«Қазақстан республикасындағы сот сараптамасы: Ұйымдастырылуы және өндірісі»


Сараптама жүргізу үшін қажетті алғашқы деректерді дайындау



бет14/105
Дата04.04.2023
өлшемі1,08 Mb.
#79053
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   105
Сараптама жүргізу үшін қажетті алғашқы деректерді дайындау.
Тергеуші (сот) сараптамаға жолданатын материалдармен танысып алуы қажет. Мұндай зерттеу объектілеріне сараптамалық зерттеу үшін қажет үлгілерді, азаматтық, қылмыстық, әкімшілік істер бойынша материалдарды оның ішіндегі зерттеуге жататын заттай дәлелдемелерді, құжаттарды айтамыз.
Алғашқы деректерді беру кезінде тергеуші (сот) аталған объектілерге қойылатын жол берушілік, шынайлық, қатыстылық сияқты процессуалдық талаптарды ескеруі қажет.
Сот сараптамасын тағайындау барысында, сараптаманы тапсыру сатысы маңызды рөлге ие, ол өз құрамына келесі элементтерді кіргізеді, олар:

  • Сараптаманы тағайындау туралы қаулы шығару;

  • Сарапшыны немесе сараптамалық мекемені таңдау;

  • Материалдарды сарапшыға не сарптама органдарына жіберу.

Сот сараптамасын тағайындау туралы қаулының нысаны мен мазмұны процессуалды құжат ретінде арнайы қарастырылуға жататын мәселе. Сол сияқты, жоғарыда көзделеген ұйымдастырушылық сұрақтар аталған құжаттың орындалуына әсер етеді және оның жағдайларының сарапшы не сараптамалық мекемелермен толық түрде жүзеге асуына мүмкіндік береді.
Материалдарды сараптамаға жіберу дәлелдеу субъектілерімен тікелей не пошта арақылы жүзеге асырылады. Тергеуші (сот) барлық жағдайда сараптамалық объектілерді олардың қолайсыз үлкендіктігіне немесе басқа себептерге қатысты қаулымен бірге сараптамалық мекемеге жолдай алмайтынын да ескеру қажет. Мұндай жағдайда процессуалдық заңдардың талаптарына сәйкес, объектілердің қорғалуы және сараптамалық органдарға жеткізілуі қамтамасыз етіледі. Барлық жағдайда процесс жетекшілеріне сараптаманы тағайындау туралы қаулыны сарапшыға немесе сараптама органына жіберудің мерзімін тіркеу қажет.
Материалдарды сараптама органына жібергеннен кейін сарапшылар сараптама жүргізудің мерзімі тергеушімен (сот) белгіленетінін білуі қажет. Аталған мәселе «ҚР сараптамалық қызметі» туралы Заңның 25 бабымен реттеледі, ол өз алдына келесі жағдайларды белгілейді:

  • Сот сараптамасын жүргізу мерзімі сот сараптамасы органы не сот сараптамасы органының қызметкері болып табылмайтын, сот сарапшысы ретінде тартылған адам сот сараптамасын және оның объектілерін тағайындау туралы қаулыны, ұйғарымды іс жүргізуге қабылдаған күннен бастап есептеледі.

  • Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органы көздеген ерекше жағдайларды қоспағанда, сот сараптамасын жүргізу мерзімі отыз тәуліктен аспауға тиіс.

  • Сот сараптамасын жүргізу мерзімін ұзартуды сот сараптамасы органы басшысының не сот сараптамасы органының қызметкері болып табылмайтын сот сарапшысының (сот сарапшыларының) дәлелді өтініші бойынша сот сараптамасын тағайындаған орган (адам) жүзеге асырады.
    Сот сараптамасын жүргізу үшін адамның медициналық ұйымда болу мерзімдерін ұзартудың ерекшеліктері осы Заңның 37-бабының 2 және 3-тармақтарында белгіленген.

  • Сот сараптамаларының күрделілік санаттарын айқындаудың жалпы критерийлерін, олардың күрделілік санаттарына қарай сот сараптамаларын жүргізу мерзімдерін есептеу тәртібін, сондай-ақ сот сараптамасын жүргізу мерзімін ұзарту тәртібін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органы белгілейді.

  • Осы Заңда белгіленген жағдайда сот сараптамасын жүргізуді тоқтата тұру ол үшін негіз болған мән-жайлар жойылғанға дейін, бірақ он тәуліктен асырылмай жүргізіледі. Егер сот сараптамасын жүргізуді тоқтата тұру үшін негіз болған мән-жайлар көрсетілген мерзім ішінде жойылмаса, сот сараптамасын тағайындаған органның (адамның) атына қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабарлама жіберіледі.

  • Сот сарапшысының қорытындысы не қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабарлама олар жасалғаннан кейін үш тәулік ішінде сот сараптамасын тағайындаған органға (адамға) жіберіледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет