«Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы» (Ерекше бөлім) Оқу-әдістемелік кешен Семей


тақырып. Тасымалдау. Көлік экспидициясы



бет36/151
Дата25.04.2022
өлшемі0.87 Mb.
#32259
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   151
6 тақырып. Тасымалдау. Көлік экспидициясы

Көлік - бұл жоғары дәрежелі техногендікпен, техникалық жабдықталумен, қоғам мен мемлекеттің тіршілік әрекетін қамтамасыз ету үшін стратегиялық маңызымен сипатталатын салалардың бірі.

Әрекет етуші заңнамамен көлік шарттарының төмендегідей түрлері белгіленген: а) жүкті тасымалдау шарты; б) жолаушыны (және қол жүгін) тасымалдау шарты; в) кеме жалдау (чартер) шарты; г) тасымалдауды ұйымдастыру туралы шарттар; д) көлік ұйымдары арасындағы шарттар; е)жалпы пайдаланыстағы көлікпен тасымалдау шарты; ж) көлік экспедициясы шарты. Сонымен қатар, аталған шарттардың кейбіреулері тасымалдау қандай көлікпен жүзеге асырылатынына қарай түрленетінін ескерсек, онда көлік шарттарының құрылымы өте үлкен болып көрінеді.

Жүктерді, жолаушы мен теңдеме жүкті тасымалдау шартының негізінде жүзеге асырылады. Тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушы жүкті немесе жолаушыны (теңдеме жүкті) белгіленген мекенге жеткізуге міндеттенеді, ал жүк жөнелтуші немесе шартта көзделген басқа да тұлға, жолаушы көрсетілген көлік қызметі үшін ақы төлеуге міндеттенеді. Тасымалдау шарты аталған міндеттемелердің ішінде аралық болып табылады.

Көлік түрлері. Объективті сипаттағы себептер бойынша бөлінуі қажет болатын, көліктің бірнеше түрі бар, олардың ерекшеліктері мен колданылу аясы пайдалану ерекшеліктеріне себеп болады және олардың қайсыбірімен тасымалдауға бекітілетін шарттардың мазмұнына елеулі түрде ықпал етеді.

Тасымалдау шарты - екі жақты және ақылы шарт, оның бұл сипаттамалары оның элементтерін, соның ішінде ерекше тұрғын жүктерді тасымалдау шартының мазмұнын, одан әрі қарастыру кезінде көрінетін болады. Заңнама (жүктерді) тасымалдау шартына қатаң талаптар қояды. Ол көлік накладнойын, коносаментті, тауарлы-көлік накладнойын немесе көлік туралы заңды актілермен көзделген, жүкке деген баска да құжаттарды толтырумен рәсімделеді. Тауарлы-көлік наклад-нойында (накладной мен коносаментте) шарттың негізгі жағдайлары туралы ақпарат болады. Оның (басқа да тасымалдаудың кұжаттарының) нысаны Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігімен жасалады. Осылайша тасымалдау шарттары ерекше формулярлы жазбаша нысанда бекітілетіндігі туралы айтуға болады. Тасымалдау шартының ерекшелігі - оның қатысушыларының құқықтары мен міндеттерінің көпшілігі тікелей нормативтік актілермен реттелгендігінде.

Жалпы алғанда тасымалдау шарты жария сипатқа ие. Қазақстан Республикасының "Көліктуралы" Заңының 11-бабына сәйкес тасымалдаушы, Қазақстан Республикасының көлік кодекстері мен жарғыларымен көзделген жағдайлардан басқа жеке және заңды тұлғаларға тасымалдаудан бас тартуға құқылы емес.

Тасымалдау шартының тараптары. Жүктерді тасымалдау шартының бір тарабы болып тасымалдаушы - заңды немесе жеке тұлға болып табылады. Тасымалдаушы -заңды тұлға ретінде негізінен (мамандырылған) көлік кәсіпорны болады, оның орнында басқа да ұйымдар болуы мүмкін. Көлік кәсіпорындары жүктерді жолаушыларды тасымалдау бойынша көлік құралдарын сақтау, оларға техникалық кызмет көрсету мен жөндеу жүргізу бойынша шаруашылық коммерциялық қызметпен айналысады.

Клиент (жүк жөнелтуші, жүк алушы) яғни көлік кызметтерін тұтынушы - бұл жеке немесе заңды тұлға. Мемлекет те клиент болуы мүмкін. Жүк жөнелтуші ретінде жүктін иесі және ол жөнелтілу үшін сеніп тапсырылған тұлға да болуы мүмкін. Кейбір жағдайларда жүк жөнелтуші мен жүк қабылдаушы бір тұлға болуы мүмкін. Көп жағдайларда жүк алушылар болып жеткізудің азаматтық-құқықтық шарттары бойынша несие берушілер, мүлікті бөлу әкімшілік актісіне сәйкес мүлік алатын субъектілер табылады. Жолаушыларды тасымалдау шарты бойынша клиент ретінде, әр уақытта көліктің кайсыбір түріне билет алған немесе ауызша тасымалдау шартын бекіткен жеке тұлға танылады.

Тасымалдау шартының пәні. Тасымалдау шартының пәні болып тасымалдаушы көрсететін қызмет табылады. Тасымалдау шартының өзі мәнісі жағынан кызмет көрсету шарты болып табылады. Сондықтан оны реттеу кезінде, белгілі бір шамада өтелмелі кызмет көрсету туралы жалпы нормаларды да ескеру қажет. Көлікте керсетілетін қызмет (қызметтер) қандай да бір заттық нысанға ие емес, және оларды тұтыну дер кезінде жүзеге асады. Көлік кызметі - бұл жүктерді (жолаушыларды) кеңістікте тасымалдау болып табылады және осы қасиетіне орай ол тауарлық сипатқа ие жалпы міндеттеменің жеке пәні бар және бұл жағдайда тасымалдау шартының заңдық құрылымының негізі де бар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   151




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет