Қазақстан Республикасы тарихы кафедрасы 5 В020300 – Тарих мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын студенттерге арналған



жүктеу 1.08 Mb.
Pdf просмотр
бет9/16
Дата03.03.2017
өлшемі1.08 Mb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16

Апта №8 
1 кредит сағат  
Дәріс №15   
Тақырыбы: ХVІІ-ХХ ғасырлардағы Қазақстан тарихы бойынша заң  
                      
құжаттары.   
Дәріс мазмұны: 
 
1. Заң құжаттары дерек көзі ретінде.  
 
2. Заң құжаттарының түрлері. 

     
Қазақстан тарихының жазба деректерінің үлкен бір тобын құрайтын Ресей заң актілерін 
деректанулық сынна өткізу, талдау жасау және тарихи дерек көзі ретіндегі арнайы қарастыру 
шынайы  тарихымызды  жазуға  мүмкіндік  береді.  Сондықтан  Ресей  империясының  заң 
шығару ісінің тарихына тоқталайық.  
ХУІІІ  ғ.  Ресейдің  орталық  және  жергілікті  билеуші  –басқарушы  органдарының  құрылыым 
мен  қызметінде  үлкен  өзгерістер  орын  алды.  Елде  самодержавие  түріндегі  абсолютизм 
қалыптасты.  ХУІІІ  және  ХІХ  ғ  І  ж.  Ресей  империясының  заң  шығару  ісі-  жаңка  заңдарды 
жариялауға  патша  ғана  праволы  деген  прнцип  бойынша  жүзеге  асты.  Ал  Сенат,  Синод, 
коллегияжәне  басқа  да  әкімшілік  мемкемелер  өздерінің  баяндамалары  мен  ұсыныстарын 
білдіріп отырды.  Патшаның бір өзінің қолында шоғырланған заң актілері аз  уақыт ішіінде 
өте үлкен көлемде жинақталды және оларды пайдалану қиындық туғызды. Мемлекет оларды 
жүйелеп,  жинақ  етіп  шығаруды  қажет  етті,яғни  кодификациялау  қажеттілігі  туындайды. 
Алғашқыда  жария  етілген  заң  актілері  қолжазба  немесе  тізім  түрнде  тек  клауазым  иелері 
арасында  ғана  қолдан-қолға  көшіріліп  отырды.  Кейінірек  баспаханалардаа  арнайы 
тапсырыстармен  жинақ  түрінде басылып  шықты.  Оның  өзінде  өте аз  данамен  және  көбіне 
толық  емес.  Дегенмен  мұндай  кемшіліктеріне  қарамастан,  оларға  деген  сұраныс  күшейе 
түсті.  1720ж.  29  сәуірінде  І  Петрдің  Сенатқа  арнайы  жүктеген  тапсырмасымен  алғашқы 
Заңдар  жинағы  кітап  түрінде  жарық  көрді.  Кейін,  бұдан  басқа  «Заң  журналы»,  тіпті 
жекелеген адамдардың құрастыруымен сөздік, тізім формасындағы жеке жинақтардың түр-
түрі  шыққан.Мәселен,  Чулкованың  жеке  жинағы  «Описание  Российской  коммерции», 
«Сенатские архивы»т.б. 
әрине  бұл  заңдар  жинағының  кейінгі  ұрпақ  үшін  деректік  маңызы  зор  екендігі  бәрімізге 
мәлім,  дегенмен  Патшалық  Ресей  осы  заңдар  негізінде  өздерінің  отарлық  саясатын 
заңдастыра жүргізіп отырды.  
   
Ресей  заң  актілері  жазба  деректердің  басқа  түрінен  тек  өзіне  ғана  тән  сипаттарымен 
ерекшеленеді.Сондықтан  оларда  сақталынған  мәліметтерден  объективті  мағлұматтар  алу 
мақсатында ресей заң актілерін дерек көзі ретінде арнайы қарастырған жөн. Деректанулық 
тұрғыдан зерттеуді қажет ететін жоғарда аталған Толық Заңдар Жинағын шығару үшін 1826 
жылы Санкт-Петербургте арнайы мекеме – Ұлы императордың Жеке Кеңесінің ІІ бөлімінің 
баспаханасы ұйымдастырылды. Ерекше Комиссияның бақылауында болған бұл баспахананы 
М.Сперансктий  басқарды.  Жинақ  мүмкіндігінше  толық  шығарылуы  үшін  алдын-ала 
дайындық  жұмыстарды  жүргізуді  қажет  етті.  Осы  мақсатта  заңдарды  жан-жақты  іздестіру 
жұмыстары 1830 жылдың 1 наурызына дейін үздіксіз жүргізді. Жинақты басу 1830 жылдың 1 
сәуірінд аяқталды. Бұл Заңдар жинағы үш үлкен жинақтан тұрады. Алғашқы жинақ Алексей 
патша  тұсыныан  (1649  ж.)  1825  жылдың  12  желтоқсанына  дейінгі  аралықтағы 
заңдардықамтиды. Барлығы 40 (2) том. Екінші жинақ алғашқының тікелей жалғасы болды; 
оған  1825  жылдан,  яғни  император  Николайдың  таққа  отыруын  жария  еткен  манифесттен 
1881  жылдар  аралығындағы  заң  актілері  енді;  1881  жылы  екінші  ТЗЖ  14  томға  жетіп 
аяқталды.  Осы  жылдың  1  наурызынан  үшінші  ТЗЖ  шыға  бастады.  Ол  1917  жылға  дейін 
жалғасты. Соңғы томы 1913 жылғы  
заң  актілерін  қамтыған,  18  кітаптан  тұратын  16  том  болып  басылып  шықты.  ТЗЖ-  ның 
шығып тұруы өз уақытындағы жарияланған заңдардан қалыс қалып, кейде 2-4 жыл , тіпті 5 
жылға дейін созылды. 
    
Қарастырылып  отырған  кезеңдегі  Ресей  заң  актілері  өздерінің  құрамы  жағынан  әр 
алуандылығымен  және  әр  кезеңнің  өзіне  тән  түрлеріінің  күрделілігімен  ерекшеленеді.Заң 
актілерінің  түрлері,  арақатынасы  үнемі-  билеушіден  билеушіге  өзгеріп  отырды.  Олардың 
кейбір  түріне  тоқталсақ.  Жарғы  (устав)  –  қандай  да  бір  сот  немесе  басқару  саласына 
байланысты енгізілген ережелер немесе заңдар жинағы. Мәселенғ «бөліп ал да, билей бер» 
принципі бойынша жүргізілген 1822-1824 жылдардағы Орынбор мен Сібірдегі Кіші жүз бен 
Орта  жүз  қазақьтарын  басқару  туралы  жарғы.  Жарғы  бойынша  патша  үкіметі  Қазақстанға 
тереңдей еніп, өз отарына айналдыру үшін біріккен 

Рескрипт(лат.  Rescrptum-жазбаша  жауап)    -  белгілі  бір  қызметиесіне  немесе  қоғамға, 
ұйымға  бағытталған  монарх  актісі.  Рескрипт  арқылы  қызметиесіне  арнайы  тапсырма 
беріледі, қызметіне ризашылық білдіреді немесе марапаталады.  
Ереже (положение) – мемлекет немесе қандай да бір мемекеменің құлылымы мен қызметін 
реттейтін,  белгілі  уақытқа  есептелген  ережелер  жиынтығы.  Оған  мысал  ретінде  1891 
жылығы  «Дала  ережесін»  келтіруге  болады.  Ол  4  бөлімге  біріктірілген,  168  статьядан 
тұрады.  
Ресей  заң  актілері  қазақ  халқының  өткен  өмірініңі  ең  өзекті  мәселелерінен  құнды 
мағлұматтар беретін тарихи дерек көзі болып табылады, яғни Ресей заң актілері Қазақстанды 
отарлау тарихының деркк көзі ретінде арнайы зерттелуі тиіс. 
   
Басқа  да  мемлекеттер  тарихы  сияқты,  Қазақстан  Республикасы  тарихының  да  дерек 
көздерінің  үлкен  бір  тобын  заң  актілері  құрайды.  Қазақстан  Республикасы  тарихына  да 
тікелей қатысты. Мемлекеттің құқықтық негізін қалаушы фактор ретінде заң актілері бідегі 
қазіргі қоғам тарихының маңызды дерек көзі болып табылады. Құқықтық мемлекеттің негізі 
қаланған  Қазақстанда  да  бүгінде  заң  актілерінің  мемлекеттік  және  қоғамдық  ұйымдардың 
барлық дерлік күнделікті жұмыстарын реттейтіндігі және бағыттайтындығы, азаматтар мен 
ұйымдар  арасындағы  қатынастарды  белгілі  бір  заңдық  нормаларға  түсіргендігі-  өмір 
шындығы.  
     
Заң  терминіне  «Қазақстан  Республикасының  мемлекеті  мен  құқығының  негіздері»  атты 
оқулықта: «Заң дегеніміз ең жоғарғы нормативтік күші бар акті. 
    
Заң термині әдебиетте екі мағынада қолданылады- «кең» және «тар» мағынасында. «Кең» 
тұрғысында алсақ, заңға нормативтік актілердің барлық түрлері: нақты заңдар, жарлықтар, 
қаулылар, шешімдер, бұйрықтар, нұсқаулар, ережелер, жарғылар,т.б. жатқызылады. 
Ал,  «тар»  тұрғыдан  қарйтын  болсақ,  заңға  тек  қана  «заң»  деп  аталатын  нормативтік- 
құқықтық  актілер  ғана  жатады.  Заң,  өз  мәнінде  алатын  болсақ,  нормативтік  құқықтық  
актілердің арасында ерекше орны бар, ерекше қызмет атқаратын акт болып есептеледі» деген 
анықтама берілген. 
    
Қазақстан  тарихнамасында  заң  актілері  дерек  көздері  ретінде  бұрын  арнайы 
қарастырылмағымен, одақтас республикалардың бірі ретінде Қазақстан да құрамында болған 
КСРО  тарихнамасында  бұл  мәселеге  кезінде  ерекше  көңіл  бөлген.  Заңдық  дереккөздерін 
талдау  және  оларды  жариялау  кеңес  өкіметінің  бірінші  онджылдығында  басталды.  Аса 
маңызды  мемлекеттік  актілер  –  декреттерді,  конституция,  кодекстерді  зерттеуге  ерекше 
көңіл  бөлінді.  Заңдарды  қабылдаудың  себептері  мен  жағдайы,  жобаларды  дайындау  мен 
талқылау,  авторлығын  анықтау  сияқты  мәселелер  қарастырылды.  Дегенмен,  деректерді 
зерттеуде ішкі сынға өте аз көңіл бөлінді. Ол саяси факторлармен қатар, сол кездегі зерттеу 
ісінің  деңгейінің  төмендігімен  байланысты  болды.    ХХ  ғ.20-ж.  соңына  қарай  тарих 
ғылымында  марксизм-ленинизм  идеологиясын  орнықтыру  мақсатында  жүргізілген  күрес 
нәтижесінде  ғылыми  дискуссилар  тиылды,  ғылыми  көзқарастар  мен  позициялардың 
біртектілігі белең алды, заңдық дереккөзін зерттеудің перспективалық бағыттары жабылды.  
    
Соғыстан  кейінгі  заңшығарушылықты  деректанулық  талдауда  біршама  ілгерушілікті 
байқауға  болады.  Жалпы  қарама-қайшылықты  үрдістерге  қарамастан,  бұл  саладағы  теория 
менметодика  біршама  жетілді.Сондай  –ақ,  деректерді  зерттеуде  кеңестік  заң  актілері  аса 
маңызды  және  қолдау  көрсетіліп  отырған  дерек  көздеріне  жататындығына  қарамастан, 
зерттеушілер заң актілерінің бір бөлігіне немесе жеке бір заңдарға ерекше назар аударды да, 
бір  бөлігі  немесе  жеке  кезеңдер  назардан  тыс  қала  бастады.  Кеңес  қоғамы  тарихының 
деректануы  туралы  әдебиет  көрсеткішінде  кеңес  өкіметінің  алғашқы  екі  жылында 
қабылданған заңдарға арналған әдебиеттер саны 100-ге жуық болса, басқа уақыттарда (1919-
1988  жж.)  қабылданған  барлық  заңдарға  арналған  әдебиеттердің  саны  33-ке  зорға  жеткен. 
әдебиеттердің көбі, негізінен лениндік декретерді және конституцияны зерттеуге арналған.  
    
Кеңестік тарихнаманың тағы бір ерекшелігі заң актілерні зерттеуге таптық тұрғыдан келу. 
Юриспруденцияда  «Кеңестік  социалистік  құқық-  жаңа,  құқықтың  жоғарғы  типі, 
қанаушылықтан  түбірімен  айырмашылығы  бар»    деген  қағида  бұлжымас  шындық  ретінде 

қабылданды. Қарапайым халық өздеріне белгісіз нормалардың кепілдеріне айналды. Өйткені 
көптеген заңдар мен құқық қолдану актілері жасырын түрде қабылданды. Сондықтан тарих 
ғылымы құқықтықкеңістіктің бұл бөлігіне кіре алмады.  
Әдебиет: 
1. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 3-том. А., 2002. 
2. Материалы по истории политического строя Казахстана. Т.І. А., 1961.  
3. Валиханов Ч.Ч. Записка о судебной реформе / Полн. Собр. Соч. В пяти  
    
томах, т. 4. А., 1985. 
4. Абдрахманова Б. История Казахстана: власть, система управления,  
    
территориальное устройство в ХІХ веке. Астана, 1998. 
5. Төлемісов А. Заң актілерінің дерек көзі ретінде ерекшеліктері // Қазақ     
    
тарихы, 2007, №4, -30-33 б. 
6. Кенжебаева И.К. Патшалық Ресейдің заң актілері Қазақстанды отарлау   
    
тарихының дерек көзі // ҚазҰУ хабаршысы, №4 (27), 2002, -94-96 б.  
7. Толамисов А. Қазақстан тарихының дерек көздері ретінде заң актілерін  
    
кезеңдеу проблемасы // ҚазҰУ хабаршысы, №3 (46), 2007, - 22-26 б. 
 
2 кредит сағат  
Дәріс №16 
Тақырыбы: ХVІІ-ХХ ғасырлардағы Қазақстан тарихы бойынша заң  
                      
құжаттары.   
Дәріс мазмұны: 
 
1.
 
Заңдарды деректанулық талдаудан өткізу мәселесі. 
2.
 
Ресей заңдық құрылымдарының ерекшелігі.  
      
Ресей  деректанушылары  заң  актілерін  тарихи  дерек  көзінің  ерекше  түрі  ретінде 
қарастырады.  Себебі  олар  өздерінің  мазмұныын,  маңызын,  ерекшеліктерін  мүмкіндігінше 
кеңірек  ашу  мақсатында  арнайы  таңдау  тәсілдерін  қолдануды  талап  етеді.  Заң  актілерін 
зерттеу  принциптерінің  барлық  заңнамалық  дерек  көздеріне  ортақ  болуына  қарамастан, 
олармен  жұмыс  істеу  тәсілдері  бірдей  емес.  Ол  заңдық  құжаттардың  типіне,  түрлеріне, 
жасалу  мақсатына,  уақытына,  т.б.  факторларға  байланысты.  Айталық,  Конституция  және 
конституциялық  актілер  еңбек  және  басқа  да  заң  актілерінен  басқаша  талданады.Заң 
актілерінің  маңызы  мен  пайда  болу  ерекшеліктері  оларды  деректанулық  талдау 
ерекшеліктерін тудырады.  
    
Тарихи дерек көздері ретінде заң актілері не дерктанулық талдау жасау бірнеше қырына 
жүргізілуі мүмкін. Дегенмен барлық жағдайда да төмендегідей арнайы міндеттер қойылуы 
тиіс:акті  мәнінің  тарихын  зерттеу;оны  жасаудағы  нақты  субъектің  рөлін  анықтау; 
заңшығарушылық  жүйесіндегі  нақты  заң  актісінің  орныны  талдау;  заңдық  норманың 
сипатын,  үстем  құқықтық  түсінікті  анықтау;  заң  катісін  онда  әр  алуан  әлеуметтік-  тарихи 
шындықтың бейнелену объектісі ретінде зерттеу. 
    
Орыс  деректанушыларының  айтуынша,  дерек  көздерінің  басқа  түрлеріне  қарағанда,  заң 
актілерімен  жұмыс  істеудің  жалпы  әдістемесін  анықтау  біршама  жеңіл.  Ол  заң  актілерінің 
құжат  ретіндегі  құрамының  белгілі  бір  дәрежеде  ұзақ  уақыт  тұрақты  болуымен,  оны 
ойластырулудан  бастап,  заң  ретінде  қабылданып,  жариялануына  дейін  белгілі  бір 
иерарахиялық  жүйеден  өту  қажеттігімен  айқындалады.  Олар  заң  актілерінің  құрылымын 
шартты түрде былай көрсетеді: 
1.
 
Заң актісінің аты (егер оған енгізлген өзгерістер мен толықтырулар болса, олардың 
да көрсетілуі мүмкін) 
2.
 
Кім және қашан қабылдады? 
3.
 
Мәтіні: 
3.1 преамбуласы, 
3.2 нормативтік баптар
3.3 қосымшалары.  

4. Жоғарғы биліктің бекіткен қолы. 
Заң актілерінің құрамы ұзақ жылдар бойы осылай немесе осыған ұқсас болып келді.  
Жалпы алғанда зерттеу барысын былай көрсетуге болады: 
І. Заң актілерін жасау процестерін реконструкциялау. 
ІІ. Заң актілерінің нормаларының мазмұнын талдау және талқылау. 
    
Құқық  көздерінің  пайда  болу  себебін  анықтау  заңшығарушылық  бастаманы 
анықтаудан  басталады.  Талдаудың  міндетті  түрде  шарты  құжат  тың  пайда  болуының 
себебін  анықтау,  заңның  пайда  болуына  әсер  еткен  нақты  тарихи  ахуалды  зерттеу. 
Мемлекеттің  дамуының  әртүрлі  кезеңдерінде  заңшығарушылық  бастамашылдық  та 
әртүрлі болады.  
     
Заң  шығарушы  бастамасы  ісімен  шұғылданушы  субъект  заң  шығарушы  органға 
өзінің  ұсынысы  немесе  дайын  заң  жобасымен  барғанда,  құзіретті  орган  оны  қарауға, 
талқылауға және қортындысын реми түрде беруге заңмен міндеттелген. 
     
Келесі  маңызды  кезең  заң  жобаларының  пайда  болуын  сынаумен  байланысты.  Заң 
актілеріне  деерктанулық  талдау  жасауда  жобаларды  мәтіндік  талдау  ерекше  орын 
алады.  
Заңдық дерек көздерімен жұмыс істеудегі келесі маңызды кезеңдерінің бірі – зерттеудің 
деректанулық  базасының  құрылымын  анықтау.  Орыс  деректанушыларының  ойынша 
олар төмендегідей құжаттар тобынан тұрады: 
1.
 
заңшығарушылық бастамашылдық құжаттары. 
2.
 
жобаның барлық редакциялары. 
3.
 
Партия  және  мемлекет  басшыларының,  мүдделі  ведомстволар  мен 
мекемелердің сын-ескертпелері көрсетілген жобалардың мәтіндері. 
4.
 
Мәтіннің соңғы нұсқасы. 
5.
 
Талқылау материалдары. 
6.
 
Талқылау және өңдеу барысында енгізілген өзгерістер. 
7.
 
заң жобасының өту барысы туралы ақпараттар. 
8.
 
хат алмасулар. 
9.
 
заң  жобасының  өтуінің  барлық  сатысына  қатысты  кейде  аса  маңызды 
мәліметтер беретін, кейбір сәттерін анықтауға көмектесетін естеліктер. 
10.
 
заң жобасының негізін құрайты заңдық және құқықтық құжаттар. 
11.
 
заңды жариялау. 
    
Деректанулық  талдаудың  барлық  кезеңдеріеде  көрсетілген  құжаттар  тобының 
қайсысы  болса  да  деректанулық  сынның  барлық  кешенді  тәсілдерін  қолдануды 
қажет етеді.  
    
Сонымен заң актілерінің тарихи дерек көздері ретіндегі ерекшеліктерін анықтау, 
оларға  деректанулық  талдау  жасаудың  теориялық-  әдістемелік  негіздері  мен 
жолдарын айқындау Қазақстан тарихының да деректік негіздерінің бірін құрайтын 
заң  актілерінен    шынайылық  деңгейі  жоғары  мәліметтер  ала  білуге  көмектесері 
анық. 
Әдебиет: 
1. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 3-том. А., 2002. 
2. Материалы по истории политического строя Казахстана. Т.І. А., 1961.  
3. Валиханов Ч.Ч. Записка о судебной реформе / Полн. Собр. Соч. В пяти  
    
томах, т. 4. А., 1985. 
4. Абдрахманова Б. История Казахстана: власть, система управления,  
    
территориальное устройство в ХІХ веке. Астана, 1998. 
5. Төлемісов А. Заң актілерінің дерек көзі ретінде ерекшеліктері // Қазақ     
    
тарихы, 2007, №4, -30-33 б. 
6. Кенжебаева И.К. Патшалық Ресейдің заң актілері Қазақстанды отарлау   
    
тарихының дерек көзі // ҚазҰУ хабаршысы, №4 (27), 2002, -94-96 б.  
7. Толамисов А. Қазақстан тарихының дерек көздері ретінде заң актілерін  

    
кезеңдеу проблемасы // ҚазҰУ хабаршысы, №3 (46), 2007, - 22-26 б. 
 
Апта №9 
1 кредит сағат  
Дәріс №17 
Тақырыбы: Қазақстан тарихына байланысты статистикалық деректер. 
Дәріс мазмұны: 
 
1. Статистиканың ғылымға дейінгі кезеңі. 
 
2. Статистиканы сипаттау. 
Мемлекет  алға  қарай  дамыған  сайын  статистика  ғылымын  терең  оқып-үйрену 
маңызды.  Статистика-  әрбір  қоғамның  саяси,  экономикалық  және  әлеуметтік  дамуының 
айнасы,  статистикалық  деректер  арқылы  бүкіл  мемлекеттің  дамуын,  құлдырау  кезеңдерін 
және  олардың  нақты  себептерін  айқын  көруге  болады.  Тарих  ғылымында  факті  ретінде, 
салыстырмалы түрде статистикалық деректерді пайдалану әдістеріне тоқталайық.  
«Статистика»  ұғымы  XYIII  ғ.  екінші  жартысында  пайда  болды,  алғаш  рет  Германия 
университетінде пән ретінде қолданылды. Ол кезде статистика- мемлекеттің жетістіктері мен 
ерекшеліктерін  көрсететін  таным  ретінде  бағаланған  еді.  «Статистика»  латынша    «status» 
деген  сөзінен  шыққан,  белгілі  бір  заттардың  жағдайы,  күйі  дегенді  білдіреді.    Статистика 
қоғамдағы құбылыстарды нақты бір уақытқа және кеңістікке қарай сандық жағын зерттейтін 
ғылым саласы. Оның басты мақсаты - сол құбылыс туралы сандық мәліметтерді шығарып, 
қоғамның осы тұрғыдағы қажеттілігін қамтамасыз ету болып табылады. Демек, статистика 
сапа  мен  санды  қатар  қолданады,  барлық  салаға  есеп  жүргізіп,  оның  көрсеткіші  бойынша 
алдағы  міндеттерін  айқындайды.  Жалпы  «статистика»  деректану  ғылымында  үш  түрлі 
мағынада  кездеседі:  1.Статистикалық  ақпарат-өңдеуге  ұшыраған  кез-келген  қайталанатын 
мәлімет;  2.Түрлі  ғылымда,  сандық  зерттеулерде  қолданылатын  математикалық  әдістің 
ғылыми түрі; 3. Тарихи деректің бір түрі. Ең алғаш Грецияда қалалардың жағдайы жөнінде 
статистикалық баяндау болды. Ресейде 1860 жылдан бастап Орталық статистикалық комитет 
құрылады.  Қазақстанда  тұңғыш  рет  Ақмола  қаласында  статистикалық  комитеті  1877  ж. 
құрылады.  Статистикалық  деректерге  мұрағаттық  деректер  мен  жарияланған  материалдар 
жатқызылады.  Оларға  тек  өңделмеген  материалдармен  қатар,  статистикалық  зерттеулерге 
байланысты  нұсқаулар  (инструкция)  ағымдағы  тіркеуге  байланысты  құжаттар  (тіркеу 
карточкалары, бланкілер, анкета, формуляр, ведомсттер, бухгалтерлік есептер, сметалар т.б. 
жатқызылады.  
Статистикалық  зерттеулер  алдын-ала  жоспарланып,  арнайы  нұсқауы  мен 
бағдарламасы  қабылданды.  Байқау  бағдарламасының  өзіндік  негізгі  нысаны  және  өзіндік 
емес нысаны болады. Олардың өзі тану белгісі мен бақылау нышаны болып екіге бөлінеді. 
Пайда  болған  статистикалық  деректердің  мазмұны,  мақсаты,  міндеті  әртүрлі  болады. 
Статистиканың  әдістері  дегеніміз-  әлеуметтік-қоғамдық  құбылыстардың  сандық  жағы 
туралы қорытылған, қойылған мақсатқа сай сандық көрсеткіштерді алу үшін, міндетті түрде 
жүргізілген  осы  саладағы  ерекше  қызмет  жүйесі.  Ол  үш  түрлі  кезеңнен  тұрады:  жаппай 
бақылау,  мәліметтерді  жинақтау  және  топтастыру,  топтастырылған  немесе  өңделген 
мәліметтердің  көрсеткіштеріне  талдау  жасау.  Экспедициялық  бағдарламаларда  
статистикалық  формуляр  деп  аталатын  құжаттарға  сұрақтар  көшіріледі.  Формулярдың  өзі 
карточка,  анкета,  есеп  беру  т.б.  түрлі  болады.  Статистикалық  деректерді  математикалық 
әдістер  арқылы  тарих  ғылымында  тиімді  және  дұрыс  пайдаланудың  әдістерін  Д.Иванцов, 
К.Ковальченко, Т.Волкова, С.Жакишева, Г.Ерменбетова ұсынды.  
Әдебиет: 
1. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 3-том. А., 2002. 
2. Антонов С.И. Статистические источники по истории СССР периода      
    
капитализма. Москва, 1968. 
3. Источниковедение: Теория. История. Метод. Источники Российской истории.  
    
Учеб. пособие. // Данилеский И.Н., Кабанов В.В., Медушевская О.М.,  

    
Румянцева М.Ф. Москва, 2000. 
4. Тәсілова Н. Статистикалық деректер және оны талдау әдістері // Қазақ  
    
тарихы, №4, 2007, -34-39 б. 
5. Тасилова Н.А. Статистика ғылымы және статистикалық деректерді талдау  
    
әдістері // ҚазҰУ хабаршысы, №2 (45), 2007, -12-17 б. 
2 кредит сағат  
Дәріс №18    
Тақырыбы: Қазақстан тарихына байланысты статистикалық деректер. 
Дәріс мазмұны: 
1.
 
Санақтың тарихи-топографиялық сипаты. 
2.
 
Қазақстан территориясында есеп жүргізу ұйымдарының құрылуы. 
 
Статистикалық  деректің  есепке  алынатын,  тіркелетін  құжаттардан  айырмашылығы, 
статистикалық мәліметте кез-келген басқарманың шешімі үшін, кез келген аймақтағы 
ұзақ уақытқа жоспарланған саясаттың шешімі үшін  де, қоғам дық процестердің даму 
үрдістерін  анықтау  үшін  де  маңызы  зор.  Ол  мәліметтер  ең  алдымен  өзіндік  әдіс-
тәәсілдермен  жинақталады,  кейіннен  арнайы  маман  статистиктер  арқылы  өңдеуден 
өткізіледі  де  кез-келген  салада  нақты  шешім  өабылдауға  көмектеседі.  өйткені  осы 
деректер  арқылы  кез-келегн  аймақатағы  түрлі  саланың  сандық  дамуы  айқындалып, 
оның жағдайы төмен, орташа, немесе жоғары екендігі анықталып, соған сай шешімдер 
қабылданады.  
Статистикалық деректердің басты құндылығы - олар зерттеушіге кең көлемде мәлімет 
береді.  Оларды әр  салада  дұрыс  пайдалана білу  зерттеушіге  тарихи  құбылыстардың 
бірегейлігін,  сабақтастығын,  ерекшелігін  оларға  тән  тарих  ғылымының  дамуындағы 
заңдылықтарды анықтауға көмектеседі. 
    
Статистикалық деректерге статистикалық зерттеудің барлық сатысыда пайда болған 
мұрағат  деректері  мен  жарияланған  материалдар  жатқызылады.  Мұндай 
материалдарға тек қана жарияланған сатистикалық еңбектер мен алғашқы өңделмеген 
сатистикалық мәліметтер ғана емес, оған сол сатистикалық зерттеудің арнайы зерттеу 
бағдарламасы,  зерттеуге  қатысты  нұсқаулар  мен  ағымдағы  туркеуге  байланысты 
құжаттар,  алғашқы  тіркеу  құжаттары  (оған  тіркеу  карточкасы,  бланкілер,  анкета, 
формулалар, ведомосттер, түрлі есептер, сметалар және т.б. құжаттар жатқызылады). 
    
Статистикалық  деректің  зерттеудің  мақсатын  және  мәлімет  алу  әдіс-тәсілін 
анықтайтын  бағдарламалар,  аранйы  нұсқаулар  және  т.б.  құжаттар  статистикалық 
зерттеудің  дерегі  бола  алады.  өйткені,  барлық  статистикалық  зерттеулердің  мақсат-
міндеттері, нәтижелерімен соңғы қортындысы, басылып, жарияланған статистикалық 
жинақтардың сапасы осы құжаттардың мазмұнына тікелей тәуелді болады. 
    
Статистикалық ақпараттарды жинау мен өңдеу жұмыстарын ұйымдастыру тәсіліне 
қарай  статистиканы  4  топқа  бөлуге  болады:  бөлек  ведомстволармен  жинақталатын 
статистика; Орталық статистикалық комитеттің статистикасы; земство статистикасы; 
ғылыми мекемелердің ғылыми мақсатта жинайтын статистикасы; 
ектің


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет