Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетіінің тапсырысы бойынша



Pdf көрінісі
бет36/41
Дата15.03.2017
өлшемі2,8 Mb.
#9668
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41

Проза тілі туралы зерттеу

«...Әдебиет  шығармаларының  тілін  сөз  ету  ғылымдық  дәрежеге 

жетпей  келеді».  Мақалада  тілге  тиек  еткелі  отырған  еңбек  – 

Е.Жанпейісовтың  «Қазақ  прозасының  тілі»  атты  кітабы  М.Әуезовтің 

осы сөзімен ашылған. Шынында да, әдеби шығарманың тілін ғылыми 

тұрғыдан талдау қазақ лингвистикасында соңғы аз ғана жылдар ішінде 

қолға алынып отыр. Бұл салада тәжірибесі мол – орыс лингвистикасы. 

Ал түркі тіл білімінде ол там-тұмдап, тиіп-қашты түрде әңгімеленгені 

болмаса, әлі де негізінен жүйелі түрде зерттелген емес. Е.Жанпейісовтың 

зерттеуі  қазақ  тіл  біліміндегі  осы  бір  олқылықты  жетілдіруге  үлкен 

себін тигізеді десек, артық болмас та еді.

Әриие,  тұтас  бір  жанр  тілін  алып  зерттеу  –  жеке  авторға  тән 

шығарманың  тіл  ерекшелігін  тексеруден  әлдеқайда  күрделі  де  қиын 

міндет.  Филологияда  кейінгі  жылдары  көркем  әдебиет  тілін  зерттеу 

үстінде  лингвистикалық  стилистика  мен  әдеби  стилистиканы  тығыз 

байланыстыра  отырып  талдау  керек  дейтін  пікір  үстем.  Жанпейісов 



442

тұтас  бір  жанрды,  Октябрь  алдындағы  және  одан  кейінгі,  1920-30 

жылдардағы  қара  сөз  үлгілерінің  тілін  осы  қағидаға  сүйене  отырып 

талдайды.  Басқаша  айтсақ,  біріншіден,  «жалпы  халық  тілінің  даму 

дәрежесін  көрсететін  материал  ретінде,  екіншіден  шығарманың  таза 

көркемдік  ерекшелігін,  образдылығын,  суреткердің  тіл  шеберлігін, 

стилін айқындау тұрғысында» алып қарастырады. Сондықтан да болар, 

монографияның  структурасын  (құрылысын)  жасауда  автор,  әдеттегі 

үйреншікті қалыпқа бой ұрмай, өзінше толғанып, тіпті жаңаша құрған.

Кітаптың  алғашқы,  кіріспе,  бөлімінде  автор  бір  топ  мәселенің 

басын  ашып  алады.  Мысалы,  көркем  әдебиет  тілінің  табиғатын, 

өзіндік  сипатын  айқындау  үшін  оны  әдеби  тілмен  де,  сөйлеу  тілімен 

де, диалектизмдермен де жеке-жеке алып салыстырады. Сөйтіп, көркем 

әдебиет тілінің және әдеби тілдің әрқайсысының өзіне тән ерекшелігін, 

екеуінің  өзара  ортақ  қасиетін,  ұқсас  жерін,  сондай-ақ  бір-бірінен 

айырылар  тұсын  жан-жақты  талдап  көрсетеді.  Әдеби  тіл  мен  көркем 

әдебиет  тілі  бізде  дәл  осындай  бағытта,  осындай  аяда  бұрын-соңды 

арнайы сөз болған емес. Бұл орайда әдеби тілдің, көркем әдебиет тілінің 

ауызекі сөйлеумен, жергілікті ерекшеліктермен ара қатысы жөніндегі 

талдаулары да көңіл аударады. Әдеби тіліміздің даму, үнемі толысып 

отыру, шыңдалу барысында көркем шығарма тілінің ролі мен әр алуан 

ғылым  саласына,  техника  жаңалығына  байланысты  терминдердің 

үлесі бұрын қандай еді, енді қаншалықты дәрежеде деген бағытта да 

автор көп-көп нақтылы дәлелдер, салыстырма мәліметтер көтеріп, тың 

барлаулар жасайды.

Әдеби  тіл  тарихының  әдетте  әдебиет  тарихымен  байланысты 

құбылыс екені мәлім. Міне, осы себептен де автор әдеби тілді сөз ету 

тұсында әдебиет тарихын қай кезден бастау керектігі жөнінде кейінгі 

кезде  айтылып  жүрген  үш  түрлі  көзқарасқа  тоқтала  келіп,  «біздің 

байқауымызша, М.Мағауиннің пікірінде қисын көп» дейді, яғни жазба 

әдебиетіміздің  тарихы  XV  ғасырдан  басталады  деген  ойды  орынды 

көреді. Бұған өз тарапынан бірнеше дәлел келтіреді. Онысы мамандарға 

ой саларлық та, құптарлық та сияқты.

Жанпейісов  еңбектің  осы  кіріспе  бөлімінде  қазақтың  алғашқы 

жазба түрдегі көркем проза тілі қандай негізде бой көрсетті, яғни проза 

алғаш көрінгенде әдебиет тілінің дәрежесі қандай еді деген мәселеге де 

айрықша көңіл аударады. Осының кепілі ретінде Бұқардан бергі ақындар 

шығармасын  да  әр  түрлі  тілдік  құбылыстардың  көркемдік  құралы 

есебінде образ жасаудағы қызметінің қалай дамығандығына қысқаша 


443

шолу жасайды. Зерттеушінің бұл тұстағы байымдаулары да ұтымды. 

Мысалы, проза алғаш бой көрсеткенге дейін көркем әдебиеттің өзінде-

ақ кейбір грамматикалық тұлғалардың да ара-тұра белгілі бір стильдік 

қызмет  атқарғандығын  ашып  көрсетеді.  Мұндай  грамматикалық 

тұлғалардың бірі – «мақ-мек» қосымшасы. Бұл туралы бұған дейін де 

әр кезде, әр түрлі еңбектерде айтылған болатын. А.К.Кононов оның екі 

түрлі (ма-мен-қ) аффикстің қосындысы екендігін ескерте келіп, бұған 

түрікпен тілінен ғана мысал келтіреді. Е.Жанпейісов қазақ тілінде де, 

татар  тілінің  диалектісінде  де  барын  атап  көрсетеді.  Мысалы,  «мақ-

мек»  тұлғасының  «ма-ме»  қалпында,  яғни  тұйық  рай  у  формасының 

баламасы  ретінде,  фольклорда  да  Жібек  сынды  жеңгеңді,  Ап  келмеге 



барамын;  Сол  болды  себеп  біздерге  Байсын  елінен  шықпаға).  Алмаш 

жырларында  да  (Шығып  едік  жерімнен  Хан  Жәңгірді  көрмеге,  Ішке 



толған  мұңды  зар  Арызымды  айтып  бермеге),  Абайда  да  (Азайып 

қуатым,  Денем  жүр  көрмеге;  Бір  көрмеге  тәп-тәтті  Қазаны  мен 

албаны)  қолданылатындығына  автор  қазақ  филологиясында  бірінші 

көңіл аударады. Бір ғана осы «мақ-мек» тұлғасын қолданудағы стильдік 

ерекшелікті  пайымдауда  ғалымның  қыруар  әдебиеттерден  қаншама 

мәлімет  қарастырғанын,  жан-жақты  ізденгенін  аңғару  қиын  емес. 

Еңбектегі  әрбір  тілдік  құбылыстың  сырына  ол  үнемі  осылай  ұқыпты 

тұрғыда, өте мол салыстырма деректер негізінде үңіледі.

Кітаптың келесі, екінші бөлімінде Жанпейсовтың өз алдына жеке 

сөз ететіні – Октябрь алдындағы проза тілі. Бұл дәуірде қазақ прозасы 

деп  айтарлық  қандай  шығармалар  бар  еді,  автор  әуелі  осыған  жауап 

табады.  Тіл  мамандарының  көпшілігіне  әсіресе,  жас  зерттеушілерге 

есімі  мәлім  емес  жеке  авторларды,  Октябрь  алдында  жазылған  біраз 

прозалық нұсқаларды атап шығады. Бұл да еңбектің жаңалығы, құнды 

жағы.

Әрине,  Октябрь  алдындағы  шығармалардың  қай-қайсысы 



да  М.О.Әуезов  сөзімен  айтсақ,  фольклор  пен  жазба  әдебиетінің 

жапсарында жазылды, сондықтан олар әрі ауызша, әрі жазба әдебиеттің 

күйін бірдей кешеді. Автор бұл кезеңдегі жазба түрдегі көркем қара сөз 

үлгілерінің тілін талдағанда, осы қағидадан шығады. Осыған орай әуелі 

проза тілінің алғаш Алтынсарин әңгімелерінде, Абай қара сөздерінде, 

«Капитан қызының» аудармасы мен «Көргенді бала, үлгілі ана», «Қыз 

көрелік»  пен  «Қалың  мал»,  «Қамар  сұлу»  мен  «Шұғаның  белгісі» 

сияқты әр кезде пайда болған үлкенді-кішілі шығармаларда біртіндеп 

қалыптаса бастағандығын өте бай және алуан түрлі нақтылы деректер 


444

негізінде  тәптештей  сөз  етеді.  Сонымен  бірге  ол  осы  кезеңдегі  проза 

нұсқаларының  тілінде  кездесетін  ауыз  әдебиетінің  элементтерін  де 

саралап сарапқа салады.

«Октябрь алдындағы проза тілі» деген бөлімдегі тағы бір маңызды 

мәселе  –  кітаби  тіл  проблемасы.  Лингвистикалық  зерттеулерде  бұл 

туралы  пікірдің  әр  саққа  саятындығы  мәлім.  Бұған  автор,  өкінішке 

орай,  тым  қысқа  тоқталады.  Бірақ,  соның  өзінде  де  кітаби  тілдің 

түсінік-анықтамасы,  оның  табиғаты  тіл  ғалымдарының  оған  деген  әр 

түрлі көзқарастары турасында түйіп-түйіп айтқан топшылаулары көңіл 

қоярлық.

Осы  жерде  мына  бір  мәселені  ескере  кеткен  жөн.  Мысалы, 

түркологияда  кейінгі  кезде  шағатай  әдеби  тілінен  басқа,  өз  алдына 

бөлек, Алтын орда әдеби тілі болды деген пікір бар. Әмір Наджиптің 

осы  пікірін  автор,  Октябрь  алдындағы  проза  нұсқаларының  кейбір 

тілдік фактілері негізінде, өз тарапынан пысықтай түскен.

Еңбекте  Октябрьге  дейінгі  прозалық  шығармалардан  әдеби  тіл 

тарихына  қатысты  көптеген  құнды  материалдар  келтіріледі.  Және 

олар  жалаң  өздері  ғана  алынып  талданбайды.  Керісінше,  автор  осы 

аралықтағы «Адасқан өмір», «Топ жарған», «Бар оқиға» тәрізді поэзия 

үлгілерінің,  «Малда  болатын  жұқпалы  аурулар  хақында»,  «Апат  яки 

холера әңгімесі», «Ізгі Екатерина», «Айал жайында» әлпеттес көпшілік 

қолды  аударма  кітапшалардың,  «Түркстан  уалаятының  газеті»,  «Дала 

уалаятының газеті», «Қазақстан», «Айқап» сияқты мерзімді баспасөздің 

тиісті  материалдарымен  ылғи  салыстыра  отырып  талдайды.  Мұндай 

саралауда мазмұнды пікір көп үңіле ізденуден туған монографияда ғана 

көрінетіні мәлім. Ал «Қазақ прозасының тілі»атты еңбектің барынша 

бағасын  арттырып  тұрған  да,  құнды  ететін  де  –  оның  осы  сияқты 

ерекшеліктері.

Кітаптың  ғылыми  талдауы  жағынан  да,  материалының 

әртараптылығы және сонылығы жағынан да құндысы – соңғы бөлімі. 

Онда  1920-30  жылдардағы  прозалық  шығармалардың  тілі  қаралады. 

Прозалық  шығармалар  социалистік  құрылыстың  жедел  дамуына 

байланысты өздерінің саны жағынан да, тақырып сипаты мен мазмұны 

бойынша  да  осы  кезеңде  қарыштап  өсті.  Демек,  20-30  жылдардағы 

ұлттық  прозамыздың  стилі,  тілдік  сапасы,  көріктегіш-бейнелеу 

құралдары  енді  бұрынғы,  совет  өкіметі  орнағанға  дейінгі  дәрежеде 

қалуы  мүмкін  емес  еді.  Бұл  қазақтың  проза  тілінің  қалыптасуын 

тездетті.  Осы  орайда  автор  проза  тілінің  қалыптасуын  баяндайтын 


445

көңіл  толарлық  бірнеше  факторларды  атайды.  Олардың  әрқайсысын 

жеке-жеке арнайы сөз етеді.

Осы  тұста  тілдік  құбылыстардың  әрқайсысының  стильдік 

мүмкіндігі де, олардың өзара көркемдік байланысы да, авторлардың әр 

алуан  суреттеулеріндегі  үлкенді-кішілі  көрініс  немесе  портрет  жасау 

кезіндегі сөз қолданыс ерекшелігі де мұқият қарастырылған. Еңбекте, 

сондай-ақ, бұлардың қай-қайсысы да қазақтың көркем проза тілінің ең 

алғашқы даму барысын, біртіндеп қалыптаса бастау жағдайын көрсету 

ниетінде талданылады.

Кітапта  проза  тілінің  қалыптасуын  көрсету  мақсатында 

келтірілетін  дәлелдер  бірсыпыра,  әрі  олар  сан-қилы.  Автор  солардың 

бірі  –  20-30  жылдардағы  прозалық  шығармалар  тіліндегі  сөз 

экспрессиясына,  сөздің  стильдік  өңіне  тоқталады.  Ол  экспрессиялық 

өңнің,  экспрессиялық  бояудың  жеке  сөздерге  де,  фразеологиялық 

орамдарға  да,  сөз  тұлғаларына  да,  синтаксистік  конструкцияларға 

да  тән  сипат  екендігін  еске  ала  отырып,  осыларды  жазушылардың 

өз  шығармаларында  қаншалықты  орынды  пайдалана  алғандығын 

көптеген  нақтылы  дәлелдермен  көрсетеді.Сондай-ақ  жазушылардың 

тілінде  сөзді  стильдік  өңіне  қарай  саралап  қолдану  принципі  үнемі 

сақтала  бермейтіндігі  де  айтылады.  20-30  жылдар  әдеби  тіліміздегі 

функционалдық  стильдердің  өз  алдына  толық  даралана  қоймай,  бір-

бірінен әлі де жігі ажырап болмаған кез еді. Сондықтан да автор бұл 

кезеңдегі  прозалық  шығармаларда  әртүрлі  стиль  элементтерінің 

кейде  аралас  келіп  отыруы  осы  жағдайға  байланысты  еді  деп,  дұрыс 

қорытынды жасайды.

1920-30  жылдар  көлемінде  романдар,  повестер,  әңгімелердегі 

ортақ  төл  сөз  де,  сюжеттің  кейде  кейіпкерлер  арасындағы  әңгіме 

арқылы дамытылуы да, диалог та, орыс тілінің ізі де, әр жазушының 

енді-енді  көріне  бастаған  өзіндік  стиль  даралығы  да,  субъективтік 

сарын да, өлеңдік дәстүр де, ауыз әдебиетінің элементі де, тақырыптың 

әр  тараптылығы  да  –  бәрі  проза  тілінің  тұтас  бір  жанрға  тән  сөз 

қолданыстың  қалыптасуын,  саралануын  көрсететін  факторлар 

тұрғысында талданады. Автор осылардын қай қайсысы жөнінде де тың 

пікір айтады. Осылардың әрқайсысына байланысты кітапта жеке-жеке 

қарастырылған тіл фактілері бұған дейін дәл осындай жүйеленіп, ойға 

түйген мақсатқа сай жинақталған емес. Бұл да Жанпейісов зерттеуінің 

артықша сапасы демекпіз.



446

Кітаптағы  ең  соңғы,  көлемді  тақырып  «1920-30  жылдардағы 

проза  тілі  –  әдеби  тілдің  даму  көрінісі»  деп  аталады.  Мұнда  автор 

әдеби  тіліміздің  осы  дәуірдегі  қалыптасу  тұрғысын  проза  тілінің 

материалы  негізінде  тәптіштей  түседі.  Осы  ретте  бірсыпыра 

грамматикалық  тұлғаларды,  толып  жатқан  жеке  сөздерді,  сөз 

орамдарының  қолданылуындағы  өзгешеліктерді  бас-басына  атап 

көрсетеді.

Бірер сөз монографияның тілі турасында. Жазушы шығармасының 

тілі жайлы жазылған кейбір еңбектерде сұйық сөзуарлық, қисынсыз 

құрылған  жел  сөзге  жиі  жүздесетінбіз.  Ал  Жанпейісов  кітабының 

тілін осы салада ізденіп, еңбектеніп жүргендердің біразы үшін үлгі 

боларлықтай десек, асыра сілтегендігіміз болмас. Автордың айтайын 

деген  ойы  айқын,  ғылыми  дәлелдері  шебер  жымдасып  тұрады. 

Сондықтан да жеңіл оқылады, жетектеп отырады.

Еңбек  мінсіз  де  емес.  Біріншіден,  кітаптағы  екі  үлкен  (октябрь 

алдындағы  проза  тілі  және  1920-30  жылдардағы  проза  тілі)  –  тарауға 

кіріспес бұрын олардың әрқайсысының алдында Қазақстандағы осы кезгі 

саяси-әлеуметтік  жағдай,  экономикалық  және  мәдени  өсу  жолдарына 

қысқаша  шолу  жасап  алу  керек  еді.  Екіншіден,  есім  көрсеткішін  місе 

тұтқандықтан ба екен, еңбекте библиография жоқ.

Қорыта келгенде айтарымыз: бұл кітап – бір ғасырға жуық аралықтағы 

сан жағынан қыруар, сапа жөнінен әр салалы көркем проза нұсқаларының 

тілі туралы жазылған байсалды зерттеу. Мұны қазақ тіл білімінің соңғы 

жылдар ішіндегі елеулі табыстарының бірі деп батыл айтуға болады.

«Жұлдыз», №8. 1969. 

Әскери атау сөздер әлемі

«Қазақ тілінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Әскери іс»

Ана тілімізді іс жүзінде мемлекеттік тіл дәрежесіне көтеру жолында 

атқарылатын  жұмыстардың  ең  маңыздысы  терминология  саласын 

жетілдіру  екендігі  баршамызға  аян.  Әсіресе,  әскери  ғылым  саласы, 

әскердің  күнделікті  оқу  жаттығуында  көп  қолданылатын  атау  сөздер 

еркін ене алмай келеді.

Жақында «Мектеп» баспасынан «Қазақ тілі терминдерінің салалық 

ғылыми  түсіндірме  сөздігі,  әскери  іс»  деген  атпен  шыққан  кітап  осы 

қажеттілікті өтеуге арналған құнды еңбектердің бірі. Қазіргі уақытта 

еліміздің  қорғаныс  саласындағы  қатардағы  сарбаздардан  бастап, 

жоғарғы  шенді  командирлерге  дейінгі,  әскери  оқу  орындарының 


447

курсанттың-тыңдаушыларынан бастап, бұл саланы оқытатын білікті 

ғалымдар  мен  мамандарға  дейінгі  қалың  көпшіліктің  сұранысына 

жауап  бере  алатын  аталмыш  сөздікке  үңілер  болсақ,  авторлар 

ұжымының  қаншалықты  ыждахатылықпен,  ұқыптылықпен  қараған 

ізденісінің  табы  айқын  сезіледі.  Айталық  қазақша  басылымдарда 



род  войск,  род  авиации  деген  тіркестер  әскер  тектері,  авиация 

тетіктері түрінде беріліп жүр. Қазақ тілінің тілдік табиғатына жат 

мұндай  тіркестер  сөздікте  әскер  (авиация)  салалары  деген  орынды 

баламасын  тапқан.  Кейбір  сөздердің  баламасы  сараланып  берілген. 

Пистолет, револьвер атауы сол күйінде қалдырылып, укрытие сөздері 

оқпана  деп  аударылып  жүрсе,  сөздікте  пистолет  сөзіне  тапанша 

деген балама беріледі де, револьвер атауы сол күйінде қалдырылып, 

укрытие  сөзіне  таса  деген  балама  алынған.  Шындығында,  бұл 

үшеуі  де  қызметі  жағынан  болғанымен,  әрқайсысының  өзіндік 

ерекшеліктері  бар.  Сөздерге  берілген  түсіндірме  анықтама  бұл 

ерекшеліктерді  айқын  көрсете  алады.  Бұрын  бізде  әдемі  баламасы 

нақты табылмай, қиындық тудырып жүрген көптеген сөздер орайлы 

баламасын тапқан. Мысалы, магазин – оқжатар, гильза – оқсауыт, 



маскировка – бүркеніш, дефиле – тар өтпе, боеголовка – оқтұмсық, 

фланг – қаптал, рукопашный бой – қоян қолтық ұрыс, развертывание 

қанат жаю т.б.

Тұңғыш  шығарылып  отырған  аталмыш  түсіндірме  сөздікте  тек 

қазіргі  кезде  әскер  ісінде  қолданылатын  сөздерге  ғана  емес,  қазақ 

халқы  бұрын  қолданған  әскер,  соғыс  ісіне  қатысты  сөздерге  де 

түсініктеме  берілуі  –  құптарлық  жайт.  Мысалы,  ақберен,  айбалта, 

аша,  шоқпар,  сүңгі,  садақ,  қалқан,  қанжар,  найза,  наркескен 

т.б.  халқымыздың  өткен  тарихында  қолданылған,  қару-жарақ 

атауларының сөздікті құрастырушылар назарынан тыс қалмауы, бір 

жағынан  еліміздің  аталған  саладан  жинақтаған  өзіндік  тәжірибесі 

мен  машығының  бар  екенін  көрсете,  екінші  жағынан,  оқырманның 

таным-түсінігін  кеңейтіп,  отансүйгіштік  рухын  қалыптастыруға 

тигізер ықпалы сөзсіз.

Осы орайда бұл іске Қазақстан Республикасы Әскери академиясы 

мен  Қазақстан  Республикасы  Қорғаныс  министрлігінің  Әскери-

ғылыми  орталығы,  ҚР  Ұлттық  Қауіпсіздік  комитеті  мен  Қазақтың 

мемлекеттік  қыздар  педагогика  институтының  мамандары  мен 

ғалымдары сәтті тартылған екен. 



448

Ал сөздікке енген 4000-нан астам термин мен анықтаманы түзеуге 

белсене  атсалысқан  полковник,  техника  ғылымының  кандидаты 

Б.Қ.  Байкеновтің,  подполковник  Д.Майхиевтің,  ф.ғ.к  Т.Ермекова 

мен  Ж.Отарбекованың,  педагогика  ғылымының  кандидаттары 

С.Дүйсенова  мен  Ж.Сүлейменованың  сондай-ақ  Ә.Ералиева  мен 

Ә.Мұратовтың, М.Оспанованың есімдерін айту ләзім.

«Егемен Қазақстан». 25 қаңтар 2002.

Ауылшаруашылық терминдерінің сөздігі жөнінде

Ауыл  шаруашылығының  күшті  қарқынмен  дамуы  тіліміздің  сөздік 

құрамын байытпай тұра алмайды, себебі тіл өндіріспен тікелей байланысты.

С.Арзымбетов  жолдастың  1952  жылы  жарыққа  шыққан  орысша-

қазақша ауылшаруашылық сөздігін осындай игілікті істің қатарында деуге 

болады.  Әрине,  бұл  сөздік  қазіргі  қазақ  әдеби  тіліндегі  ауылшаруашылық 

терминдерінің  барлығын  түгел  қамти  алған  жоқ.  Әйткенмен,  күнделікті 

өмірімізде  жиі  кездесетін  негізгі  ауылшаруашылық  атауларын  сөздіктен 

табуға  болады.  Осының  өзі  де  автордың  көп  жылдар  бойы  терминдерді 

ұқыптылықпен жинап, оларды белгілі бір жүйеге келтіріп сұрыптап, ерінбей 

еңбек етуінің айғағы сияқты.

Бұл  сөздіктің  Қазақстан  жұртшылығы  үшін,  әсіресе  баспасөз 

қызметкерлері  мен  аудармашылар  үшін  маңызының  зор  екені  белгілі. 

Дегенмен, сөздіктің елеулі кемшіліктері де бар екенін айту керек.

Қазақ  халқы  ежелден-ақ  мал  шаруашылығымен  шұғылдануда. 

Сондықтан да тіліміз мал шаруашылығына байланысты атауларға өте бай. 

Бірақ осындай тіл байлығын автор сарқа пайдаланбапты. Сөздік орыс тіліндегі 

терминдердің  негізінде  құрылғандықтан  автор  оларға  қазақ  тілінен  дәл 

балама табуға көбірек көңіл бөледі де, әбден сіңісіп, қалыптасқан бірсыпыра 

атаулардың  өңін  айналдырады.  Осының  салдарынан  көңілге  қонымсыз, 

әдеби  тілге  қалыптаспаған  және  қалыптаса  алмайтын  жасанды  «жаңа» 

атаулар  келіп  шыққан.  Мысалы,  сөздікте:  «одногорбый  верблюд  –  аруана; 

двугорбый верблюд – айыр түйе деп берілген. «Одногорбый верблюдтың» 

бірден-бір дұрыс баламасы «нар» тұрғанда «аруана» деп алудың керегі жоқ 

еді. Ал «двугорбый верблюдті» қазақтар «қос өркешті түйе» дейді.

Сондай-ақ,  сөздікте  орыс  тіліндегі  атауға  берілген  баламалардың 

көпшілік жағдайда дәлсіздігі, жобамен алынғандығы кездеседі. Мысалы: 

наседка – құрық тауық емес, күрік тауық, бадья – қауға шелек емес, қауға, 

решето – елеуіш тор емес, қалбыр, ботворез – пәлеккескіш емес, жапырақ 

кескіш болып аталуға тиіс. Біз «пәлек» деп қауын мен қарбыздың сабақтарын 



449

атаймыз. «Ботворез» деген машина мал азығы үшін капуста, қызылша т.б. 

жапырақтарын турау үшін жасалған.

Орыс тіліндегі терминнің мағынасын әржақты беру мақсатымен автор 

жергілікті атау сөздерді кейде орынсыз көп алған. Мысалы, орыс тіліндегі 

«загон» сөздікте: қаша, әуле, қора, азбар, өріс, бір айналым жер, бір айдам 

жер деп жеті түрлі атаумен берілсе, оны азсынғандай, автор «загонка» ны 

–  загонка,  орам  жер  деп,  неше  саққа  жүгіртіп,  түрлендіре  түседі.  Мұндай 

фактілер көп-ақ. Сөздікте: пастух – бақташы, сиыршы, падашы; кенгуру – 

кенгуру, күңгір, кеңгура; изобилие – молшылық, береке, абатшылық; прицеп 

– тіркеу, тіркелген, тіркеме; плуг – плуг, темір соқа, темір сабан; канал – 

канал, жарма, арна; улучшенный – жақсартылған, тумыш, туысат т.б.

Орыс тілінде «загонның» екі мағынасы бар: бірінші, мал жайылатын 

жер – өріс; екінші, трактормен жыртатын бір айдам жер. «Прицеп» тіркеу 

әбзелінің  аты,  сондықтан  оны  «тіркеуіш»  десе  де  болар  еді.  «Кенгуру» 

деген  сүт  қоректілер  тобына  жататын  жабайы  аңның  аты.  «Кенгуруді» 

аудармай-ақ  сол  қалпында  алған  дұрыс.  «Пастухты  –  бақташы»  деу  жөн. 

Себебі  «бақташы»  деген  ұғымға  «сиыршы,  қойшы,  қозышы,  бұзаушы» 

деген ұғымдардың барлығы кіреді. Изобилиені молшылық; плугты – плуг; 

каналды  –  канал;  улучшенныйды  –  жақсартылған  деп  аударып,  кейбір 

баламалыққа  шек  қойсақ  дұрыс  болар  еді.  Өйткені  өмір  практикасында 

осындай  көп  баламалықтың  кейде  пайдасынан  да  зияны  басымырақ. 

Мысалы,  «автопилка»  сөздікте  «автосуарғыш»  (автомат  суарғыш)  деп 

берілсе, газеттерде «автосуат», «мал суаратын автомат», деп бір терминге 

төрт  түрлі  балама  қолданылып  жүр.  Сол  сияқты  «подсолнечник» 

сөздіктегісіндей газеттерде де: «күнбағыс», «күнбағар», «айқабақ», немесе, 

«гусеничный трактор» – шынжырлы, жыланбауыр, қазтабан трактор болып 

түрліше алынып жүр. Біздіңше, «подсолнечник» – күнбағар; «гусеничный 

трактор» – шынжыр табан трактор; «автопилка» – автосуарғыш деп бір-ақ 

баламамен берілген жөн.

Терминдік  сөзге  мұндай  көп  балама  беріп,  қолдану  терминдердің 

қалыптасуына  жол  бермейтін,  әрі  баспасөз  қызметкерлері  мен 

аудармашылардың, тіл мұғалімдерінің ісіне бөгет жасайтын нәрсе.

Екі я үш, не одан көп сөздерді біріктіріп біртұтас ұғымға ие болатын 

терминдер  жасауда  әр  тіл  өзінің  грамматикалық  құрылысына  сай  сөз 

жасаудың  жүйелі  тәсілдеріне  сүйенеді.  Ал  орыс  тіліндегі  біріккен  не 

күрделі терминдерді жасаудағы тәсілдерді қалай болса солай, қазақ тіліне 

қолдана  беруге  болмайды.  Бірақ  сөздіктегі  көптеген  атаулар  дәл  осылай 

болғандықтан  құлаққа  жағымсыз,  көңілге  қонымсыз  болып  шыққан. 


450

Мысалы, «двустрочный сев» сөздікте: «қосқатаршалап себу», «қосқабаттап 

себу», «противоядие» – «антизәр» деп берілген. Бұл дұрыс емес. Өйткені 

«қосқатаршалап», «антизәр» деген обороттар қазақ тіліне тән емес. Біріншіде, 

«ша» жұрнағын орынсыз қолданса (шамасы бұл «қос қатарлап» болу керек), 

екіншіде,  «анти»  префиксі  қазақ  тілінде  жаңа  сөз  жасау  элементі  болып 

саналмайды. Ол тек «антифашист» т.б. атаулармен біртұтас сөз ретінде ғана 

қазақ тіліне еніп отыр.

«Регулятор», «канал», «винт», «веялка», «сеялка» т.с. ауылшаруашылық 

жұмыс  саласында  жиі  қолданылатын,  тілімізге  сіңісіп  кеткен  терминдер. 

Оларға берілген баламалар бұлардың мағынасын толық бере алмайды.

Жаңа терминдер көпшілік жағдайда тілімізге газет, журналдар арқылы 

еніп,  жұртшылық  талқысына  түсіп  отырады.  Олар  көңілге  қонымды, 

тілге  жатық  болып  келсе,  термин  ретінде  тез  қалыптасады.  Сондықтан 

терминологиялық сөздіктер жасағанда баспасөз бетіндегі халық талқысынан 

өткен,  өмір  практикасында  өзін  ақтай  алған  терминдік  материалдарды 

негіз етіп алу керек. Олай болмаған жағдайда, сөздік өзінің алдына қойған 

мақсатын орындай алмайды. Мысалы, сөздікте: широкозахватный комбайн – 

кең алқымды комбайн; табаководство – темекшілік т.б. деп алынса, көптеген 

газеттерде: широкозахватный комбайн – кеңалымды комбайн; табаководство 

– темекі шаруашылығы деп орынды қолданылып жүр.

Қорыта  келгенде,  орысша-қазақша  ауылшаруашылық  терминдерінің 

сөздігі әлі де жақсарта түсуді, толықтыруды керек етеді. Өйткені, халқымыздың 

бүгінгі өскелең мәдениетінің ұлттық формасы – қазақ әдебиет тілінің байып, 

толығуының келелі жолының бірі осы термин жасау болып табылады.

Қазақ терминологиясын тіл білімінің тұрғысынан жан-жақты зерттеп, 

ғылыми жүйеге салу, сөздіктер жасау – бүгінгі таңда өте маңызды мәселе.

«Социалистік Қазақстан», 7 қаңтар 1954. 

(М.Жақыпбековпен бірге)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет