Қазақстан Республикасы тарихы кафедрасы 5 В020300 – Тарих мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын студенттерге арналған



жүктеу 1.08 Mb.
Pdf просмотр
бет5/16
Дата03.03.2017
өлшемі1.08 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

Әдебиет
1. Атабаев Қ. Қазақстан тарихының деректанулық негіздері. А., 2002. 
2. Атабаев Қ. Деректану, А., 2007. 
3. Источниковедение истории СССР / Под. ред. Ковальченко И.Д. М., 1981. 
4. 
Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 1-том. А., 1996. 
 
2 кредит сағат 
№2 дәріс 
Тақырыбы: Халық ауыз әдебиетінің туындылары тарихи дерек ретінде. 
Дәріс мазмұны:  
1.
 
Ауыз әдебиеті туындыларының деректік маңызы мен ерекшеліктері.  
2.
 
Фольклорды сыныптау проблемасы. 
3.
 
Қазақ халқында ауызша тарих айту дәстүрінің қалыптасуы және дамуы, 
құрылымы. 
      
Ауыз әдебиеті – фольклор әр түрі тарихи дерек көздері арасында қазақ халқының өткен 
өмірін  бейнелеу  жағынан  теңдесі  жоқ  деректер  тобын  құрайды.  Тарихымыздың  қамтитын 
хронологиялық  шеңберінің  кеңдігі,  беретін  мәлеметтерінің  молдығы,  көлемінің  көптігі 

жағынан фольклор басқа дерек көздері арасында ерекше орын алады. Фольклор ағылсынша 
“folk-lore” – 
халық даналығы, халық білімі деген ұғымды білдіреді. 
      
Фольклор  халық  өмірінің  белгілі  бір  кезеңінде  пайда  болмай  қоймайтын,  барлық 
халықтарға тән табиғи құбылыс. Ол туралы белгілі фольклортанушы ғалым С. Қасқабасов: 
«Фольклорлық  ойлау,  фольклорлық  дәстүр,  фольклорлық  шығарма  –  міне,  осының  бәрі 
тарихта  болатын  нәрсе,  оны  атап  өту  мүмкін  емес.  Бұлардың  бәрі  тарихтың  белгілі  бір 
кезеңінде  болуы  тиіс,  сол  дәуірдің  жемісі  адамзат  мәдениетінің  бір  статусы  деп  танылуы 
керек» - дейді. 
      
Дегенмен,  әр  халықтың  өзіндік  даму  ерекшеліктеріне  байланысты  фольклордың  бір 
халықтарда ерте, бір халықтарда кеш пайда болуы, біреулерінде ұзақ уақыт тарих айтудың 
негізгі түрі ретінде сақталуы, біреулерінде жазба тарихқа жол бермеуі мүмкін. Академик Ә. 
Марғұланның  айтуы  бойынша:  «Ғасырлар  бойы  айтылып  келген  ертегі  –  жырды,  аңызды, 
әңгімені ең алғаш шығарып таратқан көшпелі түрік тілдес елдер». Ол: Сақ, ғұн, үйсін, қаңлы 
заманынан басталады» (3). Ал, ол тайпалардың қазіргі Қазақстан жерінде б.з.д.    ғасырларда 
мекендеген және қазіргі қазақ ұлтының өз негіздігін солардан алатындығы тарихтан белгілі. 
Олай болса, фольклор қазақ халқының кемінле 2,5 мың жылдық тарихының дерек көзі болып 
табылады  деп  айтуға  болады.  Себебі,  халқымыздың  өмір  салты  ерекшелігіне  байланысты 
оның  мыңдаған  жылғы  тарихы  негізінен  сол  ауызша  тарих  айту  арқылы,  яғыни  фольклор 
арқылы бүгінге жеткен.  
      
Егер, филология ғылымдарының докторы, зерттеуші С. Қасқабасовтың сөзімен айтсақ: « 
Фольклор адам тіршілігімен тікелей байланысты, оның болмысының бір бөлшегі. Сондықтан 
ол  адам  өмірінің  барлық  жағынан  бейнелейді,  шаруашылығынан,  тұрмысынан,  әдет  – 
ғұрпынан,  салт  –  санасынан  толық  мәлемет  береді...  халық  тарихындағы  маңызды 
оқиғаларды  қамтып,  солардың  негізінде  жаңа  шығармалар  туындап,  оқиғалармен  көрнекті 
тұлғаларға берген халықтың бағасын,қарым – қатынасын көрсетеді» (4). 
      
Демек,  фольклор  халық  өмірінің  айнасы,  оның  ажырамас  серігі,  халықтың  саналы  іс  - 
әрекетінің  барысында  жасалынған,тарихпен  ілесе  пайда  болып  отырғанобъективті  дүние. 
Сондықтан профессор Б. Кенжебаев: « Тарих пен ауыз әдебиеті бір – біріне жәрдемші, бірін 
– 
бірі толықтырушы.халықтың ауыз әдебиетін дұрыс, терең ұғыну үшін оның тарихы қандай 
қажет болса, тарихын дұрыс, жете, толық білу үшін ауыз әдебиеті де сондай қажет» - деп, 
жазды.  Бірақ,  ғалымның  айтуынша,  тарих  пен  фольклор  бірдей  емес.  Тарихшы  болса 
оқиғаны нақты, ешбір қоспасыз жазады. Ал, ақын әрбір тарихи оқиғаны  өз тұрғысынан алып 
әрлеп, әсерлеп жырға қосады. 
       
Қазақ халқының тарихы көбінесе ел жанында сақталып келеді. Ол аңыз, әңгіме, хикая, 
жыр  түрінде  тарады.  Сондықтан  бізде  жазбалардан  гөрі,  ауызша  айтылып  жүрген  аңыз  – 
жырлар мол. Қазақ тарихының бірқатар мәселелері сол аңыз,жырлардан шығады. 
        
Өз  тарихын  тума  төл  деректерінің  негізінде  зерттеу  мүмкіндігіне  енді  ғана  ие  болған 
қазақ  тарихшылары  үшін  тарихымыздың  дерек  көздері  ретінде  фольклордың  маңызы 
ерекше.  Мысалы,  ҚР  ҰҒА  мүше  корреспонденті  Р.  Бердібаев:  «Тарихтың  хатқа  түспеген 
кезеңдеріне келгенде, кейде фольклор мұрасы бірден - бір құжатты тіректің орнына жүретін 
оның мәнін еселеп арттырады» - деп, фольклор деректерінің маңызын жоғары бағалайды. 
       
Дегенмен,  ауыз  әдебиеттері  де,  басқа  да  деректер  сияқты  өздерін  деректанулық 
талдаудан өткізу, яғни ондағы ақпараттардың шынайылық денгейін анықтауды қажет етеді. 
Ол  туралы,  әдебиеттанушы  ғалым  Т.  Сыдықов:  «Әдебиет    тарих  емес,  тарих  күрес, 
оқиғалардың айнасы, сәулесі ғана. Сондықтан тарихи мәлеметтерді алып, сонымн түп-тура 
шығып одан талап етуге болмайды. Кейде дәл келсе, кейде тарихшы шындықтан аулақтап 
кетуі  мүмкін.Ондай  болуы  заңды.  Өйткені  оқиғаны  өзінше  түсініп,  өзінше  баяндауы  ауыз 
әдебиетінің  өкілдеріне  жалпы  тән  нәрсе»  -  десе.  Мәлік  Ғабдулин  кезінде:  «Ауыз  әдебиеті 
тарихи  факторларды  негізге  ала  отырып,оны  ақындық  қиял  арқылы  құбылтып  жырлайды, 
суреттеп  көрсетеді.  Кейде  асырып,  кейде  өзгертіп  елестетеді.  Сондықтан  ауыз  әдебиетін 
тарихтың өзі, оның документі деуге болады» - деген ой айтқан. 

         
Ауыз  әдебиеті  туындыларының  осындай  ерекшліктерінен  шыға  отырып,  оларды 
ғылыми талдау мақсатында біраз жұмыстар атқарылды. 
 
Ол  ең  алдымен  фольклорды  халқымыздың  асыл  мұрасы  ретінде  жинау,  жүйелеу  және 
жариялау  жұмыстарынан  басталған  еді.  Бұл  іспен  өз  кездерінде  Ш.  Уәлиханов,  Ы. 
Алтынсарин, В. Радлов, Г. Потанин, Ә. Диваев т.б. айналасты. Фольклор жинау ісі кеңестік 
кезеңдеде  жалғастырылды.  Қортындысында  ҚР  ҰҒА  Орталық  Ғылыми  кітапханасының 
қолжазба  қоры  мен  М.О.  Әуезов  атындағы  әдебиет  жән  өнер  институтының  текстология 
және  қолжазба  бөлімінде  фольклордың  мол  қоры  жинақталды.  Соған  байланысты  аталған 
институт  жанынан  1989  жылы  қазақ  қолжазбаларының  ғылыми  орталығы  құрылды.  Қазір 
бұл орталықта қазақ фольклорының ірілі - ұсақты 200 мыңдай нұсқасы сақтаулы. Олардың 
ішінде батырлар жырының – 92 (вариантымен 300), тарихи өлең - жырлар мен әңгімелерінің 
– 
98 (вариантымен 400), шығыс сарындағы астандардың  -81 (вариантымен 215), ертегілердің 
-
500 үлгісі бар. Сондай – ақ, 6 мың бетке жуық тарихи шежіре жинақталған. 
          
Кезінде олардың 150 том етіп жариялау жоспарланған еді. 1994 жылға дейін олардың 
14 томы жарық көріп, 10 томнан астамы баспаға өткізуге дайындалған (10). 
          
Қазақ фольклорын ғылыми талдау ісі де Ш. Уәлихановтан басталды деуге болады. Ол 
ғасырлар  қойнауында  дүниеге  келген  ауыз  әдебиетінің  үлгілерін  жинаумен  қатар,  оларға 
талдау  жасап,  ғылыми  құндылықтарын  көрсете  білді.  Мысалы,  «  Қазақ  шежіресі»  деген 
еңбегіндегі қазақ халқының даму ерекшелігіне сай, ел арасына кең тараған тарихи деректер 
тобына  жататын  аңыз  -  дастандар  туралы  осыны  айтуға  болады.  «Дала  жыр  -  дастандары 
өзінің  қарапайым  ұғымды  шынайылығымен,  нақтылы  өмірден  алшақтамайтындығымен 
құнды. Онда ертедегідей сенімсіз сиқырлы қимыл -  әркеттер кездеспейді. Сондықтан болар, 
халық тарихы жыр  - дастандарды өте жоғары бағалайды» (11) – деп, жыр – дастандардың 
тарихи дерек ретіндегі ерекшелігін көрсетсе, «Аңыз – дастандардағы тарихи оқиғалар, тегі 
қазаққа жақын Әбіғазы жазған «Түрік шежіресі» атты және сондай – ақ, әсіресе (Жами ат – 
тауарих),  шежіредегі  деректерден  алшақтамайды»  (12)  –  деп,  бір  деректі  екінші  дерекпен 
салыстыру  арқылы  оның  ғылыми  маңыздылығын,  ондағы  айтылған  мәліметтердің 
шынайылығын айқындаудың жолын ұсынды. 
         
Ш. Уәлиханов жыр – дастандардың тарихи дерек ретінде сақталу, өмір сүру формасын, 
олардың ғасырдан ғасырға, атадан балаға жету құпиясы мен жолдарын, түрлі ерекшелігі мен 
қазақ қоғамындағы алатын орнын, халықтың өз дерегіне деген көзқарасында көрстіп берді. 
          
Мысалы,  қазақ  халқының  жыр  -  дастандарға  деген  сүйіспеншілігін,  олардың  дерек 
ретіндегі сақталуы мен ел арасына таралуы туралы «Қазақ шежіресінде»: «Ата бабаларының 
ерлігі  туралы  тарихи  жыр  -  дастандарға  дегенде,  халықтың  сүйіспеншілігінде  шек  жоқ. 
Соншалықты  мол  мұраны  ауыздан  ауызға,  жазбасыз,  баспасыз  алып  даланың  бір  шетінен 
екінші  шетіне  жеткізіп,  ғасырлар  бойы  ойда  сақтау,  олардың  суырып  салма 
(импровизаторлық) ғажап қабілетінің көрнісі болса керек», - деп (13), өз халқының қабілетіне 
ризашылық  білдіре  отырып,  сол  деректердегі  тарихи  оқиғалардың  бейнелену  дәрежесі 
туралы: «Көне жыр - дастандардың сол бәз қалпында, ұшы қиыры жоқ даланың бір шетінен 
айтылатын шығармасының оқиғасы боз даланың екінші бір шетіне айна қатесіз қайталануы 
таңдандырмай қоймайды. Көне түрік салт - сана, әдет - ғұрыптардың қаймағы бұзылмаған 
қазақтарда,  өмірдің  бар  саласын  қамтитын  оқиғалармен  байланысты  адам  аттары,  жер  су 
аттары, т.б. есте сақталып, атадан балаға жалғасып жатады» - дейді.           
          
Деректану ғылымы үшін деректердің сақталу  және өмір сүру формасын айқындаудың 
да  үлкен  маңызы  бар  десек,  Шоқан  Уәлиханов  жыр  -  дастандардың  тарихи  тәрбиелік 
мәнімен қатар, олардың нақты өмір сүру формасын, ұрпақтан - ұрпаққа жетуінің жолдарын 
айқын  көрсетіп  берді.  Ол:  «Осы  тарихи  мәні  бар  мол  мұраны  біреулер  домбырамен 
сүйемелдеп әндетсе, енді біреулер мынау сонау замандарда жасаған пәленше деген күйшінің 
аты,  өшпес  күйі  еді  деп,  сыбызғыда  ойнап,  қобыз  тартып,  өнерлі  адамдардың  аты  ел  - 
жұрттың есінде мәнгі қалып қоюына себепші болады. Қазақтардың әрбір ру басылары өз ру - 
тайпаларының  шежіресін,  шыққан  тегін,  елдің  әдет  -  ғұрып  заңдарын,  ескі  жарлықтарын, 
халықтардың  басынан  өткен  тарихи  жағдайларды  көп  жасаған  ақсақалдардан  ыждаһатпен 

үйреніп,өзінің шешендік өнерін шыңдауға көптеген аңыз - әңгімелерді, мақал - мәтелдерді, 
маңызды  оқиғаларға  қатысты  ұлағатты  асыл  сөздерді  ұзақ  уақыт  жаттайды.  Сондай 
дайындағы  бар  билердің  аузынан  шыққан  сөздерді  толық  ұйып  тыңдайды.  Ол  нақыл 
сөздердің мәні өмірдің бар саласын қамтитындай өсиет - өнеге, тәлім - тәрбилік патриоттық 
мазмұнда болып келеді» - дейді . 
          
Сонымен  қатар,  ғалым  өткен  ғасырдың  орта  кезінде  халық  арасында  бой  көтере 
бастаған келеңсіз жағдайларға көңіл аудара келе, « Өкінішке орай, енді бір он жылдан соң, 
бұрын солай болып еді,содан не қалды дейтін уақыт алыс емес сияқты,біздің халық қалай тез 
өзгеріп,  құбылады  десеңші!»  -  дейді  .  Көп  ұзамай  -  ақ  бабамыздың  бұл  қаупі  өмір 
шындығына айналды. 
         
Фольклорға жүйелі деректанушылық талдау жасамағандармен, халық ауыз әдебиетінің 
туындыоарына  қатысты,  егер  қазіргі  тілмен  айтсақ,  деректанулық  көзқарастарын  білдірген 
келесі  қазақ  ғалымдары  Ә.  Бөкейхан  және  А.  Байтұрсынұлы  болды.  Ә.  Бөкейхан  Шәкәрім 
Құдайбердіұлының  «  Түрік,  қырғыз,  қазақ  һәм  хандар  шежіресі»  және  «Қара  қыпшақ 
Қобыландыға»жазған рецензияларында шежіре мен батырлар жырына қатысты өз ойларын 
айтса, А. Байтұрсынұлы «Әдебиет танытқышында» шежіренің дерек көздері ретінде маңызы 
мен  ерекшеліктері  туралы  айтқан  .  Алаш  көсемдерінің  өткен  ғасырдың  басында  айтқан 
деректанулық  ойлардың  ғылыми  маңызын  бүгінге  дейін  жоғалпауы,  олардың 
тұжырымдарының дұрыстығының дәлелі. 
         
Кеңес  өкіметі  жылдарында  С.  Сейфуллин,  М.  Әуезов,  Л.  Соболев,  Ә.  Марғұлан,  С. 
Мұқанов,  В.  Жирмунский,  Қ.Жумалиев,  Н.  Смирнова,  Е.  Ысмайлов,  М.  Ғабдуллин,  Б. 
Кенжебаев,  Е.  Тұрсынов,  Р.  Бердібаев,  С  Қасқабасов,  Б.  Уахатов  т.б.  өз  еңбектерінде 
фольклорды дерек көздері ретінде қарастыруға және пайдалануға мүмкіндік беретін әр түрлі 
деректанулық  ойлар  айтты.  Аталған  авторлардың  еңбектерінің  бірінде  фольклордың 
түрлік,жанрлық  ерекшеліктер,  сақталу  формаса  туралы  айтылса,  екінші  бір  еңбектерінде 
олардың  пайда  болуының  алғышарттары,  деректік  маңызы,  объективтілігі  т.б.  туралы 
айтылған. 
          
Мысалы, М. Әуезов «Уақыт және әдебиет» атты еңбегінде: « Халық арасында әлде бір 
батырдың қостаушы және соны жақтауға байланысты таралған өлең - жырларды алғашында 
бір  ақын  жинап,  басын  құрауы,  сөйтіп  тұңғыш  эпостық  дастанның  тууына  негіз  қалануы 
ықтимал»  -  деп,  эпостық  дастандардың  тұрмыс  -  салт  жырларының  негізінде  пайда  болуы 
мүмкін  екендігі  туралы  болжам  айтады.  Ұлы  әдебиетші  өзінің  бұл  ойының  негізсіз  емес 
екендігі  туралы  «  Батыр  жорыққа  аттанарда  айтылатын  қоштасу  жыры  ,  ол  қалындық 
әкелгенде  айтылатын  қоштасу  жыры,  ол  өлгенде  жанкүйерлері  жылап  -  сықтап  айтатын 
жоқтау жыры сол батыр жайындағы эпостық жырдың негізін құрамауы мүмкін емес» - деп, 
оған « Ер сайын » жырынан нақты дәлелдер келтірілген . 
        
Белгілі әдебиеттанушы ғалым, Қ. Жумалиев: « Тарихи оқиғаның ізі, сәулсі болып әдеби 
мұралар  туып  отырады.  Олардың  кейбірулері  оқиғаның  жалпы,  ұлы  сорабын  сақтаса... 
кейбірулері  күні  кеше  ғана  болып  өткен,  ізі  суымаған  тарихи  оқиғаның  негізінде  туды. 
Бұлардың  ішінде  айтылытын  оқиға  да,  қатысушы  адамдардың  іс  -  әрекеттері  де  тарихи 
шындыққа жақын, қиял – ғажайып оқиғалар мейлінше аз. Осы жағынан қарап, алды,ғы әдеби 
нұсқаларды эпостық жырлар деп айтсақ, соңғысын тарихи жырлар деп айтамыз. Бұл екеуінің 
негізі  бір,  екеуінің  де  түбінде  тарихи  оқиға  жатыр»  -деп  ,  әдеби  мұралардың  ерекшелігін, 
эпос пен тарихи жырлардың ортақ белгілері мен айырмашылығын көрсткен. 
          
Батырлар жыры мен тарихи жырларды зерттеу ісімен ұзақ жылдар бойы Е. Ысмайылов 
айналысты. Ол батырлар жырын: « XIV ғасырға дейінгі болған қаңлы - қыпшақ заманының 
батырлар  жыры...  XIV  –  XVI  ғасырлардағы  ноғайлы  заманының  батырлар  жыры...  XVII  – 
XVIII  ғасырдағы  қазақ  -  қалмақ  арасының  қарым  -  қатынасына  байланысты  батырлар 
жыры... XIX ғасырдағы қазақ халқының ұлт - азаттық қозғалысына байланысты батырлары 
жыры...» – деп (22), қазақтың жалпы батырлар жырларын шыққан уақыты мен заманының 
ерекшелігіне қарай бірнеше топқа бөлген. 

         
Осындай,  т.б.  тарих  ғылымының  негіздерінің  бірі  болып  табылатын  деректанудың 
зерттеу  объектісіне  жататын,  әр  түрлі  дәрежедегі  проблемалар  туралы  құнды  пікірлер 
басқада аталған авторлардың еңбектерінде көптеп кездеседі. Оларды жан – жақты зерттеп, 
жинақтап,  бір  жүйеге  келіру  үшін,  біріншіден,  фольклортану  мен  деректану  ғалымдарын 
жақындастыруға,  сол  арқылы  біртұтас,  жүйелі  деректану  ғылымын  қалыптастыруға 
мүмкіндік  жасаса,екіншіден,  тарихшыларға  фольклор  мәлеметтерін  деректанулық  талапқа 
сай талдау арқылы өздерінің зерттеу объектілерін тереңірек аша түсуге көмектесер еді. 
         
Халқымыздың  ауызша  тарих  айту  дәстүрінің  негізінде  пайда  болған  туындыларының 
тарихилық  проблемасын  зереттеуде  1993  жылы  жарық  көрген  «  Қазақ  фольклорының 
тарихилығы  »  атты  монаграфияның  алар  орны  ерекше.  Еңбекке  елімізге  кеңінен  танымал 
фольклортанушы  ғалымдар:  Р.  Брдібаев,  С.  Қасқабасов,  Т.  Сыдықов,  З.  Сейтжанов,  Б. 
Абылқасымов  т.б.  зерттеу  жұмыстары  енген.  Оларда  орыс  және  қазақ  ғалымдарының 
фольклорды  зерттеу  тәжірибесі  талданып,  жеткен  нәтижелері  жинақталған.  Фольклортану 
ісінің  қиындықтары  мен  проблемалары  көрсетіліп  оларды  одан  әрі  зерттеу  жолдары 
айтылған. Мысалы, Р. Бердібаев ғылыми дәстүрі бұрыннан қалыптасқан орыс фольклортану 
ғылымында  эпос  зерттеуге  арналған  күрделі  монаграфияларға  шолу  жасай  отырып,  қазақ 
эпостарының шынайылық деңгейінің анықтау ісінің қиындықтарына тоқталса, С. Қасқабасов 
ауыз  әдебиетінің  үлкен  бір  тобын  құрайтын  миф  пен  әпсананың  түрлік  ерекшеліктерін 
анықтап, олардың пайда болуы мен дамуы туралы ғылыми негізделген пікір айтқан. Ал, Т. 
Сыдықов болса, өзінің « Қазақ фольклорында тарихи жыр жанрының туу, қалыптасу, даму 
жолдары  мен  кезеңдері,  оның  тұрмыс  –  салт,  батырлық  эпос  жырларымен  генетикалық 
байланыстары  мен  айырмашылықтары  сөз  болып,  тарихи  жырдың  мазмұны,  кейіпкерлері, 
тақырыптары талданған» - деп, қортынды жасаған . 
        
Осындай фольклорды дерек көзі ретінде зерттуге көмектесетін құнды пікірлер басқа да 
монография авторларының еңбектерңнде кездеседі. Оларды жете меңгерудің тарихшыларға 
нақты құбылыс тарихын зерттеуде өз көмектерін тигізері даусыз. 
Фольклордың түрлік ерекшеліктері (сыныптау проблемалары) 
          
Ауыз  әдебиеті  туындыларының  мыңдаған  жылдарға  созылған  пайда болу,  қалыптасу 
және  даму  процессінің  барысында  уақыт  ерекшеліктері  мен  қоғамдық  өзгерістерге 
байланысты,  әр  алуан  түрларі  мнжанрлары  дүниеге  келді.  Олар  негізінен:  ертегі,  миф, 
әпсана,  аңыз  әгімелер,  батырлар  жыры,  тарихи  салт  жырлары,  романдық  эпостар,  толғау, 
арнау,  тұрмыс салт жырлары, мақал мәтелдер, шешендік сөздер, айтыс, шежіре т.б. болып 
бөлінді. Ең бастысы, олардың бәрі де нақты бір оқиға немесе қоғамдық құбылыс негізінде 
пайда болған объективті дүниелер. Демек, олардың бәрінде халық өмірінің көрнісі белгілі бір 
дәрежеде бейнеленеді. Мәселе, тек қай жанрдың оқиғаны қалай, қай деңгейде, қай қырынан 
бейнелейтіндігінде.  Сондықтан  зерттеушілер  ең  алдымен  сол  жанрлардың  түрлік 
ерекшеліктерін,  олардығ  пайда  болуының  алғышарттарын,  нақты  тарихи  жағдайларын, 
сипатын  т.б.,  тек  сол  жанрға  ғана  тән  қасиеттерін  жете  білулері  керек.  Бұл,  біріншіден, 
зерттеушіге  өз  жұмысын  тиімді  ұйымдастырып,  деректер  арасынан  дұрыс  жол  табу 
мақсатында  фольклорлық  туындыларды  сыныптауға  кқмектессе,  екіншіден,  олардың 
ғылыми құндылығы жоғары мәлеметтер алуға көмектесді. 
      
Бұл  орайда  зерттеуші  -  тарихшылар  жоғарда  аталған  монографияның  тигізер  пайдасы 
мол  екендігі  күмәнсіз.  өткені  авторлар  фольклордың  көптеген  түрлеріне  ғылыми  талдау 
жасап,  олардың  біразына  анықтама  берген  және  бірнеше  нақты  жанрлардың  қашан,  қалай 
пайда  болып  қалыптасқандығы,  дамығандығы,  эволюциялық  өзгерістерге  ұшырағандығы 
туралы пікірлер айтқан. Мысалы, С. Қасқабасов миф туралы: « Миф – фольклордың ең көне 
жанры,  тіпті  фольклордың  төркіні  десе  де  болады.  Ол  адамзаттың  алғашқы  қауым  болып 
өмір  сүрген  шағында  пайда  болған.  Онда  сол  кездегі  адамның  өзін  қоршаған  табиғаттың 
аспан мен жердің, әлемнің қалай пайда болғаны,әр түрлі құбылыстар мен жан – жауарлардың 
сыры мен аоғашқы адамдардың дүниге келуі, адамның өмірі, жаны, өлімі, т.б. жаратылыстың 
түсініксіз жәйттрі туралы ойлары мен түсініктері көрініс тапқан. Міне, мифтің тарихилығы 
деген  осы.  Демек,  мифтік  сана  мен  ойлаудың  өзі  –  тарихи  заңды  кезең.  Оны  аттап  не 

айналып өту мүмкін емес. Ол барлық елдің тарихында болған жағдай. Олай болса, мифтік 
сана,  мифтік  ойлау  дегеніміздің  өзі  -  тарих,  яғни  фольклордың  алғашқы  дәуірі.  Мифтік 
сананың  өз  даму  кезеңдері  бар.  Бірінші  кезеңде  мифтік  сана  табиғат  пен  рухты,  адам  мен 
затты, өлі мен тіріні бөлмейді, мұнда теңдік заңы негізге алынады. Екінші кезеңде адам мен 
табиғаттың теңдік заңы закон тождства человека и природы бұзылып,адам өзін табиғаттан, 
маңайдағы әлемнен, жан – жануардан бөлек сезінген. Сөйтіп, осы айырмашылықтың сырын 
түсінуге  тырысқан.  Мифтің  ең  көп  туатын  мзгілі  –  мифтік  сананың  осы  екінші  кезеңі... 
Адамзат қоғамы дамып, сана жтілген сайын, мифтік сана да, мифте өзгеріске түсіп отырған» 

десе фольклордың көне жанрларының бірі әпсана туралы: « Әпсана дегеніміз – көркемдігі 
біршама  дамыған  қиял  мен  кереметтік  элементтері  мол  пайдаланатын  және  кейде  бір 
шындық  оқиғаны,кейіпкерді,  мекенді  қамтитын...бірақ  мұсылмандық  діни  түсінікке 
негізделмеген ауызекі әңгіме. Әпсаналық  шығармалар әр дәуірде туып отырды. Сондықтан 
олардың ішінде өте көнелері де, кейін пайда болған жанрлар да болды». 
      
Міне,  осылай,  көрнекті  фольклортанушы  ғалым  өзінің  аталған  еңбекке  енген 
зерттеулерінде  миф  пен  әпсаналық  жанрдың  ауыз  әдебиеті  туындыларының  арасында 
алынатын  орындарын,  олардың  адамзат  санасының  даму  сатысының  блгілі  бір  кезеңінде 
болмай  қоймайтын  объективті  құбылыс  екендігін  және  қалыптасу  кезеңдері  мен  өзгеріске 
ұшырау  себептерін,  субъектитіліктерін  айта  келе,  олардың  айырмашылықтары  туралы:  « 
Мифке қарағанда, әпсанада тарихтық сипат, ралдық белгі басым. Әпсанада қоғам болмысы, 
белгілі  бір  дәуірдің  оқиғасы,  санасы,  адамдары  көрініс  табады.  Тіпті  қай  жағдайда 
кейіпкердің  іздейтін  құтты  қрнысы  да  –  реалды  топоним  болып  келеді»  –  деп  ,  мифтік 
мәлеметтерге  қарағанда  әпсаналық  мәлемттердің  шынайылық  деңгейінің  жоғары  екендігін 
көрсетеді. 
      
Сонымен қатар, зерттеуші бұл  жанрлардың өзгеру, басқа жанрларға транцформациялау 
заңдалақтарын  да  ашып  берген.  Мысалы,  мифтік  өзгеруі,  дамуы  туралы:  «  Көне  заманда 
пайда  болған  мифтік  түсініктермен  соларға  негізделген  сюжеттер  уақыт  өте  келе,  қоғам 
дамып, болмыстың өзгеруіне,ой - сананың өзгруіне сәйкес өзгеріп, жаңғырып отырған,соның 
нәтижсінде  бір  жанрдың  екінші  жанрға  ұласып,  біздің  дәурімізге  алуан  сатылық  қасиетін 
сақтай  әрі  өзгере,  әр  түрлі  жанрлық  формада  жеткен»  -  десе  ,  әпсананың  өзгеріске  түсу 
жолдары:  «  Әпсаналар оқтын  - оқтын жаңғырып  және циклизацияға түсіп отырады. Ұқсас 
тарихи  жағдайлар  мен  оқиғалардың  қайталануы  бұрынғы  сюжеттерді  жаңаша  падалану 
қажет  етеді,  оларды  сол  кездегі  тарихи  тұлғаларға  телітеді,  сөйтіп  ескі  әпсаналарды  жаңа 
тұрғыда, жаға бағытта баяндатады. Осының арқасында утопиялық сюжеттер фольклорлық, 
тарихи және шежірелік генеологиялық циклизацияға түседі. Басқаша айтқанда, бұл сюжеттер 
әрқашанда  ел  арасында  айтылып  жүреді  де,  блгілі  бір  тарихи  кезеңде  орын  алған  саяси  - 
әлеуметтік оқиғаларға байланысты өзгеріске ұшырап отырады» - дейді. 
      
Фольклордың  үлкен  бір  тобын  қазақтың  эпикалық  туындылары  –  батырлар  жыры  мен 
тарихи жырлар құрайды. Ол туралы Р. Бердібаев: «Тарихи оқиғаларды, аңыздарды эпикалық 
дәстүрмен  насихаттау  ниетінен  туындаған  жырлар  өз  алдына  бір  сала.  Бұларда  тарихи 
істердің желісі сақталып, негізгі белес оқиғалар,белгілі адамдар сөз болып отырады» - дейді. 
      
Демек, эпос, басқа да фольклорлық туындылар сияқты, нақты тарихи оқиғалар негізінде 
пайда  болған  объктивті  дүние.  Эпостық  жырлардағы  тарихи  деректердің  шынайылық 
деңгейінің  жоғарылығы  туралы  Ә.  Марғұлан:  «...  қазақ  эпосы  кейде  жылнамалық 
жазбалардан кем түспейді, олар көп сәттерде жазу – сызуға машықтанбаған халық арасында 
жылнамалық  жазбаралдың  орнына  жүреді.  Оқиғалардың  эпоста  суреттелуінің  дұрыстығы 
соншама,  оларды,  тіпті,  тарихи  әдебиеттер  де  дәлелдеп  отыр»  -  десе,  акадмик  Орлов:  « 
Моңғол,  ойрат,  тіпті  орыс  эпосымен  салыстырғанда,қазақтың  эпостық  жырлары  өзінің 
ақындық  гипрболасы  жағынан  анағұрлым  шыншыл.  Бұл  жағынан  оның  күндеікті  өмір 
салтын көрсететін жырлар десе де болады» - дейді. Ал, зерттеуші Т. Сыдықов: « Батырлар 
жырында  да,  тарихи  жырларда  да  ел  қорғау  басты  орын  алады.  Оларда  басқыншы  жауға 
қарсы күрес. Отанды қорғаудағы ерлік істер суреттелді» - деп , сол шынайылықтың негізін 
көрсетді.  

     
Сонымен  қатар,  Т.  Сыдықов:  «  Қазақ  эпосының  қандай  түрін  болса  да  жеке  ақын 
шығарған.  Олар  өткен  заманда,  халықтың  жазу  өнері  болмаған  кезеде,  өздрінің  жырларын 
ауызша  шығарып  таратқан»  –  деп  ,эпостың  субъективтілігі  негізін  көрсете  отырып,  оның 
халықтық  сипатқа  ие  болу  себептері  туралы:  «  Эпос  халықтың  қалың  жиналған  жерінде 
айтылатын  болатын.  Сондықтан  да  жыршы,  ақындар  өздрінің  тыңдаушыларының  талап 
тілегімен еріксіз санауға тура келген. Егер тыңдаушы аудитория ақын жыршыдан батырдың 
барлық өмірін, ел қорғаудағы ерлік ісін молынан жырлауды сұраса, оны ақын, жыршы толық 
орындап  беруг  тырысқан...  Мұндай  жырларды,  яғни  батырдың  туған  күнінен  бастап 
қартайғанға  дейінгі    өмірін,  ел  қорғаудағы  көптеген  ерлік  істерін  суреттейтін  жырларды 
қазақ эпосының халықтақ түрі деп айтуға болады» - дейді. 
      
Халық  өмірінен  мол  мағлұмат  беретін  фольклорлық  мұраның  келесі  бір  түрі,  ол 
романдық  эпостар,  яғни  ғашықтық  жырлары.  Зерттеуші  З.  Сейітжанов  өзінің  «  Романдық 
эпостардағы халық тұрмыс - салтының көрнісі» деген еңбегінде, ғашықтық жыр жанрының 
шығу,  даму  жолдары  жанрға  тән  ерекшеліктері  жөнінде  С.  Сейфуллин,  С.  Мұқанов,  М.  Ә 
Әеузовтардан  бастап,  соңғы  уақытқа  дейін  көптеген  қазақ  ғалымдарының  өз  ойларын 
білдіргендігі  туралы  айта  келе:  «  Ғашықтық  жырларда  отан  қорғау  емес,  адамының  жеке 
бастық мүддесі, махаббат еркіндігі мәселесі алғы кезекке шығады» - деген Р. Бердібаевтың 
пікіріне сүйене отырып:  « Қалай болғанда да, кейде лиро –эпос, кейде ғашықтық жыр деп 
аталып  жүрген  шығармалар  тобының  басқа  (көне,  қаһармандық,  реальды  –  тарихи  ) 
эпостардан  айырмашылығы  бар,  әр  топтағы  эпостардың  өздеріне  тән  ерекшелігі  жырдың 
оқиғасынан, қаһармандардың мұрат - мақсат, іс - әрекетінен, көркемдік әдіс – тәсілдерінен 
анық аңғырылады» - дейді. 
      
Көптеген  ғашықтық  жырларға  жан  –  жақты  талдау  жасай  келе  З.  Сейітжанов:  «  Шын 
мәнінде, әр эпостың ральдық негізі бар. Онда халық өмірінің барлық жағы: шаруашылығы 
мен  кәсібі,  эстетикалық,  этикалық,  тұрмыстық  –  этнографиялық  ерекшеліктері,  жосын  – 
жора, салт – дәстүрі, әдет – ғұрпы, наным – сенім түсініктері, ру – тайпалық құрылым – бәрң 
де көрініс тапқан. Бұндағы өзекті желі жастардың бас еркіндігі, жеке өмірлері, яғни тілек – 
мақсаттары болғандықтан, әлсірей көрсетіп, дәріптеушіліктен гөріөмірдің нақтылы көрнісін 
суреттейтін  реалистік  қуаты  басым.  Осыған  орай  әлеуметтік  қайшылықтар  мен  таптық 
теңсіздіктер  тереңірек  ашылады.  Сондықтан  бұл  топтағы  жырлар  әдеби  мұра  ғана  емес, 
халықтың тарихи болмысынан бағалы деректер де береді» - деп  қорытынды жасайды. 
      
Зерттеуші Б. Абылқасымов: « Болмысты бейнелемейтін бірде – бір жанр жоқ. Алайда қай 
жанр болмыстың қай қырын, қай тұрғыда бейнелейді – мәселенің тірелер тұсы да осында» - 
деп,  фольклордың  тарихи  дерек  көзі  ретіндегі  объективтілігін  және  оны  зерттеудің 
қажеттілігін айта келе: « Қай жанрды алып қарамйық, оны тудырған белгілі бір алғы шарттар 
бар.  Мәселен,  толғау  жанры  қазақ  қоғамының  мемлекет  болып  қалыптасқан  кезеңінде, 
дәлірек  айтқанда,  хандық  дәуірде  ғана  жан  –  жақты  дами  алды.  Олай  болуының  себебі 
жыраулар  институтының  функцияларына  байланысты  еді.  Хандық  дәуірмен  бірге 
жыраларда, жыраулардың сүйікті жанры – толғау да тарих сахынасынан ысырылуға мәжбүр 
болды. 
       
Сол  аралықта  толғау  сөздерде  қазақ  қоғамының  қайсы  бір  қырлары  айнаға  түскендей 
анық, мөлдір, дәл бейнеленіп қалады» - деп , халық ауыз әдебиетінің тағы бір түрі толғау 
туралы,  оның  жанрлық  пайда  болу  кезеңі  және  деректік  маңызы  мен  ерекшелігі  туралы 
айтқан.  Одан  әрі  автор,  халық  арасына  кең  тараған  фольклорлық  жанрдың  бірі  –  арбау 
туралы:  «  Қоғамдық  болмысымыздың  өзге  қырлары  басқа  жанрлардың  үлесіне  тиеді. 
Айталық, арбау сөздер халықтың қарапайым тіршілігінің, күнделікті күйбеңінің, өмір үшін 
күресінің тынысын ашады. Мұнда әлеуметтік тарихтан гөрі халықтық тұрмыспен  халықтық 
сананың сурті әлде қайда басым» - деп , арбаудың ерекшелігін көрсеткен. 
        
Осылар,  және  басқа  да  фольклорлық  жанрлардың  түрлерін,  олардың  халқымыз 
тарихының  дерек  көздері  ретінде  ерекшеліктерін,  маңызын,  сипатын  т.б.  қасиеттерін  жете 
білу, өз тарихымызды объективті зерттуге көмектесері күмәнсіз. 


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет