«Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы» (Ерекше бөлім) Оқу-әдістемелік кешен Семей



бет39/151
Дата25.04.2022
өлшемі0.87 Mb.
#32259
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   151
Кеме жалдау (чартер) шарты бойынша бір тарап (кемемен жалданушы) басқа тарапқа (кеме жалдаушы) жолаушыларды, теңдеме жүкті және жүктерді тасымалдау үшін бір немесе бірнеше көлік құралын толық немесе оның сыйымдылығының бір бөлігін бір немесе бірнеше рейске ақы төлеттіріп беруге міндеттенеді.

Чартер шартының жүктерді жолаушыларды немесе теңдеме жүкті тасымалдау шартынан жалпы ерекшелігі оның сөзсіз консенсуалды екендігінде. Чартерлік тасымалдаулардың тағы бір ерекшелік белгісі – олардың тұрақты емес (кестеден тыс) сипатында. Осының салдарынан чартерлік тасымалдаулар жоспарлы тасымалдар үшін арналған көлік құралдарын пайдаланумен, сондай-ақ тұракты тасымалдар үшін арналған жолдарды, әуетрассаларын пайдаланумен олар орындалуға тиіс болса да жүзеге аспайтындығы алдын ала белгілі болып табылады.

Чартерлік тасымалдаулар тасымалдау шарттарының айқын көрсетілген жеке мазмұнымен ерекшеленетін болады. Дегенмен де оларды бекіту кезінде көлік аясындағы қатынастарды реттейтін заңнаманың міндетті талаптарын сақтау да қажетті болып табылады.

Тасымалдау шарттары бойынша жауапкершілік.

Тасымалдауды бірнеше тасымалдаушылар жүзеге асырған жағдайда олар жүкті, теңдеме жүкті жоғалтқаны, олардың жеткіліксіздігі бүлінуі (зақымдануы), сондай-ақ жеткізу мерзімін өткізіп алғаны үшін жөнелтуші (жүк жөнелтуші), алушы (жүк алушы) алдында ортақ жауапкершілікте болады. Егер тасымалдаушы басқа тасымалдаушының жүк жөнелтушінің, жүк алушының, тармақ иесінің, экспедитордың кінәсі бойынша туындаған жауапкершілікке тартылса, онда ол кінәлілерге регресстік (кері) талап қоюға құқылы.

Темір жол көлігімен тасымалдау шартымен айып төлеу жиі-жиі айыппұл сипатына ие екенін атап өткен жөн (ертеректе тек ерекше алынатын айып төлеу ғана басым болатын). Айып төлеу мөлшері Азаматтық кодекспен, арнайы заңнамамен немесе тікелей тасымалдау шарттарымен анықталады. Тасымалдаушы тиесілі төлемдерді төлеу мерзімін өткізіп алғаны үшін, Қазақстан Республи-касының Азаматтық кодексімен белгіленгендей, бөтеннің ақша қаражаттарын заңсыз пайдаланғаны үшін жауапкершілік мөлшерінде айып төлейді. Егер тасымалдау шартының тараптарында өзге келісім болмаса жалпы азаматтық құқықтағыдай, жүзеге асырылған төлем сомасынан ең алдымен айып төленеді, ал қалған бөлігімен қарыздың негізгі сомасы өтеледі.

Жүк жөнелтуші төмендегі жағдайларда тасымалдау жоспарын орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылады:



-тиеу үшін берілген вагондар мен контейнерлерді пайдаланбау;

- жоспар бойынша көзделген вагондар мен контейнерлерден бас тарту;

- жүк жөнелтушінің кінәсі бойынша станцияда тиеу мен түсіруге ілу үшін күтуде бостұрған вагондар мен контейнерлерді пайдаланбау.

Бұл жағдайларда жүк жөнелтушінің жауапкершілігі жалпы түрде тасымалдау жоспары орындалмағанына қарамастан туындайды. Жүк жөнелтуші мен тасымалдаушы жоспардан артық және жоспардан тыс міндеттемелерді орындамаған үшін де, егер оларға қатысты жүк жөнелтушінің мәлімдемелері темір жолмен қабылданған болса, жауапкершілікке тартылады. Темір жол тасымалдау жоспарын бұзғаны үшін жауапкершіліктен жоғарыда аталған негіздерден басқа мына жағдайларда босатылады: түсіру мен тазалауда жүк жөнелтуші вагондарды, контейнерлерді
кешіктірген кезде. Бірақ бұл кезде темір жол осы жүк жөнелтушіге
аталған себептер бойынша ұстап қалынған және іс жүзінде тиеуге
беріле алмайтын вагондар контейнерлер санын бермегені үшін ғана жауапкершіліктен босатылады; егер темір жол күнтізбелік он күндіктің жекелеген күндері жол берілген вагондардың, контейнерлердін берілмеуінің орнын сол он күндік ішінде толтырса. Мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдау бойынша қозғалмалы құрамды берудің орнын толтыру мерзімі тиісінше жарты айды құрайды (жүк жөнелтушінің жауапкершілігін болдырмайтын дәл сол жағдайларда).

Тасымалдаушының жауапкершілігі туындамауы керек, егер тасымалдауға қабылданған жүктің жоғалтылуы, бүлінуі, жетіспеушілігі немесе зақымдануы төменде аталған жағдайларда орын алса:

а) жүк жөнелтуші немесе жүк алушының кінәсінен;

ә) жүктің ерекше табиғи қасиеттерінің салдарынан, сондай-ақ тасымалдау немесе сақтау кезінде жүктің сақталуы үшін ерекше жағдайларды немесе сақтық шараларын талап ететін оның ерекше қасиеттерін накладнойда көрсетпей жүкті тасымалдауға беру салдарынан;

б) егер тиеу немесе түсіру жөнелтушінің немесе алушының құралдарымен жүзеге асырылса, жүктерді төбесі жабық вагондарға, контейнерлерге тиеу немесе түсірумен байланысты себептер бойынша;

в) жүктерді ашық жылжымалы составта тасымалдаумен байланысты кәдімгі себептер салдарынан;

г) жүкті жүк жөнелтушінің немесе жүк алушының жол серігімен бірге тасымалдау кезінде;

ғ) жүктерді тасымалдауға қабылдау кезінде сырттай қарау бойынша да анықталуы мүмкін болмаған ыдысы немесе буып-түйілуінің кемшіліктері салдарынан немесе ыдыста зақымдау іздерінің жол бойында байқалмаған кезінде жүктің қасиеттеріне немесе белгіленген стандарттарға сай келмейтін ыдысты қолданудан;

д) жүк жөнелтуші накладнойда көрсеткен мәліметтердің кателігі нақты болмауы немесе толык болмауы салдарынан;

е) белгіленген норма шектерінде жүк салмағының орынды түрде азаюы салдарынан;

ж) тасымалдау кезінде тасымалдану мерзімдері мен температуралық режим сақталғанда тез бүлінетін жүктердің бүлінуі салдарынан.

Жолаушылар мен теңдеме жүкті тасымалдау шарты бойынша жауапкершілік. Жолаушы мен теңдеме жүкті тасымалдау бойынша міндеттемелерді орындамаған кезде тасымалдаушы заңнамамен белгіленген жауапкершілікке тартылады. Заңнамамен белгіленген жауапкершіліктің ерекшелігі болып көліктің барлық түрлерімен тасымалдауға қатысты қолданылатын жауапкершілік туралы нормалардың унификациялануы табылады.

Жолаушыны тасымалдайтын көлік құралын жөнелтуді кідірткені немесе мұндай көлік құралының баратын жеріне кешігіп барғаны үшін (қалалық және қаламаңы қатынастарындағы тасымалдауды қоспағанда) тасымалдаушы, егер кідірту немесе кешігу дүлей күштің салдарынан орын алғанын дәлелдемесе, жолаушыға көлік туралы тиісті заң актілерінде белгіленген мөлшерде айыппұл төлейді.

Аталған жағдайларда жолаушы тасымалдаудан бас тартуға құқылы, онда тасымалдаушы жолаушыға кірс ақысын толық көлемінде қайтаруға, сондай-ақ жолаушыға осындай кідіртуге байланысты ол шеккен залалдың орнын толтыруға міндетті.

Қазақстан Республикасының "Көлік туралы" Заңының 18-бабының 2-тармағына сәйкес, тасымалдаушының кінәсі бойынша (жолаушы тасымалдаушының қызметтерін пайдаланған жағдайда) жолаушыны тасымалдау кідіртілген кезде, егер олар орын алса жолаушыға залалды өтеумен қатар, тасымалдаушы жолаушыға кідіртілген әрбір сағат үшін билет құнынан 3% мөлшерінде айыппұл төлеуге тиіс. Жолаушыға төлеуге тиіс айыппұлдың сомасы алынған билет құнынан аса алмайды. Жолаушының сұрауы бойынша оған тасымалдаудың кідірту себебі туралы ресми құжат берілетін болады немесе оның билетінде белгі койылуы тиіс.

Тасымалдауға қабылданған теңдеме жүктің жоғалғаны кем шыққаны және зақымданғаны (бүлінгені) үшін жауапкершіліктің мөлшері тасымалдауға қабылданған жүктің жоғалғаны, кем шыкқаны, зақымданғаны үшін сияқты болып табылады. Тасымалдаушы теңдеме жүкті жеткізу мерзімін өткізіп алғаны үшін теңдеме жүкті алушыға өткізіп алынған әрбір тәулік үшін тасымалдау ақысының 10% мөлшерінде айыппұл төлеуге тиіс. Бұл жағдайда да жауапкершіліктің шекті мөлшері тасымалдау акысының 50%-нан аспауға тиіс. Тараптардың келісімі бойынша, егер тасымалдаушы жауапкершіліктің жоғарырақ мөлшеріне келіссе, жолаушының не теңдеме жүкті алушының шығындарын өтеуге заңнамамен көзделген, аталған жауапкершілік мөлшері ұлғайтылу жағына карай өзгертілуі мүмкін. Бірақ жауапкершіліктің келтірілген санкцияларын жолаушылар мен теңдеме жүкті тасымалдау шарттарын тасымалдаушымен бұзғаны үшін жауапкершіліктің төменгі мөлшері ретінде карастырған жөн.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   151




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет