«Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы» (Ерекше бөлім) Оқу-әдістемелік кешен Семей


тақырып. Несие және есеп айырысу қатынастары



бет41/151
Дата25.04.2022
өлшемі0,87 Mb.
#32259
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   151
7 тақырып. Несие және есеп айырысу қатынастары

Есеп айырысу және несие катынастарының түсінігі. Ақылы шарттардың көбісі бойынша затты бергені, жұмысты атқар-ғаны, қызмет көрсеткені үшін жауап ретінде екінші тараптың ақша төлеу жөніндегі міндеті туындайды. Көп жағдайда олар жоғарыда аталған мақсаттарға немесе несиелеу үшін жеке заңды тұлғалармен берілетін ақша қаражаттарын ауыстырумен айналысатын банктер, ар-найы коммерциялық ұйымдар арқылы жүзеге асырылады, кейбір жағдайларда несиелеумен тікелей банктер айналысады. Осы кезде бірқатар құқықтық қатынастар туындайды, оларды жалпы түрде екі топқа бөлуге болады: 1) есеп айырысу құқықтық қатынастары; 2) несиелік құқықтық қатынастар.

Олар өзара тығыз байланысты, сатып алу-сату, мүлікі жалға алу, мердігерлік, комиссия және т.б. шарттардың туындайтын басқа да ақша міндеттемелерін жүзеге асыру сияқты, екіншіден біріншісінсіз жүзеге асыру тәжірибе жүзінде техникалық жағынан мүмкін емес болады. Егер есеп айырысу қатынастарын (міндеттемелерін) сипаттайтын болсақ, онда оларға заңды және жеке тұлғалардың банктік шоттары арқылы ақша қозғалысының процесіне себепші болатын және оларды осы шоттарға орналастыру (қаражаттарды сақтау) тәртібін реттейтін құқықтық қатынастар жататындығын атап өтуге болады.

Бұл құқықтық қатынастардың ерекшелігі болып олардың жеке өзіндік экономикалық мазмұнға ие емес екендігі және тек сол немесе өзге бір құқықтық қатынастарға кызмет көрсететіндігі табылады. Олардың экономикалык мазмұны туралы тек шартты түрде есеп айырысу құқықтық қатынастарының өмір сүруі мен жүзеге асырылуы банктік капиталдың қозғалысымен және оны пайдаланумен тығыз байланысты екенін еске ала отырып айтуға болады.

Олар қандай да бір қосымша қатынастар (акцессорлық міндеттемелер) нысанында құрастырылмайды, керісінше олар дербес құқықтық катынастар (міндеттемелер) болып табылады. Бір жағдайларда олар ақша операциялары үшін алғышарт ғана болады, мысалы, оған банктік шот шарты жатады, ал басқа жағдайдарда есеп айырысу қатынастары бір субъектілерден екіншілеріне сол немесе өзге бір негіздер бойынша ақша қаражаттарын алмастыруға тікелей бағытталады, мұндай есеп айырысу құқықтық қатынастарына ақша аудару туралы шарт жатады.

Казіргі әлемде есеп айырысу қатынастарының маңызы өте үлкен табылады. Қолма-кол ақшамен есеп айырысудың маңызы кәсіпкерлік айналымда және коммерциялық емес заңды тұлғалар арасындағы есеп айырысуда тәжірибе жүзінде жоққа шығарылуда. Уақыт пен тәжірибе қолма-кол ақшасыз есеп айырысудың қолайлы екенін көрсетті. Қолма-қол акшасыз есеп айырысуды пайдалануға заңды тұлғалар қаражаттарының қозғалысын тіркеудің, оларды пайдалануға салықтық бақылау жасаудың қазіргі тәсілдері негізделеді. Бұл салада ақшалардың қолма-кол емес айналымын реттеумен байланысты көп мөлшердегі императивтік нормалардың да көзделгенін атап өтуге болады.

Заем шарты. Заем шарты бойынша бір тарап (заем беруші) басқа тараптың (заемшының) меншігіне (шаруашылық жүргізуіне, оралымды басқаруына) ақша немесе тектік белгілермен айқындалған заттарды береді (беруге міндеттенеді), ал заемшы заем берушіге дәл осындай ақша сомасын немесе осы тектегі және сападағы заттардың тең мөлшерін уақытында қайтаруға міндеттенеді.

Заем шарты реалды шарт болып табылады, заңнамамен көзделген жағдайларда, ол консенсуалды болуы мүмкін. Реалды заем шарты ақша немесе заттарды беру туралы келісімге қол жеткізілген сәттен бастап бекітілді деп саналады (заңнамада мәнді жағдайдың не болып табылатындығы туралы арнайы жағдайлар жоқ, бірақ Азаматтық кодекс нормаларының мәнісі бойынша, бәрінен де бұрын оған оның пәні туралы жағдай жатады). Егер шарт тараптардың алдын ала келісіміне негізделсе, онда ол консенсуалды болып табылады.

Заем шартының нысаны. Заем шарты ҚР Азаматтық кодексінің 151, 152- бабында шарт заемшының облигациясы, қолхаты немесе оған заем берушінің белгілі бір соманы немесе заттардың белгілі бір мөлшерін бергендігін куәландыратын өзге де кұжат болған жағдайда да тиісті жазбаша нысанда жасалды деп есептеледі (ҚР АК-ң 716-бабынын 2-т.).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет