«Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы» (Ерекше бөлім) Оқу-әдістемелік кешен Семей


Ғылыми-зерттеу, тәжірибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстардың мердігерлік шарты



бет111/151
Дата25.04.2022
өлшемі0.87 Mb.
#32259
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   151
Ғылыми-зерттеу, тәжірибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстардың мердігерлік шарты.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарына жасалған шарт бойынша мердігер (атқарушы) тапсырысшының тапсырмасында көзделген ғылыми зерттеулерді жүргізуге міндетті. Тапсырысшы мердігерге (атқарушыға) техникалық тапсырма беруге, жұмыс нәтижелерін қабылдауға және оларға ақы төлеуге тиісті. Мердігер тәжірибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстарға мердігерлік шарты бойынша жаңа бұйымның үлгісін, оның конструкторлық құжаттамасын, жаңа технология жасауға не-месе үлгісін дайындауға міндеттенеді.

Жобалау және іздестіру жұмыстарын жұргізу шарттарынан айырмашылығы ғылыми-зерттеу, тәжірибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстарға мердігерлік шарттарында бірқатар жағдайларда мердігерлер болып кәсіпкерлер қатыспайды. Мердігерлер болып көбінесе жеке зерттеушілер, ғылыми ұйымдар, жоғарғы оқу орындары шартқа қатысады (осылар коммерциялық емес ұйымдар). Ғылыми зерттеу құрылымдары коммерциялық ұйымдар құрамында болуы мүмкін. Тапсырысшылар болып жеке тұлғалар мемлекеттік немесе жеке меншік нысанында негізделген заңды тұлғалар келеді.



Тараптардың құқықтары мен міндеттері. Бұл мердігерлік тараптардың кейбір ерекшелігі бар құқықтары мен міндеттерін қарастырады. Ғылыми-зерттеу немесе тәжірибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстарға мердігерлік шарты бойынша тапсырысшы мердігерге техникалық тапсырма беруге тиіс. Тапсырысшының осы міндетінің ерекшелігі бар, себебі, ол мердігермен жасалатын жұмыстың тақырыптары (көрсеткіштері) жөнінде келісуі тиіс.

Ғылыми-зерттеу, тәжірибе-конструкторлық және техноло-гиялық жұмыстарына мердігерлік шарты бойынша тапсырысшы өзіне берілген жұмыс нәтижесін, шартта көзделген негіздер мен шектерде ғана қолдануға құқылы.

Тараптарға шарттың өзі туралы мәліметтердің таратылмауы бойынша міндеттер жүктеледі. Тапсырысшыға, сондай-ақ мердігерге шарттың орындалуы мен жұмыс нәтижелері туралы мәліметтердің құпиялығын сақтау міндеті жүктеледі. Мердігер жұмыс нәтижесін патенттеуді тапсырысшының келісімімен ғана жүргізеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   151




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет