Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі. Орындаған: Шоманов Рустем



Дата31.12.2021
өлшемі287,5 Kb.
#21150

Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі.

Орындаған: Шоманов Рустем


ІІ - кезең

ІІІ - кезең

І - кезең

жоғары білім

жүйесінің

заңдық және

нормативтік

құқықтық

базасының

қалыптасуы

(1991-1994 жж)

жоғары білім

жүйесін

модернизациялау,

оның мазмұнын

жаңарту

(1995- 1998 жж)

білім беру жүйесін

қаржыландаруды

орталықсыз

дандыру,

білім беру

мекемелерінің

академиялық

еркіндігін кеңейту

(1999-2000жж)

жоғары кәсіптік

білім беру

жүйесін

стратегиялық

дамыту

(2001 жылдан

бастау алған

қазіргі кезең)

ІV - кезең

Қазақстанның жоғары білім жүйесін бетбұрыстандыру кезеңдері [1]

Қазіргі қазақстандық білім беру жүйесі

«2005-2010 жылдарға арналған білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» (2004 жыл)

«Білім» мемлекеттік бағдарламасы (2000 жыл),

«2010 жылға дейінгі білімді дамыту стратегиясы» (2001 жыл)

«Білім туралы» Заң (1999 жыл)

«Казахстан-2050» стратегиясы

ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІЛІМІ ЖАҺАНДЫҚ ӘЛЕМДЕ

қазақстан акт даму индексінің 2016 жылғы рейтингісінде, 2009 жылмен салыстырғанда, +17 позицияға жақсартып, 175 елдің ішінде 52-орынға ие болды. 2009 жылмен салыстырғанда, 2016 жылы акт-дағдылар субиндексі позициясының төмендеуіне халықты жоғары біліммен қамту көрсеткішінің төмендеуі ықпал етті (2009ж. - 51,2%, 2016ж. - 46%). орта біліммен жалпы қамту болса, 16,3% артты (2009ж. - 92,8%, 2016ж. - 109,1%)  imd-2016-да қазақстанның 18 білім беру көрсеткішінен 13-і бойынша позициялары нашарлады, 3-і өзгеріссіз қалды және 2-і артты. еліміздің бір оқушыға шаққандағы мемлекеттік шығыстар (-0,8%) және халықтың ағылшын тілін меңгеру бойынша позициялары жоғары емес (120-дан 80 балл немесе 61 елдің ішінде 47-орын)  2016 жылғы 1 қаңтарда әлемнің 193 мемлекеті, соның ішінде қазақстан, 2030 жылға дейін орнықты даму мақсаттарын жүзеге асыра бастады, «даму адамдарға тиесілі, адамдармен жүзеге асырылады және адамдарға арналады» олардың басты тезисі болып табылады1  осыған байланысты білім мен адами капитал халықаралық рейтингтердің құндылығы мен маңызы жалпы арта береді  қазақстан білім беру жүйесінің көрсеткіштерін талдау және мониторинг жасау жүйесін барлық халықаралық рейтингтерде одан әрі дамыту керек.[2]

Төмендегі аталған барлық шаралар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің қазақстандық моделіне оң ықпал етті. QS халықаралық рейтингісінде қазақстандық ЖОО-лар саны артты. Бастапқы кезеңде Қазақстанның атынан тек 2 ЖОО ғана өкілдік етсе (2011ж.), 2016 жылы олардың саны 8 болды [2]

  • Қазақстан тәуелсіздігін алған кезде, 61 жоғары оқу орны жұмыс істеген, олар экономиканың жоспарлы қажеттіліктерін қамтамасыз етті, қатаң тәртіпте жұмыс істеді және олардың жекешелену бастамаларына құқықтары болмады. Олардың екеуі ғана университет болды – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
  • Студенттердің саны ЖОО-лар санына пропорционалды өзгерді. 1991 жылы Қазақстанда 288,4 мың студент білім алды. Ең жоғары саны 2005-2006 оқу ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАЙ-КҮЙІ ЖӘНЕ ДАМУЫ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА 302 жылы тіркелді – 775,8 мың адам, яғни шамамен 2,6 есе артық. Содан соң контингент 2016 жылғы 471,4 мың студентке дейін азайды, бұл, негізінен, демографиялық себептерге, талапкерлерге қойылатын талаптардың күшейтілуіне, сырттай оқитын контингенттің азаюына және оқу ақысының артуына байланысты болды

Болон декларациясының Қазақстандағы жоғары оқу орындарына әсері

Болон декларациясының принциптеріне негізделген, мамндарды даярлаудың үштік моделі жүзеге асырылды: бакалавр, магистрант, Phd доктор.

Студенттердің академиялық ұтқырлығы аясында сынақтық бірліктерді қайта есептеу негізінде ECTS қабылданды.

Салыстырмалы критерий лер мен әдіснама әзірлеу мақсатында сапаны қамтамасыз етудегі Еуропалық ынтымақтастыққа көмектесу үшін ҚР БҒМ Аккредиттеу агенттіктерінің ұлттық тізімін құрды.

ҚР БҒМ профессор-оқытушылар құрамы мен студенттердің академиялық мобильдігіне қаражат бөлінді.

Жоғары оқу орындарының оқу прцесіне озық технологиялар мен оқыту жүйелері енгізілді.

Отандық білім беруді Еуропа стандарттарына жақындатуға мүмкіндік берді.

Білім беру жүйесіндегі инновациялық технологиялар: • проблемалық оқыту; • дамыта оқыту; • деңгейлеп оқыту; • дәстүрлі оқыту; • модульдік оқыту • сұрақ-жауап ойындары; • цифрлық білім беру ресурстары.

  • Проблемалық оқыту - ғылыми таным нәтижелерін, білімдер жүйесін ғана меңгеріп қоймай,сонымен бірге нәтижелерге жету жолдарын, баланың таным дербестігін қалыптастырып, оның шығармашылық қабілеттерін дамыту.
  • Дамыта оқыту - мектеп жасына дейінгі балада білім, білік дағдының қалыптастыруын жоққа шығармайды, бірақ оқыту мен тәрбиелеу баланың дамуын қамтамасыз ететін жағдай болу керек. [3]

Қазақстан Республикасының

«Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» заң жобасы  

Заң жобасының мақсаты - сапалы білімнің қол жетімділігін және оны алуға бірыңғай мүмкіндіктерді арттыру.

МББЖЖ мемлекеттік қолдаудың шаралары мен құқықтық реттеуін бекітеді

МББЖЖ қатысушыларының өзара қатынастарының механизмін анықтайды

Білім беру жинақтау келісім-шартының мынадай шарттарын бекітеді:

бір салымшының пайдасына бір ғана келісім-шарт жасалады;

келісім-шарттың ең қысқа мерзімі – үш жыл;

банк сыйақысының ставкасы - нарықтағыдай;

мемлекет сыйлықақысы – 5%, белгілі басым санаты үшін – 7%, бірақ екі жағдайда да 100 АЕК-тен аспауы тиіс;



жинаққа кем дегенде бір жыл, бірақ шарт жасасқан күннен бастап 20 жылдан артық емес болған жағдайда мемлекеттің сыйлықақысын салымға 1 қаңтардағы жағдай бойынша есептеу

мемлекеттің сыйлықақысын республикалық бюджетке қайтару жағдайларын, салымшының білім беру грантына түсу, қайтыс болу немесе денсаулық жағдайына байланысты оқуды жалғастыра алмау салдарын реттейді [4]

Заң жобасы :

Пайдаланылған әдебиеттер

  • [1] Дамитов Б.К. Жоғары білім бойынша заңды және нормативті құжаттар жинағы. ҚР Білім және Ғылым Министрлігі.- А., 1996.-132б.
  • [2] Н35 «Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің жай-күйі және дамуы туралы Ұлттық баяндама», 2016 жыл. С. Ырсалиев, А. Құлтуманова, Э. Төлеков, Т. Бұлдыбаев, Г. Кусиденова, Б. Ысқақов, Л. Забара, Л. Барон, Е. Коротких - Астана: «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ, 2017 - 482 б
  • [3] Скакун В.А. Введение в прфессию мастера производственного обучения:Методические пособие.-М.:Высш.шк.,2010г
  • [4] Конституция Республики Казахстан (принята на республиканском референдуме 30 августа 1995 г. (с изменениями и дополнениями по состоянию на 02.02.2011 г.)


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет