«Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы» (Ерекше бөлім) Оқу-әдістемелік кешен Семей



бет45/151
Дата25.04.2022
өлшемі0.87 Mb.
#32259
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   151
Ақша аудару туралы шарт. Ақша аудару туралы шарт бойынша бір тарап (банк) екінші тараптың (клиенттің) тапсырмасы бойынша клиенттік бірыңғайландырылған дербес код бермей-ақ үшінші тұлғаға ақша аударуға міндеттенеді. Бұл шарттың субъектіде банктік шот болмаған кезде бекітілетіндігі туралы атап өткенімізбен, ол, сондай-ақ, не төлеуші не алушы банкпен банктік шоттың шарттық қатынастарында тұрған жағдайларда да бекітілуі мүмкін екенін ескерткен жөн.

Ақша аудару шарты консенсуалды шарт ретінде тұжырымдалады. Ақша аудару туралы шарт ақылы шарт болып табылады. Ақша аудару туралы шарт ауызша нысанда бекітіледі. Аударулар ұлттық та, шетелдік валютада да жүзеге асырылуы мүм-кін. Клиент төлем қағаздарын беруге міндетті. Оларға түбіртектер-қолма-қол ақшаны енгізу туралы хабарландырулар, хабарландырушы - шоттар және колма-қол акшаны қабылдау үшін пайдаланылатын басқа да құжаттар жатады. Коммуналдык кызметке ақы төлеу жөніндегі хабарландырушы - шоттардан басқа барлық төлем қағаздары заңнамамен көзделген міндетті реквизиттерді қамтуға тиіс.

Жеке тұлғалардың төлем қағаздары мынадай міндетті реквизиттерді қамтуға тиіс:

  1. Төлем қағазының атауы;

  2. Төлем қағазының нөмірі, оны толтырудың күні, айы, жылы;

  1. акша жөнелтуші - жеке тұлғаның және (немесе) бенефициардың аты-жөні;

  2. акша жөнелтушінің немесе бенефициардың бірыңғайландырыл-ған жеке коды. Егер жеке тұлғада бірыңғайландырылған жеке код
    болмаса, онда оның жеке басын куәландыратын құжаттың мәліметтері, сондай-ақ почталық мекен-жайы (мемлекет, қала, индекс, көше, үй мен пәтер нөмірі) көрсетіледі;

  3. банк жөнелтуші мен банк бенефициардың ұйымдастырушылық-құқықтық нысанымен қоса толық атауы, олардың банктік бірыңғайландырылған кодтары;

  4. ақша жөнелтушінің коды "КОД", бенефициардың коды "КБЕ"', Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктің нормативті-құқықтық актілермен белгіленетін төлем мақсаты мен оның кодтық белгісі;

7) егер аудару олардың жеке бірыңғайландырылған кодын көрсетумен жүзеге асырылса, акша жөнелтуші немесе бенефициар салық төлеушінін нөмірі (РНН).

Алушы - банк ақша жөнелтушіден төлем қағазын алған кезде оған қол қояды және оны қолма-қол ақшасыз тәртіпте төлеу тәртібін анықтайтын заңды актілерде белгіленген мерзімде орындайды. Төлем кағазына қол қоя отырып, алушы-банк бенефициардың пайдасына ақша аударуды жүзеге асыру міндеттемесін қабылдайды. Ақша жөнелтілім қағазын қабылдай отырып алушы-банк ақша жөнелту - қолма-қол ақшаны қабылдағаны туралы тиісті растау кағазын береді.

Ақша жөнелтушінің төлем қағаздарына сәйкес ақша аудару мына сәттердің бірінде аяқталды деп есептеледі:

а) бенефициардың банктің шоты бойынша оның пайдасына ақша түскен кезде бухгалтерлік жазуды жүзеге асыру;

б) егер бенефициарда банктік шот болмаса - оған оның банкі іс жүзінде ақша беруі кезінде.

Шарт бойынша тараптардың жауапкершілігі жалпы ережелер бойынша анықталады. Алушы банкке ақша жөнелтушінің төлем қағазын қате орындағаны үшін, егер бұл қателік оның кінәсінен болса, заңнамамен және ақша аудару туралы шартпен көзделген жауапкершілік жүктеледі. Төлем қағазындағы қателік ақша жөнелтушімен жасалған болса, онда банк қате орындалған төлем қағазы бойынша жауапты болмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   151




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет