Қазақстан Республикасы тарихы кафедрасы 5 В020300 – Тарих мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын студенттерге арналған



жүктеу 1.08 Mb.
Pdf просмотр
бет8/16
Дата03.03.2017
өлшемі1.08 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16

Әдебиет
1. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 1-том. А., 1996. 
2. Тарих – адамзат ақыл-ойының қазынасы: Он томдық. – Астана: «Фолиант».     
    
2005. Т.3: Ортағасырлық тарихи ой. – 2005. – 510 б. 
3. История Казахстана в арабских источниках. А., 2006. 
4. Кумеков Б.Е. Государство кимаков ІХ-ХІ вв. по арабским источникам. А.,   
    1972. 
2 кредит сағат  
Дәріс №12  
Тақырыбы: ІХ-ХІІ ғасырлардағы араб және парсы деректері. 
Дәріс мазмұны: 
1.
 
Х ғасырдағы араб, парсы деректері (әл-Истахри, бн Хаукаль, Ибн  
Фадлан, Әбу Дулаф,  әл-Масуди, әл-Макдиси тб.). 
2.
 
ХІ-ХІІ ғасырдағы араб, парсы деректері (Исхак ибн әл-Хусейн,  
Гардизи, әл-Бируни, әл-Марвази, әл-Идриси).  
    
Араб географиялық әдебиетінің ең гүлденген шағы – Х ғ. Араб географы әрі саяхатшысы, 
Орталық Иранның тұрғыны әл-Истахри (Хғ.) – сол дәуірдің танымал өкілі. Оның «Жолдар 
мен  мемлекеттер  туралы  кітап»  деген  еңбегі  әл-Балхидің    неғұрлым  ертедегі,  бізге  дейін 
жетпеген географиялық  еңбегінің өңделегн және толықтырылған нұсқасы болып табылады. 
Кітапта Парсы теңізі, Аравия, Мағриб, Мысыр, Сирия, Румдар теңізі, Ирак, Үндістан, Иран, 
Хазар теңізі, Армения, Азербайжан, Хорасан және Мауеренахр суреттеледі. әрбір ел жөнінде 
шекаралары  ,  қалалары,  қашықтығы,  маршруттары  туралы  мәліметтер;  өнімдері,  саудасы, 
қолөнері  туралы  жекелеген  деректер  келтіреді.  Қазіргі  Қазақстан  аумағында  тұрған  түрік 
тайпалары: оғыздар, кимектер, қарлұқтар туралы маңызды да нақты материалдар кездеседі. 
Онда  «Дүние  жүзінің  картасы»  келтіріліп,  түрік  тайпаларының  шоғырланған  жерлері 
көрсетілген.  Әл  –Истахридің  еңбегін  өз  кезегінде  Х  ғ.  аяғында  Ибн  Хаукаль  редакциялап, 
толықтырда  және  оны  «Жолдар  мен  мемлекеттер  кітабы»  (Китаб  әл  –масалик  уә-л- 
мамалик)деп атады. 
     
Ибн  Хаукаль  солтүстік  Месопатамиядан  шыққан,  өз  кезінде  көп  саяхат  жасаға.  Түрік 
тайпалары  туралы  тарихи-географиялық  мәліметтері  әл-Истахридің  хабарларымен  көп 
жағдайда сәйкес  келеді.  Оның  түрік  тайпаларына берген  лингвистикалық  сипаттамасы ден 
қоярлық: оның айтуынша, олардың бәрі бір тілде сөйлейді. Әл-Истахри мен Ибн Хаукальдың 
еңбегінің  маңызды  бөлігі  «Жер  келбеті»  (Сурад  әл-ард)  деген  географиялық  карта  болып 
табылады. Тексімен бірге картаны зерттеу түрік тайпаларының орналасуы туралы мәліметі 
әлдеқайда жақсы анықтауғы мүмкіндік береді. Х ғ. арабтың екі саяхатшысы Ибн Фадлан мен 
Әбу Дулаф Қазақстан жері арқылы жүріп өткен. Ибн Фадлан «Жазба» (Рисала) деген елеулі 
еңбек жазған, онда хазарларға қарсы араб- бұлғар одағын орнату   және бұлғарлар арсында 
ислам негіздерін орнықтыру мақстаында араб халифатының астанасынан Еділ бұлғарларына 
бірнеше  адам  болып  барған  делегацияның  сапары  суреттелген.  Елшілік  Бағдаттан  921  ж. 
маусым  айында  шығып,  бұлғарларға  922  ж.  мамырында  жеткен.  Жолды  Хамадан,  Рей, 
Нишапур, Мерв, Бұхара, содан соң Хорезм, Үстірт және Жайық арқылы Еділ бойына қарай 
жүріп  өткен.  Қайтар  жолдағы  мерзімдері  мен  карталар  белгісіз.  Онда  орыстардың, 
хазарлардың  әлеуметтік  және  рухани  тарихы  жөнінде  маңызды  мәліметтер  келтіреді. 
Этнографиялық  сипаттағы  мәліметтре  толып  жатқан  көшпелі  түрік  тайпаларына: 
печенегтерге,  башқұрттарға  және  әсіресе  қазіргі  Қазақстанның  батыс  облыстарында 
мекендеген оғыздарға қатысты. 
     
Әбу Дулаф Самани билеушісі ІІ Насырдың сарай қызметшісі болған. 942 ж. Әбу Дулаф 
Қытай мен Үндістанға сапар жасап, өз замандастары арасында саяхатшы атанған. Әбу Дулаф 
саяхаттаыр  туралы  өз  естеліктерін  екі  «Жазбада»  баяндаған,  оларда  кимектердің, 

оғыздардың, қарлұқтардың, жікілдердің шаруашылығы, діні мен тұрмысы туралы мәліметтер 
айтылады. Көзімен көргендері туралы хабарларға қосылған есіткендері аз емес. 
     
Бағдатта  туған  араб  таихшысы  әрі  географ  әл-Масудидің  (Хғ.)  шығармалары  бағалы 
тарихи  деректеме  болып  табылады.  Оның  білімінің  негізгі  көзі  Үндістаннан  Атлант 
мұхитына,  Қызыл  теңізден  Каспий  теңізіңе  дейінгі  елдерді  қамтыған  саяхаттар  мен 
халықтың  мейлінше  алуан  түрлі  топтарының  өкілдерінмен  нақты  қарым-қатынас  жасау 
болды.  «Уақыт  тарихы»  (Ахбар  әз-заман)  деген  30  томдық  тарихи-географиялық 
энциклопедиядан бізге жетккені-  «Алтын жуғыштар мен асыл тастар кешені» (Мурудж әз-
захаб уә маадин әл-джавахир, 943 ж.) мен «Тәлімгерлік және қайта қарау кітабы» (Китаб ат-
танбих уә-л- ишраф, 956 ж.) Әл Масудидің еңбектерінде үрік тайпалары (кимектер, оғыздар, 
қарлұқтар,  барысхандар,  тоғыз-ғұздар,  хазарлар)  туралы  тарихи-географиялық  мәліметтер 
мен алдыңғы ортағасырлық Қазақстанның тарихи географиясы жөнінде деректер келтіреді. 
ІХ  ғ.  ІІ  жартысында  Батыс  Қазақстанда  болған  тарихи  оқиғалардың  қысқаша  баяндалуы 
елеулі ынта –ықылас туғызады. 
      
Әл-  Максидидің  (Хғ.)  шығармаларында  өз  көзімен  көргендерге  негізделген  тарихи-
географиялық  деректер  бұдан  да  маңызды  орын  алады.  Араб  геолграфы  әрі  саяхатшы, 
Иерусалимде  туған  ол  Шығыстың  барлық  мұсылман  елдерін  аралап  шықты  деуге  болады. 
Оның шамамен 985 ж. жазылған «Климаттарды тануға араналған ең жақсы бөлініс» (асхан 
ат-  такасим  фи  марифат  әл-  акалим)  деген  шығармасында  елдер  мен  аймақтардың  араб 
әдебиетіндегі толық және жүйелі суреттемесі беріледі, соның ішінде Орта Азия мен Оңтүстік 
Қазақстан  халықтарының  тайпалық  құрамы,  қалалары  мен  қоныстары,  сауда  жолдары 
жасайтын заттары, шаруашылығ мен діни көзқарастары, тілі мен ғұрыптары туралы маңызды 
мәліметтер бар.  
       
Испан  –араб  географы  Исхак  ибн  әл-Хусейннің  (ХІ  ғ.)  Андалусияда  жазылған  «Кез-
келген  жердегі  атақты  қалалар  суреттелетін  інжулер  үйінділері»  деген  шығармасында 
Қазақстанның  түркі  тілдес  тайпалары  суреттеледі.  Оның  түрікер  туралы  тарауда  келтірген 
мәліметтеріне  Гардизидің  (ХІ  ғ.)  әл-Бирунидің  (ХІғ.)  және  әл-Марвазидің  (ХІІ  ғ.) 
ақпараттарында ұқсас сиаттар аңғарылады.  
   
Кітапта  түркі  халықтары  туралы  этнографиялық  және  тарихи  –  географиялық  сиаттағы 
деректер  бар.  әл-Марвивзвдің  (ХІІ  ғ.)  «Жануарлардың  табиғи  қасиеттері  »  (Табаи  әл-
Хайауан)  деген  шығармасын  Қазақстанның  орта  ғасырлардағы  тарихының  құнды 
деректемесі  деп  атаған  жөн.  Оның  туындыларында  түркі  халықтары  туралы  бірегей 
этнографиялық мәліметтер бар. ХІ ғ. б. кимек, оғыз, қыпшақ тайпаларының қоныстануына 
елеулі  ықпал  жасаған  халықтардың  қоныс  аударуы  хабары  ерекше  құнды.  ХІІ  ғ.  орт. 
Арабтың  географ  –  ғалымы  әл-Идриси  арабтардың  рта  ғасырлары    жөнінде  «Аймақтың 
аралап қажыған адамның көңіл көтеруі»  деген аса ірі географиялық шығарма жазды. Онда 
қазіргі Қазақстан аумағында тұрған түрік тайпалары: оғыздар, кимектер, қарлұқтар туралы 
маңызды  да  нақты  материалдар  кездеседі.  Қалалары  туралы  мәліметтер  саудасы,  қолөнері 
туралы жекелеген деректер келтіреді. 
      
Әл Идрисидің бізге келіп жетпеген жазбаша деректерге негізделген мәлімететрі көбінесе 
бірегей  сипатта  болып  келеді.  Мәселен,  кимектер  елін  суреттеген  кезде  ол  Қазақстан 
далаларында туған кимек ханзадасы Жанақ ибн Хакан әл-Кимеки (Х-ХІ ғ.) жазған кітапты 
пайдаланған. 
 
Әдебиет: 
1. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 1-том. А., 1996. 
2. Тарих – адамзат ақыл-ойының қазынасы: Он томдық. – Астана: «Фолиант».     
    
2005. Т.3: Ортағасырлық тарихи ой. – 2005. – 510 б. 
3. История Казахстана в арабских источниках. А., 2006. 
4. Кумеков Б.Е. Государство кимаков ІХ-ХІ вв. по арабским источникам. А.,   
    1972.  
Апта №7 
1 кредит сағат  

Дәріс №13 
Тақырыбы: ХІІІ-ХVІІ ғасырлардағы Қазақстан тарихының деректері. 
Дәріс мазмұны: 
1.
 
Монғол деректері. 
2.
 
Араб деректері. 
3.
 
Парсы деректері. 
       
ХІІІ  ғ.  бастап  ортағасырлық  араб  тілдес  авторлар  көбіне  құрастырушыға  айналып,  өз 
заманындағы  жағдайды  сирек  суреттейді  және  өздерінің  алдындағы  географтар  мен 
тарихшылардан  дәйексөздер  келтіруді  жөн  көреді,  оның  есесіне  бізге  келіп  жетпеген 
бірқатар деректемелердің құнды мәлімететрісақтап қалған. Араб географы Ибн Саид (ХІІІ ғ.) 
әл  Идрисидің  тікелей  ізбасары  болып  табылады.  Оның  «Жеті  климат  туралы»  шығармасы 
бұрынғы  деректемелерге  едәуір  тәуелді  екеніне  қарамастан,  Қазақстанның  Еділ  бойы  мен 
Орта Азияның ХІІІ ғ.орта шеніне дейінгі тарихи географиясын зерттеу үшін өз бетінше ынта 

ықылас  аударады.  Қыпшақтар  мен  куманлар  туралы,  олардың  қоныстануы,  қалалық 
қоныстары мен діні туралы қызықты мәліметтер жеткілікті. Тарихшы және географ Закария 
әл- Казвинидің (ХІІІ ғ.) туындылары да деректемелердің осы тобына жатады. Автордың есімі 
«Жан-жануарлардың  кереметтері»  және  «Қалалар  ескерткіштері»  деген  екі  тарихи  – 
географиялық  еңбектерімен  әйгілі  болды.  Мұнда  ІХ-Х  ғ.  қазіргі  Қазақстан  аумағында 
мекендеген  түркі  тілдес  тайпалар:  оғыздар,  қарлұқтар,  жікілдер,  кимектер  туралы  тарихи 
этнографиялық  маңызды  деректер  де  ккелтірілген.  Суфизмді  ұнатқан  және  тегінде  соны 
ұнатудың  салдарынан  болар,  өмірінің  ақырында  Палестинаға  кетіп  қалған  сириялық  әд-
Димашки «Құрғақтағы және теңіздегі уақыт пен ғажайыптардың таңдаулылары» (нухбат әд- 
дахр  фи  аджаиб  әл-барр  уә-л-  бахр)  деген  ғарышнамалық  үлкен  еңбек  жазған.  Оның 
шағармасы араб авторларының едәуір дәрежеде ІХ-ХІ ғ. дәстүрлі бағыттағы шығармаларына 
негізделген. Сонымен бірге онда түркі халықтары және олардың орналасуы, қыпшақтардың 
тайпалық  құрамы  туралы  бұрын  белгісіз  деректер  келтіріліп,  кумандар  қыпшақтардың 
этникалық компоненттерінің бірі деп көрсетілген.  
     
ХІІІ  ғ.  Сирия  ғалымы  Якут  «Елдер  тізбесі»  (Муджан  әл-бұлдан)  деген  географиялық 
әмбебап  түсіндірме  сөздік  жасады.  Онда  мұсылмандар  тобының  да,  оның  шегінен  алыс 
жатқан  жерлердің  де  халықтарының  географиясы,  тарихы,  лингвистикасы,  фольклоры, 
материалдық және рухани мәдениеті жөніндегі автор білетін мәліметтердің бәрі қамтылды. 
Якуттың  орта  ғасырлардағы  Қазақстан  мен  оғаншектес  жерлердің  ХІІІ  ғ.  басына  дейінгі 
көшпелі  түрік  тайпалары  туралы  деректері  едәуір  толық  әрі  маңызды.  Сөздікте  сондай-ақ 
моңғол шапқыншылығы, моңғол әскерлерінің қыпшақтар, аландар, бұлғарлар және Саксин 
аймағы арқылы жүріп өтуі келтірілген. Месопатамияда туған көрнекті араб тарихшысы Ибн 
әл-Асир  (ХІІ  ғ.)  Якуттың  замандасы  әрі  жақын  танысы  болған.  Ол  бірқатар  тарихи-
библиогеографиялық еңбектер, соның ішінде «Тарихтың толық суреттемесі» (Әл-камил фи- 
т-тарих)  деген  іргелі  тарихи  хроника  жазған,  онда  моңғол  шапқыншылығы  қоса  алғанға 
дейінгі  мұсылман  дүниесінің  тарихы  баяндалған.  Ғалым  орасан  зор  нақтылы  материал 
жинаған,  бірқатар  жағдайларда  ол  бізге  келіп  жетпеген  жазбаша  деректемелерді 
пайдаланған.  Мұсылман  әулеттері  мен  оларға  шектес  мемлекеттердің  саяси тарихы  егжей-
тегжейлі  суреттеледі.  Ертедегі  түріктер,  қарлұқтар,  оғыздар,  қыпшақтар  жөніндегі  саяси-
этникалық, этнографиялық және мәдени сипаттағы деректердің Қазақстан тарихы үшін зор 
маңызы  бар.  Ол  заманындағы  оқиғалар  ретінде  моңғол  шапқыншылығының  жойқын 
зардаптарын суреттеген. Саяси оқиғаларды баяндауын ол 1232 жылға дейін жеткізеді. 
    
Хорезмнен  шыққан  араб  тілді  тарихшы,  ең  соңғы  хорезмшах  Жалал  ад-диннің 
сарайындағы хатшысы және өмірбаяншысы ән-Насави Ибн әл-Асирдің замандасы болатын. 
Оның  моңғол  шапқыншылығының  қарсаңындағы  және  сол  кездегі  хорезмшахтар 
мемлекетіндегі  оқиғалараға  арналған.  «Жалал  ад-дин  Манкубирти  сұлтанның  өмірбаяны» 
деп аталатын шығармасында сол кезеңде қыпшақтармен және түріктердің басқа да көршілес 
тайпалармен  тұрақты  қарым-қатынас  жасап  отырған  Хорезмнің  ішкі  және  сыртқы  істері 
туралы  мәліметтер  бар.  Еңбекте  Қазақстан  даласы  қыпшақтарының  Хорезммен  бейбіт 

қатынастары  мен  қарулы  қақтығысының  фактілері  көрсетілген,  сондай-ақ  қыпшақ 
қоғамының ішкі құрылымы туралы бірсыпыра деректер келтірілген. 
      
Билік  басына  мамлюктер  (қыпшақтар)  әулетінің  келуі  және  олардың  Алтын  Ордамен 
байланыстарының  жандануы  себепті  ХІУ-ХУ  ғ.  Мысырда  тарихи  әдебиеттің  едәуір 
дамығандығы  байқаладаы.  Әкімшілік  мақсаттры  үшін  іргелі  энциклопедяилар  жасалады, 
оларға  түрік  әулеттері,  халықтары  және  олардың  елдері  туралы  тарихи-  этнографиялық 
деректер  де  енгізіледі.  Мысырда  қыпшақтан  шыққан  сұлтан  Рукн-ад-дин  Бейбарыстың 
(1260-
1277)  өмірбаянына  арнап,  оның  хатшысы  Әбді  әз-заһир  жазған  тарихи  еңбек  ХІІІ  ғ 
өзінде –ақ пайдаболды. Бұл шығармада Алтын Ордамен өзара қатынастар туралы мәліметтер 
келтіреді.  Қырымнан  Ительге  (Еділге)  дейінгі  қысқаша  жолнұсқа    беріледі,  сол  кезде  –ақ 
Дешті  Қыпшақтан  шықққандар  көп  тұратын  Қырым  халқының  тайпалық  құрамы,  Алтын 
Ордадағы діни және идеологиялық жағдай туралы хабарланады. «Әдеп тәртіптері жөнінідегі 
тілектер  шегі»  деген  энциклопедиялық  жинақ  көрнекті  тарихшы  ән-Нувайридің  (ХІУ  ғ.) 
қаламынан туған. Еңбек 5 бөлімге бөлінеді, олардың соңғысы тарихқа раналған және бүкіл 
еңбектің  жартысын  алады  деуге  болады.  Тарих  бөлігі  негізінен  құрастырма,  тек  соңғы 
жылдар хроникасы ғана тұпнұсқа сипатында, баяндау 1331 ж. дейін жеткізілген. Автор түркі 
халықтары  туралы  тарихи-этнографиялық  деректер  келтіреді.  «Қыпшақтар  елін»  қысқаша 
сипаттап,  қыпшақ  рулары  арасындағы  өзарар  қырқыс  туралы  хабарлайды,  қыпшақ 
тайпаларының  құнды  тізімін  келтіреді.  Дамаскіде  туған  әл-Омари  жазған  «Қалалардың 
иеліктері  жөніндегі  шолу  жолдары»  (Масалик  әл-абсар  фи-  мамалик  әл  амсар)  деген 
энцияклопедия  да  қызықты  және  оның  деректік  маңызы  аз  емес.  Моңғол 
шапқыншылығының  Орта  Азия,  Кавказ  бен  Еділ  бойы  тағдыры  үшін  зардаптары  туралы, 
Дешті  Қыпшақты  қалалары  мен  сауда  жолдары,  қыпшақтардың  орналасуы,  олардың 
әдетғұрыптары туралы мәліметтер едәуір ынта-ықылас туғызады. Белгілі араб саяхатшысы 
Ибн Батуттаның (ХІУ ғ.) еңбегі де сол дәуірге жатады, ол 25 жыл (1325-1349) саяхат жасапғ 
150 мың шақырымнан астам жол жүріп өткен. Ол көптеген сапарлары туралы «Қалалардың 
ғажайыптары мен саяхаттары, кереметтері туралы пайымдушыларға тарту» деген кітабында 
айтып береді. Қырымнан оңтүстік орыс даласымен Еділге дейінгі маршрутты суреттеуінде 
құнды  материал  бар.  Бұл  жерлер  Алтын  Орданың  қарамағында  болған  еді.  Ғалым 
Астраханна Константинопольге барған, сонан соң Алтын Ордаға қайтып келіп, хан ордасы 
Сарайда болған, Еділден жүзіп өтіп, Үстіріт, Хорезм, Бұхара мен Ауғанстан  арқылы жүріп 
өткен. 
Әдебиет: 
1. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 1-том. А., 1996. 
2. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 2-том. А., 1998. 
3. Тарих – адамзат ақыл-ойының қазынасы: Он томдық. – Астана: «Фолиант».   
    
2005. Т.3: Ортағасырлық тарихи ой. – 2005. – 510 б. 
4. Қазақстан тарихы туралы монғол деректемелері. І том. Моңғолдың құпия  
    
шежіресі. – Алматы: Дайк-Пресс, 2006. – 400 б. 
5. Қазақстан тарихы туралы монғол деректемелері. ІІ том. Лұбсанданзан.  
    
Ежелгі хандар негізін салған төрелік жосығының туындыларын құрастырып,  
    
түйіндеген Алтын тобчы (Алтын түйін) демек-дүр. – Алматы: Дайк-Пресс,  
    2005. – 
364 б. 
6. Қазақстан тарихы туралы монғол дерктемелері. ІІІ том. Деректемелер мен  
      
мұрағаттық құжаттар. – Алматы: Дайк-Пресс, 2006. – 180 б. 
7. История Казахстана в персидких источниках. Том V. Извлечения из  
      
сочинений ХІІІ-ХІХ веков. – Алматы: Дайк-Пресс, 2007. – 476 с. 
8. Материалы по истории Казахских ханств XV – XVІІІ веков (Извлечения из 
      
персидских и тюркских сочинений). – Алматы: «Наука», 1969. -652 с. 
2 кредиттік сағат  
Дәріс №14    
Тақырыбы: ХІІІ-ХVІІ ғасырлардағы Қазақстан тарихының деректері. 

Дәріс мазмұны: 
1.
 
Европа тіліндегі деректер. 
2.
 
Түркі және қазақ деректері. 
3.
 
Орыс деректері. 
    
Жалпы  дәстүр  мен  мәдениет  негізінде  парсы  тілді  шығармалармен  біріктірілген  және 
негізінен  Орта  Азия  мен  Шығыс  Түркістанда  жазылған  түркі  тілді  әдебиет  ескерткіштері 
соңғы  орта  ғасырлар  дәуіріндегі  Қазақстан  тарихы  жөніндегі  нарративтік  деректемелер 
арасында  маңызды  орын  алады.  Оларда  орта  ғасырлардағы  Қазақстан  тарихының  қазақ 
халқы құрылуымен, Қазақ хандығының пайда болуымен және дамуымен, сондай-ақ ХV-ХVІІ 
ғ.  б.қазақ  қоғамы  өмірінің  көрінісін  жаңғыртып,  көрсетумен  байланысты  кезеңнің  ерекше 
маңыздылығын баяндайтын едәуір мәліметтер бар.  
     
Жалпы  тарих  бойынша  «Зубдат  әл-  асар»  («Маңызды  жылнамалар»)  деген  шығарманы 
басқа бір деректемелер бойынша Абдаллах Балхи (ХVғ. аяғы- ХVІ ғ. басы) ретінде белгілі 
Абдаллах бен Мұхаммед Шайбани біржола жаулап алғанға дейін Темір ұрпақтарына қызмет 
еткен.  Құрастырма  хорника  болып  табылатын  шығармада  мұсылман  әулеттерінің  тарихы 
баяндалады.  Оқиғаларды  суреттеу  1525  жылға  дейін  жеткізіледі.  Еңбектің  ХІV  ғ.алғашқы 
ширегі үшін ғана түпнұсқа деректеме ретінде маңызы бар. Мұнда қазақтардың саяси тарихы 
мен олардың билеушілері жөнінде нақты материал бар. Мұхаммед Шайбани ханның 1510 ж. 
өзбектердің жеңілісімен аяқталған қазақстарға жорығы туралы айтылады.басқа деректермен 
қатар,  Қасым  ханның  Түркістан  мен  Ташкентке  жорығына  байланысты  мәліметтер  де 
келтіреді.  
     
Тарихшы,  ақын,  билеуші  –  Үндістанда  Ұлы  Моғолдар  империясының  негізін  салушы 
Бабырдың  (1483-1530)  тарихнамада  «Бабар-наме»  («Бабыр  жазулары»)  деген  атпен  белгілі 
болған еңбегі ора ғасырлардың тамаша тарихи-әдеби ескерткіштерінің бірі болып саналады.  
    
Бабыр  сол  дәуірдегі  көптеген  оқиғалардың  куәгері  ғана  емес,  тікелей  қатысушысы  да 
болды.  «Жазбалар»  Орта  Азия,  Ауғанстан  және  Үндістан  тарихы  жөніндегі  өте  құнды 
деректеме болып табылады. Бұл кітапта сол замандағы ғұрыптың мейлінше толық көрінісі 
берілген.  
     
Қазақстан  тарихы  үшін  Бабырдың  Жетісі  моңғолдары,  Шығыс  Дешті  Қыпшақтағы 
Әбілқайыр мемлекеті туралы, Мұхаммед Шайбанидің саяси іс-қимылдарына қатысу туралы, 
қазақтану  институты,Оңтүстік  Қазақстан  мен  Жетісудың  тарихи  географиясы,  өзбектер 
сияқты, қазақтардың, қырғыздардың және Орта Азиядағы басқа да түркі тілдес халықтардың 
этникалық тарихы туралы мәліметтреі ерекше маңызды.  
     
ХVІ  ғ.  «Шыңғыс-  наме»  деген  құнды  тарихи  шығарма  туды.  Оның  авторы-Елбарыс 
ханның (1512-1525) қызметінде болған ықпалды отбасынан шыққан Хиуа тарихшысы Өтеміс 
Қажы ибн Маулана Мұхаммед Дост. 
      
«Шыңғыс-наме» мәліметтерінің орта ғасырларағы Қазақстан халқының саяси, этникалық, 
шаруашылық,  әлеуметтік-мәдени  өмірінің  проблемаларын  шешу  үшін  зор  маңызы  бар. 
Өтеміс  қажының  туындысы  Шыңғыс  хан  мен  оның  ұрпақтары  билік  еткен  уақытты  және 
онда  Алтын  Орданың  хандары  туралы  мәліметтер  бар.  ХІV  ғ.  Қазақстанды  зерделеу  үшін 
ғылыми ынта-ықылас туғызатыны күмәнсіз.   
      
Қашқариядағы  белгілі  суфылық  қайраткер  Қожа  Мұхаммед Шарифке  арналған,  авторы 
беймәлім  агиографиялық  шығарма  «Тазкира-  йи  Ходжа  Мухаммад  Шариф»  (Қожа 
Мұхаммед Шарифтің ғұмырнамасы) ХVІ ғ. ІІ жартысына жатады.оның бірінші бөлігі аңызға 
құрылған  және  суфылық  ізгілік  рухына  толы,  нақтылы  тарихи  мағлұмататршығарманың 
екінші бөлігінде айтылады, онда, атап айтқанда, Шағатай ұрпағы Абд ар-Рашид ханның ұлы 
Абд  әл-Латифтің  қырғыздарға  шапқыншылығы  туралы  және  кейіннен  оның  өлуі  туралы 
мағлұмат  бар.  Осы  оқиғаға  қатысты  мәлімететр  айтылған  басқа  шығармалардан  Абд  әл-
Латифтің  қазақ  хандарының  басшылығымен  ататнған  қазақтар  мен  қырғыздардан  қаза 
тапқаны мәлім. 
     
Шайбани  ханның  ресми  тарихының  авторы  ақын  әрі  ғалым  Мұхаммед  Салих  болып 
табылады.  Оның  «Шайбани  -  наме»  ретінде  белгілі  шығармасында  Шайбани  ханның 

туғанынан  бастап,  оның  көшпелі  өзбектермен  бірге  Мауеренахр  мен  Хорезмді  жаулап 
алуына  (1500-1059  жж.)  дейін  Қазақастан  (Шығыс  Дешті  Қыпшақ)  мен  Мәуеренахр  
аумағында болған саяси оқиғалар, атап айтқанда, Шайбани ханның Керей және Жәнібекпен, 
Бұрындық ханмен және Қасыммен өзара қатынастары, Сыр бойының қалалары үшін күресі 
баяндалады.  
      
«Таврих-и  гузида-йи  нусрат  наме»  («Жеңістер  кітабының  таңдамалы  тарихы»)  деген 
тарихи  еңбектің  авторы  қазіргі  шығыстанушы  –медиевистердің  есептеуінше,  Шайбани 
ханның өзі болуы мүмкін.  
      
Қазақтың  жалайыр  тайпасының  өкілі  Қадырәли  бек  (Қадырғали,  1530-1630  жж.)  бізге 
дейін  жеткен,  шартты  түрде  «Жамиғ-ат  Таварих»  («Жылнамалар  жинағы»)  деген  тұңғыш 
траихи  еңбекті  жазды.  Бұл  шығарма  ауызша  тарихиаңыздар  мен  Рашид  ад-Диннің  тарихи 
жинағы  (ХІV  ғ)  негізінде  жазылған.  Кітаптың  қазақ  хандары  тарихын  көп  жағынан 
айқындайтын  екінші  бөлігінің  дербес  және  өте  құнды  маңызы  бар.  ХV  –ХVІ  ғғ.  Қазақ 
хандығы  туралы  деректер  едәуір  ынта-ықылас  туғызады,  олар  қазақ  қоғамында  ауызша 
тарихнамалық  дәстүр,  генеалогияларға  және  саяси  тарих  мәселелеріне  нақты  мүдделік  бар 
екенін көрсететін сенімді жергілікті деректемелерге негізделген. 
      
Екінші  тарихи  шығарма:  «Шаджара-йи  тюрк»  («Түріктердің  генеалогиясы»)  пен 
«Шаджара-  йи  тракима»  («Түрікмен  шежіресі»)  белгілі  хан  Әбілғазының  (1603-1604  жж.) 
қаламынан шыққан. ынта-ықылас туғызады. 
«Түріктердің  генеалогиясы»  Орталық  Азия  аймағының  көптеген  өңірлерінің  саяси, 
әлеуметтік-экономикалық тарихы, этнографиясы мен тарихы, қазақстан мен Орта Азиядағы, 
Маңғыт Ордасындағы Шайбанилер әулеті туралы мәліметтер назар аударуға лайық. Моғол 
ұлыстарының тарихы жөнінде , Көшім хандығы, тоғыз заттан тұратын сый тарту ғұрпы және 
оның  мәні  т.т.  туралы  құнды  анықтамалық  материал  бар.  Басқа  бір  шығарма-  «Түрікмен 
шежіресі»  маңызды  тарихи  деректеме  ғана  емес,  сонымен  қатар  көпшіліг  орта  ғасырлар 
дәіріндегі түрік дүниесіне тән көптеген халық әңгімелері, аңыздары этнонимдердің халықтық 
этимологиясы,  әдет-ғұрыптар,  мақалдар  мен  мәтелдер  шеберлікпен  баяндалатын  елеулі 
әдеби ескерткіш болып табылады. 
Әдебиет: 
1. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 1-том. А., 1996. 
2. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 2-том. А., 1998. 
3. Тарих – адамзат ақыл-ойының қазынасы: Он томдық. – Астана: «Фолиант».     
    
2005.  Т.3: Ортағасырлық тарихи ой. – 2005. – 510 б. 
4. Қазақстан туралы түркі деректемелері. І том. Өтеміс қажы. Шыңғыс наме. –  
    
Алматы: Дайк-Пресс, 2005. – 400 б. 
5. 
Қазақстан туралы түркі деректемелері. V том. XV – XIX ғасырлар  
     
шығармаларынан үзінділер. – Алматы: Дайк-Пресс, 2006. – 440 б. 
6. Материалы по истории Казахских ханств XV – XVІІІ веков (Извлечения из 
      
персидских и тюркских сочинений). – Алматы: «Наука», 1969. -652 с. 
7. Захир ад-дин. Бабыр-нама. – А., Жалын, 1990. 
8. Мұхаммед Хайдар. Тарих-и Рашиди. – А., Туран, 2003. 
9. Қадырғали бек Қосымұлы Жалайыр. Жами ат-тауарих. – А., 1997. 
10. Әбілғазы Бахадүр хан. Түрік шежіресі. – А., Ана тілі, 1992. 
11. 
Өтеміс қажы. Чингиз-наме. – А., Ғылым, 1992. 


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет