Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі



Дата07.11.2022
өлшемі0,84 Mb.
#48178

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ







Коммерциялық емес акционерлік қоғам
«М.ӘУЕЗОВ атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті»



«БАСҚАРУ ЖӘНЕ БИЗНЕС» ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ
«ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ» КАФЕДРАСЫ
Пәні: «Экономикалық теория»


Зерттеу жұмысы

Тақырыбы: «Тұрғын үй нарығын талдау»




Орындаған:Тілләбек Атабек
Тобы: ЭФ-22-2К
Қабылдаған: аға оқытушы Жуманова Г.М.

Шымкент 2022ж.



Тұрғын үй нарығы дегеніміз- тұрғын үй объектісін тұрғызу, айналымға түсіру, қолдану және қаржыландыру сияқты нарықтық тетіктердің өзара байланысты жүйесі және тұрғын үй объектісін сату-сатып алу мәмлелерінің орындалумен бірге мүліктік құқықтардың тараптар арасында ауысуын қамтамасыз ететін құрылым. Тұрғын үй нарығы және тұрғын үй қызметтері, жылжымайтын мүлікті қалыптастыратын ерекше функцияны орындайды, сондықтан олар өзара тығыз байланысты және сұраныс пен ұсыныс сияқты айнымалылардың жағдайына тәуелді. Тауарлардың сұранысы сияқты, баспанаға сұраныс тұрақты және жаппай сипат алмайды. Сонымен, тұрғын үй нарығындағы сұраныс әлеуметтік факторлардың әсерінен жиі өзгеріске ұшырап отырады. Нарықтың бұл түрінде тұрғын үй қорына деген сұраныс, оның ұсынымына тікелей тәуелді.
Тұрғын үймен қамтамасыз етілу адамның аса маңызды қажеттіліктерінің бірі. Сондықтан азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету, мемлекеттің қоғам алдындағы негізгі міндеттерінің бірі. Тұрғын үй нарығы және оның даму қарқыны ұлттық экономиканың негізгі жағдайының даму дәрежесін сипаттайды. Отандық тұрғын үй нарығының қалыптасуы халық шаруашылығының басқа салаларын ынталандырушы және нарықтық экономикаға өтудің негізгі факторларының бірі ретінде қарастырылды. Жекешелендіру үрдісінің қауырт жүргізілуінің нәтижесінде қысқа уақыт ішінде мемлекетте нарықтық қатынасқа қатысатын жеке меншік топтар қалыптасып үлгерді. Отандық тұрғын үй нарығы жылдам екпінмен дамып, қазір өркениетті және ұйымдасқан формаға ие болып отыр.

Соңғы үш жылдағы мониторинг:



Тұрғын үй нарығы қалай өзгерді?


Жүргізілген зерттеу деректеріне сәйкес, көп пәтерлі тұрғын үй құрылысының үлесі бойынша мына мегаполистер көшбасшылар қатарында: Нұр-Сұлтан – 33,5%, Алматы – 21,1%, Шымкент – 5,7%. Өңірлердегі көп пәтерлі тұрғын үй құрылысының үлесі мынадай: Маңғыстау облысы – 6,8%, Қарағанды облысы – 4,3%, Ақтөбе облысы – 4,1%, БҚО – 3,2%, Ақмола облысы – 2,9%, ШҚО – 2,9%, Қостанай облысы – 2,8%, Атырау облысы – 2,7%, Павлодар облысы – 2,3%, Түркістан облысы – 2,1%, Жамбыл облысы – 1,8%, Алматы облысы – 1,7%, Солтүстік Қазақстан облысы – 1,6%, Қызылорда облысы – 0,4% 


Мәліметтер: https://stud.kz/referat/show/41423 , https://www.google.com/url?sa=i&url=https%3A%2F%2Finbusiness.kz%2Fkz%2Flast%2Fkyrkujekte-turgyn-uj-narygyndagy-baga-kalaj-ozgeredi&psig=AOvVaw0qfTuCaded7vWQrZiTrYOe&ust=1665412466210000&source=images&cd=vfe&ved=0CAkQjRxqFwoTCPCi1Nbv1foCFQAAAAAdAAAAABAD сайттарынан алынды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет