне  байланысты  екенін  анықтай  алатындықтарын 
бағалауға болады. 
 
Жүргізуші:  Енді  мен  жыл  мезгілдерін  атаймын.  Ал,  сендер  соған 
байланысты  бұл  кезде  не  болатынын,  адамдар  немен  айналасатынын 
айтасыңдар. Мысалы: Көктем деймін де, сақинаны Әйгерімге беремін. Әйгерім 
тез ойланып, көктемде не болатынын айтады.  
 
Әйгерімнің  жауабы:  Көктемде  қар  ериді.  Әйгерім  сақинаның  қасындағы 
отырған  балаға  береді.  Ол  да  көктемнің  бір  белгісін  атайды.  Осылайша  ойын 
жалғаса  береді.  Ойын  шартын  бала  толық  меңгергенде  ғана  ойын  басталады. 
Қиналған балаға тәрбиеші бағыттаушы сұрақтармен көмектесіп отырады. 
 
2. « Үй жануарлары мен жабайы  жануарларды ата»  
Мақсаты:  Үй  жануарлары  мен  жабайы  жануарлар  туралы  білімдерін 
бекіту. Тез ойлау қабілетін, зейінін тәрбиелеу, белсенділігін арттыру.  
 
Ойынның шарты: орманның, қораның суреттері салынған үлкен картаның 
астындағы бос тор көздерге тиісті жануарларды жарыса отырып орналастыру. 
 
Ойынның барысы: ойыншылар екі топқа бөлініп, әртүрлі табиғат көрінісі 
салынған бір-бір үлкен картадан алады. Жүргізушінің белгісі бойынша балалар 
жануарлар  бейнеленген  үлестірмелі  карточкаларды  үлкен  картадағы  салынған 
сурет мазмұнына қарай бос тор көздерге орналастырады. Кім бос тор көздерге 
толтырып,  жануарларды  дұрыс  атаса,  сол  жеңіске  жетеді.  Ойыншылар  үлкен 
карталармен алмасып, ойынды одан әрі жалғастырады. 
 

 
86 
3. «Бұл қандай құс?» 
Мақсаты:  белгілі  бір  ерекшеліктеріне  қарай  құстарды  суреттеуге  үйрету 
және оларды ажырата білу. 
 
Ойынның  барысы:  жүргізуші  қарлығаш  пен  тоқылдақтың  суреттерін 
балаларға  көрсетіп,  әрқайсысының  ерекшеліктерін  суреттеп  беруді  ұсынады. 
Балалар бұл құстарды тағы қалай алуға болады? Олардың қандай пайдасы бар? 
/тоқылдақ-орман дәрігері, қарлығаш- адамның досы. 
 
 
4. «Қай жануар қайда мекендейді?»  
Мақсаты:  жануарларды  ұқсас  белгілеріне  қарай  табу,  олардың  мекен 
жайын анықтау. 
 
Ойынның  шарты:  ойыншыға  кубиктердің  біреуін  беріп,  жануарларды 
ауызша суреттеу арқылы қай жануар екенін дұрыс таба білуге үйрету, ойынды 
әрі қарай кубикті алған бала жалғастырады.. 
 
Ойынның  барысы:  Жүргізуші  балаларды  ойынның  мазмұнымен 
таныстырады:  Естеріңде  ме,  балалар,  біз  суреттеу  арқылы  екі  заттың 
ұқсастықтарын  тауып  үйренгенбіз.  Бүгін  біз  былай  ойнап  көрелік.  Әркім  екі 
жануарды  көз  алдына  елестетіп,  олардың  бір-бірінен  айырмашылығы  мен 
ұқсастығын суреттеп береді. Біз жауабын тауып, қайда мекендейтінін айтамыз. 
Мен қолымдағы тасты кімге берсем, сол жұмбақтайды. Тасты алған бала былай 
жұмбақтауы  мүмкін:  Екі  жануар  да  жылдам  қимылдайды.  Біреуі  сұр  түсті, 
екіншісі сары түсті. Біреуі тауықтарды жақсы көреді, өзі сондай қу, ал екіншісі 
малға шабады, өзі қорқау. Бұлар қандай жануарлар және қайда мекендейді? деп 
тасты  екінші  балаға  ұсынады.  Ол  жауабын  айтады.  Жауап  дұрыс  болмаса, 
айыбы төленеді. Ойынды осылай жалғастыра беруге болады. 
 
5. «Жақсы және жаман істерді тауып көр» 
Мақсаты:  жаман  әдеттен  аулақ  болуға,  көргенін  ажыратып,  әңгімелей 
білуге  үйрету.  Балалар  берілген  суреттердің  мазмұнына  сәйкес  жаман,  жақсы 
істерді ажыратады және ол неге жаман, жақсы іс-әрекеттер екенін түсіндіреді. 
Көрнекі  құрал:  жаман  және  жақсы  істерді  бейнелейтін  іс-әрекеттерден 
көрініс беретін мазмұнды суреттер. 
Ойынның барысы:  
1.
 
Ағаш бұтағын сындырып жатқан баланың іс-әрекеттегі суреті. 
2.
 
Ағаштағы құстың ұясын баланың іс-әрекеттегі суреті. 
3.
 
Әкесімен ағаш отырғызып жүрген баланың әрекетін бейнелейтін сурет. 
4.
 
Құстарға  ұйя  жасап  ағашқа  іліп  жатқан  баланың  әрекетін  бейнелейтін 
сурет. 
5.
 
Гүлдерге  су  құйып,  қамқорлық  жасаған  қыздың  әрекетін  бейнелейтін 
сурет. 

 
87 
6.
 
Ағаш  бұтағына  қонған  торғайды  рогаткамен  атқалы  тұрған  баланың 
әрекетін бейнелейтін сурет. 
7.
 
Далада  өсіп,  айналаға  көрік,  сән  берген  гүлдерді  бейберекет  жұлып 
жүрген баланың іс-әрекетін бейнелейтін сурет. 
8.
 
Жайлауда  қошақанға  емізікпен  сүт  беріп  тұрған  баланың  іс-әрекетін 
бейнелейтін сурет. 
 
6. «Бөлме өсімдіктері мен дәрілік өсімдіктерді ажырат» 
 
Мақсаты: бөлмеде өсетін өсімдіктер мен дәрлілік өсімдіктерді бір-бірінен 
ажырата білу, қандай мақсатта өсірілетінін анықтау. 
Көрнекті құралдар: бөлме өсімдіктері мен дәрілік өсімдіктердің суреттері. 
Ойынның  барысы:  балаларға  жақсы  көрінетін  жерге  бөлме  өсімдіктері 
мен  дәрілік  өсімдіктер  аралас  салынған  сурет  ілінеді.  Жүргізуші  балалардан 
бөлме  өсімдігін  көрсетуін  сұрайды.  Бір  бала  шығып  бөлмеде  өсетін 
өсімдіктерді көрсетеді. Екінші бала дәрілік өсімдіктерді көрсетеді. Балалардан 
қай  өсімдік  қандай  мақсатта  өсірілетінін  сұрайды.  Ойын  осылайша  жалғаса 
береді. 
 
7. «Жапырағына қарай ажырат»  
 
Мақсаты:  ұқсас  белгісіне  қарай  жапырақтарды  таба  білуге  жаттықтыру. 
Балалардың сөздік қорын толықтыру, есту, қабылдау қабілетін дамыту. 
Көрнекі құралдар: әр түрлі жапырақтар. 
Ойынның  шарты:  жапырақтарды  салыстыру,  қай  ағаштың  жапырағы 
екенін табу. Жаңылмай тапқан бала жеңіске жетеді. 
Ойынның  барысы:  жүргізуші  серуен  кезінде  балалармен  аулада  өсіп 
тұрған  ағаштардың  жапырақтарын  жинайды.  Өзіне  әрбір  ағаштың  бір-бір 
жапырағын алады. Балалар жарты шеңбер жасап, жүргізушінің жанына тұрады. 
Жүргізуші  ауладағы  ағаштардың  атын  сұрайды.  Әр  ағаштың  қасына  барып, 
аттарын  атайды.  Жүргізуші  қарағайдың  жапырағын  басқа  ағаштардың 
жапырағымен  салыстыруды  сұрайды.  Балалардың  жауабына  қарап,  оның  ине 
секілді  екенін  анықтауға  болады.  Қайынның  жапырағын  салыстыра  отырып, 
оның жүрекшеге ұқсайтынын анықтайды. Жапырақтарды салыстыру және атау 
арқылы  жүргізуші  балалардың  ағаштар  жөніндегі  білім  деңгейін    анықтайды. 
Жүргізуші  қолындағы  жапырақтарды  балаларға  бір-бір  жапырақты  көрсетіп, 
балалардан  сондай  жапырақты  табуын  талап  етеді.  Білімдерін  бекіту 
мақсатында  балалардағы  жапырақтарды  бір-бірімен  ауыстырып  ойнауға 
болады  
 
8. «Нан дастарханға қалай келеді?» 
 
Мақсаты:  бидайды  қалай  өсіру  және  онан  нанды  қалай  жасау  жөніндегі 
балалардың  білімдерін  толықтырып  жүйелеу.  Диқаншалардың  еңбегін 

 
88 
құрметтеуге  тәрбиелеу.  Сөздік  қорын  толықтыру:  себу,  диқаншы,  комбайн, 
элеватор, диірмен. 
 
Ойынның шарты: жүргізушінің белгісінен кейін бос тор көздерді жарыса 
отырып, қажетті суреттермен толтыру. 
 
Көрнекі  құралдар:  егін  даласын  қажетті  әртүрлі  техникалардың 
/машиналар/ суреттері. 
 
Ойынның  барысы:  ойыншылар  3  топқа  бөлінеді:  «дән»,  «сабақ»,  «нан». 
Жүргізуші ойынға дейін нанның дастарханға қалай келетіні туралы әңгімелейді. 
Диқаншыларға  көмектесетін  техника  түрлері  /трактор,  комбайн,  машина/  іс-
әрекеттерді /жырту, себу, егу, суару, ору, диірменнен өткізу/ жайлы айтады. 
Содан кейін жүргізуші ерте көктемдегі, жаздағы, күздегі егіс даласының 
суреттерін  көрсетеді.  Суреттерге  қарап,  балалар  жылдың  қай  мезгілі  екенін 
ажыратады. Жүргізуші балалардың  «дән, сабақ, нан» деп үш топқа бөледі. Әр 
топта 2-3 баладан болады. «Дән» тобына ерте көктемдегі егіс даласын, «сабақ» 
тобына  жаз  кезіндегі,  ал  «нан»  тобына  күз  кезіндегі  егіс  даласын  бейнелейтін 
суреттерді  үлестіреді.  Үстел  үстінде  диқаншыларға  көмектесетін  әртүрлі 
машиналардың  суреттері  жатады.  Егін  даласындағы  диқаншыларға 
көмектесетін әртүрлі машиналардың суреттері жатады. Егін даласындағы жыл 
мезгіліне  қарай  еңбекке  қажетті  машиналардың  суреттерін  орналастыру 
тапсырылады.  Бос  торкөздерге  қажетті  машинаналардың  суреттерін 
орналастыру  тапсырылады.  Бос  торкөздерге  қажетті  машинаны  дұрыс 
орналастырған топ жеңіске жетеді. 
Суреттерді, алмастыра отырып, жарыс элементін енгізуге болады, қажетті 
суреттерді  кім  жылдам  жинайды.  Ойынды  күрделендіру  мақсатымен  басқа  да 
машиналар  түрлерін  енгізуге  болады  /жол  салатын  машиналар,  бульдозер, 
көтергіш кран/. Жеңіп шыққан топ мадақталады. 
 
9. «Туған қалаға саяхат» 
Мақсаты:  туған  қала,  онда  қандай  мамандық  иелері  тұратындығы,  көлік 
түрлері, ондағы мәдени орындар жөнінде балалардың білімдерін бекіту. 
 
Ойынның шарты: белгі бойынша суреттерді табу. 
 
Ойынның  барысы:  жүргізуші  4  бағыттағы  суреттерді  таратып  береді: 
біреуінде  қала  тұрғындары,  екіншісінде  адамдар  еңбегі  /құрылысшы, 
почтальон,  жүргізушілер/,  үшіншісінде  көлік  түрлері  /трамвай,  автобус/, 
төртіншісінде  –  мекемелер  мен  мәдени  орындар.  Белгі  бойынша  суреттердің 
мазмұнын  әңгімелеу  тапсырылады.  Әр  топтың  балалары  сурет  бойынша 
жүргізушінің  сұрақтарына  толық  жауап  беруге  тиіс.  Жаңылмай,  толық  жауап 
берген топ жеңіске жетеді. Суреттерді ауыстыру арқылы ойынды қайта ойнауға 
болады. 
 

 
89 
10. «Ғажайып қапшық» 
Мақсаты: Баланың сөздік қоры көбейген сайын заттың атын, түрін, түсін 
ажыратып  айтуды  үйрету.  Өрнектеп  жасалған  қапты,  қоржынды,  қорапты, 
кубикті қолдану. 
11. «Мынау не?»  
Мақсаты:  Сезім  мүшелері  арқылы  заттарды  ажыратып,  қазақша  айтуға 
үйрету.  Үстел  үстінде  тұрған  ойыншықтарды  орамалмен  жауып,  сыртынан 
қолмен ұстап, қандай ойыншық екенін қазақша ататқызу. 
 
12. «Дене мүшелерді жина, ата, орналастыр». 
Мақсаты: Адамның дене мүшелерін дұрыс, анық атап айтуға үйрету.
 
Магнитті тақтадағы, не фланелеграфтағы адамның дене мүшелерін атап, 
дұрыс орналастыру 
 
13. «Үйде кім тұрады?» 
Мақсаты:  Үйдің  терезесінен  ойыншық  немесе  суреттелген  адамның 
бейнелерін көрсетіп, мынау кім? Үйде кім тұрады? Сұрақтарына жауап беру. 
 
14. «Дәмді ойын». Тәтті тағамдарды тауып, жеке қою 
Мақсаты:  Қонжық  айтқанды  орында.  Бала  ойыншыққа  нұсқау  беріп, 
орындауын өтінеді. Қонжық тұр, отыр, жүгір, т.с.с. 
 
15. «Бөлмені көрсету». 
Мақсаты: Ұлттық киім киген қуыршаққа бөлмеде не барын қазақша атап 
беру. 
 
16. «Тоғайда не көрдің?»  
Мақсаты:  «Тоғайда  не  көрдің?»  -  дегенде  аңдарды  атап,  суретке 
жабыстыру. 
 
17. «Сөйлемге сөз қосып, толықтыр» 
Мақсаты:  Белгілі  тақырып  төңірегінде  құралған  сөйлемге  сөз  қосып, 
толықтыр. Ойынды тағамдар, киімдер, ойыншықтар тақырыптарына өткізу. 
 
18.  «Назар  аудар».  Екі  ойыншықты  көрсетіп,  мынау  мысық,  мынау 
қуыршақ.  Мақсаты:  «Назар  салыңдар»-  деп,  мысықты  көрсетіп,  «Мынау 
қуыршақ па?» - деп сұрайды. Жоқ, мынау мысық» деп жауап береді. 
 
19. «Есіңде сақта».  
Сөздік қорды молайту,  еске сақтау қабілетін жетілдіру. Бес – алты сөзді 
асықпай, бұлжытпай қайталау. Суреттерді, кубиктерді қолдану. 
 

 
90 
20. «Қысқа және ұзын сөздерді ата».  
Мақсаты:  Белгілі  тақырып  төңірегінде  (ойыншықтар,  аңдар,  құстар, 
жемістер т.б.) қысқа, ұзын сөздерді қайталау. Карточкаларға жазылған сөздерді 
қолдану. 
 
21. «Қуыршаққа не керек?». 
Мақсаты:  Балаларға  киім,  жиһаз,  ыдыстар,  ойыншықтар  салынған 
карточкалар  таратылады.  «Қуыршақ  тамақтанайын  деп  еді,  ыдысы  жоқ»,  - 
дейді.  Балалар  ыдыстардың  атын  атап,  бір-бірлеп  әкеледі.  Киім,  жиһаз, 
ыдыстар, ойыншықтар салынған карточкаларды қолдану. 
 
 
21. «Кім нені қалайды?»  
Мақсаты:  Аңдардың,  жануарлардың,  екінші  қатардағы  жемістердің, 
тағамдардың,  көкөністердің  суреттерін  магнитті  тақтада,  не  фланелеграфта 
көрсетіп, «Кім нені қалайды?» деген сұраққа дұрыс жауап бергізу.  
 
22. «Кімнің қолында не бар?» 
Мақсаты:  Сөздік  қорды  молайту.  Балалардың  қолына  ойыншықтар, 
көкөністер, жемістер таратылады. «Кімде қуыршақ бар? Кімде доп бар? т.б.» - 
деп сұрақ қою. Жинап алынған суреттерді көрсетіп, «Бұлар ойыншықтар», - деп 
бір  сөзбен  айтады.  Ойыншықтардың,  көкөністердің,  жемістердің  суреттерін 
қолдану. 
 
23. «Екінші сөзбен ата».  
Мақсаты:  Пиязды  көрсетіп:  «Екінші  сөзбен  қалай  атауға  болады?»  -  деп 
сұрақ қою. Балалар «Көкөніс» деп жауап береді, т.б. Көкөніс, жеміс, ойыншық, 
киім, т.б. суреттерін қолдану. 
 
24. «Не артық?» 
Мақсаты:  «Не  артық?»  сұрағына  дұрыс  жауап  қайтару.  (Балалардың 
алдында  
3-4 сурет жатады: түріне, түсіне қарай топтарға бөледі. Қияр, сәбіз, алма – 
не артық? Алма артық.) Үлестірмелі суреттерді қолдану. 
 
25. «Мен айтқан ойыншықты тап».  
Мақсаты: Аталған ойыншықты тез тауып, көрсету. Түрлі ойыншықтарды 
қолдану. 
 
26. «Төлін тап» немесе «Енесін тап.» 
Мақсаты:  Балаларға  төлдің  енесін,  не  төлін  тез  тапқызып,  тез  атауға 
үйрету. 
Алдын ала дайындалған ойыншық төлдерді, не олардың дайын суреттерін 
қолдану. 
 

 
91 
27. «Түрлі - түсті доптар». Қорапта жатқан доптардың кез келгенін алып, 
түсін  түстеп,  дұрыс  атау.  Дұрыс  атаса,  өзіне  алады,  аталмаса,  орнына  салады. 
Бірнеше қораптарға салынған түрлі- түсті доптарды қолдану. 
 
28. «Грамматикалық жаттығулар». 
Мақсаты:  А)  Заттың  түсін,  пішінін,  түрін,  көлемін,  қасиетін  айқындауға 
бағыттайтын  жаттығу  арқылы    сын  есімдерді  бекіту  (қант  қандай?  Қант  –ақ, 
тәтті, ұсақ, т.б.). 
Б) етістіктерді бекітетін нұсқауларды орындату арқылы баланың түсінігін 
анықтау:  әкел,  «бар,  көрсет,  ал,  отыр,  тұр»  деген  сөздерді  қимыл  әрекетпен 
орындату.  Интертақтаны,  не  жалпы  не  жалқы  атауларды  бекітуге  арналған 
таблицаларды қолдану. 
 
29.  «Тыңда,  орында!».  Оқытушының  нұсқауын  түсініп  орындауға 
баланың бейімділігін байқау. (Оля, кілемге отыр. Саша үстелден доп ал, т.с.с.) 
Белгілі нысандардағы заттарды тікелей қолдану. 
 
30. «Не ұшады?» (жүгіреді, секіреді, жүреді) 
Мақсаты:  Қимыл  әрекетті,  қозғалысты  білдіретін  етістік  тұлғаларын 
молайтуға  бағытталған  жаттығулар  орындату,  не  керісінше  жанды,  жансыз 
заттарды ауызша атау: ұшақ, сауысқан, қарға, адам, әнші, тәрбиеші, мұғалім (не 
істейді? Не істеді? Не істеп жатыр?) 
 
31. «Не өзгерді?» 
Мақсаты: Етістіктерді түрліше мағынада, бірыңғай етіп қолдануға үйрету. 
Балалар  көздерін  жұмады.  Ойыншықтарды  өзгертіп  қояды.  «Не  өзгерді?»  деп 
сұрайды. Доп қызыл, ол сары болған. Қуыршақ отыр, ол жатқан, т.б. 
 
32. «Керісінше айт».  
Мақсаты:  Балалар  шеңбер  жасап  тұрады.  Оқытушы:  «Доп  үлкен»,  -  деп 
балаға  лақтырады,  бала:  «Доп  кішкентай»,-  деп  кері  қайтарады.  Әр  түрлі 
ойыншықтарды қолдану. 
 
33. «Дыбыстық сағат» 
 
Мақсаты:  Фланелеграфқа,  не  магнитті  тақтаға  орналастырылғған 
суреттердің  атын  ататқызу:
 
Қазақ  тілінде  сөздің  негізгі  түбірін  дұрыс  атай 
білгізу,  қысқа  екі  сөзді  тауып  көрсету,  ұзақ  айтылған  екі  сөзді  көрсету,
 
екі 
буынды сөзді атату,
 
үш буынды сөзді атату. Қима суреттерді, сөздер жазылған 
түрлі карточкаларды қолдану. 
 
 
 
 
 
 

 
92 

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет