Қазақстан Республикасы ұлттарының салт-дәстүрі мен мәдениеті



Дата07.11.2022
өлшемі15,22 Kb.
#48225

Қазақстан Республикасы ұлттарының салт-дәстүрі мен мәдениеті
Баршаңызға қайырлы күн! ИЯ 22 к 2 тобының дайындаған концертіне қош келдіңіздер.Біз бүгін Қазақстан Республикасында өмір сүретін ұлт өкілдерінің мәдениеті тақырыбының аясында сөз қозғаймыз.


Қазақстан - көпұлтты мемлекет.
"Ер татулығы - ел татулығы" демекші, Қазақстан Республикасы әлемде татулығы мен ұлтаралық бірлігі жарасқан ел ретінде танылған. Қазақстанның кең байтақ дархан жерінде жүзден астам ұлт өкілдері тату - тәтті өмір сүріп жатыр. 
Қазақстан халқының көп ұлттық құрамының қалыптасуы XVIғ. басталды. 
Кейбір деректерге қарағанда, әлемде 256 ұлт бар екен. Ресми мәліметке сенсек, соның 130 дан астамы Қазақстанда тату-тәтті өмір сүріп, тіршілік кешіп жатыр.
Міне, осыншама ұлт пен ұлыстың тілін тауып, бірлік пен ынтымақта ұстап отырған бүгінгі билік ұлтаралық татулық пен бірлікті басым саясатының бірі ретінде ұзақ жылдардан бері ұстанып келеді. Қазақстан халықтарының достығы – біздің елдің баға жетпес байлығы. Бүгінде еліміздің әр облысында татулықтың бесігіне айналған, әрбір ұлтқа өзінің салт-дәстүрі мен мәдениетін жаңғыртуға мол мүмкіндік беретін Достық үйлері бар. Ұлтаралық келісім мен тұрақтылықтың орталығы болып саналатын осындай ең алғашқы мекеме Елбасының бастамасымен 27 жыл бұрын Шығыс Қазақстанда ашылған. Осы өңірдегі көпұлтты халықтың пікірінше, Нұрсұлтан Назабаев еліміздегі татулық туын ешқашан төмен түсірген емес. 
Әрбір ұлт өзіндік жеке мәдениетінің болуымен ерекшеленеді.
Соншама ұлт бір Қазақстан дейтін тәуелсіз мемлекеттік халқы болып саналғандықтан,келесі кезекті өз ұлтымыздың ұлттық мәдени мұрасы- домбыраға береміз.
Сейдахмет Гаухардың орындауында күй-Ерке сылқым.
Қазақстан-көп ұлтты мемлекет дедік.Халықтың құрамының көп бөлігін славян халықтары құрайды.Соның ішінде украин халқына тоқталып отейік.Слайдта Украин халқының мәдениетін терең қарастырдық,назар салыңыздар.
Слайд(ұлттық киімі,тағамы,ойындары,салт-дәстүрі,мерекесі)


Назарларыңызға рахмет,ендеше ұлттық ойынды бірге ойнап көрейік.
Ұлдар ойын көрсетеді


. Кеңестік дәуірде ҚСРО-дағы жалғыз интернационалды ел аталғанымыз тегін емес. Ежелден бауырмал, қайырымды қазақ халқы тағдыр-тәлкегіне ұшырап, әлемнің әр тарапынан келген ұлттарды жатсынбай, оларды туған-туыстарындай жақсы көрді. Міне, сондықтан, қазір Қазақстан көпұлтты мемлекет атанып отыр. Дәл Қазақстан сияқты ұлттар достығы өнеге, халықтар достығы үлгі – дүниежүзінде ел жоқ. Біздегі халықтың ынтымақ, бірлігіне, жарастығына тәнті болған шетелдік саясаткерлер мен қоғам қайраткерлері «Қазақстаннан үйрену керек» дегенді жиі айтады. Барлық ұлттардың терезесі тең, мүдде-мақсаты бір және олардың еркін еңбек етуіне, кәсіппен шұғылдануына, саясатпен айналысуына барлық жағдай жасалған ғой. Ең ерекшелік сол – кейбір ұлт өкілдерінің балалары мектепте өз ана тілінде оқиды. Мысалы, Ресейде мұндай үрдіс жоқ. Қазір адал еңбектерінің арқасында кәсіппен шұғылданып, байып жатқан отбасылар көбейіп, қауымға айнала бастаған ұлт диаспоралары бар. Ұлттық салт-дәстүрлерін сақтап, өз діндерін ұстанып, бір шаңырақ аясында тату-тәтті өмір сүріп жатқан халық тек Қазақстанда жасап жатыр. Бұған әрине, қуанасың және мақтанышпен айтасың. Осындай ел бірлігі мен тұтастығы жолында өз бағдарламасы мен мақсаты бар Қазақстан Халық Ассамблеясының жұмысына дүниежүзі риза десек артық айтпаймыз.
Ортада ИЯ-22-2к тобының орындауында орыс халқының халық әні -“Ах Самара”-хор.
Хор орындалады.
Ақпыз,қара,сарымыз,ағайынбыз-бәріміз деген ұранмен өмір сүретін халықпыз.Әрбір ұлт өкілі бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп,өз мәдениетін сақтап келе жатыр.Тәрбие сағатымыз соңына жетті назарларыңызға рахмет.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет