«Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы» (Ерекше бөлім) Оқу-әдістемелік кешен Семей



бет25/151
Дата25.04.2022
өлшемі0.87 Mb.
#32259
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   151
Лизинг шартының мазмұны. Лизинг беруші:

1) лизинг алушымен келісілген лизинг нысанасын шартының талаптарымен лизинг алушыға беру үшін оны сатушыдан өз меншігіне сатып алуға міндетті. Сонымен қатар, сатып алу-сату шартын жасаған кезде лизинг нысанасы белгілі бір сатып алушыға лизингке беруге арналғаны туралы сатушыға жазбаша хабарлауға міндетті. Сондықтан, сатушыға лизинг алушының жеке басы және лизинг шартының жағдайы мәнге ие. Олар жөніндегі көзқарас сатушыға өзінің мүмкіндік қауіп-қатерін есептеуге, мүлік тағайындауды бағалауға мүмкіндік береді;

2) лизинг нысанасын лизинг алушыға беруді қамтамасыз етуге міндетті. Лизинг нысанасын оған нақты беру сатушымен жүзеге асырылады.

Лизинг беруші лизинг алушыдан лизинг нысанасын мынадай жағдайларды талап етуге құқылы:

а) егер лизинг алушы нысанасын пайдаланылуы лизинг шартының жағдайларына немесе лизинг нысанасын қызметіне сәйкес келмесе;

б) егер лизинг алушы берушіге лизинг нысанасын көруге шектеу жасаса;

в) егер лизинг алушы лизинг шартымен белгіленген мерзімі өткеннен кейін екі және одан да көп лизинг төлемдерін төлемесе.

Лизинг алушының құқықтарының ерекшелігі мынадай:

  1. лизинг нысанасының сапасына және жиынтықтылығына, оны жеткізу мерзіміне қатысты және сатушы мен лизинг беруші арасында жасалған шарт тиісті дәрежеде орындалмаған басқа да жағдайларда сатушыға талап қоюға құқылы;

  2. егер лизинг нысанасы тиісті кемшіліктермен жеткізілсе, лизинг нысанасын қызметі бойынша пайдалануына кедергі жасаса, лизинг нысанасын ауыстыруға талап етуте құқылы. Лизинг алушы нысанасын көруі не кедергі жасамауға міндетті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   151




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет