Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғарғы білім министрлігі



Дата31.03.2023
өлшемі35,79 Kb.
#77859
Байланысты:
Орманбек А. Курстық жұмыс


Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғарғы білім министрлігі
С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті

Орманбек А.

Түркістан тұрғындарының тілінің ерекшеліктері

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС


5В011700 -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы

Өскемен 2023
Мазмұны

Кіріспе 3 1 Сөйлеу тілінің ерекшелігі 5 1.1 Түркістан тұрғындары сөйленісінде ұшырайтын жергілікті ерекшеліктердің пайда болу себебі 5 1.2 Түркістан тұрғындарының тіліндегі сөздердің дыбысталуының ерекшелігі 5 2 Түркістан тұрғындары сөйленісіндегі фонетикалық ерекшеліктері 8 2.1 Түркістан тұрғындары сөйленісіндегі фонетикалық ерекшеліктердің қолдану аясы 8 2.2 Түркістан тұрғындары сөйленісінде дауыстылардың бір-бірімен алмасуы 8 Қорытынды 10 Әдебиеттер тізімі 11



Кіріспе
Диалектология - тiл ғылымының бiр саласы болып қалыптасуымен байланысты оның маңызы артып, зерттеу обьектiсiнiң шеңберi кеңейе түстi. Зерттеу iсi халық тiлiндегi ерекшелiктердi жинаумен, анықтаумен тынбай, тiл тарихын жасауда да ойдағыдай рөл атқарады.
«Түркістан облысы – ұлттар мен ұлыстардың ең көп шоғырлануымен, ең бастысы олардың тілі, мәдениеті, салт-дәстүрінің сақталуымен ерекшеленеді. Бүгінде мемлекеттік тілді еркін меңгерген этнос өкілдерінің ересек тұрғындарының үлесі 70 пайызды құрайды. Ал өңірде жүргізілген талдау жұмыстарының нәтижесінде мемлекеттік тілді еркін меңгерген тұрғындардың үлесі – 92,1% болса, 63 % орыс тілін, ал, ағылшын тілін білетіндер – 14 %-ға жетіп отыр»,-делінген басқарма мәліметінде. Әр халықтың, қаланың, ауылдың, аймақтың болсын өзіндік сөйлеу ерекшіліктері болады. Тіл білімінің белгілі бір тілдегі диалектілік ерекшеліктерді, олардың шығу тегін, таралу сипатын, ұлттық және әдеби тілге қарым-қатынасын зерттейтін саласын- диалектолигия деп атаймыз.
Тақырыптың өзектілігі. Түркістан облысығы ұлттар мен ұлыстардың ең көп шоғырлануымен, ең бастысы олардың тілі, мәдениеті, салт-дәстүрінің сақталуымен ерекшеленеді. Бүгінде мемлекеттік тілді еркін меңгерген этнос өкілдерінің ересек тұрғындарының үлесі 70 пайызды құрайды.
Жұмыстың мақсаты - Түркістан тұрғындары сөйленісінде ұшырайтын ерекшеліктердің пайда болу себебін сөз еткенде, оларды осы өңірді мекендеп келе жатқан өзбектер тілімен байланыстыра қарастыруды керек етеді. Олай дейтініміз, Түркістан төңірегіндегі көп елді мекендерінде өзбек халқы орныққан. Аудан бойынша халқының жартысына жуығы өзбектер. Олар Түркістан қаласы мен Шорнақ, Ташанақ, Қарнақ, Шаға, Оранғай, Құшата, Бабайқорған ауылдарында мекен етеді.
Курстық жұмыстың ғылыми жаңашылдығы - Түркістан тұрғындарының тілінің ерекшелігі көне қала болғандығында.Халық арасында көнерген сөздер әлі де қолданысқа ие.Ұлы жүздің XVIII – XIX ғасырларда Қоқан, Хиуа хандықтарының қол астында болуы бұл диалектіге өзбек тілінің ықпалын күшейте түсті.
Зерттеу нысаны – Түркістан тұрғындарының тілінің ерекшеліктері.
Жұмыстың дереккөздері. Зерттеу материалдары ретінде мерзімді басылымдар беттерінде жарық көрген ғылыми мақалалар мен тіл білімі бойынша жарық көрген еңбектер, сондай-ақ
С.Аманжолов, Ж.Досқараев, Ғ.Мұсабаев, Н.Сауранбаев, Ш.Сарыбаев т.б. диалектолог ғалымдардың зерттеу еңбектері пайдаланылды. Сондай-ақ басқа да тілтанушы ғалымдардың аталмыш тақырып туралы жазылған жеке мақалаларындағы, рецензияларындағы тұжырымдар мен түйіндерді назарда ұстадық.
Жұмыстың теориялық маңызы және практикалық құндылығы. Диалектизм әдеби тілден тыс құбылыс , дегенімен оның әдеби тілді толықтыруға үлесі мол. Ғылым мен техниканың дамуына байланысты көптеген жаңа ұғымдарға атау табу қажеттігі туғанда, халық қазынасы ретінде пайдаланылатын сөздер-диалектизмдер болып табылады.
Зерттеудің әдістері. Зерттеу барысында салыстыру, талдау, жинақтау, баяндау, сипаттау әдістері қолданылды.
Жұмыстың құрылымы. Еңбек кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және осы тақырыпқа қатысы бар әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Сөйлеу тілінің ерекшелігі



    1. Түркістан тұрғындары сөйленісінде ұшырайтын жергілікті ерекшеліктердің пайда болу себебі

Қайсыбір тіл болмасын жергілікті жерлерде өзгеше айтылып, басқа өңір қазақтарының сөйлеу тілінен ерекшеленіп келуі сол жерді мекендеген тұрғындардың басқа тілде сөйлейтін халықтармен қарым-қатынас жасауынан туатыны баршамызға аян. Қазақ тілі үшін бұл жат құбылыс емес. Қазақ тілінің диалектілерін оңтүстік, солтүстік-орталық, батыс, шығыс деп топтастырғанда, сонда кездесетін белгілі бір басты дыбыстық, грамматикалық, лексикалық ерекшеліктердің туындауы басқа тілдермен қарым-қатынасынан пайда болған тіл айырмашылықтары болып саналады. Қазақстанның оңтүстік облыстарында қазақтармен бірге өзбек, ұйғыр, тәжік халықтары да мекен етеді. Ал Оңтүстік Қазақстанды алатын болсақ, олар ерте кезден бастап өзбек халқымен қарым-қатынас жасауда. Олар Өзбекстанмен шегаралас Мақтарал, Сарыағаш, Жетісай т.б. аудандар мен қатар Шымкент, Сайрам, Түркістан төңірегінде де жиі қоныстанған.
Түркістан тұрғындары сөйленісінде ұшырайтын жергілікті ерекшеліктердің пайда болу себебін сөз еткенде, оларды осы өңірді мекендеп келе жатқан өзбектер тілімен байланыстыра қарастыруды керек етеді. Олай дейтініміз, Түркістан төңірегіндегі көп елді мекендерінде өзбек халқы орныққан. Аудан бойынша халқының жартысына жуығы өзбектер. Олар Түркістан қаласы мен Шорнақ, Ташанақ, Қарнақ, Шаға, Оранғай, Құшата, Бабайқорған ауылдарында мекен етеді. Бұл жерлерде өзбек және өзбек-қазақ мектептері бар. Ертеден қазақ пен өзбек халықтарының араласып, қарым қатынас жасауы, тіпті, құдандалы болып, қыз беріп, қыз алысуы Түркістан тұрғындарының тіліне де әсер етпей қойған жоқ. Кейде бір отбасында өзбек, қазақ сөздері қатар қолданылатын жағдайлар да жиі кездеседі. Аралас отырған халықтардың бір-біріне ететін ықпалы екі жақты болатындықтан, енді сондағы тұрғындардың тіліне өзбек тілінің әсері мол екенін дәлелдейтін сөздер де өте көп. Әсіресе, мұндай сөздер тұрмыс-салт лексикасында басымырақ болып келеді.


    1. Түркістан тұрғындарының тіліндегі сөздердің дыбысталуының ерекшелігі

Түркістан тұрғындарының тіліндегі сөздердің біразы дыбысталу жағынан өзбек тілімен бірдей болса, кейбіреуі жалғанатын қосымшалары жағынан да ұқсас болып келеді. Ал кейбір сөздер мағыналық жағынан өзбек тілімен бірдей болып айтылады да, қазақ тілінің басқа сөйленістерімен салыстырғанда ерекшеленіп тұрады. Өзбек тілінің қазақ тіліне әсері, әсіресе, лексика саласында молырақ байқалады. Дәл осы тұста Жүсіпова Бибихадшаның филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның «Түркістан тұрғындары тілінің ерекшеліктері» атты авторефератын қарастырып өткен жөн, онда жергілікті халық тіліне тән тіл ерекшеліктерін бірнеше топтарға жіктейді.
1) Үй-жай, қора-қопсы, бай-шарбаққа байланысты сөздер, мысалы айуан – үй алдындағы көлеңке үшін істелген бір жағы немесе жан-жағы ашық бөлме; балақана – үйдің екінші қабатындағы бөлме; ұстын – тіреу, арқалық; сөре – адам отыруға лайықтап жасаған кереует тәрізді кең орын; сыбау – сылау; сыбақшы – сылақшы және тағы да басқа.
2) Көрпе-төсек, киім-кешекке байланысты сөздер, мысалы белбаг – белбеу; бейқасам – сарала түсті жібек; күлшін – етік пен мәсінің өкшесі; жеңсік – жеңге киетін киім; жыға – түрлі-түсті тастармен әшекейленген еркектер киетін бас киім; кемер – белдік; көрпеше – астыға төсейтін кішкене көрпе; нымша/немше – камзол, жеңсіз киім; байтаба – шұлғау; пашахана/ пешехана – масахана; сарпай – сыйға берген киім; шалша – алаша; дасымал – қол сүртетін орамал және тағы да басқа.
3) Ыдыс-аяқ атауларына байланысты сөздер, мысалы керсен – үлкен ағаш табақ; кесе – шай ішетін ыдыс; көзе – балшықтан жасалған үлкен ыдыс; леген – палау тағы да басқа тамақ салатын жайпақ табақ; абдесте – қолға cy құятын құман; бақыр – шелек; пиала – шай ішетін кесе; сәтіл – шай кеседен үлкендеу түрі, кұм, cy сақталатын балшықтан жасаған үлкен ыдыс; құмша – кішірек келген құм ыдыс; шыны – фордор ыдыс; шәугім – cy қайнататын темір ыдыс; шәулі – шыбықтан немесе сым темірден өріп жасаған сүзгі; шайдоз – cy қайнататын темір ыдыс; шәйнек – аққұман және тағы да басқа.
4) Тағам атауларына байланысты сөздер, мысалы әсел – бал; ашытпа – ашытқан сұйық тамақ; зуала – қамырдың кеспелік немесе күлшеге лайық бөлігі; ботқа – қою тамақ; пәтір – ашытпай қамырдан пісірген нан; қаттама – қабаттап пісірген нанның түрі; тұшпара – пельмен; қамыр – шикі нан; ауқат – тамақ, ac; палау – ет пен күріштен жасаған қою тамақ; самса – арасына ет салып, үшбұрыштап жасаған тағам; ұстаған – тураған еттен бұрын берілетін сүйек және тағы да басқа.
5) Құрал-сайман тағы басқа зат атауларына байланысты сөздер, мысалы белкүрек – күрек; белорақ – шалғы; бігіз – біз; шетен – талдан тоқыған құрал; байтесе – түрегеп тұрып ағаш шабатын, жүзі көлденең орнатылған кетпен тәрізді құрал сүйек және тағы да басқа.
6) Арба-шана, ер-тұрман атауларына байланысты сөздер, мысалы амаш – ағаш соқа; зембіл, какандоз – күл алғыш қалақ; қалбыр – темір елек және тағы да басқа.
7) Туыстық атауларға байланысты сөздер, мысалы ақа – аға; апа, әпке – өзінен үлкен қыз; шақалақ – жаңа туған бала; ая – шеше; ана, апа – өзінің туған шешесі; әнне – ана және тағы да басқа.
8) Әдет-ғұрып, ойын, ем-домға байланысты сөздер, мысалы сеп – көрсету үшін іліп қойған қыз жасауы және тағы да басқа.
9) Табиғат құбылыстарына байланысты сөздер, мысалы жанбур – жаңбыр; сел – жел және тағы да басқа.
10) Өсімдік атауларына байланысты сөздер, мысалы нулы – жусан; көк – шөп және тағы да басқа.
11) Аң, құс, құрт-құмырсқа атауларына байланысты сөздер, мысалы мық – шеге; мейман – қонақ; пұл – ақша; шақа – ұсақ ақша, тиын; ақыр – малға шөп салатын жер және тағы да басқа.
12) Мал шаруашылығына байланысты сөздер, мысалы мәйек – тауық астына қалдырған жұмыртқа және тағы да басқа.
13) Кәсіби сөздер, мысалы тәбел – тәбіл, журнал; зан – заң; дәри – дәрі-дәрмек және тағы да басқа.
14) Дәнді-дақылдарға байланысты сөздер, мысалы кебек – ұнды елегеннен қалған ipici, атала – ұннан, талқаннан жасалған көже және тағы да басқа.
15) Дерексіз ұғымды білдіретін сөздер, мысалы acap – көмек, жәрдем; әския – әзіл; ауаз – әуез, үн; еге – ие; кәп – сөз; нама – есім, ат; рәт – рахат; азан – ертең, ерте және тағы да басқа.
16) Сындық және сапалық қасиетті білдіретін сөздер, мысалы арасат –көп; ауан – аңқау; әскияшыл – әзілқой; бақуат – әлді, күшті; бейәбір – ұятсыз; беймарал – жайбарақат, еркін; дәйіс – ұятсыз, арсыз, оңбаған; дүр – мықты; жүдә – aca, тым; құш – көңілді; құшуақ – көңілді; найсап – оңбаған; пәс – аласа; шырын – тәтті және тағы да басқа.
17) Іс әрекетті, қимылды білдіретін сөздер, мысалы әбжіл – жылдам, шапшаң; бийләмәк – билеу және тағы да басқа. Осы келтірілген мысалдардан-ақ ертеден қоныстас, аралас отырған қазақ пен өзбек тілдерінің қазақтарға, әсіресе, Түркістан тұрғындарының тілдері үшін бір-біріне еткен әсерін көруге болады.

2 Түркістан тұрғындары сөйленісіндегі фонетикалық ерекшеліктері

2.1 Түркістан тұрғындары сөйленісіндегі фонетикалық ерекшеліктердің қолдану аясы
Түркістан тұрғындары сөйленісіндегі фонетикалық ерекшеліктердің кейбіреуінің қолдану аясы шағын болғанымен, оларды өз алдына сөз етерлік құбылыс деуге болады. Мұнда ерекшелік деп танылып отырған құбылыстар дауысты, дауыссыз дыбыстардың өзара алмасулары немесе олардың белгілі бір сөздерде, сөз арасында түсіп қалуы, кейбір сөздерге қосылып айтылуында байқалып қалады. Қамтитын сөздердің көлемі және олардың таралу шегі жағынан алғанда, дыбыстық ерекшеліктердің бәрі бірдей емес. Кейбір дыбыстық ерекшеліктердің (а/ә, б/п және л-дің түсіп қалуы) қамтитын сөздері көбірек болса, кейбір дыбыс алмасулары аз ғана сөздер көлемінде ғана кездеседі. Түркістан тұрғындары тілінде кездесетін дауысты дыбыстарға байланысты өзгешеліктер осы дауыстылардың бірі орнына екіншісінің алмасып келуімен сипатталады.

2.2 Түркістан тұрғындары сөйленісінде дауыстылардың бір-бірімен алмасуы

Жиналған материалдарға қарағанда Түркістан тұрғындары сөйленісінде кейде ашық дауыстылар бір-бірімен алмасса, осының керісінше, қысаң дауыстылар да өзара алмасып жатады. Кей жағдайда ашық дауыстылардың орнына қысаң дыбыстар жұмсалады. Түркістан тұрғындары тіліндегі бірден көзге шалынатын дыбыстық құбылыстың бірі – жуан дауысты a дыбысының жіңішкеріп, ә-мен алмасуы. Бұл құбылыс кең тараған, жүйелі түрде кездесетін, қамтитын сөздердің саны да мол ерекшеліктің бірі болып саналады. Мысалы: әбдіре-абдыра, әбүйірлі-абыройлы, әбіржу-абыржу, әйту-aйmy, әйттім-айттым, әруақ-аруақ, әсіл-асыл, бәтебата, дәстархан-дастарқан.
Түркістан төңірегінде а/ә дыбыстарының сәйкес келуі жайында осы өңірден шыққан диалектолог А.Тасымов та өз мақаласында атап өтіп, әрәapa, әщі, әулі, әбіржу, әпшісін куыру тәрізді мысалдарды келтірген болатын. Зерттеліп отырған тұрғындар тілінде езулік дауыстылардың алмасуы да байқалып қалады. Кейбір сөздерде жіңішке e дауысты дыбысы айтылатын жерлерде жіңішке ә дыбысы қолданылады. Мысалы: дәрәу-дереу, гүлә-гүлә-күле-күле, диірмен-диірмен, кәсәл-кесел, кәрәмәткеремет, кәрәуәт кереует, кәриә-кәрие, кішкәнтай-кішкентай.
Қамтитын сөздер саны аз болса да Түркістан тұрғындары өңірінде кейбір сөздерде қысаң ұ-ның орнына ашық o қолданылады. Мысалы: оқсяу-уқсау. Мен ол баланы көрдім, әкесіне оқсайды. Кейбір еңбектерде бұл дыбыстардың алмасуын оңтүстік және батыс өңірінен жиналған сөздерге тоқтап, соның ішінде ашық о-ның орнына қысаң ұ-ның жиі кездесетін жері Қазақстанның батыс аймағы екенін, ал басқа жерлерде қысаң ұ-ның орнына ашық o дауысты дыбысы айтылып, келтірілген мысалдар да өзгешелеу екеніне назар аударады. Олардың ішінде батыс әрі оңтүстік өңірде кездесетіндері де бар екен. Ал кейбір сөздер батыс пен оңтүстік сөйленістер тобының ішінде аралас ұшырайтыны да бар. Бірде батыс, бірде оңтүстік сӛйленістерге тән o орнына ұ, керісінше ұ орнына o дауысты дыбысы қолданылатын сөздердің екеуінің де Түркістан тұрғындары тілінде бірдей айтылуы тектен-тек емес, оларды осындағы батыс және оңтүстік ру тайпаларының қоныстану, араласуының нәтижесі деп түсінуіміз керек.

Қорытынды

Осылайша, Түркістан тұрғындарыны тілінде қолданылып жүрген сөздер оңтүстік сөйленістермен ортақ жақтарымен бірге осы өңірдің өзіне ғана тән өзгешілік ретінде бірден көзге түсіп тұратын ерекшіліктерде аз емес. Олар жергілікті халықтың шаруашылығына, кәсіби, географиялық жағдайына және күнделікті тұрмыс тіршілігіне байланысты қолданылып жүрген сөздер. Әсіресе, Түркістан өңірі бау-бақша, көкініс, өсімдік, техникалық дақыл, үй құрылысы, тағам, туыстық атауларды білдіретін, әдеби тілімізді байытуға өзіндік үлес қосатын сөздерге бай. Басқа сөйленістермен салыстырғанда Түркістан тұрғындары тілінде оларға ұқсамайтын өзіндік ерекшеліктері бар. Ондай өзгешіліктердің пайда болуына Сыр бойында оғыз, қыпшақ тайпаларының қоныс теуіп, аралас отырғандығын, ғасырлар бойы қазақ пен өзбек халықтарының бір-бірімен қоян-қолтық араласа өмір сүріп тығыз қарым- қатынас жасауынан туған деп пайымдауға болады. Сонда мекендейтін қазақ өзбек халықтарының сан жағынан тепе-теңдігі олардың екі тілді бірдей меңгеріп еркін сөйлейтіндігі, оқушылардың өзбек, қазақ немесе аралас мектептерде оқитындығы сөйленістігі ерекшіліктердің қалыптасуына да себеп болған. Түркістан тұрғындары тіліне тән дыбыстық, лексикалық, грамматикалық ерекшіліктердің өзбек тілімен ұқсас келуі екі тілдің бір-біріне әсер еткен ерекшілік деп тануға болады.Түркістан тұрғындары тілдерінің ерекшеліктері өз кезегінде көптеген факторлармен өте тығыз байланысты екендігін көруге болады. Сонымен бірге, жоғарыда аталып өткен факторлардың барлығына себепші болған бір ғана жағдай бар, ол – ерте кезеңдегі халықтар араласуынан осы күнге дейін жалғасып келе жатқан тарихи жағдай. Сондықтан да Түркістан тұрғындарының тілдері еліміздің басқа аймақтарымен салыстырғанда ерекшеліктерге толы, өзгеше, күрделі әрі қыр-сырға ие болып келеді.

Әдебиеттер тізімі



1. Жүсіпова Б. Түркістан тұрғындар тілінің ерекшеліктері – Түркістан: 2013 .
2. Жүсіпова Б. «Түркістан тұрғындары тілінің ерекшеліктері» Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындаған диссертацияның авторефераты – Алматы: 2003 .
3. Балақаев С. Қазақ тілінің мәдениеті – Алматы: 1971.
4. Нақысбеков О. Қазақ тілінің оңтүстік говорлар тобы – Алматы: Ғылым, 1982.
5. Досқараев Ж. Оңтүстіктегі халықтың тіл өзгешеліктері. Қазақ диалектологиясы – Алматы: Ғылым, 1951.
6. Нақысбеков О. Жергілікті халық тіліндегі арық атыз түрлеріне байланысты қолданылып жүрген сөздер жайында. Қазақ диалектологиясы – Алматы: Ғылым, 1965 .
7. Тасымов A. Түркістан төңірегіндегі тұрғындар тіліндегі фонетикалық ерекшеліктер. Қазақ CCP Ғылым академиясының Хабарлары, Тіл, әдебиет сериясы – Алматы: 1988.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет