«Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы» (Ерекше бөлім) Оқу-әдістемелік кешен Семей



бет28/151
Дата25.04.2022
өлшемі0.87 Mb.
#32259
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   151
Прокат. Прокат шарты бойынша тұрақты кәсіпкерлік қызмет ретінде қозғалатын мүлікті жалға беруді жүзеге асыратын жалға беруші жалға алушыға мүлікті ақы төлетіп уақытша иеленуге және пайдалануға беруге міндеттенеді.

Прокат шарттарын үйлер мен ғимараттарды жалдау, кәсі-порынды, жер учаскелерін, тұрғын жайларды жалдау шарттарының орындарында қолдануға болмайды, себебі олардың объектілерінде елеулі ерекшелігі бар, олар қозғалатын мүлік болып табылады. Бірақ, көп жағдайларда, мүлік жалдау қатынастарының реттейтін нормалар өзара қатысып тұрады, сондықтан тұрмыстық прокат қатынасына мүлік жалдаудың (аренданың) жалпы ережелері қолданылуы мүмкін. Прокат шартының нысаны жазбаша болады. Ол басқа тұтыну шарттары сияқты түбіртек, жетон және с.с. берілу арқылы жасалады. Прокат шарты жазбаша нысанда жасалмаған реттер үшін заңнама оның жарамсыздығы туралы ережелерді қарастырмайды.

Мерзім. Прокат шарты бір жылға дейін шектелген мерзімге жасалады. Жалға алушының мүлікті жалға алу шартын жаңартуға басым құқығы туралы және мүлікті жалға алу шартын белгісіз мерзімге жаңарту туралы ережелер прокат, көлік құралын экипа-жымен жалдау шартына қатысты қолданылмайды. (ҚР АК 596 бабы 2-тармағы). Жалға алушы прокат шартынан кез келген уақытта бас тартуға құқылы. (ҚР АК 596-6. 3-тармағы).

Шарттың элементтері. Прокат шартының нысанасы азаматтық айналымнан алынбаған кез келген қозғалатын мүлік болуы мүмкін. Прокатқа азаматтық айналымнан шектелген заттар берілуі күмәнды, бірақ ол да мүмкін. Сондықтан, шарттың нысанасы болып негізінен кең азаматтық айналымдағы заттар табылады. Прокат шарты бойынша берілетін мүлік негізінен тұтынушылық мақсаттарына пайдаланылады.

Прокат шартының тараптары. Прокат шартының тараптары - жалға беруші және жалға алушы. Жалға беруші әрқашан кәсіпкерлік қызмет субъектісі және ол заңды тұлға болуы мүмкін немесе заңды тұлға құрусыз жеке кәсіпкер ретінде әрекет ете алады.

Коммерциялық емес заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігі жалға оларға берушілер ретінде прокат шартын жасасуға негізінен мүмкіншілік бермейді. Бірақ олар оны жарғыларымен немесе құрылтайшымен рұқсат етілген кәсіпкерлік қызмет шеңберінде жасай алады.



Прокат шартының мазмұны. Жалға берушінің құқықтары мен міндеттерін қарастырайық. Шартта көзделген немесе пайдалануына сәйкес анықталатын мүлікті тиісті күйінде беруге жалпы міндетінен басқа жалға берушінің арнайы міндеттері де болады. Прокат шартын жасасқан жалға беруші жалға алушының қатысуымен жалға берілетін мүліктің тиісті күйінде болатындығын тексеруге міндетті. Сондай-ақ жалға беруші жалға алушыны мүлікті пайдалану ережелерімсн таныстыруга міндетті, бұның орнына жалға беруші жалға алушыға мүлікті пайдалану тәртібі туралы жазбаша нұсқаулықтарды беруге құқылы.

Жалға алушы жалға берілген мүліктің кемшіліктерін ақысыз жою бойынша немесе оның тиісті күйіндегі өзге сондай мүлікке ауыстыру бойынша баламалы міндетін көтереді. Бұл міндет жалға алушы жалға берілген мүліктің кемшіліктерін тапқан жағдайда пайда болады. Кемшіліктердің сипаттамасы осындай болу керек, олар толық немесе ішінара мүлікті пайдалануға кедергі келтіру керек. Жалға берушінің жүктелген, белгіленген міндеттің өзгешелігі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 598-б нормалары қатаң нысандағы бұйыру жасайды, сондықтан жалға берушінің міндеттері сөзсіз болып келеді. Одан басқа ол (міндет), егер шартта қысқалау мерзім белгіленбесе, он күндік мерзімде орындалуы керек.

Прокат шарты бойынша жалға берілетін мүлікті күрделі және ағымдағы жөндеу жалға берушінің міндеті болып табылады. Жалға алушы мүлікті мерзімінен бұрын қайтарған жағдайда жалға беруші мүлікті пайдаланғаны үшін алған ақының тиісті бөлігін оған мүлікті нақты қайтарған күннен кейінгі күннен бастап есептеп қайтарады.

Жалға алушыныц құқықтары мен міндеттері. Прокат шарты тараптарының құқықтары мен міндеттері өзара, яғни бір тараптың құқығына екінші тараптың міндеті сәйкес болады. Сондықтан жалға алушы жалға берушіден бізбен аталған оның барлық міндеттерін орындауды талап етуге құқылы.

Осыған қатысты тікелей нормалар болмаса да, прокат шар-ты мүлікті пайдаланудың мақсатына жоғары талап кояды. Егер прокат нысанасы жалға тұтынушылық мақсатта алынса, оның кәсіпкерлік пайдалануы жалға алушы өзінің жағынан мүлікті пайдалану мінезіне қатысты міндеттерін бұзғаны болып табылады. Тағыда бір ерекшелік бар, прокат шарты бойынша жалга алушы мүлікті жақсарту мүмкіншілігінен де айырылады. Жалға берілген мүлікті тиісті пайдаланудан басқа жалға алушы өз уақытында мүлікті пайдаланғаны үшін төленетін ақыны төлеп тұруы тиіс. Прокат шарты бойынша төленетін ақының ерекшелігі бар, ол ақшалай түрде ғана төленуі мүмкін.



Жалға алушы мүлікті пайдаланған кезде жалдау ақысын жалданған мүлікті пайдалану нәтижесінде алынған табысқа сәй-кестеп есептеуге тиым салынады. Прокат шарты бойынша төле-нетін ақы тұрақты сомада белгіленеді. Ол мерзімімен немесе бір жола енгізіледі. Мүлікті пайдаланғаны үшін ақы төлеудің мерзімділігі шартпен белгіленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   151




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет