Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитеті



Pdf көрінісі
бет1/10
Дата03.03.2017
өлшемі1,98 Mb.
#7480
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму 
министрлігі Автомобиль жолдары комитеті 
 
 
 
ОҢТҮСТІК-БАТЫС ЖОЛДАРЫНЫҢ ЖОБАСЫ: БАТЫС ЕУРОПА-
БАТЫС ҚЫТАЙ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТРАНЗИТТІК ДӘЛІЗІ 
ОРТАЛЫҚ-ОҢТҮСТІК ДӘЛІЗІНІҢ «ҚҰРТЫ-БУРЫЛБАЙТАЛ» ЖОЛ 
УЧАСКЕСІ (2295КМ-2380 КМ) 
«ҚОРШАҒАН ОРТА МЕН ӘЛЕУМЕТТІК САЛАҒА ӘСЕРІН БАҒАЛАУ 
БОЙЫНША ЕСЕП» ЖОБАСЫ 
 
 
 
 
НАУРЫЗ 2015 
 

Жұмыс түйіндемесі 
 
Жоба  
Жобаға  Оңтүстік-Батыс  жобасы  бойынша:  Батыс  Еуропа  –  Батыс 
Қытай, 
Орталық-Оңтүстік 
дәлізінің 
«Құрты-Бурылбайтал» 
жол 
учаскесінің  халықаралық  транзиттік  дәлізі,  4  жолақты,  85  шақырымға 
жуық жолдың қайта құрылуы, жаңартылуы және жаңа құрылысы кіреді. 
Жол учаскесі әр түрлі орта мен ландшафттардан өтеді. Жобаның ландшафт, 
биосфера және жер пайдаланудың түрлеріне, сондай-ақ топография, ауа райы, 
табиғи жағдайы мен адамзат қызметіне әсері бар үлкейтілген кеңістік бойынша 
барлықүлкен  инфрақұрылымдық  жобаларға  жеке  міздемелері  бар.  Трасса 
жоспары  әртүрлі  ландшафт  түрлері,  жер  пайдалану  түрлері  және  микро  ауа 
райы  аймақтары  арқылы  өтеді.  Жоба  401  км  және  45  км-ге  созылған  екі 
учаскеде  құрылған  және  жобаланған.  Бұл  учаскелер  оның  жобалық 
мінездемелері  және  кепіл  жіктемесі  мен  кепіл  құралының  жобасына  қатысты 
ақпараттармен қоса төменде сипатталған. 
1  учаске  (2295  км-2335  км).  2295-2335  км  жол  учаскелерінің  жобасы 
«Астана-Қарағанды-Балқаш-Қапшағай-Алматы»  Орталық-Оңтүстік  транзиттік 
дәлізіне кіргізілген. Әкімшілік бөлінісі бойынша жоспарланушы аймақ Алматы 
облысы  Жамбыл  ауданы  Айдарлы  және  Сарытауқұм  ауылдық  округтерінің 
аумағынан  өтеді.  Жол  учаскесінің  негізгі  бөлігі  жұмыс  жасап  тұрған  трасса 
жоспарымен  өтеді.  Жоспарланған  учаскенің  ұзақтығы  40,04  км.  Автожолдың 
негізгі бағыты – оңтүстік-шығыс. 
Аймақ ауа райы тез өзгеретін және құрғақ. ДКЗ-V; Ең ыстық ай – шілде; 
орташа температура - +25,4 С; ауа температурасының абсолютты жоғарылығы - 
+47С; ең суық ай – қаңтар; Орташа температура – 11,7С; ауа температурасының 
абсолютты төменділігі: -46С; қар жамылғысының ені 5% жоғарылық есебімен – 
35 см. ІІІ – желді аудан. 
2  учаске  (2335  км-2382  км).  Бұл  учаске  Құрты  поселкесінен  бастап 
Алматы-Астана  жұмыс  жасап  тұрған  трасса  арқылы  өтеді.  Әкімшілік  бөлінісі 
бойынша  жоспарланушы  учаске  Алматы  облысы  Іле  және  Жамбыл 
аудандарының  аумағы  арқылы  өтеді.  Жолдың  тығыз  инфрақұрылымды  желісі 
және  құрылыс  жүрмеген  орындарда  ауыл  шаруашылық  қызметі  бар  бірнеше 
ауылдары бар. Жобадағы  жол учаскесінің ұзақтығы 45 км. 

Автожолға  қиылысатын  негізгі  ағын  су  Қастек  және  Жетіжол  солтүстік 
бөктерінің  жоталарынан  бастау  алатын  және  қосылу  салдарынан  Қопа, 
Жиренайғыр, Ақсенгір, Жыңғылды сияқы көптеген салаларға айналатын Құрты 
өзені.  Гидрологиялық  қатынаста  трасса  жоспарының  ауданы  бойынша  су 
қоймасы салынған плотинасы бар тек Құрты өзені ғана зерттелді. Құрты өзені 
арқылы  өтетін  2002  жылы  салынған  2377+400  км-ге  көпір  қайта  құрылып 
қосымша екі жолақ үшін жаңа көпір салынады. 
Сондай-ақ  трасса  жоспары  2349+150  км-ге  Бырыөзек  (Өтеген)  өзенін 
қиып өтеді. Бұл көпір 1974 жылы жол қиылысындағы кезеңдік ағын сулар үшін 
салынған және ол қазір апаттық жағдайда. Жобаны жобалау кезінде бұл көпірді 
жаңадан салуы мүмкін. 
Учаскенің орташа деңгейі – өзне деңгейінен 600 м-де, ең аз мөлшері – 560 
метр және ең көбі – 640 метр. 
Жергілікті жері жазық. Аймақтың сейсмикалық белсенділігі 9 балл  – ҚР 
ҚНжЕ  2.03.-30.2006.  трасса  жоспарының  аймағындағы  жер  қабаты  әлсіз, 
шырыш қабатының күштіліг 20 см-ге дейін. 
 
Дүниежүзілік Банктің кепіл бойынша талаптары 
Экологиялық және әлеуметтік кепіл мақсаты – даму процесінде қоршаған 
орта  мен  адамдарға  келетін  зиянның  алдын  алу  мен  жеңілдету.  Қауіпсіздік 
саясаты  дамушы  елдерге,  даму  бойынша  олардың  серіктестеріне  көрсетілетін 
көмек  болып  табылады.  Саясат  бағдарламалар  мен  жобаларды  дайындау  мен 
ендіруге  инвесторлар  мен  борышкерлерге  ұсыныс  жасайды.  Келесі  кепіл 
талаптарын ҚОӘБ-ды енгізу кезінде қарастырған. 
Банктік Кепіл саясаты 
Банк  саясаткерлерінің  пікіріне  сәйкес  Жоба  «А»  санатты  Жоба  болып 
анықталды.  Бұл  шешім  жобаға  жоспарланған  жол  учаскесін  кеңейту  және  
жаңаландыруға негізделген. 
Төменде осы жобаға қолданылатын немесе жоғары назарға ие Банк кепіл 
саясаты көрсетілген және қарастырылған. 
Қоршаған  ортаға  әсерді  бағалау  ОП/БП  4.01  (қолдануға  болады): 
құрылыс уақытындағы негізгі болатын теріс әсерлер  – бұл карьерді дайындау, 
қалдықтардың  пайда  болуы  (құрылыс  материалдары,  шығыс  материалдары 
және  тұрмыстық  қалдықтар  және  құрылыс  қалашықтарыныңағын  сулары), 

жерлерді шектен тыс қолдану, егін қабатын жою және эрозия. Сонымен қатар, 
жерасты және жер үсті суларының бұзылуы, көліктерді (цемент тасушы) өзенде 
жуу.  Жол  салу  кезінде  жаңбыр  суларын  басқару,  жер  қабатының,  жер  асты 
және  жер  үсті  суларының  ауыр  металдармен,  органикалық  заттармен,  шаң, 
дауыстармен ластануы, ауаның ластануы қиындық тудыруы мүмкін. Сондай-ақ, 
құрылысты  нашар  басқару  процесінен  экожүйе  мен  табиғаттың  бұзылуына 
ауқымды қатер тууы мүмкін. 
Тапсырыс  беруші  бірінші  ҚОӘБ  есебін  әр  қатысушыға  дайындап  қойды 
(яғни  жалпы  –  2  құжат).  Онда  жобаны  сипаттау  және  мәліметтер  жинағы, 
жеңілдету  бойынша  шараларды  жоспарлау  үшін  пайдалы  база  және  әсер 
анализібар  барлық  негізгі  элементтерді  қамту  керек.  Экологиялық  қадағалау 
бойынша  шарттық міндеттемелерді және нақты басшылықты жүргізу үшін әрі 
қарай жобаны жобалау мен оны жүзеге асыруда әр учаскеге қажетті  Қоршаған 
ортаны  басқару  жоспары  (ҚОБЖ)  дайындалады  және  тендерлік  шарт 
құжаттамасына ендіріледі. 
Табиғи  тіршілік  ету  аймағы  ОП/БП  4.04  (қолданылуға  жатпайды, 
бірақ ҚОӘБ-мен ескерілген): Құрты-Бурылбайтал жол учаскесінің дәлізіндегі 
қайта  құрылатын  жобаланушы  учаске  өте  үлкен  аумақты  алып  жатқан 
(2 757 000 гектар) Жусандалы қорығы шекасынан өтеді.  
Келесі  жануарлар  осы  аймаққа  тән:  джейран,  қасқыр,  шағал,  түлкі, 
қорсақ,  қоян.  Орнитафаунаға  200  түрге  жуық  (Березовиков  1999  ж.),  соның 
ішінде  83  ұясалушы  және  100  аса  келіп  кетушілерді  кіргізеді.  Ұя  салушы 
түрлері Солтүстік Еуразия шөлді аймағына тән Chlamydotis undulate (Вихляй), 
Aquila heliaka, Falko naumanni (Степная Пустельга құсы), Burchinus oedisnemus 
(Авдотка  құсы),  Charadrius  leschenaultia  (үлкентұмсықты  Зуек),  (Рябок  құсы), 
Charadrius  asiaticus  (Каспий  Зуегі  құсы),  Syrrhaptes  paradocus  (Саджа  құсы), 
Pterocles  orientalis  (Чернобрюхий  Зуек),  Calandrella  rufescens  (сұр  Бозторғай), 
Calandrella  brachydactyla  (кішкентай  бозторғай),  Hippolais  rama  (оңтүстік 
бормотушка  құсы),  Sylvia  nana  (шөл  дала  сандуғашы  құсы),  Oenanthe  deserti 
(шөл  дала  кеменкасы),  Cercotrichas  galactotes  (Тугайлық  бұлбұл),  Lanius 
pallidirostris (сұр сауысқан), Corvus ruficollis (шөл қарғасы), Rhodospiza obsolete 
(шөл құнағы), Emberiza bruniceps (сары торғай). 
Бұл  құстар  мен  сүтқоректілер  трасса  жоспарынан  негізінен  алыс 
орналасқанын ескере кету керек және олардың тіршілік ету ортасына Жобаның 
әсері  болмайды.  Бұл  облыста  тұрақты  немесе  маусымдық  келіп  кететін 
жауарлар  жоқ.  Өзендегі  көпірлер,  су  жіберуші  құбырлар,  өріс  және  ауыл 
шаруашылық жолдар аяқасты жануарлардың келіп кетуіне қызмет етеді. 

Ормандар  ОП/БП  4.36  (қолданылуға  жатпайды,  бірақ  ҚОжӘСӘБ-
мен  ескерілген):ормандарға  тигізілетін  еш  әсер  жоқ,  сондықтан  саясат 
қолданылмайды.жол  құрылысы  нәтижесінде  кесілетін  ағаштар  ҚОБЖ-на 
(қоршаған  ортаны  басқару  жоспары)  сәйкес  іс  шаралар  бойынша  қайта 
отырғызылады. Бұл бөлек көгалдандыру шартымен жүзеге асырылады.  
Жеке  мәдение  ресурстар  ОП/БП  4.11(қолданылуға  жатпайды,  бірақ 
ҚОжӘСӘБ-мен ескерілген): Қазақстан мәдени мұраға бай ел, әсіресе тарихи 
жібек  жолының  маңында  орналасуы.  Археологиялық  зерттеулер  лицензиясы 
бар  ЖШС  «Архелогиялық  Экспедициямен»  бағалау  жүргізу  үшін  орындалды. 
Белгісіз ЖМР есебі жүргізілді. ЖМР басқару жоспары ҚОБЖ-на енгізілді. 
Дамбыларды  қорғау  ОП/БП  4.37.  қолданылмайды.  Жоба  аумағын 
бағалау барысында дамбылар болған жоқ. 
Халықаралық  ағынсулар  жобасы  ОП/БП  7.50  (қолданбайды)  жоба 
аумағында  халықаралық  ағын  сулар  жоқ.  Өзендерге  еш  кедергі  болмайды, 
ағысы сол қалпында сақтала береді. 
Экологиялық және әлеуметтік шығыс мәліметтер 
Жоба дәлізі Тянь Шань тау жотасымен паралель 10 км-ден 30 км-ге дейін 
ұзындықта  жатады.  Сондықтан  жоба  Балқаш  өзеніне  құятын  су  жиындылары 
бар  аллювилды  дала  ішінде  болады.  Бұл  аумақта  жаңадан  пайда  болған  және 
терең жер асты сулары көп. 
Ауа райы өзгермелі батыс пен құрғақ шығыстыкіндей, қысы суық, жазы 
ыстық құрғақ, жаңбыр қар көктем мен күзде аз болады. Жоба табиғи өзгерістер 
бұл жерде  еш  кедергісін  келтірмейді. Қауіп  тек  таулар  арасынан  келетін ағын 
сулардан,  әсіресе  жаңбырлы  маусым  кезінде  келуі  мүмкін.  Эрозия  немене  тау 
тастарының құлауы, сел онша қауіп келтірмейді. 
Трассаның  үлкен  бөлігі  адам  қызметі  жүретін  жерлерде  (жайлау,  мал 
шаруашылығы,  жайылымдар).  Жоба  дәлізінің  барлық  кезеңінде  де  ауыл 
шаруашылық,  мал  шаруашылығы  байқалады.  Жоба  аумағында  бұзылатын 
құнды  заттар  болмайды.  Бірақ  трасса  жоспарының  маңында  орналасқан  елді 
мекендер үшін шудан қорғау қажеттілігі туындауы мүмкін. 
 
Әсер және оны жеңілдету және басқару 
Трасса жобасына қоршаған ортаға барынша әсерді аз тигізу үшін барлық 
шаралар енгізілген. Жобаға жол қозғалысының қауіпсіздігі үшін жылдамдықты 

азайту бойынша жаяу жүргіншілер жолдары ұйымдастырылған. Сондай ақ мал 
шаруашылығымен  айналысатын  сол  аймақтағы  фермерлер  үшін  жер  асты 
өткелдері  қарастырылған.  Бұл  жер  асты  өткелдері  жабайы  жануарлар  үшінде 
қызмет  етеді.  Ағын  сулар  жиналып  қалмас  үшін  не  жолға  кедергі  келтірмес 
үшін арнайы трубалар орнатуды жобаға енгізген. 
Құрылыс  кезіндегі  әсердің  көп  бөлігі  басқару  тәжірибесіндегі  ең  жақсы 
шаралармен  жүргізіледі.  Яғни қалдықты  шығару,  шаң  мен  тозаңнан,  газдарды 
қадағалаудың  әр  түрлі  алдын  алу  не  жеңілдету  шаралары  қарастырылады. 
Лагерлердегі ағын сулар қоныс учаскелереінде және аэрационды бассейндерде 
өңделеді.  Биологиялық  қалдықтар  өңделген  соң  барып  су  ағыстарына  немесе 
өзенге  жіберіледі.  Терең  қазу  немесе  топырақты  аудару  жұмыстары 
жоспарланбағандықтан, жоба бойынша жер асты суларын әсер болмайды. 
Құрылыс  іс  шаралары  үшін  сулар  Құрты  өзенін  алынады,  су  көлемі 
жеткілікті  болғандықтан  құрылыспен  сарқылмайды.  Құрты  өзені  123  кмге 
созылға,  бассейні  12 500  км²  құрайды.  Ағысы  190 080  м3/  күніне.  Трассаның 
оңтүстігінде су қоймасы бар. Бұл су қоймасы ауылшаруашылық егін алқаптары 
үшін қолданылады. 
Ауыз  су  Қаншеңгел  комуналдық  жабдықтау  жүйесі  арқылы 
скважиналардан әкелінеді. Сумен қамтамасыз ету шығынын мердігер көтереді. 
Жоба обылысында суға қолжемділік шексіз. 
Шу  мен  газды  мердігерге  талап  қою  арқылы  төмендетіледі,  яғни  жаңа 
технологиялар мен құрылғыларды пайдалану арқылы, және жоба аяғына дейін 
оны  жақсы  жұмыс  жағдайында  ұстау  талап  етіледі.  Бұл  талаптың  барлығы 
тендер  құжаттарында  көрсетіледі.  Халыққа  кедергі  келтірілмес  үшін  жұмыс 
уақытын шектеу мен түнгі жұмысқа жол берілмейді. Тұрғын үйлер аумағында 
жұмыстар жасау  барысында  шу  басатын  немесе  шу  шығармайтын  терезелерді 
құру қолданылады. 
Жер  карьерлері  тек  жобаны  ендіру  және  олар  үшін  рұқсат  алынған 
жерлерге мердігерлер  қажеттілікті  жасайды.  Жер карьерлері қоршаған ортаны 
басқарудың  арнайы  жоспарынсыз  рұқсат  берілмейді.  Онда  жабу,  қайта  өңдеу 
және  топырақ  құнарлығын  қалпына  келтіру  жергілікті  табиғатты  қорғау 
органдарымен келісілген мазмұн және құрылысты қадағалау бойынша инженер 
және Банкпен қаралады. 
Барлық  табиғатты  қорғау  іс  шаралары  құрылыс  кезінде  мердігерлермен 
орындалады,  тендерлік  құжаттамаға  енгізіледі  және  ол  жұмыс  келісім 
шарттарының  бөлігі  болып  табылады.  Мұнда  тіпті  байқаусыз  табылған 

процедуралар бойынша нұсқаулықта кіреді. Мердігерлер құрылыс учаскелеріне 
жергілікті  органдар  мен  қадағалау  бойынша  инженерге  есеп  беретін 
экологиялық  және  әлеуметтік  басқару  (тіпті  шағымдарды  қарау  бойынша 
маманды  қосқанда)  функцияларына  сәйкес  келетінтұрақты  жұмысшыларды 
жалдауы керек.  
Ақпаратты  нақтылау  мақсатында  қандайда  бір  өзгерістер,  жақсарту 
немесе  қосымшалар  белгіленіп  және  жол  мазмұнына  және  жөндеу  жоспарына 
енгізіледі. 
 
Балама талдау 
Құрты-Бурылбайтал жол учаскесін дайындау кезінде 2295-2380 км жолға 
қайсыбір  әсерді  болдырмау  мақсатында  жол  тарссасында  өзгеріс  болған 
жоқ.негізгі  байланыс  және  электробайланыс  кабельдері  сол  дәліздің  бойында 
сақталады.Құрт-Бурылбайтал  жоба  учаскесінде  жобамен  қаралатын  және 
жобамен қаралмайтын балама нұсқалар қаралуда. 
Балама  нұсқа  –  жобаның  жоқтығы  сияқты,  қоршаған  ортаға  және 
ауылдардың    әлеуметтік  жағдайына  теріс  салдары  болуы  мүмкін.жергілікті 
жолды  қолданушылар  үшін  қауіп  көбеюі  мүмкін,  егер  жол  жөнделмесе.  Екі 
жақты  жол  бөлігінің  құрылысы    әлеуметтік  теріс  әсер  тигізбейді.  Қоршаған 
ортаны  қорғау    көзқарасына  сәйкес  таңдалған  трасса  жоспары  экономикалық 
даму  мен  қалалар  арасындағы  әлеуметтік  байланысты  жақсарту  үшін  жол 
мәселесін шешудің ең жақсы тәсілі.  
Жер алу мен қоныс аудару 
Ұсынылып  отырған  жоба  алуды  және  онымен  байланысты  әсерлерді, 
бірақ  ол  әсер  мейлінше  аз  жобадағы  жол  трасса  жоспары  85  км.  4  жолақты 
жолды салуға Жамбыл ауданынан жалпы ауданы 170 гектардан тұратын 31 жер 
учаскесі  және  Іле  ауданында  159  гектардан  тұратын  22  жер  учаскесі  қажет. 
Жалпы ауданы 26 гектардан тұратын 5 карьер қайта жөндеу мен құрылыс үшін 
бөлінген,  қосымша  карьер  кейінгі  деңгейде  бөлінеді.  2  жер  учаскесі  (1,25 
гектар)  құрылыс  кезіндегі  уақытша  қолдануға  берілді,  жол  инфрақұрылымы 
үшін 3 жер учаскесі керек. Қоныс аудару бойынша Әрекет Жоспары оған ақы 
төлеу Жер алу мен өтемақы құжатына сәйкес дайындалды.  
а)  Батыс  Қытай-Батыс  Еуропа  дәліз  жобасының  аяғына  дейін  қолдану 
үшін  АЖК  мен  Банк  арасында  келісілген  принциптер  мен  стандарттар 
ұсынылып отырған жобаға қолданылады. 

б)  қоныс  аударуды  жүзеге  асыру  алынған  жерлерді  бағалау  үшін 
жүргізілген және ол ҚАӘЖ-ның принциптері мен стандартарына сәйкес; 
в)  жалғаспалы  мониторинг  және  жеке  жағдайлар  бойынша  есеп  беру 
құрылыс кезеңі уақытында жер алуға өтемақы беру процестері үшін іс шаралар 
ҚАӘЖ-да толық көрсетілген. 
Қоныс  аудару  бойынша  әрекет  Жоспары  жобасы  дайындалған.  Ондағы 
жеке  меншікке  және  жалға  алынған  348,50  гектар  ауыл  шаруашылық  жерлері 
жобаның  тұрақты  жұмыс  үшін  үнемі  қажет  екенін  көрсетеді.  24,29  гектар 
қосымша жерлер жол құрылысының жұмыстары, карьер үшін керек. 
Қоныс  аудару  бойынша  әрекет  Жоспары  жобасы  жер  бөлінісі  туралы 
ақпараттың барлығын ұсынды. 
 
Қоғамдық тыңдаулар және ақпаратты ашу 
Қоғамдық  тыңдаулар/  кеңестер  2014  жылдың  тамыз  айында  өткізілді, 
көбіне  жобалау,  жанасу  мен  мал  айдалым  жерлері  (әлеуметтік  тарап  үшін 
маңызды), сонымен қатар, құрылыс обьектілерінің орналасу жерлері (құрылыс 
лагерлері,  бетон  қондырғылары  және  тб.)  және  сумен  қамтамасыз  ету  көздері 
туралы мәселелер қозғалды. 
Қосымша  қоғамдық  тыңдаулар  мен  кеңестер  ҚОБЖ  бойынша  2015 
жылдың  сәуір  айында  жол  учаскеерінің  жанында  орналасқан  және  әсер  алған 
тұлғалардың  қатысуымен  өткізіледі.  Жаңартылған  ҚОБЖ-ның  қорытындысы 
бойынша  (Банкпен  келісілген  соң),  қоғам  үшін  сол  жерде  ашылып  кеңестер 
ұйымдастырылу  керек.  Кейбір  кеңестер  мен  ақпараттарды  ашу  төмендегіше 
жүргізіледі: 

 
Қазақ  және  орыс  тілдерінде    жобаны  түсіндіретін,  қажетті 
жұмыстар  мен  жұмыс  жүргізу  мерзімдері  туралы  брошюралар 
дайындау және тарату; 

 
Жәбірленушілердің  өкілінің  қатысуымен    шағымдарды  қарау 
комитетін  құру.  Ассоциациядағы  құрылысты  қадағалау  бойынша 
кеңесші  мердігермен  бірге  шағымдарды  қарау  бағдарламасын 
нәтижелі жүргізу үшін жауапты. 
 
 

Тұжырым, ұсыныс және қорытынды 
ҚОӘБ-тың  негізгі  тұжырымы  –  бұл  ұсыныстарға  толық  сәйкес  жол 
учаскелерін  үлкейтуден  еш  экологиялық  теріс  салдардың  болмайтындығын 
білдіреді. 
Келесі ұсыныстар ҚОӘБ-тың нәтижесі болып табылады: 

 
Жол  жанынан  екінші  жүру  бөлігінің  құрылысы,  бар  жолды 
жақсартудан  басқа  қайта  салынатын  жол  салу  жобасынан 
ауытқымау керек; 

 
Құрылыс бойынша жобалау құжатына салдарды жеңілдететін түрлі 
шаралар бойыншабарлық ережелер кіруі керек; 

 
Келісім  құжаты  қоршаған  ортаны  қорғау  бойынша  барлық 
талаптарды  қанағаттандыру  үшін  6  бөлімде  көрсетілген  сәйкес 
тармақтар  қосылуы  керек.  Құрылыс  материалдары  (құм  және 
қиыршық  тастар)  тек  лицензияланған  карьерлерден  алынуы  керек. 
Артық материалдар экологиялық таза әдіспен жойылуы керек. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ҚЫСҚАРТУЛАР 
ДБ 
Дүниежүзілік Банк 
АЖК 
Автомобиль жолдары комитеті 
ХҚИ 
Халықаралық қаржы институты 
ИДМ 
Инвестициялар және даму 
министрлігі 
ЖБК 
Жобаларды басқару кеңесшісі 
ҚОӘБ 
Қоршаған ортаға әсерді бағалау 
ҚОжӘСӘБ 
Қоршаған ортаға және Әлеуметтік 
салада әсерді бағалау 
ҚОБЖ 
Қоршаған ортаны басқару жоспары 
ЖМР 
Жеке мәдени ресурстар 
ЖКА 
Жол-климаттық аймақ 
ҚР ЭМ 
Қазақстан Республикасының 
Энергетика министрлігі 
ЭС 
Экологиялық сараптама 
МЭС 
Мемлекеттік экологиялық сараптама 
МЫШ 
Межелі ықтимал шығындылар 
СЛИ 
Судың ластану индексі 
ӘӘЭБ 
Әлеуметтік әсерді экологиялық 
бағалау 
ТММ 
Тарихи-мәдени мұра 
БДҰ 
Дүниежүзілік денсаулық ұйымы 
ШРД 
Шекті рауалы деңгей 
ШРШ 
Шекті рауалы шығарынды 
ШРТ 
Шекті рауалы төгінді 
ҚІШЖ 
Қоныс аудару бойынша іс шаралар 
жоспары 
ПК 
Полиароматтық көмірсутектер 
МжБ 
Мониторинг және бағалау 
МТА 
Мониторинг бойынша тәуелсіз 
агенттік 
ЖЖАТ 
Жобаны жүзеге асыру тобы 
ҚОҚК 
Қоршаған ортаны қорғау бойынша 
комитет 
 
 
 
 
 

МАЗМҰНЫ 
КІРІСПЕ 
1.
 
САЯСИ НЕГІЗДЕР МЕН ЗАҢНАМА 
1.1.
 
 НЕГІЗГІ ЗАҢНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕР 
1.2.
 
 ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРДІ БАҒАЛАУ 
1.3.
 
КӨЛІК ЗАҢНАМАСЫ 
1.4.
 
АТМОСФЕРАЛЫҚ АУА САПАСЫНЫҢ СТАНДАРТТАРЫ 
1.5.
 
СУ САПАСЫ ЗАҢДАРЫ МЕН СТАНДАРТТАРЫ 
1.6.
 
ЖЕР САПАСЫ СТАНДАРТТАРЫ 
1.7.
 
ШУ САПАСЫ СТАНДАРТТАРЫ 
1.8.
 
ҚҰРЫЛЫС  ЖӘНЕ ОНЫ ПАЙДАЛАНУ КЕЗІНДЕГІ  ЕҢБЕКТІ 
ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ  
1.9.
 
АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МӘДЕНИ МҰРА 
1.10.
 
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАБИҒИ ҚОРҒАУ ЗАҢНАМАСЫ МЕН 
ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК САЯСАТКЕРЛЕРНІ САЛЫСТЫРУ 
 
2.
 
ЖОБАНЫ СИПАТТАУ 
 
2.1.
 
ЖОБА ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ 
2.2.
 
ЖОБА МІНЕЗДЕМЕСІ 
2.3.
 
1 УЧАСКЕ 
2.4.
 
2 УЧАСКЕ 
2.5.
 
КАРЬЕРЛЕР 
 
3.
 
БАЛАМАНЫ ТАЛДАУ 
 
4.
 
1 УЧАСКЕ 
4.1.
 
ШЫҒЫС МӘЛІМЕТ: 1 УЧАСКЕ 
4.1.1.
 
ЖАЛПЫ СИПАТТАМА 
4.1.2.
 
АУА РАЙЫ 
4.1.3.
 
ГЕОМОРФОЛОГИЯ ЖӘНЕ ГЕОЛОГИЯ 
4.1.4.
 
ТОПЫРАҚ ЖӘНЕ ТОПЫРАҚ ШЫҒАРУШЫ ТҮРЛЕР 
4.1.5.
 
ЖЕР РЕСУРСТАРЫ 
4.1.6.
 
ГИДРОЛОГИЯЛЫҚ МІНЕЗДЕМЕ 
4.1.7.
 
ФЛОРА ЖӘНЕ ФАУНА 
4.1.8.
 
ЖЕКЕ МӘДЕНИ РЕСУРСТАР 
 
4.2.
 
ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРДІ БАҒАЛАУ: 1 УЧАСКЕ 
4.2.1.
 
КІРІСПЕ 
4.2.2.
 
АТМОСФЕРАЛЫҚ  АУАҒА ӘСЕРДІ  БАҒАЛАУ 
4.2.3.
 
ШУ МЕН ДІРІЛ ДЕҢГЕЙІН БАҒАЛАУ 
4.2.4.
 
СУ ОБЬЕКТІЛЕРІНЕ ӘСЕРІН БАҒАЛАУ 
4.2.5.
 
ТОПЫРАҚ ЖӘНЕ ТОПЫРАҚ ШЫҒАРУШЫ ТҮРЛЕРГЕ ӘСЕРІН 
БАҒАЛАУ 
4.2.6.
 
ФЛОРА МЕН ФАУНАҒА ӘСЕРІН БАҒАЛАУ 

4.2.7.
 
ӘЛЕУМЕТТІК ОРТАҒА ӘСЕРІН БАҒАЛАУ 
4.2.8.
 
ЖЕКЕ МӘДЕНИ РЕСУРСТАРҒА ӘСЕРІН БАҒАЛАУ 
4.2.9.
 
ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ МЕН ЭСТЕТИКАҒА ӘСЕРІН БАҒАЛАУ 
4.2.10.
 
ҚАЛДЫҚТЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ 
 
4.3.
 
СЫРТҚЫ ӘСЕРДІ ЖЕҢІЛДЕТУ БОЙЫНША ІС ШАРАЛАР: 1 
УЧАСКЕ 
4.3.1.
 
АТМОСФЕРАЛЫҚ  АУАҒА ӘСЕРДІ ЖЕҢІЛДЕТУ БОЙЫНША ІС 
ШАРАЛАР 
4.3.2.
 
ШУ МЕН ДІРІЛ ДЕҢГЕЙІН ТӨМЕНДЕТУ БОЙЫНША ШАРАЛАР 
4.3.3.
 
СУ ОБЬЕКТІЛЕРІНЕ ӘСЕРДІ  ЖЕҢІЛДЕТУ БОЙЫНША ІС ШАРАЛАР 
4.3.4.
 
ТОПЫРАҚТЫҢ ЛАСТАНУЫ МЕН ЭРОЗИЯНЫ АЗАЙТУ БОЙЫНША 
ІС ШАРАЛАР 
4.3.5.
 
ФЛОРА МЕН ФАУНАҒА ӘСЕРДІ ТӨМЕНДЕТУ БОЙЫНША 
ШАРАЛАР 
4.3.6.
 
ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОРТАҒА ӘСЕРДІ ТӨМЕНДЕТУ 
БОЙЫНША ШАРАЛАР 
4.3.7.
 
ЖЕКЕ МӘДЕНИ РЕСУРСТАРҒА ӘСЕРДІ ЖЕҢІЛДЕТУ БОЙЫНША ІС 
ШАРАЛАР 
4.3.8.
 
ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫ ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЭСТЕТИКА БОЙЫНША ІС 
ШАРАЛАР 
4.3.9.
 
ҚАЛДЫҚТЫ БАРЫНША АЗАЙТУ 
 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет