«Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы» (Ерекше бөлім) Оқу-әдістемелік кешен Семей



бет42/151
Дата25.04.2022
өлшемі0,87 Mb.
#32259
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   151
Заем шартынын элементтері. Заем шартының тараптары - заем беруші мен заемшы болып азаматтық құқықтың кез келген субъектілері бола алады. Жеке тұлғалар әрекет қабілеттіліктің тиісті көлемін иеленбеу себебіне байланысты заем шартының қатысушылары бола алмайды. Осы айтылған сөз құқық қабілеттілігі арнайы сипатқа ие болатын заңды тұлғаларға да қатысты. Олар заем берушілер болып тек олардың жарғысында көзделген жағдайларда не осы заңды тұлға мүлкінің меншік иесінің нақты рұксатымен ғана бола алады.

Заем шартының нысанасы. Заем шартының пәні болып тектік белгілермен анықталатын ақша немесе заттар табылады. Мүліктік құқықтар заем шартының нысанасы бола алмайды.

Заем шартының мазмұны. ҚР АК заем пәнін беру тәртібін реттейді. Заем пәнін беру мерзімдері, мөлшері, жағдайлары шартта анықталады. Егер шартпен өзгеше көзделмесе, заем пәні оны заемшыға беру немесе оның банкілік шотына ақша аударған сәтте берілді деп есептеледі. Заемшы заем алудан бас тартуға құқылы, бұл туралы ол заем берушіні оны берудің шартпен белгіленген мерзіміне дейін толығымен немесе ішінара хабарландыруға тиіс. Заемшының бас тарту құқығына тікелей заңнамада немесе шартта көрсету арқылы тыйым салыну мүмкін. Тектік белгілермен анықталатын заттарды беру жөніндегі заем берушінің міндетін анықтайтын Азаматтық кодекстегі норма жаңа норма болып табылады. Оларды беру сатып алу-сату шарттары бойынша заттарды сатушылармен беру жағдайы үшін белгіленген, саны, сапасы, ыдысы мен буып-түйілуі бойынша көзделген талаптарды сақтаумен жүзеге асырылуға тиіс.

Заемшы қарызды қайтару бойынша өз міндетін өзінің орындамау қаупін сақтандыруға құқылы. Қазіргі кезеңде сактандыру бірқатар міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етудің тиімді тәсіліне айналып отыр, алайда нақты заңи мағынада ол міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету тәсіліне жатпайды.

Заемшы заем пәнін қайтаруды және сыйақы төлеуді қамтамасыз ету жөніндегі міндетін орындамаған кезде, сондай-ақ заем беруші білмейтін мән-жайлар бойынша қамтамасыз етуді жоғалтқан оның шарттарын нашарлатқан жағдайда заем беруші шарттан бас тартуға құқылы.

Заем шартының жазбаша нысанда бекітілуі заем беруші заемшыға шарт бойынша талап етілетін орындауды іс жүзінде бермейтін жағдай қалыптасуы мүмкін екеніне кепілдік бере алмайды. Осыған байланысты даулар сот тәжірибесінде жиі кездеседі. Әрине, заемшының мүддесін қалай да қорғау қажет, сондықтан оған заем шартын оның валютасыздығы бойынша даулау құқығы берілген. Бұл кейінгі уакыттың тапқырлығы емес, өйткені осындай даулау мүмкіндігі рим құқығында да мойындалған. Заемшы заем шартын заем берушіден өзінің заем пәнін іс жүзінде алмағандығына немесе шартта көрсетілгеннен аз мөлшерде алғандығына сүйене отырып даулауға құқылы. Дәлелдеу міндеті бұл жағдайда заемшыға жүктеледі. Егер заңнамаға сәйкес заем мәмілесінің жазбаша нысаны талап етілсе және ол сақталмаса, онда оны куәгерлік көрсетулер арқылы даулауға жол берілмейді. Бұған шарттың алдау, күш қолдану, қорқыту, тараптар өкілдерінің қасақаналық келісімі немесе ауыр мән-жайлар тоғысуының ықпалымен жасалған жағдайлар косылмайды.

Заем шартының түрлері. Жоғарыда аталған нысаналы заем шартынан басқа Азаматтық кодекспен оның банк заемы шарты және мемлекеттік заем шарты сияқты түрлері көрсетілген. Банк заемы шарты бұрын банкілік ссуда (несиелік шарт) шарты деп аталатын. ҚР АК-сі бұл шартты дербес шарт түрі ретінде топтастыру талпынысынан бас тартты.

Банк заемы шарты бойынша заем беруші заемшыға қарызға ақша беруге міндеттенеді. Осылайша, әдеттегі заем шартына қарағанда банк заем шарты консенсуалды болып табылады. Сонымен бірге, заем пәнін заемшының меншігіне, шаруашылык жүргізуіне немесе оралымды басқаруына беру жүзеге асырылатын жағдайлар осы жағдайда да сақталады, яғни банк заемы шартының мазмұнында түпкілікті айырмашылық жоқ.

Банк заемы шарты, жоғарыда атап өтілгендей, заем шартының бұл түрін өз алдына жеке қарастыруға себеп болатын, басқа да ерекшел ік-терге ие: заем беруші ретінде заем беруге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар банк немесе өзге де заңды тұлға бола алады. Басқа заңды және жеке тұлғалар тек әдеттегі заем шарттарын ғана жасай алады.

Ломбард - бұл Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы негізінде банкілік операциялар мен кызметтер-белгілі бір түрлерін жүзеге асыратын банк болып табылмайтын заңды тұлға. Олардың қатарында жеңіл сатылатын құнды кағаздар
мен жылжымалы мүлікті кепілге алу арқылы қысқа мерзімді несиелер беру аталады. Банк заемының пәні болып алдағы уақытта және тікелей шарт жасасу сәтінде беріле алатын ақша табылады.

Банк заемы шарты жазбаша нысанда жасалуға тиіс. Банк заемы шартының жазбаша нысанын сақтамау оның жарамсыздығына әкеп соғады. Жалпы, сыйақы (мүдде) мен комиссия ставкалары, сондай-ақ банкілік қызмет көрсеткені үшін тарифтер банктердің өздерімен дербес белгіленеді. Заемды мемлекеттік банктер берген немесе ол мемлекеттің ақша қорларының есебінен берілген жағдайда заем берудің тәртібі


мен шарттары заң актілерімен және уәкілетті мемлекеттік органдардың актілерімен реттелуі мүмкін. Бұл жағдайда заем беру заем берушінің міндеті болып табылады, ал оның жасасқан шарты заңнамада немесе уәкілетті мемлекеттік органдардың актілерінде белгіленген міндетті ережелерге сәйкес болуға тиіс. Банк заемы шарты бойынша заемшының міндеттемелері банктің қабылдау жолымен тоқтатылуы мүмкін емес. Банк заемының қайтарылу шарты заемшы міндеттемесін орындауды қамтамасыз етудің міндеттілік дәрежесі әдеттегі заем шарттарына қарағанда елеулі түрде артық екенін білдіреді.

Енді мемлекеттік заем шартын қарастырайық. ҚР АК-ң 726-бабына сәйкес, мемлекеттік заем шарты бойынша заемшы - мемлекет, ал заем беруші - азамат немесе заңды тұлға болады. ҚР Азаматтык кодексінен бұл қатынастар сондай-ақ 2 тамыз 1999 жылғы Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік және мемлекетпен кепілдік берілген заем алу мен қарыз туралы" №464-1 заңымен реттеледі. Аталған заңын 2-бабында мемлекеттік заем субъектілері толығырақ анықталған. Мемлекеттікке Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық Банк жүзеге асыратын заем алу жатады. Бұл жағдайда заем алу субъектілері болып тиісінше Қазақстан Республикасы және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі табылады. Сонымен қатар мемлекеттік заем алуды жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыра алады, заем алу субъектісі - әкімшілік-аумақтық бірлестік (бірлік) болады.



Мемлекеттік заем шарты заем берушінің шығарылған мемлекеттік облигацияларды, сондай-ақ заем берушінің заемшыдан одан қарызға берілген ақшаны немесе заем талаптарына байланысты өзге де мүліктік баламаны, белгіленген сыйақыны немесе өзге де мүліктік құқықтарды (осы заемды айналымға шығару шарттарымен) шартта көзделген мерзімде алу құқығын куәландыратын басқа да мемлекеттік бағалы қағаздарды (құжаттық немесе құжаттық емес) алу жолымен жасалады. Мемлекеттік бағалы қағаздар (мемлекеттік заем шарттары) әрекет ету мерзімі бойынша үш түрге бөлінеді. 1 жылға дейін айналымда бағалы қағаздар қысқа мерзімді, 1 жылдан 10 жылға дейін орта мерзімді, 10 жылдан артық уақыт айналымда жүретін бағалы қағаздар ұзақ мерзімді шарттары басымды түрде қолданылады.

Ақшалай талапты беріп қаржыландыру (факторинг шарты)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет