Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетіінің тапсырысы бойынша



Pdf көрінісі
бет40/41
Дата15.03.2017
өлшемі2,8 Mb.
#9668
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41

Лингвистикалық «жедел жәрдем»

Тіл – байлық. Ол арқылы біз бір-бірімізбен сыр шертісіп, өзекті 

ойларымызды,  алуан-алуан  пікірлерімізді  ортаға  саламыз.  Өмірдегі 

барша құбылыс осынау тіл арқылы өрнек тауып, өмірімізге еніп жатады. 

Әдетте қандай бір тілде болмасын сөйлей тұрып, оның түп-төркіні, 

келелі  проблемалары,  тілге  байланысты  қиындықтар,  жетістіктер 

туралы  ойлай  бермейміз.  Біз  үшін  ондайда  тілдің  практикалық 

жағы  басым  тұрады.  Ал  тереңірек  үңілер  болсақ,  көңіл  аударарлық 

құбылыстар,  парасатты  пайымдауды  қажет  ететін  проблемалар  мол 

екенін  аңғарамыз.  Тілдің  осы  бір  екінші  жағы  тұтас  әлем  екенін 

сезінеміз.  Тіпті  кез-келген  сөзді  алып,  оның  этимологиясын,  яғни 

шығу төркінін таразылап берудің өзі қаншалықты қызық.

Міне, осынау қиын да қызық мамандық иелерінің басын қосып, 

олардың  жұмыстарына  бағыт-бағдар  беріп  отыратын  салиқалы 

ғылыми орталық бар. Ол – Қазақ ССР Ғылым академиясының Тіл 

білімі  ғылыми  зерттеу  институты.  Алда-жалда  тіліміздің  кез-келген 



495

проблемалары  төңірегінде  сөз  қозғай  қалсақ,  сол  орайдағы  нақты 

ғылыми  тұжырымдарды  осынау  орталықтан  табамыз.  Бүгінгі  таңда 

институт коллективі жүргізіп жатқан жұмыстарды тізе берсе жалғасып 

кете  берері  ақиқат.  Осыған  орай  қойған  сауалдарымызға  институт 

директоры-филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ ССР 

Ғылым  академиясының  корреспондент  мүшесі  Әбдуәли  Қайдаровтың 

қайтарған жауабы осыны аңғартады.



–  Әдетте  «тамшыдан  теңіз»  дегендей  Тіл  білімі  институты  өз 

алдына жеке отау тіккен сонау 1961 жылдан бері атқарылған істер 

бірлі-жарым  жандардың  ғана  емес,  тұтас  коллективтің  жемісі. 

Институт қабырғасындағы әрбір ғалымның жекелей үлесі осынау мол 

теңізге құяр арна секілді. Осындай ортада күн сайын жаңалықтардың 

болып, тың дүниелердің туып жатары заңды. Сондықтан да жалпыны 

айтпас бұрын соңғы күндердің жемісі іспетті жаңалықтар төңірегінде 

сөз қозғасақ...

–    Әрине  бүгінде  жаңалыққа  жаны  құштар  жандар  көп.  Былай 

қарағанда,  біз  еңбек  етіп  жүрген  салада  жарқ  ете  қаларлықтай  оқыс 

жаңалықтар  жоқ  болуы  да  мүмкін.  Өйткені  тіліміз  –  ғасырлар  бойы 

халқымызбен  бірге  жасасып  келе  жатқан,  қалыптасқан  құбылыс.  Оны 

өз мақсатыңа орай бұра тарту – күнә. Дегенмен бізде де жаңалық пен 

жақсылық мол. Түптеп келгенде, бүгінгі таңда атқарып жатқан істеріміздің 

бәрі осы ұғымдарға саяды. Биылғы жылдың табалдырығынан өзіндік бір 

жаңалығымызбен  аттадық.  Ол  –  институтымыздың  жанынан  ашылған 

лингвистикалық  жедел  жәрдем  қызметі.  Мұндай  қызмет  еліміздің 

орталық қалаларында бар. Біз солардың тәжірибесін басшылыққа алдық.

Лингвистикалық  жедел  жәрдем.  Бастапқыда  оны  кез-келген 

адамның ұғына қоюы қиын. Оның мәнін халыққа түсіндіруде, тәжірибені 

таратуда әлі де талай істер атқарылуы керек.

Қарап  отырса,  күн  сайын  телефон  арқылы  әртүрлі  мекемелерден, 

жекелеген  азаматтардан  кейбір  орысша  сөздердің  қазақ  тілінде 

баламасы, не болмаса кез-келген бір сөздің түп төркіні, мән мазмұны, 

оның  синонимдері  жайлы  сауалдар  түсіп  жатады.  Лингвистикалық 

жедел жәрдем қызметінің басты міндеті де осындай сауалдарға нақты 

жауап беру.



–  Сонда  оның  жұмысы  қалалық  телефон  жүйесінің 

анықтамалық қызметіне негізделетін болды ғой!

–  Иә,  институттағы  белді  мамандар,  ғалымдар  кезектесіп 

телефонда отырады да, сырттан түскен сауалдарға қолма-қол нақты 

жауап қайтарады, не болмаса уақыт белгілеп, сол мерзімнің ішінде 

әлгі  өтініш  қанағаттандырылады.  Бұл  астанадағы  ғалымдарымыз 



496

бен жазушыларымызға, журналистер мен мамандарымызға, жалпы 

халыққа қажет дүние. Бүгінде бір сөздің өзін бірнеше түрлі жазып, 

айтып жүрміз. Белгілі бір ортада осы төңіректе даулы әңгімелерге 

де араласамыз. Міне, сондай сәтте телефон құлағын көтеріп, белгілі 

тұрақты номер бойынша «жедел жәрдемге» жүгінгенге не жетсін?



–    Мұның  өзі  шынында  да  сөйлеу,  жазу  мәдениетімізге, 

жалпы тіл мәдениетіне өлшеусіз үлес қосар дүние екен. Ал осынау 

қызметті  ашу  қажеттігі  жалпы  тіл  мәдениетін  көтерудегі 

қиындықтан туындап отыруы да мүмкін ғой...

–    Бұл  қызметтің  күнделікті  өмір  талабынан  туып  отырғаны 

рас.  Әйтседе  ол  «тіл  мәдениеті  төмендеп  кетті»  деген  сөз  емес. 

Қарыштап өркендеген заманымызбен бірге, ұлттық мәдениетіміз де, 

адамдарымыздың  сана-сезім,  ой-өрісі  де  өсуде.  Ендеше  бұл  арада 

тіл  мәдениетінің  төмендеуі  туралы  сөз  болуы  мүмкін  емес.  Осы 

орайда жалпы бүгінгі сөйлеу, жазу мәдениетіміз жайлы азды-көпті 

айтып кеткен жөн.

Бір  адам  күніне  қанша  сөз  сөйлейді,  құлағымыз  күніне  қанша 

сөз  қабылдайды?  Санап  шығу  мүмкін  емес.  Бүгінде  информация 

тасқыны  өлшеусіз  өсіп  келеді.  Күнделікті  өмірімізде  қанша  сөз 

естиміз,  оқимыз,  көреміз.  Осылардан  байқалатын  жай  кейбір 

сөздерді  жазудағы  әр  алуандық,  сөйлеу  кезіндегі  тіл  шұбарлығы. 

Ал  мұны  жоюға  өткен  жылы  жарық  көрген  «Қазақ  тілінің 

орфографиялық  сөздігі»  септігін  тигізсе  керек.  Тіл  мәдениетін 

көтеру  үшін  әр  адамның  жеке  басына  жүк  артумен  бірге  баспасөз 

бен көркем әдебиеттің жұмысына біршама тілек айтуға болады. Ең 

алдымен,  бұқаралық  информация  көздерінің  жұмысына,  олардың 

тіл мәдениетіне нақты назар аудару қажет. Осы орайда айта кететін 

бір жай – институтымыздың ғалымдары алдағы уақытта осы мәселені 

тікелей қолға алуды ұйғарып отыр. Яғни олар радио, телевидениенің, 

кез-келген  газет-журналдың  белгілі  бір  уақыт  аралығындағы 

материалдармен танысып, сол бойынша редакцияларға барып әңгіме 

өткізеді. Бұл баспасөздің тіл мәдениетіне септігін тигізер құбылыс.



–   Тіл мәдениеті туралы сөз қозғағанда бүгінгі жастар жайын 

ұмыт  қалдыра  алмасақ  керек.  «Түсінемін,  бірақ  сөйлей  алмаймын» 

деп  тұратын,  ана  тілін  ұмытқан  қыз-жігіттер  аз  кездеспейді 

бүгінде.

–   Мұның өзі социологиялық мәселе. Ана тілін білу – ана жүрегін, 

туған халқының табиғатын түсіну. Өз тілін ұмытқан жастардың көбеюі 

уақытша құбылыс. Оны жою үшін ұлттық тілдегі оқу, тәрбие орындарын 

көбейту қажет. Екінші жағынан, жалғыз ана тілін біліп, өзге тілді керек 

етпеу  –  үлкен  қателік.  Халқымыздың  сан  ғасырға  бойлаған  мәдени-

рухани қазыналарынан сусындап өсу үшін көп тіл білген абзал. 


497

  Ол  үшін  бүгінде  мүмкіндіктер  мол.  1970  жылғы  халық  санағы 

бойынша  қазақ  халқының  41  проценті  орыс  тілін  біледі  екен.  Қазір 

республикалармен  салыстырғанда  бұл  көрсеткіш  біршама  жоғары 

болғанымен әлі де жақсарта түсуді талап етеді. Осы орайда өткен жылы 

институтымызда  орыс  тілін  зерттеп,  насихаттаумен  айналысатын 

арнаулы бөлімнің ашылғанын айтқым келеді.

–    Әрине,  бұл  институтта  болып  жатқан  жаңалықтардың 



бірі  ғана.  Өткен  жылы  жоғарыда  айтылған  орфографиялық  сөздік 

оқырман  қолына  тиді.  Жуырда  ғана  екі  томдық  орысша-қазақша 

сөздіктің жарыққа шыққаны туралы естідік.

–    Бұларға  І.  Кеңесбаевтың  «Фразеологиялық  сөздігі»  мен 

институт  коллективі  дайындап  жатқан  он  томдық  «Қазақ  тілінің 

түсіндірме сөздігінің» жарық көрген үш кітабын қосуға болады. Оларға 

халықтың  сұранысы  да  жоғары.  «Түсіндірме  сөздіктің»  соңғы  томы 

1982  жылы  жарық  көреді.  Алдағы  уақытта  М.  Әуезов  шығармалары 

тілінің сөздігін құрастыру ойда бар. 65 мың сөзді қамтитын орысша-

қазақша сөздіктің алғашқы кітабы 1978 жылдың соңғы күндері жарыққа 

шықты. Келесі жылы оның екінші кітабы және Москвадан көлемі 180-

200 басылым табақтық қазақша-орысша сөздік жарық көреді. Ал қазақ 

тілінің тарихына, грамматикасына, басқа да мәселелеріне байланысты 

ғылыми зерттеулер өз алдына.

Иә,  осынау  орталықтың  республика  ғылымының  дамуына, 

өркендеуіне  қосар  өзіндік  үлесі  зор.  Институтта  бүгінде  Қазақ  ССР 

Ғылым академиясының академиктері мен корреспондент мүшелері, 18 

ғылым  докторы,  50-ден  астам  кандидат  еңбек  етеді.  Тіл  ғылымының 

сан  түрлі  саласы  бойынша  жасалып  жатқан  жұмыстардың  нәтижесін 

біз  баспадан  шығып  жатқан  ондаған,  жүздеген  кітаптардан  да  көріп 

жүрміз. Туысқан одақтас республикалардағы өзі тектес институттармен, 

шет елдермен байланыс, тәжірибе алмасу аясы күн санап кеңеюде.

Бір  қарағанда,  осынау  ғылыми  орталықтың  өмірінде,  зерттеу 

жұмыстарында  жарқ  ете  қаларлық  оқыс  жаңалық  бола  қоймауы  да 

мүмкін. Әйтсе де онда жақсылық пен жаңалық мол.

 «Лениншіл жас», 24 қаңтар 1979. 

(Сұхбаттасқан Б. Әбдіғазиев)

Болашағымызды осы бастан ойласақ...

1989  жылдың  22  сентябрінде  Қазақ  ССР  Жоғарғы  Советі 

«Қазақ  Советтік  Социалистік  Республикасының  тіл  туралы  заңын» 

қабылдады.  Ол  заңда:  «Тіл  –ұлттың  аса  ұлы  игілігі  әрі  оның  өзіне 

тән  ажырағысыз  белгісі»,  –  делінген.  Заңның  1-статьясы:  «Қазақ 


498

тілі  Қазақ  ССР-інің  мемлекеттік  тілі  болып  табылады»  –  деген 

мәртебелі  тұжырымнан  басталады.  Мұндай  заңның  болуы,  әрине, 

үлкен қуаныш. Алайда қай халықтың да ана тілін ешбір заң өз-өзінен 

дамытпайды,  сол  заңға  сай  сапалы  әрекет  жасай  білетін  адамдары 

дамытады. Демек, ең негізгі тетік заңның сөзінде емес, адамдардың 

өзінде. Дәл қазір біз: «Тілім менің!» – деп мақтана да аламыз. «Тілім 

менің!»  деп  өкінуге  де  бармыз:  біріміз  тілді  дамытып  жатырмыз, 

біріміз ұмытып жатырмыз.

1913  жылы  Нобель  сыйлығын  алған  атақты  жазушы,  үнді 

халқының  ұлы  перзенті  Рабиндранат  Тагор  өзінің  «Студенттерге 

арналған  үндеуінде»  1905  жылы  тілге  қатысты  былай  депті: 

«Осыдан  елу  шақты  жыл  бұрын  біз  ағылшын  тілінен  қайда  қашып 

құтыларымызды  білмедік.  Аудиторияларды  былай  қойғанда,  үйде 

де  ағылшынша  сөйлеуді  әдетке  айналдырдық.  Жолдастарымызбен 

кездесе  қалсақ,  ағылшынша  сәлемдесіп,  туған-туысқандарымызға 

ағылшынша  хат  жазуды  өзімізге  мәртебе  санадық.  Жиналыстарда 

халқымызға  айтпағымыздың  бәрін  бөтен  тілде  жеткізу  дәстүрге 

айналды. Ана тілімізді, еліміздің тарихын білмесек те, әдет-ғұрпын 

ұмытсақ  та  өзімізді  патриот  санадық».  Осыдан  85  жыл  бұрын  үнді 

студенттеріне  арналған  бұл  үндеуді  бүгін  біз  қазақ  студенттеріне 

арнасақ та болғандай. Өзгелерден үлгі алып, үйреніп өз ісімізді өрге 

бастыру  –  біздің  жалпыхалықтық  міндетіміз.  Игі  істің  қуанышы 

болып  өткен  жылы  республикалық  «Қазақ  тілі»  қоғамы  құрылды. 

Ол  қоғамның  бүкіл  тіршілігі  ел-жұрттың  саналылығына  ауыл  мен 

қаладағы зиялылардың күнделікті қызметіне – бәріміздің халықтық 

махаббатымызға байланысты.

Тіл тағдыры Совет Одағында қазір тек қазақты ғана толғандырып 

отырған  жоқ.  Талайлар  бірдей  мұңдас  Шығыстың  тағы  бір  ұлы 

перзенті  Шыңғыс  Айтматов  ССРО  Жоғарғы  Советінің  сессиясында 

1989  жылы  ноябрьде  сөйлеген  сөзінде:  «Әрбір  ұлт  мейлі  ол  үлкен 

болсын,  кіші  болсын,  –  мәңгілік  болуды  қалайды  және  бұл  оның 

табиғи құқы. Ал бұл ол үшін сол халықтың тілі өз топырағында тамыр 

байлап,  өмір  сүруге  тиіс,  ал  оның  қасында  өзге  тілдер  де  онымен 

қатар көркейіп, гүлдене беруі керек», – деді.

Тіл  тағдыры  ел  тағдырымен  тікелей  байланысты.  Ел  қамын 

әр  сәт  есімнен  шығармаймын  деген  адам  тіл  қамын  да  әр  сәт 

ұмытпауға тиіс. Сондықтан ұлттық тіліміздің сан қырлы мәселелерін 

оқырманмен ойласа отырып әңгіме қылу үшін, біз журналымыздың 


499

осы  санында  «Тілім  менің»  атты  жаңа  айдар  ашып  отырмыз.  Оған, 

қадірлі оқырмандар, өздерің белсене қатысар деген үміттеміз.

Партиямыздың қайта құру саясатының шұғыласымен халқымыз 

ана  тілінің  статусын  алып  отыр.  Бұл  –  қазірше  тек  қағаз  жүзіндегі 

мәселе. Бұл жағдайды одан әрі қарай тереңдетіп, дамыту үшін, нақтылы 

іске тікелей көшу үшін, қандай шаралар қолдануымыз керек?

Біздің  болашағымыз  жасөспірімдер  болғандықтан,  алдағы 

атқаратын  игілікті  ісіміздің  бәрі  мектеп  оқушыларымен,  ондағы  сабақ 

беретін  мұғалімдермен  өте  тығыз  байланысты.  Бірінші  класқа  келетін 

жас  талапкер  балабақшадан  қабылданатын  болғандықтан,  бала  сол  өзі 

тәрбиеленген  орында  ана  тілін  жетік  меңгеруі  тиіс.  Ол  үшін  ұлттық 

балабақша көбеюі керек. Өз үйінде бесік жырын тыңдап үйренген сәби 

тәрбиешінің қолына келген күннен бастап, таңғажайып ертегілерді ұйып 

тыңдап,  ұлттық  ойындар  –  қуырмаш,  санамақ,  сұрамақтармен  бірге, 

жыл құстары, хайуанаттар жайлы сыры мол, сипаты терең халық ауыз 

әдебиетінен жақсы хабардар болуы керек.

Балабақшада жоғарыдағы айтылған үлгілі сөздермен «қоректенген» 

баланың ішкі жан дүниесі, сөзі, ісі, айналасындағы адамдармен қарым-

қатынасы  –  бәрі  ұлттық  болатыны  сөзсіз.  Енді  осы  желіні  үзіп  алмай, 

арқауын  әрі  қарай  жалғай  беру  үшін,  баланың  өз  ана  тілінде  оқуы 

керек-ақ. Оқушы өз ана тілінде оқығанмен іс біте ме? Әрине, жоқ. Ол 

өз  ұлтының  дәстүрін,  салт-санасын,  әдет-ғұрпын,  қарым-қатынасын, 

тарихын,  этнографиясын,  арғы-бергі  әдебиетін  өте  жақсы  меңгеруге 

тиіс. Әрине, бұл жағдай оңай шешіле салатын дүние емес. Баланың жан-

жақты терең білім алуына білікті оқытушы қажет екендігіне сөз бар ма?!

Ұстаз өз оқушысының психологиясын жете білмесе де, оның мінез-

құлқына,  іс-әрекетіне  баса  көңіл  аударуы  қажет.  Баланың  бойына  жас 

кезінен ізеттілікті, кішілікті, кісілікті, парасаттылықты сіңіре беру жақсы 

азамат болып өсуіне жәрдемін тигізері белгілі. Әсіресе оқушының өз ісіне 

нық, батыл болуымен бірге жігерлі, қайратты күрескер болуы – тек қара 

басына ғана емес, халқына аянбай еңбек етуіне де мол септігін тигізетін 

пайдалы дүние. Осы орайда Жүсіпбек Аймауытовтың Мәскеу шәһәрінен 

1926 жылы жарық көрген «Жан жүйесі мен өнер таңдау» атты кітабына 

зер салсақ: «...Біреулер зеректігі, білімі аналардан артық болса да, өзіне 

сенімі  аздықтан,  жарқырап  көзге  түсуге,  сөйлеуге,  бірдеңені  істеуге 

қорғанып тұрады. Бірдеңе жайын сөйлемек болса, шатаса бастайды, тілі 

күрмеледі,  сөзі  байлау-матаусыз  шығып,  ұялып-қызарып,  кібіртіктеп 

тоқтап та қалады. Бір бөтен үйге кіріп келсе, жұрттың бәрі маған қарап 


500

тұр екен деп ойлайды. Өзгелерге ерсі көрінетін бірдеңе істеп алам ба деп 

қипақтай бастайды, сөйтіп отырып, бір қателеспей, жаңылмай қоймайды. 

Ол  қымтырылады,  қысылады,  жайдағы  есінен  айрылып  қалады,  онан 

жаман қатеден қатеге жолығады. Жүрсе, тұрса, бірдеңені қағып құлатып 

алады, не төгеді...» – десе, зерделі жазушы адам баласының бойындағы 

сенімсіздіктің қалыптасып, дағдыға айналуының үлкен індет екенін әдемі 

ашып беріпті.

Біздің  ойымызша,  еңсесі  басылып,  ұнжырғасы  түскен  мұндай 

оқушылар  бүгін  жер-жерде  етек  алып  отырған  аралас  мектептерден 

көбірек шықса керек. Бүкіл он жылдық оқу орындарының қасынан бір-

екі  кластан  ғана  тұратын  жергілікті  ұлт  балаларын  оқытудың  жоғарыда 

айтқанымыздай,  пайдасынан  зияны  мол.  Осы  себепті,  аралас  мектепті 

тоқтатып,  қазақ  балаларын  бірыңғай  өз  алдына  жеке,  дербес  оқытқан 

дұрыс.

Баланы бұрыннан келе жатқан ескі әдіспен оқытуға мүлдем болмайды, 



оның үстіне оқулықтың да қайта қарайтын, қайта жазатын жерлері аз емес. 

Бір ғана тарих пәніне тоқталсақ, мұнда халықтың басынан ғасырлар бойы 

өткен  қайғылы  уақиғалар,  ел-жұртқа  төнген  ауыр  жағдайлар  тереңнен 

қамтылмай,  бетінен  ғана  қалқып  жазылған.  Тағы  бір  қиыны,  ел  үшін 

еңбек  еткен  атақты  шешендер  мен  ардақты  батырлардың  да  іс-әрекеті, 

еткен игілікті ісі, үлгілі сөздері мектеп оқушыларына мүлде айтылмайды, 

сабақ ретінде өтілмейді. Тіпті оқушыларды айтпағанда, өз елінің тарихын 

мұғалімдер де толық біледі деп айту қиын. Ал жас ұрпақ кешегісін жан-

жақты меңгермей, болашағына жарқын сеніммен қарай алмайды, өйткені 

бұрынғы  ата-бабалар  қандай  ғажайып  мұра  қалдырды  немесе  нендей 

қателіктер  жіберді,  бұл  жағдай  алдағы  уақытта  олардың  ескеретін, 

жадында сақтайтын басты мәселесі болуға керек.

Мектеп оқулықтарын қалай дайындаудың үлгісін Ахмет Байтұрсынов 

бұдан  жетпіс  сегіз  жыл  бұрын,  яғни  1912  жылы  әліппе  бастырғанында 

әдемі  лайықтап,  жеңілінен  ауырына,  оңайынан  қиынына  қарай  үйрету 

тәртібін  қолға  алыпты.  Сөйтіп  әліппенің  өзімен-ақ  жер-су,  этнография, 

тақпақ,  мақал-мәтел,  өтірік  өлең,  үй  жануарлары  мен  құс  аттарына 

дейін  үйретуге  болатынын  нақты  мысалдармен  дәлелдепті.  Бір 

қызығы,  мектеп  жасындағы  балалардың  ұғымына  лайықтап  батаны 

да  кіргізіпті.  Бұл  батаны  оқығанда,  жас  буынның  қызығып  жаттап 

алатыны сөзсіз. Өйткені мұнда:


501

Тәңір берген несібең,

Тепкілесе кетпесін.

Желіңнің екі шетіне,

Тай шаптырса жетпесін,

–  деген  сол  кездегі  аттың  жалында  ойнайтын  балалардың 

делебесін қоздыратын жолдар бар. Қазіргі уақытта, ақ нанды аяқпен 

таптап жүргендердің молайған шағында дастарханға бата беру керек-

ақ,  бұл  –  диқанның  еңбегіне,  сол  салада  жұмыс  жасайтындардың 

табанақы, маңдай теріне деген құрмет пен алғыс деп білеміз.

Оқулық  демекші,  біздің  оқу  орындарында,  әсіресе  мектептерде 

ол  өте  жеткіліксіз,  тіпті  жетіспейді.  «Мектеп»  баспасының  бүкіл 

республика  оқу  орындарын  кітаппен  қамтамасыз  етуге  мүмкіндігі 

жоқ. Осы себепті Оқу министрлігі жанынан тағы бір баспа ашылса, 

құба-құп болар еді.

Мағжан Жұмабаев 1923 жылы Ташкент қаласында жарық көрген 

«Педагогика»  атты  кітабында:  «Еліміздің  аз  ғана  жылдық  ояну 

дәуіріне баға беру үшін алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын 

мұғалімдікі» – депті. Өте орынды айтылған пікір. Алайда біздің дәл 

бүгінгі оқытушыларымыз осы айтылған бағаға сай ма? Жаны жайсаң, 

білікті кадр даярлау үшін, алдымен оқу орындарын жақсарту керек 

деп  білеміз.  Педагогикалық  институтқа  тек  диплом  алу  үшін  ғана 

түсетіндердің  бар  екенін  жасырмай  айтуға  тиіспіз.  Мұндайлардан 

не  мектепке,  не  қоғамға,  не  мемлекетке  қып-қызыл  шығыннан 

басқа  пайда  жоқ.  Дегенмен  көптің  ішінде  аз  да  болса  талантты 

мұғалімдердің  бар  екенін  ашып  айтқанымыз  жөн.  Алайда  олардың 

даусы, ішкі айқайы алысқа жетпей тұншығып қалып отыр.

Міне осындай әр-әр жердегі озат оқытушылардың өзіндік оқыту 

методын, іс-тәжірибесін жинақтап, топтап кітап етіп таратып отырған 

жөн болар еді. Өйткені бүгінгі біздің ауыл мектептеріне ауадай қажет 

нәрсенің бірі – методика.

Бұл  салада  айта  кететін  бір  жай,  Ы.Алтынсарин  атындағы 

педагогикалық-зерттеу  институты  қаншама  жыл  үлкен  аппаратпен 

отырып,  осы  күнге  дейін  бір  жібі  түзу  методист  дайындамай-ақ 

келеді. Ал бірақ осы институт қызметкерлерінің бәрі дерліктей бірін-

бірі мақтап, бірін-бірі жақтап, үстерінен шыбын ұшырмайды.

Бізге ұлттық мектеп керек. Ол үшін мұғалімнің бүкіл болмысы, 

сөйлеген  сөзі,  іс-әрекеті,  ең  аяғы  жүріс-тұрысына  дейін  өз 

ұлтымыздың  иісі  аңқып  тұруы  керек.  Ол  біздің  жырауларымыздың 


502

толғауын,  шешендеріміздің  қанатты  сөздерін,  күйшілеріміздің  ішкі 

толқындарын бойына барынша сіңірген, жан-жақты жетілген маман 

болсын. Бір сөзбен айтқанда, халықтың салт-дәстүрін, әдебиеті мен 

мәдениетін  толық  меңгерген  оқытушы  ғана  ұстаз  деген  құрметті 

атаққа ие бола алады. Ұлы Абайдың тілімен:

«Ұстаздық қылған жалықпас,

Үйретуден балаға» деп ойымызды түйіндегеніміз дұрыс қой деймін... 

Сонда ғана біз өз ана тіліміздің абыройын арттыра аламыз. 

«Парасат», 1990. №3

Міндет – мұғалім білімін арттыру

 Бүгінгі таңда халыққа жаппай орта білім беру мәселесі ең басты 

міндет болып отыр. Осы міндетті жүзеге асырудың нақты шаралары 

КПСС  Орталық  Комитеті  мен  СССР  Министрлер  Советінің  1972 

жылғы  июнь  айында  қабылдаған  «Жастардың  жаппай  орта  білім 

алуына  көшуді  аяқтау  және  жалпы  білім  беретін  мектепті  одан  әрі 

дамыту туралы» қаулысында айқын көрсетілген.

Қаулыда 


белгіленген 

шараларды 

орындау 

барысында 

мұғалімдердің  атқаратын  қызметі  ерекше.  Осы  жағдай  ескеріліп, 

озат мұғалімдерге «аға мұғалім», «мұғалім-методист» деген атақтар 

берілетіні айтылған. Үздік педагогикалық қызметі үшін мұғалімдерге 

«Мектепке  еңбегі  сіңген  мұғалім»,  «Социалистік  Еңбек  Ері»  деген 

атақтардың  бұрыннан  да  беріліп  келе  жатқаны  белгілі.  Мұндай 

құрметті  атақтарға  ие  болу  үшін  мұғалімдер  орасан  зор  еңбек  етуі 

керек.

Қазір республикамыздағы он мыңнан аса мектепте 168 мыңдай 



мұғалім сабақ береді. Ол мұғалімдердің білім дәрежесі, педагогикалық 

тәжірибесі, әрине бірдей емес. Бірқатар мұғалімдердің әлі де жоғары 

білімдері  жоқ.  Сондықтан  олар  оқу  орындарында  сырттан  оқып, 

мұғалімдер білімін жетілдіру институттары ұйымдастырған курстарға 

қатынасып  білімдерін  көтереді.  Жоғарғы  дәрежелі  педагогикалық 

білімі  бар  мұғалімдердің  өздері  де  күн  сайын  білімін  толықтырып 

отыру қажет.

 КПСС Орталық Комитеті мен СССР Министрлер Советінің 1966 

жылғы ноябрьде қабылдаған «Жаппай орта білім беретін мектептің 

жұмысын  одан  әрі  жақсарту  шаралары  туралы»  қаулысында 

жалпы  білім  беретін  еңбектік,  политехникалық  мектептің  басты 


503

міндеті  айқындалып,  ондағы  мұғалімдердің  қызметі  мен  рөлі 

ашып  көрсетілген-ді.  Басқаша  айтқанда,  ғылыми-техникалық 

революцияның жағдайында жастарға жаппай орта білім беру, оларды 

жан-жақты  тәрбиелеу,  коммунистік  мұраттарға  баулу  жолында 

мұғалімдердің  алдына  үлкен  талап  қойылды.  Оның  творчестволық 

еңбек етуі, жас жеткіншектерді бүгінгі күннің өскелең талап-тілегіне 

сай тәрбиелеуі талап етілді.

Мұғалімдер  өздерінің  мамандық  білімдерін  көтерумен  бірге 

идеялық-саяси дайындығын да күшейте түсуге міндетті, өйткені олар 

оқушыларға білім, тәрбие берумен бірге олардың ғылыми көзқарасын 

да қалыптастырады.Оқушыларға әрі білім, әрі идеялық-саяси тәрбие 

беру  мұғалімдердің  басты  міндеті  болып  саналады.  Сондықтан  да 

мұғалім өз пәндеріне байланысты ғылыми-педагогикалық еңбектерді 

оқып-үйренумен  қатар  күнделікті  газет-журналдарды  үзбей  оқып 

отырғаны абзал.

Мұғалімдер  үнемі  немесе  оқтын-оқтын  болса  да  мектептен 

тысқары  қоғамдық  ұйымдардың  жұмыстарына  белсене  қатысып 

отырады, ата-аналар арасында қыруар жұмыстар жүргізеді. Көптеген 

мұғалімдер  «Білім»  қоғамының  мүшесі,  лектор,  насихатшы,  саяси-

хабаршы,  үгітші  болып  істейді.  Мұндай  әлеуметтік  жұмыстарды 

атқару үшін де көп білім керек.

Халық мұғалімінің рухани байлығы идеялық-теориялық біліммен 

ғана шектеліп қалмайды, ол оның өз мамандығын терең меңгерумен 

де,  оқытып  жүрген  пәндерінің  идеялық  мазмұнын  арттыра  түсумен 

де тікелей байланысты. Бұл – идеялық-саяси білімді пәндік біліммен 

ұштастыру болып есептеледі.

Мұғалімдердің  білімін  көтеру  ісіне  облыстық  білім  жетілдіру 

институттарының атқарып жүрген қызметі ерекше көзге түседі: бұл 

институттардың ұйымдастырып жүрген ұзақ және қысқа курстардың 

оқу  жоспарлары  мен  программаларында  ғылым  мен  техниканың 

өзекті мәселелері, тіл, әдебиет, көркем өнердің ең маңызды табыстары 

туралы  хабарлар  беру  көзделеді.  Бұл  курстарда  лекциялар  оқып, 

баяндама  жасау  үшін  ғалымдар  мен  көрнекті  мамандарды  шақыру 

дәстүрге айналып отыр.

Алайда  мұндай  курстарда  теориялық  мәселелер  бойынша 

лекциялар  мен  баяндамалар  әлі  де  аз  оқылады,  педагогика  мен 

психологияның соны табыстары жөнінде жеткілікті дәрежеде айтыла 

бермейді.


504

Әйтсе  де  мұғалімдердің  білімін  жетілдіру  курстарының, 

методикалық маңызын айта келіп, мұғалімдердің жалпы педагогикалық 

мәдениетін,  мамандық  білімін  өздігінен  жүйелі  түрде  көтерудің  де 

қажетті екендігін атап өткен жөн. Мұғалімнің әлеуметтік мінездемесі 

оның  жалпы  мәдениетінің,  ой-өрісінің  жоғары  болуын  талап  етеді. 

Рухани  байлықтарды  игерудің  түрлері  көп-ақ.  Мысал:  кітаптарды, 

газет-журналдарды  үзбей  оқып  тұру,  кино,  театр,  музейлерді  көру. 

Мұғалімдер  бұл  салада  да  алуан  түрлі  жұмыстар  жүргізіп,  оны 

педагогикалық  дәстүрге,  дағдыға  айналдырып  жүр.  Жан-жақты 

дамыған  білімді,  мәдениетті,  қабілетті  мұғалім  оқушыларының  да 

жан-жақты дамуына игілікті ықпал тигізеді.

Ғылым  мен  техниканың  өркендеуі  мұғалімдердің  алдына 

жаңа  міндеттер  қойып  отыр.  Мұғалім  педагогикалық  ғылымның 

табыстарынан  мағлұматы  мол,  ғылыми-зерттеу  жұмысына  бейімді, 

ізденгіш,  жаңашыл  болуы  қажет.  Басқаша  айтқанда,  жаңа  адамды 

қалыптастыру  үшін  мұғалім  педагогикалық  творчествомен 

шұғылдануға тиіс.

Мұғалім де зерттеушінің бірі. Оның еңбегі творчестволық сипатқа 

ие,  мектеп  өміріндегі  заңды  құбылыс  болуы  қажет.  Методикалық 

шеберлікті  жетілдіру,  педагогикалық  озат  тәжірибені  меңгеру, 

басқалардың  тәжірибесін  үйрене  отырып,  өз  тәжірибесін  арттыра 

түсу – осының бәрі мұғалімнің творчестволық еңбегіне жатады.

Бірсыпыра  аудандарда  мұғалімдердің  озат  тәжірибе  мектебі 

ашылып  отыр.  Творчестволық  еңбек  адамнан  қабілеттілікті,  жан-

жақтылықты, ізденімпаздықты талап етсе, педагогикалық творчество 

да  мұғалімнен  осыларды  талап  етеді.  Дүние  сырын,  қоғамдық 

заңдылығын білуге құмарлық ғылыми-педагогикалық творчествоның 

негізгі  шарты  болып  есептеледі.  Педагогикалық  кадрлармен 

жұмыс  жүргізудің  жаңа  түрі  болып  саналатын  бұл  мектепте  саяси, 

педагогикалық  білім  алу  педагогикалық  қызметтің  практикасымен 

ұштасып  отыруға  тиіс.  Ол  мектептің  мақсаты  мұғалімдердің 

педагогикалық  творчествосын  дамыту,  оқу-тәрбие  жұмысын 

жетілдіру,  педагогтың  еңбегін  ғылыми  ұйымдастыруға  көмектесу 

болады.

Педагогикалық  творчествоның  элементтері  жүйелі  түрде 



бақылаудан,  эксперименттен,  нақты  материал  жинаудан,  талдау, 

жүйелеу,  қорытудан  құралады.  Сондықтан  да  педагогикалық 

творчество  мұғалімнің  практикалық  ісін  педагогика  ғылымымен 


505

ұштастырудан пайда болады. Осылай еткенде, мұғалім жұмысының 

сипаты  өзгереді,  ол  өз  тәжірибесін  жобалап,  оны  қалыптастырып 

жетілдіреді. Педагогикалық творчествоға әрбір мұғалімнің талаптануы 

керек. Осындай талаптанудың нәтижесінде мұғалімдердің алды өз 

тәжірибесін  жинақтап,  қорытып,  диссертациялар  жазып  қорғады, 

көптеген  мұғалімдер  педагогикалық  оқуларда  құнды  баяндамалар 

жасап,  оларды  баспа  жүзінде  жариялап  та  жүр.  Мұның  бәрін 

мұғалімдердің  педагогикалық  творчество  мектептерінің  берген 

жемістері деп тануымыз қажет.

Мұғалімдер  тауып,  ашып  жатқан  ғылыми-педагогикалық 

жаңалықтар  аз  емес.  Мәселен,  Түркістан  орта  мектебінің  қазақ 

тілі  мен  әдебиеті  пәнінің  мұғалімі  Жасыхан  Өтепбеков  жасаған 

«Орфографиялық сызғыш» пен «Морфологиялық дөңгелекті» атап 

өтуге болады. Бұл жөнінде республикалық газет бетінде мақала да 

жарияланды.  Осы  сияқты  мектептердегі  оқу-тәрбие  жұмысының 

сапасын арттыруға атсалысып, өздерінің творчествосымен педагогика 

ғылымына үлес қосып жүрген мұғалімдер республикамызда аз емес.

Мұның  бәрі  де  мұғалімдердің  педагогикалық  мәдениетін 

өркендетуге көмектеседі.



«Октябрь туы», 3 январь 1973.

( И.Ұйықбаевпен бірге)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет