«Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы» (Ерекше бөлім) Оқу-әдістемелік кешен Семей


тақырып. Мүлікті тегін пайдалану және Өтемелі қызмет көрсету



бет112/151
Дата25.04.2022
өлшемі0.87 Mb.
#32259
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   151
5 тақырып. Мүлікті тегін пайдалану және Өтемелі қызмет көрсету

Мүлікті тегін пайдалану шарты (несие шарты) бойынша бір тарап (несие беруші) мүлікті екінші тарапқа (несие алушыға) тегін уакытша пайдалануға береді, ал соңгысы сол мүлікті алған күйінде, қалыпты тозуын ескере отырып, немесе шартта көрсетілген күйінде қайтаруға міндеттенеді (ҚР АК 604-бабының 1-тармағы).

Несие шарты, оның реалды немесе консенсуалды болатынына қарамастан, екі жакты шарт болып табылады. Несие шартының бұл белгісі тараптардың құқықтар мен міндеттерді өзара алдын ала келісіп алуынан айқын көрінеді.



Несие шартының нысаны. Заңнама мәміле нысанына катысты арнайы талаптар туралы ескертпейді. Оның реалды сипаты мен мазмұнының ерекшеліктері ешқандай жазбаша шарт жасалмаған кездің өзінде де, даулы жағдайларда несие берушіге мүліктің өзіне заңды түрде тиесілі екендігін мүлікті несие алушыға беру фактісін дәлелдеу жеткілікті және тікелей Азаматтық кодекстегі нормаларды толық көлемде басшылыққа алуға болады.

Несие шартындағы мерзімдер. Мүлікті тегін пайдалану шарты мүлікті уакытша пайдалануға беру мәселесін шешетіндіктен, ол осы шарт бойынша мерзімдер категорияларын пайдалануды талап етеді. Бірақ оларды қолдану мүлікті жалға алу (аренда) шарты бойынша мерзімдерді колданумен салыстырғанда. кейбір ерекшеліктерге ие. Шарттың реалды сипаты мүлікті беру мерзімінің маңызын жояды. Сондай-ақ, жалға алу ақысын тану мерзімдері де болмайды. Несие шарты бойынша. мулікті кайтару мерзіміне бара-бар келетін шарт.

Несие шартының элементтері. Мүлікті тегін пайдалану шартының пәні ретінде жылжитын және жылжымайтын заттар бола алады. Мүлікті жалға алу шартындағыдай несие шартының пәні болып жеке белгілі бір тұтынылмайтын заттар табылады.

Шарттың тараптары - несие беруші мен несие алушы ҚР Азаматтық кодексінің 605-бабы несие беруші түсінігінің кейбір қырларын анықтайды. Несие берушінің берілетін мүліктің меншік иесі болуы маңызды заң шығарушылық талап болып табылады. Бірақ бұл айтылған сөз басқа заттық құқық иелерінін де несие беруші бола алу мүмкіндігін жоққа шығармайды. Алайда бұл субъектілер бұған заңнамамен немесе меншік иесінің өзімен уәкілетті болуға тиіс.

Несие беруші - азамат шеттетілгенде не несие беруші заңды тұлға болғанда немесе қайта құрылғанда мүлікті тегін пайдалану шарты бойынша несие берушінің құқықтары мен міндеттері мұрагерге (құқық мирасқорына) немесе мүлікке меншік құқығы, не мүлікті тегін пайдалануға беруге негіз болған басқа кұқык, берілген баска тұлғаға өтеді.

Несие алушы жеке тұлғалар қайтыс болғанда құқық мирасқорлығына жол берілмейді (тек жеке өздеріне арналған міндеттемелерге катысты). Сондай-ақ, заңды тұлға жойылған кезде несие алушының құқықтарына қатысты әмбебап құқық мирасқорлығы мүмкін емес. Егер несие алушы заңды тұлға қайта құрылса, оның құқықтары мен міндеттері, егер шартпен өзгеше көзделмесе, өзінің құқық мирасқорына (заңды тұлғаға) өтеді.

Мүлікті тегін пайдалану шартының мазмұны.

Құжаттар мен керек жарақтарды беру шартпен жоққа шығарылмаған, бірақ олар мүдделері шектелген несие алушыға берілмеген жағдайларда белгілі бір құқықтар беріледі. Егер мүлік құжаттар мен керек-жарақтарсыз мақсатына сай пайдаланыла алмайтын болса не оны пайдалану несие алушы үшін қомақты түрде құндылығын жоятын болса, онда ол өзіне керек жарақтарды және (немесе) құжаттарды беруді не шартты бұзып, өзіне келтірілген нақты шығынды өтеуді талап етуге құқылы. Біз несиеберушінің жауапкершілігі белгіленгенін көріп отырмыз, бірақ ол мүліктің тегін берілетіні ескеріле отырып нақты шығын келтірумен шектелген, бұл өз кезегінде несие шарты мазмұнының жалға алу шарты мазмұнынан бір ерекшелігі болып табылады. Несие беруші сауда алушыны берілетін мүліктің кемшіліктері туралы ескертуге тиіс (ҚР Азаматтық кодексінің 607-бабы, 1-тармағы).

Несие алушыға мүлікті ұстау жөніндегі барлық ауыртпалық жүктеледі. Ол тегін пайдалануға алған мүлікті дұрыс күйінде ұстауға міндетті. Оның міндетіне ағымдағы және күрделі жөндеу жүргізу кіреді. Сонымен қатар, ол мүлікті ұстау жөніндегі барлык ағымдағы шығындарды көтеруге тиіс (ҚР Азаматтык кодекс, 609-бап). Шартпен несие алушы бұл міндеттен босатылуы да мүмкін.

ҚР Азаматтық кодексінің 610-бабы "Мүліктің кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүліну қаупі" деп аталады. Алайда оның мазмұны атауына толық сәйкес келмейтіндігін атап өту қажет. Оның мазмұнына сәйкес несие алушы тегін пайдалануға алған мүліктің кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүліну қаупін өз мойнына алады, егер ол тегін пайдалану шартына сәйкес емес немесе мақсатына сай емес пайдаланудың не несие берушінің келісімінің оны үшінші тұлғаға берудің нәтижесінде мүлік жойылса немесе бүлінсе.

Несие шарты бойынша жауапкершілік. Несие алушының жауапкершілігі туралы айтқанда оны міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін көзделген жалпы нормаларға сәйкес анықтауға болады. Сондай-ақ оның құқық бұзушылықтары оларды бағалау, осыдан туындайтын несие алушының міндеттерін жалға алушының жауапкершілігін көздейтін нормаларға сүйене отырып бағалауға болады. Алайда, бұған қатысты тікелей заңнамалық нормалар болмаса да несие алушының жауапкершілігін анықтауда соттың қарап шешуі көзделетін кезде оның жауапкершілігінің мөлшері, егер жауапкершілік туындауының тең жағдайы орын алып отырса, жалға алушы жауапкершілігінің мөлшеріне карағанда біршама артық болуға тиіс.

Мүлікті тегін пайдалануға берген несие беруші мүлікті беру кезінде қасақана немесе абайсызда айтпаған болса осы мүліктің кемшіліктері үшін, егер ол несие алушыға нақты шығын келтірсе, жауап береді.

Несие беруші мүліктің шартын бекіту барысында ескертілмеген немесе несие алушыға алдын ала белгілі болған, не мүлікті қарау барысында немесе шартты бекіту кезінде оның дұрыстығын тексеру барысында немесе затты беру кезінде несие салушы анықтауға тиіс болған кемшіліктері үшін жауап бермейді.

Несие шартының күші. Әрине, несие шарты талаптар үшін міндетті күшке ие. Оның күші мүлікті беруде көзделген мерзімдер мен шарттарға байланысты. Оған шартты тоқтатудың азаматтық заңнамамен көзделген жалпы негіздері таралады. Олар: шартты тараптардың келісімімен және оны бұзу салдарынан бір жақты тәртіпте тоқтату. Несие беруші төмендегі жағдайларда мүлікті тегін пайдалану шартын мерзімінен бұрын бұзуды талап етуге құқылы, егер несие алушы: а) мүлікті шартқа немесе мақсатына сай емес пайдаланса; б) мүлікті сол күйінде ұстап тұру немесе оны ұстау жөніндегі міндеттерін орындамаса; в) мүліктің күйін елеулі түрде нашарлатса; г) несие берушінің келісімінсіз мүлікті үшінші тулғаға берсе.

Несие алшы мүлікті тегңн пайдалану шартын мерзімінен бұрын тоқтатуды мына жағдайларда талап етуге құқылы: а) мүлікті қалыпты пайдалануға мүмкіндік бермейтін немесе ол үшін аса ауыртпалық жүктейтін кемшіліктер анықталса; б) егер мүлік ол жауап бермейтін жағдайлардың әсерінен пайдалануға жарамсыз күйге түссе; в) егер шартты бекіту кезінде несие беруші оны берілетін мүлікке қатысты үшінші тұлғалардың құқықтары туралы ескертпесе; г) несие беруші мулікті немесе оның керек-жарақтары мен қатысты кұжаттарды беру міндетін орындамаса.

Әрбір тарап мерзімі көрсетілмей бекітілген несие шартынан кез келген уақытта бас тартуға құқылы. Тек бұл туралы екінші тарапты егер шартпен баска мерзім көзделмесе, бір ай бұрын хабарландыруғ тиіс. Мерзімі көрсетіле отырып бекітілген шартпен бір жақты түрд еркін бас тарту құқығы тек несие алушыға берілген. Ол да бұл туралы несие берушіні бір ай бұрын хабарландыруға тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   151




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет