«Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы» (Ерекше бөлім) Оқу-әдістемелік кешен Семей



бет17/151
Дата25.04.2022
өлшемі0.87 Mb.
#32259
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   151
Тұрақты рента шарты.Шарттың элементтері. Тұрақты рента тараптары болып рента алушы және рента төлеуші табылады. Тұрақты рента алушылары болып азаматтар және коммерциялық емес ұйымдар табылады. Азаматтар ренталық қатынастарда тұрақты рента алушысы болып үш жағдайда табылады: а) егер олар мүлік иесі болса және мүлік олармен рентаға берілсе; ә) тұрақты рентаны алушы мұрагерлік салдарынан құқықтық мирасқор болса; б) тұрақты рента азаматтар пайдасына басқа бір тұлғамен шарт арқылы қарастырылса, яғни үшінші тұлға пайдасына жасалған шарт орын алса.

Азаматтарды кәсіпкер ретінде тіркеу олардың тұрақты ренталық төлемдерді алуы үшін кедергі болмайды, себебі мұндай жағдайларда азамат өзіне тиесілі жалпы құқық қабілеттілікке негізделіп рента қатынастарында да қатыса береді. Тұрақты рента алушы ретінде егер бұл олардың мақсатына және қызметіне сай келсе коммерциялық емес ұйымдар да әрекет ете алады. Бірақ Қазақстан Республикасында тұрақты рента алушы болып мемлекеттік мекемелер табылмайды, себебі олар мемлекеттік бюджеттен тыс көздерден қаржыландырылуы мүмкін емес. Коммерциялық емес заңды тұлғаларда олардың пайдасына өзге тұлғалармен орнатылған тұрақты рентаның алушылары бола алады. Коммерциялық емес ұйымдардың пайдасындағы рентаны алушылардың катары өзгеріп түруы мүмкін.



ҚР АК 523-бабының 2-тармағына сәйкес олардың құқықтары заңды тұлғалар қайта құрылуы нәтижесіндегі құқыктық мирасқорлық арқылы өтуі (ауысуы) мүмкін. Яғни, егер екі жеке меншік мекеме біріккен болса және с.с., онда олардың біреуінің тұрақты рентаны алуға құқығы жаңадан пайда болған коммерциялық емес заңды тұлғаға ауысады. Алайда, қайта құру нәтижесінде коммерциялық заңды тұлға болса, онда рентаны төлеу тоқтатылады. Сол сияқты мұра иесіз қалатын болса, рента бойынша мемлекет пайдасына құқықтық мирасқорлық орын алмайды. Тұрақты рентаны алуға құқық өзге (жеке немесе заңды) тұлғаға ішінара сингулярлық мирасқорлық негізінде талап етуді беру арқылы ауысуы мүмкін. Егерде талап етуді беруге тиым салынса немесе оны төлеушімен келістіру талабы тұрақты рента шартының өзінде ұсталмаса, онда талап етуді беру рента төлеушісі келісімінсіз де жүзеге асырылуы мүмкін.

Тұрақты рентаны төлеушілері болып азаматтар (жеке тұлғалар) және осыған оларға тиым салынбаса (заңнама бойынша немесе құрылтайшы құжаттармен) коммерциялық, коммерциялық емес заңды тұлғалар табылуы мүмкін.Тұрақты рента шартының нысанасы бір жағынан рента төленуі үшін иеліктен шығармайтын мүлікті, екінші жағынан ренталық төлемдерді қамтиды. Тура (формалді) түрде заңнама ренталық шарт нысанасы болып келе алатын мүлік тізімін (түрлерін) шектемейді, бірақ іс жүзінде ренталық шарт жылжымайтын (қозғалмайтын) мүлікке билікті жүзеге асыруға қолайлырақ болып келеді. Рента болса, ол көбінесе ақшалай қанағаттандыру, ал кейде ақша орнына заттай (натуралды) қанағаттандырылуы мүмкін.

Баға. Тұрақты рента шартына қатысты рента төлеушінің меншігіне берілетін мүліктің бағасы, ренталық төлемдердің мөлшері және тұрақты рентаны сатып алу бағасы туралы айтуға болады. Рента шартының тәуекелге негізделгеніне байланысты оның бағасы шартты түрде анықталады, қателесулер (тұрақсыздық) орын алуы мүмкін, себебі есепке мүліктік тек таза құны ғана емес, болашақта алынар деген ренталық төлемдердің көлемі де алынады. Рентаның ең төмен сомасы (мөлшері) тұрақты рента шарты бойынша қарастырылмаған. Рентаны бағаның дәстүрлі түсінігіне келтіру өте қиын. Оны анықтауға қатысты белгілі (тұрақты) көрсеткіштер (өлшемдер) қалыптасып үлгерген жоқ. Ал тауарлар, жұмыстар, қызметтер бағалары жөнінде айтатын болсақ, олар үшін нарық жағдайында баға қалыптастыру тетігі дайын.

Тұрақты рентаның төлеуші сатып алу бағасы дегеніміз бұл, оны төлеген жагдайда, алушы алдындағы міндеттемесінен босатылатын ақшалай сома. Заңи табиғаты бойынша міндеттемені тоқтатудың бір тәсілі, бас тарту төлемі ретінде бағалауға болады (ҚР АК 369-бабы). Сатып алу бағасы шартпен анықталады. Шарттың өзінде сатып алу бағасы туралы жағдайлар қарастырылмаса, сатып алу ренталық төлемдердің бір жылдық сомасына сәйкес келетін баға бойынша жүргізіледі. Рента төлеушіге тегін берілген мүліктің сатып алу бағасы шартпен бекітілмссе, ол мүліктің құнынан және бір жылдық ренталық төлемдердің сомасынан құралады.

Мерзім. Тұрақты рента мерзімсіз төленеді, яғни оны төлеу міндеті өз бетімен тоқтатылуы мүмкін емес. Сондықтан мән міндеттемені орындау мерзіміне беріледі, олар болса төлемдердің мерзімділігіне тіреледі. Төлемдердің мерзімділігі шарттың өзінде анықталмаса, тұрақты рента әрбір күнтізбелік тоқсан аяқталуымен төленуі керек. Сөйтіп, телем күні жаңа басталған тоқсанның бірінші күнімен анықталады, көрсетілген (тиісті) мерзімде төлемді жасамау мерзімді өткізіп алуға әкеледі.

Мазмұны. Рента шартының мазмұны сатып алу-сату шартының мазмұны сияқты көлемді болып келмейді. Бірақ, оның мазмұнын кеңейтіп қарауға да болады, себебі бұдан бұүрын айтылғандай, рента шартының қатысушыларында сыйға тарту, сатып алу-сату шарттарының қатысушыларын-дағыдай құқықтар мен міндеттері пайда болады. Рента төлеушінің негізгі міндеті шартпен қарастырылған ренталық төлемдерді тиісті мерзімдерде төлеп тұруда болып келеді. Рентаны төлеуші рентаны сатып алу арқылы оны төлеуден бас тарта алады. Осындай жағдайда (рентаны төлеуден бас тартатын болса) рента төлеушісі өзінің бас тартатыны туралы рента төленуі тоқтатылуына дейін үш айдан кем болмайтын мерзімде рента алушысына хабарлауға міндетті. Бас тарту туралы хабарлау үшш, ұзақтау болып келетін мерзімдер, шартпен қарастырылуы мүмкін. Рента алушысы барлық тиесілі сомаларды алмайынша рента міндеттемесі тоқтатылмайды. Рентаны сатып алудың өзге тәртібі, сатып алу сомасын бөлшектеп төлеу, аралас нысанда төлеу және т.б- шартпен қарастырылуы мүмкін.

Тұрақты рента шарты рентаны сатып алу құқығы рента алушының өмірі бойы немесе өзге мерзім ішінде жүзеге асырылуы мүмкін болмайтынын қарастыра алады. Алайда осындай шектейтін мерзім шарт жасалған сәттен отыз жылдан аспауы керек. Рента төлеушісі рентаны сатып алу құқығынан толығымен бас тартатынын бекітетін шарт жарамсыз болып табылады.

Кейбір жағдайларда рента алушының рента төлеушіден оның рентаны сатып алғанын талап етуге құқығы да болады. Бұл құқықтың негіздемелеріне мыналар жатады: Рента төлеушінің рента төлеу мерзімін бір жылдан астам өткізіп алуы (өзге мерзімдер шартпен қарастырылады; 2) рента төлеушінің ренталық міндеттемені қамтамасыз ету (мүлікті кепілге беру ж.б.) бойынша, рента алушы алдындағы өзінің жауапкершілігін сақтандыру бойынша міндеттерш бұзуы; 3) рента төлеушіні төлемге қабілетсіз деп тану, немесе рента
шартта қарастырылған мөлшерде және мерзімдерде төленбей-
тінін дәлелдейтін өзге жағдайлардың пайда болуы; 4) рента төленуі үшін берілген жылжымайтын мүлік ортақ мен-
шікке айналуы немесе бірнеше тұлғалар арасында бөлінуі; 5) шартпен көзделген өзге жағдайлар.

Тізіліп айтылғандай жағдайлар болып тұрса, рента алушының біржақты әрекеттеріне байланысты төлеушінің рентаны сатып алуға қатысты міндеті пайда болады. Бұл міндет орындалмаса, рентаны алушы кепілдік нысанасына өндіріс айналдыруға немесе міндеттемелер орындалуын қамтамасыз ететін өзге тетігін қолдануға және рентаны сатып алу бағасын құрайтын өндіріп алуға құқылы. Рента төлеушіге жауапкершіліктің тиісті шараларын қолдануда жоққа шығарылмайды (осының мүмкіншілігі бар болып келеді).

Шарттың мазмұнына рентаға мүлік ақыға немесе тегін берілді ме сол елеулі әсерін тигізеді. Егер мүлік тегін (ақысыз) берілсе мүліктің кездейсоқ жойылуының немесе бүлінуінің қаупі (тәуекелі) толығымен рента төлеушіде болып келеді. Бұл орын алғанда (осындай жағдайда), ол өзіне қолайлы болып келетін жағдайлар бойынша келісіп, рентаны тезірек сатып алуы керек. Басқа амал рентаны алушы борышты кешіргенінде болады (ҚР АК 373-бап).

Мүлік рентаға ақыға берілсе және мүлік кездейсоқ жойылса немесе бүлінсе, осымен байланысты тәуекел тараптар араларында үлестіріледі. Рента төлеуші рента төлеуді тоқтатуы немесе оны төлеу жағдайларын өзгертуді талап ете алады. Біздің көзқарасымыз бойынша рента ұзақ мерзім төленсе, яғни рентаны алушы едәуір табыс тауып үлгерсе, онда ренталық төлемдерді тоқтатуға болады. Керісінше, ренталық қатынастар аз уақыт тұрмыс етсе, рента алушының мүдделері оған ішінара өтеу жасалуын талап етеді, сондықтан ренталық төлемдер тоқтатылмай тек азайтылуы мүмкін. Өзге де мәселе шешімдерін табуға болады, мысалы, төлемдер сомасы бірден емес, бірте-бірте азайтылу мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   151




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет